А. К. Бейсенбаева



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/6
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Жұмысшылардың  негізгі  еңбекақыларының  құрамы  қан-
дай? 
2. Құрылыста қосымша еңбекақы үстеме шығындардың сме-
тасының құрамындағы шығындарға кіреді ме? 
3.  Еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында жəне қыз-
мет  нұсқауында  белгіленген  көлеміне  сай  еңбеккерлер  орында-
ған жұмысы үшін төленетін төлемді қалай атаймыз? 
4.  Еңбек  тиімділігін  арттырудың  қандай  ынталандыру  жол-
дары бар? 
5.  Сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдерін төлеу үшін  жұмыс 
беруші қандай нақты жағдайларды ескереді? 
6.  Іс  жүзінде  еңбекақыны  ұйымдастырудың    негізгі  қанша 
нысаны пайдаланылады? 
7. Мерзімді еңбекақы деп жалақының қандай нысанын айта-
ды? 
8. Мерзімдік еңбекақының нысаны нешеге  бөлінеді? 
9.  Тарифтік-мамандандырылған  анықтама  не  үшін  пайдала-
нылады? 
10. Тікелей  кесімді еңбекақы  жүйесі  əрбір өнім бірлігіне не 
арқылы белгіленеді? 
11. Кесімді сыйлық қандай  кезде  пайдаланылады? 

 
44
12.  Жаппай-толассыз  өндірісте  жəне  еңбекті  бригадалық 
əдіспен  ұйымдастыруда  өнім  өндірімі  мен  еңбек  төлемі  есебі 
қай кезден  бастап жүргізіледі? 
13. Бригаданың əрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе 
бригадир  толтыратын  өндірім  туралы  қандай  құжатта    көрсе-
тіледі? 
14.  Жұмысшыға  еңбек  төлемі  оның  қандай  көрсеткіштері 
бойынша  есептелінеді? 
15. Өндірім рапорттары мен ведомостарын қай кезде қолда-
нады? 
16. Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу қандай құжаттарда 
жасалады? 
17.  Орташа  жалақы  қандай  байланысты  жағдайларды  есеп-
теу үшін қажет? 
18.  Уақытша  еңбекке  жарамсыз  күндеріне  төленетін  төлем 
қалай жасалады? 
19. Демалысқа шыққанда төленетін төлем қалай жасалады? 
20. Қызметкерлермен еңбекақы төлемі бойынша есеп айыры-
су есебі қай шоттарда жүргізіледі? 
21. Табыс салығы есептелген  жеке тұлғаның табысына қан-
ша  пайыздық мөлшерде салынады? 
22. Демалыс төлемақысының резерв есебі қалай жүргізіледі? 
23. Еңбекақыдан ұстау жəне шегеру қандай шоттар бойынша 
көрініс табады? 
24. Жинақтаушы зейнетақы қорына аударымды ұстау қандай 
шоттар бойынша жүзеге асырылады? 
25.  Еңбекақы  бойынша  қызметкермен  есеп  айырысудың 
аналитикалық есебі қандай тəртіпте жүргізіледі? 
 
Есептер: 
 
1-есеп. Еңбекақы төлеудің əртүрлі жүйесін пайдаланған кез-
де жалақыны есептеудің жолдарын қарастырып көрсетейік. 
Мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі. Кəсіпорында 200 адам жұ-
мыс істейді делік, оның 150-і жұмысшы, 50-і қызметкер. Кəсіп-
орынның қырықтай еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұ-
мыс  істеген,  өйткені  олардың  атқаратын  міндеттемесі  мен  ма-
шықтығы  (квалификациясы)  соған  сəйкес  келген:  он  адам  (ма-

 
45
ман),  он  бес  адам  (маман)  бес  адам  (маман),  бес  адам  (маман), 
үш адам (маман), екі адам (маман) 
9-шы разрядпен; 
11-ші разрядпен; 
14-ші разрядпен; 
16-шы разрядпен; 
үш    адам     (маман)   19-шы разрядпен; 
екі    адам     (маман)    21-ші разрядпен жұмыс істеген.                                
                                    
1-ші  разрядтың  мөлшерлемесін  ұжымдық  келісім-шартта 
15000 теңге мөлшерінде бекіткен. Кəсіпорынның жұмыс тəртібі 
бойынша аптаның бес күнін жұмыс күні етіп белгілеген (ағым-
дағы айда 21 күн жұмыс күні болған). Кəсіпорынның 14-ші раз-
ряды бар үш маманы ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген. 
Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын есептеу керек. 
 
2-есеп. Кесімді-прогрессивтік төлем ақысының жүйесі бойын-
ша  аспап  жасау  цехының  он  жұмыскеріне  (еңбеккеріне)  келесі 
еңбек  ақы  белгіленген: 100 аспап  бірлігіне 1000 теңгеден  жəне 
одан  əрі  сатылатын 100 аспап  бірлігіне 200 теңгеден  төленетін 
бес    жұмыскері 230 аспап  бірлігін,  үш  жұмыскері 190 аспап 
бірлігін жəне екі жұмыскері 160 аспап бірлігін сатқан. 
Енді  осы  ағымдағы  айда  аспаптарды  сатумен  айналысқан 
еңбеккерлердің жалақысын есептеу керек. 
 
3-есеп.  Тікелей  кесімді  төлем  ақысының  жүйесі  бойынша  
негізгі  өндіріс  цехында  жұмыс  істейтін  еңбеккерлерге (100 
адам)  тікелей  кесімді  төлем  ақысы  бойынша  əрбір  əзірленген 
100  өнім бірлігіне 850 теңгеден  жалақы есептелген. Əзірленген 
өнім  бірлігінің  есебі  əрбір  еңбеккер  бойынша  жеке  жүргізілген 
жəне солардың əрқайсысына жеке жалақы есептелген.  Ағымда-
ғы  айда  еңбеккерлер 300000 өнім  бірлігін  əзірлеген,  олардың 
жалпы жалақысы қандай?  
 
4-есеп.  Аккордты  төлем  жүйесі  бойынша  жөндеу  цехында 
(көмекші өндіріс цехында) жұмыс істейтіндерге аккордты төлем 
жүйесі бойынша еңбекақы төленген. 

 
46
Негізгі өндіріс цехының жалпы жалақысы 300000 теңгені құ-
раған,  жөндеуді  орындауға  жұмсалған  уақыты 140 адам/сағат 
болған, оның ішінде: 40 адам/сағаты — екі ағаш ұстасына;      30 
адам/сағаты — бес  дəнекерлеушіге, 10 адам/сағаты — үш 
энергетикке; 50 адам/сағаты — жиырма  бес  сылақшы-майлау-
шыға; 10 адам/сағаты — бес  слесарға  кеткен.  Топтағы  жұмыс-
шылардың  əрқайсысы  бірдей  жұмыс  уақытын  жұмсаған  деп 
шартты түрде алып, жалақысын есептеу керек. 
 
5-есеп. 2005 жылдың  ақпан  айындағы  құрылыс-монтаж  жұ-
мыстарының  қорытындысы  бойынша  өндірістік  жоспарды       
15  пайызға    артығымен  орындағаны  үшін  3 құрылыс  бригада-
сына сметалық құжат бойынша 10500 мың теңге жəне орталық-
тандырылған сыйақы төлеу қорынан 1500 мың тенге көтермелеу 
ақысын төлеуге шешім қабылданған. Кəсіпорынның есеп саяса-
тында  қарастырылған  шартына  сəйкес  еңбек  үлесінің    коэффи-
циенті төмендегідей анықталған: 
№ 1-ші бригадаға  1,2; 
№ 2-ші бригадаға  1,0; 
№ 3-ші бригадаға  0,8. 
    
Бри-
гада № 
Негізгі 
еңбек-
ақы 
қоры 
Еңбек 
үлесінің 
коэффици-
енті 
Есептел-
ген 
еңбек-
ақы 
Сыйақы-
ның 
бөлін- 
гені 
ЕҮК-ін 
қоспа-
ғанда 
Барлы- 
ғы 
1 3350  1,2 
 
 
 
 
2 3420  1,0 
   
 
 
3 3730  0,8 
   
 
 
 10500  3 
   
 
 
      
Есептеу жолын анықтап, бригадаға бөлу тəртібін  түсіндіріңіз. 
 
6-есеп.  5-разрядтағы слесарь өзінің негізгі жұмысымен қоса, 
жөндеушінің  жұмысын  да  атқарған.  Сондықтан,  оған  тарифтік 
мөлшерлеменің 45% деңгейінде  қосымша  төлем  қарасты-
рылған. 
Слесарь  ағымдағы  айда 168 сағаттың  орнына 132 сағат  жұ-
мыс  істеген, 1-ші  разрядтағы  тариф  мөлшерлемесі 15000 теңге 
деңгейінде белгіленген. Қосымша жалақысының мөлшерін есепте. 

 
47
7-есеп.  Мерзімдік  еңбекақы  бойынша  жұмыс  істейтін 9-шы 
жəне 11-ші  разрядтағы  еңбеккерлер 21 сағаттан  күндізгі 2-ге 
дейін 8 мамырда  жұмыс  істеді  делік,  ал 9 мамырда  таңертеңгі 
сағат   9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істеген. Кəсіпорын аптасына 
5  күнді  жұмыс  күні  етіп  белгілеген  жəне 1-ші  разрядқа 15000 
теңге деңгейінде мөлшерлемесін бекіткен. Кəсіпорынның ұжым-
дық  келісім-шартында,  түнгі  уақыттың  тарифтік  мөлшерле-
месін,  нормадан  артық  орындаған  əрбір  сағат  үшін  сағаттық 
тарифтік  мөлшерлемесінің  жартысын,  ал  демалыс  пен  мереке 
күндері үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесінің екі еселенген 
мөлшерін алуды қарастырған.  Еңбеккерлер жалақысын есепте. 
 
 
 
 
 
 
 

 
48
4-ТАҚЫРЫП 
МАТЕРИАЛДЫҚ БОСАЛҚЫЛАР  ЕСЕБІ 
 
4.1. Тауарлы-материалдық  босалқыларды  бағалау 
 
Тауарлы-материалдық  босалқылар    есебі 13.11.1996 жылы 
қабылданған  № 7 БЕС  «Тауарлы-материалдық  құндылықтары-
ның  есебі»  жəне  № 2 ХҚЕС  негізінде  жүргізіледі.  Стандартта 
тауарлы-материалдық  құндылықтарының  келіп  түсуін,  қойма-
дан  жіберу  жəне  есептен  шығару  үшін 3 баламалық  бағалау 
əдістері ұсынылған. Əрбір кəсіпорын таңдаған бағалау əдісін өз 
есеп саясатында көрсетуі тиіс. Яғни: 
— орташа өзіндік құн əдісі, ай аяғы мен басындағы құндық 
қалдықтарын қоса, жалпы өзіндік құнынан жеке əрбір топ үшін 
есептелінеді; 
— FIFO əдісі,  ай  басындағы  қалдықпен  қоса,  бірінші  келіп 
түскен ТМҚ алдындағы ТМҚ құнымен бағаланады; 
— LIFO əдісі, ХҚЕС негізінде есеп жүргізетін кəсіпорындар 
№ 2 ХҚЕС бойынша тəжірибеде қолданылмайды. Мысалы, кес-
те құратын болсақ: 
4-кесте 
 
№ 
Көрсеткіштер 
Саны 
Сатып 
алу құны  Соммасы 
I. Мəліметтер 


 
1 қарашаға қалдық 
қарашада келіп түсті: 
бірінші партия 
екінші партия 
үшінші партия 
100 
 
600 
400 
2000 
 
 
10-00 
12-00 
20-00 
500 
 
6000 
4800 
40000 
Қараша, барлығы 
Ай басындағы қалдықпен қоса 
барлығы 
3000 
 
3100 
x 50800 
 
51300 

 
 
 
Қарашада жіберілді: 
өндіріске 
сатуға 
өндіріс пен 
шаруашылықты 
қамтамасыз ету үшін 
 
1600 
100 
 
500 
 
 

 
49
Кестенің жалғасы 
Барлығы жіберілді 2200 
 
 
4 1 
қарашаға қалдық 7310 
   
II. Орташа өзіндік құн бойынша шығысталды 

Қарашадағы орташа құн 
51300:3100=16,5 
 
 
 

 
 
 
Қарашада барлығы 
жіберілгені: 
Оның ішінде: 
өндіріске 
сатуға 
өндіріс пен 
шаруашылықты 
қамтамасыз ету үшін 
2200 
 
1600 
100 
 
500 
16,55 
 
16,55 
16,55 
 
16,55 
36410 
 
26480 
1655 
 
8275 
7 1 
желтоқсанға қалдық 
14895:7310=16,54 
7310 16,55 
14895 
III. FIFO əдісі бойынша шығыстау 

 
 
 
Қарашада шығысталды: 
Оның ішінде: 
ай басындағы қалдық құны 
бойынша 
бірінші партия құны 
бойынша 
екінші партия құны 
бойынша 
үшінші партия құны 
бойынша 
 
 
 
100 
600 
400 
10100 
 
 
 
5-00 
10-00 
12-00 
20-00 
 
 
 
500 
6000 
4800 
22000 
Барлығы, қарашада 
Орташа құн 125000:2200=15,14 
2200 15-14  125000 

Қарашада шығысталды: 
өндіріске 
сатуға 
өндіріс пен 
шаруашылықты 
қамтамасыз ету үшін 
 
1600 
100 
 
500 
 
15-14 
15-14 
 
15-14 
 
24224 
1514 
 
7570 
10  Желтоқсандағы қалдық 7310 
20-00 18000 

 
50
Кестенің жалғасы
 
IV.  LIFO əдісі бойынша шығыстау 
11  Қарашада қолданылды: 
Оның ішінде: 
үшінші партия құны 
бойынша 
екінші партия құны 
бойынша 
 
 
2000 
200 
 
 
20-00 
12-00 
 
 
40000 
2400 
Барлығы, қарашада 
Орташа құны 42400:2200=19,27 
 
2200 
 
19-27 
 
42400 
12 1 
желтоқсанға қалдық 
(51300-42400):7310=9,89 
7310 9-89 
87310 
 
4.2. Тауарлық босалқылардың  есебі және оны құжаттау 
 
Тауарлы-материалдық  босалқылардың  есебін  жүргізу  үшін 
ҚР  Қаржы  министрлігінің  22.12.05 жылы  қабылдаған    шоттар  
жоспарының 13 бөлімшесі қолданылады. 
1300  шот «Шикізат пен материалдар». Шикізат — ауылша-
руашылығы  жəне  өндіріс  өнімдері  (бидай,  мақта,  кен  қазба-
лары).  Материалдар — өндірістің  өңдейтін  өнімдері  (металл, 
қант). 
Берілген шот шикізаттар  мен  материалдардың, оның ішінде 
құрылыс  материалдарының  келіп  түсуін,  шығысталуын,  яғни 
қозғалысын көрсету үшін қолданылады. 
1350  шот  «Сатып  алынған  жартылай  фабрикаттар  мен  жи-
нақталған өнімдер, конструкциялар, детальдар». 
1330 «Тауарлар» шотында өндірілетін өнімнің өзіндік құны-
на бағасы қосылмайтын, сату үшін алынған жинақтағы өнімдер 
қарастырылады. Арнайы комлектідегі ғылыми зерттеулерде қол-
данылатын құралдар, ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық ме-
кемелерде 1350 «Басқа  да  босалқылар»  шотында  көрсетіледі. 
Ал құрылғылар мен жалпы қолданыстағы аспаптар негізгі құрал-
дардың  құрамында  есептелінеді.  Пайдаланылуына  байланысты 
технологиялық,  күш  беруші,  шаруашылық  деп 3 түрге  бөлеміз.  
Бұл шотта мұнай өнімдері, өндірістік машиналар, көлік бөлшек-
терін    майлау  өнімдерінің  қолда  бары  мен  олардың  қозғалысы 
көрсетіледі,  шаруашылық  инвентарь  түрінде  қолданылатын 

 
51
ыдыстан басқа, барлық ыдыс өнімдерінің есебі жүргізіледі. Егер 
кəсіпорын  ыдысты  сататын  болса,  онда  өз  есебінде  оны 1330 
«Тауар» шотында көрсетеді. Ал  кəсіпорын өзі өндірген немесе 
қолда бар көліктерін жөндеуге сатып алынған қосалқы бөлшек-
тердің  қолда  барын,  қозғалыс  есебін  жүргізіп 1350 шотқа  тір-
кейді.  Сонымен  қатар,  толық  комплект  машина  қоры,  құрыл-
ғылар, двигательдер, агрегаттар осы шотта орын табады. 
Бастапқы құнының құрамына енетін жəне запастағы машина 
дөңгелегіндегі  резиналар,  камералар  негізгі  құралдардың  құра-
мында болады. 
Қайтарылған қалдықтар немесе басқа да материалдар — не-
гізгі материалды  өңдеу  кезінде  жартылай  немесе толығымен  өз 
тұтыну  қалпын  жоғалтқан  бастапқы  материалдардың  қалдық-
тары. 
Бұл шотта негізгі өндірістің қалдықтарының қозғалысы жəне 
қолда бар басқалай материалдардың да есебі жүргізіледі.  Қатты 
отын  ретінде  өндірістің  қалдықтары  мен  екінші  ретті  шикізат 
1350 «Басқа да босалқылар» шотында орын табады. 
Сонымен  қатар, 1350  шотта  басқа  жаққа  қайта  өңдеуге  бе-
рілген  жəне  артынша  өзінен  жасалған  өнімнің  өзіндік  құнына 
енетін  материалдар  есебі  де  жүргізіледі.  Қайта  өңдеу  шығын-
дары өнім кірістелетін шоттың дебетінде есептелінеді. 
Материалдар  келіп  түскен  кезде  есеп  құнымен  немесе  нақ-
тылы өзіндік құнымен есепке алынады.  Сатып алу құнына жет-
кізу шығындарын қосып, нақтылы өзіндік құнын анықтаймыз. 
Егер  келісім-шарт  бойынша  мердігерге  тапсырыс  беруші  өз 
материалдарын  беретін  болса,  онда  олар  баланстан  тыс  шотта 
жүргізіледі. Пайдаланылуы № 2 нысандағы акт бойынша рəсім-
деліп, төленуге тиісті материалдар көлемінің сомасын алып тас-
тағанға тең болады. 
Мердігерлер құрылыс өнім нысанын өз қажеттілігі немесе тура 
тапсырыс  негізінде  жасай  алады.  Бұндай  жағдайда  есептің  ке-
лесі түрлері қолданылуы мүмкін: 
—  өз  қажеттілігі  үшін — құрылыс  өнімінің  өзіндік  құнын 
құрайтын шығындар есебі  8010 «Негізгі өндіріс» шотында жүр-
гізіледі.  Бұл  шотқа  кəсіпорынның  өзінің  шығарған  шығында-
рымен  қоса,  субмердігерлердің  жұмыс  көлемдерінің  шығын-
дары акт бойынша енгізіледі. Əр айдың соңында  8010 шоттың 

 
52
сальдосы 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына апарылады. Бұл 
шот  жинақтаушы  қызметін  атқарып,  басқарушы  есеп  пен 
қаржылық есепті байланыстырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін 
нысан дайын өнім ретінде сатылуға арналса, 1320 «Дайын өнім» 
шотына,  ал  егер  негізгі  құрал  ретінде  пайдаланылса,  онда 
мердігердің 2410 «Негізгі  құралдың  тозуы  жəне  құнсыздануы» 
шотының дебеті бойынша кірістеледі. 
Тура тапсырыс бойынша нысан мердігерлік мəміле бойынша 
салынып, шығындар 8010 «Негізгі құрылыс» шотында қалыпта-
сады,  № 2 нысандағы  акт  негізінде  шығындар 7010 «Сатылған 
өнімнің  өзіндік  құны»  шотына  шығысталады.  Осы  қағидамен  
субмердігерлік кəсіпорындар есебін жүргізеді. ҚР Үкіметінің № 
1328 15.10.01 жылда  қабылдаған  қаулысы  бойынша  құрылыс 
нысаны  мердігердің  иелігінде  пайдалану  актісіне  қол  қойыл-
ғанға  дейін  болады,  соған  орай  № 268-XII 24.12.94 жылдан  қа-
былданған 236-баптың  талаптары  орындалуы  керек.  Бухгалтер-
лік есеп стандарттарына сəйкес, тауарлы-материалдық қорлардың 
өзіндік құны өзіне запастарды сатып алуға кеткен, қазіргі кездегі 
олардың  орналасқан  жеріне  жеткізумен  байланысты  көліктік-
дайындық шығындарды жəне олардың қажетті қалыпқа келтіру 
шығындарын өзіне біріктіреді. Құрылыста құрылыс-монтаждық 
жұмыстарды  жүргізу  орнына  еңбек  құралдарын  тасымалдау 
бойынша шығындар үлкен маңызды орынға ие жəне де оларды 
есепке  алудың  дұрыс  ұйымдастырылмауы  мердігерлік  кəсіпо-
рын қызметінің қаржылық нəтижелігінен көрініс табуы мүмкін. 
Тəжірибе  жүзінде  бухгалтерлік  көп  жағдайларда  есепке  алуды 
жеңілдету  мақсатымен  тауарлы-запасты  қорларды,  құндылық-
тарды жеткізу жүзеге асырылған нысанның құрылысы бойынша 
үстеме шығындардың құрамына кіргізеді. Бұл есепті кезең ішін-
де  құрылыс  материалдарын  толық  көлемде  қолданбаған  кезде, 
қолданылмаған материалдардың қалдықтарына кіретін, көліктік-
дайындық  шығындар  сомасына  есепті  кезең  шығындарының 
жоғарылауына  əкеліп  соғады.  Сатып  алынатын  құрылыс  мате-
риалдарының өзіндік құнына көліктік кəсіпорын қызметін төлеу 
шығындары  мен  басқа  да  көліктік-дайындық  шығындарын  кір-
гізу қажет. Тауарлы-материалдық босалқыларды  есепке алу баға-
лары  бойынша  өзіндік  құннан  ауытқуы  мен  қозғалысын  есепке 
алуды  ұйымдастыру  жағдайында  “Құрылыста  есепке  алуды 

 
53
жүргізу”  шығарылымында  көрсетілген  есепке  алу  əдістемесін 
қолдануға болады. Егер де есепке алу нақты өзіндік құн бойын-
ша  жүргізілсе,  онда  материалдардың  əрбір  жеткізілуі  кезінде 
көліктік-дайындық  шығындар  сомасын  келіп  түскен  материал 
түрлерінің  арасында  олардың  келісім-шарттық  бағасы,  саны, 
көлемі  жəне  салмағына  пропорционалды  түрде  бөлуді  жүзеге 
асыру қажет. Мұндай есеп те үлкен қиындықтарды тудырмайды 
жəне бухгалтерлік есепте, ең бастысы салықтық есепте қателік-
терді болдырмауға мүмкіндік береді. 
Құрылыс кəсіпорындары орталық қоймадағы материалды за-
пастардың  синтетикалық  жəне  аналитикалық  есебін 1300 “Ма-
териалдар”  бөлімшесінің  барлық  шоттарын  қолдана  отырып 
жүргізеді. 1350 “Құрылыс материалдары” шотын құрылыс кəсі-
порындары қолданбайды. Оны өндірістік кəсіпорындар құрылыс 
бөлшектері  мен  конструкцияларды,  сонымен  қатар  құрылысқа 
қажетті  басқа  да  материалды  құндылықтарды  дайындау  үшін, 
құрылыстық  жəне  монтаждық  жұмыс  процесінде  пайдаланы-
латын материалдардың қозғалысы мен бар болуын көрсету үшін 
қолданады. 
Құрылыс  кəсіпорындарын  материалды-техникалық  жабдық-
таудың  ерекшелігі  өндірістік  технологиялық  кешеннің  арнайы 
басқармасын  тарту  мүмкіндігі  болып  табылады.  Олар  құрылыс 
кəсіпорындарының  қажеттіліктеріне  қарай  құрылыс  материал-
дарын жабдықтаушылармен келісімді жүзеге асырады, жеткізуді 
бақылайды  жəне  құрылыс  кəсіпорынынан  делдалдық  қызмет 
үшін  қажетті  құрылыс  материалдары  кешені  түрінде  сыйақы 
алады.  Өндірістік-технологиялық  кешеннің  арнайы  басқармасы 
(ӨТКБ)  ережеге  сəйкес  материалдардың  пайдалануы  жүзеге 
асырылатын    құрылыс  орнына  олардың  қажетті  ассортименті 
мен  қажетті  көлемде  уақытылы  жеткізілуіне  жауапкершілікте 
болады.  Мұндай  материалды-техникалық  жабдықтау  тəртібі 
құрылыс-монтаждық  жұмыстарды  “шарлап  монтаждау”  əдісі-
мен жүргізетін құрылыс кəсіпорындары үшін ыңғайлы, яғни бұл 
жерде  құрылыс  материалдары,  конструкциялар  мен  бөлшектер 
нысанға  белгілі  бір  жұмыс  түрлерін  орындау  графигіне  сəйкес 
жеткізіледі  жəне  алдын  ала  қоймада  сақталусыз  қолданылады. 
Аталған жұмыс əдісі нысандағы қоймадан бас тартуға мүмкіндік 
береді,  бұл  құрылыс  кəсіпорынының  өндіріс  шығындарын  тө-

 
54
мендетеді.  Бірақ,  бұндай  жабдықтауды  ұйымдастыру  жеткізу 
келісім-шартының  нақты  орындалуын  талап  етеді.  Жеткізілім-
нің  кешігіп  келуі  құрылысты  тоқтатуы  мүмкін  жəне  тапсырыс 
берушіге объектінің уақытында өткізілмеуін немесе еңбек шарт-
тарының өзгеруімен байланысты  қосымша шығындарды туды-
руы мүмкін. Сондықтан да  сапалық немесе сандық құрамы сəй-
кес  келмейтін    комплекттерді  жеткізу  немесе  жабдықтау  мер-
зімін  сақтамау  жағдайында  құрылыс-монтаждық  жұмыстардың 
сапасы  да  төмендейді,  бұндай  жағдайда  құрылыс  кəсіпорыны 
ӨТКБ-дан  осының  нəтижесінде  кеткен  қосымша  шығындарды 
өтеуін талап етуге құқылы. Өндірістік-технологиялық  комплек-
тацияның басқармасымен қарым-қатынастың жағымды басқа да 
жағы,  мердігерлік  кəсіпорын  құрылыс  материалдарына  объекті 
қоймасына франко есебінен төлем жүргізеді, бұл жерде көліктік-
дайындау шығындарын бөлу мен өзіндік есепке алу қажеттілігі 
жоқ. 
Материалды  құндылықтардың  келіп  түсуі  əрбір  жағдайда 
бірыңғай схема бойынша көрсетіледі. Жіберілетін жүк құжатта-
рымен  бірге  жабдықтаушылардан  (ӨТКБ,  тапсырыс  беруші) 
алынған шоттар, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналында 
тіркеледі,  сонымен  қатар  осы  журналға  қоймаға  материал-
дардың түсуі туралы жазбалар, шотты төлегені туралы берілген-
дер,  акцептен  бас  тарту  жəне  т.б.  туралы  жазбалар  енгізіледі. 
Материалдарды  көліктік  кəсіпорыннан  немесе  жабдықтаушы 
қоймасынан қабылдап алу экспедитормен берілген сенімхат не-
гізінде  жүзеге  асырылады.  Алынатын  материалдардың  құжат-
тарда  көрсетілген  берілгендерге  сəйкес  келуі  жағдайында,  қо-
сымша  құжаттардың  құрылуы  талап  етілмейді.  Келіп  түскен 
материалдардың саны, сапасы жəне ассортименті  құжаттардағы 
берілгендерге сəйкес келмеген  жағдайда, тиісті тəртіппен мате-
риалдарды  қабылдау  туралы  акт  құралады.  Актінің 1 данасы 
материалдардың келіп түсуін есепке алу үшін бухгалтерияға, 2-
ші  данасы  жабдықтаушыға  наразылық  білдіру  үшін  негіз  бо-
лады.  Темір  жол  станцияларындағы  жəне  кеме  порттарындағы 
жүктерді  қабылдау  кезінде  вагондар  мен  контейнерлердің 
пломбасының орнында болуын, ораманың жағдайы, ал көптеген 
жағдайларда салмағы да тексеріледі (брутто). Қателіктер болған 
жағдайда  темір  жолға  немесе  кеме  жолына  наразылық  білдіру 
үшін негіз болатын коммерциялық акт жасалады. 

 
55
Экспедитормен  материалдарды  орталық  қоймаға  немесе  
өндіріске  өткізу  кезінде 2 данада  кіріс  ордері  рəсімделеді.  Бір 
данасы  қоймада  қалып,  ал 2-шісі  экспедитордың  есебі  үшін 
ақталу  құжаты  болып  қызмет  етеді,  оның  негізінде  журналда 
келіп түсетін жүктерді есепке алу туралы жазба жасалады, одан 
кейін  ол  материалдардың  қозғалысын  есепке  алу  үшін  бухгал-
терияға  беріледі.  Орталық  қоймадағы  материалдардың  анали-
тикалық  есебі  өндірістік  кəсіпорындардағы  тəртіппен  жүргізі-
леді: материалдардың қоймалық есепке алу карточкаларындағы 
əрбір  номенклатуралық  нөмірі  бойынша  сандық  өлшеуімен. 
Жазба үшін негіз болып кіріс жəне шығыс құжаттары табылады 
(кіріс  ордері,  материалдарды  қабылдау  актісі,  коммерциялық 
акт,  лимитті-заборлы  карта,  материалдарды  ауыстыруды  талап 
ету  актісі  (қосымша  жіберу),  тауарлы-көліктік  накладной  жəне 
т.б.). 1 ай ішінде барлық келіп түскен құжаттар бірінші деңгейлі 
құжат  реестрінде  кіріс  пен  шығыс  бойынша  жеке  көрсетіледі 
жəне  жүйелі  түрде  бухгалтерияға  синтетикалық  есеп  жүргізу 
үшін беріледі. Бұдан басқа, материалдардың қалдықтарын есеп-
ке  алудың  жылдық  ведомосты  (сальдолық  кітап)  жүргізіледі, 
бұған  материалдарды  қоймалық  есепке  алу  карточкаларының 
нəтижелік берілгендері бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 
əрбір 1-ші  күніне  берілгендер  кіргізіледі.  Бұл  құжатты  тек 
қалдықтарды  ғана  емес,  сонымен  қатар  əрбір  кезеңдегі  мате-
риалдың  қозғалысын  көрсететін сорттық  айналым  ведомостары 
ауыстыруы мүмкін. Айдың соңында бұл ведомостар  таксировка 
жəне  материалдардың  синтетикалық  есебінің  берілгендерімен  
салыстыру үшін есеп бөліміне беріледі. 
Келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша тіркеу 
нөмірі көрсетілген  жабдықтаушылардың акцепттелген шоттары 
мен қоймаға материалды  құндылықтардың түсуін айқындайтын 
құжаттар  № 6 журнал-ордерді  толтыру  үшін  негіз  болып  табы-
лады.  Бұл  журнал-ордер  оны  толтырудың  бірыңғай  принцип-
терін қолдану арқылы жүргізіледі: 
— аналитикалық жəне синтетикалық есептерді бірге жүргізу, 
хронологиялық тəртіппен  есепті жүргізу; 
—  3310 “Жабдықтаушылармен  жəне  мердігерлермен  есеп 
айырысу”  шотының  кредиті  бойынша,  дебеті  бойынша  да  кор-
респонденцияланатын шоттар көлемінде əрбір шотты көрсетуге 

 
56
сызықтық-позициялық əдісті қолдану (№ 6 журнал-ордердегі № 
1-13 жазбаларды  қараңыз). 
Құрылыс  кəсіпорындарында  тауарлық  босалқыларды    өнді-
ріске босату міндетті түрде бақылануы қажет. Бақылау мақсаты 
төмендегідей түрлерге бөлінеді: 
1.  Алдын  ала  бақылау — өндірістің  материалдық  қажетті-
лігінің  мөлшерін  шектеу  үшін    орындалады.  Босату  мөлшерлік 
карталармен, толықтыру ведомостарымен жүргізіледі; 
2.  Ағымдағы  бақылау — күнделікті  қоймадан  өндіріске  бо-
сату кезінде жүзеге асырылады. Бұл жауапты тұлғалардан талап 
етілетін құбылыс; 
3.  Кейінгі  бақылау — өндіріске  жіберілген  босалқыларды 
есепті  кезеңнің соңында жасалады.  Бұл бақылау  М-29 жəне  М-
19 формадағы есепті  негізге ала отырып жасалынады. 
Материалдарды, өнімді дайындауға,  жұмыстарды орындауға, 
қызмет  көрсетуге  жəне  басқа  да  мақсаттарға  босату  алғашқы 
құжаттар  арқылы  жауапты  тұлғалардың  материалдық  есебі 
негізінде келесі бухгалтерлік жазбалар: 
— дебетінде   2930 «Аяқталмаған өндіріс», 8010 «Негізгі өн-
діріс», 8030 «Көмекші өндіріс», 8040 «Үстеме шығындар» шот-
тары, ал кредитінде  1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1350 
«Басқа да босалқылар» шоттары көрсетіледі. 
 

1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал