А. Н. Иманбетов Футболдан жарысты ұйымдастыру: Оқу-әдістемелік



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/5
Дата17.06.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігі 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университеті 
 
Н.Иманбетов 
 
ФУТБОЛДАН ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Оқу-әдістемелік құралы 
 
 
 
 
 
Қарағанды 
2015 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

ӘОЖ 796.332 (075.8) 
КБЖ 75.578я73 
И48 
А.Н.Иманбетов 
Футболдан жарысты ұйымдастыру: Оқу-әдістемелік 
құралы 
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015.-123 бет. 
Оқу-әдістемелік  құралында  мектептерде,  жоғары  оқу 
орындарында  футболдан  жарысты  ұйымдастыру  мен  ондағы 
әдістемелік нұсқаулар қарастырылған. 
Жоғары оқу орындарының дене шынықтыру және спорт 
факультеттерінде  5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт 
» , 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтарында 
оқитын студенттерге, оқытушыларға арналған. 
ISBN 978-601-204-273-3    ӘОЖ 796.332 (075.8) 
КБЖ 75.578я73 
Пікір білдірушілер 
Ж.Божиг Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ДМІ мен Әжәне 
СМ кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. 
А.А.Ахметов ҚарМТУ-нің дене тәрбиесі кафедрасының 
меңгерушісі м.ғ.к. 
С.К.Жүніспеков, Қарағанды обылысының дене тәрбиесі 
және спорт департаментінің ғылми бөлім қызметкері проф. 
п.ғ.к. 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
Мазмұны 
Кіріспе..................................................................................................................3 
1. Футбол ойыны дамуының қысқаша 
тарихы...............................................6 
1.1. Ойынның пайда болуы және оның таралуы............................................6 
1.2. Еліміздегі футболдың дамуы....................................................................8 
2. Жарысты ұйымдастыру және өткізу.....................................................11 
2.1. Футболдың даму барысы мен ойын ережесінің өсу сатылары...........11 
2.2. Ойынның негізгі ережелері.....................................................................12 
2.3. Жарыс түрлері және оларды өткізу тәсілдері.......................................13 
2.4 Жарысқа дайындық..................................................................... ..........21 
3.Ойын..................................................................................................................
.25 
3.1. Ойынға анықтама беру............................................................. ..............25 
3.2. Алаң және сызықтардың көлемі.............................................. .............26 
3.3.Доп..................................................................................................... .......32 
4.  Ойыншылар  саны  және  ойыншылардың  спорттық  киімдермен 
жабдықталуы.....................................................................................  ..........34 
4.1 Ойыншылар саны .........................................................................  ..........34 
4.2 Ойыншылардың киім-кешекпен жабдықталуы ....................................36 
5. Төрешілер атқаратын қызметтер..........................................................42 
5.1 Алаңдағы төреші.......................................................................................42 
5.2. Қапталдағы төрешілер............................................................................47 
5.3. Ойын ұзақтығы .................................. ..............48 
5.4. Ойынның басталуы ..............................................................................50 
6. Ойындағы доп ..................................................................   ...................53 
6.1. Доп ойында және ойында емес....................................... ...................53 
6.2. Ойын нәтижесі.................................................................  ..................53 
6.3. Ойыннан тыс..................................................................... ...................55 
7. Ережелерді бұзу.................................................................. ..................58 
7.1. Ойыншылардың тәртіпсіз қылығы............................  ......................58 
7.2. Айып және еркін соққылар ........................................... ...................64 
7.3. 11-метрлік соққы ................................................................................67 
7.4. Допты лақтырып ойынға қосу............................................................70 
8. Соққылар............................................................  ................................73 
8.1. Қақпадан жасалатын соққылар................... .....................................73 
8.2. Бұрыштама соққысы..................................... ....................................75 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

8.3. 11-метрлік белгіден соққылар сериясы көмегімен жеңімпаздарды 
анықтау жөніндегі ФИФА нұқсаулары...................................................76 
8.4. Түзетілетін қателер ............................................................................78 
9. Төрешілердің қимылдары............................  ..................................81 
9.1. Төрешілердің қимылдары......................     ......................................81 
9.2Хаттама.............................................................   .................................83 
9.3.  Наразылық білдіру іс-шаралары..................   .....................................84 
9.4 Командаларды топтастыру....................      ..........................................86 
10 
Cпорт 
ойындарының 
теориялық 
және 
әдістемелік 
негіздері............90 
10.1 Футболдың адамағзасына әсері.....................................................90 
10.2 Футбол ойынының адам өміріндегі алатын орны...  ...................92 
10.3 Үйрету әдістері ...............................................................................95 
10.4 Үйрету мен жаттығудың мазмұны ................  ............................100 
Қорытынды......................................................     .................................113 
Пайдаланған әдебиеттер.............................   ......................................114 
Қосымшалар...................................................    ....................................116 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының 
әлеуметтік-экономикалық  дамуы  барысында  саяси-
идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

ұрпақты  салаутты  рухта  тәрбиелеу  өзекті  мәселеге 
айналып отыр.  
Мұндай 
мазмұндағы 
мемлекеттік 
талап-
міндеттер,  бүгінде  жас  ұрпақты  деншынықтырумен 
айналысуға шақыруы жалпы ұлттық сипатқа ие болып 
отырғандығын  көрсетеді.  Бұл  бағыттағы  күрделі 
тәрбие  үдерісі  әр  отбасынан  бастау  алып,  білім  беру 
жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. 
Жастарды  салауатты  өмір  салтына  шақыруда 
тәрбиенің 
құрамдас 
бөлігі 
және 
біздің 
анықтауымызша  жастардың  отанға  деген  сезімін 
қалыптастыруға 
бағытталатын 
мақсатты 
ұйымдастырылған 
және 
басқарылатын 
психологиялық-педагогикалық 
үдеріс 
болып 
табылады. 
Спорттағы  жетістіктер,  ерлік  патриотизмнің  ең 
жоғары  әлеуметтік  белсенділігі  тұрғысында  жеке 
тұлғаның  мінез-құлқы  мен  санасында    нақты 
сапалық көріністерді білдіреді.  
Әлемдегі дамыған елдер қатарына теңесу тікелей 
өз отанын сүйетін, отаншыл ұрпақ тәрбиесіне тікелей 
байланысты  болатынын  ескерсек,  өскелең  ұрпақты 
тек  рухани-мәдени  таным  арқылы,  тарихи  сана 
негізінде,  тәрбиелеу  бүгінгі  мемлекетіміздің  басты 
ұстанымы болып отыр.  
Сондықтан, біз басқа өркениетке ұмтылған елдер 
секілді  өскелең  ұрпақты  салаутты  өмір  салтын 
ұстанып 
денешынықтырумен 
күнделікті 
шұғылдануға  талпынуымыз  қажет  екенін  ескерсек, 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

барлық  оқу  орындарында,  оның  ішінде  арнайы 
мамандандырылған  спорт  мектептеріндегі  спорттық 
жаттығуларда,  әйелдер  футболы  спорттық  ойыны 
түрлерінде  бұл  мәселелерде  ғылыми  педагогикалық 
тұрғыда  арнайы  зерттеудің  қажет  екендігі 
анықталды.  
Алдағы 
уақытта 
Қазақстанды 
әлемге 
мойындататын  нағыз  шынайы  қазақстандық  рухы 
бар, отаншыл  жастар ғана таныта алады.  
Жалпы қай қоғам болмасын сол қоғамға лайықты 
ұрпақ  тәрбиелеуге  тырысқан.  Біз  қозғағалы  отырған 
әйелдер  футболы  қазақстанда  кенже  қалып  қойған 
спорт түрінің бірі.  
Әйелдер болашақ жас ұрпақты өмірге келтіретін 
ана  десек,  қай  кезде  болмасын  ұрпақ  тәрбиесінде 
өзекті мәселе болған. 
Республикамызда  футбол  мектебі  мардымсыз 
жұмыс  жүргізіуде  деген  сауал  туатыны  белгілі,  осы 
тұрғыда  әйелдер  футболы  осы  мардымсыз  дамыған 
спорттың  бірі  болып  қалуда.  Біздің  таңдап  алып 
отырған мәселе осы жағдайлардан туындап отыр. 
Әйелдер  футболы  көрші  Ресей  мемлекетінде  де 
даму  үстінде.  Сондықтанда  оқу-жаттығуларына 
арналған әдістемелік құралдар аздық етіп отыр.  
Шет елдік зерттеушілер ғылыми еңбектерге шолу 
жасау  барысында  түйгеніміз,  болашақ  спортшылар 
дайындайтын  арнайы  спорт  мектептерінде  немесе 
еліміздің  намысын  қорғап  жүрген  футбол 
мектептеріне  қатысты  мәселе  арнайы  ғылыми-

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

зерттеу  жұмысы  ретінде  қарастырылмаған  және  де 
бұлар  туралы  мұрағат  құжаттары,  озық  тәжірибелер 
тарихи-педагогикалық  тұрғыда  толық  қанды 
зерделенбеген.  
Бұл  айтылғандардан  әйелдер  футболының 
дамуына  ат  салысып,  жеткілікті  дәрежеде  назар 
аударылмайтындығы  арасында  және  арнайы  спорт 
мектептеріндегі  әйелдер  футболы  арқылы  болашақ 
спортшылармен  жұмыс  барысында  оларға  футбол 
ойынының  дамуы  бағытында  тәрбие  жүргізуге 
мүмкіндіктің  молдығы  мен  бұл  бағытта  арнайы 
теориялық  және  әдістемелік  тұрғыда  зерттеудің 
болмауының бар екендігі айқындалды.  
Елімізде дене шынықытрумен спортты дамытуға 
байланысты  бағдарлмалар  қабылдануда  оның  бірі 
Қазақстан  Республикасында    дене  шынықтыру  мен 
спорты  дамытудың  2011-2015  жылдарға  арналған 
салалық  бағдарламасы.  Сонымен  қатар  «2012-2022» 
жылдарға  арналған  балалар  мен  жасөспірімдер 
футболын  дамыту  бағдарламасы  жұмыс  жасап 
жатыр[1,2]. 
Осы бағдарлама аясында еліміздің 11 қаласында 
футбол  орталықтары  жұмыс  жасауда.  Мұның 
барлығы 
Қазақстан 
Республикасының 
дене 
шынықтыру  және  спорт  заңының  аясында  жұмыс 
жасап жатыр. 
 
 
 

 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстандағы  әйелдер  футболының  даму 
тарихы мен перспективасы 
 
1.1  Әлемдегі  әйелдер  футболының  даму 
кезеңдері 
 
 
ХІХ-ғасырда  ең  болмағанда  әйелдердің  бір 
футбол  командасы  болғандығы  анық.  Әрине  ол 
10 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

футбол  командасы  Англияда  пайда  болды.  Тек 
ерлердің  ғана  емес,  әйелдердің  де  футболы  ресми 
осы мемлекетте пайда болғанды деп саналады.  
Құжаттарда көрсетілгендей, 1895-жылы «Бритиш 
Леди  Футбол  Клаб»  атты  әйелдер  футбол  клубы 
құрылды.  Сол  жылдың  наурыз  айынан  бастап 
әйелдер футбол клубтары арасында ресми жарыстар 
өткізіле  бастады  және  олар  оңтүстік,  солтүстікке 
бөлініп сайысқа түсті. Солтүстік алғашқы ойында 7:1 
есебімен  ұтты  және  сол  уақыттың  есебі  бойынша 
едәуір көрермендерді жинады. 
Дүниежүзілік  соғыс  әйелдер  футболының 
дамуына  біршама  кедергілер  келтірді.  Соғыс 
жылдарында  тұманды  Альбионда  әйелдер  футболы 
жаппай қарқын ала бастады. 
1915-16-
жылдары  көптеген  жасөспірім  қыздар 
(14-
15 жастағы) өз үйлерін тастап, әскери зауыттарда 
жұмыс  істеуге  мәжбүр  болды.  Өздеріне  таныс  емес 
тылсым  өмірге  түскен  жас  қыздар  еркектердің 
атқаратын  қызметтерін  атқарып,  енді  қалыптасып 
келе  жатқан  психологияларына  аталған  ауырлықтар 
теріс әсер етті.  
Әскери  өндірістің  министрлігі  осы  категорияға 
жататын  қыздарға  арнап  денсаулық  сақтау  мен 
әлеуметтік  қамтамасыз  ету  бөлімін  құрды  және 
сауық  құру  түрлерінің  ішінде,  әйелдер  футболының 
би  мен  жүзуден  кейін  үшінші  орынға  орналасуы 
керемет,  тосын  жағдай  болды.  Тылда  қызмет 
етушілердің  арасында  футбол  ойынын  сүйіп 
11 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

ойнайтын қатары күн санап артып, жасыл алаңдарда 
доп қуалаған қыздар саны көбейе берді.  
Алғашқыда 
«бөлім-бөлімдердің» 
арасында 
өткізіле  бастаған  турнирлер,  аздаған  уақыт  ішінде 
қалалар  арасында  ұйымдастырыла  бастады.  Ал 
олардың 
матчтық 
кездесулері 
кәсіби 
дивизиондардың ареналарында өткізілді. 
Әйелдер футболы сол уақыттың өзінде-ақ кәсіби 
спортқа  айналуға  мүмкіндігі  болды.  Алайда  сол 
уақытта сатылған билеттердің ақшасы соғыстан жапа 
шекендерге 
жұмсалды. 
1917-жылы 
Престон 
қаласының  «Норт  Энд»  стадионында  Рождествода 
өткен  ойынға  он  мыңнан  аса  жанкүйер  жиылып, 
кассаға түскен 600 фунт стерлинг сол уақыттың есебі 
бойынша рекордтық сома болып саналды[3,4]. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталған  соң 
еуропалық  қыздар  футбол  алаңдарынан  қайтадан 
қуыла бастады. 1912-жылдың желтоқсан айына дейін 
ағылшындардың  футбол  ассоциациясы  еркектер 
ойнайтын 
стадиондарда 
әйелдердің 
футбол 
ойнауларына  тиым  салды  және  сол  уақытта  орын 
алған мұндай «шектеушілік» тек өкініш тудырады.  
Сол  жылдың  сәуір  айында  бикештер  арасында 
алғашқы  халықаралық  турнир  ұйымдастырылды. 
Британдық  «Дик  Керр  Лэдис»  командасы  өздеріне 
француздық  «Фемина»  командасын  кездесуге 
шақырды. 
Бұл 
ойын 
2:0 
есебімен 
алаң 
қожайындарының  пайдасына  шешілді.  «Фемина» 
командасын  құрған  мадам  Мия  Еуропада  әйелдер 
12 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

спорт  дамытушылардың  алғашқыларының  бірі 
болып саналады. 
Ал  «Дик  Керр  Лэдис»  командасы  зауыт 
әйелдерінің  командасынан  пайда  болған  команда 
болып  саналады.  Ол  команда  Престон  қаласында 
болды  және  өзінің  ойындарына  мыңдаған 
жанкүйерлерді  жинай  алды.  Оған  дәлел  ретінде 
«Сент-Хелен-Лэдис» 
командасымен 
болған 
кездесуге 53 мың адамның келгенін айтса жеткілікті 
болады. 
1921-
жылдың  30-қаңтарында  ағылшындардың 
футбол  шенеуніктері  әйелдер  футболын  үлкен 
спортқа  жібермеуде  тағы  бір  қадам  жасады. 
Англияның  футбол  ассоциациясы  арнайы  шешім 
шығарып,  «футболдың  әйелдерге  арналған  спорт 
емес  екендігін»  жариялады  және  клубтарға 
әйелдердің алаңға жіберуге тиым салды.  
1921-
жылы  қабылданған  шешім  Англияның 
ассоциациясының  көптеген  шектеулерінің  бірі  ғана 
болатын. Әйелдер футболына көптеген жылдар бойы 
ФИФА-ның  да  көзқарасы  сондай  болды.  Аталған 
барлық  шектеулер  тек  1969-жылы  ғана  алынып 
тасталды.  
Дегенмен,  еуропалық  әйелдер  осы  спорт  түріне 
өздерінің 
қызығушылықтарын 
ешқашанда 
ұмытпады. 
1928  жылы  Бельгия  мен  Францияның  әйелдер 
командалары  арасында  өткен  халықаралық  турнир 
аса қызығушылық тудырды. Ол кездесуді белгиялық 
13 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

қыздар 2:0 есебімен ұтты. Әйелдер футболына деген 
көзқарасы  тек  демократикалық  бағытты  таңдаған 
елдерде дамығанан кейін өзгере бастады.  
Әйелдер  футболының  тарихында  1966  жылы 
Англияда  өткен  алғашқы  бейресми  чемпионаттың 
алатын  орны  бөлек.  Сол  уақыттан  бастап  бірқатар 
елдерде  (Англия,  Франция,  Италия,  Чехословакия) 
әйелдер 
командалары 
құрылып, 
ұлттық 
чемпионаттар  өткізіле  бастады.  Ұзақ  уақыттық 
үзілістен  кейін,  1969  жылы  халықаралық  матч  өтті 
(Италиялық  қыздар,  Даниялық  қыздарды  3:1 
есебімен  ұтты)  және  Әйелдер  футболының 
еуропалық халықаралық федерациясы құрылды.  
1970  жылы  Мексикада  Италияндық  «Мартини  и 
Росси»  атты  вино  сататын  концерні  демеушілік 
көрсетіп, әлем чемпионаты деген атақ берілген үлкен 
турнир өткізілді.  
Сол  турнир  бір  жылдан  кейін  Мексикада 
қайтадан өткізілді. 70-жылдардың басында Италияда 
әйелдер  футболының  кәсіби  лигасы  құрылды. 
Көптеген әйелдер футбол өміріне белсене араласты.  
Мәселен,  Бразилияда  матчқа  төрелік  етуге 
алғашқы  рет  радио  шолушы  Леа  Кампом  жіберілді. 
Ол  қыз  Мексика,  Гватемала,  Франция,  Италия, 
Испания,  Португалия  елдерінде  өткен  матчтарға 
төрелік етті.  
Атақты 
португалиялық 
аяқдоп 
шебері 
Эйсебионың  айтқан  мынадай  сөзі  бар:  «Бұл  әйел 
футболды керемет түсінеді». 
14 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

Дербишир  графтығының  футбол  ассоциациясы 
әйелдер  футболын  еркектер  төрелік  ете  алмайды, 
өйткені  алаңдағы  жағдай  өте  ширыққан  жағдайда 
өтеді деген тұжырымға келді. Футбол төрешілерінің 
қоғамдасытығының  мүшелері  әйелдер  футболына 
төрелік  етуден  бас  тартты.  Олар  әйелдермен 
«келіссөз»  жүргізу  мүмкін  емес  және  айып  добын 
тағайындағанда  мазақ  етеді,  ал  қақпаға  11  метрлік 
пенальти  тағайындасаң  тіпті  жылап  жібереді  деп 
баяндады.  
Төрешілер қоғамдастығының хатшысы Ф.Харвуд 
ойын  кезіндегі  әйелдердің  сөз  қорының  лексиконы, 
еркетерден өзгеше емес екендігін атап өтті.  
42  жасар  ағылшындық  Мэри  Уайт  атты  бикеш 
футбол  қазысы  дәрежесін  алу  үшін  тапсырған 
емтиханында  «футбол  алаңындағы  22  еркекпен 
салыстырғанда,  менің  үйдегі  күйеуім  көбірек 
мазамды  алады»,  деп  жауап  берді.  Осы  секілді 
жағдайларды  саралай  келіп,  ФИФА  басшылығы 
өздерінің  бұрынғы  көзқарастарына  күмәнмен  қарай 
бастады.  
Мэри  Уайт  ұлттық  федерациялар  арасында 
«әйелдер  футболын  ресми  мойындауға  болады  ма?» 
деген  сұраунама  жүргізді.  Көптеген  федерациялар 
бұл  көзқарасқа  теріс  қарап,  ФИФА  «артын  күте 
тұру»  қалпында  болды.  Дегенмен,  әйелдер  футболы 
қарқынды  дами  берді.  Әсіресе  скандинав  елдерінде 
және Германияда белсенді дамыды[5,6,7,8]. 
15 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

80-
жылдардың  бірінші  жартысында  әйелдер 
футболын  ресми  мойындау  туралы  ұйғарымдар 
көбейе  бастады.  Ал  1986  жылы  ФИФА  әйелдер 
футболының  комитетін  құрғаннан  кейін,  әйелдер 
футболына деген көзқарас мүлдем өзгерді.  
Дегенмен  біраз  уақытқа  дейін  ол  комитетте 
жалғыз 
әйел 
қызмет 
етті. 
ФИФА-ның 
ұйымдастыруымен  1987  жылы  Қытайда  алғашқы 
ресми турнир өткізілді.  
Түрлі  құрлықтардан  жиналған  12  команда  3 
топқа  бөлініп,  сайысқа  түсті.  Үздік  деген  сегіз 
команда  ширек  финалға  жолдама  алып,  Қытай  – 
Австралияны  (7:1),  Швеция  –  Канаданы  (1:0), 
Бразилия – Голландияны (2:1), Норвегия – АҚШ-ты 
(1:0)  ұтты.  Ал  ақтық  сайыста  Норвегия  командасы 
Швецияны 1:0 есебімен ұтты. 
Көптеген  тәжірибелік  турнирлерден  кейін,  1991 
жылы  Қытайда  алғашқы  ресми  әлем  чемпионаты 
өткізілді.  Ал  Еуропа чемпионаты 1984-жылы бастау 
алды  және  алғашқы  Еуропа  чемпионаты  Швецияда 
өткізілді.  
Міне  осылайша,  әйелдер  футболы  өткен 
ғасырдың 90-жылдарына жетті. Ал оған дейін еуропа 
құрамалары  УЕФА  мойындаған  құрлықтың  4 
чемпионатын  өткізіп  үлгерген  болатын.  Ал 
қазақстанда әйелдер футболы енді ғана қолға алына 
бастады. 
Қазіргі  уақытта  түрлі  кедергілерден  өткен 
әйелдер  футболы  өзінің  өміршеңдігін,  қажеттілігін 
16 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

дәлелдеді  және  1996-жылдан  бастап  олимпиада 
ойындарының бағдарламасына енгізілді. 
Әйелдер  футболы  түрлі  әлеуметтік  (мәселенки, 
футбол  әйелдерге  лайық  спорт  емес  деген), 
дәрігерлер(олардың  денсаулығына  зиян)  және 
спорттық  (еркектермен  салыстырғанда,  әйелдердің 
футбол 
ойыны 
тартысыты 
өтпейді 
деген) 
көзқарастарға  байланысты  1970  жылдарға  дейін 
футбол  негізінен  ерлердің  спорты  болып  саналды 
(дегенмен  тарихи  құжаттарда  әйелдердің  де  футбол 
ойнағандары жөнінде ақпараттар көптеп кездеседі.  
17  ғасырдың  басында  шотландияда  тұрмыс 
құрған  әйелдер  мен  тұрмысқа  шықпаған  қыздар 
арасында матч өтті). Алайда, әйелдердің «аяқ добы» 
идеясы  тарих  үшін  таңсық  емес.  Ондай  спорттың 
түрінің болғандығын, шамамен алғанда осыдан 2000 
жыл  бұрын  Қытайда  пайда  болған  фрески  ойыны 
дәлелдейді.  
Кейінірек  сол  мемлекетте  әйелдердің  футбол 
ойынына  қатаң  түрде  тиым  салынып,  ондай  ойын 
ойнаған 
әйелдер 
жазаға 
тартылды. 
Орта 
ғасырлардағы  Қытай  басшыларының  көзқарастарын 
қолдайтындар  Англия,  Германия,  Голландия  секілді 
елдердің  футбол  ұлттық  ассоциацияларының 
қатарынан табылып, әйелдердің футболы заң жүзінде 
рұқсат етілмейтін болды. 
Дегенмен,  ол  уақыт  өте  келе  көптеген  елдерде 
қолдау тауып, Норвегия, Швеция, Италия, Германия 
17 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

және  АҚШ  секілді  мемлекеттерде  қарқынды  дами 
бастады.  
Швед  әйелдерінің  құрамасы  алғашқы  Еуропа 
чемионатын  1984  жылы  ұтып  алды.  Бірақ  қазіргі 
уақытта  Еуропада  Германия  ұлттық  құрамасы 
басымдылықта.  Олар  Еуропаның  бес  дүркін 
чемпиондары  және  соңғы  атақтарын  2001  жылы  өз 
жерлерінде жеңіп алды. 
1988 жылы Қытайда әлемдік деңгейдегі алғашқы 
халықаралық  турнир  «сынақ»  түрінде  өткізілді.  Ол 
сынақ  сәтті  болып,  араға  төрт  жыл  салып  әйелдер 
арасында алғашқы ресми әлем чемпионаты өткізілді 
және ол чемионатқа 12 құрама команда қатысты. Ол 
чемионатқа  әйелдер  тек  футбол  ойнаудан  ғана 
алғашқы  рет  шыққан  жоқ,  сонымен  бірге  төрелік 
етуге де алаңға алғаш рет әйелдер шықты.  
Үшініші  орынға  берілетін  жүлдеге  Швеция  мен 
Германия құрамалары таласты және ойында Клаудиа 
де  Васконелос  (Бразилия)  қазылық  етті.  Әйелдер 
арасында өткен алғаш чемионаттың жеңімпазы АҚШ 
құрамасы  болып  табылды.  Олар  ақтық  сайыста 
Нигерия құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. 
1995-
жылғы  чемпионатты  Швеция  қабылдады. 
Бұл  жолы  Германия  құрамасын  2:0  есебімен  ұтқан 
Норвегия қыздары жеңіс төрінен орын алды. 
Чемпионатта  Еуропа  құрамалының  мәртебесі, 
ойын  өрнегі  басымдылықта  болғанымен,  алғашқы 
жылдағыдай талассыз емес еді. 
18 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

Оны  Америкада  өткен  келесі  чемпионат 
дәлелдеді.  Чемпионатқа  16  команда  қатысып,  ақтық 
сайысқа АҚШ пен Қытай құрамалары жолдама алды. 
Алаң  иелері  матчтан  кейінгі  пенальти  арқылы 
жеңіске жетті. Есеп: 5:4. 
Ал  жалпы  әйелдердің  футболы  туралы  айтар 
болсақ,  1999  жылғы  чемпионаттан  кейін  мүлдем 
басқа деңгейге көтерілді.  
1996-
жылы  әйелдер  футболы  алғаш  рет 
Олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  енгізілді 
(жарысқа  16-дан  асқан  футболшы  қыздар  қатыса 
алады).  Атлантада  өткен  турнирде  8  құрама  өнер 
көрсетті.  
Алтын  медальді  ақтық  сайыста  Қытай 
командасын  2:1  есебімен  ұтқан  АҚШ  құрамасы 
жеңіп алды. Араға төрт жыл салып, Сиднейде өткен 
ойындарда  АҚШ  қыздары  тағыда  ақтық  сайысқа 
жолдама  алып,  алайда  Норвегия  құрамасынан  2:3 
есебімен  ұтылып  қалды.  Норвегиялықтар  қосымша 
уақытта «алтын доп» соғып жеңімпаз атанды. 
2002-
жылы  Канадада  жасы  19  толмаған  қыздар 
арасында  алғашқы  әлем  чемпионаты  өтті.  Оған  12 
құрама  команда  қатысты.  Финалда  турнир  иелері 
АҚШ командасына жол берді. 
Сарапшылардың  пікірінше,  қазіргі  уақытта 
футбол  әйелдер  арасында  жер  бетіндегі  ең 
командалық  спорт  түрі  болып  саналады.  Әлемде 
әйелдер  футболымен  20  миллионнан  аса  әйел 
шұғылданады.  
19 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

Олардың  80  пайызын  20  толмаған  қыздар 
құрайды.  Қазіргі  таңда  әйелдер  футболының 
көшбасшылары  -  АҚШ,  Қытай,  Германия,  Швеция, 
Бразилия болып саналады. Бірқатар елдерде әйелдер 
футболының  кәсіби лигасы құрылған. Ол лиганы өз 
«жұлдыздары» бар. Олардың бірі екі рет ФИФА-ның 
жыл  футболшысы  болып  саналған  –американдық 
Миа  Хэмм.  Біздің  көршіміз  Ресейдің  әйелдер 
футболы 1992 жылы құрылғанған болатын. Әйелдер 
футболының  ассоциациясы  (ӘФА)  түрлі  жастар 
аралығында  бүкілресейлік  және  аймақтық  жарыстар 
өткізеді.  Ресейдің  алғашқы  чемпионы  «Интеррос» 
(Мәскеу)  болып  табылады.  Біріншілікті  4  рет  ЦСК 
ВВС (Самара) және «Энергия», екі рет ВДВ (қазіргі 
уақыттағы атауы «Рязань-ТНК») спортшылары ұтып 
алды.  Ресейдің  құрама  командасы  1990  жылы 
құрылды.  1999-жылы  ресейлік  қыздар  алғаш  рет 
әлем  чемпионатына  қатысып,  5-орын  алды.  2001-
жылғы  Германияда  өткен  Еуропа  чемпионатында 
олар 5-6 орындарға табан тіреді. 
1-
кесте.  Әйелдер  құрамалары  арасындағы  Әлем 
біріншілігі 
және 
Олимпиада 
ойындарының 
жеңімпаздары мен жүлдегерлері  
 
Жыл
дар 
Жарыс 
өткізілген 
мемлекет 
Әлем 
чемпио
наты 
немесе 
Олимп
иада 
Жүлдегерлер 
20 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

ойында
ры 
 
 
 
1-
орын  2-орын 
3-
орын 
1991 
Қытай 
ӘЧ 
АҚШ 
Норвегия  Швеция 
1995 
Швеция 
ӘЧ 
Норвег
ия 
ГФР 
АҚШ 
1996 
АҚШ 
ОО 
АҚШ 
Қытай 
Норвегия 
1999 
АҚШ 
ӘЧ 
АҚШ 
Қытай 
Бразилия 
2000 
Австралия  ОО 
Норвег
ия 
АҚШ 
ГФР 
2003 
АҚШ 
ӘЧ 
Герман
ия 
Шветция  АҚШ 
2004 
Греция 
ОО 
АҚШ 
Бразилия  Германия 
2007 
Қытай 
ӘЧ 
Герман
ия 
Бразилия  АҚШ 
2008 
Қытай 
ОО 
АҚШ 
Бразилия  Германия 
2011 
Германия 
ӘЧ 
Жапон
ия 
АҚШ 
Шветция 
2012 
Англия 
ОО 
АҚШ 
Жапония  Канада 
2015 
Канада 
ӘЧ 
 
 
 
 
Әйелдердің  ойындарын  соншалықты  ұтымды 
емес және ойында кім жеңімпаз болатыны алдын-ала 
белгілі деп санайды. Олардың ойындарына онша мән 
берілмейді.  Әлем  чемпионаты  болсын,  Еуропа 
чемпионаты болсын теледидардан көп көрсетілмейді 
және  жалақылары  еркектермен  салыстырғанда 
әлдеқайда  төмен.  Тіпті  өзінің  алып  отырған 
лауазымына  байланысты  әлемде  әйелдер  футболын 
дамытуға  ықпал  ету  керек  екендігіне  қарамастан, 
21 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

FIFA-
ның президенті Йозеф Блаттердің өзі күмәнмен 
қарайды.  
Оның  «Қыздардың  шортыларын  қысқартып, 
оларды денесіне жабысып тұратын ету керек. Сонда 
әйелдердің футболы әлдеқайда тартымды болады», - 
деген сөзі бар.  
Оған  Норвегия  құрамасының  ойыншысы  Лисе 
Клавенестің  «Егер  Блаттер  мырзаға  ішкиіммен 
жүрген  қыздарға  қарағысы  келсе  өзіне  эротикалық 
журнал сатып алсын. Ал біздің спортымыз салиқалы 
ойын»,  -  ойланбастан  жауап  қайтарған  және  оның 
айтқаны айнымас шындық еді. 
Қазіргі  заманғы  әйелдер  футболын  жан-жақты 
толық зерттеген футбол мамандары, қазіргі таңда бұл 
спорт  түрінің  өте  қарқынды  дамуда  екендігін 
шынайы дәлелдеп отыр.  
Әйелдер футболының қай уақытта пайда болғаны 
жөнінде  пікірлер  көптеп  табылады.  Жоғарыда  атап 
өткеніміздей,  Қытайдың  әсем  қыздарының  осыдан 
екі мың жыл бұрын доп ойнағандары белгілі.  
Алғашқы тарихи әйелдердің футбол клубы ХІХ-
ғасырдың  соңына  қарай  Англияда  құрылды.  British 
Ladies  Football  Club  матчтық  кездесулерін  көруге 
көрермендер көптеп жиналды. Дегенмен, сол кездең 
өзінде де Тұманды Альбиондағы әйелдер футболына 
көптеген адамдар күмәнмен қарады.  
1912  жылы  ерлер  командасы  ойнайтын 
стадионда  қыздардың  футбол  ойнауларына  ресми 
түрде тиым салынды. 
22 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

Еркектерге  қарағанда,  доп  қуатын  әйелдердің 
денсаулығына  түрлі  қауіптер  төнеді.  Дәрігерлер 
ерлермен 
салыстырғанда, 
әйелдердің 
тізе 
сіңірлерінің 3-4 есе көп созылатындығын дәлелдейді. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  әйелдер 
футболына деген көзқарас жылдам өзгерді. Соғысқа 
кеткен еркектер, армияның жеңісі үшін талмай еңбек 
еткен  өздерінің  әйелдері,  қарындастары  мен 
қыздарының 
көңілін 
сергіту 
үшін 
футбол 
ойнауларына  тиым  сала  алмады.  Соғыстан  кейінгі 
жылдары футбол қарқынды дами бастады.  
Тіпті 1917жылы Престонға әйелдердің футболын 
тамашалауға  10  көрермен  жиналды.  Ал  алғашқы 
халықаралық 
сайыс 
1920 
жылы 
өткізілді. 
Француздардың 
Femina 
атты 
командасы 
ағылшындардың  Dick,  Kerr’s  Ladies  командасынан 
ұтылып  қалды.  Ал  сол  уақыттарда  британдық 
клубтардың  бірінің  ойынын  көруге  50  мыңнан  аса 
жанкүйерлердің келгендігі жөнінде ақпаратар бар.  
Бірақ  1921  жылы  Англияда  әйелдердің  футбол 
ойнауына  қайтадан  тиым  салынып,  бұл  спорт  түрі 
әйелдерге жат нәрсе деп саналды және бұл жағдай 40 
жылға дейін созылды. 
Әйелдер футболының қайта өрлеуі 1966-жылдар 
еді.  Сол  жылдары  Англияда  бейресми  әлем 
чемпионаты  өткізілді.  Содан  кейін  Еуропаның 
көптеген 
елдерінде 
әйелдердің 
футбол 
федерациялары  құрыла  бастады.  Ал  үш  жылдан 
23 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

кейін  Еуропаның  халықаралық 
федерациясы 
құрылды.  
1970  жылы  Martini  &  Rossi  компаниясының 
демеушілік  көмегінің  арқасында  әлем  чемпионаты 
деп 
аталған 
халықаралық 
турнир 
ұйымдастырылғандығын жоғарыда айтып өткен едік.  
Алайда  бұл  турнирді  FIFA  мойындамаған 
болатын. Дегенмен Италияда бірнеше жылдан кейін 
кәсіптік  дәрежесі  бар  әйелдер  лигасы  құрылды. 
Осындай  жан-жақты  жүргізілген  қажырлы  еңбектің 
арқасында Германия, Норвегия, Швеция және АҚШ 
секілді  мемлекеттерде  әйелдер  футболы  қарқынды 
дами бастады. 
Ағылшындардың  Бірінші  дүниежүзілік  соғысқа 
дейін  ермек  ретінде  қараған  футбол  ойынын  Ресей 
қыздары да ойнап көруге тырысты.  
1911жылы  Мәскеуде  бір  сәтте  әйелдердің  үш 
командасы  пайда  болды:  «Пушкино»,  «Петровско-
Разумоская  лига»  және  «Коммерческое  училище». 
Орыс  қыздарының  арасында  ұйымдастырылған 
алғашқы матч 1911 жылы 3 тамызда өткізілді.  
Нөсер жаңбыр астында өткен матчта «Пушкино» 
командасы 
«Петровско-Разумовская 
лига» 
командасын 5:1 есебімен талқандады. 
Революция  және  Азаматтық  соғыс  кезеңдерінде 
әйелдер футболы қиын-қыстау сәттерді бастан кешті. 
Сонан  соң,  ұзақ  уақыттар  оны  қайта  өрлетуге 
талпыныстар  болғанымен,  1980-жылдарға  дейін 
әйелдер футболы өмір сүрген жоқ десе де болады. 
24 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

Feelfootball.com 
интернет-порталы 
жалпы 
еуропалық  сұрау  негізінде,  Еуропа  мемлекеттерінің 
ішінде Ресейде әйелдер футболына көңіл бөлінбейді 
деп  санайды.  Алайда,  Орыс  қыздарының  футболы 
әлемдік  аренада  рейтинг  бойынша  ерлерден  жоғары 
тұр. 
1980-
жылдардан  «Собеседник»  апталығының 
жүлдесі  үшін  турнир  өткізіле  бастады.  Раменск 
қаласының  «Текстильщик»  командасы  аталған 
жүлденің алғашқы иегері болып табылады. Сонымен 
қатар елдің чемпионаты өткізілді.  
1989  жылы  КСРО-ның  әйелдер  футболының 
Ассоциациясы 
құрылып, 
1990-жылы 
елдің 
чемпионаты  өткізілді.  Алғашқыда  бүкілресейлік 
біріншілікте  Киев  обылысының  «Нива»  командасы 
мен  «Текстильщик»  командалары  көшбасшылар 
болды.  
1990  жылдардың  ортасына  қарай  «Интеррос» 
командасы  көшбасшы  болып,  ел  біріншілігін  жеңіп 
алды.  
Одан  кейін  ресейлік  әйелдер  футболының  туын 
көтеруші  ЦСК  ВДВ  болып,  екі  жылдан  кейін  алға 
Воронеждік 
«Энергияны» 
шығарды. 
Ирина 
Григорьева  сол  жылдардағы  ең  үздік,  танымал 
ойыншы болып саналды. Ол Ресейдің бірнеше дүркін 
чемпионы,  Францияның  чемпионы,  1999  жылғы 
Әлем  чемпионаты  мен  1997  және  2001  жылдардағы 
Еуропа чемпионатына қатысқан ойыншы. 
25 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

Қазіргі  уақытта  ресейде  әйелдер  футболы 
ақырындап  болса  да  алға  қарай  дамуда.  Өткен 
жылдары екі жыл қатарынан Ресей чемпионы атағын 
жеңіп  алған  Мәскеу  обылысының  «Россиянка» 
командасы  келесі  жолы  атақты  Пермь  қаласының 
«Звезда-2005» командасына беріп қойды.  
Ал  2005  жылы  Ресейдің  жастар  құрама 
командасы  Еуропа  чемпионатының  жеңімпазы 
атанды.  Қазіргі  уақытта  сол  қыздардың  көпшілігі 
ересек командаларға өтті. Ресей елінің үмітін ақтарар 
спортшы  қыздары  мыналар:  Елена  Данилова,  Елена 
Фомина, Анна Кожникова және Елена Морозовалар. 
1980-
жылдардан  қарқынды  дамып  келе  жатқан 
Еуропаға  қайта  оралар  болсақ,  сол  уақыттан  батап 
әйелдер  футболынан  турнирлерді  ұйымдастыруды 
UEFA қолға алды.  
1982-1984-
жылдары 
UEFA 
қолдауымен 
өткізілген 
Еуропа 
чемпионатында 
Швеция 
құрамасының  жұлдызы  жарқырай  жанды.  Олар 
ақтық сайыста Англия құрамасын 4:3 есебімен ұтты. 
Одан  кейінгі  тунир  үш  жылға  созылып,  1987-жылы 
фниалда  Швеция  және  Норвегия  құрамалары 
кездесті. Ол жылғы тәжді Норвегия қыздары киді. 
Одан  кейінгі  екі  жылда  Германия  құрамасының 
дәуірі  басталды.  Ол  құрама  құрлықтың  сол  кездегі 
чемпиондарына  қақырата  соққы  беріп,  4:1  есебімен 
жеңіске жетті.  
1991жылғы  ақтық  сайыста  тағы  сол  екі  құрама 
кезікті  және  тағы  да  неміс  қыздары  алаңдағы 
26 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

басымдылққа  ие  болды.  1991-1993  жылғы 
турнирлерде  Норвегия  қыздары  жеңімпаз  атанды. 
Алайда неміс қыздары қайтадан чемпиондық атақты 
тартып  алды.  Қазіргі  уақытта  да  олар  Еуропа 
чемпионы атағын өздерінде сақтауда.  
Әйелдер  футболында  UEFA  Кубогі  клубтық 
турнирлердің  ішіндегі ең беделдісі болып саналады. 
Ондай  турнирді  әйелдер  клубы  арасында  өткізуді 
UEFA-
ның  ақтару  комитеті  2000-жылы  қабылдап, 
келесі жылы алғашқы сайыс басталып кетті. Клубтар 
арасындағы  мықтыны  анықтауды  екі  матчтық 
үлгімен  (өз  алаңында  және  сырт  алаңда)  өткізу 
ережесі бекітілді.  
Ол  кездесулерде  ең  мықты  төрттікке  Швеция, 
Финляндия,  Франция  және  Германияның  ретімен 
Umea IK, HJK
, Toulouse және Frankfurt командалары 
шықты.  Жартылай  финалда  Umea  HJK-мен  болған 
скандинавиялық  теке-тіресте  жалпы  есепте  3:1-мен 
басым  түсті.  Ал  Frankfurt  алғашқы  кездесуде 
Toulouse  командасын  2:1  есебімен  ұтып,  келесі 
кездесуде нөлдік тең ойынмен аяқтады.  
2002-
жылдың  23-мамырында  UEFA  Кубогінің 
ақтық  кездесуінде  Frankfurt  қыздары  Umea  
қақпасына жауапсыз 2 гол соқты. Бірақ одан кейінгі 
турнирде сол Umea IK командасы қатарынан екі рет 
чемпион атанды. 
2004/2005-
жылғы  маусымда  Кубок  қайтадан 
Германияға оралды. Кубок иегері –  Turbine Potsdam 
командасы.  Ал  бір  жылдан  кейін  Frankfurt 
27 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

чемпиондық  атақты  өзіне  қайтарып  алды.  Одан 
кейінгі жылы ағылшындардың Aрсенал командасына 
қарсы тұрар команда табылмады. 
Ұзақ  жылдар  бойы  әйелдер  футболының  жарық 
жұлдызы  американдық  Миа  Хэмм  болып  саналды. 
Ол  екі  дүркін  Олимпиада  ойындарының  жеңімпазы 
және  Әлемдік  біріншіліктің  жеңімпазы  болып 
табылады. Өзінің спорттық жолын 15 жасында АҚШ 
құрамасының  сапында  бастаған  Миа  Хэмм  ұлттық 
құрамада  276  ойын  өткізсе,  сол  ойын  барысында 
қарсыластар қақпасына 158 гол соғыпты.  
Алайда  баспасөз  өкілдері  «әйелдер  футболының 
Пелесі» атанған Мия Хэммнің дәуірі қазіргі уақытта 
аяқталды.  Бүгінгі  күндері  жұлдыздар  аренасына 
басқа  спортшы  қыздар  шықты.  Олардың  қатарында 
неміс  қызы  Биргит  Принцтің  орны  ерекше.  Неміс 
қызын  әйелдер  футболының  феномені  деп  санауға 
болады.  Себебі  16  жасында  футболға  бірыңғай  бет 
бұрған  Принцтің  американдық  Хэмнің  гол  саны 
бойынша рекордын жаңартуына мүмкіндігі бар.  
Frankfurt  клубына  бала  кезінде  келген  Принц 
қысқа  уақыт  ішінде  едәуір  жетістіктерге  жетті. 
Frankfurt  командасына  келгеннен  кейінгі  келесі 
маусымда  ол  1995  жылғы  әлем  біріншілігінде 
финалда  Швеция  қақпасына  гол  соқты  (жалпы  есеп 
3:0).  
Сол 
жылдың 
маусымында 
Frankfurt 
командасының  құрамында  ойнап,  Германияның 
чемпионатын  және  Кубогін  жеңіп  алды.  Келесі  екі 
28 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

маусымда  клуб  елдің  чемпионы  атағын  сақтап 
қалды.  Неміс  қыздарымен  бірге  Принц  1997,  2000, 
2001  және  2002-жылдары  Еуропаның  чемпионы 
атағын  жеңіп  алды.  Осы  жылдар  ішінде  Принц 
ұлттық құрама сапында тұрақты өнер көрсетіп, неміс 
командасы  жоғары  биіктерден  көріну  үшін  талмай 
еңбек етті, тер төкті.  
АҚШ-тың Carolina Courage кәсіби командасымен 
келісім-шартқа  отырған  ол  2002-жылы  мұхиттың 
арғы жағында өнер көрсетіп, аталған ұжыммен АҚШ 
біріншілігін  ұтып  алды.  Алайда  Принц  өзінің 
отатына қайту туралы шешім қабылдады. 
Өзінің  отанына  оралған  Принцтің  өмірінде 
тамаша өнер көрсетудің жаңа бір тармағы жалғасты. 
Ол  Frankfurt  командасымен  2003  жылы  елдің 
чемпионы  атанып,  сәл  кейінірек  ұлттық  құраманың 
чемпиондық  атаққа  ие  болуына  ат  салысты.  Сол 
жылдары  қатарынан  екі  мәрте  FIFA-ның  үздік 
сұрмергені  атағын  жеңіп  алған  Принцтің  ізін 
басшылар өсіп келе жатты. 
2006жылы  әлемдік  футбол  сахынасына  жаңа 
патшайым  –  бразилиялық  Марта  шықты.  Ол 
қатарынан екі жыл әлемнің үздік ойыншысы атанды. 
Спортшы қыз Бризилияда дүниеге келіп, 18 жасында 
Швецияның Umea IK клубының қатарында өз бағын 
сынауға келеді. Аталған клуб сапында өнер көрсетіп 
жүріп,  ол  қарсыластар  қақпасына  жүздеген  голдар 
соқты. Оның көмегімен бразилиялықтар соңғы әлем 
чемпионатының ақтық сайысына дейін жетті.  
29 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

2007-
жылы  бразилиялық  Марта  екінші  жыл 
қатарынан  әлемнің  үздік  футболшысы  болып 
танылды. 
Бапкерлер 
мен 
ұлттық 
құрама 
капитандарының  арасында  жүргізілген  сұрау 
барысында, ол осы атақтың үш дүркін иегері Биргит 
Принцті айналып өтті. 
Міне  осындай  әлемнің  үздік  құрамаларының 
түрлі  деңгейлерде  өнер  көрсетулері  көрсеткендей, 
әйелдер  футболы  талай  белестерден  өтіп  қазіргі 
жағдайға  жетіп  отыр.  Әйелдер  футболының 
болашағы зор екені қазіргі аяқ алысы байқатып отыр. 
Қазақстандағы  әйелдер  футболының  дамуының  
кенжелеуі  еркектер  футболының  кейпін  кейіп  отыр. 
Бірақ олардың бір-бірінен айырмашылғы әйелдердің 
жеке 
қайсарлық 
мінез 
көрсетуімен 
байланыстырамыз. 
 


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал