А. К. Бейсенбаева



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/6
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары: 
 
1. Өзіндік құн құрамы қалай  анықталады? 
2.  Өндіріске  жұмсалған  шығындар  есебінің  маңызын  анық-
тау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар 
есебін  түрлендіруі  немесе  басқару  есебінің  өндірістік  қызметін 
ұйымдастыруға  арнайы тəсілдердің қолданылуы тиіс пе? 
3. Нақты бір кəсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары 
есебінің негізгі міндеттері қандай? 
4. Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шы-
ғындар қалай топталады? 
5. Өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты 
шығындар  (шикізатты,  технологиялық  қажеттіліктерге  кеткен 
материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жала-
қы төлеу, машиналар мен  құрал-жабдықтарды  ұстау мен пайда-
лануға  кеткен  шығындар  т.б.)  қандай  шығындар  тобына  жата-
ды? 

 
84
6. Үстеме шығындар қалай пайда болады? 
7.  Өнімнің  нақты  бір  түрін  өндірумен  байланысты  жəне 
оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығын түрі қандай? 
8.  Жанама  шығындар  жекелеген  өнім  түрлерінің  құнына 
тікелей кіреді ме, кірсе қандай əдіс арқылы? 
9.  Қолда  бар  жəне  сатып  алынған  ресурстар  немесе  келе-
шекте табыс əкелуі ықтимал шығындар қалай аталады? 
10. Стандарт-кост жүйесін қалай түсінесіз? 
11. Өндіріс барысында қалыптасқан  ауытқулар  тікелей  нор-
малардан  артық  шығындалу  жəне  бағаның  өзгеруі  деп  бағала-
нады ма? 
12. Келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар  шы-
ғындардың қандай тобына жатқызылады? 
13.  Өндірісті  ұйымдастыру  ерекшеліктері  мен  технология-
сына  байланысты  өндірістегі  шығындарды  есепке  алудың  жəне 
өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялаудың  қандай  əдістері  қол-
данылады? 
14. Калькуляциялауды жасау мерзімі  нешеге бөлінеді? 
15.  Алдын  ала  жасалатын  калькуляция    өндіріске  қажетті 
деңгейдегі шығындардың мөлшерін қалай топшылайды? 
16. Калькуляциялаудың қандай түрлері бар? 
17. Өнімге (жұмысқа, қызметке) жəне бұйым бірлігіне мүм-
кін  болатын  шығындардың  деңгейінде  анықталатын,  бірақ  ол 
кезде  жалақының,  энергияның,  отынның,  материалдардың  нор-
масы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескерілетін 
калькуляцияның түрі қандай? 
18. Сметалық (болжамдық) калькуляция  қандай негізде жа-
салады? 
19. Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуля-
цияның бір түрі болып табылады ма? 
20.  Сметаны  құрғанда  құрылыстың  құнын  анықтайтын  қан-
дай əдістер  қолданылуы мүмкін? 
21.  Алғашқы  сметалық  құжаттар  қандай  смета  болып  табы-
лады? 
22. Локальдық сметамен анықталатын құрылыс жұмыстары-
ның құны өзіне қандай шығындарды  енгізеді? 

 
85
23.  Кəсіпорынды  басқарудың  қанша  нұсқасын  кездестіруге 
болады? 
24. Бірінші нұсқада қандай функция орындалады? 
25.  Шетел  кəсіпорындарында  басқарудың    қандай  нұсқасы 
өте жиі кездеседі жəне ол  есептің қай түріне жатады? 

 
86
7-ТАҚЫРЫП  
АЯҚТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫН  
ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖƏНЕ  ТАБЫС ПЕН  
ШЫҒЫНДЫ ТАНУ 
 
7.1. Аяқталған құрылыс нысанының есептесу тәртібі 
 
Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырыс беруші мен мерді-
герлік  кəсіпорынның  арасындағы    жасалған  келісімнің  шартта-
рына  сəйкес,  жұмыс  жүріп  жатқан  кезеңдегі    əрбір  ай  сайын 
жасалып отырған есептеулерді ескере отырып, мерзімінде, яғни 
технологиялық  кезеңнің  аяқталуына  байланысты  құрылыс  ны-
санын тапсырыс беруші бас мердігерден қабылдап алуы тиіс. 
Келісімдегі  шарттардың  баптарын  бұлжытпай  орындап,  
мемлекеттік қабылдау комиссиясының шешімімен  тапсырылған 
құрылыс  нысанына  тапсырушы  мен  бас  мердігер  арасында 
қорытынды  есептесулер  жасалады.  Нормативтік  заңға  сəйкес 
аяқталған  құрылыс  нысанына  типтік  үлгідегі    №  КС-2  құжаты 
толтырылады. 
                                                                                № КС- 2 үлгісі 
Тапсырыс беруші__________________________________ 
Бас мердігер______________________________________ 
 
Келісім-шарт №____ «____»___________2007 жыл. 
 
 Құрылыс-монтаж жұмысы аяқталған____________________ 
нысан бойынша  №_____қабылдау актісі. 
 
Шифр 
Айы 
құрылыс 
кəсіпорыны 
учаске атауы 
нысан 
 
 
 
Құрылыс атауы жəне мекен жайы _______________________ 
 
Нысанның атауы жəне негізгі техникалық сипаты__________ 
 
 

 
87
Аяқталған құрылыс нысанының  құрылыс-монтаж жұмыста-
рының құны____________________________________________ 
                                   (жобалық жұмыс сызбасы бойынша сметалық  
                                                   жəне қосымша шығындар) 
 
Тапсырдым, мердігер____________________________________                        
                                                     
(қызметі, аты-жөні жəне қолы) 
 
Қабылдадым,  тапсырушы________________________________. 
                                                              (қызметі, аты-жөні жəне қолы) 
 
Үлгі  толтырылып,  екі  жақтан  жауапты  тұлғалардың  қолы 
қойылып, мөрмен расталғаннан соң,  құрылыс нысаны басталған 
мерзімнен  аяқталғанға  дейінгі  аралықтағы  нысанға  қатысты  
қаржылық  операциялар  жөнінде  құжаттап,  қызмет  көрсетілген 
банк филиалына өткізілуі тиіс. 
Аяқталған  құрылыс  нысандары  үшін  есептесу  тəртібіне 
төмендегілер жатады: 
1. Егер ай сайын мердігер тапсырыс берушіден аванс ретінде 
ақша  қаражатын  алған  болса,  онда  № 3 үлгідегі  анықтаманы 
толтырып, əрбір айдағы алған ақша сомасы көрсетілген банктік 
төлем құжаттарының тіркемесін өткізуі қажет; 
2.  Егер  алынған  соманың  мөлшері  объектінің  бағасынан 
артық  болса,  тапсырыс  берушіге  қалдық  ақшаны  банк  арқылы 
қайтару керек; 
3. Егер алынған соманың мөлшері объектінің бағасынан кем 
болса, онда жетіспеген сома мөлшеріне банк арқылы инкассаға 
төлем талабын қою керек. 
Аяқталған  құрылыс  нысанын  тапсырған  кезде  бухгалтерлік 
шоттар жазбасы беріледі, яғни 7010 шоттың дебеті  8010  шот-
тың кредитінде қарастырылады. 
 
7.2.  Аяқталған құрылыс қорытындысы арқылы  
табыс пен шығынды тану 
 
Аяқталған  құрылыс  нысанының  есептеулері  қорытындылай 
келе,  табыс пен шығындар құрамын анықтауға септігін тигізеді. 
Əрине, құрамына мəн беретін болсақ келесідей тануға болады. 

 
88
Табыс  жəне  шығындар  құрамы — мердігерлік  құрылыс  мə-
мілесі бойынша табыстар: 
— құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім  құны бойын-
ша мəміле өзгертілуіне байланысты табыс; 
— наразылықтан түскен табыс; 
—  артық  төленген  сома  (егер  табыс  əкелетін  болса,  үлкен 
сенімділікпен салыстырылатын болса); 
— құрылыс келісім-шартының өзгеруі — табыстың кемуіне 
немесе артуына əкелетін тапсырыс берушінің қолда бар келісімі 
шартқа  жұмыс  көлеміне,  уақыт  ұзақтығына  байланысты  өзгер-
тулердің енгізілуі. 
Мəміленің өзгертілген сомасы табысқа енеді, егер: 
— тапсырыс беруші өзгертулерге келісімін берсе; 
— өзгертулер үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса; 
—  талаптар  бойынша  табыс — келісім-шартта  көрсетілме-
ген қосымша шығындарды өтеу үшін мердігердің тапсырыс бе-
рушіден сұрайтын сомасы. 
Бұндай талаптар  табысқа келесі жағдайда ғана енеді: 
—  егер  тапсырыс  беруші  қосымша  шығындарды  өтеуге  ке-
лісімін берсе; 
— қосымша төлемнің сомасы үлкен сенімділікпен салысты-
рылатын болса. 
Көтермелеу  төлемдері — келісім-шарттағы  талаптар  артық 
орындалғанда төленетін қосымша төлем. Олар табысқа енеді: 
— егер нормалар артық орындалса; 
—  артық  төленетін  сома  үлкен  сенімділікпен  салыстыры-
латын болса. 
Табыс пен шығындарды  анықтай келе, оны мойындауға ту-
ра келеді. 
Табыстар  мен  шығындар 12 БЕС  «Күрделі  құрылысқа  мер-
дігерлік  келісім-шарт»  нұсқауы  негізінде  мойындалады  (ХҚЕС 
11 «Мердігерлік мəмілелер»). 
Табыс жəне онымен пайда болатын шығындар кəсіпорынмен 
үлкен  сенімділікпен  салыстырылатын  жағдайда  ғана  мойында-
лады. 
Мəмілелер екі түрге жіктеледі: 
—  қатаң  құны  белгіленген  мердігерлік  келісім-шарт  (ХҚЕС 
11 бойынша  нақтыланған құны бар мəміле) 

 
89
—  ашық  құны  белгіленген  мердігерлік  келісім-шарт  (ХҚЕС 
11 — мəміле «шығындар қосылғанда») 
— стандартта табысты мойындау үшін, 10-кестеде орындал-
ған жұмыс пайызын анықтау нұсқасы ұсынылған. 
 
10-кесте 
 
І-нұсқа II-нұсқа 
Атқарылған жұмыстың 
пайызын табу үшін, белгілі 
уақытта шеккен шығындар 
сомасын сметалық құнға бөлу 
керек. 
Екінші тəсіл бойынша, 
құрылыс өнімінің атқарылған 
бірлігін мəміле бойынша 
жалпы бірлікке бөлу қажет. 
 
Атқарылған жұмыс пайызы 
= (шеккен шығын/сметалық 
құн)·100% 
 
Атқарылған  жұмыс 
пайызы = (құрылыс өнімінің 
атқарылған бірлігі/ мəміле 
бойынша жалпы бірлік) 
·100% 
 
Мысалы: 
Мердігерлік  келісім  бойынша  бір  типті  үйлерден  тұратын 
коттеджді  қалашықты  құру  көзделген.  Сметалық  шығындар 
750,0 мың теңгені құрады. Есептік кезеңнің соңында мердігер 25 
коттедждің 5-еуін  салып  бітті.  Құруға  кеткен  шығындар 200,0 
мың теңгені құрады. Жалпы келісілген құн — 1000,0 мың теңге. 
Екі тəсілді пайдалана отырып, мердігердің жасаған жұмысының 
пайызын анықтаймыз. 
1-тəсіл. 
Орындау пайызы = (200,0/750,0) · 100% = 26,6% 
2-тəсіл. 
Орындау пайызы = (5/25) · 100% = 20% 
Бірінші  жағдайда  есепті  күні  танылатын  шығын  көлемі 
1000,0 мың теңге · 26,6%  = 266,0 мың теңгені құрады, ал екінші 
жағдайда 1000,0 мың теңге · 20% = 200,0 мың теңге. 
Кейде  құрылыстық-мердігерлік  келісімнен  нəтиженің  шын-
дығын  анықтау  қиын  болады,  ондай  жағдайда  табысты  артық 
бағаламау  үшін  табысты  тану  күніндегі  шығындар  көлемінде 
тану қажет. 

 
90
Құрылыстық-мердігерлік  келісімнің  табысына  еніп  жəне 
қаржы-шаруашылық қызмет туралы  есептілікте танылған сома-
ны  алуға  қатысты  белгісіздік  пайда  болғанда,  алынуы  үмітсіз 
сома  немесе  өтелуі  күмəнді  сома  құрылыстық-мердігерлік  ке-
лісім  бойынша  алынған  табысқа  түзету  ретінде  емес,  шығын 
ретінде танылады. 
Мысалы: 
Мердігер  қаржылық  есептілікте  келісім  бойынша  шығынды 
тани  отырып,  тапсырысты  орындады  жəне  оны  тапсырыс 
берушіге өткізді. Бірақ, бұдан кейін тапсырыс берушінің келісім 
бойынша  (əртүрлі  жағдайларға  байланысты)  төлей  алмайтын-
дығы  анықталды.  Бұл  жағдайда  есептеу  қағидасына  сəйкес 
табыс  бұрын  танылғандықтан,  тапсырыс  берушіден  алмаған 
соманы  келісім-шарттағы  шығындарға  қосу  керек.  Табыс 
сомасына  түзету  жасалмайды,  өйткені  толығымен  алынбаған 
табыс  туралы  ақпарат  шаруашылық  қызметтің  бұрынғы  жағ-
дайларын  бағалаған,  ол  ақпарат  қаржылық  есептілікті  пайда-
ланушыларға  маңызды  болып  табылады.  Мердігерге  байланыс-
сыз  форсмажорлық  жағдайларда  алынбаған,  бірақ  қаржылық 
есептілікте  көрсетілген  табыс  мердігердің  қызметінің  нəтижесі 
болып саналады жəне объективті бағалануы тиіс. 
Зияндарды тану. Құрылыстық жұмыстарды жасау барысын-
да кейбір жағдайларда жəне құрылыс жұмысы басталмас бұрын 
мердігерлік  келісім  шегіндегі  толық  шығындардың  толық  та-
быстардан  асып  кетуі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  шаруашылық  бол-
жамды  шығындар  олар  пайда  болған  кезеңнің  шығындары 
ретінде танылуы керек. Қаржылық есептілікте шығындар табыс-
тарға қосылмастан танылады (табыстардың жалпы сомасы бол-
жамды шығындар сомасын жапса да). Осыған орай мысал келті-
ретін болсақ, төмендегідей тəртіпте қарастырамыз. 
Компания  құрылысқа  үш  мердігерлік  келісім  жасасты:  екі 
келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 50000 мың теңге, үшінші 
келісім-шарт  бойынша  болжанған  шығынның  жалпы  сомасы 
15000  мың  теңге  танылды.  Мұндай  жағдайда  қаржылық  есеп-
тілікте  жалпы  табыс  сомасы  жалпы  шығын  сомасынан  асып 
кетуіне  жəне  оны  басып  қалуына  қарамастан,  табыстар  мен 
шығындар бөлек-бөлек танылуы керек. 

 
91
БЕС 12 “Күрделі  құрылысқа  мердігерлік  келісім”  жəне 
ХҚЕС 11 “Мердігерлік келісім” сəйкес зияндарды тану шартта-
рында біршама  айырмашылық бар екендігін ескеру керек, олар: 
 
11-кесте 
 
БЕС 12 “Күрделі 
құрылысқа 
мердігерлік келісім” 
— күрделі құрылысқа жасалған 
келісім-шарттың нəтижесі алдын-ала 
дəл есептелінген жағдайда қандай да 
бір болжамды зиянды шығын ретінде 
тану қажет етілмейді; 
— күрделі құрылысқа жасалған 
келісім-шарттың аяқталғаны 
анықталғанда екі əдістің ғана 
пайдаланылуы рұқсат етіледі, 
орындалған жұмыстарды көрсету 
бағалаудың əдісі ретінде қарастырыл-
майды. 
ХҚЕС 11 
“Мердігерлік келісім” 
— күрделі құрылысқа жасалған 
келісім-шарттың нəтижесі алдын-ала 
дəл есептелінген жағдайда қандай да 
бір болжамды зиянды шығын ретінде 
тану қажет етіледі; 
— күрделі құрылысқа жасалған 
келісім-шарттың аяқталғаны 
анықталғанда пайдаланылатын 
əртүрлі əдістердің бар екендігі 
белгіленеді, соның ішінде орындалған 
жұмысты көрсетуде. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.Технологиялық кезеңнің аяқталуына байланысты құрылыс 
нысанын  тапсырыс  берушінің  бас  мердігерден  қабылдап  алуы 
құрылыстың қай түріне жатады? 
2. Келісімдегі  шарттарды бұлжытпай орындап,  мемлекеттік 
қабылдау  комиссиясының  шешімімен  тапсырылған  құрылыс 
нысанын  тапсырушы  мен  бас  мердігер  арасында  қорытынды 
есептесулер қандай тəртіпте жасалады? 

 
92
3.  Нормативтік  заңға  сəйкес  аяқталған  құрылыс  нысанына 
қандай құжат толтырылады? 
4. Аяқталған құрылыс нысандары үшін есептесу тəртібіне не 
жатады? 
5.  Аяқталған  құрылыс  нысанының  есептеулерін  қорытын-
дылай келе, табыс пен шығындар құрамын анықтау қалай жүр-
гізіледі? 
6. Табыс жəне шығындар құрамы  қандай? 
7.  Мəміленің өзгертілген сомасы табысқа жатады ма? 
8.  Табыс  жəне  онымен  пайда  болатын  шығындар  қандай 
жағдайда  мойындалады? 
9.  Мəмілелер қалай жіктеледі? 
10. Стандартта  табысты мойындау үшін  орындалған  жұмыс 
пайызы қалай  анықталады? 
11.  БЕС 12 “Күрделі  құрылысқа  мердігерлік  келісім”  жəне 
ХҚЕС 11 “Мердігерлік келісім” сəйкес зияндарды тану шартта-
рында  айырмашылық бар ма? 
12. Құрылысқа үш мердігерлік келісім жасалынады ма? 
13.  Күрделі  құрылысқа  жасалған  келісім-шарттың  аяқтал-
ғаны анықталғанда екі əдістің ғана пайдаланылуы рұқсат етіледі 
ме? 
14.  Орындалған  жұмыстарды  көрсету  бағалаудың  əдісі 
ретінде қарастырылады ма? 
15.  Күрделі  құрылысқа  жасалған  келісім-шарттың  нəтижесі 
алдын  ала  дəл  есептелген  жағдайда  қандай  да  бір  болжамды 
зиян шығын ретінде танылуды қажет етеді ме? 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
93
8-ТАҚЫРЫП 
КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР  ЕСЕБІ  
ЖƏНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ƏДІСТЕРІ 
 
Құрылыс-монтаж  жұмысымен  айналысатын  кəсіпорындар-
дың  өз  қызметінің  құрамында  қосалқы  жəне  қосымша  өн-
дірістерін  ашуға  мүмкіндіктері  бар.  Себебі,  мұндай  өндірістер 
негізгі  өндірістің  үздіксіз  жұмыс  істеуіне  пайдалы  əсер  етеді.  
Қосалқы  өндірістік  шаруашылықтар  өз  бетінше  бір  құрылым 
болғанмен,  мысалы    ағаш    бұйымдарын    жасайтын  цех,  кірпіш 
өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдар цехы тікелей 
негізгі  құрылыс  өндірісінің  сұранысын  толық  жəне  уақытында  
қамтамасыз  етіп  отыру  үшін  қызмет  жасайды.  Сонымен  қатар, 
негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару  жұмысына ықпал етіп 
жəне  қызмет  көрсететін  өндіріс  көмекші  өндіріс  деп  аталады. 
Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-
механикалық  цехы,  автокөлік  жəне  т.б.  Көмекші  өндірістің 
шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған 
жəне  ол  «Цехтардың  шығындары»  деп  аталатын  ведомоста 
жүргізіледі, онда əрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық 
шот (тіркемелі парақтарда) ашылады. 
Көмекші өндірістердің əрбір цехтары бойынша шығындарын 
есепке  алу  "Цехтар  шығындары"  деп  аталатын  ведомоста  көр-
сетіледі.  Ведомостқа  жазбалар  талдамалық  кестелерден  немесе 
бастапқы құжаттардан алынып жазылады. 
Көмекші  өндірістік  талдамалық  (аналитикалық)  есебі  əрбір 
цехта,  өнім  түрлері  (егер  олар  əрқилы  болса)  жəне  шығын 
баптары  бойынша  жүреді.  Шығын  номенклатурасы  өндірістігі 
мен  сипатына  тəуелді  болып  келеді.  Əдетте,  ол  өзіне  негізгі 
материалдарды,  көмекші  материалдарды,  отын-энергетикалық 
жəне  технологиялық  шығыстарды,  электр  энергиясын,  өндіру 
мақсаты үшін пайдаланылатын буды, суды, негізгі жəне қосым-
ша  жалақыны,  жалақыдан  аударылатын  аударымдарды,  үстеме 
шығыстарды қосады. 
Қосымша  өндірістің  күрделеніп,  сондай-ақ  шығарылатын 
өнімнің  біртектісін  немесе  біртекті  емесін  көмекші  өндірістің 
көрсеткен  қызметінің  өзіндік  құнын  есептеу  үшін  əртүрлі  əдіс 
қолдануға мəжбүр етеді. 

 
94
Көмекші  өндірістің  есеп  айырысуы  мен  калькуляциясы 
ерекшеленеді,  өйткені  кейбірі  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
болады жəне тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді, мысалы 
жөндеу-механикалық  цехы  жүк  автомашина  цехына  ағымдағы 
жөндеу  жұмысын  жүзеге  асырады,  ал  автокөлік  цехы  жөндеу-
механикалық цехына жүк тасымалдайды. 
Автомашинаның  ағымдағы  жөндеу  өзіндік  құнын  есептеу 
үшін  автомашинамен  тасымалданатын  жүктің  өзіндік  құнын 
білу  керек,  ал  тасымалданатын  жүктің  өзіндік  құнын  есептеу 
үшін  ағымдағы  жөндеудің  өзіндік  құнын  білу  қажет.  Бұл  жағ-
дайда  өзіндік  құн  математикалық,  не  өзіндік  құны  бойынша 
(немесе  өткен  айдағы  қызмет  көрсетудін  құны  бойынша)  есеп-
теледі. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сон-
дықтан онда қалдық қалмайды. 
Тек жөндеу-механикалық жəне аспаптар жасайтын цехтарды 
қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтар болуы мүмкін. 
Бұндай  қалдықтарды  есептеу  кезеңнің  соңында  өндірістік  (бас-
қарушылық)  бухгалтериядан  қаржылық  бухгалтерияға  беріледі, 
ол кезде 1340 "Аяқталмаған өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8030 
"Көмекші  өндіріс"  шоты  кредиттеледі.  Бұл  операциядағы    аяқ-
талмаған  өндірістің  қалдығы  қаржылық  есеп  беруде  көмекші 
өндіріске  жатқызылады.  Тек  жөндеу-механикалық  жəне  аспап-
тар  жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтардың ай  соңында 
қалдықтары  болуы  мүмкін.  Бұндай  қалдықтар  есептік  кезеңнің 
соңында  өндірістік  (басқарушылық)  бухгалтериядан  қаржылық 
бухгалтерияға  беріледі,  ол  кезде 1340 «Аяқталмаған  өндіріс» 
шоты  дебеттеледі  де, 8030 «Көмекші  өндіріс»  шоты  кредит-
теледі,  бұл  операцияның  көмегімен  аяқталмаған  өндірістің 
қалдығы  қаржылық  есеп  берудің  көмекші  өндірісіне  жатқы-
зылады. 
Келесі  есептік  жылдың  басында  қаржылық  есептен  өндіріс-
тік  (басқарушылық)  есепке  беріледі,  ол  кезде 8030 «Көмекші 
өндіріс»  шоты  дебеттеліп, 1340 «Аяқталмаған  өндіріс»  шоты  
кредиттеледі. 
Көмекші  өндірістің  өнімінің  санын  есептеуіштердің  көрсет-
кіштері  бойынша  немесе  шамамен  (шартты  жолымен)  анық-
тайды. 

 
95
«Көмекші  өндіріс  қызметін  таратудың»  талдамалық  кестесі 
үш бөлімнен тұрады: 
— бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қыз-
меттердің  жəне  көмекші  өндірістер  шығындарының,  ондағы 
материалдық  құндылықтардың  іс  жүзіндегі  өзіндік  құны  есеп-
телініп  шығарылады  жəне  олардың  жоспарлы  өзіндік  құны 
келтіріледі.  Қабылданған  жəне  көрсетілген  қарама-қарсы  қыз-
меттердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған 
жəне  көрсетілген  қызметтердің  саны  мен  жоспарлы  өзіндік 
құны,  негізгі  тұтынушыларға  босатылған  қызметтердің  саны 
мен  құны,  материалдық  шоттарға  кіріске  алынған  құндылық-
тардың  құны  көрсетіліп,  өнімнің,  жұмыстар  мен  көрсетілетін 
қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады; 
—  екінші  бөлімнің  деректері  «Цех  шығындарының»  негі-
зінде  ведомостқа  жазылады,  содан  соң  өнімді,  жұмысты  жəне 
қызметті  тұтынғандардың  шоттары  дебеттеледі  де, 8030 шоты 
кредиттеледі; 
—  үшінші  бөлімде  көрсетілген  қызметтің  жабдықтаушысы 
болып  саналмайтын  бөлімшелердің  шығындарының  таратылға-
ны көрсетіледі. 
Технологиялық  процестің  сипатына  жəне  шығаратын  өнім-
нің,  жұмыстар  мен  көрсетілетін  қызметтердің  біртектілігіне  қа-
рай, қосымша өндіріс қарапайым жəне күрделі болып бөлінеді. 
Құрал-жабдықтарды  пайдалану  мен  күтіп-ұстауға  кеткен 
нақты  шығындарды  таратқан  қезде,  оның  сол  тиісті  бөлігіне 
жататын  ақауының  өзіндік  құнын  ескеру  керек.  Бұл  шығыстар 
ақаудың  өзіндік  құнына  сметалық  (нормативтік)  мөлшерлемені 
анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өн-
діріс  жұмысшыларының  жалақысына  пропорционалды  енгізі-
леді.  Мысалы,  ақауды  жөндеумен  айналысатын  жұмысшының 
күндік  жалақысы 1800 теңге  болса,  ал  оның  сметалық  нор-
мативтік  мөлшерлемесі 750 теңгені  құраған.  Бұл  соңғы  құрал-
жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиісті сомасы арқы-
лы  анықталған. Қосымша өндірістің  күрделілігі,  сондай-ақ  шы-
ғарылатын өнімнің біртектілігі немесе біртекті еместігі көмекші 
өндірістің  көрсеткен  қызметінің  өзіндік  құнын  есептеу  үшін 
əртүрлі  əдісті  қолдануға  мəжбүр  етеді.  Қосымша  өндірістегі 

 
96
есепті  ұйымдастыру  өндірістің  технологиялық  ерекшелігіне 
байланысты. 
Бухгалтерлік  стандарттың  талаптарына  сəйкес  құжаттарды 
толтырумен қатар, бұл өндірістегі бухгалтерлік шоттар жазбасы 
төмендегідей болады. 
 
12-кесте 
 
№ 
Операция мазмұны 
Дебет 
Кредит 

Өндіріске босатылған 
материалдар 
8030 1310, 
1330, 
1350 

Өндіріс 
жұмысшыларының 
еңбекақысы 
8030 3350 

Еңбекақыдан 
аударылған 
аударылымдар 
8030 3150, 
3210, 
3220 

Негізгі құралдарды 
жөндеу 
8030 1310, 
3310 

Негізгі құралдардың 
құнсыздануы 
8030 2420, 
2740 

Коммуналдық 
төлемдер 
8030 3310,3340,3390 

Шығындар жиынтығын 
негізгі өндіріске жатқызу 
8010 8030 
 
Келесі  есептік  жылдың  басында  қаржылық  бухгалтериядан 
өндірістік  (басқарушылық)  бухгалтерияға  беріледі,  ол  кезде 
8030 "Көмекші  өндіріс"  шоты  дебеттеліп,  1340"Аяқталмаған 
өндіріс" шоты кредиттеледі. 
Көмекші  өндірістің  көрсеткен  қызметін  жəне  атқарған  жұ-
мысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің 
көрсеткен  қызметін  тарату"  деп  аталатын  талдамалы  кестені 
жасайды. Онда əрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, 
өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы 
бойынша — будың  тоннасы,  қондырғы — қысылған  ауаның 
куба  метрі,  электростанция — киловатт/сағаты,  автокөлік — 

 
97
тонна/километр.  Содан  соң,  жұмыс  пен  қызметтің  өзіндік 
құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған 
соң, жұмыс пен қызметті тұтынушыларға таратады. 
Қарапайым  өндіру  біртекті,  күрделілігі  бірдей  өнімдерді 
шығарады.  Оларда,  əдетте  аяқталмаған  өндіріс  пен  шалафаб-
рикаттар  (электр  станциялары,  бу-қазандық,  компрессорлық 
жəне оттегі станциялары, автокөлік) болмайды. 
Күрделі  өндірісте  алуан  түрлі  өнімдер  өндіріледі,  оның 
аяқталмаған  өндірісі  болады  жəне  бұйымдардың,  өнімдердің, 
жұмыстардың  жəне  көрсетілген  қызметтердің  түрлері  бойынша 
есеп жүргізуді талап етеді. 
Бұл  өндіріс  түрінде  тапсырыстық  əдіспен  шығындар  есеп-
теліп, калькуляция жасалады. Осы құбылысқа байланысты əрбір 
тапсырыс  кодталып,  əрбір  шот-фактура  бойынша  тапсырысты 
жинақтауға  мүмкіндік  береді.  Күрделі  жəне  көмекші  өнді-
рістердегі  өнімнің,  жұмыстың,  қызметтің  өзіндік  құнын  дұрыс 
есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен 
маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі 
əдіс  бойынша,  яғни  іс  жүзіндегі  өзіндік  құны  бойынша  да, 
есептеп шығару жолымен де бағалауға болады. 
Бірінші  əдіс  кезінде  жөндеу  жұмыстарына,  тапсырыстарға, 
не  өнімнің  жекелеген  түрлерін  дайындауға  кеткен  шығындар 
бойынша есептеп шығарылады. «Негізгі материалдар», «Қосал-
қы  материалдар», «Негізгі  жəне  қосымша  жалақы»  жəне  т.б. 
баптар  бойынша  шығындар  бастапқы  құжаттардың  деректері 
бойынша  тікелей  есептеледі.  Қосымша  шығындар  оларды  бөлу 
тəртібімен  белгіленген  көлемде  аяқталмаған  өндіріске  жатқы-
зылады. 
Екінші əдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған 
өндіріс объектілерінің саны жəне норма-сағаты олардың дайын-
дық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп 
шығарып  жəне  бір  норма-сағаттың  жоспарлы  өзіндік  құны 
арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады. Ма-
териалдардың  құнын  нормативтік  калькуляцияның  деректері 
бойынша,  ал  қосымша  шығындарды  жалақыға  пайыздық 
қатынасы бойынша  анықтайды.  Осы  баптар  бойынша  жасалған 
шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды. 

 
98
Қосалқы  немесе  көмекші  өндіріс  құрылыс  нысанының  жұ-
мысының  белгілі  бір  үлесіне  тиесілі  қызмет  көрсетумен  қатар, 
өздерінің  мүмкіншіліктерін  пайдаланып,  басқа  да  тапсырыс 
берушінің  талабын  немесе  сұранысын  қанағаттандыруға  құқы-
лы.  Қосалқы  өндіріс  шығындары  есепті  кезең  соңында, 8030 
шоттың суб-шотындағы сомалар жинақталып 8030 негізгі  шот-
қа жатқызылады. Бухгалтерлік шоттар жазбасында төмендегідей 
көрсетіледі. 
13-кесте 
 
№ 
Операцияның мазмұны 
Дебет 
Кредит 

Өндіріске алынған 
материалдар 
1350 8030* 

Өндіріске алынған қалдық 1350  8030* 

Өндірістен алынған  жартылай 
шикізат 
1340 8030* 

Өндірістен алынған дайын 
өнім 
1320 8030* 

Негізгі өндірісте 
пайдаланылған материалдар 
8010 8030* 

Жалпы өндірістік мақсатқа 
пайдаланылған материалдар 
8040 8030* 

Сатылған өнімнің құны 7010 8030* 

Негізгі құралдарды жөндеу 8040 
8030* 

Құрылыс-монтаж 
жұмыстарындағы ақауды 
жөндеу 
8040 8030* 
10 
Əкімшілік шығындар 7210, 
7440 
8030* 
11 
Аяқталмаған өндіріс құнының 
қалдығы 
1340 8030 
 
* Əрбір суб-шот кəсіпорынның есеп саясатымен анықталады 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Қандай  өндірістер  негізгі  өндірістің  үздіксіз  жұмыс  іс-
теуіне пайдалы əсер етеді? 

 
99
2.  Қосалқы  өндірістік  шаруашылықтар  өз  бетінше  бір  құ-
рылым болғанмен, мысалы   ағаш   бұйымдарын   жасайтын  цех, 
кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдар цехы 
қандай мақсатқа қызмет жасайды? 
3.  Негізгі  өндіріс  тұтынатын  өнімді  шығару  жұмысына 
ықпал етіп жəне қызмет көрсететін  өндіріс өндірістің қай түріне 
жатады? 
4.  Көмекші  өндірістерді  əрбір  цехтары  бойынша  шығын-
дарды есепке алу қандай құжатта көрсетіледі? 
5.  Ведомостқа  жазбалар  қандай  құжаттардан  алынып  жа-
зылады? 
6.  Көмекші  өндірістің  есеп  айырысуы  мен  калькуляциясы  
бір-бірімен қандай байланыста болады? 
7.  Тапсырыстық  əдіспен  есептелген  шығындар  калькуля-
циясы  қандай өндірістің түрінде жасалады? 
8. Күрделі жəне көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстың, 
қызметтің  өзіндік  құнын  дұрыс  есептеу  үшін  аяқталмаған  өн-
дірістің деңгейін анықтау қажет пе? 
9. Қосымша шығындар  бөлу тəртібімен белгіленген көлемде 
қандай өндіріске жатқызылады? 
10.  Қосалқы  немесе  көмекші  өндіріс  құрылыс  нысанының 
жұмысының  белгілі  бір  үлесіне  тиесілі  қызмет  көрсетумен  қа-
тар, өздерінің мүмкіншіліктерін пайдаланып, басқа да тапсырыс 
берушінің талабын немесе сұранысын қанағаттандыруға құқылы 
ма? 
11.  Негізгі  өндірісте  пайдаланылған  материалдар  үшін 
қандай бухгалтерлік жазба көрсетіледі? 
12.  Жалпы  өндірістік  мақсатқа  пайдаланылған  материалдар 
үшін қандай бухгалтерлік жазба көрсетіледі? 
13. Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақауды жөндеу үшін 
қандай бухгалтерлік жазба көрсетіледі? 
14.  Өндірістен  алынған    жартылай  шикізат  үшін  қандай 
бухгалтерлік жазба көрсетіледі? 
15.  Аяқталмаған  өндіріс  құнының  қалдығы  үшін  қандай 
бухгалтерлік жазба көрсетіледі? 
 
 
 

 
100
9-ТАҚЫРЫП 
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК  
ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫ АШУ 
 
9.1. Бухгалтерлік қорытынды есеп  
және оның мәліметтерін пайдаланушылар 
 
Халықаралық  тəжірибеде  бухгалтерлік  есеп  үрдісін  (про-
цесін)  төрт  түрлі  негізгі  сатыға  бөлу  қабылданған.  Бірінші  са-
тыда  əртүрлі  шаруашылық  фактілері  (іскерлік  мəліметтер)  құ-
жатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліп жəне оларды 
бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, 
бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. Үшінші сатыда 
мазмұнына  қарай  бухгалтерлік  есептің  мемлекеттік  жүйесінің 
талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші 
бухгалтерлік  есеп  үрдісінің  қорытынды  сатысында  кəсіпорын-
ның  шаруашылық  қызметіне  талдау  жүргізіліп,  оның  нəтижесі 
кəсіпорын  əкімшілігінің  өз  қызметіне  баға  беруі  мен  алдағы 
уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы 
үшін пайдаланылады. 
Бухгалтерлік  қорытынды  есеп  берудің  мақсаты  бұл  есепті 
пайдаланушыларға кəсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы 
жəне  олардың  қозғалысы  туралы,  сондай-ақ  кəсіпорынның 
шаруашылық  қызметінің  қаржылык  нəтижелері  туралы,  əрі 
ақиқат  ақпарат  беруден  тұрады.  Кəсіпорын  туралы  ақпаратқа 
мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кəсіпорынның бухгал-
терлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады. 
Кəсіпорынның  бухгалтерлік  қорытынды  есебін  пайдалану-
шылардың  барлығы  бухгалтерлік  есептің  халықаралық  стан-
дартына  сəйкес,  ілгеріде  айтып  өткеніміздей  үш  топқа  бірікті-
ріледі.  Бірінші  топқа  осы  кəсіпорында  қызмет  атқаратын  адам-
дар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы 
шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы 
туралы  ақпараттар  қызықтырады.  Сонымен  қатар,  олар  өзде-
рінің  жұмыс  орындарының  сақталуы,  сондай-ақ  уақытымен 
еңбекақы  жəне  басқа  да  жəрдемақы,  сыйақы  алу  үшін  мүдделі 
болып  табылады.  Қатаң  бəсеке  шартында  кез  келген  кəсіп-
орынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни 

 
101
пайдалы  жұмыстың  табыстылығы  (рентабельділігі)  мен  актив-
тердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне 
байланысты. 
Қолда бар  капиталды  сақтап  жəне  жаңасын  жұмылдыру  ар-
қылы  кəсіпорынның  жеткілікті  пайда  табу  мүмкіндігі  табыс-
тылық (рентабельділік) болып саналады. 
Кредиторлар  алдындағы  қарыздарын  өтеу  үшін  кəсіпорын-
ның  жеткілікті  түрде  ақшаларының  жəне  басқа  да  қорларының 
болуы, ол кəсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді. 
Екінші  топты  осы  кəсіпорында  жұмыс  істемейтін,  бірақ 
оның  қаржылық  жағдайына  тікелей  ынталылар,  мүдделілер 
құрайды. Бұл топқа кəсіпорынның инвесторларын, несие беруші 
банк  жəне  басқа  да  кəсіпорындарын,  жабдықтаушы-мердігер-
лерін жəне басқаларды жатқызуға болады. 
Инвесторларды  олардың  салынған  капиталының  табысты-
лығы  қызықтырып  жəне  сонымен  қатар,  алдағы  уақытта  осы 
кəсіпорын  үшін  қолайсыз  жағдайлардан  болатын  қауіпті  ақпа-
раттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кəсіпорын-
ның  акцияларын  сатып  алуға,  ұстап  отыруға  немесе  сатуға 
болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет. 
Несие берушілерді кəсіпорынға берілген төлемді уақытымен 
қайтарып  алу  мүмкіншілігі  мен  одан  түсетін  тиесілі  пайызды 
алу  мүмкіндігі  туралы  ақпараттар,  ал  жабдықтаушы-мердігер-
лерді  кəсіпорынның  төлем  қабілеттілігі  мен  шоттарды  уақы-
тылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. 
Үшінші топқа  кəсіпорынның қаржылық жағдайына жанама 
мүдделілер — қор  биржалары,  салық  комитеті,  жоспарлауды 
жүзеге  асырушы  органдар  жəне  басқа  да  заңды  тұлғалар  жата-
ды. Олар кəсіпорынның  бухгалтерлік қорытынды  есебін  пайда-
лану  арқылы  елдегі  адамдардың  орташа  еңбекақысын  жəне 
басқа  да  статистикалық  көрсеткіштерді  есептеп  отырады.  Осы-
ларды ескере келсек, кəсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды 
есеп  мəліметтері  тек  қана  бір  кəсіпорынның  экономикасын 
көтеру  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  елдің  жəне  сол  елдегі 
халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет. 
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы 
ұғымға  келетін  болсақ,  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кəсіпо-
рынның  мүліктік  жəне  қаржылық  жағдайын,  сондай-ақ  белгілі 

 
102
бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нəтиже-
сін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады. 
Бухгалтерлік  қорытынды  есеп  өзінің  негізгі  болып  сана-
латын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мəліметтің көлемі 
жəне тағайындалуы  бойынша жіктеледі. 
Жасалу  уақытына  қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есеп 
ағымдағы  жəне жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Кəсіп-
орынның ағымдағы (жыларалық) бухгалтерлік қорытынды есебі 
негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір 
тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кəсіпорынның жылдық бух-
галтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның 
ағымдағы  қорытынды  есептен  айырмашылығы  балансқа  көп-
теген  қосымшалар  тіркеліп,  кəсіпорынның  қаржылық  жəне 
мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан 
да  бұл  ақпараттық  мəліметтер  кəсіпорынның  қаржы-шаруашы-
лық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді. 
Мəліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің 
өзін алғашқы  жəне жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп 
аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қоры-
тынды есеп кəсіпорынның ағымдағы бухгалтерлік есеп мəлімет-
тері негізінде жасалады. Оның құрамында кəсіпорынның белгілі 
бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық 
нəтижесі көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті 
құрамында  туынды  немесе  еншілес  серіктестіктері  бар  ша-
руашылық  кəсіпорындары  өзінің  жəне  сол  серіктестіктерінің 
қорытынды есептерінің негізінде жасайды. 
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытын-
ды  есеп  ішкі  жəне  сыртқы  болып  бөлінеді.  Ішкі  деп  аталатын 
бухгалтерлік  қорытынды  есеп  мəліметтері  шаруашылықты  бас-
қару  үшін,  сондай-ақ  басшылардың  қандай  да  бір  мəселелерді 
шешуі  үшін  пайдаланылады.  Бухгалтерлік  қорытынды  есептің 
бұл  түрі  сыртқы  пайдаланушыларға  берілмейді  жəне  оның 
мəліметтерін  жариялауға  тыйым  салынады.  Ал  бухгалтерлік 
қорытынды  есептің  сыртқы  түрі  барлық  пайдаланушылар  үшін 
ашық  түрде  беріледі.  Сонымен  қатар,  қорытынды  есептің  бұл 
түрін  кəсіпорын  кейбір  жағдайларда  жарнама  ретінде  ақпарат-
тық құралдар (газеттер, журналдар) беттеріне де жариялайды. 

 
103
Жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кəсіпорын  қызме-
тінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттар-
дан тұрады: 
— бухгалтерлік баланстан; 
— пайда жəне зиян (қаржы-шаруашылық нəтижелер) туралы 
есептен; 
— меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен; 
— ақшалардың қозғалысы туралы есептен; 
— түсініктемелік жазбадан. 
Кəсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебіне 
берілген түсініктемелік жазба кəсіпорынның қаржылық жағдайы 
туралы  деректен,  өткен  жыл  мен  ағымдағы  жылдың  мəлімет-
терін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден жəне бухгал-
терлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау əдістері 
туралы  маңызды  ақпараттардан  тұруы  керек.  Бұл  айтылған-
дардан  басқа,  түсініктеме  жазбада  кəсіпорынның  келесі  есепті 
жылдың есеп саясатына енгізетін өзгерістері жайлы мəліметтер 
көрсетіледі. 
Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар. 
Бухгалтерлік  есеп  қағидаларына  сəйкес  кез  келген    кəсіпорын-
дардың  бухгалтерлік  қорытынды  есебі  мынадай  негізгі  талап-
тарға  жауап  беруі  керек — сенімділік,  тұтастық,  тізбектілік, 
салыстырымдылық, есепті кезең жəне рəсімделу. 
Сенімділік  дегеніміз,  бұл — бухгалтерлік  қорытынды 
есептің сенімді жəне толық түрде кəсіпорынның мүліктік немесе 
қаржылық  жағдайын  таныстыратын  шаруашылық  қызметтегі 
қаржылық  нəтижелері  болып  табылады.  Сенімді  бухгалтерлік 
қорытынды есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі 
стандарттарына,  сондай-ақ  белгіленген  нормативті  актілер  мен 
ережелерге сəйкес жасалады. 
Тұтастылық  дегеніміз — кəсіпорынның  бухгалтерлік  қоры-
тынды  есебінде  осы  кəсіпорындағы  орындалған  барлық  ша-
руашылық  операциялардың  міндетті  түрде  қамтылып  (қосы-
лып), көрсетілуі болып табылады. 
Тізбектілік  дегеніміз — кəсіпорынньң  бір  есепті  кезеңінен 
екінші  есепті  кезеңіне  дейінгі  орындалған  операциялардың 
күнделікті тіркеліп отыруы. 

 
104
Салыстырымдылық, бұл — бухгалтерлік қорытынды есептің 
бір  кезеңдегі  мəліметінің  екінші  есепті  кезеңнің  мəліметімен 
салыстырылып көрсетілуі болып табылады. 
Белгіленген  заңға  сəйкес,  есеп  беру  кезеңі  барлық  кəсіп-
орындар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып 
бекітілген. 
Бірінші  қорытынды  есеп  жылы  болып  кəсіпорынның  жаңа-
дан құрылған күнінен бастап немесе кəсіпорынның қайта ұйым-
дастырылған  уақытынан,  яғни  тіркелуінен  басталып  сол  жыл-
дың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады. 
Егер  кəсіпорын  тіркеуден 1 қазан  мен 31 желтоқсан 
аралығында  өткен  жағдайда,  ол  кəсіпорынның  алғашқы  есеп 
беру уақыты келесі жылдан басталады. Кəсіпорынның тіркеуден 
өткенге  дейінгі  операциялары  бойынша  шығындары  алғашқы 
жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады. 
Қаржылық  есептілік  № 30 ҚБЕС-на  сəйкес  жасалады.  Қар-
жылық есептілік, оған аудиторлық жəне тексеруші комиссияның 
қорытындысы  берілгеннен  кейін  серіктестіктің  қатысушысына 
ұсынылады. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесіндегі  барлық  жазулар  жұмыс  шот-
тар жоспарының классификациясына сəйкес болуы керек. 
Қаржы-шаруашылық  операцияларын  құрудың  бастапқы 
құжаттары  болып  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Ко-
дексінің  талаптарына  жəне  жақтардың  келісіміне  сəйкес  рəсім-
делетін  шарттар,  келісімдер,  бұйрықтар  жəне  т.б.  табылады. 
Бастапқы құжаттар 1994 жылғы 16 қарашадағы № 73 Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  статистикалық  комитетімен  бе-
кітілген  бастапқы  есеп  құжаттарының  ведомствоаралық  нысан-
дар альбомына сəйкес рəсімделеді. 
 
9.2.  Құрылыс кәсіпорынының қаржылық  
қорытынды есептілігінің ерекшелігі 
 
Шаруашылық  есеп  саясатында  барлық  өзгерістерді,  жаңа-
лықтарды  жəне  құрылыс  қызметінің  есебінің  құрылысқа  қаты-
сушылардың өзара арақатынастарының таңдалған схемасы ерек-
шеліктерін  көрсету  керек.  Мұны  жасаудың  негізі  мен  базасы 
ретін пайдаланылатын құжаттар: 

 
105
— БЕС 12 “Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім” 21.05.97 
жылы  № 7 жəне 14.02.03 жылы  № 61 нұсқаулар  бойынша   
өзгерістерімен енгізілген; 
— 29.10.02 жылы  № 542 ҚР  ҚМ  “Қаржылық  есептілікті 
жасау  мен  ұсынудың  концептуалды  негіздерін  бекіту  туралы” 
бұйрығы. 
Қаржылық  есептілікті  тапсыру  көзделген  есепті  кезең    аяқ-
талғанда  субъект  алдында  қаржылық  ақпаратты  ұсынудың 
дұрыстығы мен толықтығы туралы сұрақ тұрады. 
Мердігер  құрылысты  аяқтаса  да,  аяқтамаса  да  мыналарды 
көрсету керек: есепті кезеңдегі  əрбір  құрылыстық-мердігерлік 
шарттың табыс сомасын,  сонымен  қатар  құрылыстық-мердігер-
лік шарт ағымдағы есепті кезеңде  ашылып, жабылған жағдайда, 
табыс  сомасы  дұрыс  анықталады  жəне  объектіні  қабылдау  ак-
тісіне қол қойғаннан кейін тапсырыс беруші қабылдаған көлем-
де ашылады. 
Объектінің құрылысы есепті кезеңде  аяқталмаған жағдайда, 
есептілікте  танылатын  жəне  ашылатын  табыс  есепті  кезеңдегі 
танылған  көлемі  қол  қойылған  жұмыстарды  қабылдау-тапсыру 
актілері  бойынша  орындалған  жұмыстардан  есепті  кезеңде 
танылған  шығындарды  шегергендегі  айлық  табыстар  сомасына 
тең. 
Есепті  кезеңде  танылған  табыс  көлемін  анықтауға  пайдала-
нылатын  тəсіл.  Жұмысты  орындау  пайызын  анықтауға  пайда-
ланылатын нұсқа. 
Есепті  кезеңнің  соңында  аяқталмаған  құрылыс  бойынша 
мердігер мыналар туралы қосымша ақпаратты ұсыну керек: 
— шеккен жалпы шығындар сомасы; 
— алынған аванстар сомасы; 
— ұстап қалынған сома. 
Мердігер көрсетуі қажет: 
—  актив  ретіндегі  мердігерлік  келісім  бойынша  тапсырыс 
берушінің қарызының жалпы сомасын; 
— міндеттеме ретіндегі мердігерлік келісім бойынша мерді-
гердің қарызының жалпы сомасын. 
Мердігерлік  келісім  бойынша  тапсырыс  берушінің  қары-
зының  жалпы  сомасы  тапсырыс  берушінің  дебиторлық  боры-
шын  білдіреді,  ал  мердігерлік  келісім  бойынша  мердігердің 

 
106
қарызының  жалпы  сомасы  мердігердің  кредиторлық  қарызын 
білдіреді. 
Мердігерлік келісім-шарт бойынша ақпаратты ашу процесін 
мына мысалдан қарастырайық. Есепті кезеңнің соңында бірінші 
құрылыс  нысанының    жылдық  тұрақты  бағасы  бар  мердігерлік 
келісім-шарт бойынша келесі ақпараттары  бар болған жағдайда: 
 
14-кесте 
 
Ашылуы қажет ақпараттар 
Келісім-
шарт 1 
Келісім-
шарт 2 
Табысты тану принципіне сəйкес 
есептелінген мердігерлік келісім-
шарт бойынша табыс 
 
 
200,0 
 
 
175,0 
Шығысты тану қағидасына сəйкес 
есептелінген мердігерлік келісім-
шарт бойынша шығыс 
 
 
60,0 
 
 
107,0 
Болжамды зияндар — 
20,0 
Есептелінген табыстар минус 
болжамды зияндар 
 
104,0 
 
48,0 
Кезеңде шеккен шығындар 60,0 
150,0 
Мердігерлік келісім-шарт 
бойынша табыстар 
 
200,0 
 
175,0 
Аралық шоттар 25,0 
170,0 
Мердігерлік келісім-шарт 
бойынша фактураланбаған табыстар 
 
175,0 
 
75,0 
Алынған аванстар 150 
150 
 
Осылайша,  бірінші  келісім-шарт  үшін  есепті  кезеңде  таны-
луы  тиіс  табыс  сомасы 200,0 мың  теңгені  құрады.  Мердігерлік 
келісім-шарт  бойынша  шығындар  жəне  танылған  табыстар 
сомасы (60 + 140) = 200,0 мың теңге. Алынған аванстар — 150 
мың теңге. Актив ретіндегі мердігерлік келісім бойынша тапсы-
рыс  берушінің  қарызының  жалпы  сомасы (0 + 140) – 25 = 175 
мың теңге. 
Екінші келісім-шарт үшін: есепті кезеңдегі  табыс сомасы — 
175,0 мың теңге. Мердігерлік келісім-шарт бойынша шығындар 

 
107
жəне  танылған  табыстар  сомасы (107 + 48) = 156 мың  теңге. 
Алынған аванстар — 150,0 мың теңге. Мердігердің қарызының 
жалпы  сомасы (107 + 48) – 170 = (15) құрады  жəне  олар  мін-
деттеме ретінде есепке алынады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Халықаралық  тəжірибеде  бухгалтерлік  есеп  үрдісін  (про-
цесін) қанша сатыға бөлу қабылданған? 
2.  Қай  сатыда  əртүрлі  шаруашылық  фактілері  (іскерлік  мə-
ліметтер) құжатталады? 
3.  Қай  сатыда  есеп  деректері  жіктеліп  жəне  оларды  бухгал-
терлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кі-
тапта көрсету жолымен біріктіріп жазады? 
4. Қай сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемле-
кеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жа-
салады? 
5.  Қай сатыда кəсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау 
жүргізіліп, оның нəтижесі кəсіпорын əкімшілігінің өз қызметіне 
баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы 
шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады? 
6. Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талап-
тар қандай? 
7. Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кəсіпорын қызме-
тінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан қандай  құжат-
тардан тұрады? 
8.  Белгіленген  заңға  сəйкес  есеп  беру  кезеңі  болып  барлық 
кəсіп-орындар үшін қандай кезең бекітілген? 
9.  Қаржылық  есептілік  нешінші  стандартқа  сəйкес  жасала-
ды? 
10. Есепті кезеңнің соңында аяқталмаған құрылыс бойынша 
мердігер қандай  ақпаратты ұсыну керек? 
 
 
 
                              

 
108
ГЛОССАРИЙ 
 
Абсолюттік  пайда — барлық  тауарлар  мен  қызметтерді 
сатудан  алынатын  жəне  шығындарды  шегергеннен  кейін  қала-
тын табыс сомасы. 
Акция  —  акционерлік  қоғаммен  шығарылатын,  акционерлік 
қоғамды басқаруға қатысу жəне акция иелеріне дивидендтер алу 
құқықтарын беретін бағалы қағаз. 
Акционер  —  акционерлік  қоғам  акцияларының  иесі.  Оның 
жиналысқа  қатысуға,  акционерлік  қоғамның  басшылығын  сай-
лауға жəне сайлануына, дивиденд түрінде пайда алуға жəне қо-
ғам  таратылған  жағдайда  мүліктегі  өзінің  үлесін  иемденуге  құ-
қығы бар. 
Алдын-ала  төлемақы  (аванс) — көрсетілген  қызметтерге 
алдын-ала төленетін ақша-қаражаттар. 
Амортизациялық  мерзім — өндіріс  құралдары  құнының 
амортизациялық  аударымдар  негізінде  толық  өтелу  мерзімі. 
Амортизациялық мерзім мемлекет арқылы реттеледі. 
Амортизациялық  қор — бір  мезгілде  негізгі  құралдардың 
тозу үрдісі мен қайта өндірісті ұлғайту үрдісін көрсетуге арнал-
ған ақша-қаражаттар. 
Бас  мердігер — мекемемен  келіскен  мердігерлік  келісім-
шарт негізінде сол шартта көрсетілген құрылыс жұмыстарының 
дер  кезінде  жəне  жоғары  сапада  орындалуына  жауап  беретін 
құрылыс ұйымы. 
Базистік  жыл — экономикалық  индекстерді  анықтауда 
негіз ретінде қабылданған жыл. 
Жал  —  бір  тұлғадан  екінші  тұлғаға  мүлікті  пайдалану  мен-
шік құқығының өтуі. 
Жалдаушы — мүліктерді  жалдаушы  (жалға  алатын)  заңды 
немесе жеке тұлғалар. 
Жергілікті  смета — нысанның  сметасына  кіретін  шығын-
дар  мен  жеке  қызмет  түрлерінің  құнын  анықтайтын  алғашқы 
сметалық құжат. 
Жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, ғимараттар, құры-
лыс жайлары, көпжылдық өсімдіктер жəне басқа да жермен ты-
ғыз байланысты нысандар. 

 
109
Инжиринг — құрылыста қолданылатын экономикалық есеп-
тер мен смета құруға қажетті зерттеулердің нəтижесін техника-
лық  құжат  түрінде  толтырылатын  техникалық  қызметтердің 
жиынтығы.  Сонымен  қатар,  инжиринг  белгілі  бір  объектіні  са-
лумен немесе кешендік құралдарды жеткізумен байланысты тех-
никалық қызметтерді де қамтиды. 
Инновация  (инновациялық  үрдіс) — жаңа  өнімдер,  техноло-
гиялар  мен  ұйымдық  формаларды  ойлап  табуға  жəне  жоғары 
сапада  дамытуға  бағытталған  үрдіс.  Инновация  зерттеу,  енгізу, 
түсіндіру, шығару, қолдану, утилизациялау үрдістерін қамтиды. 
Калькуляциялау — өндірілген өнім бірлігінің жəне орындал-
ған құрылыстық жұмыстардың өзіндік құнын анықтау. 
Кəсіпорын  (ұйым)  активтері — кəсіпорын  қызметінде  қол-
данылатын барлық активтер жиынтығы. 
Келісім-шарт — екі  не  одан  көп  адамдардың  арасындағы 
құқықтар  мен  міндеттерді  белгілеуге,  өзгертуге  жəне  тоқтатуға 
бағытталған келісім. 
Келісім-шарт  бағалары —  жұмыстардың,  жеткізілген  ре-
сурстардың  жəне  көрсетілген  қызметтердің  келісім-шарт  та-
раптарының келісімімен белгіленген бағасы. 
Конвенция (келісім) — экономикалық, заңи, техникалық жə-
не  т.б.  сипаттағы  мəселелер  жөнінде  жасалған  халықаралық 
шарт, келісім. 
Конструкторлық  құжаттар — өнімдерді,  бұйымдарды, 
жоспарды,  кестелерді  қайта  өңдегенде,  бақылағанда,  қабыл-
дағанда  жəне  жөндеу  жұмыстарын  жүргізгенде  қажетті  ақпа-
раттармен  қамтамасыз  ететін  графикалық  жəне  мəтіндік  құ-
жаттар. 
Құрылыс ұйымының өндірістік базасы — құрылыс объекті-
лерін,  сонымен  қатар  құрылыс  үрдісінде  қолданылатын  мате-
риалдарды  өз  күшімен  дайындауға  (қайта  өндіруге)  қажетті 
материалдық-техникалық  ресурстармен  қамтамасыз  ететін  құ-
рылыс ұйымы мен кəсіпорындар кешені. 
Құрылыс  өнімдері — аяқталған  құрылыс  ғимараттары  мен 
басқа да құрылыс жайларының кешені. 
Лицензиялау  —  заңды  тұлғалардың  шаруашылық  қызметін 
əкімшілік реттеу əдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызмет-

 
110
тің  жекелеген  түрлерімен  айналысу  үшін  арнайы  рұқсат  алуды 
көздейді. 
Мекеме  (тапсырыс  беруші) — күрделі  құрылысты  жүзеге 
асыру  мақсатында  мердігерлік  ұйыммен  мердігерлік  келісім-
шарт жасайтын ұйым, кəсіпорын. 
Нормативті-техникалық құжаттар — белгілі бір қызметте 
орындалатын жұмыстарға міндетті түрде қойылатын талаптарды 
сипаттайтын құжат. 
Өндірістік  құжаттар — құрылыс  объектілерінің  техника-
лық  жағдайлары  (кестелер  мен  сызбалар,  қабылдау  актісі  мен 
орындалған жұмыс көлемінің ведомосты) мен құрылыс-монтаж 
жұмыстарының  жүргізу  тəртібін  көрсететін  құжаттар  жиын-
тығы. 
Өндірісті  автоматтандыру — басқару  жəне  бақылау  қыз-
меттерін автоматты құрылғылармен жүзеге асыратын өндірістік 
ұйымдардың əдістері. 
Сəулет — құрылыс  жайлары  мен  олардың  кешенін  қолда-
нылу мақсатына сəйкес жобалау мен салу түрі. 
Сертификат — дайындалған материалдардың (өнім, конст-
рукция)  стандартқа  немесе  техникалық  талаптарға  сəйкестігін 
көрсететін құжат, өндіруші-кəсіпорынның құжаты. 
Сметалық  нормативті  құжаттар  (сметалық  құжаттар) 
— жинақ түріндегі сметалық бағалар кешені. Ережелермен бірге 
талаптардан  тұратын жинақ, сондай-ақ құрылыстық ғимараттар 
мен жайлардың сметалық құнын анықтауға қызмет етеді. 
Тарифтік кесте — бірінші разрядтық  жұмысшыға қатысты 
тарифтік коэффициенттердің шкаласы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
111
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР: 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  «Бухгалтерлiк  есепке  алу 
жəне  қаржылық  есеп  беру  туралы»  заңы. 2007 ж. (өзгертулер 
мен толықтырулар енгiзiлген). 
2.  Қазақстан  Республикасының  «Аудиторлық  қызмет  тура-
лы» заңы. 1998 ж. 
3.  Бухгалтерлiк есептiк шоттардың жұмыс жоспары, Қазақ-
стан Республикасының Қаржы министрлiгi.— Алматы, 2005 ж. 
4. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары.— Алматы, 1999 ж. 
5. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2001 ж. 
6. Əбдiқалықов Т., «Бухгалтерлiк есеп жəне аудит». Алматы, 
2000 ж. 
7. Əбдіманапов Ə., «Бухгалтерлік жəне қаржылық есеп прин-
циптері». Оқулық.— Алматы, 2006 ж. 
8.  Байдəулетов  М.,  Байдəулетов  С.  М., «Аудит»:  оқу  құра-
лы.— Алматы: Қазақ   Университеті, 2004 ж.  
9.  Дүйсембаев  К.  Ш.,  Төлегенов  Э.  Т.,  Жұмағалиева  Ж.  Г. 
«Кəсiпорынның қаржылық жағдайын талдау».— Алматы, 2001 ж. 
10. Кеулiмжаев Қ. Қ., Əжiбаева З. М. т.б. «Қаржылық есеп».— 
Алматы, 2001 ж. 
11.  Назарова В. Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі 
бухгалтерлік есеп». Оқулық.— Алматы: Экономика, 2005 ж. 
12.  Радостовец В. К.  «Кəсіпорындағы бухгалтерлік есеп».— 
Алматы, 2002 ж. 
13.  Рахимбекова Р. М., «Финансовый учет на предприятии». 
Учебник.— Алматы: Экономика, 2005 г. 
14. Сейдахметова Ф. С. «Современный бухгалтерский учет».— 
Алматы, 2000 г. 
15  Скала В. И. «Основы учета в строительстве».— Алматы 
LEM, 2006 г. 
 
 
 
 
 
 
 

 1-қосымша  
Мекеме_________________________________________________________ 
(мекеменің атауы) 
Мердігер________________________________________________________ 
(мекеменің атауы) 
Құжаттың негізі__________________________________________________ 
№___ _____ 200 ___ ж. бастап мердігер келісім-шартының қосымша құжаты болып табылады. 
 
Келісім бағаларының ведомосты_____________________________________________________ 
                    (құрылыс өнімдерінің атауы) 
 
Келісім бағасына енетін құн, мың. теңге 
мердігерлік жұмыстар, мың. сағ.
№ 
р/н 
Сметалық 
есептің 
нөмірі 
(смета) 
Объектілердің, 
жұмыстардың, 
шығындардың 
атауы 
құрылыс-
монтаждық 
басқа да 
шығындар 
келісім-шарт 
бойынша 
басқа да 
қызметтер 
мен 
шығындар 
Барлық 
құрылыс 
өнімдерінің 
келісім 
бағалары, 
мың. теңге 
1 2 





 
Мекеме бастығының қолы_______________________________________ 
                                                                     (фамилиясы, аты, тегі) 
     Мердігерлік құрылыс-монтаждық ұйым бастығының қолы ______________________________ 
 

2-қосымша 
 
Цех 
Учаске 
Смена № 
Төлем 
түрі 
Жұмысшылар  
аты-жөні 
Дəреже Мамандық
Разряд 
Табель 
№ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 _____________ 
айы 2007 жылдағы  орындалған жұмысқа  
 
НАРЯД 
 
Шифр
 
Қабылданғаны
 
Мөлшері 
Барлығы 
ақау
 
Күні
 
шығын
 
бұйым
, сызб
а 
операция
 
Жұмыс
  барысы
 
Жұмыс
 разряды
 
Өлшем
 бірлі
гі
 
Тапсырыс
 
Жарамдысы
 
барлығы
 
оның
 ішінде
 
төленгені
 
уақыты
 
мөлшері
 
еңбек
ақы
 төлемі
 
мөлшер
/сағ
ат
ы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Нарядтың  берілген  күні__________   Мастер_____________  Нормалаушы________________                     
Техникалық бақылау бөлімі_____________ 

3-қосымша 
Табельдік есептеме №... 
“______”___________2007 жыл 
 
Бригада_____________________  Бригадирдің аты-жөні________________________ 
 
Наряд № 
Қабылданған 
күн 
Мөлшерленген 
адам/күн 
Сомасы  Нысандарға бөлінген 
еңбекақы 
1. 
2. 
3. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Төлем жүйесі: 
мерзімді, кесімді, 
сыйақылы-кесімді, 
қосымша төлемдер. 
Барлығы 
_______мың.тенге 
 
 
 
 
Барлығы: 
Сыйақы: 
Басқа 
төлемдер:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Еңбекақы __________________   айының ведомостына енгізілді 
 
 
Нормалаушы________________  Бухгалтер_________________ 

3-қосымшаның келесі беті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 2 3 4 5  6  7 8 9 10 
11 
12 
13 
14 
15 - 
Аты
-жө
ні
 
Дəреже
 
Маман
дық
 
Разряд
 
Табельдің
 
нө
мір
і 
16  17  18  19 20  21  22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 
1  2  3  4 

6  7  8  9  10  11  12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
жалғасы 
 
Артық орындалған 
сағат 
Өндірістік шығындар шифры 
Еңбекақының 
сомасы 
50% 100% 
кесімді 
төлем түрі 
артық орындалған 
төлем түрі 
 
 
 
сомасы 
күні 
сағаты 
сомасы 
күні 
сомасы 
күні 
 
22 23 24 25 26 27 28 29 
30  31 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  

4-қосымша 
 
         
Форма М-29 
Құрылыс учаскесі ________________________                                                                                                
Құрылыс учаскесінің бастығы  _____________ 
 
Құрылыстағы өндірістік мөлшермен салыстырылып 
анықталған   материалдар шығыны жөніндегі 
ЕСЕП 
I-бөлім. Орындалатын жұмыстағы материалдық қажеттілік  мөлшері 
 
Жұмыс түрі, 
конструкциялық 
элементтер 
Өлшем 
бірлігі 
Жоспарланған 
жұмыс 
көлемі 
Шығын 
мөлшері 
Жоспарланған 
жұмыс көлеміне 
есептелген 
материалдық 
қажеттілік 
Əр ай сайын 
орындалған жұмыс 
көлеміне 
жұмсалған мөлшерлі 
материалдық шығын 
1. 
2. 
3. 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                        4-қосымшаның жалғасы 
 
II-бөлім. Өндірістік мөлшермен салыстырылып    анықталған   материалдар шығыны 
 
Қаңтар...*** 
Жыл бойында 
Құрылыс бойынша 
жылдың басынан 
Жұмыс
 түрі
, конструкциялық
 
элементт
ер
 
Өлшем
 бірлі
гі
 
Жоспарлан
ған
  жұ
мыс
  көл
емі
 
Шығын
 мөлшері
 
өндірістік
 мөлшер
 
нақты
 
ауытқу
 
өзіндік
 құнға
 жатқ
ызу
 
өндірістік
 мөлшер
 
нақты
  өндірістік
 мөлшер
 
 
ауытқу
 
өзіндік
 құнға
 жатқ
ызу
 
өндірістік
 мөлшер
 
нақты
 шығы
с 
өндірістік
 құнға
 жатқызылған
 
шығын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
*** — кесте əрбір ай сайын жоғарылаған сомасының  көрсеткіштерімен толтырылады 
 
                                                                                                                    

5-қосымша 
 
                            Форма М19 
Ұйымның, кəсіпорынның атауы................................................................................. 
Материалдық есеп 
«_______»______________2007 жыл 
 
 
Құрылыс учаскесі ______________________________________ 
Жауапты тұлға_________________________________________ 
 
Есепке алынған материалдар бойынша құжаттық тізім 
 
Кіріс 
Шығыс 
материалдың 
топтық немесе 
номенклатуралық 
нөмірі 
құжат 
саны 
құжат нөмірі 
материалдың 
топтық немесе 
номенклатуралық 
нөмірі 
құжат 
саны 
құжат 
нөмірі 
 
Қабылданған құжаттар саны ______________________ 
                                                        
(санмен, жазбаша) 
 
Құжатты тапсырдым_______________                              Құжатты алдым___________________                             
 
                                    
(қолы)
 
                                                                              
(қолы)
 

5-қосымшаға есептің келесі беті 
 
 
Форма М19 
 
Жұмсалғаны 
 
Қабылданғаны 
 
 
Өндіріске 
Номен-
клатура-
лық 
нөмір 
Материалдың 
атауы 
Өлшем 
бірлігі 
Бағасы
Айдың 
басына 
қалдық 
саны  сомасы
саны 
сомасы 
1 2 3 






 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
босатылғаны 
 
оның ішінде обьектілерге 
басқа мақсатқа 
барлығы 
айдың соңына 
қалдық 
саны құны саны құны саны  құны
саны 
құны 
саны 
құны 
саны 
құны 
10 11 12 13 14 15  16  17  18  19  20 
21 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Еркінбек Төлегенов  
Ажар Кəкімқызы Бейсенбаева  
 
Құрылыстағы бухгалтерлік есеп 
 
Оқу құралы 
 
 «Нұр-пресс» ЖШС бас директоры 
Н. Н. Жансеитов  
 
Беттеуші: А. А. Сляднева  
Дизайн: А. О. Савельев  
Сарашысы: А. А. Серимова 
Оператор: Г. О. Умурова 
 
Басуға 05.07.2007 қол қойылды. Офсеттік басылыс. 
Пішімі 70
×108/
32
. Қағазы офсеттік. Қарiп т‰рi «Таймс». 
Шартты баспа табағы 7,5.  
Таралымы 500. Тапсырыс № 1. 
 
 
«Нұр-пресс» баспасы 
050057 Алматы қ., 
М. Өзт‰рiк к-сi, 12 ‰й. 
Тел/факс: (3272) 2747-833, 2742-650. 
Е-mail: law-literature2006@rambler.ru
 

Document Outline

  • ББК.pdf
  • 1 строй-Ажар.pdf
  • приложения 1.pdf
  • приложения 2.pdf
  • приложения 3.pdf
  • приложения 4.pdf
  • приложения 5.pdf
  • Выходные.pdf


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал