Ақан сері Қорамсаұлы Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Балуан Шолақ Баймырзаұлы шығармалары



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/10
Дата17.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ақан сері 
Қорамсаұлы
Үкілі Ыбырай 
Сандыбайұлы 
Балуан Шолақ 
Баймырзаұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Нұрлы Press.kz» 
Алматы 
2014

УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
А 37
Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты
Редакция алқасы
С.Пірəлиев, С.Қирабаев, Т.Кəкішев,
У.Қалижанов, Б.Ыбырайым, Б.Сманов
«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша
əдебиеті жобасының авторы:
Бекен Ыбырайым
А37 Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, 
Балуан Шолақ Баймырзаұлы. Шығармалары. – Алматы: 
«Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б. – (Ақындар аманаты)
ISBN 978-601-80288-7-8
Жинаққа  əрі  əнші-сазгер,  əрі  суырып  салма  ақындар  қата-
рында есімдері елге белгілі Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбы-
рай  Сандыбайұлы,  Балуан  Шолақ  Баймырзаұлының  түрлі  жи-
нақ тардан, сонымен бірге мұрағаттардан алынған туын ды лары 
енгізілді.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
ISBN 978-601-80288-7-8
© Б.Ыбырайым
© «Нұрлы Press.kz», 2014

3
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері
Қорамсаұлы
(1843-1913)
 

4
Ақан сері Қорамсаұлы
ӨЛЕҢДЕР

5
Ақан сері Қорамсаұлы
ҚҰЛАГЕР 
Жел соқса, қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушы, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?!
Түбінен дəйекшенің тұрдым тосып,
Бəйгеңді алушы едім талай қосып.
Отыз ат уəделі өтіп кетті,
Сол жерде тұра алмадым денем шошып.
Міндім де Сарыалама, тұра шаптым,
Бəйге алам деп бұл істен залал таптым.
Намазшам, намаздыгер арасында,
Баланы жылап жатқан əрең таптым.
Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағың, елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.
Құлагер, шешең – сұңқар, əкең – тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең, орның басар Көкбесті бар,
Болады құдай қосса о да тұлпар.
Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлді деп Құлагерім естігенде,
Бір тұрып, бір отырып, ойбайладым.

6
Ақан сері Қорамсаұлы
Құлагер, құлыныңнан керім едің,
Нағашым, сұрағанда беріп едің.
Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,
Бір сыншы көзің шыққыр көріп едің.
Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай.
Түбіне Ерейменнің айдап келіп,
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай!
Тұлпарым, аунағаның туған жерің,
Биеден туа бермес сендей керім.
Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тай тұяқ,
Бір жолда ердің құны бəйгең сенің.
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап саптыаяқтай төменгі ернің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім.
Құлагер, нұрың қандай, даңқың қандай,
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.
Бəйгеге жүз шақырым айдағанда,
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.
Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,
Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.
Өлімің адамзатпен бірдей болып,
Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.
Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған,
Атағың Орта жүзге мағлұмданған.

7
Ақан сері Қорамсаұлы
Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,
Шырқайды қалың елім əнге салған.
Құлагер, құнаныңнан жайлатқаным,
Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным. 
Тартыншақ жаман əдет қыла ма деп,
Артыңнан бір балаға айдатқаным.
Құлагер, айналайын, тұлпарым-ай,
Бір көрмей тұра алмайтын сұңқарым-ай.
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,
Бір көрсек деп тұратын іңкəрім-ай!..
Қапыда өліп кеттің, жануарым,
Жібектей күлтілдеген құйрық, жалың.
Өлді деп жаман хабар естігенде,
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.
Қарағым, айналайын, «үркек керім»,
Шықпаған қанша шапсаң ащы терің.
Тамсанып жолыңда боп жұрттың көзі,
Тілейтін тілегіңді елің сенің.
Құлагер, саған келген оқыс өлім,
Толғантып наз айтады Ақан серің.
Сібірден сегіз дуан қоймай озған,
Қой мойын, қоян жақты, сандал керім.
Күйдірдім отқа салып ашудасты,
Не көрмек əлі де болса басым жас-ты.
Бəйгеде ешбір жүйрік ілеспеген,
Күйігі Құлагердің басылмас-ты.

8
Ақан сері Қорамсаұлы
Құлагер, сені ұзақ міне алмадым,
Өлгенше сайран етіп жүре алмадым.
Өлді деп Құлагерді естігенде,
Ой, ойлап орнымнан тұра алмадым.
Бағаңа ділдə беріп алдым сатып,
Ойнатып қызығыңа жүрдім батып.
Бəйгеден жалғыз дара алды келіп,
Жүріп ем бар халықты таңырқатып.
Аузыңа қос ауыздық салып едім,
Сені алып ел шетіне барып едім.
Бəйгеңе сол сапарда, Құлагерім,
Он жылқы, екі жамбы алып едім.
Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия,
Кетуші ем сен барыңда елден қия.
Артыңнан тағы шығар бір Аягөз,
Көзімнің шүкір қылдым жасын тия.
Сұрасаң менің атым Ақан серің,
Хазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім.
Дүниеде оған жетер ат бар ма еді?,
Өлді ғой мен қайтейін, Құлагерім.
Ауылым жер төресі сылқым белде,
Жүруші ем сайран салып жүйткіп төрде.
«Барма өзің, дұшпаның көп» деп еді ғой,
Көрінем қалай ғана үлкендерге?
Ауылым Сырымбеттің жел жағында,
Кездесті ауыр қайғы дер шағымда.

9
Ақан сері Қорамсаұлы
«Жер шалғай, атсыз бар» деп қақсап еді-ау,
Не дермін Құлагерсіз ел алдында?..
Сенемін ағайынның бірлігіне,
Əр үйдің құт тілеймін түндігіне.
«Мал бітер басы есенге» деген сөз бар,
Өзімнің тəуба қылдым тірлігіме.
Əркімнің Тəңірім берген несібесін,
Дүлдүлді өлтіргендей алдым несін?!
Қас қылған жануарым Құлагерге 
Жауызға, бар тілегім, өлім берсін.

10
Ақан сері Қорамсаұлы
КӨКЖЕНДЕТ
Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы,
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы.
Алпыс қаз, тоқсан үйрек бір күнде алған
Құс қайда Көкжендеттей қыран шəулі?!
Көкжендет, шалғың ұзын, мойның қысқа,
Қайырып салушы едім ұшқан құсқа.
Айрылып Көкжендеттен қалғаннан соң,
Осы əнге шырқап салдым мына тұста.
Көкжендет, ұшушы едің тоғайды өрлеп,
Шабытқа таңертеңгі қоя бер деп,
Ертеден қара кешке салғанымда,
Көкбестім жүре алмайтын көзі терлеп.
Шуылдай сұқсыр үйрек ұшар кешке,
Көкжендетім түседі сонда еске.
Қарасам оң қолымда Көкжендет жоқ,
Жүгірдім сасқанымнан қозы көшке.
Көкжендет, сені салдым дабыл қағып,
Мойныңа əшекейлеп тұмар тағып.
Қарасам жан-жағыма Көкжендет жоқ,
Айрылдым қапияда сенен нағып?!

11
Ақан сері Қорамсаұлы
МАЙДАҚОҢЫР 
Жігіттің падишасы Əмір-Темір,
Бозбала, əнге салсаң қайғың кемір.
Кешегі бес болыстың кеңесінде
Шығарған Ақан сері Майдақоңыр.
Сұлу ат, жақсы əйел – ер қайрағы,
Жігіттің болып өстім боз тайлағы.
Қағаз шай, ащы насыбай – ер арқасы,
Күйіңе түсіреді қай-қайдағы.

12
Ақан сері Қорамсаұлы
МАҢМАҢГЕР 
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Жүйрік жоқ сенен озған құнан, тайда.
Жүрісің желмаядай, жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.
Қайырмасы:
Ақау, жігіт ері,
Дерсің мені,
Деп салған
Маңмаңгерге
Ақан сері.
Маңмаңгер, əн қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме?
Сыдыртып Маңмаңгермен келе жатып,
Осындай əн құйылып түсті есіме.
Қайырмасы.
Ақау, жігіт ері,
Дерсің мені,
Деп салған
Маңмаңгерге
Ақан сері.

13
Ақан сері Қорамсаұлы
ƏЙКӨК
Сырымбет биік адыр, қатар кезең,
Жарысып таудан құлап аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көкорай қайың мен тал, бəрі де əсем.
Мөп-мөлдір сынапқа ұсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал, егінге жай,
Шырайлы əдемі көл күлім қаққан.

14
Ақан сері Қорамсаұлы
АЛАЙКӨК
Дария ағып жатқан суда сын жоқ,
Жануар өлдім деген малда тіл жоқ.
Құрбылар, тіршілікте ойна да күл,
Бұл дəурен екі айналып келмегі жоқ.
Қайырмасы:
Ақ-қау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,
Кеткенде ауылың шалғай,
Уа шіркін, қалдым жүдеп.
Салғанда қара өлеңге тілім майда,
Тілімнің майдасынан көрем пайда.
Əрдайым мəдет берсе тіл-жағыма,
Салайын түрлендіріп осындайда.
Қайырмасы:
Ақ-қау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,
Кеткенде ауылың шалғай,
Уа шіркін, қалдым жүдеп.
Ұшып жүрген əуеде қара шыбын,
Қолдан шыққан нəрсенің бəрі шығын.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Аман-есен жүрмісің, қарашығым.

15
Ақан сері Қорамсаұлы
Қайырмасы.
Ақ-қау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,
Кеткенде ауылың шалғай,
Уа шіркін, қалдым жүдеп.

16
Ақан сері Қорамсаұлы
ЛƏЙЛІМ
Есен-аман жүрмісің, Лəйлім шырақ,
Жаңа таптым ауылыңды көптен сұрап.
Жел тимесе, жан тимес деп жүргенде,
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.
Аққу едің таранған айдындағы,
Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы.
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы.
Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені əуреледің,
Болмаған соң əуелде баста еркің?!

17
Ақан сері Қорамсаұлы
НƏЗІКГҮЛ
Нəзікгүл, дертке дауа айтқанда атың,
Жаралған перизатым, асыл затым.
Əр түрлі қылықтарың ойға түссе,
Жиылған бар денеме қасіретің.
Қарағым, етің аппақ аялаған,
Қаршыға өзен суды жағалаған.
Тауындай Баянауыл мұнарланған,
Жүз жылқы көлеңкеңді саялаған.
Келмейді қара шашың тарақтауға,
Көнбейді бала бүркіт балақтауға.
Дарияның ортасында сіз – бəйтерек,
Біз келдік бұтағыңа қонақтауға.

18
Ақан сері Қорамсаұлы
ГАУҺАР-ЖАҚҰТ 
Енжілдің жаспенен жел қалпындасың,
Халықтың ертегілі тарпындасың.
Бұл сөздің уақиғасын адам білмес,
Мағынаң Биданпаның шарқындасың.
Бір жерден сізді қоштап қалам шықса,
Ғашығың ақ иықтай саңқылдасын.
Шабытын ақсұңқардың сырттан естіп,
Қоңыр қаз айдындағы қаңқылдасын.
Ақ түлкі шыңнан қашқан сен болғанда,
Төскейде ақ иықтай аңқылдасын.
Пенде боп қорғалаған күнің қараң,
Зайыр боп қарға-құзғын қарқылдасын.
Қосылса екі асыл зат жарасады,
Қосылып гауһар-жақұт жарқылдасын...

19
Ақан сері Қорамсаұлы
РАЙХАН ГҮЛ 
Ақ көйлек, қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер, нəзік таңдай.
Халіңнен, қасіретіңнен берші хабар,
Жолыңа сарп етемін жиған малды-ай.
Қайырмасы:
Ахау, құрбым-ай,
Қыздар гүл-гүл-ай.
Лағыл шаш жазғы таңда-ай,
Райхан гүл-ай.
Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.
Осындай ғашық жардан айырылған соң,
Жалын боп жарым үшін жүрмін күйіп.
Қайырмасы.
Ахау, құрдас-ай,
Біз бір мұңдас-ай.
Жерлерге көк майсасыз
Бір күн қонбас-ай.

20
Ақан сері Қорамсаұлы
ҚАРА НАР 
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Бірге өскен кішкентайдан сəулем едің,
Не болар енді күнім сен кеткен соң?
Кілтін бір алтын сандық ашқым келді,
Көңілді қапаланған басқым келді.
Басында биік шыңның тұрсаң-дағы,
Үстінен сол қияның асқым келді.
Ар жағы Қап тауының иран бағы,
Жігіттің дəл жиырма бес деген шағы.
Бағаңа жан жетпейтін, асыл еркем,
Дəрежең жұлдызбен тең аспандағы.
Түлкінің қалың тоғай іні болар,
Жаманның тал бойында міні болар.
Басыңды шардан шарға соқсаң-дағы,
Бір кесел осындайдың күні болар.

21
Ақан сері Қорамсаұлы
ЕКІ ТОРЫ АТ 
Пар жектім екі торы сүмеңдетіп,
Жеріне уағда еткен келдім жетіп.
Уағда өткен айдың басында еді,
Кетіпті содан бері күндер өтіп.
Алайын əсем əнге басып-басып,
Есілдей ұзын аққан жүрмін тасып.
Көңілім қалқатаймен көптен тату,
Іс қылар қандай жігіт менен асып?!
Ұшады бозша торғай аспанменен,
Бұйрықсыз жан шыға ма сасқанменен?!
Кісіге кісі жары жар бола ма,
Бауырына тартып қанша басқанменен?
Су аспас биік жардан тасқандағы,
Жігіттің жары Құдай сасқандағы.
Бағаңа жан жетпейтін асыл еркем,
Дəрежең жұлдызбен тең аспандағы.

22
Ақан сері Қорамсаұлы
ҰРҚИЯЖАН
Ұрқия, шашың жібек, қанжар қасың,
Көрінер тамағыңнан ішкен асың.
Жаманға сені қор ғып қия алмаспын,
Тірлікте аман болса ғазиз басым.
Күмістей он саусағың тартқан сымға,
Құрайын тұзағымды тартып жымға.
Құрысын Ақан атым, жете алмасам,
Қор қылсам қапияда сені сұмға.
Айырар асылзада жігіт парқын,
Жүрекке жара салдың, қалқам, алтын.
Махаббат екеумізде қайнаған су,
Ішімді жандырады, сыртым салқын.

23
Ақан сері Қорамсаұлы
ҚАРА ТОРҒАЙ 
Ұшады қара торғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан, қара торғай,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.
Қайырмасы:
Қара торғай,
Ұштың зарлай.
Бишара-ай, шырылдайсың
Жерге қонбай.
Ертістің ар жағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды таң атқанда қара торғай.
Қайырмасы.
Қара торғай,
Ұштың зарлай.
Бишара-ай, шырылдайсың
Жерге қонбай.

24
Ақан сері Қорамсаұлы
МАҚПАЛ 
Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара.
Үш жүзге атым мəлім Ақан сері,
Келгенім – Мақпал қыздың туған жері.
Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені.
Біз қайтып елге таман бастық қадам,
Сымбатың хатқа сыймас айтса тамам.
Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,
Елге алып қайтпас па едім келсе шамам?

25
Ақан сері Қорамсаұлы
АҚСАУСАҚ 
Толықсыған жарқын жүз толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірə, мұндай.
Қайырмасы:
Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам.
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай.
Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы Ақсаусақтай.
Қайырмасы:
Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам.
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай.
Қабылдашы құрбыңның жазған хатын,
Əдейі арнап жолдаған аманатын.
Қайырмасы:
Жалындаған жүректің жастық отын,
Сөндірмеші сүюші махаббатын.
Қайырмасы.

26
Ақан сері Қорамсаұлы
АЙҒЫН ҚЫЗҒА
Айғынжан, бетің де аппақ, етің де аппақ,
Ауылыңнан шыға алмаймыз айналақтап.
Қойды алдырып, қораны бекітерміз,
Керекті жалғыз түйір жүрген сақтап.
Көз көрмей, құлақ естіп байқаушыдан,
Өтті деп бүгін түнде біреу аттап.
Кім екен түнде жүрген, ол антұрған,
Сескеніп əлдекімнен тайғанақтап.

27
Ақан сері Қорамсаұлы
АҚТОҚТЫНЫҢ ЗАРЫ
Шошимын шымылдықтың құруынан,
Жеңгемнің маған қарап тұруынан.
Жұртыма мен риза болар едім,
Құтқарса бөктергінің құрығынан.
Қоскөлге құсым салып қиялаймын,
Қолымда көк орамал, биалайым.
Ішімді қайғы оты күйдіреді,
Несіне айтар сөзден ұялайын.

28
Ақан сері Қорамсаұлы
КЕТКЕНІҢ БЕ, АҚТОҚТЫ? 
Айрылдым сенен, сəулем, жылай-жылай,
Не болар енді күнім бұдан былай?
Айрылып, амандасып қалғанымша,
Одан да кəріп жанға өлім оңай.
Кім айтар мақтауыңды мендей қылып,
Тартылған телеграмы сымдай қылып.
Жаманға қор қылғанша қарағымды,
Күшала берсең етті удай қылып.
Қыз қайда енді, сəулем, нағыз-ау жар
Көңілім осы күнде болды нашар.
Қай топқа, қайда барып сияр басым,
Ой қалқа, бір сен едің көңіл ашар.
Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен,
Тар жерде бал беруші ең тіліңменен.
Сарымида басыңды кесіп алып,
Даулассам-шы өмірде құныңменен.
Дарияның қайраңындай, қалқа бала,
Зарланып əн шырқадым үнімменен.
Бұл жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Малға жай Жеке көлдей су бар ма екен.
Селт етіп оң қабағым көтерілді,
Көңілімді қалқам келіп аулар ма екен?

29
Ақан сері Қорамсаұлы
АҚТОҚТЫҒА АЙТҚАН АУЖАРЫ 
Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныменен, жар-жар,
Талай мейіз беруші ең тіліңменен, жар-жар!
Алысқан қол бар еді, айтысқан серт, жар-жар,
Ант етіп ең айрылмас денеңменен, жар-жар.
Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныменен, жар-жар,
Алтын сапы асындым қыныменен, жар-жар .
Ғашық болған көңілім, асылзада, жар-жар,
Жатсам ұйқым келмейді түніменен, жар-жар.
Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныңменен, жар-жар,
Талай жауап айтушы ең сырыңменен, жар-жар.
Асып туған құрбыңнан, тоты құсым, жар-жар,
Əн шырқайын азырақ үнімменен, жар-жар.
Дін мұсылман естіген Қорылғайын, жар-жар,
Қытай, шүршіт, қалипа, үрімменен, жар-жар.
Таңмен қайтқан жұлдыздай дəуірің аз, жар-жар,
Өте шықты дəрежең дүрілдеген, жар-жар.
Тəңірі бұйрық қылмады, шара нешік, жар-жар,
Бұ дүниеде пенде жоқ сүрінбеген, жар-жар.
Ақ қайраңы мұхиттың сықылданып, жар-жар,
Біздің қармақ бұйрықсыз ілінбеген, жар-жар.
Таң мезгілде шығушы ең шұбалаңдап, жар-жар,
Жарық қылып дүниені нұрыңменен, жар-жар.
Бағы иран гүліндей түрленуші ең, жар-жар,
Қара көзге көрініп түріңменен, жар-жар.

30
Ақан сері Қорамсаұлы
Заманында үш тоты атанып ең, жар-жар,
Тым болмаса жүрмедім біріңменен, жар-жар.
Көптен жалғыз барасың аздай болып, жар-жар,
Жылағаның батады наздай болып, жар-жар.
Құрбың үшін жылаған замандасым, жар-жар,
Сан тобынан адасқан қаздай болып, жар-жар.
Қасың қара қаламның сиясынан, жар-жар,
Қолың нəзік таулардың миясынан, жар-жар-ай!
Көгілдірі аққудың сықылданып, жар-жар,
Қайтқан құстай боздайсың ұясынан, жар-жар-ай!
Жібек шəлі басыңа ораушы едің, жар-жар,
Жұпар құйып, шашыңды тараушы едің, жар-жар.
Барқыт бешпет, көйлегің материя, жар-жар,
Оқаменен əр сайын қынаушы едің, жар-жар!
Өз үйіңе патсадай қарындасым, жар-жар,
Шəһизада басыңды балаушы едім, жар-жар!
Күміс тұрман, алтынды ер, боз жорғамен, жар-жар,
Қырық ауылды көшіңді жанаушы едім, жар-жар.
Лағыл сырға құлаққа ілуші едің, жар-жар,
Барлық қыздың туындай асыл еркем, жар-жар.
Тамашаға сайрандап жүруші едің, жар-жар,
Жүруші едің құлаққа інжу тағып, жар-жар.
Тамашаңа барушы ем күнде бағып, жар-жар,
Торғын мəнер, шимайлы орамалың, жар-жар.
Қарақаттай көзіңнен жастар ағып, жар-жар,
Көңілдіге тұс болмай асыл зада, жар-жар.

31
Ақан сері Қорамсаұлы
Көндігесің жаманға енді нағып, жар-жар,
Күміс тұрман салушы ең мініп жорға, жар-жар!
Гəуһар кəмəр беліңді буған шақта, жар-жар,
Ұқсаймын деп ойлаушы ең Ғайн қорға, жар-жар.
Өз үйіңе патсадай замандасым, жар-жар,
Ақ сұңқар құс сықылды түскен торға, жар-жар!
Бəрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа, жар-жар,
Бұрама шоқ шекеңе таққаныңа, жар-жар!
Бұдан артық құдайдан не сұрайсың, жар-жар,
Қорқау қасқыр түсіпті қақпаныңа, жар-жар!  

32
Ақан сері Қорамсаұлы
ҰРҚИЯҒА АЙТҚАН АУЖАРЫ
Аққу кетіп, көлдердің қазы қалды, жар-жар-ай,
Қысы кетіп, мешіннің жазы қалды, жар-жар-ай.
Біраз назым тотыға айтпай болмас,
Көбі кетіп, дəуреннің азы қалды, жар-жар-ай.
Түйін болып көңіліме кетеді ғой, жар-жар-ай,
Бір айтатын асылдың назы қалды, жар-жар-ай.
Кеше туған жас қызды шалдар алды, жар-жар-ай,
Қолғанатын он төрттен кеші қалды, жар-жар-ай.
Толғанатын оларда несі қалды, жар-жар-ай.
Ғашықтықтың қыйсабы асып еді,
Ескеретін қалқаның несі қалды, жар-жар-ай.
Қалам алған бұлбұлың біз бір қия, жар-жар-ай.
Жібересің сұлуды кімге қия, жар-жар-ай.
Ақ қағаздың бетіне тарттым сия, жар-жар-ай,
Мəликедей ақ жарқын жан едіңіз, жар-жар-ай,
Кетемісің осыныммен Ұрқия, жар-жар-ай,
Бұл жалғанда елімнен кетпес деуші ем, жар-жар-ай,
Енді құрбым, есен бол, уа, дариға, жар-жар-ай.
Жібектей оратылған қолаң шашың, жар-жар-ай,
Қиылған қандай сұлу екі қасың, жар-жар-ай.
Лəззат пен сұлу көркем бəрі бірдей,
Қай затқа бағаланар сенің басың, жар-жар-ай,
Ақ көйлектің жағасын ырға тартқан, жар-жар-ай,
Машинамен қандай қып шырға тартқан, 
   
 
 
 
 
жар-жар-ай.

33
Ақан сері Қорамсаұлы
Көп қыздардың ішінде тоты дана, жар-жар-ай,
Қия жүзі асылдың қорға тартқан, жар-жар-ай.
Ақмаңдай, қарақат көз, сүйген сəулем,
Секілді нəзік белің сымға тартқан, жар-жар-ай.
Көлбеңдеп дəл алдымнан өткенің бе,
Бағалы жүйрік аттай сыйға тартқан, жар-жар-ай.
Бар назымды жеткіздім бір өзіңе, жар-жар-ай,
Білесің жазылғанын қандай қаттан, жар-жар-ай.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал