А. К. Бейсенбаева Туризмдегі бухгалтерлік есеп



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/14
Дата14.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
 
 
 
А. К. Бейсенбаева  
 
 
 
Туризмдегі  
бухгалтерлік есеп 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2008 

 
 
2
ББК 65.433я7 
Б 38 
 
 
Пікір жазғандар: 
 
Экономика ғылымының докторы, доцент Тулембаева А. Н. 
Экономика ғылымының кандидаты, доцент Сұлтанова Б. Б. 
 
 
 
 
 
 
Б 38 Бейсенбаева А. К. 
   Туризмдегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.— Алматы:  
   Нұр-пресс, 2008.— 230 б. 
 
ISBN 9965-813-34-5 
 
Оқу  құралында  туризм  саласындағы  есепті  ұйымдастырудың  
ерекшеліктері, турөнімді өндірудегі шығындар түрі, есептеу жол-
дары, делдалдық қызмет есебі, ҚХЕС бойынша есеп беру қарас-
тырылған. Саланы оқып үйренуге жəне тəжірибеде көмекші құрал 
ретінде  жоғарғы  оқу  орындарының  студенттеріне  жəне  салаға 
кызығушылық тудырған тұлғаларға пайдалануға арналған. 
 
 
 
 
                                                                           ББК 65.433я7 
 
                                                  © Бейсенбаева А. К., 2008. 
                                                  © Нұр-пресс, 2008. 
ISBN 9965-813-34-5 

 
 
3
КІРІСПЕ 
 
Қазақстандағы  туристік  қызмет  нарығы  экономиканың  ең 
дамыған  саласы  болып  табылады.  Туризмнің  ерекшеліктері — 
қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек 
сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйым-
дастыру — тікелей  тұрақты  дамыған  компаниялардың  көр-
сететін  қызметіне  дұрыс  есеп  жүргізуге  байланысты.  Осыған 
байланысты  туристік  қызметтің  дамуы  бухгалтерлік  есеп  сала-
сында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді. 
Қазіргі  заманғы  бухгалтер  тек  бухгалтерлік  есеп  саласында 
ғана  емес,  сонымен  қатар  салық  салу,  басқару  есебі  жəне  эко-
номикалық  талдау  саласында  да  білімінің  кең  деңгейін  қамтуы 
керек. 
Жеті  кластерлік  бастаманың  ішінде  туристік  индустрияның 
экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны 
дамытуға  жаңа  серпін  берді.  Қазақстан  Республикасы  Үкіме-
тінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндет-
терінің  бірі — Қазақстанды  Орталық  Азиялық  өңірдегі  туризм 
орталығына айналдыру. 
Мемлекеттік бағдарлама Республикада қазіргі заманғы тиім-
ділігі жоғары жəне бəсекеге қабілетті туристік индустрия құруға 
жəне  экономиканың  сабақтас  секторларын  дамытуды  қамтама-
сыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Ол  туризмді  дамыту  саласындағы 
мемлекеттік  саясаттың  стратегиясын,  негізгі  бағыттарын,  ба-
сымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды 
жəне  туризм  инфрақұрылымын  дамытуды,  осы  саланы  мемле-
кеттік  реттеу  мен  қолдаудың  тиімді  тетігін  құрудың,  туристік 
əлеуетті  арттырудың,  елдің  тартымды  туристік  беделін,  рек-
реациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтарды қалыпта-
стырудың  негізгі  аспектілерін  қамтиды.  Қазақстан  Республи-
касының теңдесі жоқ табиғи жəне мəдени əлеуетіне негізделген 
қазіргі  заманғы  туристік  индустрия — туризмнің  туристік  қыз-
мет  көрсетулердің  халықаралық  саудасы  жүйесіне    кіруінің  та-
биғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы жəне 
өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға 
қайтарымы  жөнінен  тиімді  салалардың  бірі  болып  табылаты-
нына көз жеткізіп отырмыз. 

 
 
4
 
 
1-тақырып.  Туризм және халықаралық сауда 
 
Туристік  бизнес — əлем  шаруашылығындағы  тез  дамитын 
салалардың бірі. 
Халықаралық  туризм — мұнай  өндіретін  жəне    автомобиль 
өнеркəсіптерінен кейін, үш ірі экспорттық салалардың құрамына 
кіреді. Дүние жүзінде туризмнің мəні үнемі артуда, бұл жеке ел 
экономикасындағы туризм ықпалының өсуімен де байланысты. 
Қазақстан  Республикасында  туристік  индустрияның  дамуы 
халықтың  əл-ауқат  деңгейінің  өсуінің  нəтижесі  болып  табы-
лады. Туристік қызметтерге қол жетерлік, олардың сапасы жəне 
əр  түрлілігі  демалыс  нысанын  таңдауда  да  маңызды  фактор 
болып  табылады.  Кəсіпкерлер  үшін  туристік  бизнестің  тартым-
дылығы келесі себептерге байланысты: 
— шағын бастапқы инвестициялар; 
— туристік қызметтерге өсетін сұраныс; 
— жоғары деңгейлі пайдалылық; 
— шығындар ақталуының ең қысқа  мерзімі. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  демалысты  жайлылықпен  жəне 
қауіпсіздікпен  қамтамасыз  ететін  туристік  қызметтерді  көрсе-
тетін туристік компаниялар желісі дамыған. 
Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі 
ретінде  туристік  қызметтің  құқықтық,  экономикалық,  əлеумет-
тік,  ұйымдастыру  негіздері  «ҚР  Туристік  қызмет  туралы»  За-
ңында  анықталған.  Осы  Заңға    сəйкес  туристік  қызмет — тур-
агенттік жəне туроператорлық болып бөлінеді. 
Туроператорлық қызмет — өзінің туристік өнімдерін қалып-
тастыру,  дамыту  жəне  туристік  агенттер  мен  туристерге  сатуға 
лицензиясы бар заңды тұлғалардың қызметі. 
Турагенттік  қызмет — туроператормен  қалыптастырылған 
туристік  өнімді  дамыту  мен  сату  бойынша  осы  қызмет  түріне 
лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың кызметі. 
Олардың  арасындағы  айырмашылық — туроператорлардың 
туристік  өнімді  дамыту  мен  сату  қызметінен  басқа,  осы  өнімді 
қалыптастыруда болып табылады. 

 
 
5
Туристік  өнімді  қалыптастыру — шет  елдік  əріптестерді 
табу,  қонақ  үйлерді,  экскурсияларды  таңдау,  авиакомпания-
лармен келіссөздер, көрмелелердегі жұмыстар, қонақ үйлер мен 
авиарейстерде  сақтап  қою  орындарының  нақты  санын  есептеу, 
каталогтарды шығару, агенттіліктерді іздестіру жəне таңдау. 
Басқа сөзбен айтқанда, туроператор əр түрлі қызметтермен –
визаларды  рəсімдеу,  ұшу,  трансферт,  қонақ  үй,  сақтандыру, 
экскурсиялар  ұйымдастырумен  айналысып,  тур  өнімді  «жинай-
ды»,  оны  нарыққа  шығарады  жəне  тұтынушыларға  немесе 
турагенттерге тікелей өткізеді. Ал турагент — туроператор мен 
тұтынушы арасындағы делдал болып табылады. 
Тур  өнім  туристік  саяхат  мерзімінде  көрсетілетін  туристің 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  қажетті  қызметтер  жəне 
осымен    байланысты    саяхат  мақсатына  сай  көрсетілетін  басқа 
да  (орналастыру,  тасымалдау,  тамақтандыру,  экскурсиялар,  ту-
ризм нұсқаушысының, гидтің, гид-аударушылардың қызметтері) 
қызметтер жиынтығын білдіреді. 
Туристердің  кұқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатында 
Қазақстан  Республикасында  туроператорлық,  турагенттік,  экс-
курсиялық қызмет, туризм нұсқаушының көрсететін қызметтері 
лицензияланады. 
Туроператорлар  мен  турагенттердің  лицензияны  алуы  үшін  
туроператор  мен  турагенттің  азаматтық-құқықтық  жауапкер-
шілігін  міндетті  сақтандыру  келісім  шарты  қажет.  Осы  келісім 
шарт  оның  заңды  күшіне  енген  күннен  бастап 12 ай  мерзіміне 
жасалады,  іс-əрекет  ету  аумағы  туристік  бағыттардың  (турлар-
дың) өткізілетін аумағы болып табылады. 
Туроператорлар  мен  турагенттердің  қызметі  міндетті  түрде 
сертификатталынады. Сертификаттарды рəсімдемеген  жағдайда 
жауапкершілік лицензияны берген мезеттен 7 ай өткеннен кейін 
басталады. 
Туристік  фирмаларда  бухгалтерлік  есептің  ерекшеліктері 
туризмнің  ұйымдастыру  нысандарынан — халықаралық,  ішкі 
жəне туристік қызметтерінің кұрылымынан туындайды. 
Халықаралық туризм төмендегілерге бөлінеді: 
келу туризмі — Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты 
тұрмайтын  тұлғалардың  Қазақстан  Республикасы  аумағында 
саяхат жасауы;  

 
 
6
кету  туризмі — Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұ-
рақты тұратын тұлғалар мен азаматтардың басқа елге саяхаты; 
ішкі  туризм —  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұ-
рақты  тұратын  тұлғалар  мен  азаматтардың  Қазақстан  Респуб-
ликасы аумағындағы саяхаты. 
Қазақстан  Республикасы  аумағына  келу  туризмін  ұйымдас-
тырумен  байланысты  туристік  қызметтерді  көрсету  туристік 
қызметтердің экспорты болып табылады. Ал басқа елге кетумен 
байланысты  туристік  қызметтерді  көрсету  импорт  болып 
саналады. 
Турист  энциклопедиясында  туризм  индустриясы  туралы 
мынадай  анықтама  берілген;  бұл — материалдық-техникалық 
базалардың  құрылуын,  туристік  рекреациялық  ресурстардың 
пайдалануын,  туристік  тауарлар  мен  қызметтердің  айырбаста-
луын,  қолданылуын,  материалды  жəне  материалды  емес  сала 
өнімдерінің  өндірісін  қамтамасыз  ететін  мекемелер  мен  ұйым-
дар жиынтығы. 
Туризм  индустриясының  мекемелері  мен  орталықтарын, 
кəсіпорындарын үш топқа бөледі: 
1.  Демалыс  орындары  мен  бағыттардағы  туристік  экскур-
сиялық  қызмет  көрсету  мекемелері  (турбазалар,  конақ  үйлер, 
санаториялар,  кемпингтер;  саяхат  жəне  экскурсия  бюролары; 
арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орын-
дары  мен  туристік  орталықтары,  туристерді  сауықтыру  орын-
дарымен, сувенирлер жəне басқа да туристік тауарлармен қамта-
масыз ететіндер). 
2.  Демалыс  орындарындағы  туристерге,  жергілікті  халыққа 
тұрмыстық,  мəдени-танымдық,  сауда  қызметтерін  көрсететін 
мекемелер  (жолаушылар  көлігі,  қонақ  үйлер,  ауруханалар,  ки-
нотеатрлар, клубтар). 
3.  Материалдық-техникалық  базаларды  құру  мен  пайдала-
нуды  қамтамасыз  ететін  өнеркəсіп  орталықтары  жəне  оларға 
еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ 
туризм саласына біліктілігі жоғары  мамандар дайындайтын ме-
кемелер. 
Туризм  индустриясы  үш  айрықша  қасиеттерімен  ерек-
шеленеді:  біріншіден,  туристік  мекемелердің  орналасуындағы 
ресурстарға  болжам;  екіншіден,  туристік  қызмет  көрсетудегі 

 
 
7
мезгілдік;  үшіншіден  туризм  имфрақұрылымының  даму  дең-
гейіне жоғары талап. 
Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тəн бірқатар 
айрықша  ерекшеліктері  бар,  ол  солар  арқылы  халық  шаруашы-
лығының  басқа  да  салаларынан  бөлініп  тұрады.  Туризм  ин-
дустриясының  басты  айрықша  ерекшелігі  өндіріс  пен  өнімді 
тарату  уақытының  бірлестігі.  Көлік  уақытының  жоқтығы,  яғни 
туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі жəне бір-
ден  қолданылады.  Екінші  ерекшелігі — оның  өнімдері  арты-
ғынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көр-
сетудің  келесі  бір  ерекше  айырмашылығы  қызмет  өндірісіне 
дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. 
Бұл  өз  тұрғысында  туризмнің  басқа  да  ерекше  айырмашылық-
тарымен  байланысты — турист  алған  өнімдерді  "өзімен  алып 
кетеді",  яғни  жақсарған  денсаулық,  көңіл-күй,  жаңадан  толты-
рылған білім, пікір, ақпарат арқылы. 
Туристік  қызмет  көрсетудің  түпкі  мəнін  түсіну  үшін,  ту-
ристік  қызмет  көрсету  процесінің  түрін  білу  керек.  Туристік 
көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған 
кезде  əр  түрлі  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етіп,  көмектесу.  Бұл 
процестің кешенді түрі келесідей  анықталады: 
туристерге  əр  түрлі  технологиялық  өндіріс  пен  қызмет  көр-
сетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарларды ұсынуы; 
туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда 
(қонақ  үйлерде,  мейрамханада,  көлікте,  спорттық  құрылым-
дарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады; 
туристерге  ұсынылған  тауарлар  мен  қызметтер  əр  түрлі  іс-
əрекет  барысында  пайда  болған.  Олардың  кейбіреулері  арнайы 
туристік  ұйымдарда,  екіншілері  халық  шаруашылығының  сала-
ларында: көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтауда пайда 
болған; 
қызмет əр түрлі кəсіптік дайындықтағы жəне білім деңгейін-
дегі адамдармен көрсетіледі. 
Туризмде  ұсынылған  қызметтер  аумақ  бойынша  бөлінеді. 
Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін 
жерлерінде қөрсетіледі (ақпараттық қызмет). Басқаларын турист 
саяхат  кезінде  (ақпараттық,  көліктік  қызметтер)  алады.  Үшін-

 
 
8
шісін  туристер  туристік  орталықтарынан  (орналасу,  тамақтану, 
емдеу, көңіл көтеру, іскерлік  кездесу) алады, 
Қызмет көрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша былай 
бөлуге болады: 
Қызмет пен тауарларға тарту; 
Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру; 
Ұсынылған  тауар  мен  қызметтерді  пайдалануға  қызығушы-
лықтарын тудыру; 
Туристік  қызмет  пен  тауарларды  пайдалануда  тура 
шешім қабылдауға қөмектесу. 
Туристік  индустрия  дегеніміз — туристік  өнім  шығару-
шылар,  солар  арқылы  халықтың  туристік  сұранысын  өтейді, 
олар  адамдардың  рекреациялық  қажеттілігінің  арқасында  құ-
рылады. 
Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шыға-
ратын  өнімдерінің  тартымды  болуына,  бағасына,  нарықтағы 
өтімділігі жəне жылдам таралуына  байланысты. 
Өнімнің  экономикалық  дəреже  ретінде  терең  мазмұны  бар, 
бірақ, осы  уақытқа  дейін жалпы қабылданған  анықтамасы  жоқ. 
АҚШ-тың  Солтүстік-Батыс  университетінің  маркетинг  профес-
соры,  Американың  маркетинг  ассоциациясының    белсенді 
мүшесі  Ф.  Котляр  мынадай  анықтама  береді:  Өнім — өзіне 
тарту,  алу,  пайдалану  жəне  қолдану  мақсатымен  нарыққа 
ұсынылатын жəне  адамның  ынтасы  мен  өтей  алатын  қандай  да 
болмасын  зат.  Өнім  физикалық  объектілер,  көрсететін  қыз-
меттер, ой-пікір жəне басқалар бола алады. 
Туризмде  өнім  болатыны  көрсететін  кешенді  қызмет,  яғни 
бір  пакетте  туристерге  сатылатын  қызметтер  жиынтығы.  Өнді-
рушілерге қарағанда, туристер туристік өнімді кең түрде ұғына-
ды.  Туристік  сапарға  шыққанда,  адамдар  өзіне  көрсетілетін 
қызметтерден  басқа  да  ерекшеліктерді  іздестіреді.  Біреулері 
ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын 
түзеп  қайтса,  басқалары  іс-сапарларға  барып,  іскерлік  келіс-
сөздер  жүргізіп,  шартты  келісімдер  жасайды.  Демек,  туристер 
туристік  өнімдерге  мұқтаж  емес,  олар  жаңа  сезімге,  қызық 
оқиғаларға мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі. 
Атақты ағылшын туризмологы В. Мидлтонның анықтамасы 
бойынша, кешенді туристік өнім дегеніміз "сезінетін жəне сезін-

 
 
9
бейтін  компонентті  пакеттер,  оның  құрамы  туристік  орта-
лықтағы адамдардың іс-əрекеттерімен анықталады. Алған əсер-
лерінің бағасы ретінде пакетті туристер қабылдайды". 
Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді: 
— тур; 
— қосымша туристік-эскурсиялық қызметтер; 
— тауарлар. 
Тур  дегеніміз — тұтынушыға  біртұтас  таратылатын  жəне 
туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа жəне 
мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі. 
Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет жəне 2) 
бағытта көрсетілетін қызметтер кешені. 
Туристік  пакетті  туроператорлар  ұсынады  жəне  бағытта 
міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады: 
—  туристерді  көлікпен  демалыс  орнына  апару  жəне  алып 
келу; 
— трансфер; 
— орналастыру жəне тамақтаңдыру; міндетті түрдегі экскур-
сиялық жəне мəдени бағдар. 
Туристік  өнімнің,  туристік  пакеттен  айырмашылығы — 
нақтылы  міндетті  жағдайы.  Төрт  базалық  элементтен  тұратын 
туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едəуір же-
ңілдікпен  басқа  да  фирманың  туристік  өнімін  алады,  тур-
оператордан  оны  басқа  да  қызметтер  арқылы  кеңейтуін  сұрай 
алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады. 
Туроператор  туризмде  маңызды  роль  атқарады.  Өйткені  əр 
түрлі  қызметтерді  (көлік,  туристерді  орналастыру,  тамақтан-
дыру, көңіл көтеру жəне т. б.) бір турпакетке  жинап, турөнімді 
шығарады, оны турагент арқылы таратады. 
Турагент — туроператордың туристік өнімін іске асыратын, 
туристік  нарықта  жұмыс  істейтін  таратушы.  Туроператордан 
турагенттің айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты 
емес. 
Туристік  өнімнің  туристік  пакеттен  айырмашылығы — ту-
ристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі. 
Туристік  өнім  элементтері  бойынша  туристің  шығынын 
келесідей бөлуге болады:  
тур — 50 %; 

 
 
10
қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер — 30 %; 
тауарлар — 20 %. 
Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз — бұл 
жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солар-
дың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жол-
даманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік 
орындар,  валюта  айырбастау,  туристік  қызмет  көрсету,  прокат, 
телефон,  қоғамдық  көлік,  пошта,  тауарлар  сақтау  орны  жəне  т. 
б.  Қосымша  қызметтерді  туристер  бөлекше  өз  ақшасына  алуы 
керек. 
Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жа-
татындар:  туристік  карталар  жəне  қаланың  жоспары,  суве-
нирлер,  буклеттер,  сондай-ақ  тұрғылықты  елдегі  тапшы  тауар-
лар жəне т. б. 
Туристік индустрияда өндірілетін туристік, өнім екі əдіспен 
бағалануы мүмкін: 
барлық өндірістің шығынының жинағы есебінде; 
туристердің  барлық  шығынының  жинағы  немесе  туризмнен 
түскен кіріс есебінде. 
Қандай  бір  əдіспен  бағаланса  да,  сөз  туристік  индустрия 
өндірілетін  туристік өнімдердің жалпы табысы  жөнінде  болып 
отыр. 
Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды 
үш  топқа  біріктіруге  болады:  көлік  қызметі — туристердің 
туристік  аудандарда  болуымен  байланысты  қызметтер  мен 
тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану жəне т. б.); 
бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, 
сувенирлер жəне  т. б.). Əрбір  туристік қызметтер  мен  тауарлар 
тобы  тағы  да  жіктеледі.  Мысалы,  көлік  қызметтері  көліктің 
түріне, жайлылығына қарай жіктеледі. 
Туристік сұраныс жəне ұсыныс туристік құрылыстың эконо-
микалық  элементі  болып  туристік  нарықты,  яғни  туристік  қыз-
мет пен тауарларды тарату саласын құрайды. 
Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежү-
зілік  нарықта  тауарлардың  бағасына  экспорт  шығыны  кірсе 
туристік  қызметтердің  бағасына  туристердің  көліктік  шығыны 
да кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырма-
шылығы, міне, осында.  

 
 
11
1-кесте 
 
Туристік индустрияның кіріс бойынша 2001 ж.  
көрсеткіштері 
 
Туризм түрлері бойынша қызмет 
көрсетілген келушілер саны, мың адам 
оның ішінде 
 
барлығы 
кіріс 
шығыс 
Барлығы: 10649,0 
4365,0 
3004,0 
оның ішінде:  
 
 
туристік ұйымдар 456,1 
40,4 
218,0 
орналастыру объектілері 1361,3  264,2 
 
санаторийлік-курорттық 
мекемелер 
209,6 69,0 
 
айрықша қорғалатын 
табиғи аумақтар 
391,6 130,4 
 
мəдениет мекемелері 2412,0 
828,6 
 
 
2-кесте 
 
2004 жылы бюждетке түскен қаржының көлемі 
 
 
Туристік қызметтен 
түскен кіріс, млн. теңге 
Бюджетке түскен 
қаржы, млн.теңге 
Барлығы: 30553,4 
6526,5 
оның ішінде:    
туристік ұйымдар 5902,6 
554,6 
орналастыру 
объектілері 
23153,5 5317,5 
санаторийлік-
курорттық мекемелер 
256,0 532,6 
айрықша  қорғалатын 
табиғи аумақтар 
9,1 2,2 
мəдениет мекемелері 1232,2 
119,6 
  
Туристік  қызметтер  құрылымында  негізгілер  мен  қосымша 
қызметтерге  бөлінеді.  Негізгілерге  жататындар:  тасымалдауды 
ұйымдастыру  бойынша  қызметер;  орналастыру;  туристерді  та-
мақтандыру,  ал  қосымшаларға  жататындар:  экскурсияларды 

 
 
12
ұйымдастыру  бойынша  көрсетілетін  қызметтер,  гидтердің,  гид 
аударушылардың қызметтері, саяхат шарттарымен қарастырыл-
ған тасымалдаулар жəне т.б. 
Бухгалтерлік  есептің  маңызды  элементі  туристік  фирмалар-
дың қызметтерді жеткізушілер жəне тұтынушылармен өзара қа-
рым-қатынастарды  құжаттық  рəсімдеу  болып  табылады.  Тұты-
нушылармен өзара қарым-қатынастар кезінде мынадай құжаттар 
негіз болып табылады: 
1.  Тапсырыс  үшін  құжаттар  (тапсырыс,  сақтап  қою  парағы, 
сақтап қоюды растау). 
2.  Тұтынушылардың  құжаттары  (келісім  шарт,  жолдама, 
ваучер, сақтандыру полисі, көлікке билет). 
3.  Турист  тұлғасын  куəландыратын  құжаттар  (төлқұжат, 
балаларға сенімхат жəне т.б.) 
Сақтап  қою  парағын  немесе  турға  тапсырысты  толтырған 
кезде, тұтынушы өзінің іс-əрекетін растау ретінде тур құнының 
бір бөлігін төлейді. Құжатта бұл сома аванс не кепілақы ретінде 
аталуына байланысты тапсырыс əр түрлі құқықтық мəртебеге ие 
болады. 
Егер  алдын  ала  төлем  аванс  деп  танылса,  онда  рəсімделген 
тапсырыс  алдын  ала  келісім  шарт  ретінде  танылады  жəне 
тараптар кейіннен негізгі келісім шартқа отыруы көзделеді. 
Тапсырысты  сақтап  қою —  парақты  рəсімдеу  ңұсқаулары 
мақсаты жағынан турагенттер үшін орынды. 
Туристік  қызмет  көрсетуге  келісім  шарт  жазбаша  түрде 
жасалады жəне ҚР заңдарына сəйкес болуы тиіс. 
Келісім шарттың маңызды шарттарына жататындар: 
— туристік қызметті жүзеге асыруға лицензия туралы, мекен 
жайы  мен  банктік  реквизиттері  жайлы  мəліметтерін  қоса 
туроператор немесе турагент жайлы ақпарат; 
— туристік өнімді сату үшін қажетті көлемде турист жайлы 
мағлұматтар; 
— туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері, туристік қыз-
метті көрсетуге сертификаттың болуы жайлы нақты ақпарат; 
— саяхаттың басталу жəне аяқталу күні мен уақыты; 
—  туристерді  қарсы  алу,  шығарып  салу  жəне  жөнелтудің 
тəртібі; 
— туристік өнімнің бағасы жəне оны төлеу тəртібі; 

 
 
13
— тараптардың құқықтары мен міндеттері; 
— келісім шартқа өзгертулерді енгізу мен бұзу шарттары; 
—  туристің  жүгін  жеткізу  шарттары  жəне  келісім  шарттың 
осы тармағын орындамаудағы құқықтық салдары. 
Туристік  жолдама — турды сатқанда  фирма  мен  тұтынушы 
арасындағы  келісім  шарттың  ажырамас  қосымшасы,  ол  тур-
өнімнің сатылғандығын растайтын құжат болып табылады. 
Туристік фирма үшін туристік саяхат дайын өнім болып та-
былады,  оның  өзіндік  құны  туристік  жолдамаға  кіретін  қыз-
меттерді төлеуге кеткен шығындардан тұрады. 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Кəсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы қан-
дай себептерге байланысты? 
2. Халықаралық туризм қандай түрлерге бөлінеді? 
3. Туризмнің негізгі түрлері қалай сипатталады? 
4. Туризм индустриясын қалай түсінесіз? 
5. Туристік қызмет көрсету дегеніміз не? 
6. Туристік өнім құрамы жағынан неше бөлімге бөлінеді? 
7. Турдың құрамы қандай болады?  
8. Туристік пакетті қандай тұлға ұсынады жəне қандай түрде 
көрсетілетін қызметтерден тұрады? 
9. Туристік өнімнің  туристік пакеттен айырмашылығы неде? 
10. Туроператордың туризмде атқаратын  рөлі қандай? 
11.  Туристік  өнім  элементтері  бойынша  туристің  шығынын 
қандай түрлерге бөлуге болады? 
12.  Туристік  индустрияда  өндірілетін  туристік  өнім  неше 
əдіспен бағалануы мүмкін? 
13. Туристік нарықтың қандай ерекшеліктері бар? 
14.  Рəсімделген  тапсырыс  алдын  ала  келісім  шарт  ретінде 
танылады ма? 
15. Туристік жолдамаға анықтама бер. 
 

 
 
14
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал