А. К. Бейсенбаева



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/6
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6

 
 
 
 
 
 
 
Е. Төлегенов 
 
А. К. Бейсенбаева  
 
 
 
Құрылыстағы  
бухгалтерлік есеп 
 
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2007 

0601000000 
00(05)-07 
ББК 65.31 
Б 37 
 
 
Пікір жазғандар: 
 
Экономика ғылымдарының докторы,  
профессор К. Т. Тайгашинова  
Экономика ғылымдарының кандидаты,  
доцент М. Т. Байдәулетов  
 
 
 
Б 37   Е. Т. Төлегенов, А. К. Бейсенбаева  
           Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.—  
           Алматы: Нұр-пресс, 2007.— 120 б. 
 
ISBN 9965-813-28-0 
 
Оқу құралында құрылыс саласындағы есепті ұйымдастыру ерек-
шеліктері, өндірістегі шығындар т‰рі, еңбекақыны есептеу жолдары, 
материалдық  босалқылар  есебі  және  аяқталмаған  құрылыс  есебі  бе-
рілген.  Саланы  оқып, ‰йренуге  және  тәжірибеде  көмекші  құрал  ре-
тінде  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  және  салаға  қызығу-
шылық тудырған тұлғаларға пайдалануға арналған. 
 
 
 
 
                                                                       
ББК 65.31 
 
 
А 
 
© Е. Т. Төлегенов, А. К. Бейсенбаева, 2007. 
© Нұр-пресс, 2007. 
 
ISBN 9965-813-28-0 

 
3
МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ...................................................................................... 5 
1-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ............................................................................7 
1.1.   Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мəні.........................7 
1.2. Құрылысты ұйымдастырудың формалары жəне өндіріс 
түрлері, келісім-шарт жасау тəртібі................................................9 
1.3. Құрылыс кəсіпорындарындағы есеп саясаты мен 
құрылыстағы есепті ұйымдастыру................................................14 
1.4.  Құрылыстағы  қызметті лицензиялау.............................15 
 
2-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫС  ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ 
ЖƏНЕ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНДЫ АНЫҚТАУ..................................20 
2.1. Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, 
келісім-шартта қаралған шектелген жəне еркін баға...................20 
2.2.  Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы 
жəне құжаттау..................................................................................23 
 
3-ТАҚЫРЫП.  ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ........27 
3.1. Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі  
мен түрлері.......................................................................................27 
3.2. Істелген жұмысқа толтырылатын құжаттар  
жəне еңбекақы түрлерін есептеу....................................................33 
 
4-ТАҚЫРЫП. МАТЕРИАЛДЫҚ БОСАЛҚЫЛАР ЕСЕБІ....48 
4.1. Тауарлы-материалдық  босалқыларды  бағалау..............48 
4.2. Тауарлық босалқылардың есебі жəне оны  құжаттау.....50 
 
5-ТАҚЫРЫП. МЕХАНИЗАЦИЯЛАНҒАН  
ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ШЫҒЫНЫНЫҢ 
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ............................................................59 
5.1.  Негізгі құрылыс нысанындағы аяқталмаған  өндіріс....59 
5.2. «Құрылыс машиналары мен  механизмдерін пайдалану  
шығындары»  бабы бойынша шығын есебі..................................62 
5.3. Үстеме шығындарды бөлу жəне оның есебі...................64 

 
4
6-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ 
ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 
ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ....................................71 
6.1. Шығындар  есебінің мəні жəне жіктелуі.........................71 
6.2. Өндірілген өнімнің өзіндік құны  жəне калькуляциялау 
əдістері..............................................................................................76 
6.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың жəне 
шығынды есепке алудың халықаралық тəжірибеде 
қолданылатын əдістері....................................................................82 
 
7-ТАҚЫРЫП. АЯҚТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ 
ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖƏНЕ  ТАБЫС 
ПЕН ШЫҒЫСТЫ ТАНУ................................................................86 
7.1.  Аяқталған құрылыс нысанының есептесу тəртібі..........86 
7.2. Аяқталған құрылыс қорытындысы арқылы табыс пен 
шығынды тану.................................................................................87 
 
8-ТАҚЫРЫП. КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР  
ЕСЕБІ ЖƏНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ƏДІСТЕРІ.........................93 
 
9-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ 
ЕСЕПТІЛІК ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫ АШУ...................................100 
9.1. Бухгалтерлік қорытынды есеп жəне оның мəліметтерін 
пайдаланушылар.............. .............................................................100 
9.2.  Құрылыс кəсіпорынының қаржылық қорытынды 
есептілігінің ерекшелігі................................................................104 
Глоссарий.................................................................................108 
Пайдаланылған əдебиеттер....................................................111 
Қосымшалар............................................................................112 
 

 
5
КІРІСПЕ 
 
Жаңа  Қазақстан  өзінің  дербес  даму  жолын  таңдап,  жылдан 
жылға  əлемдік  қоғамдастықта  барған  сайын  зор  құрмет  пен 
беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп 
келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан əрі дамуын тұрлаулы, осы 
заманғы  жəне  болашағы  зор  экономикалық,  əлеуметтік,  саяси 
жəне əкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. 
Елбасының 2007 жылғы  Жолдауы  Қазақстанды  жеделдете, 
жан-жақты  жаңғырта  жаңарту  жолы  таңдалып  алынғандығын 
көрсетеді.  Яғни,  жаңа  бəсекелестік  артықшылықтар  қалыптас-
тыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге бағыт-
талған мемлекеттік саясат қабылданды. 
Сонымен қатар, Қазақстанда  халықаралық  бəсекеге  қабілет-
тілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өнді-
рістерді  дамыту  қажеттігі  мен  өнеркəсіптік  құрылымды  өзгер-
туге  бейімді,  əрі  ауқымды  зор  жобалар  əзірлеу  мақсаттарына 
ерекше назар аударылды. 
Бүгінгі  нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп-
ті  жүргізу  басқару  жүйесінің  ең  маңызды  жəне  міндетті  шарты 
болып  табылады.  Бухгалтерлік  есеп — өндірістің  хал-ахуалын, 
экономикалық  жағдайын    анықтап,  негізгі  міндеттерді  нақты 
сипаттайтын  бірден-бір  жүйе.  Бүгінгі  күні  өндірістік  саланы 
алатын  болсақ,  ең  алдыңғы  қатардағы  мəселелерге  өндіретін 
өнім  түрлеріне    зор  мəн  бере  отырып,  өндіруге  кеткен  шығын-
дардың ауқымын неғұрлым  азайтып жəне өзіндік құнын дұрыс, 
əрі дəл  анықтау міндеті жатады. 
Осы  мəселеге  орай  кəсіпорын  өндірістік  шығындарды  есеп-
теу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашы-
лық  қызметін  басқару  заңдылықтарының  халық  шаруашылы-
ғында өркендеуіне жол береді. 
Нарықтық  экономиканың  нағыз  шарықтап  келе  жатқан 
шағында  күрделі экономикалық  механизмді  басқару  өндірістегі 
дəл, əрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс. 
Қазақстан  Республикасы  нарықтық  қатынастардың  дамуы 
жағдайында басқару жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерді 
шешуге қайта бағыт алды. Себебі, құрылыс саласының күннен-
күнге  дамып  келе  жатқаны  заман  талабына  сай  сұраныстың 

 
6
өсуіне  байланысты  болып  отыр.  Осы  саладағы  есепті  ұйым-
дастырудың жолдарын жəне оның шетелдік тəжірибесін зерттеу, 
өндірістік  шығындар  туралы  ақпараттар  алудың  дəстүрлі  емес 
жаңа  жүйесін  құру,  өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялаудың, 
қаржылық  нəтижелерді  анықтаудың  қазіргі  тəсілдерін  қолдану, 
сондай-ақ бұл ақпараттарды өндірістік қызметті басқару, талдау, 
болжау жəне реттеу үшін қолдану маңызды. 
Нарықтық  қатынасқа  көшкенге  дейін  құрылыс  саласында 
есеп нақты өндірісте дəстүрлі жүйеленген түрде жүргізіліп кел-
ген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған тех-
никалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс-монтаж жұмы-
сының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қаты-
насқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кəсіпорындарын-
да  басқадай  көзқарас  пайда  болды.  Яғни,  сұраныс  деңгейі 
жоғарылаған  сайын  баға  өсіру  тиімді  болып  есептелді.  Бірақ, 
осыған  қарамастан  бүгінгі  күні  аталмыш  сала  заң  актілеріне 
сүйеніп  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  орындап  келеді.  Бухгал-
терлік  есептің  жаңа  жүйесіне  сай  бухгалтерлік  есеп  стандарт-
тарының  № 6 жəне 12, халықаралық  қаржылық  есептеме  стан-
дарттарының  № 11 жəне 16 тікелей  сметалық  жүйедегі  табыс 
пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты. 
Бұл  оқу  құралында  құрылыс  саласындағы  есепті  ұйым-
дастыру ерекшеліктері, өндірістегі шығындар түрі, еңбекақыны 
есептеу  жолдары,  материалдық  босалқылар  есебі  жəне  аяқтал-
маған  құрылыс  есебі  берілген.  Саланы  оқып,  үйренуге  жəне 
тəжірибеде пайдалануға көмекші құрал болады деген ойдамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
7
1-ТАҚЫРЫП 
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК  
ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні 
 
Республика  экономикасының  даму  кезеңіндегі  Елбасының 
алға  қойған  талаптарына  жəне  де  мемлекеттік  бағдарламаға 
сəйкес, бүгінгі күні  құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі 
күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халық-
тың əлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы 
керек. Талапты орындау мақсатында  нақты жүргізілген есеп қа-
на нысанның əрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады. 
Құрылыс  өндірісі  технологиясының  шаруашылық  субъекті-
лерінің  аналитикалық  жəне  синтетикалық  есебін  ұйымдасты-
руда əсер ететін өзіне тəн  ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі 
жермен  тікелей  байланысты.  Құрылыс  барысында  өндірілетін 
өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс 
техникасы  жаңа  объектіге  ауысып  отырады.  Жұмыс  күші  мен 
құрылыс  техникасын  басқа  жерге  ауыстыру  қосымша  шығын-
дарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен 
механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала 
жиналып,  одан  кейін  тиісті  кезеңмен  есеп  объектілеріне  бө-
лінеді. 
Құрылыстағы  тауарлық  қатынастың  өндірістен  айырмашы-
лығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл 
өзіне  тəн  ерекшелік  бағаны  құрғанда,  құрылыс  кəсіпорында-
рының өндіріс шығындарын көрсеткенде жəне де инфляция мен 
өндіріс  құралдарына  бағаның  өсу  жағдайында  бас  мердігерлер 
үшін үлкен тəуекелмен  байланысты. 
Құрылыс  өндірісінде  өнімді  өндіру  үшін  ұзақ  мерзім  талап 
етіледі,  сондықтан  ол  бірнеше  жылға  созылуы  мүмкін  жəне 
бірнеше есептік мерзімді қамтиды. 
Басқа  өндірістерге  қарағанда  құрылыста  өндіріс  мерзім-
дерінің ұзақтығына жəне көптеген объектілерде бір мезгілде бір-
неше  жұмыстың  жүргізілуіне  байланысты  аяқталмаған  өнді-
рістің қалдықтары үлкен болады. 

 
8
Өзгеріп  отыратын  метеорологиялық  жағдайда  ашық  жерде 
жұмыс  жүргізу  құрылыс  процесіне  үлкен  əсер  етеді.  Құрылыс-
монтажды  өндірісті  қыс  мерзімінде  жүргізу  кезінде  еңбек  ре-
сурстарын,  материалдар,  жылу  жəне  электроэнергияны  көп 
пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар мін-
детті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс. 
Құрылыс  алаңында  көптеген  материалдар  (кірпіш,  құм) 
ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, 
метеорологиялық  жағдайлардың  əсерінен  сапасының  төмен-
деуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материал-
дар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты 
шығынын  есепте  дұрыс  көрсету  үшін  ай  сайын  инвентарлық 
есептеу  жүргізу  керек.  Бұл  ай  сайынғы  материалдардың  шы-
ғынын анықтау жəне табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша 
еңбек уақытын талап етеді. 
Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік 
жете  алмайтын  жерде  жұмыс  істеп  тұрған  кəсіпорынның  аума-
ғында,  электр  құрылғыларының  желілеріне  жақын    орындарда  
жүргізіледі. 
Құрылыс  өндірісі  басқа  да  өндіріс  түрлерімен  байланыста-
рының  күрделілігімен  де  ерекшеленеді.  Құрылыс  алаңдарында  
бір  мезгілде  жалпы  құрылыстар,  мамандандырылған  жəне  де 
басқа  жұмыстар  жүргізілуі  мүмкін.  Өндірістің  технологиялық 
процесі  бас  мердігерлік  құрылыс  кəсіпорынының  басшылығы-
мен  жүргізіледі.  Ол  тапсырыс  берушімен  барлық  жұмысты 
орындауға  келісім-шартқа  отырып,  құрылыс-монтаж  жұмыс-
тарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кəсіпорындармен 
келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс 
берушінің, бас мердігердің  жəне субмердігердің қатысуы олар-
дың  өзара  қарым-қатынастарының  күрделі  жүйесінің  қалыпта-
суына  əкеледі,  ол  бухгалтерлік  есеп  жүргізуде  дұрыс,  əрі 
жүйеленіп көрсетілуі тиіс. 
Құрылыс  өндірісіндегі  нысандардың  жұмыс  түріне  қарай 
бағалануы  бухгалтерлік    есепті  ұйымдастыруда  біраз  қиындық 
тудырады,  бұл  нормативті  құжаттарды  құру  процесі мен оны  
қолдануды    күрделендіруге    əкеліп    соғады.  Дегенмен,  дұрыс 
ұйымдастырылған,  бүгінгі  күннің  талабына  сай  орындалған  
есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген 

 
9
жүйе  кез  келген    құрылыс  нысанының  нақты  бағасын  анықтай 
алады. 
 
1.2. Құрылысты ұйымдастырудың формалары  
және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі 
 
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі  мердігер мен 
тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланыс-
ты.  Бұл  шарт  қаржылық  есептеменің  халықаралық 11 стандар-
тының  негізін  ала  отырып  жасалады.  Яғни,  стандартта  көрсе-
тілген түсім жəне мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі 
төмендегідей тəртіпті  анықтайды:  
—  біріншіден,  түскен  түсім  келісім  бойынша  жəне  байла-
нысты болуы; 
— екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұ-
мыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс. 
      Есептеудің  тəртібіне  орай  келісім  төмендегі    типтерден 
тұрады: 
1.
 
 Бекітілген  баға  бойынша  келісім, яғни  баға  шығындар  өз-
геруіне байланысты құбылмалы; 
2.
 
 Шығындарды  қосу  арқылы  немесе  шығындар  көлемін 
анықтап, пайыздық үлесімен  анықтау. 
Келісім əрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл 
құрылыс нышанының  түрінің өзіне тəн ерекшелігінің бо-луына 
байланысты. 
Капиталды  құрылыста  өндірістің  жұмысын  ұйымдастыру-
дың негізгі формасы мердігерлік тəсіл болып саналады. 
Құрылыс  өнімінің  күрделілігі,  материалдық  жəне  адам 
ресурстарын  бір  шаруашылық  субъектісіне  біріктірудің  мүмкін 
еместігі,  құрылыс  кəсіпорындарын  мамандандыруға,  олардың 
қызметін  белгілі  бір  іске  қосқанда  қадағалаудың  қажеттілігіне, 
яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге əкеліп соғады. 
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кəсіп-
орындары  жалпықұрылыстық  жəне  мамандандырылған  болып 
бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипа-
тына  байланысты  құрылыс-монтажды  кəсіпорындар  бас  мер-
дігер жəне субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндіріс-
тік байланыстың ұзақтығына қарай кəсіпорындар тұрақты жəне 

 
10
жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған)  деп бөлінеді. 
Тұрақты кəсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста бола-
ды. Жылжымалы кəсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осын-
дай  кəсіпорындар  ірі  құрылыс  корпорацияларының  құрамында 
анда-санда  құрылыс  көлемінің  өсу  кезінде  белгілі  бір  аумақта  
жұмыс орындау үшін құрылады. 
Құрылыс-монтаж  кəсіпорындары  «өмірлік  циклына»  байла-
нысты  құрылыстың  соңғы  өнімін  қалыптастыруда  келесідей 
түрлерге  бөлінеді: 
♦  құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар; 
♦  жобалау-құрылыс фирмалары; 
♦  ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары; 
♦  барлық  жұмыстарды  құрайтын  жəне  конструкциялар  мен 
құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер. 
Құрылысқа  бірнеше  қызмет  түрлерінің  біріктірілуі  тəн.  Құ-
рылыс  кəсіпорындарының  өндірістік  қызметі  келесідей  түрлер-
ден тұрады: 
♦  негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимарат-
тар мен қондырғыларды капиталды жөндеу; 
♦   қосымша өндірістер
♦   өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала. 
Өндірісті  бағыты  бойынша  классификациялау — негізгі 
жəне  қосымша  өндірістің,  əлеуметтік  сфераның  шығындарын 
бөлек есепке алу қажеттігін туғызады. 
Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгал-
терлік  есебі  шоттарының  жұмыс  жоспарындағы  синтетикалық 
шоттар тізбесінің топтамасында  8 бөлімнің шоттары — «Өнді-
рістік  есептің  шоттары»,  оның  бөлімшелері: 8010 «Негізгі  өн-
діріс», 8020 «Меншікті  өндірістің  жартылай  фабрикаттары», 
8030 «Қосалқы  өндірістер», 8040 «Үстеме  шығыстар»  белгі-
ленген.  Шығындардың  деңгейін  бақылау  жəне  сараптау  үшін 
оларды  құрылыс  бөлімдеріне,  бөлек  бөлімшелерге,  жұмыс  түр-
леріне байланысты топтастырады. 
Құрылыс  өндірісіне  қатысушы  тұлғалар  Қазақстан  Респуб-
ликасының Азаматтық Кодексіне сəйкес жазбаша түрде келісім-
шарт жасай отырып, төмендегідей тəртіпте құжат толтырады: 

 
11
Мердігерлік келісім № 
 
     .........................қаласы                              «....».....................жыл 
 
 (тапсырыс беруші) ___________________________________ 
                                
тапсырыс беруші кəсіпорын аты-жөні, қызметі 
 
қолданылған жарғыға сəйкес_____________________, келесі         
тұлғамен төмендегідей келісім жасалды: 
 
1. Келісім. 
Төмендегі  шарттарды  орындауды  мердігер  тапсырыс  беру-
шінің  талабы  бойынша  орындай  отырып,  көрсетілген  уақытта 
жұмыс  нəтижесін  тапсыру,  ал  тапсырыс  беруші  нəтижеге  орай 
төлем жасауға міндетті. 
 
2. Жұмыс түрі. 
Мердігер  тапсырушының  талабына  сай  төмендегі  жұмыс 
түрлерін орындайды:  
_______________________________________________________
_______________________________________________________ 
3. Материалдар. 
жұмыс _________________________________ материалымен 
(мердігердің немесе тапсырыс берушінің) орындалады. 
 
4. Тапсырманы орындау тəсілі. 
Тапсырыс 
берушінің 
тапсырмасын 
орындау 
тəсілі     
_______________________________________________________
_______________________________________________________ 
(мердігердің ұсынысымен немесе нақты бір технологиялық 
________________________________тəсілмен анықталады) 
 
5. Жұмыстың орындалу уақыты. 
5.1. Жұмыстың басталу мерзімі     «__»__________200_ жыл 
5.2.  Жұмыстың  аяқталу мерзімі    «__»_________200_ жыл 
5.3.  Мерзімінен бұрын яқтау___________________________ 

 
12
6. Төлем тəртібі. 
6.1.  Жұмыс  бағасына  мердігердің  барлық  шығындары  жəне 
көтерме төлемдері енгізіледі. 
6.2.    Жұмыс бағасы  __ мың. теңге, оның ішінде ҚҚС  __ 
мың теңге. 
Көрсетілген баға: _____________________________________ 
(жуықтау, нақты, не екі жақтың келісімі бойынша) 
6.3. Тапсырыс берушінің мердігерге    төлеу _____________ 
жұмыс бағасының     %    «___» ________200_    жылға дейін. 
 
7. Ерекше шарттар. 
7.1. Жұмысты орындау барысында ______________________ 
(тапсырыс  берушінің  келісімі  бойынша  үшінші  тұлғаны    
тартуға) 
7.2. Мердігердің жұмысына тапсырыс беруші төмендегі жағ-
дайда араласуға міндетті: 
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________ 
7.3.  Мердігер  тапсырыс  беруші  шарттарды  бұзған  жағдайда 
немесе  уақытында  орындамаған  жағдайда    жұмысты  тоқтатуға 
құқығы бар. 
7.4.  Шарттарды бұзу анықталған жағдайда мердігер  келісім-
шарттан  бас  тартады  жəне  анықталған  шығынды  қайтаруды 
талап етеді. 
7.5.  Тапсырыс  беруші  кез  келген  уақытта  орындалған  жұ-
мыстың  нақты  мөлшерінің  ғана  нəтижесіне  қарап  төлем  төлеп 
береді. 
7.6.  Аяқталмай қалған құрылыс жұмыстарына  заңға сəйкес 
тапсырыс  беруші  мердігерден  орындалған  жұмыстың  нəтиже-
сіне  қарай  құжаттандырып  болған  соң  ғана  келісім  өз  күшін 
жойғанын айғақтайды. 
 
8. Орындалған жұмыстың нəтижесін тапсыру. 
8.1.  Мердігердің  тапсырыс  берушіге  орындалған  жұмыстың 
нəтижесін  тапсыруы  екіжақты  толтырылған  актіге  қол  қою 
арқылы құжаттандырылады. 

 
13
8.2. Мердігердің тапсырыс берушіге  тапсырған күні. 
8.3. Тапсырыс беруші мердігердің қатысуымен жұмысты қа-
былдай  отырып,  жұмыс  нəтижесіндегі  кемшіліктерді  ескертуі 
шарт. 
8.4.  Қабылдау  қорытындысында  кемшіліктер  көрсетілген 
болса, бірден кемшілікті жою мерзімін көрсетуі шарт. 
8.5.  Тапсырыс  беруші  қабылдап  алғаннан  соң  кездескен 
кемшіліктерді мерзімді уақытта дереу мердігерге ескертуі шарт. 
 
9.  Құпиялылық. 
9.1.  Егер  екі  жақтың  біреуі  келісілген  шартқа  байланысты 
орындау  міндеттемелері  бойынша  басқа  жақтан  заңмен  қорғал-
маған  басқа  да  шешімдер  немесе  жаңа  технология  жөнінде  ха-
барлама  алатын  болса,  анықтама  алған  жақтың  жазбаша  рұқ-
сатсыз үшінші тұлғаны анықтамамен қамтаматсыз етуге құқығы 
жоқ. 
 
10. Жауапкершілік. 
10.1.  Егер  мердігер  келісім-шарттағы  қарастырылған  
талаптарды уақытында орындамаған немесе орындалған жұмыс 
теріс  нəтиже  берген  жағдайда  тапсырыс  беруші  мердігерге 
төмендегідей талап қоюға тиісті: 
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________ 
 
10.2. Орындалған жұмыс көлеміне уақытында төлем жасама-
ғаны  үшін  тапсырыс  берушіден  мердігер _____ %  жалпы  
көлемнен айыппұл алуға тиісті. 
10.3.  Жұмыс  көлемін  мердігердің  уақытында  тапсырмағаны 
үшін ____%   айыппұл төлеуге тиісті. 
10.4.  Айыппұл көрсетілген шығындардан бөлек алынады. 
 
11. Басқа шарттар. 
11.1. Келісім 2 (екі) данадан толтырылады, əрбір жаққа бір-
бірден. 

 
14
12. Екі жақтың реквизиттері. 
 
Мердігер:_________________  тапсырыс    беруші _________ 
____________________________ 
 
Сонымен  қатар, келісімге  қосымша қажетті құжаттар тірке-
леді: 
1. құрылыс нысандарының тізімі; 
2. қосымша ерекше талаптар; 
3. құрылыс-монтаж жұмысын орындаудың кестесі. 
 
 
1.3. Құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты  
мен құрылыстағы есепті ұйымдастыру 
 
Есеп  саясаты,  бұл — бухгалтерлік  есеп,  талдау,  аудит 
аумағындағы  ұзақмерзімді  саясат,  оны  əрбір  кəсіпорын  өз  бе-
тінше жасайды, бухгалтерлік есепті жəне қаржылық есепті оның 
негіздері мен қағидаларына  сəйкес жүргізу үшін субъектілердің 
басшыларының қабылдаған тəсілдерінің жиынтығы. 
Есеп саясатын қалыптастыру төмендегі кезеңдерден тұрады: 
—  бухгалтерлік  есеп  жүргізілетін  кəсіпорындағы  есеп  сая-
сатының қатынасын анықтау; 
— бухгалтерлік есепті жүргізу тəсілдерін таңдауға əсер ете-
тін жағдайларды анықтау, сараптау, бағалау жəне реттеу; 
— есеп саясатын құрастырудың бастапқы жағдайларын таң-
дау жəне негіздеу; 
—  есептің  əрбір  тəсілінің  жолын  жəне  əрбір  есеп  объектісі 
бойынша кəсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргі-
зудің жарамды тəсілін бірегейлендіру; 
—  кəсіпорында  қолдануға  жарамды  бухгалтерлік  есептің 
жүргізілу тəсілін таңдау; 
— таңдалған есеп саясатын рəсімдеу. 
Құрылыс  кəсіпорындарының  есеп  саясатының  бөлімшеле-
рінің тізімі төмендегідей болуы шарт: 
1. Жалпы бөлім. 
2. Басқару жəне  ұйымдастыру құрамы. 
3. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың жүйесі. 

 
15
4. Бухгалтерлік құжаттар жəне оларды сақтау мерзімі. 
5. Түгендеу. 
6. Негізгі құралдардың есебі. 
7. Материалды емес активтердің есебі. 
8. Материалдық құндылықтардың есебі. 
9. Ақшалай қаражаттардың есебі. 
10. Еңбек жəне еңбекақы. 
11. Дебиторлық қарыздар жəне басқа да активтер. 
12. Инвестицияны есептеу. 
13. Меншіктік капитал. 
14.  Өндіріс  шығындарының  есебі  жəне  құрылыс  өнімінің 
(қызметінің) өзіндік құнын калькуляциялау. 
15. Мерзім шығындары. 
16. Сату, табыс жəне баға. 
17. Есеп беру. 
18. Түсініктеме. 
Кəсіпорынның есеп саясатын оның бас бухгалтері немесе ар-
найы есеп бөлімі құрастырады. Есеп саясаты кəсіпорын құрыл-
ған сəттен бастап  дайындалады. Дайындалған есеп саясатын кə-
сіпорынның  басшысы  өзінің  бұйрығымен  бекітеді.  Осы  кəсіпо-
рынның қабылдап, бекіткен есеп саясаты сол кəсіпорынның есеп 
қызметін  атқаруы  барысында  негізгі  құжат  ретінде  қолданы-
лады. 
 
1.4. Құрылыстағы  қызметті лицензиялау 
 
Құрылыстық  қызмет  белгілі  бір  орындаушының  дайынды-
ғын талап ететіндіктен лицензиялануы қажет, онсыз белгіленген 
тұтынушылық  сапалы  құрылыс  өнімін  құру  мүмкін  емес.  Сон-
дықтан  да  құрылыс  өндірісімен  айналысқысы  келетін  барлық 
шаруашылыққа  құрылыс  жұмыстарын  жүргізу  олардың  қызме-
тінің  негізгі  түрі  болады  немесе  құрылыстан    басқа  да  қызмет 
түрлерімен  паралельді  түрде  шаруашылық  əдіспен  жүргізілетін 
жұмыстарын    жүзеге  асыруға  құқық  беретін  лицензия  алуы  қа-
жет. Жұмыс жүргізетін  құрылыс кəсіпорындары жыл сайын ли-
цензияларын жаңалап, қайта тіркеуден өткізуі қажет. 
Қазақстанда архитектуралық-құрылыс жұмыстарын жүргізу-
ді  лицензиялау  төмендегі  заң  актілерінің  негізінде  жүзеге  асы-
рылады: 

 
16
1) 17.04.95 жылғы № 2200 «Қазақстан Республикасының Ли-
цензиялау туралы заңы»; 
2) 16.07.01 жылғы  № 242-2 «Қазақстан  Республикасының 
Архитектура, сəулет-құрылыс қызметі жөніндегі заңы». 
Лицензия  алу  үшін  (қайта  тіркелу  үшін)  кəсіпорындар  ли-
цензиялаудың қалалық орталығына келесі құжаттарды беруі қа-
жет: 
—  техникалық  аудитті  жүзеге  асыруға  өкілетті  кəсіпорынға 
лицензияны  рəсімдеу  (қайта  рəсімдеу)  мақсатымен  аудит  жүр-
гізуді сұрау хаты; 
— лицензиялаудың қалалық орталығына өтініш; 
— кəсіпорында ұйымдастыру туралы бекітілген құжат неме-
се тіркелген жарғы; 
— тіркеу карточкасының көшірмесі; 
— Əділет министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 
туралы куəлігінің көшірмесі; 
— лицензия сұралып отырған жүзеге асырылатын құрылыс-
монтаждық жұмыс түрлерінің тізімі (Қазақстан Республикасын-
дағы  архитектуралық-құрылыстық  қызметті  лицензиялау  бойын-
ша құрылыстағы қызмет пен жұмыс классификаторына сəйкес); 
—  салынып  жатқан,  реконструкцияланатын  жəне  (немесе) 
жоспарланатын  нысандардың  тізімі,  олардың  мекен-жайы  жəне 
қуаты.  Өткізілетін  (жоспарланған)  жөндеу  жұмыстарының  ті-
зімі; 
—  алдыңғы  жылы орындалған  əртүрлі  құрылыс-монтаждық 
жұмыстардың көлемі; 
—  мамандардың  біліктілік  құрамы  немесе  оларды  тарту 
мүмкіндігі туралы ақпараттар; 
— өндірістік база туралы мəлімет; 
— техникалық қамсыздандыру туралы мəлімет; 
— сейсмикалық жағдайы бойынша куəлік; 
— сапаны бақылау; 
— жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі; 
— эксперттердің қорытындысы. 
Жоғарыда  аталған  құжаттардың  формаларына  келетін  бол-
сақ, оны төмендегідей үлгіден көруге болады, мысалы: архитек-
торлық-құрылыс қызметі саласындағы лицензия сұралатын қыз-
мет түрлерінің тізімі: 

 
17
1-кесте 
 
Жұмыс  түрлерінің  тізімі 
бойынша 
Жұмыс түрлерінің аттары 
ҚР  министрлігінің  бекітуі 
бойынша № 1 қосымша 
Құрылыстағы  жұмыс  жəне 
қызмет  түрлерінің  классифика-
циясы  бойынша  аттары  ҚР  ми-
нистрлігінің бекітуі бойынша 
 
 
1.  Гидротехникалық  құ-
рал-жабдықты,  ғимараттар-
ды,  шектеуші  жəне  негізгі 
құрылымдарды тұрғызу 
 
 
 
 
 
 
 
2.  Бөлімше  бойынша  қыз-
мет 
 
 
 
 
 
3.  Ішкі  инженерлік  желі-
лерді құрастыру жұмыстары 
 
1.1.  Темірбетондық  құрама 
құрылымдарды монтаждау; 
1.2. Темірбетондық жəне бір-
келкі бетондық құрылымдар; 
1.3. Кесектен, тастан жəне блок-
тан қалау; 
1.4.  Металдық  құрылымдар-
ды орнату; 
1.5. Ағаш құрылымдарды жə-
не өнімдерді орнату; 
1.6. Терезелеу. 
2.1. Сылақ жұмыстары; 
2.2. Едендерді орнату; 
2.3. Көркемдеу жұмыстары; 
2.4.  Бояу  жəне  ақтау  жұмыс-
тары; 
2.5. Жабыстыру жұмыстары. 
 
3.1. Ішкі электрмен қамту же-
лілерінің тығыны; 
3.2.  Ішкі  сумен  қамту  желі-
лерінің тығыны; 
3.3. Ішкі канализациялық же-
лілер тығыны; 
3.4.  Ішкі  жылу  желілерінің 
тығыны; 
3.5.  Санитарлық-механикалық 
құрылғыларды орнату; 
3.6.  Ішкі  жарықтандыруды 
орнату жəне т.б. 

 
18
Тағы да бір айта кететін жай, лицензия материалды емес ак-
тив  ретінде  қарастырылмайды,  өйткені  құрылыс-монтаждық 
жұмыстарды  жүзеге  асыруға  берілетін  лицензияның  əрекет  ету 
мерзімі 1 жылдан аспайды. Сондықтан да лицензия алатын (қай-
та  тіркелетін)  шаруашылық  субьектілердің  техникалық  аудиті 
бойынша қызметтерді төлеумен  байланысты  шығындар, лицен-
зиялық  жинақтар  жəне  лицензия  алумен  (қайта  тіркеумен) 
байланысты басқа да шығындарды бухгалтерлік есепте болашақ 
кезең  шығындары  ретінде  қайта  алынған  лицензияның  əрекет 
ету мерзімі ішінде алдыңғы кезең ішінде көрсету қажет. 
 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал