А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің



жүктеу 9.52 Kb.

бет1/26
Дата11.01.2017
өлшемі9.52 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
 

 
 
 
А. Әшімбаев 
 
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ 
КӚРКЕМ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
ӘОЖ 37.58 + 7.03 (5Каз) 
       А 97 
 
Бағзыдан бергі ҿмір-салт үлгілері, ұлттық  қадір-қасиетінің қалыптасуына себепші болған түп-
тамырлар  ұлт  болмысының  тұғыры  болып  саналады.  Оның  құнарлы  нҽрін  бүгін  мен  болашақ 
кҽдесіне жарату уақыт кҿшінің кҿшелілігіне қол жеткізбек. Рухы жоқ, киесі жоқ, тілі мен ділі жоқ ел 
болмайды. Бұл қасиеттер ұлт болудың алғышарттары. Ондай қасиеттердің бастау тегін, түпкі негізін 
танып-түсіну арқылы ұлтты ұйыстыруға, елдің еңсесін кҿтеруге болады. Ұлтқа рух беретін тектілер. 
Этномҽдени тҽрбие тектіні, дарынды, дананы, талантты құрметтеуге үйретеді. Ҿзінің ерен еңбегімен 
ұлт ҿнері кҿсегесінің кҿгеруіне аянбай атсалысқан, сонысымен туған халқының құрметіне бҿленген 
суретші Ҽбілхан Қастеев  сҿз жоқ алаш тектілерінің қатарында. 
Суретші шығармашылығы қазақ ҿнері шыңдау шындарының бірінен саналады. Ҿзінің ұлттық 
сипатымен,  қазақи  болмысымен  ерекшеленетін  реалистік  бағыттағы  терең  тамырлы  туындылар  – 
қазақ  мҽдениетінің  бейнелеу  ҿнері  саласындағы  шын  мҽніндегі  мақтанышы.  Ҿнер  иесі  мұрасына 
кейінгі ұрпақ қызығушылығы күн санап артып келеді. Ол жасаған күллі шығармаларды жасап шығу 
үшін  Қастеевке  берілген  дарынды  ғана  иелену  жеткіліксіз  болар  еді,  бұған  қосымша  жан  аяуды 
білмейтін еңбекқорлық, асып-тасуға жол бермейтін мінез байлығы, ҿзінің таңдап алған жолына деген 
ауытқымас сенімділік қажет болар еді. Қастеевтің жеке басына тҽн осы қасиеттер оның ҽріптестері 
бойынан  тұтастай  табыла  қоймайтын.  Суретшіні  қашанда  жоғары  деңгейдегі    кҽсіпқойлық,  ҿзіне 
деген  орасан  талап  қойғыштық  жҽне  дегеніне  жетпей  қоймайтын  ілгері  ұмтылушылық 
ерекшелендіріп тұрған.  
Дҽуірдің құлақ тұндырған қилы жаңғырықтары арасынан Қастеев ҿнерінің қоңыраулы күмбірі 
естілуі  қажет  еді  жҽне  ол  естілді  де.  Суретшінің  ҿзі  уақытпен  тұтастықта  бола  жүріп,  дҽуір 
сұраныстарын  лайықты  қанағаттандыра  білді.  Уақыт  үшін,  ҿнер  үшін,  туған  халқы  үшін  ҿзінің 
қажеттігін терең сезінді. Бұл оны ерекше қарқынмен жұмыс істеуіне жауапкершілік жүгін батпандап 
кҿтеруге итермеледі. Суретші ҿзінің шығармашылық ғұмырында негізінен бояу техникасымен, атап 
айтқанда  акварельмен  жҽне  майлы  бояумен  жұмыстарын  атқарды.  Қастеев  қыл  қаламынан  туған 
мыңдаған  картина  акварель  суреттер  туған  республикамыздың  бейнелеу  ҿнеріндегі  жылнамасы 
іспеттес. Ҿнер иесі шығармалары қаймағы бұзылмаған қазақи болмысқа құрылған. Таланттарға кенде 
болып  кҿрмеген  ұлы  даланың  дара  дарындарының  бірінен  саналатын  Қастеев  қолынан  шықан 
қайталанбас  туындылар  ұлттық  бейнелеу  ҿнеріміздің  байлығы  мен  беделі  болып  табылады.  Замана 
кҿшіне  кҿз  сала  отырып,  суретшімен  арамыз  тым  алшақтап  үлгермей-ақ,  аз  уақыт  ішінде  кҿптеген 
ілгерлеушілікті  бастан  кешірудеміз.  Қалың  қауым  нарықтың  талап  мүдделерін  алғашқыда 
тосырқағанымен  бүгінде  етене  игерген.  Соның  нҽтижесінде  тұрмыс  жақсарып,  халықтың 
материалдық жағдайы түзелгенмен рухани ақаулық күн асқан сайын белең алуда. Бұған біреулер қым 
қуат  заманды  кінҽлҽса,  екіншілері  ортаны,  мектеп  пен  отбасын  жазғырады,  үшіншілері  –  кеңестік 
кезеңдегі  тҽрбие  ошақтарының,  ҽрқилы  ұйымдардың  күйрегенін  алға  тартса,  келесілері  заманына 
адамы сай болу керек деген пікір түйеді.  
Ҿнер  тіршілік  тауқыметінен  жоғары  тұр.  Қоғамды  рухани  ашаршылықтың  дендеуіне  жол 
берілмеуі керек.  
Ҿнер шығармаларын ғылыми деңгейде саралап, жҽй адамның ұғымына лайықсыз етіп кҿрсетіп, 
жұртты үркітетін ҿнер танушылар жҿнінде психолог Рудольф Арнхейм былай дейді:    «Искусство – 
самая конкретная вещь в мире, и никакого оправдания нельзя подыскать для тех, кто затуманивает 
умы людей, стремящихся узнать в нем как можно больше» [1, 22 б.] 
Яғни, жұртшылықта ҿнер тек арнайы адамдар үшін деген ұғым қалыптаспауы керек.  
Кҿркем мҽдениеттің қалыптасуына жол ашатын басты саланың бірі ҿнер алыптары қалдырған 
мҽдени мұраларды танып білу. Қастеев шығармалары барынша халықтық сипатта болғандықтан ол  

 
 

 
ҽркімге етене жақын. Қандай халықтың да тҽрбие негізінде адамға деген сенім мен құрмет, мейірім 
мен  шапағат  сыйластық  пен  түсіністік  жатады  десек,  суретші  шығармалары  да  осыны  уағыздайды. 
Оны  кҿру  қиын  емес.  Жастар  тҽрбиесімен  айналысатын  ұстаздар  ҿз  ұстанымын  осы  мақсатпен 
ұштастырса қоғам іргетасының мығым болары сҿзсіз.  
Бүгінге  Республикамызда  12  жылдық  білім  беруге  кҿшудің  мерзімі  2015  жылдан  басталуы 
белгіленіп отыр. Осы мерзім ішінде отандық білім берудің жаңа жүйесіне кҿшуге байланысты барлық 
ҽзірлік жұмыстары ҿз мҽресіне жетуі тиіс. Жалпы тұрғыдан алғанда, білім берудің қалыптасқан үш 
деңгейі бар: жалпы стандарт, кҽсіби білім, рухани білім. Кез келген бағдарламада, оның ішінде бізде 
де бірінші, екінші деңгейлерге басымдылық берілді. Нарықты экономика жағдайында бұл  дұрыс та 
шығар. Дегенмен, адам бойындағы құндылықтарды тұрақтандыратын рухани бағытқа ҿз дҽрежесінде 
назар аудармай болмайды. Бүгінгі таңда ұлттық сананың ҿсу кезеңінде  – адамның рухани дүниесін 
байыту кҿкейкесті мҽселе болып табылады. Руханият кемшін тартса ҿмір қатаңдануы алға шығады. 
Ҿзі  ҿмір  сүрген  ортаға  деген  салғырттық  пен  мейрімсіздік  жастардың  рухани  жұтаңдыққа 
ұшырауынан. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесінен ҿз шешімін табуы керек.  
Қалай  дегенмен  де  тҽрбие  арнасының  ҿз  бағытын  кҿмескілендіріп  алғаны,  ҽсіресе  оның 
тұпнұсқасын ҿз ұлтымыздан іздеу кемшін тартқаны шындық. Бүгінгі жастарымыз үшін ұлыларымыз 
бен  ұлы  тұлғаларымыз  кҿмескі  елестей  сағымдана  кҿрінетін  болады.  Сондықтан  да  ҿскелең  ұрпақ 
санасына сілкініс тудырып, олардың назарын ұлттық құндылықтарымызғы аударғанымыз мақұл. 
Рабиндрандт Тагордың: «Ҽрбір халық ҿзіндік ұлттық қасиетін бүкіл ҽлемге таныта білуі керек. 
Егер  ол  ұлттың  ҿркениетке  қосар  үлесі  болмаса,  онда  жер  бетінен  оның  жойылу  қасіретінің 
басталғаны. Жҽне де адамзат тарихының дамуында бұл кешірілмес нҽрсе»,  [2, 27 б.] деуі шындық. 
Түркі  ҽлемі  ҿзінің  байырғы  мҽдениетімен  адамзаттық  құндылықтарды  байыта  түскен.  Солардың 
қатарында  қазақ  халқы  да  тағылымды  тарих  қалыптастырып,  мҽдениет  саласында  салтанатты  кҿш 
түзеген. Қастеев сынды дарқан дарындар ҿз заманы тарапынан сол кешке сҽн қоса білді.  
Жалпы алғанда, қандай кҿркем туынды болсын адамды халықының рухын түсінуге, қадірлеуге 
тҽрбиелеуі керек. Қастеев шығармаларын біз осындай жүк кҿтеріп тұр деп айта аламыз. «Елім жайлы 
таңғалдырып  жер  жүзін,  бір  дұрыстап  айта  алмадым  не  керек?»  деп  Расул  Гамзатов  айтқандай,  ҿз 
халқының  атын  шығарып,  ҽлемді  таңқалдыру  кімдерге  арман  болмаған.  Зҽулім  үйлер  тұрғызумен 
ешкімді  таңғалдыра  алмаймыз,  ҿзгелерді  таңқалдырсақ  ғасырлар  қойнауындағы  тамырымызбен 
таңқалдырамыз. 
Бүгінде  «Европадан  қашу»  үрдісі  белең  алып,  ҽр  халық  тҿл  тарихын,  тҿл  мҽдениетін  танып-
білуге  бет  түзеуде.  Алайда  осының  қазаққа  жұғыстылығы  жартымсыз  болып  тұр.  Біз  бұл 
кемшілігімізден  арылу  үшін  бір  ғана  Қастеев  ҿнегесіне  жүгініп  кҿрейікші.  Оның  қалдырған  бай 
мұрасымен егжей-тегжейлі танысқан адамның кҿз алдына ҿзге емес ең алдымен қазақ, оның тыныс-
тіршілігі келер еді. Ҿнері мен ҿмірі ҿзара астасып кеткен суретші ҽлеміне бірден бойлап кету мүмкін 
бола  қоймайды.  Былай  қарағанда  суретші  бейенелеген  кҿріністер  таза  реалистік  тұрғыдан 
ыждаһаттылықпен орындалған. Дегенмен олар фотографиялық кҿріністен мүлдем аулақ, кҿрушіні бір 
шалқар шаттыққа бҿлейді. Мҽселе суретші жүрегінің ақындығында болса керек. Оның ҿмір жолына 
кҿз  жүгіртсек  суретші  1904  жылдың  1  қаңтарында  Талдықорған  облысының  Жаркент  ауданындағы 
Шежін  ауылында  дүниеге  келген.  Жас  шағында  байларға  жалданып  мал  бақса,  Кеңес  ҿкіметінің 
орнауымен  қара  жұмыстар  атқарған.  Сол  дҽуірдің  ұлы  құрылысы  Түркісіб  теміржолын  салысуға 
қатысқан.  Сонау  малшы  бала  шағынан  белгі  берген  суретшілік  бейім  дарынға  ұласып  жанын  жай 
таптырмағандықтан 1929 ж. 25 жастағы Түркісіб жұмысшысы Ҽ.Қастеев Алматыға оқуға келеді. Ол 
осындағы Н.Г.Хлудовтың кҿркемсурет студиясына қабылданады. Ҿнер туындылары санатына енген 
сурет  салудағы  алғашқы  аяқ  алыстары  1927  жылдан  белгілі.  Ҿзі  тікелей  куҽгер  болған  құрылыс 
оқиғалары  Қастеев  творчествосының  бҿлінбес  бір  тармағына  айналған  еді.  Осымен  бірмезгілде 
Қазақстан  Республикасы  кҿлемінде  мҽдени  тҿңкеріс  буырқана  ҿмірге  араласып  жатқан.  Қазақ 
халқының ұлттық мҽдениетінің барлық тармағы кеңестік сипат алып, жаңа заман қазанында қайнап, 
тамырларын  тереңдете  бастады.  Қазан  тҿңкерісі  бастап  берген  жаңа  ҿмір  сипатын  марапаттауға 
ҿнердің талантты ҿкілдері тез бейімделіп, қызу творчестволық жұмысқа кірісіп кетті.  
Қоғамдық-ҽлеуметтік  қайшылықтарға  тікелей  тҽуелді  ойлау  ҿрісінің  ұлы  ҿзгерістерімен 
орайлас, уақыт ҿткен сайын қоршаған орта шындығын суреттеу тҽжірибелері тамыр жайды.  
Қазақ  бейнелеу  ҿнерінің  ҿкілі  ретінде  Ҽ.Қастеев  үш  мҽселеге  баса  назар  аударды:  ең  ҽуелі 
бейнелеу ҿнерінің іргетасы ұлттық дҽстүр болып белгіленді, екіншіден халқымыздың ұлы перзенттері  
 

 
 

 
портреттерін  кескіндеп,  бұл  жанрдың  ҿрістеуіне  жол  ашты,  үшіншіден  ҿнердегі  ізбасарлыққа 
айрықша мҽн беріп, шҽкірт тҽрбиесіне ҿз үлесін қосты.  
«Киіз үйдің ішкі кҿрінісі» суретшінің алғашқы туындыларының бірінен саналады. Картинаның 
композициялық  шешімі  сол  тұстағы  кҿшпелі  елдің  ұғым-түсінігіне,  рухани  ҽлеміне  негізделген. 
Сондай-ақ  «Кҿк  камзолды  қыз»,  «Қос  құрбы»,  «Қыз  ұзату»,  «Келін  түсіру»  атты  шығармаларына 
қазақ  халқының  ұлттық  дҽстүрі  арқау  болған.  Бұл  ретте  суретші  назарынан  тыс  қалған  ұлттық 
элементтер жоққа тҽн. Мысалы, кҿк камзолды қыздың ҿзіне ғана жарасымды желбірше салынған ақ 
кҿйлегі  мен  күмбезделіп келген  бҿркі  оның жастық  ажарын  аша  түскен.  «Қос  құрбы»  шығармасын 
алсақ ақ кҿйлекті, етек-жеңі ҿрнектелген жасыл  шапанды қыздың басындағы сҽукеле ҿз сҽулетімен 
назар аудартады. Қызыл шапанды қыздың беліндегі күміс белдіктің, басындағы үкі таққан бҿріктің, 
мойнындағы  маржан  моншақтың,  құлағындағы  салпыншақ  сырғаның  бір-бірімен  үйлесіп  сұлу 
кҿрініске  ұласқанын  суретші  қапысыз  бейнелеп,  туған  халқының  эстетикалық  талғамына  сүйсініс 
білдіреді.  Алайда  суретші  не  кҿрсе  соның  бҽрін  жазықтық  бетіне  кҿшіре  берген  десек  қателескен 
болар едік. Қастеев талғамы ешқашан оған жол берген емес, ҿнер қағидасы талаптарын ҽу бастан-ақ 
берік  ұстанғандығының  айғағы  ретінде  оның  шығармаларынан  негізгі  ойға  кесе  кҿлденең  тұрған 
артық-астам  ештеңені  ұштастыру  мүмкін  емес.  Қашанда  етек-жеңі  жинақы  композициялық 
құрылымдар – кҿрермен кҿз қуанышы. 
«Адам ҿзі тапқан ҿнерлерін күнде тексерсе, күнде ҿседі. Кҿп заман тексермесең, тауып алған 
ҿнеріңнің  жоғалғандығын  жҽне  ҿзіңнің  ол  мезгілдегіден  бір  басқа  адам  болып  кеткеніңді  білмей 
қаласың. Жоғалған ҿнер «мен жоғалдым» деп, хабар беріп жоғалмайды. Енді қусаң, бағанағы ҽуелгі 
табуыңнан  қиынырақ  тиеді»  [3,  17  б.]  –  деген  ұлы  Абай  қағидасы  суретші  санасында  мықтап 
орныққан. Табиғатынан еңбекқор суретші ҿзіне берілген уақыттың барлығын ҿнерге бағыштады.  
Қастеев қолынан шыққан дүниелердің кҿп жағдайда этнографиялық жүк кҿтеріп тұратыны да 
белгілі  жайт.  Оның  суреттерінде  бүгінде  жҽдігерлік  сипатқа  ие  болған  ертеден  келе  жатқан 
қолҿнеріміздің  кейбір  түрлері  ҿз  сипатын  тапқан.  Мысалы  ағаш  тҿсек,  астау,  тостаған,  тұскиіз, 
шымылдық,  кебеже,  сандық,  аяққап,  текемет  т.б.  ҿмірдегідей  шындық  тұрғыдан  шынайы 
бейнеленген.  Бүгінгі  жас  ұрпақ  үшін,  бұл  заттар  беймҽлім  екендігі  белгілі.  Сондықтан  да  суретші 
бейнелеген  ұлттық  нақыштағы  аталмыш  заттар  танымдық  та  роль  атқарады.  Бейнелеу  ҿнері 
дҽрістерінде бұл ерекшеліктерге баса назар аударған жҿн деп білеміз. Қазіргі кезеңдегі кең тараған 
табиғат тану ҿнерін жалпы ҿнер ерекшелігінен, кҿркемҿнердің ҿзіндік тҿл қасиетінен бҿліп қарауға 
болмайды.  
Суретшінің  алғашқы  суреттеріне  анайылық  тҽн  болғанымен,  тау  суындай  тазалығымен 
жаратылыс  туындысындай  ҽсер  етері  сҿзсіз.  Ҿнер  тарихын  саралап  қарасақ  арнайы  кҽсіби  білім 
алмай-ақ  ұлы  суретші  атанғандар  қатары  біршама.  Табиғат  сыйы-тума  таланттылық  ҿзін 
мойындатпай қоймаған. «60-шы жылдар ішінде республикаға Мҽскеуден оқу бітірген жастар келді, - 
деп жазады Қазақстанның халық суретшісі Ҽубҽкір Ысмайылов, - Жасырары жоқ, сол кезде бұл буын 
бейнелеу  ҿнерінде  бұрыннан  еңбектеніп  келе  жатқан  суретшілерді  арнайы  жоғары  білімі  жоқ, 
ҽуесқой  суретшілер  дегенді  баса  айтып,  үлкен  буынды,  соның  ішінде  Ҽбекеңді  де  ренжіткен 
жағдайлары болды. Біздің буынды, қазақ бейнелеу ҿнерінің қарылғаштарын шеттетуі – оқып келген, 
ҿздерін кҽсіби суретшіміз деп санайтын кейінгі буынның қателігі еді». [Ҽ.Ысмайылов. Тума талант. 
«Қазақ ҽдебиеті», №2. 1994»] 
30 жылдар ортасынан былай суретшінің тақырып ауқымы кеңіп, кҿпқырлана түседі. Ол тарихи, 
тұрмыстық,  революцияға  дейінгі,  қазіргі  кездегі  тақырыптарға  шығармалар  жасайды.  Айналада 
болып жатқан ҿмір құбылыстарының қандайынан болсын поэзияны кҿре білу, оны ақындық кҿзқарас 
тұрғысынан жырлау Ҽ.Қастеев табиғатына тҽн ерекшелік болатын. 
Суретшінің бірқатар жылдары Адамзат соғысының батыры  Амангелді Имановқа арналды. Бұл 
тұрғыдағы оның үлкен жетістігі батырдың портреттік бейнесін халқымен қауыштыруы еді. Суретші 
Амангелді  еліне  барып,  батыр  сарбаздарымен  жолығып,  ҽңгімелесіп,  үш  ай  бойы  эскиздер  жасады. 
Батырдың екі түрлі портретін жазған суретші, бұл жолы да кҿп еңбектеніп, бүгінде халыққа кеңінен 
танымал суретін салып шықты. Осы еңбегінен соң Ҽ.Қастеев беделі кҿтеріле түседі.  
Амангелді  портретінің  тҽрбиелік  мҽні  де  зор.  Халық  басына  туған  зобалаңды  ысыру  үшін  ҿз 
басын  құрбан  еткен  батыр  тұлғасы  жастарды  патриоттыққа  үндейді.  Портретте  ол  батыр  ғана  емес 
салиқалы сабыр иесі болып бейнеленген. Амангелді жанары бір сҽтке алысқа бағытталып, санасында 
ойлар легі лықсуда. Мұндай адамға мыңдардың ілесетініне күдік келтірмейсің.  
 

 
 
10 
 
Қастеев  шығармашылығыңның  қомақты  бір  жетістіктері  –  табиғатты  бейнелеу  шеберлігімен 
байланысты.  Алғашқы  «Кҿктем»  мен  ҿмірінің  соңғы  күндерінде  жазған  «Жоңғар  Алатауының 
кҿрінісіне»  дейін  суретші  ҿзін  табиғат  тамыршысындай  кҿрсетті.  Қаламы  қарымды  суретші  біздің 
Жамбыл  облысында  да  болып.  Жуалы,  Талас  ҿңірлерінде  суреттер  салған  екен.  Соның  бірі  1970 
жылы жазған «Таластың ең даласы» картинасының кеңестік ауқымы сурет шеңберінен шығып аспан 
ҽлемімен шектескен жазықтық кеңестігімен астасып ұлғая түседі. Бір қарағанда, қас-қағым сҽтте бар 
дүние мҽңгілік қозғалыста тұратындығы; табиғат  аясында жан-жануарлардың тіршілік етуі, кҿрінер-
кҿрінбес  шаңы  кҿтеріліп  бара  жатқан  машинаның  қозғалысы  адамдар  бейнесімен  байланысып 
түйінделетін  сияқты.  Бұл  Ҽ.Қастеев  шығармашылығындағы  кҽсіби  ерекшелік  тек  соған  тҽн 
жетістіктің бірі, ол табиғат кҿріністеріндегі кеңістікті бейнелеудің ұтымдылығы.  
Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  профессор  Б.Е.Ҿмірбеков  суретшінің  «Таластың  ең 
даласы»  атты  шығармасына  тоқталғанда:  «Бұл  шығарманың  ҽуел  бастағы  белгіленген  аумағы 
таңқалдырады. Ирелеңдей аққан Талас ҿзенінің о басы мен бұ басын бірден кҿру үшін кемінде екі-үш 
адамның «кҿзін қатар қойып» қарау керек шығар. Ал егер осы ҿңірді фотоға түсіреңсіз ортасы дҿңес, 
екі жағы қияр формасындағы сурет болады. Ҿйткені жай объектив линзасы мұндай кеңістікті қамти 
алмайды,  сондықтан  бұған  арнайы  объектив  керек.  Суретші  болса  ұзындығына  ені  бес  есеге  жуық 
ұзыннан  ұзақ  панораманы  композициялық  құрылымы  жағынан  да  мүлтіксіз  орындап  кҿрерменін 
шексіз  ризашылыққа  бҿлеген».  Сҿйтіп,  Талас  ҿңірінің  келбеті  арқылы  Қастеев  бүкіл  қазақ  жерінің 
кеңдігін,  пейіл-берекесін,  ҿмір  тіршілігін  жырлап  кеткен  сияқты»  [Б.Ҿмірбеков.  Ізашар.  «Егемен 
Қазақстан», №236] деп Қастеевтің кҿкірекпен кҿрген сезім жырын автор қара сҿздің құдіретімен жыр 
ғып тҿгеді.  
Суретші шығармалары бізге ҿз еліңді, ҿз жеріңді сүлесоқ, болымсыз емес, жан-тҽніңмен сүюді 
үйретті.  Ол  дархандықты  даладан,  кеңдікті  кеңістіктен,  тектілікті  таудан,  адалдықты  ата-анадан 
үйренді. Қастеев үшін бұдан асқан қасиетті кітап, ҿмір оқулығы жоқ еді. Сондықтан да болар, оның 
салған суреттері ҿнер сүйер қауымның жүрегінің тҿрінен орын алып, данадай тебіреніп ой толғайды. 
Халқымыздың  ҿнерін  шырқау  биікке  кҿтеріп  кеткен  тума  талант  иесі  Ҽбілхан  Қастеевтің 
шығармалары қазақ деген халық барда ұлт мүддесі үшін қызмет ете бермек.  
«Ҽр ұлттың ҿзіне тҽн мінез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа кҿшкен сайын ҿзгеріп отырады. 
Мысалы  ХҮІІІ-ХІХ  ғ.ғ.  қазақтар  мен  бүгінгі  қазақтардың  мінез-құлқы  бірдей  емес.  Тіпті, 
қазақстандық  жергілікті  қазақтар  мен  Иран,  Түркия,  Монғолия  қазақтарының  мінез-құлықындағы 
айырмашылық  бірден  сезіледі.  Ол  -  этностың  үнемі  ҽлеуметтік  дамуда  болмысымыздың,  этностық 
топтардың жергілікті халықтың психологиясы мен кҽсіби ерекшелігіне бейімделуінің айғағы» [4, 22 
б.] 
Бұдан шығатын қорытынды суретші шығармашылығына деген кҿзқарастың да уақыт ауысуына 
байланысты ҿзгеріске түсіп отыратындығы. Яғни ҽр заманның ҿз Қастееві болмақ, ҽр ҿнер сүюшінің 
ҿз  Қастееві  болмақ.  Ерекше  дарын  иесінің  жүрегінен  шыққан  дүниелерге  ҿзгелердің  де  жүрегінен 
орын ҽрқашан табылады.  
 
Аннотация. В статье затрагиваются вопросы формирования художественной культуры студентов на 
основе творческой деятельности народного художника Казахстана Абильхана Кастеева. 
Annotation.  The  scientific  report  will  address  creation  of  artistic  culture  of  the  students  on  the  basis  of 
creative activity, National Artist of Kazakhstan Abilhana Kasteeva. 
_____________________ 
1.
 
Р.Арнхейм. Искусство и визуальное восприятие. Издательство «Прогрес». Москва, 1994  
2.
 
Ғұламалар ғибраттары (құраст. Б.Тҽжібаев). Алматы, «Қайнар» баспасы. 1994. 
3.
 
Қ.Ҿмірҽлиев. Абай афоризмдері. Алматы, «Қазақстан», 1993. 
4.
 
С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова. Этнопедагогика. «Фолиант» баспасы, Астана – 2007.   
 
 

 
 
11 
 
С.Қ. Бердібаева 
 
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ 
КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ 
 
ӘОЖ-159.922.4 (574) 
 
Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа экономика ғана емес, ҽрі басқа 
идеология, басқа құндылықтар, басқаша  айтсақ,  «ҽлеуметтік мінездер», яғни басқа мҽдениет. Оның 
негізгі  сипаты  мынада,  ол  индивидуализм  мен  бҽсекелеуші  сипатқа  ие,  сондықтанда  білімдер  мен 
еңбек сферасында осы құндылықтарға сҽйкес бағыттылық болады. 
Психология  ғылымы  үшін  ең  маңыздысы  нарық  жағдайындағы  тұлға  психологиясы  жайлы 
білімдер.  Шынында  да  нарықтық  мҽдениетке  ҿту  кейбір  адамдар  үшін  нағыз  «мҽдени  шок», 
психологиялық  дезадаптация  болды,  қоғамда  ҿтіп  жатқан  процестердің  мҽнін  түсінбеу,  оларды 
болжай алмау немесе болжағысы келмеу, оларды ҿзінің жеке бастық жоспарларымен арақатыстыруға 
тілектің  болмауы  нҽтижесінде  нарық  реформасына  ««ілесіп  кету»  жҽне  «ілесе  алмай  қалудың» 
арасында ҿтетін қарым-қатынаста ҿзара түсінісудің мҽселелері туындайды. 
Жаңа ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістерге психологиялық адаптациялануда  кҿптеген ҿзіндік 
ерешеліктері  болады.  Жаңа  замандағы  ҽлеуметтік-психологиялық    білімдер  аса  қажет  болып 
саналады.  Қазіргі  нарыққа  бағдарланған  заманда  ҿмір  сүріп  отырған  кез-келген  адамға  ҽлеуметтік 
психологиялық адаптациялану мҽселесі орын алады.  
Психология басқа ғылыми жүйелерге қарағанда қоғамдағы ҿзгерістерге тез екпін жасайды, ҽрі 
соның механизмдерін кҿрсетеді. Ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар білім-
ғылым сферасында да ҿз ерекшеліктерін соларға сҽйкес адаптациялап, ҿз құрылымдарын жасайды.  
Білімдер  кеңістігінде  арнайы  курс  ретінде  «экономикалық  психология»,  «инвестиция 
психологиясы»,  «жаңа  ҽлеуметтік  психологиялық  адаптациялар»,  «нарық  психологиясы»,  «дизайн 
психологиясы»,  «итерьер  психологиясы»,  «экопсихология»,  «тұлғаның  ҿзін  тарату  психологиясы», 
«кризис  жағдайына  психологиялық  кҿмек»,  «тұтынушылар  психологиясы»,  «стресс  жағдайындағы 
мінез-құлық», «мҽдени аралық менеджмент», «бизнесті психологиялық алып жүру», «кҽсіби карьера 
психологиясы»,  «персоналдың  мотивациясы  психологиясы»,  «кҽсіби  адаптация  психологиясы», 
«саяси  мінез-құлық  психологиясы»,  «саяси  коммуникациялар  психологиясы»,  «саяси  маркетинг 
психологиясы»,  «деструктивті  мінез-құлық  психологиясы»,  «мінез  құлықтық    бұзылудағы  арт 
терапия»,  «қарт  адамдарға  психологиялық  жҽрдем  беру»,  «діни  этностық  конфликтілер  жҽне 
миграциялық  процестер  психологиясы»,  «терроризм  мен  агрессия  психологиясы»,  міне  осы  тізімді 
шексіз жалғастыра беруге болады.  
Қай  саланы  алсақта  психология  ғылымының  зерттеу  инструментариясы  барлық  жерге  ҿз 
қажеттілігін  кҿрсетеді  жҽне  ҿз  мүмкіндіктерін  ұсынады,  механизмдерін  кҿрсетеді,  оларды  шешеді. 
Психологиялық білімдер кеңістігінің бір міндеті нарық заманы жағдайында тұлғаның психологиясы 
жайлы ақпараттық технологиялар жүйесін белгілей отырып, соны жасау, іске асыру.  
Қазіргі таңда психологиялық білімдер жүйесінде бір-бірін толықтыратын негізгі үш бағыт орын 
алып отыр:  
1.Психология білім берудің ҽлеуметтік практикасы ретінде. 
2.Психология вариативті білім беруді конструкциялаушы методология ретінде.  
3.Психология қоғамды консолидациялау идеологиясы ретінде туындаған мҽселелер.  
Бұл  күндері  білім  берудегі  практикалық  психология    қоғам  мен  мемлекеттегі  психологиялық 
мамандықтың ҽлеуметтік статусын ҿзгертті. Сондықтан да елімізде «қоғамда толерантты санаға деген 
ҽлеуметтік  ішкі  ыңғайлануды  қалыптастыру  жҽне  экстремизммен  профилактика»  негізінде  қолға 
алынатын  үкіметтік  бағдарлама    жасай  отырып,  толеранттылықтың  парадигмасын  жҽне  ҽлеуметтік 
сенімді осы программада тарату қажеттігін негіздеу керек. 
Осыдан  19  жыл    бұрын  негізін  салған  Ресейдегі  білім  берудегі  практикалық  психологияны 
ұйымдастыру  жобасы  біздің  елге  де  ҿз  саласын  кіргізе  бастады.  Бұл    салада  Ресейде  1988  жылы 
құрылған  ССРО  Мемлекеттік  білім  беру  саласының  бас  психологы  деген  қызмет  те  бар.  Білімдер 
саласындағы  практикалық  психологияның  негізгі  міндеті  елімізде  вариативті  білім  беру  жүйесін 
жобалап, оны ендіру болып табылады.  
 

 
 
12 
 
Ғылымның  дамуына  да  басты  рҿлді  қолданбалы  психология  алатыны  бекіп  отыр.  Осында 
керемет ойды қазіргі таңда уақыт қажетсініп отырған жағдайды Л.С. Выготский айтқан ойлар бекіте 
түседі:  «...мұнда  психология  (психотехника,  психиатрия,  балалар  психологиясы,  криминалды 
психология  арқылы)  бірінші  рет  -  ҿндірістік,  тҽрбие,  саяси,  ҽскери  сияқты  жоғары 
ұйымдастырылыған  практикамен  қағтығысып  отыр.  Осы  жағдай  психологияны  ҿз  принциптерін 
ҿзгертуді, қайта қарауды талап етеді.» [1]. 
Соңғы  15  жылда  психологияның  қоғамдағы    ҽлеуметтік  статусын  кҿтерді.  Практикалық 
психологияның қалыптасуында кҿп нҽрсе ҿзгерді, еліміз ҿзгерді, қоғамда ҿзгерді, білім беру жүйесі 
де ҿзгерді. 
Білім  саласындағы  практикалық  психологияны  дамыту  кҿптеген  құндылықтардың  мҽнін 
ашады.  Біріншіден,  психологияның  білім  берудің  ҽлеуметтік  практикасы  ретінде  туындауы  мына 
жағдайларды талап етеді, білімдер жүйесінде практикалық психологияны дамыту жайлы таспырысты 
қалыптатсыру,  ҽсіресе  білім  жүйесін  басқару  саласында,  соны  басқаратындардың  санасын  дамыту 
мҽселесі,  мұғалімнің  психологиялық  мҽдениетінің  негізін  қалау,  сонымен  қатар,  білім  салсындағы 
практикалық психологияны  жаңа интегралды тҽуелсіз психология саласына айналдыру, ал практик 
психолог мамандығын жаңа тҽуелсіз мамандық ретінде бекіту. 
Екіншіден,    білім  берудің    бихевиористік  сипатынан    вариативті  дамытушы  мотивациялы- 
мағыналық  білім  беруге  ҿтуге  білім  сферасын    жаңа  арнаға  бұрды.  Ең  негізгісі  практикалық 
психология    білім  беру  саласын  индивидуалдылықты  социализациялау  институтына  айналдырды, 
білімдер саласын  адамды    индивидуалды  даму  траекториясын  іздейтін  ҽлеуметтік  институт  ретінде 
қалыптастуына  жол салды.  
Білімдердің  вариативтілігі  білімдер  саласындағы  регресс  пен  прогресстің  қағаздағы  тербелісі 
ретінде құрылуда жҽне біз оның ҿлшемі ретінде білім беруде оның модернизациясын жасай алдық па, 
ҽлде  онымен  тек  ойнап  жүрміз  бе,  білімдердегі  тұлғалық  сипаттың  жоғалуы  неден  (  «адамдарсыз 
білім беру») деген сұрақтарды қамтиды, соның шешімін табуға тырысады. 
 Үшіншіден,  практикалық  психология  қоғам  консолидациясының  идеологиясына  айналып 
отыр, алайда бұл жағдай ҿте мардымсыз дамуда. Ресейде ол жақсы жолға қойылған, мҽселен, оларда 
«Ресей  қоғамында  экстремизм  профилактикасы  мен  толерантты  санаға  деген  ішкі  ыңғайлануды 
қалыптастыру» гуманистік федералды бағдарламасы қабылданып, ҿз нҽтижесін беруде. Осы бағытта 
практикалық  психология    еркін  адам  бейнесін  жасайды,  негізгі  ережесі  «ҽртүрліміз,  бірақ  теңбіз», 
«басқаларға  басқалай  болуға  мүмкіндік  бер»,  «ғашық  болмасаң  да  толерантты  болуға  міндеттісің» 
деген түсініктер санадағы конфликтіні алмастыруға ұмтылады. 
Практикалық  психология  негізінде  «медициналық-педагогикалық  комиссия  деген  ұйымның 
орнына  «психологиялық-медициналық-педагогикалық  комиссия»,  «психология-педагогикалық 
консультация»,  «жастарды психологиялық қолдау»,  «отбасына психологиялық қолдау беру» сияқты  
атаулар  пайда болды.  
Психология-педагогика ғылымы, психологиялық-педагогикалық дайындық деген сҿз тіркестері 
пайда  болып,  педагогика-психология  деген  мамандықтар  ашылды.  Білім  берудегі  интегралды 
практикалық  психология  психологиялық-педагогикалық  ғылым  ретінде  мемлекеттік  мақсатты 
кешенді  бағдарламаларға  ұласты  (Республикалық  Дарын  орталығы).  Мұндай  бағдарламалар  білім 
берудегі  практикалық  психологияның  элементтері  ретінде  диагностика,  тестілеу,  консультация, 
коррекция,  реабилитациялық  жұмыстар  білім  саласындағы  психологияның  ҽлеуметтік  статусын 
ҿзгертті. 
Практикалық  психология  вариативті  білім  беруді  конструкциялаушы  методология  негізінде 
дидактикалық  технология  ретінде  дамытушы  оқыту  процесінен,  тұлғаның  ҽлеуметтік 
социализациясы  сапасында  дамытушы  білім  беруге  ҿтуді  қамтамасыз  ете    алады.  Бұл  методология 
барлық  білім  берудің  мемлекеттің  стандарттарында  кҿрініс  беруде.  Бұл  бағытта  практикалық 
психология тұлғаның индивидуалды даму мүмкіндіктерін кеңейтеді [2].  
Білімдер  саласында  экстернат,  отбасында  білім  алу,  мемлекеттік  емес  білім  беру  жүйелері 
сияқты    түсініктер  қалыптасты.  Елімізде  тірі  қалу  психологиясы  мен  пайдалы  мҽдениет 
ұғымдарының  орнына,    ҿмір  психологиясы  мен    құрметтілік  мҽдениеті  орын  алды.  Практикалық 
психологияны білімдер саласына ендіру унифицияланған білім беруден вариативті білім беруге ҿтуді, 
«білім», «ептілік», «дағды» атты педагогикалық дрессуралардан  мұғалімдердің мектеп центризмінен 
бала центризміне  бағдарланған санаға, мҽдени-тарихи педагогикаға ҿтуге мүмкіндік береді.  
 

 
 
13 
 
Соның  негізінде  практикалық  психолог  та  профессионал  ретінде  адам  тану  сферасына    кҿңіл 
қойды,  мектеп  бағдарламаларын  баланы  дамытушы  бағдарламаға,  коррекциялық  компенсаторлық 
психологиялық-педагогикалық  бағдарламаға,  ойындар  мен  ойыншықтарды  психологиялық-
педагогикалық  экспертизаға,  яғни  дамытушы  сфераны  жетілдіру  ҽрекетіне  ҿтті.  Ендеше  вариативті 
білім  беруді  конструкциялаушы  методология  ретіндегі  практикалық  психология  ол  тек  тарих  ғана 
емес, Қазақстандағы бүгінгі жҽне ертеңгі білімдер. 
Практикалық  психология  қоғам  консолидациясының  идеологиясы  ретінде  психология 
қоғамның  эволюция  факторына  айналып  отыр,  табиғаттың,  қоғамның,  мемлекеттің  жҽне  тұлғаның 
дамуы  оның  негізгі  механизмін  жасау  психология  ғылымымен  тығыз  байланысты  болады. 
Шындығында  егерде  эволюциялық  дамудың  ҽртүрлі  формасы  ҽлеуметтік  интеракция,  кооперация 
тіршілік етудің универсал нормасы толеранттылық болмаса, онда агрессия  толқыны, шыдамсыздық, 
ксенофобия,  этнофобия,  кавказофобия,  адам  фобиясы  ретіндегі  геноцид  жер  бетіндегі  кез  келген 
жағдайларды жойып  жіберер еді [2].  
Конфликт  парадигмасынан  толеранттылық  парадигмасына  ҿту  бүгінгі  уақыттың  негізгі  бір 
сипаты  болып  табылады.  Соңғы  кезде  Ресейде  жоғары  оқу  орындарында  практикалық  психология 
жҽне  толеранттылық  педагогикасы  деген  курстар  пайда  болуда.  Ҽлеуметтік  сенім  жҽне 
толеранттылық  экономикалық  ҿсудің,  ҽлеуметтік  тұрақтылықтың  жҽне  жеке  бастық  қауіпсіздіктің 
факторы болып табылады. 
Бұл күндері ҽлеуметтік мониторингтердің нҽтижесін қарасақ ҽлеуметтік конфликтілер ҿсіп бара 
жатыр,  жауыздықты  жеңіл  қабылдай  салу  тенденциясы  басым,  ксенофобиялар,  мигантофобиялар 
ҽдеттегі ҽлеуметтік нормаларға айналуда, интернеттер арқылы «жек кҿру сайттарын» жасау, «біздікі-
бҿтендер»  деп  бҿлетін  ішкі  ыңғайланулардың  қалыптасуы  алаңдатады.  Практикалық  психология 
білімдер саласында толеранттылық сананы  қалыптастыруға негіз болады. 
Елімізде  Білімдер  жүйесінде  практикалық  психологияны  ендіру,  оған  мамандар  дайындау 
немесе  мамандарды  қайта  дайындау  жұмыстарын  жасау  кҿптеген  ҽлеуметтік-психологиялық 
мҽселелерді  шешеді.  Мектептегі  оқулықтарда  да  кҿптеген  тарихи,  адамзаттың  агрессиясын  кҿп 
кҿрсететін  материалдар  кездеседі,  практикалық  психология  сферасы  арқылы  сол  оқулықтарға, 
деструктивті 
мінез-құлықты 
қалыптатсыратын 
компьютерлік 
ойындарға 
психологиялық-
педагогикалық экспертиза жасауды кіргізу, ҽртүрлі деңгейде кризисті ситуацияларға психологиялық 
қызмет  ұйымдастыру,  діни,  этностық,  ҽлеуметтік  конфликтілердің  алдын  алу  негізіне  бағытталған 
психологиялық  шараларды  практикалық  психология  негізінде  дамыту  маңызды  жағдайлардың  бірі 
болып табылады. 
Психологияға  байланысты  эксперименталды  аймақ  керек,  олар  білімдер  жүйесіндегі 
психологиялық  қызметті  жетілдіру  үшін  студенттердің  оқытушылардың    проблемасын 
психологиялық зерттеуді  береді, қаржылық қолдау ҽбден қажет болады.  
Психология  кафедралары  психологиялық  консультацияны  қамтамасыз  етуі  керек: 
индивидуалды,  семьялық,  топтық  консультациялар.  Олар  ҽртүрлі  тренингтер,  оқытуды 
психологиялық қолдау, антистресс менеджменті жҽне басқалар. Біздер психолог мамандар білімдер 
жүйесіндегі  психологиялық  қызметтің  жаңа  ҽлемдік  стандарттарды  қабылдаған  практикалық 
аспектілерін ғылыми түрде  Қазақстан жағдайында олар қалай адаптациялану керек жҽне оқытудың 
жаңа  инновациялық  жүйелерімен  сҽтті  байланысту  мҽселелерін  дҽлелдей  аламыз,  ҿкінішке  орай  
инновацияны  ендіруде  психологиялық  экспертиза  жасалмайды,  экономикалық  заң,  тағы  басқа 
экспертизалар бар ғой.  
Яғни    оқыту  процесіне  еніп  жатқан  жаңа  оқыту  технологиясы  нақты  адам  үшін  қаншалықты 
қажеттіліктерімен,  қызығушылықтарымен  сҽйкес  келетіні  зерттеу  жҽне  ҿз  менталитетімізді  ескеру 
керек,  осыларға  психологиялық  кҿмек  беруге  болады.  Жаңа  оқыту  технологиясын  ендіргенде 
(кредиттік,  рейтингті,  модульды)  білім  беру  саласын  психологиялық  қолдау  (психологическое 
сопровождение), тұлға дамуының мониторингі, оқытудың денсаулықты сақтау технологиясын тарату 
шартында жұмыс жасай алу қабілетін дамыту мҽселелері де психологиялық кҿмекті қажет етеді. 
Қазіргі  жаңа  білім  беру  жүйелері  (кредиттік  жүйе,  БҰТ)  адамның  физиологиялық, 
психологиялық ерекшеліктерін ескере ме? Мектеп болсын барлық білімдер саласы ҿзіне қажетті жаңа  
инновациялық  технологияларды  ендіруде.  Білімдер  жүйесінде  психология  мен  физиология 
қаншалықты  қамтылған  оған  бір  жақты  жауап  жоқ.  БҰТ,  кредиттік,  рейтингілі  жүйелер,  модульды 
ықпалдар  жарақаттаушы  (травмирующий)  факторларға  ие,  студентке  психологиялық  із  қалдырады. 
Білім сферасын зерттейтін лабораториялар ҿте кҿп ал психологиялық лабортаориялар мүлдем жоқ.  

 
 
14 
 
Тіпті  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Білімдер  институтында  бұл  лабораторияны  қаржы  мҽселесіне 
байланысты  жауып  тастаған.  Сондықтанда  білім  берудің  психологиялық  аспектілеріне 
эксперименттер ұйымдастырылуы керек.  
Мысалы  психология  бҿлімін  ашып,  онда  кадрлар  потенциалы  толыққанды  білімдерді 
психологиялық  қолдау  (сопровождение)  эксперименттерін  жасау  керек.  Сонда  дҽстүрлі  оқыту  мен 
жаңа оқыту жүйелерінің айырмашылықтарын нақты кҿруге болады. Ресейде мұндай эксперименттер 
мен  зерттеулер  бар  олардың    кҿрсеткіштері  бойынша  инновациялық  технологияларды  қолдану 
студент  үшін  психологиялық  мақсатқа  сҽйкестікті  неғұрлым кҿп бере  алады  екен (  психологически 
боллее целесообразны). Сонымен қатар психология оқу құралдарына, оқу ҽдістемелік комплекстерге 
экспертиза  жасау  құқығы  да  бар.  Соның  негізінде  психологиялық  консультациялар 
ұйымдастырылады. 
Инновациялық технологияларды қалай түсінеміз?  Ян Амос Каменскийдің дҽстүрлі жүйесінде 
(ол  класс  сабақ  немесе  лекция  семинар)  мұғалімнің  рҿлі  алдыға  шығады,  ал  оқушының  рҿлі 
минимизацияланады. Студенттің индивидуалды ерекшеліктерін ескермей оқу жоспарлары жасалады. 
Темперамент типтері ескерілмейді, барлық студенттер бірдей статутс пен жағдай ие болсада кҿптеген 
конфликтілерден  кете  алмаймыз.  Дҽстүрлі  оқыту  субъективтілік  факторы  кҿп  болса  инновациялық 
технологияларда  (кредитік,  модульды  ықпал,  рейтингті,  денсаулықты  сақтау    технологиялар 
здоровьесберегающие  технологии)  бағалаудың  субъективтілігінен  қашады,  индивидуалды  ықпал 
басым болады, студентке таңдау еркіндігі беріледі. 
Білім  берудің  тағы  бір  негізгі  міндет  бҽсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру.  Нарыққа 
бейімделу,  соған  байланысты  ондағы  жеңістер  мен  жеңілістерге  психологиялық  денсаулықты 
қамтамасыз  ету  мҽселесі  тұрады.  Стресс  пен  қорқынышты  азайту,  емтихан  кезіндегі  эмоциялық 
тҽуелсіздік, эмоцияларды жеңу, орталық тестер ҿткізу емтихан сандарын минимизациялау деп жауап 
берседе  ол  «сессиясыз  бақылау»  (бессессионный  контролдь)  болып  табылады.  Елімізде  60-70  
жылдары  инновациялық  технологиялар  болған  жоқ,  дҽстүрлі  бағалау  жүйесі  болды  орташа 
статистика  бойынша  бҽрі  дұрыс  деп  саналды,  білімдер  жағынан  бірінші  орында  тұрдық,  ал    1990 
жылдардан  бастап  құлдырау  белең  алды,  бірінші  орындарды  жоғалттық,  неге  солай  болып  жатыр 
ойландыңыз ба? 
Интеллектуалды статусты бағалау адам үшін стресс болып табылады, ол қозумен байланысты, 
осы  қозу  деңгейі  мен  когнитивті  тапсырмаларды  орындау  нҽтижелілігі  арасындағы  ҿзара  байланыс 
Йеркс  Додсон  заңымен  анықталады,  яғни    адам  қозудың  аз  деңгейінде  жақсы  нҽтижелерді  бере 
алады.  Д.  Хеббтың  заңы  бойынша  қозу  қарапайым  тапсырмаларды  шешуде  ҿте  қолайлы.  Қозудың 
белгілі  бір  дҽрежесі  когнитивті  функцияларды  жақсартады.  Адам  тҿменгі  қозу  күйінде  болса 
тапсырманы  орындауға  шоғырлана  алмайды,  ҿте  жоғары  қозу  күйінде  адамда  жоғары  зейін 
шоғырлануы  ҿтеді («туннельный  эффект»)  ол  проблеманы  ұстап  алу  қабілетін  тҿмендетеді,  мұндай 
жағдайда естен информацияларды шығару қиындайды.  
Ситуативті  жҽне  жеке  бастық  мазасызданулар  бір  бірін  жағымды  корреляциялайды,  емтихан 
кезінде  ситуативті  мазасыздану  ҿседі.  Когнитивті    емтихандық      мазасыздану  студенттерге  тҽн 
болады. Ол жеке бастық  мазасыздануға ұласады. Сондықтанда психологиялық зерттеулер когнитивті 
статусты  бағалаудағы    мазасызданулардың  гендерлік  ерекшеліктерін  зерттейді  (ер  адамдарда 
ҽйелдерге  қарғанда  басқаша  ҿтеді).  Зерттеулер  кҿрсеткендей  тестілеуді  үлкен  табыспен  аз 
күрделілікпен ҽйел адамдар қабылдай алады, ал ер адамдар психологиялық коррекцияны қажет етеді, 
мазасызданудың оптималды деңгейіне жету мақсатымен жасалады. 
Оқу  процесіне    студенттердің  ҿзіндік  жұмыстарының  психологиялық  аспектісі  де  ерекше. 
Студенттерде   СҾЖ деген мотивация болуы керек. Ішкі, сыртқы, процессуалды мотивация болады. 
Нарық дамып отырған уақытта процессуалды мотивацияның рҿлі ерекше, студент ҿз жасап отырған 
тапсырманың қаншалықты пайдалы,  мҽнді екеннін ҿзі ұғынады. Оның жолдары ҿте кҿп. Оқушылар 
тек академиялық білімді ғана емес, жаңашыл ойлауды да игеруі керек. 
Оқыту процесінде оқу кҽсіби ішкі бағдарланулар (установка) мен студенттің жеке тұлғасының 
психологиялық сипаттамасының ҿзара байланыс проблемасы туындайды, яғни субъективті бақылау 
деңгейі  (уровень  субъективного  контроля).  СҾЖ  арқылы  студенттерде    оқу  біліктілігі   қалыптасуы 
керек.  Психологиялық  аспеткіде    оқытушы  мен  студентке  арналған  коммуникативті  дағдылар 
программасын беруге болады:  
1.Сҿздің анықтығы мен дҽлдігі, түсіндіре алу ептілігі;  
2.Сұрақтар қоя білу ептілігі;  

 
 
15 
 
3.Зейінді ҿзіне аударта алу ептілігі  
4.Тиімді кері байланыс  
5.Аудиториямен соның тілінде сҿйлесе алу ептілігі 
6.Аудиториямен жұмыста байқампаздық пен зейіндіілк  
7.Топтық дискуссия  жүргізе алу ептілігі    
8.Инициативаларды басқара алу   
9.Ҽсер ете  алу сендіре алу. 
Практикалық  психология  арқылы  стресс  менеджменті  туралы  мҽлімет  алу,  стресстік 
ситуациялардың алдын алу, оны алдын ала кҿру білуге үйрену, оларға қатысты жоспарлар, стресстік 
жағдайлардың  себептерін  анықтай  алу,  стресстің  себептер,  стрестің  динамикасы,  стрестің  пайдалы 
функциялары, қарым қатынаста стресстік ситуациядан шығу, стреске қарсы психологиялық ҽсер ету 
технологияларына  үйрену,  мазасыздану  күйінен  тез  шыға  алуға  үйрену,  стресті  түсіру  жолдары 
(тыныс  алу  жаттығулары,  релаксация,  позитивті  күйлерді  орнату),  антистресстік  ҿзіндік  регуляция 
мҽселелері шешіледі. 
Практикалық  психологияның  негізгі  бір  келелі  мҽселесі  оқыту  процесіне  кіргізілген 
жаңалықтарға  байланысты    психолог  мамандардың  мастер  класстар  ҿткізуін  қамтамасыз  ету  жҽне 
оларды қаржыландыру. Ғылым, білім жҽне Творчество апталығын студенттер мен оқытушылар үшін 
ұйымдастыру, кҿрмелер, тренингті программалар  ҿткізу, мысалы: кҿпшілік алдында сҿйлеуден неге 
қашамыз,  ішкі  блоктар  мен  ҿзіне  қарсыласуды  (самособатаж)  қалай  алып  тастаймыз,  зейінді  ұстап 
тұру мен ұстап алу техникасы жҽне басқалар. 
Сонымен  қатар  «Инновациялық  басқарудың  ҽлеуметтік  психологиялық  аспектісі»,  «Білімдер 
кеңістігіндегі  инновациялық  ҿзгерістерге  қарсыласу  процестерінің  психологиялық  аспектісі  мен  
ұйымдастырудағы технология мен оларды жеңу» сияқты программалардыда  беруге болады. Барлық 
адамзатқа  ҽйгілі  болып  отырғандай  біздер  үшін  жаңа  заман  ақпараттар  ғасыры  қатты  белең  алуда. 
Қазіргі жаңа қоғам үшін ең беделді болып отырған жағдай ол ақпараттар, білімдер жҽне білім беру 
жүйелері.  Психология  ғылымы  үшін  де  ең  маңызды  мҽселе  практикалық  психологияны  білімдер 
жүйесіне  белсенді  тарату  болып  отыр.  Елімізде  білімдер  жүйесіне  білім  берудің  ұлттық  жүйесін 
ендіру,  практикалық  психология  негізінде  психологиялық  ҽлеуметтік  институттар  құру  қажеттілігі 
уақыт талабымен үндесуде.  
Білім берудің ұлттық жүйесінің бір негізін құрайтын практикалық психологияны үзіліссіз білім 
берудің  бір  сатысы  ретінде  дамыту  келесі  кіші  жүйелерді  қалыптастыруды  талап  етеді:  мектепке 
дейінгі  білім  берудің  ұлттық  жүйесіндегі  практикалық  психология;  мектепте  білім  берудің  ұлттық 
жүйесіндегі практикалық психология; алғашқы кҽсіби білім берудің ұлттық жүйесіндегі практикалық 
психология; орташа кҽсіби білім берудің ұлттық жүйесіндегі практикалық психология; жоғары кҽсіби 
білім  берудің  ұлттық  жүйесіндегі  практикалық  психология;  қосымша  білім  берудің  (жалпы  жҽне 
кҽсіби, дипломнан кейінгі) ұлттық жүйесіндегі практикалық психология. 
Қазіргі  ақпараттық  технологиялар  шекараларды  жойып,  арақашықтарды  жақындатады,  ол 
технологиялар    практикалық  психология  мен  оның  мамандары  үшін  жалпы  кеңістікті  жасауды 
мүмкін  етеді.  Біздің  елімізде  практикалық  психологияның  рҿлін  жоғарылату  үшін  білімдер 
саласының  кҽсіби  психологтарын  біріктіріп,  Қазақстанның  білімдер  саласындағы  психологтарының 
федерациясын құру қажет жҽне бүкіл ҽлемдік мектеп психологтарының ассоциациясына мүше болуға 
(ISPA) жұмыс жасауымыз керек 
Баланың  рухани  дамуы  ол  оның  тұлғасының  ерекше    эмоциялық-ҿнегелік  күйі,  санасы  
абсолютті құндылықтарға (ақиқат, ҽдемілік, мейірімділік) бағдарланады. «Руханилық   субъект ҿзін 
ҿзгертетін,  жүзеге  асыратын,  ақиқатқа  жететін  тҽжірибесі,  практикалық  іс-ҽрекеті»,  -дейді  В.П. 
Зинченко.  А.  Маслоудың  жұмыстарында  психикалық  дамуды  ұйғаратын  даму  жайлы  оның  екі 
құрамдас бҿлігін кҿрсетті, біріншісі адамдардың «ҿздері кім бола алады соның болуына» ұмтылуы,  
ҿзіңнің барлық потенциалыңды ҿзіндік маңыздану арқылы дамыту [3].  
Ҿзіндік  маңызданудың  негізгі  шарты  оның  пікірінше  ол  «адамның  ҿзі  туралы  адал,  шын 
түсінігін іздеп табуы». Ол үшін біздер «импульс даусына» құлақ салу керек, себебі кҿп адамдар ҿзінің 
ішкі  даусына  емес,  ата-анасының  даусына,    мемелкеттік  құрылым  дауысына,  дҽстүрлерге,  жоғарғы 
тұрғандарға,  билікке  құлақ  салады.  Адамның  ҿзі  туралы  шынайы  шын  түсініктері  жеткіліксіз,  ол 
табиғат  бергендерді  де  тарата  білуі  керек,  психологиялық  денсаулықтың  екінші  құрамдас  бҿлігі  ол 
гуманистік құндылықтарға ұмтылу дейді А. Маслоу. Оның пікірінше ҿзіндік маңызданған адамға  
 

 
 
16 
 
мына сапалар тҽн болады, олар басқаларды қабылдау, автономия, спонтандылық, ҽдемілікке сезімтал 
болу, ҽзіл сезімі, альтуризм, адамзатты жақсартуға тілек, творчествоға бейімділік [4]. 
Психологиялық  денсаулық  мҽселесін  тұлғаның  кемелденуімен  байланыстырып  зерттеген  В. 
Франкл  былай  деп  жазады:  «ҽр  уақыттың  ҿзінің  неврозы  болады...  біз  бұл  күндері  Фрейд 
заманындағыдай  сексуалды  қажеттіліктер  емес,  экзистенциалды  қажеттіліктер  фрустрациясымен 
байланыстымыз,  бүгінгі  пациенттер  Адлер  заманындағыдай  терең  ҿзінің  толық  қанды  емес  екенін 
сезінулермен  емес,  біздер  мағынаны  жоғалту  сезімдерімен  байланыстымызға  деп  Эйнштейннен 
мысал  келтіреді,  «ҿмірдің  мағынасын  жоғалтқан  адам  тек  бақытсыз  ғана    емес,  ҽрі  ҿмір  де  сүре 
аламайды»  [5].  В.Франкл    мағынаға  ұмтылуды  Шарлотта  Бюллер  кҿрсеткен  ҿзіндік  анықталумен 
теңестіреді,  ҽрбір  индивид  ҿзінің  ішкі  дүниесіне  сай  мақсат  қоюы  керек,  осы  ҿмірлік  мақсаттар 
психикалық денсаулықты сақтаудың шарты болып табылады [5].  
Практикалық  психолог  топпен  немесе  адаммен  бетпе  бет  кездескенде    кҿптеген  феномендер, 
ҽсерленулер, күйлер пайда болады, басқа мамандыққа ұқсамайтын ерекшелік болады, олар кҿптеген 
қиындықтар  ҽкеледі.  Физиктер  кҿзге  кҿрінбейтін  элементар  бҿлшектерді  приборларда  тіркей  алса, 
психология басқа адамдардың күйін тіркеу приборы ол практик психологтың ҿзі болып табылады. 
Қоғам,  уақыт  ҿзгерген  сайын  психологияның  да  зерттеу  кеңістігі  ҿсуде,  мҽселен,  мынадай 
зерттеу тақырыптары пайда болуда: «Ҿзгерген Қазақстандағы жеткіншектердегі жүктілік пен жас ана 
болу  мҽселесі»,  «Психологиялық  детерминанттар  жҽне  жұмыссыздықтың  эффектілері»,  «Ішкі  істер 
министрлігі  қызметкерлері  арасындағы    наркоалкоголь  тҽуелділікке  бейім  диагностикасы»  жҽне 
басқалар. ХХІ  ғасыр  психологиясы  психолг-мамандардан  мүлдем  жаңа,  баналды  емес  ҽдеттегі 
стереотиптерді  сындыратын  ерекше  біліктілікті,  сақтықты  талап  етеді.  Психология  үшін, 
қайрымдылық  үшін  күрес  дегенді  қолдануда  ҿзінің  кейбір  ерекшеліктері  болады,  практик 
психологтың  ҽрекетіндегі  сҽттілік  немесе  сҽтсіздік  дҽл  сол  уақытта  табыла  қоймайды,  ол  жеке  бір 
салдар формасында барлығы үшін бірдей түсінікті бола бермейтін жағдайда туындайды.Ұлттық білім 
беру  жүйелеріне  практикалық  психологияны  ендіру  уақыт  күттірмес  маңызды  жағдайлар  болып 
табылады.  
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал