А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық



жүктеу 26.62 Kb.

Дата02.03.2017
өлшемі26.62 Kb.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры 

А.Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық 

форумында жасаған баяндамасының тезистері    

_______________________________________________________ 

Астана, Назарбаев университеті, 2014 ж. 11 маусым 

 

Өңірдегі жетістікті университет дегеніміз не?  



 

Құрметті төраға мырза, құрметті Форумға қатысушылар мен 

қонақтар!    

Өңірлік  ЖОО  жетістіктігі  мәселесіне  тоқтала  отырып,  келесі 

сұрақтарға  жауап  беруге  тырысайын:  өңірдегі  университет  жетістіктігін 

анықтайтын  критерийлер  қандай  және  өңірлік  университет  жетістіктігін 

қандай факторлар анықтайды?  

Университет жетістіктігінің критерийлері  алуан түрлі.  Бұлар ғылым 

және білім беру қызметін бағалау, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, 

оқытушылар  мен  студенттердің  арасалмағы,  ғылыми  дәрежелілік  және  т.б. 

критерийлері болуы мүмкін.  Бұлар жаһандық рейтингтердің, сонымен қатар 

отандық рейтингтік агенттіктердің критерийлері де болуы мүмкін.  

Бүгін  мен  университет  жетістіктігін  нарықтық  қатынас  элементі  ретінде 

бағалауды ұсынамын.  Талкотта Парсонстың ашық жүйелерді саралау әдісіне 

сүйеніп,  университетті  ашық  жүйе  ретінде  елестетейік.  Кіру  есігінде  – 

талапкерлер ағымы, ал шығу есігінде еңбек нарығына жіберілген бітірушілер.   

Бұл  жүйенің  орнықтылығы,  тұрақтылығы  немесе  жетістіктігі 

университет қызметі мен өңірдің еңбек ресурсына деген сұранысын реттеуші 



негізгі  механизм  болып  табылатын  кері  байланыс  ілмегімен  анықталады.   

Бұл жағдайда маңызды критерий, яғни еңбекке орналасу өңірлік университет 

жетістіктігінің интегралды көрсеткіші болып табылады.  Аталған критерийді 

бітірушілері  бір  өңірде  шоғырланбайтын  болғандықтан  ұлттық  ЖОО-ларға 

қолдану қиын.    

Университет  жетістіктігі  факторларын  анықтау  үшін  Джамиль 

Салмидің  тәсілін  қолданамыз.  Ол  әлемдік  деңгейдегі  университеттер 

жетістіктігін  келесі  факторлар  арқылы  анықтайды:  дарындардың  үлкен 



шоғыры  (оқытушылар  мен  студенттер  арасынан),  озық  ғылыми  зерттеулер 

жүргізу  мен  білім  алуға  қолайлы  жағдай  жасау  ресурстарының  молдығы 

және стратегиялық көріністі дамытуға, инновациялар мен икемділікке ықпал 

жасайтын ЖОО басқарудың тиімді құрылымы.     

Осыдан  келіп  бұл  формуланың  өңірлік  ЖОО  жетістіктілігіне  қалай 

қолдануға болады? - деген сұрақ туындайды. 



 

Дарынды  оқытушылардың  өңірде  жоғары  деңгейде  шоғырлану 



мәселесі өте шектеулі. Ал дарынды студенттерге келсек, оларды таңдау ҰБТ 

нәтижелері бойынша жүргізіледі, ЖОО құзыретіне жатпайды. 

Жеке инвесторлар қаржысын тарту, эндаумент қорын құру туралы көп 

әңгіме айтылады, дегенмен аталған механизмдер өз дамуын таба алмай жүр.    

Қамқоршылық  немесе  бақылау  кеңесі  түріндегі  алқалық  басқару 

органының қызметі әзірше өз нәтижелілігін көрсете қойған жоқ.    

Бірақ осының бәрі өңірлік университет жетістікті бола алмайды деген 

сөз  бе?  Өңірлік  университет  жетістіктілігіне  қандай  факторлар  әсер  етеді?  

Қалыптасқан жағдайдан шығу жолдары қандай?  

Біздің пікірімізше, келесі факторларға назар аудару қажет.  



Біріншіден, 

республикалық 

бюджеттен 

мемлекеттік 

қаржыландыруды  көбейту,  осы  мәселені  біз  кеше  Мэри  Кеннингпен  біраз 

талқылаған болатынбыз.   



Екіншіден,  өңірлік  университетті  басқаруға  жергілікті  үкімет 

органдары жетекшілерін, сонымен қатар ірі жұмыс берушілерді тарту.  

Үшіншіден,  жоғары  білім  беруде  мемлекеттік-жеке  меншік 

әріптестігінің  жаңа  деңгейіне  көшу.  Біздің  ойымызша  білім  беру 

меценатарына заңнамалық тұрғыдан салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ рухани 

тұрғыдан басқа да марапаттау түрлерін қарастыру қажет.  

Төртіншіден,  университет  ұжымының:  ПОҚ,  студенттердің  ЖОО 

даму  стратегиясын  айқын  түсінуін  қамтамасыз  ету.  Инновациялар  мен 

үнемі  жақсартып  отыру,  осы  үдеріске  қатысатын  стейкхолдерде  белгілі  бір 

мәдениет қалыптастыруды талап етеді. 

Бесіншіден,  интернационализация стратегиясын  тиімді пайдалану. 

Шетелдік  профессорлар  мен  студенттердің  келуі  білім  алушылар 

академиялық  деңгейінің  көтерілуіне  және  мәдениетаралық  қарым-қатынас 

әсерінен тәжірибесінің баюына ықпал етуі мүмкін.  



Алтыншыдан,  ағылшын  тіліндегі  оқу  бағдарламаларын  кеңейту.  Бұл 

шақырылатын  шетелдік  профессорлар  мен  ғалымдардың  тәжірибесін  тиімді 

пайдалануға мүмкіндік береді.  

Жетіншіден, (мен мұнда арандатқыш ой айтып қалуым мүмкін) өңірде 

тек сұранысқа ие мамандықтарға ғана ерекше көңіл аудара отырып, өңірлік 



ЖОО-лардың оқу бағдарламалар спектрын шектеу. Қаржы көзін көбейту 

мақсатында  мамандықтарды,  контингентті  кеңейту  оқыту  сапасына,  өңірде 

ЖОО абыройының төмендеуіне қатты әсер етеді. 

Сегізіншіден,  мамандықтардың  қайталанбауын  қамтамасыз  ете 

отырып,  өңір  ЖОО-ларының  білім  беру  кластерін  құру.  Бұл  қажетсіз 

бәсекелестікті,  паралель  оқытуды,  саны  аз  тиімсіз  топтарды  болдырмауға 


 

септігін  тигізеді.    Нәтижесінде,  әрбір  ЖОО  өз  саласында  жетістікті  бола 



алады.  

Қорыта  келе,  біз  өңірлік  қазақстандық  университеттің  жетістіктілігі 

көптеген  факторларға  байланысты  екендігін  көреміз.  Жоғарыда  аталған 

факторлар  қатарын  менің  әріптестерім  одан  әрі  кеңейтулері  мүмкін.  

Дегенмен олардың бастылары төмендегілер болып табылады деген ойдамыз: 

мемлекеттік қолдау, университет ұжымының университет стратегиясын 

айқын  түсінуі,  өңір  проблемаларын  шешуге  ЖОО-ның  тартылуы, 

университеттің сыртқы және ішкі стейкхолдерлермен тығыз әрекеттесуі.   

Сөз  соңында  біздің  ЖОО  туралы  берер  сөз.  Қ.Жұбанов  атындағы 

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті осыдан бір жыл бұрын Қ.Жұбанов 

атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университеті  мен  Ақтөбе  мемлекеттік 

педагогикалық  институтын  қосу  жолы  арқылы  құрылды.  Бұл  қайта 

ұйымдастырудың  мақсаты  –  біріккен  адами  және  қаржы  ресурстары 

өндіретін  жаңа  синергияны  капиталдау,  ЖОО-ны  жетістікті  өңірлік 

университетке айналдыру.  

Бітірушілері  өңірде  жұмыс  жасап  тұрған  мұнай-газ,  тау-кен  және 

металлургия  өнеркәсібін  дамытатын  әлеует  болуы  үшін  университет 

мемлекеттік органдар және кәсіпорындармен бірлесе отырып, үлкен еңбекті 

қажет ететін жұмыстар атқаруда.   



Назарларыңызға рахмет! 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал