А. ҚР білім жəне ғылым министрлігі қазақ тағамтану академиясы артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу бойынша жетекші қҰрал алматы, 2012



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/8
Дата26.03.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

? ÀÇÀ?  ÒÀ?ÀÌÒÀÍÓ 

ÀÊÀÄÅÌÈßÑÛ 

ШАРМАНОВ Т.Ш., ТƏЖІБАЕВ Ш.С., БАЛҒЫНБЕКОВ Ш.А.

ҚР БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТАҒАМТАНУ АКАДЕМИЯСЫ

АРТЫҚ ДЕНЕ САЛМАҒЫ МЕН 

СЕМІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ 

БОЙЫНША

ЖЕТЕКШІ ҚҰРАЛ

Алматы, 2012



УДК 613.2 (075)

ББК 51.23 я 73

 Ш 26

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 

Ғылыми кеңесінің (№3 хаттама, 30.10.2012ж.) шешімі бойынша басылымға 

ұсынылды. 

Жетекші құрал медициналық жəне медициналық емес жоғарғы оқу 

орындары мен колледждердің профессор-оқытушылар құрамына, меди-

цина қызметкерлеріне, мұғалімдерге салауатты тамақтану, қалыпты дене 

салмағын қолдау жəне артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу 

мəселелері бойынша негізгі ақпарат ретінде қолдануға арналған. 

Жетекші құралдың ақпараттық қорын түрлі мақсаттық топтарға 

арналған оқу құралдарын жасау үшін қолдануға болады.

ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «Қазақстандағы артық дене 

салмағы мен семіздік эпидемиясының кешенді профилактикасы» жобасын 

орындау шеңберінде дайындалған. 



НҰСҚАУЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАҒАНДАР: 

Шарманов Т.Ш. – мед.ғыл.докторы, профессор, 

ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі

ДДҰ Леон Бернар атындағы сыйлығының лауреаты, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.



Тəжібаев Ш.С. – мед.ғыл.докторы, профессор, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері



Балғынбеков Ш.А. – мед.ғыл.докторы, профессор

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

АлдашевА.А. – мед.ғыл.докторы, профессор, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері



Бекбосынов Т.Г. – мед.ғыл.докторы, профессор

ISBN 978-601-7354-90-9

© Шарманов ТШ., Тəжібаев Ш.С., Балгынбеков Ш.А., 2012


3

I.    Кіріспе ............................................................................................................ 5

II.  Салауатты тамақтану негіздері ................................................................ 8

III.Артық дене салмағы мен семіздіктің эпидемиологиясы .................... 25 

IV.Семіздікке себепші факторлар ................................................................. 31

V. Семіздік жəне аурулар дамуының қаупі ................................................ 36

VI.Артық дене салмағы мен семіздікті анықтау ....................................... 41 

VII. Артықденесалмағы мен семіздіктің алдын алу ................................. 43 

VIII.Артық дене салмағын түзету жəне семіздікті емдеу ......................... 58 

IX.Ұсынылатын əдебиет тізімі ...................................................................... 83

МАЗМҰНЫ

4

Белгілеулер мен қысқартулар 

АГ

Артериалдық гипертензия



АҚ

Артериалдық қысым



ДДҰ

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 



ЕӨБ

Еуропалық Өңірлік Бюро



АІЖ

Асқазан-ішек жолдары 



ЖИА

Жүректің ишемиялық ауруы 



АДС

Артық дене салмағы 



ДСИ

Дене салмағы индексі 



ЛП

Липопротеидтер



ТЖЛП

Тығыздығы жоғары липопротеидтер



ТТЛП

Тығыздығы төмен липопротеидтер



ТӨТЛП

Тығыздығы өте төмен липопротеидтер 



МҚМҚ

Моноқанықпаған май қышқылдары 



ДС

Дене салмағы 



МС

Метаболикалық синдром



ҚМҚ

Қаныққан май қышқылдары 



КҚМҚ

Көп қанықпаған май қышқылдары



РМҒА

Ресей медицина ғылымдарының Академиясы



ҚР

Қазақстан Республикасы 



БӨ

Бел өлшемі 



СИНДИ

Жұқпалы емес аурулардың интеграциялық 

профилактикасы бойынша ДДҰ жалпы ұлттық 

бағдарламасы 



ТМД

Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы 



ЖҚА

Жүрек-қантамыр аурулары 



АҚШ

Америка Құрама Штаттары 



ҮГ

Үшрглицеридтер



ТТГ

Тиреотропты гормон



ӨСОА

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы



ХС

Холестерин



ЭКГ

Электрокардиограмма



ЭҚ

Энергетикалық құндылығы



5

I. КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында дамыған экономикалы 

елдерде халық аурушаңдығының құрылымы өзгерді. Оның құрамындағы 

үлкен үлесті қазіргі уақытта «метаболизм бұзылыстарының аурулары» не-

месе «жұқпалы емес аурулар» аталып жүрген сырқаттар алатын болды, 

олардың ішінде, атеросоклероз жəне басқа жүрек-қантамыр ауруларымен, 

қант диабетімен, өт-тас ауруымен, подаграмен жəне т.б. қатар семіздік те 

бар.


Қазіргі кезеңдегі семіздік мəселесінің өзектілігі бұл аурудың 

таралуының күрт өсуімен жəне артық салмақтың түрлі аурулар қаупінің 

себебін құрауымен байланысты.

Семіздік мүшелермен тіндерге түсетін жүктемені ұлғайтады, қызмет 

жүйелерінің жұмысын қиындатып, көптеген аурулардың даму қаупін арт-

тырады. Олардың ішінде алмасу жəне жүрек-қантамыр аурулары, буын 

дерттері, тоқ ішек ісіктері, сүт жəне аналық без қатерлі ісігі бар. Əдетте, 

семіздік тері, шаш, тырнақтың жағдайына əсер етеді. Артық салмақ ағзаның 

тез қартаюына ықпал етеді.

Барша əлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен 

семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының - 44%, жүректің 

ишемиялық ауруының 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 7-41% 

жағдайлары артық салмақ пен семіздік əсерінен туындаған.

ДДҰ деректеріне сай планетамызда артық дене салмағы бар, яғни, 

ДСИ >25 (ДСИ = дене салмағы, кг/бой, м²) құрайтын адам саны - 1,7 млрд. 

Бұл топтардағы адамдардың 250 миллионы созылмалы семіздік ауруы 

мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан. Əлемдегі 

мезгілінен бұрын болатын əр үшінші өлім-жітімнің семіздік пен адамның 

аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі анықталған. 

Қазіргі кезде əлемде семіздіктің таралуының қарқындылығы соншалық, 

ДДҰ сарапшыларының болжамына сай бұл сандар 2025 жылға таман екі 

еселенбек. Əр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 

10% өсіп отырады.

Семіздіктің балалар арасында таралуының көбеюі аса алаңдатуда. Ба-

лалар семіздігі көбінесе жүрек-қантамыр ауруларын, диабет, ортопедиялық 

мəселелер мен психикалық бұзылыстар дамуының қауіпті ықпалын 

құрайды. Мектептегі төмен үлгерім мен өзін-өзі бағалау төмендігі де 

көбінесе осыған байланысты. Балалық жəне жасөспірім шақтағы артық 

салмақ дене жəне психикалық-əлеуметтік денсаулық үшін қысқа немесе 

ұзақ мерзімді жағымсыз салдарлар туындатады. Балалық шақтағы семіздік 

– ересек жастағы семіздіктіңмаңызды болжамды факторы. Балалық шақта 

пайда болған метаболикалық жəне жүрек-қантамыр қаупінің ықпалдары ере-



6

сек өмірде де сақталып, денсаулық жағдайының нашар болуы мен мезгілсіз 

өлім-жітім қаупін арттырады.

Барлық əлемде семіздік эпидемиясының тез өсуі тағам өнімдеріне қол 

жетімдіктің артуымен жəне дене белсенділігі мүмкіндіктерінің азаюымен 

байланысты. Тағам өнімдерінің қазіргі кезеңде қол жетімдігі ерекше. Май 

мен қант мөлшері жоғары,семіздік дамуына ықпал ететін өнімдер арзан 

санаттағылар қатарында. Осылайша, тағам өнімдерін шамадан тыс тұтыну 

жəне аз қимылды өмір салты қалыптасқан заманауи қоғамды семіздіктің 

ықпалы ретінде сипаттауға болады.

Семіздік - Қазақстан Республикасында да аса маңызды мəселелердің 

бірі. Мысалы, елімізде 90-жылдары халықтың 15 жастан асқан топта-

ры арасында ДСИ >25 кг/м²шамасын құраған үлесі - 36,1%, оның ішінде, 

семіздікке шалдыққандар үлесі -17,3% болған. Ал 1999 жылы Қазақстан 

Профилактикалық медицина академиясы өткізген Медициналық-

демографиялық зерттеулер деректері бойынша бала өрбіту жасындағы 

əйелдер арасында (18-49 жас) ДСИ >25 кг/м² шамасын құраған үлесі - 32,5%, 

семіздікке шалыққандар - 12,7% болған.

Семіздік заттектер алмасуының терең орын алған бұзылыстарымен 

байланысты дамитын созылмалы аурулар қатарына жатады, бұл орай-

да энергетикалық ықпалдармен қатар үйлесімді тамақтану ұстанымдары 

сақталмауының алатын ролі айқын.

Тамақтану - қоршаған ортамен организм арасындағы байланыстың 

жан-жақты түрі, заттектер алмасуының жалпы тізбегіндегі шешуші 

буын. Тамақтанудың сандық жəне сапалық көрсеткіштерінің көмегімен 

организмнің ішкі ортасының өзіне тəн биохимиялық реттелуі жүзеге асыры-

лады, осы арқылы оның оңтайлы жағдайы – тұрақты гомеостаз қамтамасыз 

етіледі. Тиімді тамақтану организмнің оңтайлы фищзиологиялық жағдайын 

қолдауда, жоғары жұмыс қабілетін сақтауда, өмір жас ұзақтығын арттыруда, 

артық дене салмағымен жəне семіздікпен күресте маңызды роль атқарады. 

Салауатты тамақтануды қамтамасыз ету - ДДҰ Басты стратегиясының 

шешуші құрамбөліктерінің бірі. Салауатты тамақтану ұлт денсаулығын 

анықтайды, балалардың қалыпты өсуі мен дамуын, ақыл-ой жəне дене 

қабілетін, өмірдің ұзаруын, əлеуметтік-экономикалық дамуды, əл-ауқат пен 

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

Салауатты тамақтанудың Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық 

маңыздылығы Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030» 

Жолдауының Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі жəне аман-

саулығы» төртінші ұзақ мерзімдік басымдылығында айқын көрініс тапқан. 

Басымдылықта денсаулықты қорғау мен нығайтудың негізгі мəселелерінің 

қатарында анықталғандар: аурулардың алдын алу, тамақтануды жақсарту 

жəне салауатты өмір салтына септестік ету.



7

2003 жылдың мамыр айында Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ассам-

блеясы ірі зерттеу жобасының нəтижелерін жариялады, осыған сай плане-

та халқының аурушаңдығы мен өлім-жітімінің қазіргі кезеңдегі деңгейін 

анықтайтын 10 қауіпті факторлары аталды. Олардың ішінде көбінесе 

халықтың төмен дене белсенділігімен байланысты, əсіресе, дамыған елдер-

де, семіздік мəселесі ерекше орын алады. Энергия шығыны төмен болуында 

тағамның калориясы да төмен, көмірсулар мен май мөлшері аз болуы тиіс. 

Олай болмаған жағдайда артық дене салмағы пайда болып, семіздік дамиды, 

осының салдарынан көптеген аурулар да пайда болады.

1996 жылы Қазақ тағамтану академиясы тамақтану саласындағы 

Ұлттық саясат Концепциясын жасап, «Қазақстан жəне Орталық Азия 

республикаларының Ұлттық саясаты 1978 жылғы алғашқы медициналық-

санитарлық жəрдем бойынша Алматы декларациясы тұрғысында» атты 

халықаралық конференцияда алғаш рет ұсынылды. Аталған Концепция 

негіздік құжаттама ретінде Қазақстандағы іс-əрекеттерге нұсқаулыққа ай-

налды, оның басты ұстанымы – ұлт денсаулығы негізі үшін тиімді, салауат-

ты тамақтануды қамтамасыз ету. 

2011 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен жəне ҚР Денсаулық 

сақтау министрлігінің сəйкес тапсырысымен «ҚР халқының салауатты 

тамақтануына арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаты» жасалған. Қазақ 

тағамтану академиясы жасаған бұл жоба министрліктермен жəне мекемелер-

мен мақұлдану үстінде.

Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін халықтың, тіпті, медициналық 

қауымдастықтың салауатты тамақтану туралы жəне артық дене салмағы 

мен семіздіктің алдын алуы жөніндегі нақты білімінің деңгейі жеткіліксіз 

болып қалуда.Сондықтан, халықтың түрлі топтарын салауатты тамақтану, 

қалыпты дене салмағын қолдау, артық дене салмағы мен семіздіктің ал-

дын алумəселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру - семіздікпен 

күрестегі маңызды бағыттардың бірі. Халықтың түрлі мақсаттық топтары 

арасында семіздік мəселесі бойынша ағарту-ақпараттық бағдарламаларын 

жүргізу - семіздіктің ұзақ уақыт бойы бақылауға алынуын қолдауға арналған 

аса үнемді, болашағы бар жəне тиімді əдіс.


8

II. САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ 

Салауатты тамақтану дегеніміз – адамның қалыпты өсуін, дамуы 

мен тіршілік қызметін қамтамасыз ететін, денсаулығын нығайтуға жəне 

аурулардың алдын алуға ықпал ететін тамақтану. Салауатты тамақтану 

келесі өлшемдерге жауап береді:

  Организм үшін керекті қоректік заттектер мен энергияға қажеттілігін 

қанағаттандырады.

  Рациондағы тағам өнімдерінің түрлі болуымен сипатталады. 

  Белгілі бір тəртіппен тұтынылады. 

  Организмнің ас қорыту жəне ферменттік мүмкіндіктеріне сəйкес келеді. 

  Сапалы жəне қауіпсіз болады.

  Оңтайлы өсу мен дамуды, денсаулық деңгейі мен еңбекке қабілетті арт-

тыруды қамтамасыз етеді, тамақтануға байланысты аурулардың алдын 

алады. 


Салауатты тамақтану ережелерін сақтау жəне ұдайы дене жаттығуларын 

жасау арқылы созылмалы аурулардың, семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, 

диабет, жоғары қысым жəне қатерлі ісіктер секілді бұзылыстардың даму 

қаупін азайтуға болады. 

Тамақтану салауатты болуы үшін белгілі ережелер мен ұстанымдарды 

қадағалау қажет. Салауатты тамақтанудың жұқпалы емес аурулардың 

интеграциялық профилактикасына қатысты ұстанымдарын ДДҰ 

халықаралық бағдарламасының сарапшылар тобы тұжырымдап, «Тамақтану 

бойынша СИНДИ бағдарламасының нұсқаулығында» көрсетті, олардың си-

паты келесідей:

1. Салауатты, үйлесімді емдəм түрлі тағамды күніне бірнеше рет 

қабылдауға негізделуі тиіс. 

2.  Нанды (көбінесе ірі тартылған ұннан жасалған), жарма жəне макарон 

өнімдерін, күрішжəне картопты күніне бірнеше рет, тағам қабылдау 

сайын тұтынған жөн. 

3. Түрлі көкөніс пен жемістерді күн барысында бірнеше рет жəне 

картопқа қатысты қосымша 400 г/тəул.мөлшерінен артық тұтынған 

жөн. Жергілікті жерде өсірілген көкөністер мен жемістерді тұтыну 

қолайлы. 

4.  Май мен ас тұзының мөлшері төмен сүт жəне сүт өнімдерін (айран, 

ашыған сүт, сыр, йогурт) күнделікті тұтынған жөн. 

5.  Май мөлшері жоғары ет жəне ет өнімдерін бұршақ тұқымдастарымен, 

балықпен, құс етімен жəне майсыз ет сұрыптарымен алмастырған жөн. 

Ет, балық пен құс етінің үлес мөлшері шағын болуы тиіс.



9

6. Жалпы май тұтыну, ет, сүт жəне басқа өнімдердегі, ас əзірлеуде 

қолданылатын майды қоса, - тағамның тəуліктік ЭҚ 15-тен 30% құрауы 

тиіс. Буда немесе суда пісірілген, тандыр немесе микротолқынды пеште 

дайындалған асты таңдаған жөн. Ас пісіру кезінде май қосуды азайту 

қажет. 


7.  Қант мөлшері төмен емдəм таңдаған жөн. (тəуліктік рационның 10% 

аспай-тын).

8.  Ас тұзын жалпы тұтыну, нан, консервіленген жəне басқа өнімдердегі 

мөлшерін есепке ала отырып, күніне 1 шəй қасықтан (5 г) аспауы тиіс.

Йодталған ас тұзын қолдану ұсынылады. 

9.  Оңтайлы ДСИ ұсынылған шектерге сəйкес болуы тиіс (ДСИ 18,5–

24,9 кг/м2). Кемінде, дене белсенділігінің орташа деңгейін қолдау 

қажет. 


10. Алкоголь тұтыну күніне 2 үлестен артық болмауы тиіс (əр үлесінде 

алкогольдің 10 г бар). Оны күнделікті тұтыну жағдайында, кемінде, ап-

тасына 1 күн қабылдауды тоқтату қажет.

11. Тамақты буда, суда пісіру, бұқтыру, тандырда немесе микротолқынды 

пеште дайындау қосатын майдың мөлшерін азайтуға көмектеседі. 

12. Сəбилерді өмірінің алғашқы 6 айында тек ана сүтімен қоректендіруді 

насихаттаңыз. 

Жүрек-қантамыр аурулары, диабет, онкологиялық дерттермен қатар 

семіздік те жұқпалы емес аурулар тобына жатады. Осыған байланысты 

көрсетілген ұстанымдарды семіздіктің де алдын алуда қолдануға болады.



1 ҰСТАНЫМ. 

Салауатты жəне үйлесімді емдəм, негізінен, 

жануар тектес емес, өсімдік тектес, алуан түрлі 

өнімдерге негізделуі тиіс. 

Тағам өнімдерінде қоректік заттектердің алуан түрлі біріктірілуі 

кездеседі. Қоректік заттектердің көпшілігі өсімдік тектес өнімдерде 

жеткілікті мөлшерде болады. Дегенмен, 6-айлық жастан бастап адам 

ағзасының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ете алатын бір де бір өнім 

жоқ. Көпшілік өнімдер қоректік заттектердің біріне бай, екіншісіне жұтаң 

келеді. Мысалы, картопта С дəрумені бар, бірақ, темір аз, нан мен бұршақ 

тұқымдастарда темір бар, бірақ, С дəрумені аз. Жануар тектес ақуыздар 

өсімдік тектес ақуыздарға қарағанда толыққұнды алмастырылмайтын амин 

қышқылдарына бай келеді. Өсімдік майлары жануар майларында аз болатын 

алмастырылмайтын май қышқылдарына бай келеді. Осындай пікірлерді кез 


10

келген тағамдық заттекке қатысты айтуға болады. Сондықтан, тамақтану, 

мүмкіндігінше, алуан түрлі болуы қажет. Арнайы емдəмді дəрігердің 

ұсыныстарына сай ғана ұстануға болатындығын білген жөн. 



2 ҰСТАНЫМ. 

Ірі тартылған ұн нанын, жармалар мен макарон өнімдерінен, 

картоптан дайындалған тағамды күніне бірнеше рет, тамақ ішкен 

сайын тұтынған жөн.

Нан, үгетілген дəн, макарон өнімдері, күріш пен картоп адамның 

тамақтану рационының негізін құрайды. Сондықтан, тағамның тəуліктік 

энергетикалық құндылығының (ЭҚ) жартысынан көбі осы өнімдер есебінен 

құралуы тиіс. Олар – ақуыздардың, көмірсулардың, тағамдық талшықтардың, 

минералдық заттектердің (калий, кальций, магний) жəне В тобы 

дəрумендерінің (В1, В2, В6, никотин жəне фолийқышқылдары) маңызды 

көздері. Демек, бұл өнімдерді тек энергия мен көмірсулар көзі ретінде ғана 

емес, басқа да құнды қоректік заттектердің көзі ретінде қарастырған жөн. 

Нан мен картопты тұтыну майдың жинақталуына ықпал етеді деген 

қате пікір қалыптасқан. Ал, негізінде, крахмалдың ЭҚ осы мөлшердегі май 

мен алкогольдің ЭҚ біршама төмен келеді. Мысалы, 1 г крахмал ыдырағанда 

ағзаға 4 ккал береді, ал осы мөлшердегі май мен алкоголь, сəйкесінше, 9 

жəне 7 ккал береді. 

Көптеген өсімдік тектес өнімдерде, май мен маргариндерді қоспағанда, 

олардың құрамында судың жоғары мөлшеріне орай ЭҚ төмен болады. Ет 

жəне кейбір сүт өнімдерімен салыстырғанда нан мен картоп ЭҚ ең төмен са-

налатын өнімдер тобына жатады. Бірақ, бұл пікір тек аталған өнімдерге дəм 

сапасын жақсарту үшін ЭҚ жоғары түрлі майлар мен тұздықтар қосылмаған 

жағдайда ғана орынды.

Нан түрлерінің көпшілігінде, əсіресе, ірі тартылған ұн нанында, жар-

малар мен картоптың құрамында түрлі тағамдық талшықтар бар. Тағамдық 

талшықтарға бай өнімдерді жеткілікті мөлшерде тұтыну ішек қызметін 

реттеуде маңызды роль атқарады жəне созылмалы іш қатуының, диверти-

кулит пен геморрой əйгіленімдерінің айқындылығын азайтуға, жүректің 

ишемиялық ауруының (ЖИА) жəне қатерлі ісіктердің кейбір түрлерінің даму 

қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген өнімдермен қатар 

тағамдық талшықтардың көзі ретінде бұршақ тұқымдастарды, жаңғақтарды, 

көкөністер мен жемістерді атауға болады.

Көпшілік адамдарға нанды, негізінен, қара жəне ірі тартылған ұн нанын 

көбірек қолдануға кеңес беруге болады.


11

3 ҰСТАНЫМ.

Түрлі көкөністер мен жемістерді күніне бірнеше рет жəне картопқа 

қосымша ретінде 400 г/тəул. асатын мөлшерде тұтыну қажет. 

Жергілікті жерде өсірілген көкөністер 

мен жемістерді таңдаған жөн. 

Көкөністер мен жемістер жүрек-қантамыр ауруларының, қатерлі 

ісіктердің кейбір түрлерінің жəне микроэлементтер тапшылығының ал-

дын алуда маңызды қорғаныстық роль атқарады. Олар – дəрумендердің, 

минералдық заттектердің, көмірсулар мен тағамдық талшықтардың, 

көптеген органикалық қышқылдардың, өсімдік тектес биологиялық 

белсенді заттектердің көздері. Көкөністер мен жемістерде май мөлшері аз. 

Тағамдағы май мөлшеріне ас əзірлеу тəсілінің əсер етуін есте ұстау қажет. 

Көкөністерді тұтыну жеміс тұтынудан 3/1 қатынасындай артық болуы 

тиіс. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар көкөніс пен жемістерді жеткіліксіз 

тұтынады.

ЖИА жəне қатерлі ісіктердің даму қауіптерінің тағамдық факторларының 

бірі - антиоксиданттар тапшылығы (каротиноидтар, С жəне Е дəрумендері). 

Антиоксиданттар жасушаларды бос радикалдардың зақымдайтын əрекетінен 

қорғайды. Бос радикалдардың көп болуында тотығу үрдістерінің əсері жақсы 

зерттелген. Тоттыққан холестерин (ХС) қантамырлар қабырғаларында 

жинақталады, бұл атероматоздық түйіндер мен атеросклероздың дамуына 

апарады. Антиоксиданттардың айқын тапшылығы темекі шегетін адамдар-

да байқалады, себебі, темекі шегуде бос радикалдар мол мөлшерде пайда 

болады. Осылайша, көкөністер мен жемістерде болатын антиоксиданттар-

ды мол тұтыну ағзаны бос радикалдардың зақымдайтын əсерінен қорғауға 

көмектеседі. 

Фолий қышқылының анемияның алдын алудағы маңызы белгілі. Фо-

лий қышқылының сəбилердің нерв түтігініңіштен туа бітетін ақауларының 

алдын алуда маңызды ролі бар (бір немесе бірнеше омыртқа бағандарының, 

тіпті, бүкіл омыртқа каналы доғаларыныңқиюласпауы,анэнцефалия – мидың 

болмауы, т.б.) .

Жүкті əйелдердегі фолий қышқылының тапшылығында бұл 

бұзылыстар жүктіліктің ерте мерзімдерінде қалыптасады (ұрықтанудың 21-

28 күндерінде), əйел бұл кезеңде жүктілігі жайлы білмеуі де мүмкін. Осыған 

байланысты əйелдерге фолий қышқылын ұрықтануға дейін қабылдау 

ұсынылады. Бала өрбіту жасындағы əйелдерге фолий қышқылына бай 

өнімдерді көбірек тұтыну ұсынылады. Фолий қышқылының жақсы көздері 

– бұршақ тұқымдастар, арахис, нан, саумалдық секілді жасыл көкөністер, 

брюссель қырыққабаты мен брокколи.


12

Фолий қышқылы атеросклероз бен жүрек-қантамыр ауруларының 

басқа түрлерінің алдын алуда маңызды роль атқарады. Фолий қышқылының 

тапшылығында ағзада гомоцистеин амин қышқылы жинақталады, 

ол қантамырлар қабырғаларын зақымдап, зақымдаған бөліктерінде 

атеросклеротикалық түйіндер түрінде холестерин мен липидтер жинақталуын 

ықпал етеді.

Темірге бай басқа өнімдермен (мыс.,бұршақ тұқымдастар, дақылдар) 

бірге құрамында С дəрумені бар көкөністер мен жемістер тұтыну темірдің 

сіңуін жақсартады. Темірдің өсімдік тектес жақсы көздері – қырыққабат 

тұқымдас жапырақты аскөк – брокколи, саумалдық. Сонымен қатар, 

көкөністер мен жемістерде В тобы дəрумендері жəне артериалдық қысымның 

арту қаупін азайтуға ықпал ететін калий, кальций секілді минералдық зат-

тектер бар.

Көкөністер мен жемістерді тұтынудың денсаулыққа бірқатар 

пайдалы əсері олардың құрамында болатын, фотохимиялық реакция-

ларда қатысатын каротиноидтар (А продəрумені) жəне қантамырлар 

қабырғаларын нығайтатын флавоноидтар секілді басқа да бөліктеріне 

байланысты. Сондықтан, талшықтардың таблеткалар мен тағамдық 

қоспалардан емес, табиғи көздерден түскені дұрыс. Тың көкөністер мен 

жемістер рационда жыл мезгілі мен өңірге байланысты өзгеріп отыра-

ды, бірақ, мұздатылған, құрғақ жəне арнайы өңделген көкөністер мен 

жемістерге жыл бойы қол жетімділік бар. Жергілікті жерде өсірілген 

көкөністер мен жемістерді таңдаған жөн.




  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал