Ақ тілек алқа болып тағылған той



жүктеу 446.68 Kb.

бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі446.68 Kb.
  1   2   3   4

Ақ тілек алқа болып

тағылған той

Соңғы  бірнеше  жыл  бойы  ауданы-

мызда  негізгі  тақырып  өзегіне

айналған 

Қарқаралының 

190


жылдық  мерейтойы  да  осындағы

халықтың  мейманасын  тасытып,

киелі  жердің  абыройын  асырып,

сән-


салта-

н а т ы н

паш  етіп,

тойланып  өтті.

Қыркүйек айының

5-6 күндеріне дөп

келген 

айтулы


тойдың  мерекелі

думаны  осыған

дейін  атқарылып

келген 


атаулы

м е р е к е н і ң

тоқетерін жасады. Ұйымдастырылған үлкенді-кішілі

мәдени-көпшілік шараларды шарықтау шегіне жет-

кізген,  талайдан  аңсарлы  болған  айшықты  күнді

қайталанбастай етіп тарихқа таңбалаған, бүгін мен

кешегінің арасын жалғап, осы аралықта құндылыққа

айналған бар жәдігер-мұраны ертеңге аманат етіп

қалдырған, елдікті ту етіп, бейбітшілікті гүлдеткен

мерейтой  -  халықтың

тойы болды. 

Бұл 


күні

Қарқаралының айтулы

мерейтойына  арнайы

ат  басын  бұрған  той-

шыл қауым Жаңанегіз

ауылының  іргесінде

ақшаңқан  үйлері  бой

көтерген 

қонағуар

ауылға  тоқтап  жатты.

Қаз-қатар орын тепкен

ақ  отаулар    маңайға

көз тастап, таңырқаған

бар қонақты мерекелік

әуені  әуелеген  сахна

маңайына  жетелеп,

тойға  жиналған  бар

халық  лек-легімен  ән

айтылып, жыр төгілетін, күй ойнап, би өрілетін өнер

мінберіне ұмтылды. Тойдың шымылдығы көтерілер,

бар жұртшылықтың көкейдегі құттықтау тілектері ке-

стелі  сөзбен  айтылар  мерейтойдың  салтанатты

рәсімі  дүйім  жұрт  қалың  жиналған  биік  сахна

төрінен басталды. 

Алғашқы құттықтау сөзге ие болған облыс әкімі

Нұрмұхамбет Әбдібеков таусылмас сыр, бітпейтін

жырға айналған киелі Қарқаралының тарихын тілге

тиек ете сөйлеп, ата-бабалардан кейінгі

ұрпаққа  мұра  болып  қалған  тарихи-

мәдени жәдігерлерді атап, осы аты-

раптан  түлеп  ұшқан  майталман

тұлғаларға  тоқтала  өтті.  Үлкен

мерейтойдың 

мән-маңызын

айтып, берекесін арттырып, ме-

рекесін тойлап отырған аудан

жұртшылығын айтулы күнмен

құттықтады. 

Келесі кезекте аудан

әкімі Халел Мақсұтов

сахнаға 

көтеріліп,

ж ұ р т ш ы л ы қ қ а

Қарқаралының  шежі-

ресін  шерткен  то-

лымды баяндамасын

ұсынды. 

Онда


қасиетті 

өлкенің


өткені мен бүгіні жан-жақты сипатталып, жетістіктері

мен  алған  асулары  баяндалды.  Қатпар-қатпар

тарихтың тағылымды беттеріне ерекше тоқталған

аудан басшысы бабалар армандаған азаттықтың

таңы  атқаннан  кейін  де  Қарқаралы  өзінің  керуен

көшін  жалғастырып,  елмен  бірге  келешекке  нық

қадам басып келе жатқанын атап өтті. 

Баяндамадан  соң,

х а л ы қ а р а л ы қ

«Түріксой»  мәдени

орталығының бас хат-

шысы 


Дүйсен

Х а с е й н о в т ы ң

құттықтау 

хаты


оқылды.  Қарқаралы

ауданының 

әкімі

Х.Мақсұтовтың атына



жолданған 

хатта


Қарқаралының  абы-

рой-биігі  әспеттеліп,

жүрек-жарды  тілек-

пен 


астасыпты.

«Атыңнан  айнала-

йын,  Қарқаралы  деп

Мәди 


мәпелеген,

Мәди  әлпештеген  қазыналы  қала  алты  алашқа

ортақ алтын ұя» делініп, дүйім халыққа игі тілек ай-

тылыпты.  Жалпы  мерейтойға  орай  жер-жерден

құттықтау  хаттары  келіп  түскен.  Олардың

қатарында  ҚР  Парламент  Мәжілісінің  депутаты

Асқар  Базарбаев,  Павлодар  облысы  Качир

ауданының әкімі Нұрлан Күлжан, Шығыс Қазақстан

облысы  Абай  ауданының  әкімі  Тұрсынғазы

Мүсәпірбеков,  облыстық  ауылшаруашылығы

басқармасының  басшысы

Б.Асанов, 

Е.А.Бөкетов

атындағы Қарағанды мем-

лекеттік  университетінің

ректоры  Е.Көбеевтерден,

Атшабаровтар, Шарманов-

тар  отбасылары  атынан

келген  құттықтау  хаттары

бар.  


Өзін жылы шырай, үлкен

қошеметпен  қарсы  алған

жұртшылыққа батыр Тоқтар

Әубәкіров те ақжарма лебі-

зін  арнады.  Батыр  ағамыз

да  тарихтан  сөз  қозғап,

«Құнанбай  бұл  жерге  ме-

шітті тегіннен салған жоқ. 



(Жалғасы 6-7 беттерде)

Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

аудандық қоғамдық-саяси газет

№73-74

(11300)

сенбі

13 қыркүйек

2014  жыл

Қарқаралының 190 жылдығы құтты болсын!

Құрметті Қарқаралы

жұртшылығы,  қадірменді 

жерлестер!

Міне,  баршамыз  ынтыға  күткен  айтулы  мерейтой  –

Қарқаралының  190  жылдығын  тойлап  өттік.  Алыс-

жақыннан ат арытып келген дүйім қонаққа елдігімізді

танытып, үлкен ұйымшылдықты паш еттік. Осы орайда

осы  тойдың  өтуіне  атсалысқан  аудан  тұрғындарына

алғысымды айтамын. 

Тойды лайықтап өткізу оңайға түскен жоқ, әрине. Ол ең

алдымен баршамыздың бірлік-берекемізбен, ортақ іске

жұмылған  жанашырлығымызбен  жүзеге  асты.

«Жақсылықтың  үлкен-кішісі  жоқ»  дегендей,  әркім  өз

қал-қадірінше көмек жасап, қол ұшын берді. Бірқатар

азаматтар  қомақты  қаражатпен  көмек  көрсетті.

Қарқаралының  жанашыр  азаматтары  Бақтыбай

Жүнісов,  Қайдар  Бурабаев,  Разақ  Әлин,  Тұрар

Ахметчиндердің, Аймақовтар әулетінің қосқан үлестері

өте зор. Бұл азаматтардың демеушілігінің арқасында

жеңімпаздарға көлік алынып, бағалы сый-сияпат  жа-

салды.  Талғат  Дауытов  пен  Болат  Ахманов  болса,

жаңадан  сахна  сыйлап,  мәдениет  саласына  серпін

берді.  Мерейтойға  арнайы  құрылған  «Туған  елім»

қорының да қызметі ерекше болды. Оның қарқынды

жұмыс  жасауына  Қарқаралының  әрбір  азаматы  үлес

қосты. Өздерінің көмектерін жасаған барлық бюджеттік

мекеме қызметкерлеріне, шаруа қожалық жетекшілеріне,

кәсіпкерлер қауымына алғыс білдірген абзал. 

Бұл  көптің  қолдасуымен,  жанашырлардың

қолдауымен  өткен  той.  Сондықтан  риясыз  көңілмен

атсалысқан баршаңызға алғыс айтып, бақытты өмір,

жемісті  еңбек  тілеймін.  Қарқаралының  абырой-

мәртебесі өсе берсін! 

Құрметпен, 

аудан әкімі - Халел Мақсұтов.

Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат баршаңызды

отбасы күнімен құттықтайды.

Біз  әдетте  «Отан  –  отбасынан  басталады»  деген

қанатты сөзге жиі ораламыз. Ол түсінікті де. Отбасы

қашанда  қоғамның  іргесін  ұстайтын  маңызды  тетігі,

діңгегін қалаушы берік кірпіші іспеттес. Отбасындағы

бақ-берекесіз, келісім-тұрақтылықсыз дамыған қоғам

құру мүмкін емес. Тәрбиелі ұрпақтың өсіп-жетілуі, ел

мен жерге адал қызмет жасауы да жанұядағы өнегеден

бастау алмақ. Бұл орайда өркениетті даму мен бейбіт

өмірді  ту  еткен  зайырлы  мемлекетіміздің  де  негізгі

мақсаттарының  бірі  әрбір  азаматтың  құқықтарының

қорғалуын, әрбір отбасының толыққанды өмір сүруін,

мемлекетті  алға  бастыру  ортақ  ісіне  жұмылуын

көздейді.  Сондықтан  да  елімізде  отбасы  институты

берік қалыптасып, дамып келе жатыр. Оның ішінде ана

мен  балаға  деген  қамқорлық,  ұрпаққа  дұрыс  тәлім-

тәрбие беру, лайықты біліммен сусындату, денсаулығы

мен тыныштығын сақтау ерекше назарға алынған. 

Ертеден  атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан

жанұялық  игі  құндылықтар  да    ұлттық  тәрбие  мен

жақсы дәстүр де шет қалмақ емес. Халқымыздың бай

рухани  мұрасы,  әдеп-жоралғысы  әрбір  жанұяны  ай-

рандай ұйытып, шырайлы өмір кешуге бірден-бір құрал

болмақ.  Яғни,  еліміздің  келешегі  –  ұрпақтардың

тәрбиесі  сөз  болғанда,  ұлттық  тәрбие  мен  төл

мәдениетімізді естен шығармауымыз керек. 

Әр  жанұядағы  тыныштық  пен  береке  ұланғайыр

отанымыздағы келісім мен бейбітшілікке жол ашпақ. Әр

отбасындағы  үлгілі  өнеге  әлем  көшіндегі  еліміздің

өркениетіне  үлкен  үлес  қосады.  Демек,  жанұядағы

жақсылық алға нық қадам басқан мемлекетіміздің ады-

мын қарыштата түседі.

Сондықтан әр отбасыға бақытты да шуақты өмір ті-

лейміз. Әр жанұяда тек қуаныш пен шаттық орнап, әр

жанұя  Қазақстан  атты  ортақ  шаңырақтың  мызғымас

уығы болып қадалып, тек биіктен көрінуіне мұрындық

бола берсін деп тілейміз.

Әр  шаңырақтағы  қуаныш  баянды  да  бақ-берекелі

болғай.

Х.Мақсұтов                                   С.Нүркенов

аудан әкімі                    аудандық мәслихат хатшысы  

Құттықтаймыз!!!

Құрметті аудан тұрғындары!

Мерейтойын тойлап өтті ҚарҚаралы,

арта берсін сәні Мен салтанаты

Каркаралы 1_Макет 1  12.09.2014  17:27  Страница 1



2

13 қыркүйек  2014 жыл

2014 жылдың шілде айының 3 және 4 күндері Елба-

сымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа

енетін Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық

және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне қол қойылды. 

Қылмыстық  сот  ісін  жүргізудің  жаңа  үлгісі

азаматтардың  Конституциялық  құқықтары  мен

бостандықтарын ең жоғары деңгейде, халықаралық

стандарттарға  сәйкес  қорғауға  бағытталған.  Келесі

жылдан  қылмыстық  істің  тергелуі  арыз  немесе

хабарламаның  тіркелген  уақытынан  басталады.

Сәйкесінше, дәлел жинау және оны тиісті іс жүргізу

қалпына рәсімдеу сол мезеттен басталатын болады. 

Осы орайда, халықтың назарын – қылмыс туралы

арыздар  мен  хабарламаларда  көрсетілген

мәліметтердің толық, әрі жеткілікті болуы қылмыстық

іс қозғау туралы заңды шешімді қабылдау үшін өте

маңызды  екендігіне  аудару  қажет.  Қылмыскердің

әрекетімен  ерекшеліктері  туралы  толық  ақпарат

қылмысты  «із  суытпай»  ашуда  өз  тиімділігін

тәжірибемен дәлелдеген.

2014 жылдың 22-ші тамызында Қазақстан Респуб-

ликасы Бас Прокурорының нұсқауымен жасалған

немесе  дайындалып  жатқан  қылмыстар  туралы

арыздар  мен  хабарламалардың  жобалық  үлгісі

және  оған  қосымшалар  дайындалған.  Аталмыш

үлгілер мемлекетіміздің барлық құқық қорғау ор-

гандары ғимараттарының азаматтарға қолжетімді

жерлерінде орналастырылған. 

Арыз және хабарламаларды толтыру барысында

өзімен бірге азаматтың жеке басын анықтайтын

құжаттың біреуі болу керек: жеке куәлік, паспорт,

жүргізуші куәлігі, әскери билет және т.б. Қылмыс ту-

ралы толық немесе жеткілікті емес жазбаша арыз

түскен  жағдайда,  міндетті  түрде  қосымша  арыз

алынады.


Әрбір арызда тек қана шындық болу қажет. Жалған

және жауапсыздықпен жазған арыздар мен хабар-

ламалар  құқық  қорғау  органдарының  уақытын

алады,  ал  осы  уақытта  олар  нағыз  қылмыспен

күресіп,  азаматтардың  құқықтарын  қорғауға

мүмкіншіліктері болатын еді. Олар үшін әрбір сәт,

уақыт қымбат болып табылады.

Сондықтан,  арыздар  мен  хабарламалардың

жобалық үлгісінде арыз, немесе хабарлама иелерін

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 351-

ші бабына сәйкес «Көрінеу жалған сөз жеткізу» үшін

жауапкершілігі туралы міндетті түрде ескертуге аса

назар  аударылған.  Егерде  арыз  иесі  өз  арызының

жалғандығын біле тұра құқық қорғау органына жүгінген

болса,  оны  сегіз  жылға  дейін  бас  бостандығынан

айыру түріндегі қылмыстық жаза күтуі мүмкін.

Бүгінгі  күні  жәбірленушілердің  құқықтарын  қорғау

құқық қорғау органдарының алдыңғы орында тұрған

мақсаты  және  міндеті  болып  табылады.  Әркім  өз

құқықтарын білу және жоғары белсенділік таныту керек.

Халықтың қылмыс және оны жасаған кінәлі тұлға ту-

ралы  толық  ақпаратпен  жәрдемдесуінің  арқасында

қылмыстылықпен күресуде жақсы нәтижелерге жетуге

болады.


Қарқаралы ауданының прокуратурасы.

Қарқаралы ауданы

әкімінің

ӨКІМІ

Қарқаралы қаласы

№1/52

8.09.2014 ж.

Ауданның елді мекендерінде 

күзгі тазарту, көркейту 

және көгалдандыру 

жұмыстарын өткізу туралы

Қарағанды  облысы  әкімі  Н.К.

Әбдібековтің  тапсырмасына  сәйкес

Қарқаралы  ауданындағы  елді  мекен-

дерде  тазарту,    көркейту  және

көгалдандыру  жұмыстарын  жүргізу

мақсатында еңбек ұжымдарының және

мекемелердің  қатысуымен  іс-шара-

ларды ұйымдастыруға ӨКІМ ЕТЕМІН:

1.  2014  жылдың  15  қыркүйектен  10

қазанға  дейін  күзгі  тазарту,  көркейту

және 


көгалдандыру 

шаралары


ұйымдастырылсын.

2. Аталған күзгі тазарту, көркейту және

көгалдандыруды өткізу жұмыстарының

жоспары 1 қосымшаға сәйкес бекітіл-

сін.

3. Ауданның барлық елді мекендерінде



апта 

сайын 


«Таза 

бейсенбі»

санитарлық күндері өткізілсін.

4. Жалпы халық көп жиналатын орын-

дарда,  тұрғын-үй,  мекеме  аумағында

көркейту,  тазарту,  жарықтандыруға

ерекше назар аударылсын.

5.  2  қосымшаға  сәйкес  мәліметті  әр

аптаның сейсенбі күні өспелі кезеңмен

және  санитарлық  бір  айлықтың

қорытындысы  бойынша  ақпаратты

«Қарқаралы  ауданының  тұрғын  үй

коммуналдық шаруашылық, жолаушы-

лар көлігі және автомобиль жолдары

бөлімі»  мемлекеттік  мекемесіне  тап-

сыру  Қарқаралы  қаласы,  Қарағайлы

кенті  және  селолық  округ  әкімдеріне

жүктелсін.

6. Осы өкімнің орындалысын бақылау

аудан 


әкімінің 

орынбасары

С.Р.Акимовқа тапсырылсын.

К.М. Максутов,

Қарқаралы ауданының әкімі.

Бесінші

шақырылған

Қарқаралы

аудандық

мәслихатының

кезектен тыс отыз

екінші сессиясын

шақыру туралы

сессия

төрағасының

ШЕШІМІ

Қарқаралы қаласы

10 қыркүйек 2014 жыл

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс отыз екінші

сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасындағы «Жер-

гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару туралы» Заңының 10-бабының

2-тармағы 

негізінде 

аудандық

мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші

сессиясы 

2014 


жылдың 

18

қыркүйегінде сағат 11.00-де аудандық



мәслихаттың 

мәжіліс 


залында

(Т.Әубәкіров,23) шақырылсын.



С.Райымбеков,

сессия төрағасы.  

Х А Б А Р Л А М А

2014  жылдың  18  қыркүйегіндегі

аудандық  мәслихаттың  кезектен  тыс

отыз екінші сессиясының қарауына ке-

лесі мәселелер ұсынылады:

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

24  желтоқсанындағы  «2014-2016

жылдарға арналған аудандық бюджет

туралы» №25/199 шешіміне өзгерістер

енгізу туралы.

2. Басқа да мәселелер.

С.Нүркенов,

Аудандық мәслихаттың

хатшысы. 

Адам. Қоғам. Заң

Қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау тәртібі

Тұрғындар назарына!

Жария етуге байланысты 

рақымшылық жасау туралы

Құрметті аудан тұрғындары, Қарқаралы ауданында мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясын құру ту-

ралы аудан әкімінің 2014 жылдың  29 тамызында №1/51 өкімі шыққан болатын. Осы өкіммен Қазақстан Рес-

публикасы  Үкіметінің    2014  жылғы  29  тамыздағы  №959  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,

оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария

етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының

Заңын  іске  асырудың  кейбір  мәселелері  туралы»  қаулысына  сәйкес,  төмендегідей  комиссия  мүшелері

тағайындалды:

Самат Рымханович Акимов

Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Богдан Станиславович Берниязов Экономика және қаржы бөлімінің басшысы, комиссия

төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Самат Темирович Райымбеков

Аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша) 

Еркебулан Аманкелдіұлы

Сатымбаев

Қарқаралы ауданы бойынша Салық басқармасының

басшысы (келісім бойынша)

Каныш Салаватович Бухаршин

Қарқаралы ауданының әділет басқармасының бас-

шысы (келісім бойынша)

Адилхан Алимханович Наушабаев Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімінің

басшысы


Татьяна Руслановна Плотникова Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы

бөлімінің басшысы

Кайрат Омирзакович Жунискалиев Қарқаралы ауданының өртке қарсы қызмет бөлімі

бастығының м.а. (келісім бойынша)

Сабыржан Ашимович Кыргызалин Қарқаралы аудандық тұтынушылардың құқықтарын

қорғау басқармасының басшысы (келісім бойынша)

Копжасар Съезбекович Кистаубаев Қарағанды облысы бойынша экология

департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспек-

торы (келісім бойынша)

Рафаель Мухамедович 

Сингатуллин

Қарқаралы ауданы бойынша жылжымайтын мүлік

орталығының меңгерушісі (келісім бойынша)

Айдын Жұмажанұлы Қасымов

Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы және ве-

теринария бөлімінің басшысы

Кайырбек Маратович Тусупов

Аудан әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас

маманы

Комиссия хатшысы:



Айдос Елеубекович Аскаров

Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы

бөлімінің бас маманы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының аза-

маттарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың

мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының  қолданылу аясы 2014 жылғы 1

қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету

субъектілеріне қолданылады және жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып және 2015 жылғы

31 желтоқсанда аяқталады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен ба-

сталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады. 

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құжаттарды ұсыну үшін мына мекенжайға хабарласуыңызға болады:

Т.Әубәкіров көш. 23, №1 каб. қабылдау уақыты 9-00-ден 18-30 дейін. Түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін.

тел.: 41-1-31



Каркаралы 2_Макет 1  12.09.2014  16:36  Страница 1

3

13 қыркүйек  2014 жыл

Ия,  «мәңгі  өшпес  бейнелердің»

тұлғасын  көз  алдымызға  әкелген

кинотүсірілімдер 

мерейтой

қарсаңында  қарқаралылықтарға

үлкен 

сый 

болды. 

«Қанына

тартпағанның  қары  сынсын»  деп  қазақ  текке  айтпаған

болар.  Өз  жерлестеріміз  Дидар  Амантай  мен  Ерлан

Төлеутаевтардың 

төл 

туындылары 

«Хабибаның

Жүсіпбегі», «Әлжаппар Әбішов» Қасым, Мәди жайлы деректі

фильмдерінің  алғашқы  тұсаукесері  қаладағы  мәдениет

үйінде өтті.

Иін  тірескен  халықты  мерейтойдың  осындай

құндылықтармен басталғанын қуанта жеткізген аудан әкімі

Х.Мақсұтов Қарқаралы шежіресіне, көрсетілімге ұсынылған

фильмдерге  тоқталып,  қаланың      190  жылдығымен

құттықтады.

Фильм  түсіруші  Ерлан  Төлеутаевты  сахна  төріне

шақырып, алғысын білдірді. Ерлан да өз тарапынан жылы ле-

бізін білдіріп, деректі туындылардың мазмұнына тоқталды.

Алғаш көрсетілген “Хабибаның Жүсіпбегі” фильмі 96 жастан

асқан Жүсіпбек Елебековтің жары Хабиба апамызбен және

басқа танымал адамдардың естеліктерін келтіре, дерек-

терге  құжаттар  өмір  деректерін

үйлестіре отырып түсірілген екен.

Әсерлі  сәттер  мен  жылдарды,

өмірлік  серігін  жанындай  жақсы

көрген Хабиба апамыз көзіне жас ала

отырып  баяндайды.  Ә.Әбішев,  Мәди,  Қасым  жайлы

фильмдер де өз мәнділігімен өткенді оралтып, тарих

шындығымен  бетпе-бет  келтіреді.  Әсіресе,  Мәдидің

тар жол тайғақ кешкен өмір жолы, абақтыдағы күндері,

қайғылы қазасы мұрағаттық құжаттармен қоса көркем

эпизодтармен беріледі. Қарқаралы жайлы түсірілген бес

фильмнің дүниеге келуі біз үшін аса бағалы сый болса,

өскелең ұрпақ үшін тарихи құнды қазына болып қала бе-

рері  сөзсіз.  Жерлестеріміз  Дидар  Амантай,  Ерлан

Төлеутайдай  кино  өнерінің  ұлттық,  сипатын  өз

өңіріміздің бір бөлшегіне айналдырып, өнердің маңызды

саласының  бетін  туған  жерге  бұруы  үлкен  еңбек.

Өткенін  қастерлеп,  елі  мен  жерінің  тарихын  көпке

танытқан азаматтарымыздың абыройлы еңбектерін,

есімдері жаңғырған аталар рухы қолдай берсін демекпіз.

Б.Мұқашева.

Дүниедегі махаб-

бат пен бар

жақсылық күннің

нұрынан ананың мейірім шапағатынан

жаралған деп теңдессіз теңеулердің небір

түрлерін анамен байланыстырып жатамыз.

Ана деген ардақты құдіретті атауды иеленген

әрбір нәзік жанды ару ер-азаматтың арманы ,

солардың ақ періштесі. Өмірін, тағдырын, тір-

лігі мен тынысын сол арулардың қолына

сеніп тапсыратын ерлер қауымы әйел-ана,

асыл жар барда әсте алаңдамайтын сияқты

болып көрінеді. Қазақта «қыздан асқан батыр

жоқ» дейтін сөз бар. Оның анықтамасын тағы

өздері айтып береді. “Қыз жат жұртқа адам

болады, өзі білмейтін көрмеген, бармаған-

баспаған жұртқа, танымайтын елге келін бо-

лады, басқа бір әулеттің ұрпағын көбейтіп,

шырағын жағып бақытты етем деп бел буады,

тәуекелге жүгінеді. Осы қасиетіне махаббаты

қосылса тіптен ердің ері болып кетеді” екен. 

Бүгінде Амангелді Қабдоллаұлындай ауған

соғысының ардагеріне жар болып ұл мен қыз

өсіріп отырған Бибігүл  де осындай ержүрек

жанның бірі. Неге десеңіз ауған соғысының

ардагеріне жар болу да оңай нәрсе емес.

Белгісіз соғыста бізге беймәлім небір жан

төзгіссіз жағдайларды бастан кешіріп жан-

дары жаралы болған жандардың жанын

түсіну қиынның қиыны. Әр пенденің тіршілі-

гінде кездесетін түйткілдердің көбін «шыбын

шаққан құрлы» көрмей жүретін олар кез-кел-

ген сәтте өзгеріп шыға келетін сәттері аз кез-

деспейді. Ондайда оның жанын ұғып,

қабағын бағып, сабасына түскенше «әліптің

артын бағу» үлкен төзім мен сабырды қажет

етеді. Бұндайда «улы жыланның құйрығын

басқандай» болмау отқа май құйғандай

өршітпей, азаматының бетінен алмай, жана-

рын жасытпай түсіне білу де ақылдылықтың

белгісі болмақ. Осындай ақыл-парасаты бір

бойынан табылатын Бибігүл ханым ұлағатты

ұстаз, көргенді ана. Қаладағы №2 орта

мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бибігүл

шәкірттеріне білім нәрін ғана емес, қазақтың

ұлттық тәрбиесін де сіңіріп абыройлы еңбек

етіп жүрген жан. Әр мереке-сайыстарда,

әсіресе Ұлыстың ұлы күні наурыз мейра-

мында Бибігүлдің ұйымдастырушылық

қабілеті мен белсенді іс-қимылының

арқасында мектеп ұжымы бірлескен іс-шара-

лары үнемі өз деңгейінде өтіп келеді.

Ол өзінің отбасын, балаларын өмірлік жары

Ауған соғының ардагері Әбішов Амангелді

Қабдоллаұлын құрметтейді, ол үшін

мақтанады. Сөйлесе қалсаңыз да әңгіменің

басы, ең алдымен өз жанұясы, жары, бала-

лары болады.

«Мен бейбіт күнде,

тыныштықта көппен бірге ел

қатарлы қызмет етіп жүрген

адаммын. Бізде қызмет етуге

барлық жағдай жасалған. Ал,

жолдасым Амангелдіні әрдайым

өзіме мәртебе санаймын,

мақтана жүріп марқаямын. Ол

мен үшін де балалары үшін де

батыр әке, ол және басқа ауған

соғысында жастық өмірлерін

өткізген, сол  жауынгерлердің

өмірін ұрпақтары қайталамаса

екен деген аналық тілегім бар.

Менің жарым көп балалы отба-

сында дүниеге келген. Амантай

1982-1984 жылдары ауған же-

ріндегі Кабул қаласында, әскери

борышын өтеді. Десанттық

бөлімде взвод командирі, БТР

жүргізушісі және басқа әскери міндеттерді

абыроймен атқарған ол көптеген

марапаттардың иегері. 

Қазіргі күні Амангелді «РТРК Казахстан» АҚ-

да үлгілі жүргізушінің бірі. Отбасында екі ұл,

бір қызы бар, олар әр тарапта білім алып, өз

елінің елеулі азаматы болуға талпынуда.

Олар да әкелерін әрқашан мақтаныш көреді,

өздеріне өнеге тұтады. Көпке сырын шаша

бермейтін, тұңғиық көздеріне белгісіз мұң

тұнған азаматтарымыз аман болса екен.

Қандай болса да біз оларды жақсы көреміз

оларды өмірдің ендігі бұралаң соқпағынан

түзу алып жүрер біздердің ғана махаббаты-

мыз бен отбасының татулық ынтымағы,

жанұяның бақыты деп жүзі балбұл жанған

Бибігүл әңгімесін қайырды. Ия, махаббатқа

бас тікпейтін әйел бар ма жалғанда

Махаббатқа басын тіксе-барлық әйел пері-

ште,

Махаббатқа жасын төксе-адалдығы теріс



пе?!... деп Кеңшілік ақын жырлағандай,

батырларға қорған болар арулардың ақ ма-

хаббаты жасай берсін. Отбасы бақыты әйел

адамның қолында дейміз. Әрине, жаның ма-

хаббат шуағын шашып, нұрын төкпесе, мейі-

рімінен шуақ тарамаса, шаңырақ асты қалай

жылынбақ. Күн шұғыласындай шашылған сол

шуаққа жылынамыз деп айналасына

үйірілген ер-азаматтар да, бала-шаға

ұрпақтары-бәрі бір тұтас отбасын құрап, сол

шапағат жылуының маңайында топтасса

олардан асқан бақытты отбасы болмақ емес.

Ал, отбасында бақытты адам ең бақытты

адам. Сондықтан отбасымыздың мерейлі

шаттығын, отбасының бақытын аялай

білсек...



Бану Мұқашева.


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал