А. С. Ботаева студенттерді музыкалық мамандығына дайындауда қазақТЫҢ ДӘСТҮрлі көркем мәдениетін пайдалану павлодар 2009



жүктеу 0.76 Mb.

бет1/4
Дата30.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогика институты

А.С. БОТАЕВА

СТУДЕНТТЕРДІ МУЗЫКАЛЫҚ МАМАНДЫҒЫНА ДАЙЫНДАУДА 

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТІН ПАЙДАЛАНУ

Павлодар 2009

1


УДК 378.036:781.7 (574)

ББК 74.580.55

Б 77

Пікір жазғандар:

С. Торайғыров атындағы ПМУ-ң м.ғ.к., доценті С.Е. Бөлекбаева

ПМПИ-нің аға оқытушысы, п.ғ.к., Т.Азамат

Ботаева А.С.

Студенттерді  музыкалық  мамандығына  дайындауда  қазақтың  дәстүрлі  көркем  мәдениетін 

пайдалану. – Павлодар: ПМПИ, 2009. - 65 б.

Әлеуметтік   –   психологиялық   тренинг:   педагог-психологтарға   арналған   оқу 

әдістемелік   құрал.   Мұнда   педагог-психолог   мамандығында   оқитын   студенттерге   және 

психология   бойынша   қызығатын   адамдарға   әлеуметтік-психологиялық   тренинг   жөнінде 

дәрістер, өзін-өзі терең тану мен өзінің ішкі қылықтарын түсінуге және т.б. психологиялық 

бағытталған жаттығулар, медитативті техникалар, психологиялық ойындар берілген. 

Бұл   оқу-әдістемелік   құрал   оқытушыларға,   студенттерге,   магистрантарға   және 

психологиямен қызығушы қауымның пайдалануына арналған. 

ББК 74.580.55

© Ботаева А.С., 2009

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2009 

2

Б 77



Кіріспе

Зерттеудің   көкейкестілігі.  Қазақстан   Республикасының   этникалық-

мәдени білім тұжырымдамасында (1996): «Тәрбиенің түп мақсаты – коғамның 

нарықтық  қарым-қатынасқа  көшуі  кезінде   саяси   экономикалық  және  рухани 

дағдарыстарды   жеңіп   шыға   алатын,   өмірге   икемделген,   білікті,   жан   жақты 

мәдениетті   жеке   тұлғаны   тәрбиелеу»   –   деп,  өнер   мен   мәдеиетті   дамытуға 

ерекше   мән   берілсе,  жоғарғы   білімді   дамыту   тұжырымдамасы  жобасында 

(1997): «Білім берудің маңызды мақсаты адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім 

шеңберінен   алып   шығып,   мәдениеттің   биік   деңгейіне   көтеру...»   деп, 

студенттерді   көркемдік   талғамын   халықтық   мұралар   арқылы   өркениетті 

мәдениетке жеткізу көзделеді.

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени – рухани мұраның жетістіктерін 

келешек   ұрпаққа   қалдырудың   үлесі   зор.   Халықтың   даналық   мұрасын 

сақтаудың негізі тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, 

бақылау,   пайдалану   үшін   жастардың   сезім-түйсігі   ұшқыр,   ақыл-ойы   алғыр, 

терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық 

көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.

«Ата-бабаларымыздың

 рухани


 мәдени   мұраларының   тарихи 

ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы 

мен   аптап   астығы   жеткілікті   ұлан-ғайыр   кеңістіктегі   шаруашылық 

ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қолөнері, әуез 

аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары  бар  өте  бай  ауыз 

әдебиеті  белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық  шешендік  өнері, 

халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері 

қазақ ұлтының мақтаныш сезімдерін оятатын құбылыстар». [6]

Эстетикалық   тәрбие  беру   тек  қана   жекеленген   нысандарды   елестете 

ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген 

эстетикалық   қатынасқа   тығысатын   барлық   үйреншікті   заттарға,   дағдылы 

әлемге жаңа қатынас орнатады.

Дамыған сезім өз кезегінде ақыл-ой іс-қимылын дамытудың ұғымдарын, 

түсініктерін   жылдамырақ   игеруге   ықпал   етеді   және   адамның   өнермен   еркін 

қатынаста   болуына   жағдай   жасап,   оның   өзіндік   шығармашылық   қызметіне 

түрткі болады, әрі талаптандырады.

Әрбір адамның әсемдікті сезіне білуі тек рухани қатынас үшін ғана емес, 

жемісті еңбек ету үшін де қажет. Адам қай салада жұмыс істесе де, ол -физик, 

математик,  географ немесе  химик болсын  әсемдік  пен  сұлулықты көре білуі 

керек.   Суретшінің   қиыстыруындағы   (композициясындағы)   сәтті   табылған 

тұтастай   түстік   үйлесім   сияқты   математикке   де   сәтті   шығарылған 

математикалық шешімнің өзіндік сұлулығы эстетикалық қанағаттану сезімі мен 

ләззаттануды туғызады.

«Екі шекті домбыраға күңіренген күйлерде тереңдік те, әсер де, жігер де 

мұң бар, симфониялық астар да, мағына да бар. Көз бен көріп, қолмен ұстауға 

келмейтін   сол   туындылардың   идеялық   эстетикалық,   физиологиялық, 

3


әлеуметтік мән-маңызын сөзбен суреттеу, олардың айтайын деген ойын ешбір 

бояумен кескіндеуге де болмайды». [16]

Эстетикалық   тәрбие  беру   –  қазіргі   заманғы   жоғарғы   оқу   орындары 

мақсаттары мен міндеттерінің құрамдас бір бөлігі. Эстетикалық тәрбие туралы 

ғылымның   салалары  педагогика,   психология   мен   эстетиканы  ұштастырған, 

сондай-ақ мәдениеттану, өнертану және әдебиеттанудың негіздеріне сүйенген 

ғылыми зерттеушілердің шектескен жері ретінде қаралады. 

Оқыту   процесі   өте   күрделі   процесс,   оның   көптеген   бөліктері   мен 

компоненттері   бар   екені   белгілі.   Бірақ   оның   ішінде   эстетикалық   сипаты 

(элементі)   осы   күнге   дейін   ғылыми   психологиялық   және   педагогикалық 

тұрғыдан жаңадан зерттеліп келеді. 

Оқыту   процесінің   эстетикалық   сипаты   немесе   аспекті   –   болашақ 

мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін арттыруда ерекше роль атқарады. Ол 

студенттердің   эстетикалық   талғамы   мен   танымдық   белсенділігін 

қалыптастырып дамытуға зор ықпал етеді.

Жоғарғы   оқу   орындары   тәрбиелік   міндеттерді   шешуде   әдебиет,  саз 

(музыка)   бейнелеу  өнерінің   негіздері,   әлемдік   көркем   мәдениет,   тікелей 

қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеттің әр түрлі салалары арқылы студенттерге 

музыкалық-эстетикалық   тәрбие  беру   проблемасын   да  бірқатар   ғалымдар 

зерттеген.   Қазақ   халық   музыкасы   арқылы   студент   жастарды   тәрбиелеуде 

Балтабаев   М.Х.,   халық   әндері   арқылы   музыкалық-эстетикалық   және 

адамгершілік   қасиеттерін   тәрбиелеуде   Дүйсембінова   Р.   Қ.,   шығармашылық 

ЖОО-дағы   студенттерді   халық   музыкасымен   эстетикалық   тәрбиелеуде   – 

К.Е.Ибраева., айтыс өнері арқылы эстетикалық тәрбиелеу Асанова Ұ.О., 

XX ғасыр және қазақтың дәстүрлі музыкасы атты еңбегімен Мухамбетова А.И 

–   халықтың   ұлттық   өнерінің   түрлі   салаларын   жас   ұрпақ   бойында 

қалыптастырудың жолдарын мазмұнды жүйелеп берді.

Сонымен, психология және педагогика ғылымы саласында жарық көрген 

жұмыстарға жасалған талдау, болашақ  музыка  мүғалімдерін дәстүрлі көркем 

мәдениет  салаларын   пайдалануға  даярлау   мәселесі   педагогикалық  процесс 

тұрғысынан, мұғалімнің  іс-әрекет  объект  ретінде  жеткіліксіз қаралғандығын, 

дәстүрлі   көркем   мәдениетігің  жастарға  музыкалық-эстетикалық   төрбие  беру 

мақсатында зерттелгендігін дәлелдейді.

Жоғарғы оқу орындарының іс-тәжірбиесі де, мұғалімдердің оқу-тәрбие 

процесінде   халықтың   дәстүрлі   көркем   мәдениетін   тиімді   пайдалана 

алмайтынын, бұл проблемадан теориялық-әдістемелік білім мен практикалық 

шеберліктерінің жеткіліксіз екенін айғақтайды.

Психологиялық-педагогикалық   әдебиеттер   мен   педагогикалық   жоғары 

оқу   орындарының   жұмыс   тәжірибесін   оқып-талдау  да,  қазақтың   дәстүрлі 

мәдениеті болып табылады.

Қазақстан  ғалымдары М.X.Балтабаев,  С.А.Ұзақбаева,  А.А.  Қалыбекова, 

Р.Р.Жәрдемәлиева,   Қ.К.Құламбаева   және   т.   б.   өз   еңбектерінде   қазақ   халық 

музыкасы,  дәстүрлі   көркем   мәдениетін   оқушылар   мен   студенттердің 

музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын 

қарастырып,   педагогикалық   мүмкіндіктерін   анықтап   көркем   мәдениетін 

4


пайдалануға  музыка  мұғалімдері   даярлығының   бүгінгі   мектептің   талап-

тілектеріне сәйкес келмейтінін байқатады. 

Осы   арада   2005   жылы   Астанада   шыққан  Қазақстан   Республикасының 

жоғарғы педагогикалық білім берудің оқу концепцияның 4 ші бөліміне тоқтала 

кетсек – мұғалімнің кәсіби даярлығына талаптар (мұғалімнің моделі). 

Жаңа   формациядағы   мұғалім   дегеніміз   -   бойында   жаңашылдыққа 

ұмтылысы бар және педагогикалық дарыны бар, рефлекцияға икемді, кәсіби 

дағдыларды бойына жинаған ерекше дарын иесін айтамыз...

Мұғалім   білімнің   тұтастай   құндылықтарын   жете   түсінуі   қажет, 

«Мәдениеттегі адам» атына сай бола алатындай қасиеттерге ие болуы керек. 

Нақтырақ айтқанда, өзінің пәнін жақсы біліп қана қоймай, сонымен қатар пәнді 

оқыту   әдістемесін,   педагогиканы   және   психологияны   терең   білу,   жеке 

бағытталған әдістерді тиімді қолданып, жеке тұлға қалыптастырудағы барлық 

озық   әдістермен   дамыту   техналогияларын   жетік   меңгеру   қажет»   деп,   білім 

жобасында   айтылған   талаптарға   болашақ   ұстаздар,   қазіргі   студенттер, 

мұғалімдер   мен   оқытушылар,   жалпы   жоғарғы   білімді   азаматтар   осы 

жетістіктерге   қашан   жете   алады?   Әрине,   жалпы   адамзатты   тәрбиелейтін 

эстетикалық тәрбиенің заңдылықтарын жетік білгенде ғана. Бұл тек музыка, 

хореография,   қолөнер   білімінің   мамандарына   ғана   қатысты   дүние   емес, 

қазақтың   көркем   мәдениетін   пайдалану   арқылы   барлық   пәннің   мұғалімдері, 

әдіскер-мамандар,   барлық   мамандықтағы   студенттер   эстетикалық   сауатты 

болулары керек. [15] 

Эстетикалық тәрбие – болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті 

дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, 

өнерде   және   өмірде   сұлулықты   жасау,   оған   қатысу   қабілетін,   қажетсінуін 

қалыптастыратын   тәрбиенің   ең   басты   салаларының   бірі.  Эстетика   –  өмірді 

сезім арқылы біліп-танудың негізгі жолы. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына 

дейінгі   кезеңнен  басталады.   Мектепке  дейінгі   кезеңде   балалар   эстетикалық 

тәрбие   арқылы   әсемдікті   көре   білуге,   есіте,   айыра   білуге   үйренеді.   Табиғат 

құбылыстарын,   айнала   ортаны,   экологиялық   қоршаған   ортадан   өзіне  әсер 

алады.

Эстетикалық   тәрбие   оқушыны   сұлулықты   айқын   қабылдап   түсінуге 



көркемдікті, айналадағы шындық, болмыстығы және көркем шығармалардағы 

сұлулық   көріністерін   сүюге,   оларды   бағалай   білуге,   көркемдік   элементтерін 

тұрмысқа   енгізу   және   өмірмен   өнердегі   жағымсыздыққа   қарсы   күресуге 

үйретеді.

Қазақ   халқының   эстетикалық   ой-пікірінің   тарихи   жөніндегі   деректер 

ақын, жыраулардың творчествосында, әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан 

Қайғының,   Доспанбет,   Ахметберді,   Бұхар   т.б.   қазақ   жырауларының   жыр-

толғауларында,   еңбекші   бұхараның   ой-арманы,   эстетикалық   ұғымдары   жан-

жақты   бейнеленген.   Қазақтың   халық   поэзиясында   сұлулық  пен  әсемдікті, 

ерлікті,   батырлықты   жырлау   дәстүрге   айналған.   Көне   түрік   мәдениетінің 

«Қудатғу білік» (Жүсіп Баласағұни), «Диуани Хикмет» (Қожа Ахмет Яссауи) 

үлгілері қазақ халқының  эстетикалық мәдениетінің  қалыптасуына  зор ықпал 

етті.

5


Эстетикалық тәрбие жалпы психологиялық және педагогикалық үрдістен 

жеке  дара  қарастырылмайды,   қайта   адамды   жан-жақты   дамыту   жолындағы 

тәрбиенің басқа салаларымен кешенді түрде, студенттердің негізгі іс-әрекеттері 

барысында жүзеге асырылады.

Мәдениет арқылы жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге әбден болады. 

Ал   қазақ   халқының   музыкалық   өнері   келешек   ұрпаққа   эстетикалық   тәрбие 

берудің   бірде-бір   құралы   болса   керек.   (Жас   ұрпақтар   қатарына   кімді 

жатқызамыз?   Әрине   олар   мектеп   оқушылары,   орта   және   жоғарғы   оқу 

орындарының студенттері). Біздің мақсатымыз қазақтың дәстүрлі мәдениетін 

қайта жаңғырту арқылы, музыкалық фольклоріміз, тарих, әдебиетіміз арқылы 

балаға   эстетикалық   дұрыс   тәрбие   беру.   Ұрпақтың   тілін,   ділін,   сана-сезімін 

түзеу,   дұрыс   бағыт   беру,   сұлулық   сезімдерін   ояту.   Әр   адамның   сұлулық 

сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреуінікі музыкадан, біреуінікі 

сұлу суреттен, біреуінікі поэзиядан. Оқытушының міндеті студентте өнердің 

қандай   түріне   ынта   бар   екенін   аңғарып,   сол   ынтасын,   сұлулық   сезімдерін 

өркендету. Патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін бойларына сіңірту. Ұрпақты 

осындай   ізгі   қасиеттерге   тәрбиелей   отырып   еліміздің   еңсесінің   көтерілуіне, 

жағдайымыздың   жақсаруына,   мемлекетіміздің   өркениетті   дамуына,   күш-

жігерімізді салып барынша еңбек ету әр азаматтың отан алдындағы борышы.

Енді   жоғарыда   айтылғандарға   сүйене   отырып,   іс-әрекеттер  барысында 

эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарына талдау жасап, оның қазіргі 

кезеңде   тәрбиеге  әсер  беріп   өзгертетін   жағдайларды   анықтау   үшін,   зерттеу 

тақырыбын   «Студенттерді   музыкалық   мамандығына   дайындауда   қазақтың 

дәстүрлі   көркем   мәдениетін   пайдалану   арқылы   эстетикалық   тәрбие   берудің 

психолого-педагогикалық жақтары» деп белгіледік.

Зерттеудің  мақсаты  – студенттерге эстетикалық тәрбие  беруде  музыка 

мұғалімдерінің   халықтық   ауызекі   шығармашылытарды,   музыкалық 

шығармашылықтардың   мазмұнын,   өзіндік   ерекшеліктерін,   мүмкіндіктерін 

пайдаланудың психолого-педагогикалық жақтарын анықтау және әдістемелік 

қамсыздандыру.

Зерттеудің  пәні  –  музыка   мұғалімдерін   даярлау   процесінде   қазақтың 

дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалану



Зерттеудің  объектісі  –  қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениетін 

пайдаланудың психолого-педагогикалық жақтары



Зерттеудің  болжамы  –  Егер   оқу   процесі   кезінде   студенттерді   музыка 

мамандығына дайындау кезінде қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті ескерілсе, 

онда ол студенттерге эстетикалық тәрбие берудің сапасын жақсартады.

Зерттеу міндеті:

1. Оқушы студенттерге  эстетикалық тәрбие берудегі қазақтың дәстүрлі 

көркем мәдениетінің мүмкіндіктерін анықтау.

2. Қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениетін   студенттердің   эстетикалық 

тәрбиесінде пайдаланып, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығының қазіргі 

жағдайын анықтау.

6


3. Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалану арқылы эстетикалық 

тәрбие беруде студенттердің даярлық процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін 

психолого- педагогикалық шарттарды айқындау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып рухани және 

материалдық   мәдениетті   жасап,   сақтаудағы   бұқара   халықтың   рөлі   туралы 

білімнің   мәнін,   өткендегі   мұраға   көзқарасын,   қазақтардың   дәстүрлі   көркем 

мәдениетін   оқып-меңгеруге   жүйелі   қарым-қатынасын   және   оның   жүйеге 

келтірілген   бөлімдерін   ашатын   философиялық,   мәдениеттану, 

этнопедагогикалық,   этнопсихологиялық,   педагогакалық,   психологиялық 

тұжырымдамалар саналады.

Жетекші  идея.  Жоғарғы   оқу   орны   студенттерінің   эстетикалық 

тәрбиесінде   қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениетін   пайдалану   арқылы 

студенттерді даярлаудың негізгі жолы – музыкалық-педагогикалық, музыкалық 

психологиялық   пәндер   мен   педпрактикаға   байланысты   оқу   материалдарын 

қайта өңдеу болып табылады. Бұл олардың кәсіби-педагогикалық даярлығының 

сапасын арттырады.



Зерттеу көздері:  Қазақстан Республикасының Заңдары, Конституциясы, 

қаулы   –   қарарлары,   Білім   мен   ғылым   министрлігінің   тұжырымдамалары, 

бағдарламалары,

 

философтардың,



 

өнертанушылардың, 

мәдениеттанушылардың,   тарихшылардың,   социологтардың,   психологтердің, 

педагогтердің   еңбектері,  мектеп   пен  жоғары   педагогикалық  оқу  орны 

оқытушыларының озық тәжірибесі.

Зерттеу   әдістері:  зерттеу   проблемасы   бойынша   философиялық, 

фольклорлык,   тарихи-этнографиялык,   өнертану,   мәдениеттану,   әдебиеттану,' 

психологаялық-педагогикалык,   әдістемелік   еңбектерге   теориялық   талдау 

жасау; оқулықтар мен оқу күралдарын, бағдарламалар, музыка мүғалімдерінің 

озық тәжірибелерін оқып-үйрену; педагогикалық бақылау,  сауалнама,  әңгіме, 

әңгімелесу,  эксперимент  нәтижелерін   бағалау,   жиналған   материалдарды 

математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

-  студенттерге   эстетикалық   тәрбие   беруде   қазақтың   дәстүрлі   көркем 

мәдениетінің мүмкіндіктері анықталды;

-  қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалану арқылы эстетикалық 

тәрбие беруде студенттердің даярлық процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін 

психологиялық және педагогикалық шарттары айқындалды;

- қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалану арқылы эстетикалық 

тәрбие   беруде   студенттер   даярлығының   өлшемдері   мен   көрсеткіштері   және 

деңгейлері анықталды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру.

Зерттеудің   негізгі   қағидалары   мен   нәтижелері   халықаралық   ғылыми-

практикалық   конференцияларда  Павлодар  2007,  Павлодар  мемлекеттік 

педагогикалық   институтының   профессор-оқытушыларының   ғылыми-

практикалық   конференцияларында,   музыкалық   білім   берудің   теориясы   мен 

әдістемесі кафедрасының отырысында көрініс тапты.

7


Тақырыпқа арқау болған негізгі қағидалар:

1.  Студенттер  даярлығы барысында пайдаланылатын қазақтың дәстүрлі 

көркем   мәдениетінің   (халықтың   ауызекі   шығармашылығы,   музыкалық 

шығармашылығы,   ою-өрнек,   би   өнері)   мазмұнының,   өзіндік   ерекшеліктерін, 

оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін оқып білу, болашақ 

мұғалімдерді   көркемдік-эстетикалық,   рухани   интеллектуалдық   тұрғыда 

жетілдіріп,   оларды   ұлттық   өнердегі   сұлулықты   талғаммен,   әсерлене, 

эстетикалық сезіммен қабылдауға көмектеседі. ,

2.   Эстетикалық   тәрбие   беруде   қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениетін 

пайдалану арқылы студенттерді даярлаудың негізгі үш саласы:

біріншіден,   оқу   процесінде,   әсіресе   музыканы   оқыту   әдістемесі   мен 

арнайы курсты меңгерту барысында;

екіншіден,   аудиториядан  тыс  мерзімде,   әр   түрлі   жұмыс   формаларын 

пайдалану арқылы (дөңгелек  стол, КТК, конференция, пікір талас, кездесулер 

және т. б.);

үшіншіден,  университет   және   институт,   колледж,   гимназия,   т.б   оқу 

мекемелері жанында студенттер мен оқушылардың әлеуметтік және мәдени, 

саяси   т.с.с.   белсенділіктерін   арттыруға   бағытталған   көркемөнерпаздар 

үйірмелерін дамыту және жетілдірудің алғы шарттарын құру керек.

«Студенттерге эстетикалық тәрбие беруде қазақтың дәстүрлі көркем 

мәдениетін пайдалану арқылы музыка мұғалімдерін даярлаудың өзіндік 

ерекшеліктері»  атты   бірінші   тарауда   проблеманың  философия,   педагогика, 

психология,

 өнертану,   мәдениеттану   саласында   зерттелу   деңгейі 

қарастырылады. Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетіне мазмұндық сипаттама 

беріліп,   оны   оқушылардың   эстетикалық   тәрбиесінде   пайдаланудың 

психологиялық  және  педагогикалық  негіздері,   тәлім-тәрбиелік  мүмкіндіктері 

баяндалады.

«Музыка   мұғалімдері   даярлығын   ұйымдастырудың   әдіс-жолдарын 

зерттеу,   сипаттама   жасау   және   талдау»  атты   екінші  тарауда  «Музыкалық 

тәрбие   әдістемесі»   пәнінің   мазмұнына   енгізілген,   қазақтың   дәстүрлі   көркем 

мәдениеті материалдары негізінде жасалған.

Қорытындыда

 теориялық   және   эксперименттік   жұмыстардың 

нәтижелеріне   негізделген   тұжырымдар   мен   ұсыныстар   беріліп,   зерттеудің 

перспективасы көрсетіледі.

8


I ТАРАУ 

СТУДЕНТТЕРГЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ҚАЗАҚТЫҢ 

ДӘСТҮРЛІ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МУЗЫКА 

МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1   Музыка   мамандығын   даярлаудағы   психолого-педагогикалық 

жақтарының ғылымда зерттелуіне талдау.

Қазақстан мемлекетінің өркениетті даму жолына бетбұрысы тұсында жас 

ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігі, білімділігі мен біліктілігі талап 

етіледі.


Қазақстан   Республикасында   білім  беру   мен  тәрбиелеу   саласының 

түбегейлі өзгеруі жағдайында ұлттық мәдениетке, халықтық дәстүрге, олардың 

тарихы  мен   даму  жолдарына   қайта   оралып,   көркем   мәдениеттің   барлық 

мүмкіндіктерін сарқа жаңа тәрбие жүйесіне қызмет етуге жұмылдыру – бүгінгі 

күн тәртібіндегі ең басты мәселе. Өйткені жас өспірімдердің ұлттық мәдениет 

пен дәстүрлерді меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мәдени мұраларды игеріп, 

дүниеге   дұрыс   көзқарасы,   қоршаған   өмір   шындығына   эмоциялық   қатынасы, 

танымдық ой-санасы қалыптасатыны анық.

Ендеше   ұлттық   қайта   өрлеу   процесінде   халықтың   мәдени   игіліктерін 

танып-білу мен бабалар қалаған көркем рухани мұралармен өскелең ұрпақты 

қауыштыру ісінде қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті маңызды орын алады.

Қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениетін   дарытудың   мақсаттары   мен 

міндеттері, өнердің өмірдегі мәніне деген түсініктер деңгейіне, өнердегі рухани 

эстетикалық   мұраны   ұрпаққа   жеткізудің   бағыт-бағдарының   үрдісіне   тікелей 

байланысты.

Қазақтың көркем өнерінің бейнелілік тілін меңгертуде, халқымыздың бай 

мұрасын игертуде құнды ой-пікірлер мен татымды түйіндердің  негізін қазақ 

ағартушыларының   дүниетанымдық   көзқарастарынан   байқаймыз.   Оған   дәләл 

Ш.   Уәлиханов,   А.Құнанбаев,   Ы.Алтынсариннің  рухани  қазынамыз   көркем 

мәдениет пен ұлттық өнердің қоғамдағы тәрбиелік рөліне айрықша мән бергені 

белгілі.

Қазақ   әдебиетінің   майталмандары   Ж.   Аймауытов,   М.   Жұмабаев,   А. 

Байтұрсыновтар өз еңбектерінде мәдениет  тарихынан  өнердің көрнекті орын 

алатынын,   өнерсіз   қоғам   дамуы,   рухани   байлықтың   молаюы   мүмкін   емес 

екендігіне тоқталып, талдап өтті.

Кеңес дәуірінде қазақтың көркем мәдениетін жеке өнер түрлері ретінде 

музыкатану,   өнертану   саласында   зерттеуші   Қазақстандық   ғалымдар   қатары 

толыға   түсті.   А.Қ.Жұбанов,   Б.Г.   Ерзакович,   П.Аравин,   Т.Бекхожина,   А.В. 

Затаевич,  Б.Ғизатов т.б. зерттеушілер ел арасынан теңдесі жоқ қазактың  ән-

күйлерін жазып, ерекшеліктерін саралады.

Одақ кезіндегі саясаттанған, бірыңғайлаған білім нәтижесінде қазақтың 

ұлттық   мәдениеті   мен   өнерінің   эстетикалық   ерекшелігі,   рухани   тұрмыс 

формалары,   дүниетанымдық   жүйесі   және   басқа   көптеген   қырлары   тәрбие 

ісінен   аластатылып,   аулақта   ұсталды.   Сөйтіп,   «орталыққа»   бағындырылған 

9


білім мен тәрбие  беру  жүйесінде еуропалық емес елдердің мыңдаған жылдар 

бойы жинақталған дәстүрлі бай тәжірибесі назардан тыс қалды.

  Қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениеті   халықтың   ежелгі   көп   салалы 

өнеріне   негізделеді   және   оның   адамгершілік,   парасаттылық,   эстетикалық, 

танымдық мәнін жоғары деңгейге көтереді.

Осы  орайда   қай   халық   болсын   өзінің   ұлттық   өнері   мен   мәдени 

байлықтарын  аса  шеберлікпен дамытып, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген 

жаңалықтармен сабақтастыра байытып отырған. Осылайша айтатын ойы мен 

мазмұны   халықтың   өзіндік   әдет-ғұрпын,   салт-дәстүрін,   әлеуметтік-рухани 

өмірін   бейнелейтін  қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениеті  халықтың  сан 

ғасырлық   тарихымен,   тыныс   тіршілігімен   біте   қайнасып,   дамып   отырған 

бағалы қазынасы.

Қазақстанның   философиялық   ғылымы  болсын,   филология  ғылымы 

болсын,   эстетика   проблемаларын  әлі   жөнді   қолға   алған   жоқ.   Әсіресе 

эстетиканы   әдебиет  пен  өнердің   философиясы,   ғылымы   деп   қарап,  осы 

ғылыми-философиялық   тұрғыдан   өмір   мен   өнердегі   эстетикалық   қасиет-

сипаттарды   анықтау   әрекеті   бізде   мүлдем   жоқтың   қасы.  Ал   осы  саладағы 

түйінді   мәселерді   шешіп   алмай,   әдебиет  пен  өнердің   эстетикалық   сапасын 

жетілдіру   үшін   күрес   мардымды   болмақ   емес.   Көптеген  сын,  әдебиеттану 

еңбектерінің үстірт немесе бір жақты субъективтік талғамнан көп аспайтыны 

сондықтан.

Нендей   құбылыс   болғанмен,   байыбына   барып,   ғылыми   негізде   терең 

зерттеуді қажет етеді. Былайша айтқанда, әр нәрсені философиялық түбіріне 

жетуді   қажет   етеді.   Әдебиет  пен  өнер   құбылыстары  да   сондай.  Оның 

философиялық түбірі эстетикаға саяды.  Эстетика  әсемдікті зерттейтін ғылым 

десек, әсемдікті  танытатын  қоғамдық сананың ерекше саласы – өнер. Ендеше 

эстетика  ғылымының негізгі объектісі. Әрине,  эстетика  өмірдегі әсемдікті де 

дербес алып зерттейды.  Бірақ оны көбіне көп өнердегі көрінісіне байланысты 

алады.   Бұлай   зерттеу   бір   жағынан   жалпы   адам   санасының   дүниені   тану 

әрекетіне   өнер   атаулының   қосатын   өзіндік   үлесін   көрсетсе,   екінші   жағынан 

өмір   шындығының   өнер   шындығына   (көркем   шындыққа   айналу   процесінің 

диалектикасын   көрсетеді).   Сөйтіп   суреттердің   шығармашылық   ақтының 

диалектикасын   ашып,  эстетикалық   сипатын   анықтағанда   ғана   оның 

шығармасының көркемдік сапасы дұрыс бағаланады.

Әдемілікке қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ. Бірақ осы қызығу мен 

сүйсінудің   мөлшері   бірдей   емес.   Әдемілікті   түсініп,   танып   бағалаудың  да 

дәрежесі әр түрлі. Мұның себебі тәрбиеде.  Әдемілікті ұнататын табиғи сезім 

туа   пайда   болғанмен,   жүре   дамиды.   Оның   дамуы,   біреуде   жоғары,   біреуде 

төмен болуы адамның көркемдік мәдениетіне көркем өнер туындыларын біліп, 

үғынып   ләззат   алып   дағдылану   тәжірибесіне  байланысты.  Өнердің  осы 

эстетикалық тәрбиеде атқаратын баға жетпес қызметін анықтаудан бұрын оның 

жалпы қоғамда атқаратын маңызды ролін еске түсіре кетейік.

Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып 

дамыған рухани қымбат қасиеті.  Маркс  сөзімен айтсақ: «Адам  табиғатының 

(еңбек азаматының М. К.) тек кең өріс алған объективті байлығының молдығы 

10


арқасында   ғана   адам   сезімінің   субъективті   байлығы   пайда   болады,   әдемілік 

түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім құлақ  пен  көз  пайда болады,  қысқасы 

адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдері жаңа туып, кейбірі одан әрі дамып 

отырады» [23]

«Құлақтан   кіріп   бойды   алып»,   жүрек   қылын   шертетін   нәзік   тілмен 

сөйлеп, жан дүниеңді билейтін музыканың еліткіш те еліктіргіш ғажап қасиеті 

жұртқа   мәлім.   Бұл   жерде   басқаны   қойып,  Людвиг  Бетховенның   атақты 

«Аппасионатасының»  Владимир  Ильичті қалай таң-тамаша қалдырғанын ғана 

еске түсірейікші.

Ұлы көсем музыканың сергіткіш – эстетикалық ләззат бергіш құдіретті 

күшіне сүйсініп, адам баласының осындай керемет қабілетін мақтан ететінін 

айтқан.


Музыка өнерінің жоғары түрі болып есептелетін классикалық опера мен 

симфониялық   шығармаларды   айтпағынның   өзінде   жақсы   әндерде   қандай 

тамаша тебіренткіш күш бар! Жастарға эстетикалық тәрбие беру үшін әуенді де 

әдемі,   көркем   де  таза,   жан  сауықтыратын   әндердің   баға   жетпес   үздік   зор 

маңызын айтып жатудың қажеті бар ма екен? Орыстың, украинаның, қазақтың 

тағы басқа ұлттардың мәңгі өшпейтін халықтық әндерінде, Абай, Ақан, Біржан, 

Мұхит,   Жаяу   Мұса,   Естай,   Майраның   әсем   әндерінде   жан   тебірентетін 

қаншама көркемдік, сүйіспеншілік табылады десеңізші!

Тарихи  педагогика  проблемаларын   тарихнамалық   зерттеу   өткендегі 

тәрбие, оның ішінде эстетикалық тәрбие тәжірибесіне зерттеу тарихи дамудың 

барлық кезеңдерінде жүріп жатқанын дәлелдейді.

В.Г.  Белинский  балаларға   өткенді   көбірек   пайымдатуды,   бірақ   мұның 

бәрін   өзіндік   және   ұлттық   құбылыстар   арқылы   меңгертуді   ұсынады.   Оның 

сөздерінде   терең   ой   пікірлер   мен   шындық   жатыр.   Бұл   бүгінгі   күннің   де 

көкейкесті   мәселесі  болып   отыр.   В.Г.Белинскийдің   пікірі   бойынша,   ауызекі 

халық   шығармашылығы   эстетикалық   тәрбиені   жүзеге   асыруға   тиіс,   өйткені, 

біріншіден,   эстетикалық   тәрбие   жас   ұрпақты   әсемдік   әлеміне   енгізеді, 

екіншіден,   айналадағы   өмірді   тезірек   түсінуге   көмектеседі.   Эстетикалық 

тәрбиені жүзеге асыруды ол халық өнеріне, атап айтқанда, халық музыкасына 

ерекше орын берді.  В. Г. Белинский  секілді,  А. Н. Герцен де  ауызекі халық 

шығармашылығын,   әдебиет  пен   аса  маңызды   «адамгершіліктің   эстетикалық 

мектебі» деп қараған. Мектеп оқушылары мен жастарға  эстетикалық  тәрбие 

беру  үшін   қоғамдық   күрестің   қуатты  факторы  болып   табылатын,   халыққа 

қызмет   етудің  бар   болмысы   мен  әсемдігін   көрсететін,   дәуірдің   әлеуметтік 

жанжалдар мәнін шынайы түсіндіретін шығармаларды пайдалануға тиіс екенін 

өте дүрыс ескертті.

А.   И.   Герценнің   идеяларын  Н.   Г.   Чернышевский  дамытты.   Оның   сөзі 

бойынша,   халық   өнері   өмірді   түсіндіреді,   ол   бейне   бір   «өмірдің   оқулығы» 

сияқты. Халық өнері, оның пікірінше, пәрмендік болуға тиіс. Басқалар секілді 

ол   да   балаларды  тәрбиелеуге   халық   өнері   түрлерінің   бірі   ретінде-халық 

музыкасы қолданылуға тиіс деп есептеді. «Түрлі халықтардың әндері» деген өз 

мақаласында   (1854  ж.)   Н.   Г.   Чернышевский  сербтің   этикалық   әндері   мен 

орыстың батырлар жырларын тыңдай келіп, халық әндері бойында шынайлық, 

11


ізгілік қасиеттері  бар  халықтарда  ғана дамитынын, ол әндер  таза  әсемдіктің 

нәрін бойына сіңіретінін жазған еді.

Оның   үстіне  «музыка  бүгінге   дейін   бұқараның,   халықтың   бірден-бір 

поэзиясы болып қалып отыра, сондықтан өз халқын сүйетін әрбір адам үшін 

қызықты да қымбат. Ал өз туғаныңды сүймеу мүмкін емес халық поэзиясында 

дәуірдің   аңыздары   сақталып   қалған»,   [34]   демек   өмірдің,   туған   табиғаттың, 

тұрмыстың   реалистік   шынайы   бейнесі,   халықтың   аңыз-әңгімелері,   жыр-

дастандары, ертегілері, осының бәрі жас шағынан  балаларды  отансүйгіштікке 

тәрбиелеуге және сол сүйіспеншілігін дамытуға тиіс.

Осы  орайда   А.   С.   Макаренконың   балалармен   жұмыс   тәжірибесін   айта 

кету орынды секілді. А. М. Горький атындағы колонияда және Ф.Джержинский 

атындағы коммунада А. С. Макаренко тәрбие процесінде халық ертегілері мен 

ойындарына   ерекше   маңыз   берген   болатын.   Осының  нәтижесінде   ертегі 

тәрбиеленушілердің құрметіне бөлінеді, мұны ертегілер үйірмесінің тәжірибесі 

айғақтайды.   Колонистердің   ертегіге   құлай   берілуіне   ертегілерді   қатты 

құрметтейтін   өз   жетекшілерінің   ықпалы   тиген   еді   «Мәдени   дағдыларды 

қалыптастыру»   атты   мақаласында  А.   С.   Макаренко  бұл   жөнінде   «жақсы 

айтылған ертегі мәдени тәрбиенің басы, егер әрбір отбасының кітап сөресінде 

ертегілер жинағы тұрса, қандай жақсы болар еді», [24]- деген тұжырым айтады. 

Балалардың   ертегімен   бұлай   әуестенуі   олардың   тәрбиесіне   айтарлықтай 

септігін   тигізгені,   демек   жақсы   мен   жаманды   айыра   білуге   үйреніп,   қиял 

зердесін   дамытып,   олардың   бойында   әлеуметтік   әдептілік,   адамгершілік, 

музыкалық эстетикалық ұғымдарды қалыптстырады.

Қазақ халқының өткен өмірінде жазбаша тарихи нұсқалар аз кездеседі, 

сондықтан   тарихи   ең   елеулі   белгілері   туралы   зердеде   сақталып   қалған 

халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше маңызға ие болады.

Халықтың   ауызекі   шығармашылығынан   нәр   алмаған,   еңбектерінде 

тәрбиенің   халықтық   ізгі   идеялары   көрініс   таппаған   қазақ   ағартушылары, 

ғалымдары, ақын-жыраулары жоқ деуге болады. Олардың ішінде аты әлемге 

жайылған   Әл-Фарабидың   шоқтығы   ерекше   биік   тұрады.   Ол   өзінің   ғылыми-

педагогикалық шығармаларында имандылық-адамгершілік тәрбиені қарастыра 

келіп, халық музыкасы арқылы эстетикалық тәрбие беруге ерекше маңыз берді. 

Оның сөзімен айтқанда, халықтық  музыка  тәрбие қызметін, тыңдаушылардың 

эмоциялық   қабылдауын   күшейтудің   таптырмас   құралы   болып   табылады, 

қажығанда   және   тарыққанда   олардың   көңілін   көтереді.   Халық  музыкасы 

«...жақсы   көніл   күйге,   адамгершілік   тәрбиеге   жәрдемдеседі,   тепе-теңдікті 

жоғалтқандардың   мінез   –   құлқын   сабасына   түсіреді   және   әрі   кемеліне 

келтіреді. Бұл музыка – тән сұлулығы үшін пайдалы, өйткені тән ауырған кезде 

жан  да  сөнеді.   Сондықтан   тән   сауықса   жан  да  сауығады,   осындай   ықпал 

жасайтын   дыбыстардың   арқасында   оның   күш-қайраты   қалыпқа   келіп,   оның 

субстанциясына   бейімделеді».   [1]   Эстетикалық   тәрбиенің   қалыптасуы   мен 

дамуы   халықтық  сан  ғасырлық   тарихымен,   тыныс-тіршілігімен,   жұмыс-

салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты екені мәлім. Басқа халықтар 

сияқты,   қазақ   халқының  да  өзіндік   әлеуметтік-экономикалық   тарихы   және 

тұрмыс-салты   қазақтардың   материалдық-рухани   мәдениетіне,   тұрмысы   мен 

12


діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік салтын қалыптастырып, 

тәрбиенің халықтық дәстүрлерін өмірге әкелді.

Тарихи,   этнографиялық   көздерді   ауызекі   халық   шығармашылығын 

зерттеу,  осы   проблема  жөніндегі   психологиялық   және   педагогикалық 

зерттеулермен   танысу,   қабылдаудың   және   тәрбиенің   халықтық   дәстүрлеріне 

талдау жасау, қазақ халқы тәрбие процесінде балаларға ізгі көзқарас, балалар 

мен қыздар тәрбиесіне саралап қарау, жас ерекшеліктерін ескеріп отыру, ойын-

сауық,   еңбек   балаларға   эстетикалық   тәрбие  беру,  ұлттық   мәдениетке,   ана 

тіліне, туған жерге аялап қарау, балаларды еңбекке, ән-күйге, қол өнерге ерте 

баулу секілді мәселелерге қатты көңіл бөліп отырған деген қортынды жасауға 

мүмкіндік береді.

Сонымен,  осы  жоғарыда   айтылғандардың   бәрі   қазақтың   халықтық 

педагогикасындағы   жеткіншектер   мен   жастарға   эстетикалық   тәрбие   берудің 

тамыры   тереңде   жатыр,   оның   өзіне   тән   біртұтас   жүйесі,   әдіс-тәсілдері   мен 

амал-жолдары қалыптасқан деген тұжырым жасауға негіз береді.

Қазақ ағартушылары – Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, 

Абай   Құнанбаевтың   эстетикалық   тәрбие   саласында   арнайы   еңбектер   жазып 

қалдырмағаны белгілі. Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және 

әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің дамуы 

барысына  аса  көңіл бөледі. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы 

қазақтардың   эстетикалық   талғам   деңгейін,   болмысқа   деген   эстетикалық 

көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге  байланысты  көптеген құнды 

пікірлер айтты.

Қазақ   ағартушыларының   эстетикалық   көзқарастары   мен   орнықты 

пікірлері халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы 

сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол- заңды 

құбылыс.   Бұл   жердегі   басты   мәселе   ағартушылардың   эстетикалық   тәрбиені 

жан-жақты,   жүйелі   талдап   зерттеуінде   емес,   керісінше,   мүмкіндігінше   сол 

проблемалар   жайлы   сөз   қозғап,   өз   көзқарастары   мен   пікірлерін   айтып 

тұжырымдауында жатыр.

Қазақтың   ұлы   ғұлама   ғалымы   Шоқан   Уәлиханов   өзінің   аз   ғұмырында 

көптеген баға жетпес құнды еңбектер қалдырды.

Оның   ағартушы   ретінде   айтқан   ой-пікірлері,   кейбір   ескертпелері   мен 

болжамдары қазақ халық шығырмашылығына байланысты. Мысалы, халықтың 

поэзиялық   өнерінің   адамгершілік   тәрбиесіне   ықпалы   туралы   пікірін   өлең, 

мақал-мәтелдер,   эпостар   жинағынан   кездестіріп   өнердің   эстетикалық   тәрбие 

құрылыстар суреттемелерінен көреміз. Сондай-ақ табиғаттың да адамгершілік-

эстетикалық   тәрбиесіне   деген   пайдасы   оның   күнделіктерінде,   сапарнама 

тұрғысынан жазған еңбектерінде тұжырымды берілген.

Шоқан   өзінің   зерттеу   еңбектерінде   жинаған   ауызекі   шығармашылығы 

арқылы   халықтың   арман-тілегін,   тұрмыс-қаракетін,   көз-қарасын   баяндады, 

үмытылып  бара  жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәндік-

қолданбалы   өнер   т.б.)   көңіл   аударып,   оны   халық   эстетикалық   тәрбиенің 

құралы,   әдіс   тәсілі   ретінде   пайдаланғанын   көрсетті.   Олардың   қай   дәуірде 

болмасын   қүндылығы   жойылмайтынын,   әрқашан   халық   үшін,   жеткіншектер 

13


тәрбиесінің   игілі   үшін   қызмет   ететінін   өзінің   көзқарасы,   ой-пікірі   қатынасы 

арқылы дәлелдеді.

Өзінің   барлық   педагогикалық   теориясында   жас   жеткіншектердің 

эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар 

бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді 

ұстағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин.

Ы. Алтынсарин де эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы 

еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Бірақ Ы.Алтынсаринның эстетикалық 

көзқарастары   оның   педагогикалық   қызметінен   көрініс   тапты.   «Қазақ 

хрестоматиясына»   енгізілген   ауыз   әдебиетінен   жинаған   материалдардың 

мазмұны тек қана танымдық, адамгершілік, өнегелік және ақылойлык сипатқа 

ғана   емес,   ол   сондай-ақ   жоғары   эстетикалық   талғамның   жан-жақтан 

қалыптасып   дамуына,   әдемілікті   түсіне   білуге,   нағыз   сұлулықты   сыртқы 

жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелейтін ықпалымен де құнды. Мысалы, 

этикалық туындылардан «Қобыланды» жырының үзіндісі «Қобыланды  батыр 

мен  Тайбурыл»  деген   атпен  енгізілген.  Мұнда  Қобыландының   Тайбурылмен 

алыс сапарға аттануы өте әсерлі суреттелген «Жақсы атты жанындай көретін 

«ер қанаты ат» – деп түсінетін қазақ баласы үшін бұдан көркем жыр табу қиын. 

Осында елін, жерін жаудан қорғайтын батыр, азамат ұлдың ер тұлғасы және 

оның жанына серік аты қазақ ұғымындағы  бар  жақсылық  пен  сұлулықты өз 

бойларынан  мол   таныта  алады»   [20]   Бұл   Ыбырайдың   баланың   әсемдікке, 

сұлулыққа   деген   талғамын   арттыратын,   туған   елге,   Отанға,   жерге 

сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын әсерлі шығарманы жас ерешеліктеріне 

байланысты іріктеп ала білгенін дәлелдейді.

Ы.Алтынсарин   педагогикалық   және   әдеби   шығармашылық   жас 

жеткіншектерге   музыкалық   және   эстетикалық   тәрбие  беру   проблемасын 

шешуге   өзіндік  мол  үлес   қосты.   Ол   бірінші   рет   ән   текстерін   жариялатты 

музыкалық сауат жоқ кезде ән сабағын мектеп жоспарына міндетті пән ретіне 

енгізді. Музыкалық аспаптар, әсіресе домбыра, сабақ  беру  процесіне кеңінен 

пайдаланылды.   Алтынсаринның   ұстаздық   тәжірибесінде   көрініс   тапқан   жас 

жеткіншіктерге   музыкалық   эстетикалық   тәрбие  беру   идеясы  балалар   мен 

жасөспірімдердің рухани өсуіне көп септігін тигізді.

Ұлы   Абай   эстетикалық   тәрбие   саласында   арнайы   еңбек 

қалдырмағанымен,   өзінің   өлеңдері   мен   қара   сөздеріне   халықтың   мақал-

мәтелдерін,   нақыл   сөздері   мен   салт-дәстүрлерін   орынды   пайдалану   арқылы 

балалар   мен  жеткіншектердің   болмасқа   деген   эстетикалық   көзқарасының 

талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті. 

Балалар   мен  жастардың   әсемдікке,   сұлулыққа   деген   көзқарасын 

қалыптастыруда   Абай   өлеңдерінің   ролі   ерекше.   «Қуатты   ойдан  бас  құрып, 

еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқандай, оның өлеңдері туған 

жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан 

алуан  сезімдерімен   ұласып  музыка  үніндей   естіледі.   Мұндай   суреттемелер 

«Жаз»,   «Күз»,   «Жазғытұрым»,   «Желсіз   түнде   жарық   ай»   т.б.   өлеңдерінде 

ерекше әсерлі көрсетілген.

14


Өлеңдегі   табиғаттың   әсем   көрінісі,   күн   шағылысы,   адамдардың,   жан-

жануарлардың   іс-әрекеттері   бәрі   де   балалардың   қиялына   қанат   бітіріп, 

күнделікті  тыныс  тіршіліктегі   көріністерге  көңіл  тоқтатып,  оны  эстетикалық 

тұрғыда қабылдай білуге үйретеді.

Абай табиғаттың қай көрінісінен болмасын әдемілікті, сұлулықты көре 

білуге шақырады. Табиғаттағы жан-жануарлардың өмір-тіршілігіне зер салуға, 

құстардың   әсем   дауыстарын   тыңдай   білуге,   бір-бірінен   айыра   білуге,   кең 

байтақ өлкенің, орман-тоғайларымен миуалы бақтардың, тау қойнауларының 

көріністерін қызықтай білуге үйретеді. Бұл өлеңдердің балалар үшін танымдық 

құндылығы осында.

Мысалға «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңін алайық:

Желсіз түнде жарық-ай

Қалың ағаш жапырағы

Сәулесі суда дірілдеп.

Сыбырласып өзді-өзі,

Ауылдың жаны-терең сай,

Көрінбей жердің топырағы

Тасыған өзен гүрілдеп.

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Мұндағы табиғат көрінісі суреттемесінің нақтылығы, мәселен, Абайдың 

түн   мезгіліндегі   көл   бетіне   түскен   ай   сәулесінің   дірілдеп   көрінуін,   ағаш 

жапырағының өзді-өзімен сыбырласуын сипаттауы, жастарға  ерекше  бір  әсер 

беріп,   лирикалық   сезімге   бөлейді,   туған   жер   табиғатына   деген   мақтаныш 

сезімін тудырады.

Абай   эстетикалық   тәрбиенің   құралы   ретінде   халық   музыкасының 

маңызына  да  тоқталады.   Қазақтардың   жарық   дүниеге   келгеннен   өмірінің 

соңына дейінгі әнге, өлеңге, музыкаға деген көзқарасын, солардың ықпалы мен 

қалыптасатын эстетикалық сезімін былай деп көрсетеді:

Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол, 

Қаза көрген жүрегі жаралы-ол,

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол?

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, 

Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Қынаменде, жар-жар мен беташар бар

Өлеңсіз солар қызық болар ма гүл? 

Бала туса, күзетер шілдехана, 

Олар да өлең айтар шулап жаңа. 

Бұрынғы жақсыларын өрнек қылған, 

Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.

Туғанда дүние есігін ашады өлең, 

Өлеңмен жер қойынына кірер денең 

Өмірдегі кызығыңның бәрі өлеңмен, 

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең. [19]

Осы  жоғарыда   айтылғандардың   бәрі   ғұлама   ағартушы   идеясының,   ой-

пікірі   мен   ақыл-өсиетінің   өміршеңдігін,   жаңашылдығын   көрсетеді.   Олар 

әсіресе   бүгінгі   таңда,   қоғамның   жаңаруы,   демократиялануы   процесінде, 

еліміздің   егемендік   алып,   тарих   қайта   құралып   жатқан   кезде   жеткіншек 

15


ұрпақтың   адамгершілік   қасиеттерін,   эстетикалық   талғамын   қалыптастыруда 

маңызды рөл атқара түсуге тиіс.

Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық тәрбиенің атқаратын 

қызметі айырықша.  Эстетика  дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. 

Эстетика – өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. «Эстетика» гректің 

«эстетис»   деген   сөзі   екендігі   бізге   мәлім.   Ол   сезім,   түйсік   деген   мағынаны 

білдіреді.  Адам   баласында  эстетикалық   сезім   болады,   бұл   сезім   оның 

моральдық   және   адамгершілік   бейнесіне   асыл   қасиет   беріп  тұрады.   Ал 

адамның   өмірге   эстетикалық   көзқарасы   оның   өмірі   мен   қызметінің   барлық 

саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, 

сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті 

танып, оны сүйіп, қастерлей білетін болады.

Сондықтан   да   музыка   мамандығының   студенттерін   болашақ   маман 

ретінде   дайындағанда   қазақтың   дәстүрлі   көркем   мәдениеті   арқылы 

эстетикалық тәрбие берудің орны ерекше.

Эстетикалық сезім дегеніміз адамның еңбек үстінде тарихи қалыпттасып 

дамыған   рухани   қымбат   қасиеті.   Басқаша   айтқанда,   адамның   эстетикалық 

сезім-сезіне,   қабілеті   оның   еңбегінің   жемісі   екенін   және   сол   қабілет 

қасиеттерінің дамуы қоғам өмірімен, тарихи жағдайлармен байланыстылығын 

дәлелдейді. Сөйтіп, біз адамның ләззат алуға бейім эстетикалық деп аталған 

сезімдерін   адам   табиғаты   дамуының   объективті   жағдайларына   сай   дамып, 

өрістейтінін көреміз. Адамның дамып, жетілген эстетикалық сезімінің айқын 

көрінісі әдебиет пен өнер саласынан байқалады. Олай болса, жаңа қоғам орнату 

дәуіріндегі   адамның   материалдық   –  рухани  дамуының   биік   дәрежесі,   оның 

эстетикалық   сезімінің   де   жан-жақты   кемелденуін   талап   етеді.   Сондықтан, 

эстетикалық тәрбиенің белсенді ролі үнемі күшейе беруі қажет.

Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осы 

қызығушылық  пен  сүйсінудің   мөлшері   адам   баласының   бәрінде   бірдей 

деңгейде   дамыған   ба?   Әрине   олай   емес.   Өйткені   әсемдікті   түсініп,   танып 

бағалаудың  да  дәрежесі асарда әр түрлі.  Олай  болмаған жағдайда қоғамдағы 

кейбір   жастардың   бүгінгі   сұрақсыздыққа,   талғамсыздыққа  бой   алдыруы 

неліктен? Мұның себебі неде? Ол оның алған тәрбиесінде болмақ.

Есімі әлемге әйгілі Әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде «адамға ең 

бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың 

қас жауы, оның барлығы апат әкеледі» десе, ұлы Абай кезінде «Атаның баласы 

болма, адамның баласы  бол!  Әкенің баласы – дүшпаның, адамның  баласы  – 

бауырың» – деген еді.

Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, 

ол жүре келе дамиды. Оған  әсер  ететін факторлар көп жақты. Сондықтан  да 

оның   дамуы   біреуде   жоғары,   біреуде   төмен   болуы   адамның   эстетикалық 

мәдениетінің  қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің 

адамға   тигізер   әсері  туралы   Н.   Б.   Чернышевский   былай  дейді   «Әсемдіктің 

адамға ететін әсері, сезігі – ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда 

бөлінетін   жарқын   қуаныш   сезіміне   барабар.   Әсемдік   атаулыны   есепсіз 

16


жанымыз   сүйеді,   біз   оған   сүйсінеміз,   ең   жақын   адамдарымызды   көргендей 

рахаттанамыз».

Ұлы ақын, көрнекті ағартушы, ұлттық педагогика ғылымының іргетасын 

қалаған Мағжан Жұмабаев эстетикалық сезім туралы кезінде былай деген екен: 

«Жаратылыстың,   сән   өнер   сұлу  заттары   адам   жанында  сұлулық   сезімдерін 

оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, 

шексіз-түпсіз   қара   көк   теңіз,   түрлі   шөптермен   толқындаған  дала,  бұлтпен 

таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды 

түн.   Міне,   осылар   сықылды   жаратылыстың   сұлу   заттары,   көріністері,  яки 

искуствоның   тылсымдай   жанды   билеп   алып   кететін   ән,   сиқырлы   сөз,   сұлу 

картина  сықылды   әсерлері   адам   жанында   бір   ләззат,   бір   сурет  (живопись), 

скульптура  сықылды  пластика  искусствосы   адамның   көру   сезімін   сиқырлап 

барып жанға сұлулық толқындарын туғызады».

Сұлулық   сезімдері   адамның   дұрыс,   сау   ләззат   ізденуіне,   сұлу   нәрсені 

сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып жамандықтан 

тиынуына көп көмек  көрсетеді. Сондыктан баланың сұлулық сезімдері жақсы 

тәрбие алуға тиісті.

Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі 

нәрседен   оянымпаз   болады.   Біреуінікі   музыкадан,   біреуінікі   сұлу   суреттен, 

біреуінікі поэзиядан. Искусствоның  әйтеуір ірі бір түрінен ләззат  алмайтын, 

біреуіне құмар болмайтын адам болмайды.

Академик   М.  Қаратаев   «Өнердің   эстетикалық   сипаты»   атты  сын 

зерттеулерінде:   «Бұл   бізде   тең   жатқан   мәселе.   Қазақстанның   философиялық 

ғылымы   болсын,  эстетика   проблемаларын  әлі   де   жөнді   қолға   алған   жоқ. 

Әсіресе эстетиканы әдебиет пен өнердің философиясы, ғылымы деп, қарап, осы 

ғылыми   философиялық   тұрғыдан   өмір   мен   өнердегі   эстетикалық   қасиет-

сипаттарды   анықтау   әрекеті   бізде   мүлдем   жоқ»   –   деп   бұл   мәселенің 

маңыздылығына   айрықша   тоқталса,   З.Серекқалиұлының   «Дүниетану 

даналығы»   атты   ғылыми   және   көркемдік   тану   еңбегінде   «өзіміздің   ғылым-

мамандарымыз  эстетика  саласы бойынша арнаулы зерттеулер жүргізбегеніне, 

не  оқулық   жазбағандарына»   ғылыми   қауымның   назарын   аударады.   Бұдан 

шығатын қорытынды – жастарымыздың эстетикалық мәдениетін көтеруде бұл 

мәселе қазақ  педагогика  ғылымының айрықша  зерттеу нысынасына айналуы 

өте   қажет.   Бұлай   айтуымыздың   себебі,   соңғы   жылдары   ғана   зерттеу 

нысанасына   айналған   «Эстетикалық   мәдениетті   қалыптастыру»   мәселесі 

ішінде «Оқушы жастардың эстетикалық мәдениет дәрежесін қалыптастыруға» 

арналған ізденіс жұмыстары толыққанды түрде шешімін тапты деп кесіп айтуға 

болмайды.   Бүгінгі   еліміздің   тәуелсіздік   жағдайында   жас   ұрпаққа,  студент 

жастарға ұлттық идеялар негізінде тәлім-тәрбие беру және жалпы адамзаттық 

өркениеттікке   кірігу   барысында   бұл   мәселені   жалпы   қоғам   болып   шешімін 

іздестіру хақында  педагогика ғылымы да  үлкен талпыныс танытуда. Осыған 

орай,   жаңа   қоғам   адамның   эстетикалық   мәдениеті   бейнесін   қалыптастыру 

жөніндегі   міндет   біздің   еліміздің   оқу   жүйесінің   барлық   буындарында   үлкен 

қолдауға ие болуы қажет. Белгілі ғалым -философ С.Ақатай «Тәуелсіздікті алу, 

жариялау аз. Тәуелсіздікті жасау керек», – деп айтқандай, өркениетті алдыңғы 

17


қатарлы   50   елдердің   қатарына   кіргізу   үрдісінде   бұл   мәселеге   айрықша   мән 

беруді қажет етеді.

Адамның эстетикалық мәдениеті – оның жалпы мәдениетінің жарқын бір 

көрсеткіші.   Бұл   дағы   туған,   өскен   ортаға,   табиғат   құбылыстарына,   алған 

білімге, тәлім тәрбиеге, қоғамда атқаратын қызметке, тұрмыс жағдайына және 

тағы басқа толып жатқан себеп, факторларға байланысты қалыптасады.

XIX ғ-дың ортасында ағартушылық идеяларының нышандары туды. Бұл 

–   прогресшіл   бағыттың  аса  көрнекті   өкілдері   Шоқан   Уәлиханов,   Абай 

Құнанбаев,   Ыбырай   Алтынсарин   болды.   Ш.Уәлиханов   өнерді   қоғамдық 

күрестің   құрылымы   деп   қарады.  Демократ  ағартушының   көзқарасында 

материалистік   тұрғыдағы   бағалары,   оның   көптеген   эстетикалық   пікірінде   де 

бой көрсетеді. 

Ы. Алтынсариннің эстетикалық көзқарастары оның сан қырлы кез келген 

жұмыстарынан   кең   орын   алады.   Өзінің   шығармаларында  ол  халықтың 

қоғамдық өмірінде, оның рухани дамуында әдебиет  пен  өнердің қаншалықты 

орын алатындығын көрсетті. А.Құнанбаев өзінің поэзиялық шығармаларында 

да  эстетикалық   проблемаларды   қазақ   қауымының   дамуындағы   көкейнесті 

мәселелерімен тығыз байланыстыра отырып әр қырынан қарастырады. Ол қазақ 

әдебиетінде тұңғыш рет табиғат  пен  адамның сұлулығын нақтылап айқындай 

түсті.   Поэзияның   көркемдігін   шыңына   жеткізе   түсуді,   мағынасын   тереңнен 

толғау   керектігін   айтты.   Абайдың   қара   сөздерінде   берілген   эстетикалық 

көзқарастары қазақтың қалың жұртшылығына кең тарады. Көне заманнан келе 

жатқан   ұлттық  бай  мұраларды   пайдалану   дүниелерін   бойға   сіңіру   негізінде 

Қазақстанда   ұлы  Октябрь  социалистік   революциясынан   кейінгі   жылдары 

социалистік мәдениет өркендеп дами бастады. Осы процеске тығыз байланысты 

түрде   Қазақстанда   эстетикалық   ой-пікір   шыңдалып   жетіле   түсті.   Қазақ 

халқының   эстетикалық   мәдениетінің   мәселері   Ә.X.  Марғұланның   М.О. 

Әуезовтің,   Е.С.   Ысмайловтың,   Қ.   Жұматаевтың,   Т.   Нұртазиннің, 

М.С.Сильченконың, М. Ғабдуллиннің әлеуметтік ғылыми еңбектері мен әдеби 

зерттеулерінің   объектісіне   айналды.   А.   Жұбанов,   Б.   Ерзакович   мәдени 

мұраларға   деген   көзқарас   мәселесін,   қазақ  музыка  өнерінің   ұлттық 

ерекшеліктерін, халық шығармашылығы мен профессионалдық өнердің өзара 

байланысын зерттеді. Келесі кезенде эстетика проблемалары Ә. Төжібаевтің, М. 

Қаратаевтың, Р. Нүрғалиевтің, Т. Кәкішевтің, Р. Бердібаевтың, М. Дүйсеновтің 

т.б.   әдеби   зерттеулерінде,   тарихшылар   мен   өнертанушылардың   еңбектерінен 

орын алды. Эстетиканы зерттеуші философтардың еңбектері алғаш 60 жылдары 

жарық көрді. Қазақстан ғалымдары жергілікті материалдарға сүйене отырып, 

негізінен маркстік-лениндік эстетиканың басты тарауларын зерттеді.  Эстетика 

ғылымының   жалпы   бөлімі   болып   табылатын   эстетикалық   таным   және   оның 

негізгі  категориялары  жөнінде.  Б.Р.  Қазыханованың,  К.Ш.  Нұрланованың, Е. 

Айымбетовтың зерттеу еңбектері жарияланды. Маркстік-лениндік эстетиканың 

жаңа   бір   саласы   –   еңбек   эстетикасы   зерттелді   (Е.И.   Байзаков),  бейнелеу 

теориясы  тұрғысынан маркстік-лениндік эстетиканың ең бір көлемінді саласы 

деп танылатын өнердің спецификасы мен әлеуметтік табиғаты өмірдің айнасы 

сияқтанған   өнердің   лениндік  бейнелеу   теориясы  тұрғысынан   жасалған 

18


зерттеулерден шешімін тапты  (С.Д.  Таңқаев), социалистік дәстүр әдебиеттегі 

жаңашылдық тақырыбы зерттелді (Р. Жанғазин); жастарға эстетикалық тәрбие 

беру мәселесін зерттеуге де баса назар аударылды (Е.Е. Ақмәмбетов).



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал