А. М. Баяндинова, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А. Г. Гиззатжанова



жүктеу 23.36 Kb.

Дата20.05.2017
өлшемі23.36 Kb.

 

С.К. Сураганова,  



 экономика ғылымдарының докторы, профессор 

А.МБаяндинова

 экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 

А.Г.Гиззатжанова, 

 оқытушы 

 

КАФЕДРАДА ӨЗІНДІК ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚҰРУ 

 

 



Білімдегі соңғы әлемдік тенденциялардың дамуы мен Қазақстанның Болон келісіміне қол 

қойғанына  байланысты  және  жоғарғы  кәсіптік  білім  концепциясын  модернизациялау  мен 

реформалау қажеттігінен компьютерлік технологияларды, оқу жүйесін ақпараттандыруды енгізуге 

деген қажеттілік те  туындайды. 

Компьютерлік  технологияларды  қолдану,  бір  жағынан,  көп  ақпаратты  білуге,  оқып, 

жинақтауға  қажет  болса,  екінші  жағынан  оларды  қолдану  заман  талабы,  өмір  ағысына 

байланысты.  Міне,  сол  себепті  әр  маман  өз  саласында  бұл  технологиялардан  айналып  кете 

алмайды. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай жасалуы керек.  

Әр  мамандық  иесі  көп  мағлұматты  білуі,  түсінуі  қажет,  ал  қазіргі  ақпараттық  жүйелер 

білімнің  дамуына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Алынған  мағлұматтар  бір  жерде  жинақталып,  жүйеленуі 

үшін  компьютердің  көмегіне  жүгінетініміз  анық.  Көптеген  авторлар  жаңа  ақпараттық  және 

компьютерлік  бағдарламаларды  оқытуды  бірінші,  теориялық  мағлұматтар  алу,  жинақтау, 

топтастыру; екіншісі, теорияны практикамен ұштастыру, практикалық дағдыны қалыптастыру деп 

бөліп көрсетеді.  

Теориялық мағлұматты оқытушы  электрондық оқулықтарды, оқу құралдарын, түрлі сабақ 

сұрау әдістерін, сабақ құрылымдарын әзірлейді, сол арқылы білімді бағалап, жалпы топтың білім 

дейгейіне  мониторинг  жүргізсе,  практикалық  бөлімде  студент  жинақтаған  материалдар  арқылы 

слайд құру, минифильмдер жасау,  тапсырмаларға еркін түрде жауап беруге мүмкіндік алады. Бұл 

жерде  тек  оқу,  тыңдау  ғана  емес,  студент  зейіні  көру,  ойлау,  құрастыру,  топтау,  жобалауға 

аударылады.  Бұл  материалды  терең  меңгеру  мен  ұғынуға  мүмкіндік  береді.  Қазір  компьютер 

адам  өмірінің  ажырамас  бөлігіне  айналды,    олай  болса,  отандық  және  шетел  тәжірибесін 

зерттегенде  оқу  жүйесіне  компьютермен  жабдықталған  аудиторияларды  енгізу  қажеттілігі 

туындайды.  

Аудиториялар  барлық  компьютерлік  технологиялармен  жабдықталады,  кафедра 

инжеренері компьютер кабинетіне жауапты қызметкер ретінде бекітіледі. Инженер міндеттеріне 


 

компьютердің  жұмыс  істеуі,  қауіпсіздік  ережелерінің  сақталуын  қадағалау,  әр  студенттің  жұмыс 



істеу  уақытын  тіркеу,  оқытушыға  сабақ  өткізуге  керекті  техникалық  құралдардың  дайындығы 

жүктеледі.  

Компьютерлік  кабинет  студент  санына  байланысты  (10  немесе  14)    компьютерлер, 

мультимедиялық тақта, Интернет  жүйесі, кабельдік  байланыс,  факс,  фотошоп  аппараттары,  түрлі 

дискілер (бейнелі, ақпарат тасушы), теледидар және т.т. құралдармен жабдықталады.  

Оқыту  жүйесінде  компьютерлік  технологияларды  енгізу  қолданушының  өзіндік  және 

интеллектуалды  дамуын  арттырады,  оқытудың  жаңа  түрлері  пайда  болады.  Индивидтің  өзіндік 

дамуы  компьютерлік  кітаптар  мен  әдістемелік  материалдар,  электрондық  оқулықтар  мен  оқу 

құралдарын,  тренажерлар,  түрлі  оқыту  түрлері:  модульдік  оқыту,  деңгейлі  оқыту  технологиясы, 

сыни  тұрғыдан  талдау  және  т.б.,  білім  бағалау  әдістері:  тестер,  сұрақ  –  жауап,  график  құру, 

программалау, бейнелеу, баяндау және т.с.с. жұмыстарды орындауға алып келеді.  

Сондай-ақ,  әлемдік  жүйе  –  Интернеттің  қосылуы  қолданушының  үлкен  ақпаратпен 

қамтылуымен  бірге,  өз  ақпаратымен  бөлісіп,  ойын  жеткізу  үшін  қолданылады  және  де 

Интернеттің  бір  жетістігі  –  ол  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды  жеткізуші  болып  табылады. 

Ізделінген ақпарат жинақталып, топтастырылып берілуі уақытты үнемдеуге,  нақты ақпарат алуға, 

өткен  мен  болашақтағы  болжамдармен  танысып,  алдыға  қойған  мақсатқа  жету  барысында 

жасалып  жатқан  жұмыстар  туралы  мәліметтер  алуға  болады.  Интернет  жүйесінің 

анықтамалықтар,  ғылыми  және  әдістемеліктер  ретінде  топтастырылуы  оны  қолдануға  жағдай 

жасайды.  Түрлі  интерактивті  оқыту  бағдарламалары  және  тренажерлар  оқу  жүйесінің  бұрынғы 

бейнесін өзгертеді. Оқу кабинетінің өзінде электрондық ресурстардың құрылуына алып келеді. Ол 

–  қағазсыз  ақпаратпен  танысу,  орындау,  өзгерту  электронды  құралдармен  жұмыс  істеу  дегенді 

білдіреді.    Мультимедиялық  құралдар  арқылы  студенттің  алған  білімін  тексеру  тек  дәстүрлі 

реферат немесе  баяндаманың орнына текст пен суретпен бірге  дауыс, фото, графиканы қолдана 

отырып, материалды ұсыну болып табылады.  

Қазір  бұрынғы  бар  оқыту  жүйесімен  салыстырғанда  көп  өзгешелік  бар.  Ол    сабақтарда 

жаңа  заманның  техникалық  жетістігін  пайдалану  болса,  туризм  мамандығы  студенттерін 

дайындауда  алдымызға  үлкен  міндеттер  қоямыз,  себебі  бұл  мамандықта  біз  түрлі  елдермен 

танысамыз,  олар  жайлы  толық  мағлұматты  кітаптан  іздемей-ақ,  керекті  мағлұматтарды 

электрондық базадан тауып алып, берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік туады.  

Электрондық  кабинете  практикамен  ұштастыруға  мүмкіндік  алады,  мысалы,  туристік 

фирмалардың  жұмысы,  олармен  байланыс  орнату,  іс-сапарға  шығу,  демалуға  бару  т.с.с. 

қызметтер  жүйесімен  танысу  арқылы,  туризм  мамандығының  студенттері  теориялық  білімді 

бекітеді. Туризм мамандығы студенттері әр жыл сайын оқу-танымдық, өндірістік тәжірибелерден 

өтеді, студенттер республикада және басқа шет мемлекеттерге барып тәжірибеден өтуіне жағдай 

жасалған. Тәжірибелік есепті слайд немесе минифильмдер арқылы қорғаса (гид, экскурсовод, тіл 

үйрену)  және  оны  электрондық  базаға  енгізетін  болсақ,  онда  студенттердің  осы  пәнге  деген 

қызығушылығы  артады  және  олардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол  ашылады.  Міне, 

осы  сияқты  әр  мамандық  иелерінің  өзіндік  спецификасына  байланысты  оқу  орындарында  жеке 



электрондық кабинеттердің ашылуына қажеттілік туғызады.  

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал