Аатф деканы Табултаев С. С



жүктеу 234.71 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі234.71 Kb.

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

ААТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_______________2015г.  

 

 

 

 

Aleu 1104 – ӘЛЕУМЕТТАНУ 

5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету;  

5В071600 – Аспап жасау;  

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету;  

5В060200 – Информатика;  

5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;  

5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар;  

5В070200 – Автоматтандыру және басқару;  

5В100200 – Ақпараттық қорғау жүйелері мамандықтарына арналған syllabus  

Aleu 2104 – ӘЛЕУМЕТТАНУ 

5В071800 – Электр энергетикасы;  

5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация;  

5В071700 – Жылу энергетикасы;  

5В070300 – Ақпараттық құралдар мамандықтарына арналған syllabus 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс  


1,2   

Семестр –  

1,2,3,4 

Кредит саны  

ECTS кредит саны  



Жалпы сағат көлемі  

90 

Дәріс  


15 

Мамықтану (сем)  

15 

ОӨЖ  


60 

оның ішінде СОӨЖ  

15 

Семестрлік жұмыс  



Емтихан  

 


 

 

 



 

Алматы 2015 

 

Syllabus  құрастырған:  проф.,  т.ғ.к.  Орынбекова  Д.С.    жұмыс  бағдарламасы  негізінде 



жасалды.  

Syllabus  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  мәжілісінде  18  маусымда  2015  ж.,  №12  

хаттамасында мақұлданды.  

 

 



Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т.  

 

 



Syllabus  Аэроғарыштық  және  ақпараттық  технологиялар  факультетіндегі  оқу-

әдістемелік  комиссиясының  мәжілісінде  қаралып,  бекітілген.  («25»  маусым  2015  ж.,  №9 

хаттама).    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



1 Оқытушылар:  

Орынбекова Дина Серикбековна –  т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, dina.orynbek@mail.ru  



Дакенов Муксын Дакенович – т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, каб. А314 

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 



Апашов Сабит Бегманович – ф.ғ.к., АЭжБУ доценті, каб. А314. 

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 



Сарсекеев Масат Мукашевич – с.ғ.к., АЭжБУ аға оқытушысы, каб. А314.  

Байланыс тел.:  8(727)292-57-50, 

mas.sar@mail.ru

 

 



2  Курстың  аудиториялық  сабақтар  өткізу  уақыты  және  орны  сабақ  кестелерінде 

көрсетілген,  СОӨЖ  консультация  кестесі  Аэроғарыштық  және  ақпараттық  технологиялар 

факультеті деканатының (Г.Д. 409) және ӘП кафедрасының (А314) хабарлама тақталарында 

орналастырылған.  

 

3 Оқу пәнінің сипаты  

3.1  Курстың  мақсаты  –  студенттерге  әлеуметтану  бойынша  ғылыми  дәлелденген 

объекті  білім  беру,  сондай-ақ  қоғамның  өмір  сүруінің  әлеуметтік  механизмдерін  тани  білу, 

әлеуметтік  зерттеулер  жүргізу  және  олардың  нәтижелерін  дәлелдеп  көрсету,  қоршаған 

ортаны, әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға ықпал ететін проблемаларды қарастыру, 

адам әлеуметтік шындықпен тығыз байланыста екендігін түсіну дағдарысын қалыптастыруға 

ықпал жасау.  



3.2  Курстың  міндеті  –  «Әлеуметтану»  курсы  студенттердің  бұл  ғылымның 

методологиялық  мәселелерін,    әлеуметтанулық  ойдың  тарихын,    қоғамның    әлеуметтік 

шындық  және  әлеуметтік  жүйе  ретіндегі  сипатын  және  жалпы  және  қолданбалы 

әлеуметтанудың бірлігін меңгеруге мүмкіндік береді.  



3.3 Пәнді сипаттау 

Әлеуметтану  пәні  ғылым  ретінде    қоғамды  зерттеу  дәстүрі  нәтижесінде  қалыптасты. 

Сонымен  бірге  ежелгі  шығыс  және  грек  ойшылдарының    еңбектерінде    қоғамның    пайда 

болуы мен мәні,  оның  ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелерді  қарастырылған болатын.  

Ежелгі оқымыстылар  әлеуметтік үдерістерді «модельдеу» принциптерін қалыптастыру үшін, 

жекелегенәлеуметтік  факторлар  мен  үдерістерге,  қоғамының  құрылымына,  адамдардық, 

әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  арасындағы  байланыстар  мен  қатынастарға  эмпирикалық 

талдау  жасау  негіздерін  қалады.  Жаңа  заманда  тұлға  мен  қоғамның    өзара  қатынастары 

туралы сұрақтар қойылды,  қоғам құру және оның түрлену принциптері жаңаша ой елегінен 

өткізілді. 

Әлеуметтану  ғылымының    дамуының  алғашқы  қадамдары  тұлғаның    мінез  –  құлқын 

реттейтін бағалы бағыттарды, әлеуметтік институттарды зерттеу және қоғамның тіршілік ету 

заңдарын  қалыптастыру негізінде бастау алды.  

Әлеуметтанудың  рационалды,    парасатты  сипаты  бүгінде  кез-келген  қоғамда  орын 

алған  иррационалды  тенденцияларға,  қоғамның  бейберекетсіздігіне  және  аномияға  сөзсіз 

қарсы  тұрады.    Тәуелсіз  ғылыми  қызметтің  басқада  формалары  сияқты  әлеуметтану  еркін 

шығармашылық жағдайында ғана өзін  сақтап, нәтижелі дамитын болады.  

Дұрыс ойлау мен шынайлықты сезіну қоғамды модернизациялау үдерісін әлеуметтану – 

тарапынан дәл баға беруді талап етеді.   


 

 

Әлеуметтану курсын аяқтаған кезде студенттердің мынандай түсініктері болуы тиіс: 



-

 

әлеуметтанулық  білімнің  пайда  болуы  мен  қалыптасуының  объективті 



алғышарттары туралы 

-

 



қоғам  дамуының  құрылымы,  заңдылықтары,  қағидаттары  және  механизмдері 

туралы 


-

 

әлеуметтанулық зерттеудің түрлері және оны жүргізудің ережелері жөнінде  



-

 

әлеуметтанудың  қазіргі  қоғамды  қайта  құрудағы  және  демократияландырудағы 



орны мен рөл туралы.  

студент білуге тиіс: 

-  әлеуметтанулық  ғылым  мен  білімнің  теориялық  және  қолданбалы  негіздерін  және 

қалыптасу заңдылықтарын;  

- негізгі әлеуметтанулық ұғымдарды;   

- классикалық және қазіргі әлеуметтанулық  теорияларды; 

- әлеуметтану саласындағы қазіргі зерттеулердің негізгі бағыттары мен нәтижелерін. 



студент орындауға тиіс:  

-

 



қоғамда болып жатқан процестер мен құбылыстарды өз бетінше талдау білу

-

 



ауызша және жазбаша түрде өзінің ойын дәлелдеуді қалыптастыра білу; 

-

 



алған білімін нақты ситуацияда қолдана білу; 

-

 



кәсіби  міндеттерді  шешуде  балама,  жаңа  және  инновациялық  әлеуметтанулық 

тәсілдерді қолдана білу. 



3.4  Реквизит  алды:  Жалпы  гуманитарлық  бағыттағы  білімді  білсе  жеткілікті, 

«Философия», «Экономикалық теория негіздері» пәндері болып  табылады. 



3.5 Реквизиттен кейін: Саясаттану, Құқық негіздері.  

 

4.Пәннің құрылымы және мазмұны 

4.1. Теориялық дайындық 

Темы  


Тақырып (модулдер, бөлімдер) 

Дерек көзі 

1.

 

 



Әлеуметтану ғылым ретінде 1 сағ. 

Конспект, 

1,2,3,7,8,12, 13,14 

2.

 



*  Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері 1 сағ.  Конспект, 

1,2,3,7,8,11,13 

3.

 

*  Қазіргі әлеуметтану теориялары  1сағ.  



Конспект, 1,4,7,8,11,13 

4.

 



 

Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы 1 сағ.  

Конспект, 1,4,7,8,11,13 

5.

 



*  Әлеуметтанулық ақпаратты жинау әдістері  1 сағ.  

Конспект, 1,4,7,8,13,14 

6.

 

 



Қоғам және әлеуметтік өзара әрекеттесу  сағ.  

Конспект, 

1,2,3,7,8,13,14 

7.

 



 

Әлеуметтік топтар, ұйымдар және институттар 1 сағ.  

Конспект, 1,6,7,8,13,14 

8.

 



 

Тұлғанын әлеуметтенуі 1 сағ.  

Конспект, 1,2,3,7,8,9, 

10, 11, 12, 13 

9.

 

*  Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация  1 сағ.  



Конспект,  

1,2, 3, 6,7,8,9, 10, 11,12, 

13, 

10.


 

 

Мәдениет және қоғам  1 сағ.  



Конспект, 

1,6,7,8,9,10,11, 12, 13 

11.

 

*  Отбасы және гендер әлеуметтануы 1 сағ. 



Конспект, 1,6,7,8,10,12 

12.


 

*  Жастар әлеуметтануы 1 сағ.  

Конспект, 

1,4,5,6,7,8,10,12 

13.

 

 



Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы  1 сағ.  

Конспект, 



 

 

1,4,5,,67,8,10,12 



14.

 

 



Еңбек және экономикалық өмір әлеуметтануы 1 сағ.  

Конспект, 1,5,6,7,8,10, 

11, 12, 14 

15.


 

 

Білім және бұқаралық ақпарат құралдары 1 сағ. 



Конспект, 1,4,5,6,7,8,10, 

12,15 


Қорытындысы: 

15 сағ. 

Ескерту:  белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді, қалғандары 

СӨЖ көлемінде оқиды. 

 

1 дәріс. Әлеуметтану ғылым ретінде.  

Әлеуметтанудың  ғылым  ретінде  қалыптасуы.  Әлеуметтанудың  объектісі  мен  зерттеу 

пәнінің  ерекшелігі.  Әлеуметтік  ұғымы.  Негізгі  әлеуметтанулық  ұғымдар:  әлеуметтік  топ, 

әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым және басқалары.  

Әлеуметтанудың  қоғамдық  ғылымдар  жүйесінде  алатын  орны.  Әлеуметтанудың 

философиямен,  тарихпен,  психологиямен,  экономикамен,    саясаттанумен  және  басқа  да 

ғылымдармен байланысы.  

Әлеуметтанулық  теория,  оның  негізгі  дәрежелері.  Жалпы  әлеуметтанулық  теория, 

арнаулы  әлеуметтанулық  теория,  салалық  әлеуметтанулық  теориялар.    Макро  және  микро 

әлеуметтану. Әлеуметтанудағы фундаменталдық және қолданбалы зерттеулер.  

Әлеуметтанудың    қызметтері.    Әлеуметтанудың  әдіснамалық,  танымдық,  бейнелеу, 

жалпымәдени және басқа да қызметтері. Әлеуметтанудың қоғамда алатын орны.  

Әлеуметтанулық  перспектива.  Әлеуметтанулық  ойлау.  Қазіргі  зерттеулердің  негізгі 

бағыттары.  



  

2 дәріс. Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері. 

Әлеуметтанулық  білімнің  тарихи  дамуының  негізгі  кезеңдері.  Жеке  мектептер  мен 

бағыттардың дамуы. Әлемге әйгілі әлеуметтанушылардың қызметі. Әлемдік әлеуметтанудың 

институционализациясы.  

Әлеуметтану  ғылымының  қалыптасуына  дейінгі  кезең.   Ежелгі  дүние,  ортағасыр  және 

жаңа заман ойшылдарының  әлеуметтік идеялары.  

Әлеуметтанудың  дамуының  классикалық  кезеңі.  О.  Конттың  позивистік  доктринасы.  

Әлеуметтік  статистика  және  әлеуметтік  динамика  туралы  ілім.  Позитивистік  және 

эволюционистік теориялардың дамуы (Дж. Ст. Милль, Г. Спенсер, Г. Тард, Э. Дюркгейм, Ф. 

Теннис және т.б.).  

Э.  Дюркгеймнің  әлеуметтік  деректер  және  әлеуметтанулық  әдістер  туралы  ілімі.  М. 

Вебердің  түсіндірмелі  әлеуметтануы.  Г.  Зиммельдің  әлеуметтанулық  теорияны  дамытуға 

қосқан үлесі. К. Маркстің әлеуметтанулық идеялары.  

 

3 дәріс. Қазіргі әлеуметтану теориялары. 

1920  жылы  АҚШ-та  эмпирикалық  әлеуметтанудың  эмпирикалық  мектепбінің  дамуы. 

Чикаголық мектептің негізгі идеялары.  

Әлеуметтанулық  білімнің  негізгі  парадигмалары:  құрылымдық  функционализм,  дау-

жанжалдық ыңғай, символикалық интеракционизм.  

Әлеуметтанудағы  құрылымдық  функционализмнің  негізгі  тұжырымдары.  Тү  парсонс 

әлеуметтік  тәртіп пен әлеуметтік жүйе туралы, Р. Мертон әлеуметтік жүйенің функцилары 

мен дисфункциясы туралы.  

Дау-жанжалдық  парадигма.  Ч.Р.  Миллс,  Р.  Дарендорф,  Л.  Козердің  идеялары.  Р. 

Дарендорф билік пен әлеуметтік даулар туралы.  



 

 

Символикалық  интеракционизм  теория  ретінде.  Дж.  Г.  Мид  әлеуметтік  өзара  әрекет 



туралы. Г. Блумердің идеялары.  

Кеңестік  қоғам  кезеңі.  Қазақстандағы  әлеуметтанудың  инсититуйционализациясы. 

Қазіргі кезең: мәселелер және зерттеу бағыттары.  

4 дәріс. Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы. 

Әлеуметтанулық  зерттеу  әлеуметтік  шындықты  тану  құралы  ретінде.  Әлеуметтік 

деректер  және  әлеуметтік  ақпарат.  Әлеуметтанулық  зерттеулер  классификациясы: 

фундаменталдық және қолданбалы, теориялық және эмпирикалық зерттеулер.  

Әлеуметтанулық  зерттеудің  ғылыми  ұйымдастырылуы.  Әлеуметтанулық  зерттеу 

бағдарламасы.  Әлеуметтанулық  зерттеу  бағдарламасының  құрылымы  және  негізгі 

элементтері.  

Проблема ұғымы, зерттеудің объектісі және пәні,  мақсаты мен міндеттері, гипотезасы. 

Ұғымдар операционализациясы. Зерттеудің жұмыс жоспары.  

Әлеуметтанулық  зерттеудегі  іріктеу.  Іріктелген  жиынтықтың  мәні.  Негізгі  және 

іріктелген жиынтық. Репрезентативтік.  

 

5 дәріс. Әлеуметтанулық ақпаратты жинау әдістері. 

Әлеуметтанудағы әдіс ұғымы. Әдіс, әдістеме, техника және процедура әлеуметтанулфқ 

зерттеудің  құрамдас  бөліктері  ретінде.    Зерттеудің  жалпығылыми  және  әлеуметтанулық 

принциптері.    Әлеуметтанулық    зерттеудің  этикасы.    Әлеуметтанушының  алдында    тұрған  

этикалық мәселелер.  

Негізгі  әлеуметтанулық  әдістер  және  олардың  қолдану  ерекшеліктері.  Сұрау  алғашқы 

әлеуметтанулық ақпарат жинау әдісі ретінде. Оның жетістіктері мен кемшіліктері,. Сұраудың 

негізгі түрлері. Анкета әлеуметтанулық әдіс  ретінде. Сұхбат әдіс ретінде.  

Құжаттарды  зерттеу  әлеуметтанулық  әдіс  ретінде.  Құжат  әлеуметтанулық  хабардың 

маңызды  көзі.  Құжаттар  классификациясы.  Контенттік-талдаудың  ерекшелігі.  Алғашқы 

әлеуметтанулық  ақпарат  жинаудың  тәсілі  ретіндегі  бақылаудың  жалпы  сипаттамасы. 

Әлеуметтанулық  бақылаудың  ерекшелігі.  Әлеуметтанудағы  эксперимент.  Әлеуметтанулық 

зерттеулердегі эксперименталдық әдістің негізгі сипаты.  



 

6 дәріс. Қоғам және әлеуметтік өзара әрекеттесу. 

Қоғам ұғымы. Қоғамның түрлері. Қоғамдық даму теориялары.  

Ертеректегі қоғамдардың  ерекшелігі. Аграрлық қоғамдардың әлеуметтік сипаттамасы. 

Дәстүрлі қоғамдардың әлеуметтік өзара әрекеттесу ерекшеліктері.  

Қоғамның  индустриалдық  даму  теориясы.  Индустриалдық  және  постиндустриалдық 

қоғамдардың сипаттамасы. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің ерекшеліктері.  

Жаһандық  даму.  Ақпараттық  қоғамның  және  әлеуметтік  желілердің  дамуы. 

Жаһанданудың қоғамдық дамуға және аймақтық жергілікті мәдениеттерге әсері.  

 

7 дәріс. Әлеуметтік топтар, ұйымдар және институттар. 

«Әлеуметті топ! Ұғымы. Әлеуметтік топтардың түрлері. Алғашқы және екінші топтар, 

рефенттік  топтар  және  басқалары.  Топтық  динамика.  Топтың  көлемінің  әлеуметтік  өзара 

әрекететсуге әсері. Топтағы лидерлік.  

Әлеуметтік желілер. Интернет әлеуметтік желі ретінде.  

«Әлеуметтік  институт»  ұғымы.  Қоғамның  негізгі  институттары:  отбасы,    мемлекет, 

саясат, дін, нарық және басқалары. Институттар қызметі.  

 

8 дәріс. Тұлғаның әлеуметтенуі. 



 

 

Тұлға  әлеуметтанеуі  ұғымы.  Адамдағы  биологиялықтың  және  әлеуметтіктің 



диалектикасы. Адам табиғатындағы жалпылық, ерекшелік және нақтылық. Тұлға мәселесіне 

философиялық,  психологиялық  және  әлеуметтанулық  тұрғыдан  келу.  Тұлғаның 

макросоциологиялық және микросоциологиялық концепциясы.  

Тұлғаның даму теориясы. Дж. Мид тұлғаның дамуы туралы Ч. Кулидің «Айналы Мен» 

теориясы. З. Фрейдтің психоаналитикалық теориясы. Ж. Пиаженің когнитивті даму теориясы. 

Л.  Колбергтің  адамгершілік  даму  теориясы.    Э.  Эриксонның  тұлғаның  дамуы  туралы 

теориясы.  

Әлеуметтанудың  негізгі  кезеңдері.  Әлеуметтанудың  негізгі  агенттері:  отбасы, 

әлеуметтік қоршаған орта, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары.  

Тұлғаның  рөлдік  және  мәртебелік  концепциялары.  Рөл  және  мәртебе  ұғымдары. 

Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі. Гендерлік әлеуметтену.  

 

9 дәріс. Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация. 

«Әлеуметтік  теңсіздік»  ұғымы.  Әлеуметтік  теңсіздіктер  түрлері:  жынысы,  жасы, 

табысы, этникалық тегі және басқалары.  

Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері:таптар, топтар, жіктер. 

Кәсіби-салалық, 

әлеуметтік-корпоративтік, 

әлеуметтік-территориялық, 

әлеуметтік-

демографиялық,  әлеуметтік-этикалық  және  басқа  құрылымдардың  ерекшелігі.  Әлеуметтік 

интеграция мен дифференциация диалектикасы.  

«Әлеуметтік  стартификация»  ұғымы.  Әлеуметтік  стратификация  факторлары. 

Әлеуметтік  теңсіздіктің  стратификациялық  модельдері.  Қазақстан  қоғамының  әлеуметтік 

стратификациясының ерекшелігі.  



 

10 дәріс. Мәдениет және қоғам. 

Мәдениет  ұғымы.  Мәдениет  және  нормалар  жүйесі.  «Құндылықтар»  және  «әлеуметтік 

нормалар» ұғымы.  «Құндылық» және  «әлеуметтік нормалар». Әлеуметтік санкциялар. Адам 

өмірінде  мәдениеттің  көріну  түрлері.  Этноцентризм  және  мәдени  релятивизм.  Мәдениеттің 

құрылымы.  Субмәдениеттер  және  контрмәдениеттер.  Мәдени  көптүрлілік.  Мәдениет 

символикалық  жүйе  ретінде.  Тіл  және  оның  қоғамдағы  оның  атқаратын  рөлі.  Мәдени 

өзгерістер. Прогресс идеясы.  

Әлеуметтанулық  зерттеу  мәдениеттің  түрлі  формалары  ретінде:  этномәдениеттер, 

қалалық  және  ауылдық  мәдениет,  таптар  мен  түрлі  әлеуметтік  топтардың  мәдениеті. 

Мәдениеттегі көпшілік және элитарлық.  

 

11 дәріс. Отбасы және гендер әлеуметтануы. 

Неке  және  отбасы  ұғымдарының  анықтамасы.  Қоғам  мен  отбасының  өзара 

байланыстылығы  мәселесі.  Отбасының  басқа  әлеуметтік  қауымдастықтармен  және 

әлеуметтік  өмірдің  сфераларымен  байланысы.  Әлеуметтік  топ  және  әлеуметтік  институт  

ретіндегі  отбасының  ерекшелігі.  Отбасы  әлеуметтік  ұйым  ретінде.  Отбасының  негізгі 

қызметтері.  

Некелік-отбасылық  қатынастардың  тарихи  типтері  және  түрлері.  Неке  мен  отбасының 

тенденциялары және даму преспективалары. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы отбасының рөлі.  

Неке  мен  ажырасуды  және  оның  проблемаларын  әлеуметтанулық  зерттеу.  Отбасылық 

өмірдің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін жоспарлау және отбасыаралық жанжалдарды 

шешу.  

«Жыныс»  және  «гендер»  ұғымдары.  Гендердің  әлеуметтанулық  теориясы.  Гендерлік 



рөлдер.  Отбасында  рөлдердің  бөлінуін  гендерлік  талдау.  Қоғамдағы  гендерлік  теңсіздік 

 

 

мәселелері.  Қазақстанда  отбасылық  саясаттың  дамуы,  оның  демогарфиялық  және  гендерлік 



саясатпен байоланысы.  

 

 



 

12 дәріс Жастар әлеуметтануы. 

Жастар  ұғымының  анықтамасы.  Жастар  әлеуметтануының  зерттеу  пәні.  Жастар 

әлеуметтанулық  білім  жүйесінде.  Жастардың  қазіргі  заманғы  әлеуметтанулық  тұжырымы. 

Жастардың  қазіргі  әлеуметтанулық  концепциялары.  Білімнің  әлеуметтік  нарығы  және 

жастарды  еңбек  пен  өмірге  дайындаудың  жаңа  мүмкіншіліктері.  Жастар  мәдениеті. 

Қоғамның саяси саласындағы жастар.  

Мемлекеттік  жастар  саясаты:  Қазақстандық  және  әлемдік  тәжірибе.  Экономикадағы 

жастар. Жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселелері, оларды шешу жолдары.  

Ұрпақ:  сабақтастық  механизмі.  Әлеуметтік-тұрмыстық  саладағы  жастар.  Қазіргі 

жастардың құндылық бағыттары. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру деңгейі.  

 

13 дәріс. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы. 

Девиантты  мінез-құлық  әлеуметтануының  объектісі  және  пәні.  «Девиантты  мінез-

құлық», «девиация», «деликвентті мінез-құлық» категорияларының мазмұны.  

Позвитивті  және  негативті  девиация.  Әлеуметтік  бақылау  девиантты  мінез-құлықты 

реттеу механизмі ретінде. Әлеуметтік санкциялар: позитивті және негативті.  

Девиантты  мінез-құлық  теориялары.  Девиацияның  биологиялық  және  психологиялық 

теориялары. Девиацияны социологиялық тұрғыдан түсіндірудің ерекшелігі. Функционалистік 

теориялар. Қоғамның ұйымсыздық жағдайын немесе аномияны Э. Дюркгеймнің талдауы. Р. 

Мертонның  теріс  мінез-құлық  типологиясы.  Х.С.  Беккердің  стигматизация  теориясы.  Дау-

жанжалдық теориялар. Бақылау теориялары.  

Қазақстан  қоғамындағы  девиацияның  өзекті  мәселелері:  қылмыс,  өз  жанын  өзі  қию, 

жезөкшелік, ішімдікке салыну, наркотизм және басқалары.  

Теріс мінез-құлықтың әрқилы түрлерінің әлеуметтік салдарлары.  

 

14 дәріс. Еңбек және экономикалық өмір әлеуметтануы. 

Еңбекті  және  өндірісті  зерттеудегі  әлеуметтанулық  тәсілдің  өзіндік  ерекшлігі, 

әлеуметтік-тарихи  ерекшеліктері.  «Жұмыс»,  «мамандық»,  «жұмыс  бастылық»  ұғымдары. 

Қоғамның  әлеуметтік-кәсіби  құрылымы.  Еңбектің  әлеуметтік    ұйымдастырылуы. 

Э.Дюркгейм  еңбек  бөлінісі  туралы,  Ф.  Тейлор  және  Г.Форд  көпшілік  өндірісі  туралы;  К. 

Маркс еңбекті бөтенденуіҢ өнеркәсіптік жанжалдар және профсоюздар.  

Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы. Қатарлас еңбек нарығы теориясы. 

Сегменттік және еңбек нарығының  икемділігі. Қазақстан қоғамының экономикалық жаңаруы 

жағдайында  жаңа  еңбек  түрлерінің  ұйымдастырылуы.  Жаһандық  қоғамда  еңбектің    рөлінің 

өзгеруі, еңбектің жаһандық бөлінісі.  

Экономика  әлеуметтік  сала  ретінде.  Экономика  шаруашылық  жүйе  ретінде. 

Экономиканың  негізгі  секторлары.  Экономиканың  әлеуметтік  жүйе  ретінде  тарихи  дамуы: 

аграрлық, өнеркәсіптік, ақпараттық революция.  

Экономикалық  әлеуметтану  пәні.  Экономикалық  өмір  туралы  әлеуметтанулық 

идеялардың  дамуы;  М.  Вебер,  Э.Дюркгейм,  К.  Маркс,  К.  Поланьи  және  басқалары. 

Шаруашылық  жүйелер  және  олардың  ерекшеліктері.  Капитализмнің  тарихи  түрлері. 

Экономиканың  жаһандық    жүйесінің  дамуы.  Жаһандық  еңбек  бөлінісі  және  жаһандық 

экономика мәселелері.  

 


 

 

15 дәріс Білім әлеуметтануы және бұқаралық ақпарат құралдары. 

Білім  әлеуметтануының  зерттеу  пәні.    Білім  әлеуметтік  институт  ретінде.  Білімнің 

негізгі  функциялары:  мәдени,  тәрбиелік  және  т.б.  Білімнің  әлеуметтанулық  теориялары. 

Функционализм және білімнің функциялары. Дау-жанжалдық ыңғай және білім жүйесіндегі 

теңсіздіктер.  Символикалық  интеракционизм  білімді  әлеуметтік  құрастыру  туралы. 

«Жасырын  оқу  жоспарының»,  мәдени  капиталдың,  әлеуметтік  теңсіздіктің  біілмге  әсері. 

Қазақстандық біілмді және оның әлеуметтік мәселелерін әлеуметтанулық зерттеу.  

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  коммуникацияны  әлеуметтанулық    зерттеу.  Оның 

түрлері  және  ерекшеліктері.  БАҚ  әлеуметтік  қызметтері:  ақпараттық,  білімдік,  тәрбиелік 

және  басқа.  БАҚ  қоғамға  әсер  ету  теориялары:  функционалистік,  марксистік, 

мәдениеттенушылық және басқа да ыңғайлар. БАҚ-ты әлеуметтанулық зерттеу әдістері.  



 

4.2 Практикалық дайындық 

4.2.2.Практикалық сабақтың тақырыптары 

 

 



 

Деректер көзі 

1.

 

 



Әлеуметтанулық перспектива   1 сағ. 

Конспект, 1,4,7,8,13 

2.

 

 



Әлеуметтанулық ғылымының қалыптасу және даму тарихы 1 сағ. 

Конспект, 

1,4,7,8,11,13 

3.

 



 

Қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары      1 сағ 

Конспект, 

1,4,7,8,11,13 

4.

 

 



Әлеуматтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде 1 сағ. 

Конспект, 

1,4,7,8,11,13 

5.

 



*  Зерттеудің әлеуметтанулық әдістері   1 сағ. 

Конспект, 

1,4,7,8,13,14 

6.

 



*  Қоғамдық даму теориялары  1 сағ. 

Конспект, 1,4,7,8,14 

7.

 

 



Қоғамның  әлеуметтік  құрылымы:  топтар,  ұйымдар,  институттар                         

1 сағ. 


Конспект, 1,4,7,8,14 

8.

 



 

Тұлғаны әлеуметтанулық зерттеу   1 сағ. 

Конспект, 1,2,4,7,8 

9.

 



*  Әлеуметтік құрылым жүйесі және стратификация  1 сағ. 

Конспект, 1,2,4,7,8 

10.

 

 



Мәдениетті әлеуметтанулық зерттеу     1 сағ.                                                                                          

Конспект, 1,4,5, 

7,810,12  

11.


 

 

Отбасы және гендерлік рөл   1 сағ. 



Конспект, 1,4,5, 

7,810,12  

12.

 

*  Жастар және жастар саясаты әлеуметтанулық зерттеу пәні ретінде     



1 сағ. 

Конспект, 1,4,5, 

7,810,12  

13.


 

 

Әлеуметтік девиация    1 сағ. 



Конспект, 

1,4,5, 


7,810,12  

14.


 

 

Еңбек, жұмыс және экономикалық өмір   1 сағ. 



Конспект, 1,4,5, 

7,810,12  

15.

 

 



Білім, бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация 1 сағ. 

Конспект, 1,4,5, 

7,810,12  

Барлығы: 

15 сағ. 

Ескерту:  белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді, қалғандары 

СӨЖ көлемінде оқиды. 

 

Әлеуметтану  семинар  сабақтарының  міндеті  студенттерді  өз  бетінше  ойлауға  және 

қазіргі  әлемде  жүріп  жатқан  үдерістерге  талдау  жасау  дағдарысын  дамыту,  сондай-ақ  өз 

бетінше  адамдардың  әлеуметтік  –  экономикалық    және  саяси  қызметіне  әлеуметтанулық 



 

 

зерттеу  жүргізу  іскерлігін қалыптастыру,  бүгінгі  қоғамдық  әлеуметтік  даму  заңдылықтарын 



түсінуге    үйреті,  осылайша  Қазақстан  Республикасының    экономикалық,  зияткерлік,  

адамгершілік  әлеуметін нығайтуы және көбейту болып табылады.  

Семинар  сабақтарды  танымдық,  гуманитарлық,  тәрбиелік  міндеттерді  ақтаруы, 

оқытушының  студенттердің  белсенді  өмірлік  ұстанымын  қалыптастыратын,  тұлғалық 

әлеуметтенуіне  ықпал  ететін  және  азаматтық  позициясын  қалыптастыратын    оқу 

материалдарын өз бетінше оқып білуіне бақылау жасауға мүмкіндік береді. 



 

4.3 Семестрлік жұмыстың тақырыптары 

I бөлім (№1 семестрлік жұмыс) 

 

1.

 



Әлеуметтанудын пәні мен әдісі 

2.

 



Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі 

3.

 



Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары 

4.

 



Әлемдік әлеуметтануы дамуындағы  классикалық кезең 

5.

 



М. Вебердің әлеуметтануы және «веберлік қайта жаңғыруы» 

6.

 



Эмперикалық әлеуметтану 

7.

 



Қоғамдық ағартушыларының әлеуметтанулық көзқарастары  

8.

 



ХХ ғасыр басындағы қазақстандағы әлеуметтік ой 

9.

 



Шетел әлеуметтануының парадигмалары 

10.


 

П.А. Сорокин – ХХ ғасырдағы ғұлама әлеуметтанушы  

11.

 

Қазіргі әлеуметтанулық теориялар 



12.

 

Қазақстандағы социология  



13.

 

Еңбек әлеуметтануы 



14.

 

Өнімділікті басқару әдістері 



15.

 

Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдарлары 



16.

 

Социоинженерлік қызмет  



17.

 

 Рухани саладағы әлеуметтік институттар 



18.

 

 Басқару әлеуметтануы 



19.

 

 Ұйым әлеуметтануы  



20.

 

 Қоғамның әлеуметтік құрылымы  



21.

 

Қоғам жүйе ретінде  



22.

 

Стратификация және таптық құрылым  



23.

 

Әлеуметтік мобильдік  



24.

 

Тұлға әлеуметтануы  



25.

 

Тұлға дамуы теориясы  



26.

 

Тұлға және әлеуметтену 



27.

 

Ауытқыған мінез-құлық (девианттық) әлеуметтануы 



28.

 

Экономика саласындағы әлеуметтік институттар  



29.

 

Отбасы әлеуметтануы 



30.

 

Отбасы және демографиялық саясат 



 

II бөлім (№2 семестрлік жұмыс) 

1.

 



Әлеуметтік өмірдің жаһандануы 

2.

 



Жастар әлеуметтануы 

3.

 



Қоғамдық ұйымдар 

4.

 



Өмір салты 

5.

 



Білім беру әлеуметтануы  

6.

 



Білім беру және қоғам  

 

 

7.



 

Ғылым әлеуметтануы  

8.

 

Тұлға еркіндігі проблемасы және қоғамдағы әлеуметтік рөл 



9.

 

Гендер әлеуметтануы  



10.

 

Саяси әлеуметтану 



11.

 

Білім құндылық ретінде  



12.

 

Білім беру әлеуметтануы 



13.

 

Білім және қоғам  



14.

 

Әлеуметтік жобалау  



15.

 

Әлеуметтік жоспарлау  



16.

 

Ұлттық қатынастрадың өзекті проблемалары 



17.

 

Мәдениет әлеуметтануы 



18.

 

Мәдениет және қоғам  



19.

 

Дін әлеуметтануы 



20.

 

Құқық әлеуметтануы  



21.

 

Экология әлеуметтануы 



22.

 

Әлеуметтік экология мен қоғам дамуының өзекті проблемалары  



23.

 

Бұқаралық коммуникацияның  әлеуметтануы  



24.

 

Бұқаралық коммуникация және мәдениет   



25.

 

Қоғамдық пікір әлеуметтануы  



26.

 

Әлеуметтанудың зерттеу бағдарламасы  



27.

 

Бастапқы әлеуметтанулық ақпарат жинаудың әдіснамалық әдісі  



28.

 

Сұрау әдістері  



29.

 

Әлеуметтану зерттеуіндегі іріктеу әдісі  



30.

 

Зерттеу мәліметтерін талдау және өндеу 



 

4.4 СӨЖ-ге арналған тақырыптар 

 

1.

 



Әлеуметтанудың  негізгі  ұғымдары:  әлеуметтік  топ,  ұйым,  институт,  процесс  және 

басқалар.  

2.

 

О.  Конт,  Э.  Дюркгейм  және  классикалық  кезеңнің  басқа  да  социологтары  (таңдау 



бойынша).  

3.

 



Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде 

4.

 



Әлеуметтану зерттеуінің бағдарламасы  

5.

 



Әлеуметтанулық  зерттеудің  салыстырмалы  тандауының  сандық  және  сапалық 

әдістері  

6.

 

Мемлекеттік  әлеуметтік  саясаттың  міндеттері  мен  басымдықтары  (Қазақстан 



Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша) 

7.

 



Жеке бас мәртебесі және рөлдік жиынтық. Кесте көрсетіңдер.  

8.

 



Әлеуметтік мобильдік  

9.

 



Қазақстандағы орта тап және оның ерекшелену критерилері  

10.


 

Жастар субмәдениеті және жастар үшін олардың рөлі  

11.

 

Жаңа отбасы формалары. Қазақстанда гендерлік саясаттың дамуы.  



12.

 

 Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының өзекті бағыттары.  



13.

 

Қазақстанда девиацияның әртүрлі формаларын әлеуметтанулық зерттеу.  



14.

 

Қазақстандағы жұмыс пен жұмыссыздықтың әлеуметтік проблемалары.  



15.

 

ҚР  білім  беру  саласындағы  мемлекеттің  ерекше  басымдықтары  (Қазақстан 



Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша). 

16.


 

Білім беруді дамытудағы қазіргі электрондық технологияның рөлі.  



 

 

17.



 

Қазіргі  әлеуметтанулық  теориялар  (символикалық  интеракционизм,  құрылымдық 

функционализм, дау-жанжал және т.б.).  

18.


 

ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  ойшылдарының  әлеуметтанулық  көзқарастары:  А. 

Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, С. Мұқанов және т.б.  

19.


 

*Мемлекет басқару институты ретінде: оның ерекшеліктері.  

20.

 

Қазақстанның модернизациялық дамуының әлеуметтік проблемалары.  



21.

 

*Елдегі саяси партиялардың сипаттамасы: олардың әлеуметтік базасы.  



22.

 

Тұлғаны  әлеуметтанулық  зерттеудің  негізгі  амалдары  (Ж.  Пиаже,  Ч.  Кули,  Дж. 



Мид, З. Фрейд).  

23.


 

*Қазақстандағы тіл саясаты: проблемалар және оларды шешу.  

24.

 

*Қазақстан қоғамын модернизациялаудағы білімінің рөлі.  



25.

 

*Тұлғаны қалыптастырудағы БАҚ рөлі.  



26.

 

Әлеуметтік-экономикалық  модернизация  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты. 



Жаппай    еңбек  қоғамы.  (Қазақстан  Республикасының  предизенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

Қазақстан халқына жолдауы бойынша).  

27.

 

*Жастар субмәдениетінің бірінің әлеуметтанулық портретін сипаттау.  



28.

 

ҚР рухани және ұлттық бірліктің негізгі басымдықтары мен факторлары (Қазақстан 



ұлттарының бірлігі доктринасы бойынша).  

29.


 

*Отбасы дамуының қазіргі тенденциялары (жеке формалары, бала туу, ажырасулар, 

гендерлік проблемалалар).  

30.


 

Еңбек өнімділігін арттырудың факторлары.  

31.

 

*Жастардың девианттық мінез-құлқы және оны реттеу.  



Ескерту: *) белгісі қойылғандар СОӨЖ тақырыптары.  

 

5 Аралық және қорытынды бақылау үшін сұрақтардың тізімі  

 

1.

 



Әлеуметтанудың  обьектісі  және  пәні.  Әлеуметтанудың  әлеуметтік  білімдер 

жүйесіндегі орны.  

2.

 

Әлеуметтану  құрылымы  және  функциялары.  Әлеуметтанудағы  эмпирикалық  мен 



теориялық мәселелер. 

3.

 



Әлеуметтану негізгі категориялары және сипаттамасы. 

4.

 



Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам типологиясы. 

5.

 



Дүниежүзілік  әлеуметтану  дамуындағы  классикалық  кезең  (О.  Конт.  Г.  Спенсер,  Э. 

Дюркгейм).   

6.

 

М.  Вебердің  әлеуметтануы  және  қазіргі  әлеуметтану  дамуындағы  «Веберлік 



ренессанс». 

7.

 



П.А. Сорокинның әлеуметтанулық шығармашылығы.  

8.

 



Қазақстанда әлеуметтану дамуының қазіргі кезеңі.  

9.

 



ХІХ ғ. қазақ ағартушылары өкілдерінің әлеуметтанулық көзқарастары.  

10.


 

Басқарудың әлеуметтік проблемалары. 

11.

 

Еңбек әлеуметтануының категориялары, олардың сипаттамасы. 



12.

 

Еңбектің уәжделуімен ынталандырылуы.  



13.

 

Әлеуметтік институттар.  



14.

 

Қазіргі ұйымның табиғаты мен мәні (типтері, сипаттары және ерекшеліктері).  



15.

 

Әлеуметтік стратификация: анықтамасы, тарихи типтері, критерилері.  



16.

 

Әлеуметтік  мобильдік  реттеу  механизмі  ретінде  (түрлері  және  типтері, 



факторалары, арналары, кедергілері). 

17.


 

Тұлғаны  әлеуметтанулық  зерттеудің  негізгі  амалдары  (Ж.  Пиаже,  Ч.  Кули,  Дж. 

Мид, З Фрейд).  


 

 

18.



 

Отбасы  әлеуметтік  инстиут  және  шағын  топ  ретінде  (объектісі,  пәні  және 

категориялары).  

19.


 

Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.  

20.

 

Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам типологиясы.  



21.

 

Орта тап. ҚР орта таптың қалыптасуы мен рөлі.  



22.

 

Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуы.  



23.

 

Еңбек – қоғам дамуының негізі. Еңбектің әлеуметтік мәні.  



24.

 

Жұмыссыздың әлеуметтік құбылыс ретінде, оның әлеуметтік салдарлары.  



25.

 

Инженерлік  еңбектің  әлеуметтік  проблемалары.  Инженер  тұлғасына  қойылатын 



талаптар.  

26.


 

Социоинженерия басқару қызметінің құрамдас бөлімі ретінде.  

27.

 

Инженер еңбегі және оның қазіргі жағдайдағы ерекшеліктері.  



28.

 

Инженерлердің кәсіби мобильдігі.  



29.

 

ХХІ ғасыр инженерінің әлеуметтік – психологиялық портреті.  



30.

 

Әлеуметтік  үдеріс  ұғымы.  Әлеуметтік  үдерістердің  әлеуметтік  нәтижесі  мен 



салдарлары.  

31.


 

ҚР  білім  саласындағы  мемлекеттің  ерекшелікті  басымдықтары  (Қазақстан 

Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша).  

32.


 

Қазіргі қоғамдардың стратификация теориялары. (К. Маркс, М. Вебер, П. Сорокин).  

33.

 

Әлеуметтік  –  демографиялық  құрылым  әлеуметтік  стратификацияның  бөлімі 



ретінде.  

34.


 

Қазақстандағы әлеуметтік процессетрдің ерекшеліктері.  

35.

 

Жеке тұлғаның девиантты мінез-құлқының  табиғи және тарихи типтері.  



36.

 

Әлеуметтерндіру: негізгі кезеңдері. Индивидуалдық  проблемалары.  



37.

 

Микроорта және оның ауытқыған мінез-құлыққа ықпалы.  



38.

 

Девиация түрлері.  Одан шығудың жолдары.  



39.

 

Ж. Пиаже индивидінің интеллектуалдық дамуы.  



40.

 

Білім  берудің  әлеуметтік  функциялары,  мақсаты  және  міндеттері.  ҚР-дағы  білім 



беру проблемалары.  

41.


 

Қоғам  әлеуметтік  жүйе  ретінде    (анықтамасы,  элементтері  және  оның  сипаттары, 

ерекшеліктері және функциялары).  

42.


 

Анкеттеу әлеуметтанулық зерттеулерде.  Түрлері, ерекшеліктері, артықшылықтары 

және кемшіліктері.  

43.


 

Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстанның дамуының басты бағыты.  

Жаппай  еңбек  қоғамы  (ҚР-ның  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауы 

бойынша).  

44.

 

Әлеуметтану зерттеудегі  сұхбат оның ерекшелігі. Сұхбаттың негізгі түрлері,  оның 



кезеңдері.  

45.


 

Құжаттарды зерттеу әлеуметтанулық зерттеудің әдісі ретінде.  

46.

 

Эксперименттің  әлеуметтанулық  зерттеудің  әдісі  ретіндегі  жалпы  сипаттамасы. 



Экспериментті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.  

47.


 

 Тұлға және концепциялар және оның түсініктемелер. (Дж. Мид, Ч. Кули, З. Фрейд).  

48.

 

Әлеуметтік бақылау (ұғым, әдістері, түрлері).  



49.

 

Д. Беллдің қоғам типологиясының синтетикалық моделі).  



50.

 

Әлеуметтанудың  пайда  болуының  (әлеуметтік-экономикалық,  идеялық-теориялық) 



арғышарттары.  

51.


 

Әлеуметтанулық зерттеулердегі іріктеу проблемалары.  

52.

 

Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы.  



53.

 

Әлеуметтік рөлдер теориялары (Т. Парсонс, Дж. Мид, Р. Мртон, Р. Дарендорф).  



 

 

54.



 

Социометриялық сұрақ, социометрия (анықтамасы, мақсаты, талаптары).  

55.

 

Мәдениет әлеуметтік құбылыс ретінде.  



56.

 

Қоғам дамуының үш атысы туралы О. Конттың ілімі.  



57.

 

Бақылау  және  оның  жалпы  сипаттамасы  бастапқы  әлеуметтанулық  ақпарат  алу 



тәсілі ретінде.  

58.


 

Анкета. Оны құрудың ережесі.  

59.

 

Еңбек өнімділігін арттыру факторлары (Ф. Тейлор, Э.Мэйо, Ф. Скиннер және т.б.).  



60.

 

Саяси әлеуметтену.  



61.

 

Индивид  тұлға,  адам  ұғымдары.  Тұлға  қоғамдық  қатынастардың  объектісі  және 



субъектісі.  

62.


 

Білім  беру  әлеуметтануы  ұғымы.  Білім  беру  үдерісінің  сатылары  және  олардың 

сипаттамасы.  

63.


 

Э. Мэйоның адамдар қатынасы доктринасы.  

64.

 

О. Конт әлеуметтанудың негізіг салушы.  



65.

 

Саяси мәдениет ұғымы.  



66.

 

Саяси  әлеуметтану  функциялары.  Саяси  әлеуметтанудың  құрылымы  және  оның 



негізгі салалық бағыттары.  

67.


 

Эволюциялық теория немесе Г. Спенсердің органицизмі.  

68.

 

 Әлеуметтанудағы «әлеуметтік» категориялары. Әлеуметтік үдеріс.  



69.

 

Ф. Тейлордың ғылыми менеджменті.  



70.

 

Қазақстан әлеуметтік құрылымның даму болашағы.  



71.

 

Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы және қалыптастыруы.  



72.

 

Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі және пәні.  



73.

 

Экономикалық мәдениет: ұғымы, қызметі және сипаттамасы.  



74.

 

Нарықтық экономиканың әлеуметтік проблемалары.  



75.

 

Қазақстандағы діни ахуал.  



76.

 

Діннің әлеуметтанулық теориялары.  



77.

 

Отбасы функциялары мен құрылымы.  



78.

 

ХХ ғасырдағы отбасының даму ерекшеліктері.  



79.

 

 Мәдениет: пәні, элементтері, формалары және міндеттері.  



80.

 

Қазіргі жағдайдағы жастар мәдениеті.  



81.

 

Коммуникативті жүйенің түрлері мен құрылымы.  



82.

 

БАҚ зерттеу әдістері мен техникасы.  



83.

 

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі.  



84.

 

Отбасының өмірлік циклі.  



 

6 Студенттердің жетістігін бағалаудың ақпараты  

6.1 Бағалау жүйесі  

Сіздің  білім  деңгейіңіз  оқудың  кредиттік  технологиясында  қабылданған  курс 

бағдарламасы бойынша қорытынды бағалар шкаласына сәйкес бағаланады (1 – кесте).   

1 – кесте  

Әріптік баға 

Балдардың 

сандық  

эквиваленті 

Пайыздық 

құрамы  


Дәстүрлі жүйе бойынша 

бағалау 


А 

4,0 


95- 100 

үздік 


А- 

3,67 


90-94 

үздік 


В+ 

3,33 


85-89 

жақсы 


В 

3,0 


80-84 

жақсы 


В- 

2,67 


75-79 

жақсы 


 

 

С+ 

2,33 

70-74 


қағанат. 

С 

2,0 


65-69 

қағанат. 



С- 

1,67 


60-64 

қағанат. 



D+ 

1,33 


55-59 

қағанат. 



D- 

1,0 


50-54 

қағанат. 



0-49 



қанағатсыз. 

Рұқсат рейтингісінің бағасы семестр бойына жинақталады. Жұмыстардың әр түрлі 100 

балдық  шкаламен  бағаланады  және  2  –  кестеге  сәйкес  коэффициенттік  деңгей  рұқсаты 

ағымдағы бақылаудың орташа бағасына қосылады.   



 

2 - кесте.Әр жұмыс түрінің маңыздылығы  

Бақылау түрі 

Қорытынды бағаның үлесі (%) 

Дәріс 

20% 


 

100х0,6=60% 

Семинар  

50%  


Семестрлік жұмыстар 1,2 

10+10 = 20% 

Сауалнама  

10%               

Емтихан  

                                                40% 

 

Аралық бақылау (АБ) академиялық күнтізбеге сәйкес семестр де екі рет өткізіледі. Әр 



АБ (А1 және А2) 100-баллдық шкаласымен бағаланады, ақпараттық жүйемен АБ бағасының 

орташа мәні есептеледі 

Бор=(Б1+Б2)/2 

және 0,2 салмақ коэффициентпен қабылдау бақылауына қосылады:  

БР=0,2Бор+0,8Ор. 

Пән бойынша қорытынды баға шығарылады 

Қ=0,6БР+0,4Е, 

Е – емтихандық бағасының сандық баламасы. 



 

6.2 Балл қою саясаты: 

Максимальды  бағалау  баллы  өз  уақытында  және  жоғарғы  сапалы  жұмыс  орындау 

шарты негізінде қойылады. Тестілеу мен дәріс сабақтарына қойылатын бағалау баллы дұрыс 

жауаптардың саны мен жіберіп алған дәріс сағаттарына байланысты.  



 

6.3  Университеттің  оқушыларын  академиялық  мобильдікке  ұйымдастырудағы 

баға көшу  

ҚР-дағы оқитындардың оқу нәтижесінің бағаны ЕТЖ (Европалық странсферет жүйесіне 

(көшіру)  және  кредит  жинау)  балл-рейтинг  әріпттік  жүйеге  ауыстыру  және  керісінше  3,4 

кестелерге сәйкес жүзеге асады.   



 

Кесте 3 – ЕТЖ бойынша балл-рейтинг әріпттік жүйеге ҚР-дағы оқушылардың оқу 

бағалау нәтижесін ауыстыру  

 

 ECTS 

әріптік 

баға 

 

Әріптік баға 

Балдардың 

сандық  

эквиваленті 

Пайыздық 

құрамы  

Дәстүрлі жүйе 

бойынша бағалау 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы  



В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы  

 

 

С 

В 

3,0 


80 

С 

2,0 



65 

қағанат. 



1,0 



50 

FX, F 



қағанат. 



 

Кесте 4 – ЕТЖ бойынша ҚР-балл-рейтинг әріпттік жүйеге бағаны ауыстыру.  

Әріптік 


баға 

Балдардың сандық  

эквиваленті 

Пайыздық 

құрамы  

Дәстүрлі жүйе 

бойынша бағалау 

ECTS 


бойынша баға 

А 

4,0 



95-100 

өте жақсы  

А - 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

жақсы 


В 

3,0 



80-84 

жақсы 


В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

қағанат. 

С 

2,0 


65-69 

қағанат. 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59  

1,0 



50-54 

қанағат. 

 F 


0-49 


қанағатсыз. 

FX,F 


 

7 Курс саясаты: 

-

 



Сабаққа кешікпеу және сабақты жіберіп алмау;  

-

 



Оқытушы ұсынған сабақ қойылымдарын жіті қадағалау, оған белсенді қатынасу;  

-

 



Себеппен  жіберіп  алған  (деканаттың  рұқсаты)  мен  семинар  сабақтарды  қайта 

тапсыру.  

-

 

Семестрлік жұмысты қорғау үшін белгіленген мерзімде кешіктірмен әкеліп өткізу.  



-

 

Өз бетінше кітапханада және үйде дайындалу.  



 

8 Академиялық этиканың өлшемдері: 

-

 



Тәртіпті болу;  

-

 



Тәрбиелі болу;  

-

 



Қайырымды болу;  

-

 



Адал болу;  

-

 



Жауапкершілікті болу;  

-

 



Аудиторияда сөндірілген ұялы телефон жағдайында жұмыс жасау;  

-

 



Конфликтік  жағдайлар  оқу  топтарында  оқытушының,  әдвайзерлердің  қатысуымен 

ашық талқыға салу, шешілмеген жағдайда деканат қызметкерлеріне хабарлау.  



 

9 Ұсынылған әдебиеттер тізімі  негізгі 

Негізгі  әдебиет 

 

1.

 



Әлеуметтану. 2-кітап/Жалпы ред. М.М. Тажин. – Алматы, 2005. – 268 б.  

2.

 



Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. – Алматы: «Эверо», 2011. – 284 б.  

3.

 



Әбсаттаров  Р.,  Дәкенов  М.Д.  Өзекті  мәселелер.  Оқу  құралы.  Т1.-  А.:  «Қарасай», 

2013 


4.

 

Әбсаттаров  Р.,  Дәкенов  М.Д.  Өзекті  мәселелер.  Оқу  құралы.  Т  2  -  А.:  «Қарасай», 



2013. 

5.

 



Биекенов К.У Әлеуметтану.-А.: «Раритет», 2012. 

 

 

6.



 

Әлеуметтану. Дәрістер жинағы.-А.: «АЭжБУ», 2012. 

7.

 

Орынбекова Д.С. Әлеуметтану. Оқу құралы.-А.: «АЭжБУ», 2010. 



8.

 

Орынбекова Д.С. Социология барлық мамандықтардың  күндізгі бөлімінде оқитын 



студенттер  үшін  семестрлік  жұмысқа  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.  –  Алматы:  АЭжБУ, 

2011.  


9.

 

Орынбекова  Д.С.  Социология  барлық  мамандықтардың    күндізгі  бөлімінде  оқитын 



студенттері  үшін  семинар  сабақтарына  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.  –  Алматы:  АЭжБУ, 

2011ж. 


 

Қосымша әдебиет 

 

1.



 

Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану.- А.: «Қазақ университеті», 2011. – 192 б. 

2.

 

Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы.-А.: «Қазақ университеті», 2012. – 224 б. 



3.

 

Әженов  М.С.,  Садырова  М.С.,  Омарова  А.Т.  Білім  социологиясы.  Оқулық.  – 



Алматы: «Эверо», 2011. – 124 б.  

4.

 



Биекенов  К.У.,  Садырова  М.С.  Әлеуметтану.  Ұғымдар  мен  балалар.  –  Алматы: 

«Эверо», 2011. – 400 б.  

5.

 

17.01.2014  жылдың  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  халыққа 



жолдауын оқыту барысынан «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ қызығушылық, 

бірлескен келешек». 

6.

 

Үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамыту  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарлама 



Қазақстан  Республикасын  үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамыту  жөніндегі 

мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы 

№ 958 Жарлығымен бекітілді. 

7.

 



Жаназарова    З.К.  Отбасы  социологиясы:  оқу  құралы.  –  Алматы:  Қазақ 

университетеі, 2010. – 240 б.  

8.

 

Қарабаев Ш.Әлеуметтану негіздері.-А.: «Экономика», 2009. 



 

Интернет-көздері 

 

1. 



http://www

 soc. pu. Ru. 

2. 

http://www.



 gumer. Info/bibliotek_Buks/. 

3. 


http://www.

 Sociology/index – socio.php.  

4. 

http://www



. book- ua. org /politologj/index. Php. 

5. 


http://www

. gandeamus. omskcitj. Com.

 

6. 


http://www.

 jourclub. Ru. 

7. 

http://www



 .ido.edn. ru.  

8. 


http://www

 iglib. ru. 

9. 

http://www.kisi.kz/site.html?en=0



 

10. 


http://www.akorda.kz

 

11. http://www.government.kz 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал