А. А. Булатбаева



жүктеу 3.77 Kb.

бет7/19
Дата04.02.2017
өлшемі3.77 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Кіріспе 
Адам  баласының  әрқайсының  өз 
өмір  жолы  болатыны  тәрізді,  кез  кел-
ген  халықтың,  қоғам  мен  мемлекеттің 
өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік 
көшінде  сан  алуан  кейіпте  көрініп  келе 
жатқан  күрделі  үдеріс.  Әр  ұрпақ  өзінің 
бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, 
өз  дәуірінің  шыңырауына  үн  қосып,  өз 
соқпағын іздейді. 
Әлем  тарихында  патриоттық  тәрбие 
және  әскери  патриоттық  туралы  білім 
ғасырларға  тамырымен  терең  кеткен. 
Әлемдегі  өркениеттің  дамуындағы  ерек-
шеліктер  дінмен,  салт-дәстүрлермен, 
әртүрлі 
ýтникалық 
факторлармен 
өлшенген [1].
Тәуелсіз 
Қазақстан 
жағдайында 
біз  патриоттық  тәрбие  беруді  қазақ 
ýтнопедагогикасының  негізінде  қарасты-
руды  тиімді  деп  есептейміз.  Өйткені 
жалпы  тәрбиелеу  үдерісі  тек  қана  ба-
тыс  еуропалық  және  американдық  үл-
гіні  қабылдап  бара  жатқанға  ұқсайды. 
Сондықтан  халықтық  педагогика  негі-
зінде  студенттердің  бойына  патриот-
тық  сезімді  қалыптастыратын  болсақ, 
Қазақстанның  даму  жолында  өзінің  сара 
жолы  болады  деп  есептейміз.  Қазақстан 
әрі  батыс,  әрі  шығыс  елі  ерекше  ортада 
тұрған көп ұлтты мемлекет.
Негізгі бөлім
Біз өз жұмысымызда қазіргі кезеңдегі 
жастардың  әскер  қатарында  көрінуіне 
деген  талпынысының  артуында  ұлттық 
тәрбиенің маңыздылығын көрсетеміз.
Қ.Б.  Жарықбаевтың  докторлық  зерт-
теуінде  қазақ  халқының  педагогикалық 
ой-пікірінің  даму  тарихын  кезең-кезеңге 
бөліп  қарастыра  келе,  «халықтық  педа-
гогика»,  «халықтық  психология»,  «ýт-
нопедагогика»,  «ýтнопсихология»,  тер-                                                                            
миндерінің  айырмашылықтарын  нақ-
тылайды [2].
С.  Қалиев  өзінің  теориялық  көп-
теген  еңбектерінде  қазақ  халық  педа-
гогикасының  ауыз  әдебиетіндегі  көрі-
ністеріне  тоқтала  келе,  оның  озық  үл-
гілерін осы күнгі тәлім-тәрбие барысында 
пайдаланудың жолдарын сөз етеді [3].
Сонымен  қатар  ғалым  қазақ  ýтно-
педагогикасының  ерекшеліктерін  ғы-
лыми  тұрғыда  зерттеп,  анықтауда 
диалектикалық  философияны  басшы-
лыққа алу қажет деп есептейді. Бұл жерде 
ұлт  мәдениеті  мен  ұлттық  тәлім-тәрбие 
тарихын  салт-сана,  әдет-ғұрып  (ýтногра-
фия), фольклористика, ұлттық психология 
мен  ұлттық  философия  ғылымдарымен 
тығыз байланысты қарастырады. 
С.Қалиевтың  зерттеулерінде  Қазақ 
халық  педагогикасындағы  тәрбие  мен 
оқытудың  ғылыми  педагогикалық  не-
гіздері кеңінен ашып көрсетілген.
Ғалымдардың 
еңбектерін 
зерде-
лей  келе  біз  халық  педагогикасындағы 
озық  үлгілерді  студенттерді  патриоттық 
тәрбиелеу  барысында  қолдануды  қа-
растырдық.
К.Ж.  Қожахметова  өзінің  моногра-
фиясында  қазақ  ýтнопедагогикасының 
теориялық-методологиялық, практикалық 
негіздерін жан-жақты қарастырған [4].
Ғалымдардың теориялық ой пікірлерін 
зерттей  келе  мынадай  тұжырымдарын 
қарастыруды жөн көрдік.
Этнопедагогиканы  зерттемей  және 
пайдаланбай  жеке  адамды  толыққанды 
тәрбиелеу  мүмкін  емес.  Қазіргі  кез-
де  қоғам  алға  қойып  отырған  тәрбие 
міндеттерін  шешуде  ýтнопедагогика 
дәстүрлері  мен  тәжірибесін  педагогика 
ғылымының әдістемелік-теориялық қағи-
даларымен  біріктіруді  көкейкесті  мәселе 
ретінде қарастырған.
Сонымен  қатар  халық  педагогика-
сы  негізінде  патриоттық-адамгершілік 
тәрбиелік  проблемасымен  шұғылданып 
жүрген  ғалымдардың  еңбектерін  де 
қарастырамыз. 
С.Т. Иманбаеваның еңбектерінде оқу-
шылардың  ұлттық  жауынгерлік  дәстүрі 
арқылы  ерлікке  баулудың  ғылыми-
теориялық  негіздерін  педагогикалық 
тұрғыда  алғаш  рет  қарастырып,  тарихи 
және  теориялық  мазмұны  айқындалады. 
Ұлттық 
жауынгерлік 
дәстүрлердің 
құндылықтары  жинақталған  ғылыми-

45
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
әдістемелік  кешен  негізінде  білім  мен 
тәрбие  беру  арқылы  оқушының  жеке 
қасиетінің  қалыптасуына  ықпал  ететін 
тәрбиелік жүйе ретінде қарастырады [5].
Халық  педагогикасындағы  жауын-
герлік  дәстүрлерді  кешенді  түрде  зерт-
тей  келе  біз  өз  еңбегімізде  студенттерге 
патриоттық  тәрбие  беруде  қолданамыз. 
Студенттерге патриоттық тәрбие бе-рудің 
тарихи-педагогикалық  көздері  қазақ 
халқы  батырларының  ерлік  істерінің 
тарихи  деректеріне  талдау  жасай  келе, 
қазақ  халқының  басынан  өткен  тарихи 
жағдайларға  байланысты  патриотизмнің 
дамып  қалыптасуының  тарихи  алғы-
шарттарын қарастырамыз.
Ж.Н.  Қалиев  мектеп  оқушыларына 
сыныптан  тыс  жұмыстарда  халық  педа-
гогикасы құндылықтары негізінде патри-
отизмге тәрбиелеу жұмыстарына тарихи-
педагогикалық  тұрғыда  сипаттама  беріп, 
«ұлттық патриотизм» және «қазақстандық 
патриотизмге»    анықтама  берді.  Сынып-
тан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  халық 
педагогикасы  құндылықтары  негізінде 
патриотизм  идеясын  қалыптастырудың 
шарттары  мен  құрылымдық  үлгілерін 
жасап,  оны  іске  асырудың  әдістемелерін 
ұсынады [6].
Жұмысымызда 
студенттерге 
ха-
лықтық  педагогика  негізінде  пат-
риоттық  тәрбие  беру  қарастырылады. 
Ж.Н.  Қалиевтың  жұмысындағы  идеялық 
әдістемелері  негізге  алына  отырып,  пат-
риот-студент тәрбиелеуде ýтнопедагогика 
құндылықтарын пайдаланылады. 
«Мәлік  Ғабдуллин  мұрасындағы 
ýтнопедагогикалық  құндылықтар  ар-
қылы 
отансүйгіштікке 
тәрбиелеу» 
атты  еңбегінде  М.Ж.  Құрманбаева 
«Этнопедагогикалық 
құндылықтар» 
ұғымын  теориялық  тұрғыдан  талдап, 
анықтамасы  нақтыланды.  М.Ғабдуллин 
мұрасының  тәлім-тәрбиелік  идеяларын 
қазіргі  мектептегі  оқу-тәрбие  үдерісінде 
пайдаланудың  мүмкіндіктері  айқын-
далып,  педагогикалық-әдістемелік  ұсы-
ныстар беріледі [7].
Халық  мұрасындағы  ірі  тұлғалардың 
тәрбиелік  мәнді  істерін  оқу-тәрбие 
үдерісінде  және  сабақтан  тыс  іс-шара-
ларда қолдануды қолдаймыз.
Автор  жоғары  оқу  орындарындағы 
студенттерге  патриоттық  тәрбие  берудің 
толып  жатқан  проблемалары  бар  екенін 
көрсете отырып, өз еліне қызымет ететін 
патриот  тұлғасын    дайындау  керек  дей 
келе,  отанымыздың  нағыз  жанашыр  аза-
матын тәрбиелеу мәселесі әлі де зерттеуді 
керек етеді деп ой қорытады.
Халықтық  педагогикадағы  атаме-
кенге  сүйіспеншілікті  дамыта  отырып, 
студенттердің бойында патриоттық сезім-
ді тәрбиелеуді ұсынамыз.
Б.Сүлейменова  «Бастауыш  сынып 
оқушыларын  қазақ  батырлар  жыры 
арқылы 
адамгершілікке 
тәрбиелеу» 
атты  еңбегінде  бастауыш  сынып  оқу-
шыларынның  адамгершілік  тәрбиенің 
педагогикалық мәні мен мазмұны бүгінгі 
көзқарас  бағытында  анықтайды.  Баста-
уыш  сынып  оқушыларын  адамгершілік- 
ке  тәрбиелеудегі  қазақ  батырлар  жы-
рының  мүмкіндіктері  негізделеді.  Бас-
тауыш мектептің оқу бағдарламалары мен 
оқулықтарын зерттеп білуде, қазақ батыр-
лар  жырын,  батырлық,  ертегілерді  оқу-
тәрбие  үдерісінде  пайдаланып  жүрген 
мұғалімдердің  озық  тәжірибелеріне  тал-
дау жасайды [8].
Жоғарыдағы 
жұмыстарды 
тал-
дай  отырып,  студенттерге  қазақ  ýтно-
педагогикасының  негізінде  патриот-
тық  тәрбие  беру  бұрын  соңды  қарас-
тырылмағандығы анықталды.
Ғылыми  зерттеулерді  оқып-үйреніп 
талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, 
студенттерге  патриоттық  тәрбие  беру 
ғылымының теориясын өз алдына дербес 
проблема ретінде анықталғанын және ол 
үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін 
көруге мүмкіндік берді.
Патриотизмге  негізделген  тәрбие 
жұмысын жүргізуде  жоғары оқу орында-
ры студенттері проблемасы ерекше мәнге 
ие  болады.  Себебі  студенттер  болашақ 
маман  ретінде  қалыптасып,  өмірлік 
ұстанымын  айқындап,  өркениетті  ел-

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
46
дер  қатарына  қосылуда  өздерінің  үлкен 
септігін тигізеді.
Өркендеудің  құтты  қасиеті  іспеттес   
бір  ұғым  бар.  Ол  –  патриотизм.  Әрине, 
мәселе  көп  шуылда  емес,  бүлкілдеген 
күре  тамырды  бойлап  қуалап,  санды 
санаға,  бәтуаны  берекеге  айналдыруға 
көмектесетін  сиқырлы  сезім  жайлы. 
Ол  томаға-тұйыққа  емес,  салмақты 
салиқалыққа  бастайды,  жансызға  жан 
береді.  Ортақ  иманға  айналса,  алмайтын 
қамалы жоқ. Осының бәрін бір ғана «па-
триотизм», деген ұлы ұғымға сыйғызсақ, 
уақыттан алыс кетпес едік деп ойлаймыз. 
Өйткені  ол  өзің  жаралған  топырақпен 
өскен  ортаға  деген  ізгі  сезімді  ғана 
білдірмейді.  Аясы  әлдеқайда  кең  ұғым. 
Тіршілікте  төл  табиғи  орта  ерекшелік-
терін  тиімді  пайдалану,  алғы  ұрпақтар 
тәжірибесі  арқылы  жинақталып,  тари-
хи  зерде  кілтіне  айналған  патриотизмді 
өркениет  мүддесіне  қолдана  білу  де 
сол  тектен.  Ең  бастысы  елдің  бірлік,  ха-
лықтың  қасиет-қазыналарын  қастерлеу 
мен ертеңге деген сенім сияқты сезімдерді 
оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам 
дамуына айрықша орын алатын құдіретті 
рухани  факторға  айналуының  сыры  да 
осында жатыр.
Отан  дегеніміз  –  халық.  Халық  деге-
німіз – адам. Адамды сүю оған жақсылық 
жасау,  жанашыр  болу  –  адамгершіліктің 
белгісі.  Ендеше,  отаншылдық  –  ерте  за-
мандардан  қалыптасып  келе  жатқан 
қасиетті сезім.
Қазақстан  Республикасының  Прези-
денті Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің тағы бір 
аса  маңызды  идеологиялық  міндетіміз  – 
Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, 
әрбір  азаматтың  өзін-өзі  айқын  билеуін 
қалыптастыру.  Шынайы  отансүйгіштікті 
нағыз  азаматтықты  қалыптастыру  жеке 
бастың  өзін  саяси  тұрғыдан  айқын 
сезініп, өз Отанын саналы түрде таңдауын 
көздейді» делінген [9].
Көп  ұлтты  Қазақстан  Республикасы 
үшін  патриоттық  сезімнің  рухани  сала-
дағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге 
ғана  емес  мемлекеттік  материалдық  не-
гізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік 
өркениетті елдер көшіне қосылып дүние-
жүзілік  қауымдастықтан  лайықты  орын 
алуға мүмкүндік беретін бірден-бір күш.
Отансыз  адам  –  қай  жерде  де  бей-
шара  адам.  Тіпті  миллиардқа  малынып, 
бай  боп  шетелде  жүрсең,  сен  бәрібір 
шетелдіксің. «Басқа елде сұлтан болғанша 
өз  еліңде  ұлтан  бол»,  –  деп  ата-бабамыз 
өсиет  қалдырған  болатын.  Сондықтан 
қазақтың  баласы  қай  жерде  жүрмесін  өз 
Отанын сүйіп, Отанының тәуелсіздігі мен 
болашағы  үшін  қасық  қанына  дейін  ая-
мауы керек. Осы үш қасиет болса, біздің 
еліміз қалай да өркендейді [10].
Елбасы  оған  еңселі  елдігімізді  та-
нытар  сүйеніш  ретінде  қарайды.  Оның 
аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен 
кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты 
және  оның  алдында  тұрған  қазіргі  тың 
тұрпатты міндеттерге сәйкес  өріс алған. 
Бұрын-соңды  даму  үдерісінде  пат-
риотизм  ұғымы  бізде  негізінен  біртекті 
халықтың  басын  біріктіріп,  бір  мақсатқа 
жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі. 
Сонау  Мөде  хан,  Жәнібек  пен  Керей, 
Тәуекел  мен  Тәуке,  Есім  мен  Қасым, 
кейінгі Абылай мен Әбілқайыр хандардың 
тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал 
қазір  елдің  мақсаттары  көпұлтты  қоғам 
жағдайында шешілуі  керек.  Өзгемен са-
наспай өзімдікін істеймін деу өркөкіректік 
болар еді.
Қорытынды
Қорытындылай  келе,  әртүрлі  себеп-                                                                                 
термен  қалыптасқан  нақты  тарихи 
шындыққа  шекеден  қарау  ешқашан  да 
ел  тағдырына  деген  жанашырлық  болып 
шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан 
жол  таба  білумен  бағаланса  керек. 
Қазақстан – егемен ел болып қалыптасып, 
өркендеп  гүлденуі  ұлттық  біртектілікті 
сақтаудан  басталады.  Оның  басты 
құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни 
наным-сенімдермен тығыз байланысты.
Олай  болса  тәуелсіздік  туы  желбіре-
ген  егеменді  еліміздің  болашақ  патриот 
ұрпағын  тәрбиелеуде  олардың  бойына 

47
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, 
әдептілік,  елін,  жерін,  Отанын  сүюшілік 
секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жа-
нына сіңіруде осы ұлттық құндылықтар-
ды  оқу-тәрбие  үдерісінде  басшылыққа 
алсақ, ол өте ұтымды болар еді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ге Ф. История воспитания и образования. – М.: Тихомиров, 1912. – 660 с.
2.  Жарыкбаев  К.Б.,  Калиев  С.К.  Антология  педагогической  мысли  Казахстана.  –
Алматы: Рауан, 1995. – 512с. 
3.  Қалиев  С.Қ.  Халық  педагогикасының  ауыз  әдебиетіндегі  көрінісі.  –  Алматы: 
Мектеп, 1986. – Б.86. 
4.  Кожахметова  К.Ж.  Казахская  ýтнопедагогика:  методология,  теория,  практика.  –
Алматы: Ғылым, 1998. – С. 317 б. 
5.  Иманбаева С.Т. Әдеп пәнінің бағдарламасы (10-сынып). – Алматы, 1996. – 27.б. 
6.  Қалиев Ж.Н. Ұлы Даланың патриот ұл-қыздары!: мұғалімдерге және ата-аналарға 
арналған көмекші құрал.– Астана, 2005. – 35 б.
7.  Құрманбаев М.Ж. Мәлік Ғабдуллин мұрасындағы ýтнопедагогикалық құндылықтар 
арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу: п.ғ.к. дис. автореф.: 13.00.01. – Алматы, 
2003. – Б.27. 
8.  Сүлейменов  Б.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  қазақ  батырлар  жыры  арқылы 
адамгершілікке тәрбиелеу: п.ғ.к. дис. автореф. 13.00.01 – Алматы, 2006. – Б.29.
9.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  болашағы  –  қоғамдық  идеологиялық  бірлігінде.  –
Алматы: Қазақстан, 1993. – 33 б.
10. Шакузадаұлы Н. Ұлағат. – Алматы: Құс жолы баспасы, 2002. – Б. 36–41.
REFERENCES
1. F. Ge History of upbringing and education. – M.: Tikhomirov, 1912. – 660 p.
2. Zharykbaev K.B., Kaliev S.K. Anthology of  educational thought of Kazakhstan. –Almaty: 
Rauan, 1995. – 512 p.
3. Kaliyev S.K. View of Folk pedagogy in oral literature. – Almaty: School, 1986 – B.86.
4. Kozhakhmetova K.Zh. Kazakh ethnopedagogy: methodology, theory, practice. –Almaty: 
Nauka, 1998. – 317 p.
5. Imanbayev S.T. The Program of  the discipline Ethics (10 class). – Almaty, 1996. – 27 p.
6. Kaliyev Zh.N. Patriot sons and daughters of the Great Steppe!: handbook for teachers and 
parents.– Astana, 2005.– 35 p.
7. Kurmanbaev M.Zh. Patriotic education of students through ethnopedagogical values in 
Heritage of M. Gabdullin: thesis of dissertation of candidate of pedagogy:13.00.01. – Аlmaty, 
2003. – 27 p. 
8. Suleimenov B. Upbringing of morality of primary school pupils through Kazakh epos: 
thesis of dissertation of candidate of pedagogy:13.00.01. – Аlmaty, 2006. – Р. 29.
9.  Nazarbayev  N.A.  Kazakhstan’s  future  in  public  and  ideological  unity.  –  Almaty: 
Kazakhstan, 1993. – 33 p.
10. Shakuzadauly N. Majesty. – Almaty: the Kus Zholy publishing house, 2002. – B. 36–41.
ИМАНБЕТОВ  А.Н.,  БОЖИГ  Ж.,  БОДЕЕВ  М.Т.,  АХМЕТЖАНОВА  У.А. 
СОВРЕМЕННЫЕ  ПРОБЛЕМЫ  И  СОСТОЯНИЕ  ИССЛЕДОВАНИЯ  ПАТРИО-                
ТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ СТУДЕНТОВ НА ОСНОВЕ КАЗАХСКОЙ ЭТНОПЕ-
ДАГОГИКИ
Авторы  считают, что современные проблемы  патриотического воспитания студен-
тов высших учебных заведений на основе национальной ýтнопедагогики и исследова-
ния в ýтой области  с дальнейшим внедрением в учебно-воспитательный процесс будут 
способствовать ýффективному патриотическому воспитанию. 
В статье раскрыты современные проблемы патриотического воспитания студентов 

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
48
высших учебных заведений. Наряду с ýтим проведен анализ и заключение на работы 
ученых, ведущих исследования по ýтнопедагогике.
В  статье  рассматриваются  вопросы  исследования  особенностей  патриотического 
воспитания  студентов  высших  учебных  заведений  на  основе  национальной  ýтнопе-
дагогики,  и  если  исследовать  проблемы  патриотического  воспитания  с  дальнейшим 
внедрением  в  учебно-воспитательный  процесс,  то  ýффективность  патриотического 
воспитания студентов возрастет. Потому что опыт народной педагогики – ýто основа 
патриотического воспитания.
Также рассмотрены процессы патриотического воспитания студентов, определены 
оптимальные условия и уделено особое внимание проведению анализа.
Ключевые слова: ýтнопедагогика, патриотическое воспитание, исследование, выс-
шее учебное заведение.
IMANBETOV  A.N.  BOZHIG  Z.H.,  BODEYEV  M.T.,  AKHMETZHANOVA  U.A. 
CONTEMPORARY  ISSUES  AND  CONDITION  OF  RESEARCH  OF  PATRIOTIC 
EDUCATION OF STUDENTS ON THE BASIS OF KAZAKH ETHNIC PEDAGOGY
The authors believe that modern problems of patriotic education of higher school students 
on  the  basis  of  national  Ethnic  Pedagogy  and  the  research  in  this  area  with  the  further 
introduction in the educational process will promote the effective patriotic education.
The article discusses the modern problems of patriotic education of higher school students, 
provides the analysis and review of scientific works on Ethnic Pedagogy.
The authors studythe peculiarities of patriotic education of higher school students on the 
basis of national Ethnic Pedagogy. If the results of research of patriotic education are further 
introduced into the educational process, it will raisethe efficiency of patriotic education of 
students as the experience of traditional pedagogy is the foundation of patriotic education.
The  authors  also  examine  the  processes  of  patriotic  education  of  students,  define  the 
optimal conditions and focus on the analysis.
Keywords: ethnic pedagogy, patriotic education, research, higher school.
УДК 376.562 
ИССЛЕДОВАНИЕ ГОТОВНОСТИ БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ К РАБОТЕ 
С УЧАЩИМИСЯ ДЕВИАНТНОГО ПОВЕДЕНИЯ
Ж.Б. БАЙСЕИТОВА
к.п.н., доцент 
Павлодарский государственный педагогический институт
e-mail: shanar_b@mail.ru 
Статья посвящена вопросу подготовки будущих педагогов к работе с учащимися 
девиантного поведения. Автором проанализированы разнообразные подходы к поня-
тию  «готовность»,  дано  собственное  определение  понятия  «готовность  будущего 
педагога  к  работе  с  учащимися  девиантного  поведения»,  что  позволило  уточнить 
специфику деятельности и готовности педагога.В связи с этим обоснована и скон-
струирована  модель  готовности  педагогов  к  работе  с  учащимися  девиантного  по-
ведения. В структуре готовности учителей авторы выделяют мотивационный, со-
держательный, процессуальный и рефлексивно-оценочный компоненты и возможные 
уровни  ее  сформированности  у  будущих  педагогов.  В  качестве  основы  готовности 

49
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
педагогов рассматривается направленность личности. Большое значение уделяется 
опыту  практической  деятельности,  в  котором  происходит  интеграция  всех  выде-
ленных  компонентов.  Комплекс  научно-исследовательских  методов,  применяемых  в 
исследовании, позволил авторам теоретически обосновать и экспериментально про-
верить исходное состояние готовности будущих педагогов к работе с учащимися де-
виантного поведения, тем самым получить положительные результаты и доказать 
истинность теоретически выдвинутых предположений.
Ключевые слова:  девиантное поведение, педагог, профессиональная деятельность, 
модель готовности, компоненты готовности, диагностика.
Введение
Одной  из  проблем  вузов  является 
формирование  готовности  к  профессио-
нальной  деятельности.  Обучаясь  в  вузе, 
будущий  специалист  должен  готовиться 
к предстоящей деятельности. Целью обу-
чения является подготовка личности к из-
бранной деятельности в конкретных пред-
метных и социальных условиях, которые 
выражаются в активизации способностей 
к  данной  деятельности  и  формировании 
творческого потенциала человека [1].
Педагогические вузы выпускают в сво-
ем  большинстве  профессионально  под-                                                                                      
готовленных учителей. Но почему тогда в 
школе  наблюдаются  множество  учащих-
ся, которые не воспринимают своих учи-
телей, постоянно конфликтуют с ними?
Необходимость  повышения  уровня 
профессиональной  подготовки  студен-
тов  для  работы  в  микросоциуме  требует 
решения  важных  социально-педагоги-               
ческих вопросов: какими качествами дол-
жен  обладать  педагог,  какие  задачи  он 
должен решать в процессе внешкольной и 
внеклассной деятельности со школьника-
ми, в работе с семьей, с общественностью, 
что он должен знать и уметь, каковы гра-
ницы его деятельности в обществе.
Мы полагаем, что подготовка будущих 
педагогов к работе с учащимися девиант-
ного  поведения  является  составной  ча-
стью общесоциальных мер профилактики 
и  направлена  на  поиск  гуманистическо-
го, общечеловеческого взаимодействия с 
детьми, на устранение причин и условий, 
способствующих  правонарушениям  сре-
ди школьников.
Считаем, что ýту задачу можно решить 
с помощью подготовки будущих педаго-
гов к работе с учащимися девиантного по-
ведения. 
Научно-педагогическая  проблема  де-
виантных детей представляет собой сово-
купность социальных, психологических и 
дидактических  условий  обучения  и  раз-
вития ýтой категории учащихся в системе 
семейного  и  дошкольного  воспитания, 
общего среднего, высшего, дополнитель-
ного  (внешкольные  общеобразователь-
ные учреждения) негосударственного об-
разования, а также в образовательных уч-
реждениях, ориентированных на работу с 
девиантными детьми [2]. 
Дело  в  том,  что  девиантное  поведе-
ние всегда связано с каким-либо несоот-
ветствием  человеческих  поступков,  дей-
ствий,  видов  деятельности,  распростра-
ненным в обществе или группах нормам, 
правилам поведения, идеям, стереотипам, 
ожиданиям, установкам, ценностям.
Педагогический  процесс  в  вузе  на-
правлен  на  формирование  профессио-
нальных  качеств  будущего  специалиста, 
вооружение  его  соответствующими  зна-
ниями,  умениями,  навыками,  оснащение 
его  основами  педагогического  мастер-
ства [3]. 
Рассматривая  проблему  готовности, 
отметим, что ýто явление достаточно дав-
но стало объектом исследований. Прежде 
всего, готовность изучалась в связи с при-
родой  психических  процессов  человека. 
Большинство  авторов  рассматривает  ее 
как  определенное  психическое  состоя-
ние:  целостная  характеристика  психи-
ческой  деятельности    за  определенный 
период  времени,  в  котором  выражается 
«своеобразие  протекания  психических 
процессов в зависимости от отражаемых 

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
50
предметов  и явлений действительности,  
предшествующего  состояния и психоло-
гических  свойств    личности».  Именно  в 
ýтот период сложилось понимание готов-
ности как установки [5].
В целом в процессе исследования пси-
холого-педагогической литературы выде-
лено два подхода в изучении феномена го-
товности.  Первый  подход  рассматривает 
готовность  как  личностное  образование. 
При  ýтом  готовность  предстает  как  ак-
тивное состояние личности, вызывающее 
деятельность как следствие деятельности, 
как  качество  личности,  определяющее 
установки на предстоящую деятельность. 
Второй  подход  рассматривает  готов-
ность  с  двух  позиций:  1)  готовность  как 
результат  подготовки  (Е.П.  Белозерцев, 
Н.А.  Белоусов,  Е.С.  Сластенина  и  др.);                                                                                   
2)  готовность  как  результат  и  исход-
ное  состояние  определенной  деятель-
ности  (А.Г.  Асмолов,  В.А.  Сластенин,                                                     
Н.Д. Хмель и др.).

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал