А. А. Булатбаева



жүктеу 3.77 Kb.

бет4/19
Дата04.02.2017
өлшемі3.77 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Заключение
Одним  из  новых  направлений  в  по-
строении  общемировой  модели  высшего 
образования в XXI в., которая бы содей-
ствовала созданию стабильного будуще-
го,  может  стать  ноосферизация  высшего 
образования.  Актуальность  ноосферного 

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
24
образования заключается в возможности 
объединения населения земли для разре-
шения вызовов, обусловленных глобали-
зацией  и  в  его  способности  обеспечить 
переход к новому цивилизационному бу-
дущему.
ЛИТЕРАТУРА
1. Нечаев В.Я. Параметры глобализации и факторы Болонского процесса // Вестник 
Московского университета. – 2004. – № 4. – С. 27–34.
2.  Добреньков  В.И.  Вызовы  глобализации  и  перспективы  человечества    //  Вестник 
Московского университета. – 2004. – № 4.– С. 3–21.
3. Джуринский А.Н. Интернационализация высшего образования в современном мире 
// Педагогика. – 2004. – № 3. – С. 83–92.
4. Владимирова И.Г. Глобализация мировой ýкономики: проблемы и последствия // 
Менеджмент в России и за рубежом. – 2001. – № 3. [Электронный ресурс]. Режим досту-
па: http://www.cfin.ru/press/management/2001-3/index.shtml.
5.  Скотт П.Глобализация и университет // Alma Mater: Вестник высшей школы – 2000. 
– № 4. – С. 3–8.
6. Пефтиев В., Черновская В. Развивающийся мир: глобализация или регионализация 
// Мировая ýкономика и международные отношения. – 2000. – №7.
7. Галаган А.И.  Интеграционные процессы в области образования: анализ мировых 
тенденций// Социально-гуманитарные знания. – 2002. – № 5. – С. 72–85.
8. Майбуров И.А. Глобализация сферы высшего образования // Мировая ýкономика и 
международные отношения. – 2005. – №3. – С. 10–17. 
9. Акулич М.М. Образование в условиях глобализации // Университетское управле-
ние: практика и анализ. – 2005. – № 5. // URL: http://www.umj.ru/index.php/pub/inside/552.
10. Мещеряков Д.А. Глобализация образования и общеевропейское образовательное 
пространство // Философия образования. – 2007. – № 1. – С. 82–87.
REFERENCES
1.  Nechaev  V.Y.  Parameters  of  globalization  and  the  factors  of  the  Bologna  Process  // 
Bulletin of  Moscow University – 2004. – № 4. – P. 27–34.
2. Dobrenkov V.I. The challenges of globalization and the prospects for humanity // Bulletin 
of Moscow University. – 2004. – № 4.– P. 3–21.
3. Dzhurinskiy A.N. The internationalization of higher education in the modern world // 
Pedagogy. – 2004. – № 3. – S. 83–92.
4. Vladimirova I.G. The globalization of the world economy, Problems and implications // 
Management in Russia and abroad. – 2001. – № 3. [Electronic resource]. Access: http://www.
cfin.ru/press/management/2001-3/index.shtml.
5. Scott P. Globalization  and University // Alma Mater: Bulletin of high school. – 2000. – № 
4. – P. 3–8.
6. Peftiev V. Chernovskaya B. The developing world: globalization and regionalization D // 
World of Economy and International Relations. – 2000. – №7.
7. Galagan A.I. Integration processes in the field of education: an analysis of global trends // 
Socially-humanitarian knowledge. – 2002. – № 5. – P. 72–85.
8. Mayburov I.A. The globalization of higher education // World Economy and International 
Relations. – 2005. – №3. – P. 10–17.
9. Akulich MM Education in the context of globalization // University Management: Practice 
and Analysis. – 2005. – № 5. [electronic resource]. Access: http://www.umj.ru/index.php/pub/
inside/552.
10. Meshcheryakov D.A. The globalization of education and European educational space // 
Philosophy of Education. – 2007. – № 1. – P. 82–87.

25
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
ДЮСЕМБИНОВА  Р.К.,  МАУДАРБЕКОВА  Б.К.  ЖОҒАРЫ  БІЛІМНІҢ  ИНТЕР-
НАЦИОНАЛДАНУЫ  МЕН  ЖАҺАНДАНУЫ  ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ  ҰЛТТЫҚ  БІЛІМ 
ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Білімнің  жаһандануы  мен  интернационализациясы 
– 
қазіргі  кездегі  жоғары 
білімнің  дамуындағы  ýкономикалық  және  мәдени  мәселелердің  арақатынасы. 
Интернационализация  жоғарғы  оқу  орындары  мен  жүйелеріне  көп  айтарлықтай 
мүмкіндіктер ұсынады. Бірақ сонымен қатар, бұл күрделі әрі ауыспалы жүйеге шы-
найы  тәуекелдер  мен  қарсылықтар  тән.  Назарда  стратегиялық  ой  мен  әрекеттің 
жаңа  түрлерін  талап  ететін  бәсекеге  қабілеттіліктік  және  өзектілік  сұрақтары 
тұрады. Мақалада әлемдегі жоғары білім берудің дамуына елеулі әсер ететін қазіргі 
заманғы жаһандану мен интернационализация үдерістері қарастырылады. «Білімнің  
жаһандануы және интернационалдануы» сияқты ұғымдар ýкономикалық және мәдени 
аспектілердің  қатынас  проблемасы  тәріздес  атап  көрсетілген.  Білім  жүйелерінің 
мәдениет аралық әрекеттестігі мен мәдени бірегейлікті арттыратын үдеріс болып са-
налатын білім интернационализациясына талдау жасалды.
Кілтті сөздер: жоғары мектеп, халықаралық білім ықпалдастығы, білім кеңістігінің 
жаһандануы, білімнің интернационалдануы, вестернизация, ноосферизация.
DUSSEMBINOVA  R.K,  MAUDARBEKOVA  B.K.  INTERNATIONALIZATION 
AND  GLOBALIZATION  OF  HIGHER  EDUCATION  AND  THEIR  INFLUENCE  ON 
NATIONAL EDUCATIONAL SYSTEMS
Correlation  of  globalization  and  internationalization  of  education  relates  to  the  cor-
relation of economic and cultural aspects in the development of modern higher education. 
Internationalization represents many interesting opportunities for higher educational institu-
tions and systems but at the same time, it poses certain risks and challenges in the chang-
ing environment. The issues of competitiveness and relevance require new types of strategic 
thinking and actionsin the international framework for all types of higher education insti-
tutions. The authors study the on-going processes of internationalization and globalization 
which significantly impact the development of higher education all over the world.The con-
cepts of “globalization” and “internationalization of education” are highlighted. The interna-
tionalization of education is becoming more outstanding in the current sociocultural reality 
while the cross-cultural interaction of educational systems increases the variety and the cul-
tural unification.
Keywords: higher school, international integration of education, globalization of educa-
tional space, internationalization of education, westernisation, noosferization
.

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
26
ӘОК 378
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
Г.Ж. НИЯЗОВА 
п.ғ.к., доцент
А.А. МІНДЕТБАЕВА
аға оқытушы
Н. ШЕКТІБАЕВ
PhD докторант 
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
е-mail: ngulzhan@bk.ru
Қазіргі  кезде  бүкіл  әлемде  заманауи  білім  беруде  білім  алушының  субъективтік 
тәжірибе алуы, шығармашылықты өз іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапкершілікпен 
үйлестіре дамыту тенденцияларына бағдарлану байқалуда. Дамушы қоғамға бәсекеге 
қабілетті  білімге  ие,  адамгершілігі  жоғары  деңгейде,  таласты  жағдайларда  өзіне 
жауапкершілік алумен шешім қабылдау біліктілігі бар, дамуға құштар, ел ертеңіне 
жауапкершілік сезімі қалыптасқан мамандар қажет. 
Студенттердің  кәсіби  құзырлығының  пайда  болуы  мен  іштей  қалыптасуының 
басты  резерві  әуелі  өзіндік  бағасы  бар  оқу-танымдық  мақсаттарды  кәсіп  меңгеру 
стратегиясымен толықтыру және оқытудың әр кезеңінде, оны жүзеге асыру үшін 
психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау болып табылады. 
Мақалада  білім  беру  жүйесін  құзырлық  тәсіл  негізінде  жетілдіру  қажеттілігі 
негізделген.  «Құзыр»,  «құзырлық»,  «кәсіби  құзырлық»    ұғымдарына  түсініктеме 
берілген.  Құзырлық  тәсілге  негізделген  білім  беру  бағдарламасын  дайындаудың 
ерекшеліктері сипатталған. 
Кілтті  сөздер:  құзыр,  кәсіби  құзырлық,  білім  беру  бағдарламасы,  физика  пәні 
мұғалімі.
Кіріспе
Оқытудың  қазіргі  заманғы  тенден-          
циялары  жоғары  білікті  маман  даярлау-
дың жаңартылған сапалы өзгерістерін та-
лап етеді. Осы орайда студенттерге жоға-
ры білімнің сапасын арттыру мақсатында 
әртүрлі бағытта және жаңа әдістерді пай-
далана отырып, білім беру үлкен маңызға 
ие.  Жоғары  білімнің  сапасы  дегеніміз   

жоғары оқу орнының қызмет біліктерінің 
барлық  қырларын  қамти  отырып  оның 
негізгі  сипаттамаларын  анықтап  беретін 
көпқырлы  ұғым.  Осы  ретте  оқу  үдерісі-
нің сапасын қамтамасыз етуде оқыту әдіс-
терінің  атқарар  қызметі  зор,    себебі  ол 
оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін 
көрсететін фактор болып табылады.
Қазіргі  білім  беру  жүйесін  қо-
ғамның  даму  мақсатына  сай  дүниеге 
ýтикалық  жауапкершілікпен  қарайтын,  
шығармашылық ойлауға дүниетанымдық 
мәдениеті  жетілдірілген,    адамгершілігі 
мол  және  білікті  мамандардың  жаңа 
буынын  қалыптастыруға  бағыттау  ке-
рек.  Сонымен  қатар  өндірістің  әр  са-
ласында  ішкі  және  сыртқы  нарықтық 
қатынастарды  тез  игеріп,    икемделетін 
мамандарды  әртүрлі  сипаттағы  кәсіби,  
қоғамдық, саяси-әлеуметтік,  мәдени қыз-
меткер етіп даярлау 

 бүгінгі күннің бас-
ты міндеттерінің бірі.
Негізгі бөлім
Құзырлық  түсінігі  өзіне  білім,  білік 
және дағдыны біріктіретін кең мағыналы 
ұғым. Құзыр  – білім, білік және қарым-
қатынастар  мен  тәжірибені  таныс  және 

27
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
бейтаныс  еңбек  жағдайларында  қолдану 
қабілеті [1].
Кәсіби  құзырлықтың  қалыптасуы 
мен  дамуы  –  маманның  стратегиялық, 
тактикалық және оперативтік іскерліктер 
кешенін  меңгерудің,  қайраткер  ретінде 
өзіне, кәсіби іс-әрекет нысаны мен пәніне 
маңызды  кәсіби  бағыт  берудің  күрделі 
үдерісі.
Бұл жерде «меңгеру» деген ұғым «бір 
нәрсені  берік  сіңіре  ұсынып,  үйрену» 
деген  мағынаны  білдіреді.  «Кәсіпті 
меңгеру» деген ұғым зерттеулерде кәсіби 
оқыту  субъектісі  ретіндегі  студенттің  іс-
әрекетін сипаттау үшін қолданылады. Ал 
кәсіпті меңгеру пәні кәсіби құзырлық бо-
лып шығады:
–  кәсіби  құзырлықты  қалыптасты-
руда  жоғары  оқу  орны  кезеңінің  өзіндік 
ерекшелігі  болашақ  маманның  кәсіпті 
меңгерудегі іс-әрекеті алмасып отыратын 
екі кезеңде өрістейді:
–  кәсіби  құзырлықты  меңгеру  кезе-
ңінде  студент  кәсіби  оқыту  үдерісінің 
басқа субъектілерімен (оқытушы, курста-
старымен, өзіндік даму субъектісі ретінде 
өзімен және т.б.) ықпалдасады.
– кәсіби құзырлықты қолдану кезеңін-
де студент болашақ маман ретінде кәсіби 
көмек  пен  қызметті  тұтынушылармен 
ықпалдасады.
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  құзыр-
лығының 
қалыптасуы 
құзырлықты 
меңгеру  мен  қолдану  кезеңдеріндегі 
іскерлік  үдерісін  қамтуы  қажет.  Сол 
іскерліктер  байланысы  оқытушылар  мен 
тәрбиеленушілер  арасында  өзара  ық-
палдасу жүйесі арқылы жүріп отырады.
Мұндай  ықпалдасу  жүйесінде  меңге-
ру мен қолдану іскерліктерінің стратегия-
лық,  тактикалық  және  оперативтік  (же-
дел) компоненттерінің шарттары арқылы 
болашақ маманның кәсіби құзырлығының 
қалыптасу  үдерісі  айқындалады.  Соған 
орай осы компоненттер студенттердің іс-
әрекетінде болашақ маман құзырлығының 
субъектілік,  нысандық  және  пәндік 
негіздерін түсіндіруге мүмкіндік туады.
Жоғары  оқу  орнының  білім  алу 
жүйесіндегі  маманның  кәсіби  құзыр-
лығының  қалыптасуын  біз  кәсіби  іс-
керліктің қалыптасуы мен дамуының ке-
зеңдік  міндеттерінен  кәсіби  міндеттерді 
шешуге  теориялық  және  практикалық 
мүмкіндігі мен дайындығының бірлігінен 
көрінетін нәтижеге бағытталған қозғалыс 
циклдері ретінде түсінеміз.
Жоғары оқу орны оқытушысының ең 
жоғарғы міндеті – студенттердің өз кәсіби 
құзырлығын  тұрақтандыру,  толықтыру, 
трансформациялау 
механизмдерінің 
жұмысын  басқару  мүмкіндігінің  кезең-
кезеңімен қалыптасуына психологиялық-
педагогикалық 
жағдайлар 
туғызу. 
Жағдайларды  жақсарту  кезеңдері  –  сту-
дент  іс-әрекетін  оқытушының  басқаруы, 
кәсіби 
құзырлылық 
механизмдерін 
оқытушы мен студенттің біріге басқаруы, 
өзіндік  кәсіби  даму  үдерісін  болашақ 
маманның  өзі  басқаруы  деп  атап 
көрсеткен жөн.
Алайда, 
отандық 
жоғары 
оқу 
орнындағы  студенттер  бірінші  курстан-
ақ  олардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін 
толықтай  қолдануын  қамтамасыз  етуге 
арналған  міндеттерді  шеше  бастайды. 
Ал  кәсіби  міндеттер  жоғары  курстарда, 
педагогикалық  практика  кезеңінде  және 
білім  алуды  аяқтаған  соң  дербес  еңбек 
ету  үдерісінде  студенттердің  алдынан 
шығады.
Оған  зерттеу  аясында  жасалған  кә-
сіби  құзырлықтың  қалыптасуы  мен  да-
муына  білімдендіруші  ішкі  білім  жүйесі 
мүмкіндік  береді.  Ішкі  білім  жүйесі 
деп  отырғанымыз  –  кәсіпті  меңгеру 
мақсаты, мазмұны мен технологиясының 
педагогикалық  жағдайлар  мен  психо-
логиялық  механизмдерді  ескере  отырып 
жасалған  тұтас  жиыны.  Бұл  жағдайда, 
біріншіден,  жоғары  оқу  орнында  оқушы 
жай ғана студент болып қана қоймайды, 
қалыптасушы  және  дамушы  маман  бо-
лады,  екіншіден,  оның  жинақталған 
әлеуеті (потенциалы) модельденген, ими-
тацияланған  немесе  шынайы  кәсіби  іс-
әрекет  жағдайда  кәсіби  құзырлығының 
өзі қарышты дамуын қамтамасыз етеді.

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
28
Ішкі  біліми  жүйені  жасауда  біз 
кәсіби  құзырлықтың  пайда  болуы 
мен  қалыптасуына  болашақ  маманды 
міндеттердің  үш  типін  шешуге  жүйелі 
әрі  мақсатты  түрде  тартып  отырғанда 
ғана қол жетеді деген идеяға сүйендік. Ол 
міндеттер:
–  субъектілік-жүзеге  асырушылық 
(мотивациялық, 
жұмылдырушылық, 
ұйымдастырушылық,  диагностикалық, 
бақылау,  реттеу,  түзету,  талдау,  бағалау 
және  т.б.)  міндеттерін  студент  жоғары 
оқу  орнында  кәсіби  білім  алу  үдерісінің 
субъектісі  ретінде  кәсіби  құзырлық-
тың  қол  жеткізген  деңгейін  өзіндік  бел-
сендендіру,  өзіндік  жүзеге  асыру  және 
өзіндік дамыту тактикасы мен стратегия-
сына сүйеніп шешеді;
– мазмұндық-технологиялық (диагнос-
тикалық,  мақсат  қоюшылық,  жобалау, 
конструктивтік,  басқару,  ынталандыру, 
жұмылдыру, ұйымдастыру, жүзеге асыру, 
бақылау,  реттеу,  түзету,  талдау,  бағалау 
т.б.с.)  міндеттерді  студент  кәсіби  іс-
әрекеттің (немесе оның үзіндісінің) түпкі 
ниетін  модельдеу,  оны  «қорғау»,  имита-
циялау  үдерісін,  оқу  жағдайында;  өзінің 
іс-әрекетін  және  тікелей  ықпалдастықта 
болатындардың  іс-әрекетін  кәсіби  прак-
тикада жобалау, жүзеге асыру, талдау ба-
рысында;  сондай-ақ  мамандардың  және 
курстардың кәсіби іс-әрекетін теориялық 
және  практикалық  оқытудың  барлық 
кезеңінде бақылау, талдау мен бағалау ба-
рысында анықтайды, әрі шешеді.
–  пәндік-нәтижелік  (аналитикалық, 
жобалау,  диагноздау,  бағалау)  міндет-
терді  студенттер  өзінің  кәсіби  қалыпта-
суы  мен  гуманитарлық  сала  маманы 
ретіндегі  кәсіби  іс-әрекетінің  аралық 
және  қорытынды  нәтижелерін  анықтау 
критерийлерін  (қажет  болса,  алдын-ала 
жасау  арқылы)  қолдану  үшін  алдыңғы 
екі  міндеттермен  қатар  ұсынып,  қатар 
шешеді. Ал нәтижелер кәсіби құзырлыққа 
қол  жеткен  деңгейден,  оқу-практикалық 
тікелей ықпалдастықта болушылардың іс-
әрекеттерінің өнімінен көрінеді.
Кәсіптік  білім  беру  саласын  құ-
зырлық  тұрғыдан  ұйымдастыруды  зерт-
теушілер  білімнің  қажетті  нәтижесін 
бір  емес,  бірнеше  (негізгі,  басты  және 
т.б.)  құзырлармен  сипаттайды.  Алайда 
зерттеушілердің  барлығы  дерлік  негізгі 
құзырларды  және  құзырлықты  ажырата-
ды, тек оның құрамды бөлігін анықтауда 
түрлі көзқарастар қалыптасады.
Болонь  үрдісі  аясындағы  құзырлар-
дың  жіктелуіне  сәйкес  жоғары  кәсіптік 
білім беруде қалыптасатын құзырлар екі 
үлкен тармаққа бөлінген:
1.  Пән  саласына  қатысты  құзыр-
лар  немесе  пәндік-мамандандырылған 
құзырлар;
2.  Әмбебап  көпсалалы  құзырлар 
(дағдылар),  олар  тікелей  кәсіптік  мәсе-
лелерді шешумен байланысты емес, бірақ 
кәсіптік  істің  табыстылығымен  байла-           
нысты [2].
Мұндай  құрылым  бүкіл  құзырлар 
тобын  білімі,  техникасы  және  құн-
дылықтары 
бойынша 
байланысты-
рып,  біріктіреді.  Мұғалімге,  аймақтық 
орталық әдіскеріне кез келген құзырдың 
когнитивтік  құраушысының  өсуі  үшін 
арнайы әдебиетті оқуына, лекция курста-
рын  тыңдауына  болады.  Операциялық-
технологиялық құраушыны дамыту үшін 
практикалық-бағдарланған  семинарлар, 
әдістемелік  оқулар,  іскерлік  ойындар 
және  тренингтер  циклін  ұйымдастыруға 
тура  келеді.  Тұлғалық  құраушының  өсуі 
және дамуы үшін адекватты жағдай жасау 
қиынырақ. 
Барлық  құзырлар  барлық  үш  құ-
раушының біртұтастығын бейнелейді: 
–    білім,  дағдылар,  мұғалімнің  көзқа-
растары мен ұстанымы;
–  кәсіпқойлықтың  өсу  бағыты  орта-
лықтан  сыртқа  қарай,  ал  танымдық 
басқару  –  жаңа  білімдерден  –  сырттан 
ішке қарай;
–  әрбір  құзыр  әрбір  басқасымен 
білімдер  жүйесі,  жалпы  технологиялар, 
біртұтас  парадигма,  идея,  тұжырымдар 
арқылы  бірігуі  мүмкін.  Бұл  жүйедегі 
барлық  байланыстар  талданса  бұл  сұлба 
болжамдық  функцияны  іске  асыра-

29
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
ды  –  зерттеудің  жаңа  бағыттарын  және 
интеграцияланған  жаңа  технологиялар-
ды болжайды.
Бұл  қажет  жағдайда  құзырлар  маз-
мұны  мен  тобын  ýволюциялық  жолмен 
кеңейтіп,  нақтылауға  мүмкіндік  беретін 
парадигманы 
инварианттық 
негізде 
бейнелейтін ашық жүйе.
Білім  беру  жүйесі  болашақ  мұ-
ғалімдерді  даярлау  сапасына  жағдай  жа-
сау, жалпы білім беру және әр пәнді жеке-
жеке алғандағы мазмұнымен жауап беру 
керек.  Жоғары  мектепте  мамандарды           
даярлау мәселелері еліміздегі жағдайлар-
ға да, жыл сайын өсіп отырған бітіруші-
лерге  де  байланысты  күн  өткен  сайын 
өзекті бола түсуде. Жоғары мектеп алдын-
да бүгінде қоғам алға қойған міндеттерге 
жауап беретін оқыту мазмұнын анықтау, 
оқу үдерісін ұйымдастыру, оқыту форма-
сын,  әдісін  таңдау  және  заман  талабына 
сай  мамандар  даярлау  мәселелері  өзекті 
болып  отыр.  Жоғары  мектепте  оқыту 
мазмұнына  қойылатын  талаптар  жоғары 
білімді  дамыту  мемлекеттік  стратегия-
сымен  анықталады  және  жоғары  кәсіби 
білім  берудің  Мемлекеттік  стандартта-
рында көрініс тапқан.
Педагогикалық  мамандықтың  басты 
ерекшелігі  адамзаттың  жеке  тұлғасының 
әртүрлі  ортадағы  танымдылық,  адамгер-
шіліктілік және т.б. дамуының алға жыл-
жуын болдырады. 
Студенттердің  кәсіби  құзырлылығын 
қалыптастыру  барысында  ойлау,  шы-
ғармашылық  әрекеттерінің  жаңа  фор-
малары  пайда  болады.  Сондай-ақ,  мұны 
адамның  психикалық  үдерістерінің  даму 
үдерісі ретінде де қарастыруға болады.
5В011000  –  Физика  мамандығы  бой-
ынша  2010  жылы  қабылданған  білім 
беру  стандартында  бітірушінің  кілттік 
құзырлары  білімділік  деңгейлері  бойын-
ша көрсетілген.
Сонымен  қатар,  әлеуметтік-ýтикалық 
құзырларына  қойылатын  талаптар,  ýко-
номикалық  және  ұйымдастыру-басқа-
рушылық  құзырларға  қойылатын  талап-
тар көрсетілген. 
Ал  болашақ  физика  мұғалімінің 
кәсіби  құзырлықтың  өзіне  арнайы  құ-
зырлық,  коммуникативтік  құзырлық,  ақ-
параттық  құзырлық,  интеллектуалдық 
құзырлық,  әлеуметтік  құзырлық,  дербес 
құзырлық, салалық құзырлықтарды өзіне 
біріктіретіндігі мазмұндалған
1
.
Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру 
стандарттарын 
бекіту 
тура-
лы Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080 
Қаулысында  бакалавриат  деңгейінде 
білім  алушылардың  жалпы  құзыреттері 
жалпы білімділікке, әлеуметтік-ýтикалық 
құзыреттерге, ýкономикалық және ұйым-
дастыру-басқару  құзыреттеріне,  арна-
улы  құзыреттерге  қойылатын  талаптар 
негізінде қалыптасады деп мазмұндалған. 
Сонымен  қатар,  жалпы  білімділік-
ке,  әлеуметтік-ýтикалық  құзыреттерге, 
ýкономикалық  және  ұйымдастыру-бас-
қару  құзыреттеріне  қойылатын  талап-
тар  айқындалған.  Ал  арнайы  құзыреттер 
жоғары  білімнің  әр  мамандығы  бойын-
ша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс 
берушілер  талаптары  мен  қоғамның 
әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып 
анықталатындығы туралы айтылған.
Жұмыс  берушілермен  байланыс,  сту-
дентермен  және  бітіруші  түлектермен 
сұхбаттасу,  сауалнама  жүргізу,  педа-
гогикалық  үдеріс  нәтижелерін  сараптау 
арқылы  болашақ  физика  мұғалімдерінен 
талап  етілетін  құзыреттер  мазмұны 
анықталып,    «Физика»  кафедрасында 
5В011000-Физика  мамандығы  бойынша 
болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлау-
дың педагогикалық стратегиясы жасалды. 
Педагогикалық стратегия – білім беру/
оқыту  нәтижелерін  анықтайтын  және 
оған  конструкцияланған  (құзыреттерге 
негізделген)  білім  беру  бағдарламалары 
1
Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. ГОСО РК 
6.08.066-2010. 5В011000

Физика. 
– 
Астана, 2010. 
– 
51 с. 

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
30
құралдарымен  жетуге  бағытталған  білім 
беру моделі.
5В011000  –  Физика  мамандығы  бой-
ынша  оқу  бағдарламасын  аяқтағаннан 
соң  бітіруші,  физика  мамандығы  бо-
йынша білім бакалавры іргелі білімдерді 
меңгерген  және  кең  дүниетанымы 
қалыптасқан,  еңбек  нарығы  мен  техно-
логия  талаптарының  өзгерісіне  сәйкес 
бейімделуге  қабілетті,  командада  жұмыс 
жасай алатын жаңа формация маманы бо-
луы қажет.
5В011000  –  Физика  мамандығы  бой-
ынша білім бакалавры негізгі оқу жоспа-
рында  қарастырылған  міндетті  модуль-
дерге енетін: Қазақстан тарихы, филосо-
фия, ýкология және тұрақты даму, басқа 
да  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндердің 
негізгі  ережелерді  білуі;  қазақ,  орыс, 
түрік,  шетел  тілдерін  меңгеруі;  басқару 
құралы  ретінде  компьютермен,  жалпы 
бағыттағы  бағдарламалық  құралдармен 
жұмыс  істеу  дағдыларын  меңгеруі; 
жаһандық  компьютерлік  жүйелерден 
алынатын ақпараттарды пайдалана білуі; 
базалық  пәндерді  оқу  барысында:  пе-
дагогика,  ýтнопедагогика,  психология 
және  адам  дамуы,  өзін-өзі  тану,  жас 
ерекшеліктер  физиологиясы  және  мек-
теп гигиенасы және т.б. пәндердің негізгі 
бөлімдерін білуі; мемлекеттік және шетел 
тілдерінен білімін тереңдету, кәсіптендіру 
пәндерін оқу үшін қажетті базалық білімі 
болуы; кәсіптік пәндерді оқу барысында: 
физика бойынша білім беру саласындағы 
кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге 
асыру  үшін  қажетті  білім,  білік  және 
дағдыларды, тәрбие жұмысының теория-
сы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.
Жалпы  білімділікке  қойылатын  та-
лаптар:
–  ойлау  мәдениеті  жоғары  және  дү-
ниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның 
қалыптасуына  ықпал  ететін  әлеуметтік-
гуманитарлық  және  жаратылыстану 
ғылымдары бойынша базалық білімдерді 
меңгеруі;
–  физика  бойынша  білім  беру  сала-
сындағы  міндеттерді  тұжырымдау  және 
ұқыпты  шеше  білуі,  педагогикалық 
қызмет  шеңберінде  ақпараттық  техноло-
гияларды  қолдана  білуі,  зерттеушілік  іс-
әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
–  күнделікті  кәсіби  қызметте  және 
білімді  магистратурада  жалғастыруға 
қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын 
меңгеруі тиіс.
5В011000  –  Физика  мамандығы  бой-
ынша  білім  бакалаврын  даярлауда  білім 
беру бағдарламасының негізгі мақсаты:
–  отансүйгіштік,  Қазақстан  Респуб-
ликасы халықтарының достығы, әр түрлі 
мәдениеттерге,  салт-дәстүрлерге  құрмет 
көрсету рухында тәрбиелеу;
– жалпы адамзаттық және әлеуметтік-
тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
– ýкологиялық, дене мәдениетін, ýти-
калық, құқықтық мәдениетті және ойлау 
мәдениетін қалыптастыру;
бакалаврды тілдік даярлау;
– кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, 
білік және дағдыны қалыптастыру.
– қоғамның әлеуметтік-ýкономикалық 
даму  заңдылықтарын,  Қазақстан  та-
рихын,  қазіргі  ақпараттық  технологи-
яларды,  мемлекеттік  тілді,  ұлтаралық 
қарым-қатынас құралы ретінде орыс және 
шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-
гуманитарлық білімді қамтамасыз ету;
–  кәсіби  білімнің  іргетасы  ретінде 
психологиялық-педагогикалық 
және 
арнайы  сипаттағы  базалық  білімді 
қамтамасыз ету;
–  5В011000  –  Физика  мамандығы 
шеңберінде  кәсіби  білімді  және  тәжі-
рибелік дағдыларды қамтамасыз ету.
Мамандықтың  білім  беру  бағдар-
ламасына  сәйкес  оқу  жоспары  маз-
мұны  келесі  модульдер  бойынша  топ-
тастырылған:  мемлекеттік  міндетті  мо-
дуль;  түркі  дүниесі  мәдениеті  модулі;  
әлеуметтік-коммуникативтік 
модуль;  
кәсіби модульдер блогы; ерікті ýлективті 
модуль және т.б.
Мамандықтың  педагогикалық  стра-
тегиясында  мазмұндалған  бірқатар  жал-
пы мәдени (ЖҚ) және кәсіби құзыреттер 
(КҚ):

31
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
1) ... ЖҚ-3 Мәдениеттің мәнін адамның 
өмір  сүруінің  формасы  ретінде  түсінуге 
және  өз  іс-әрекетінде  толеранттық, 
пікір  алмасу  және  серіктестіктің  зама-
науи  принциптерін  басшылыққа  алуға 
қабілетті;
2)  ЖҚ-11  Заманауи  ақпаратты  қо-
ғамның  дамуындағы  ақпараттың  мәні 
мен  маңызын,  осы  процесте  мүмкін 
болатын 
қауіп-қатердің 
болатынын 
түсінуге  қабілетті,  ақпараттық  қауіп-
сіздіктің    негізгі  талаптарын,  соның 
ішінде мемлекеттік құпияларды қорғауға 
қабілетті  және  ақпараттық  технология-
ларды,  ақпаратты  басқару  дағдыларын 
меңгеру;
3) КҚ-1 Тұлғаның білімге қажеттілігін 
және жетістіктерін, даму деңгейін бағалау 
және  диагностика  жасауға  қабілетті 
және  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінде  шартты 
нәтижелер  негізінде  өзін-өзі  дамытуға 
қабілетті.
Мамандық  оқу  жоспарында  жос-
парланған модуль пәндері бойынша жал-
пы  мәдени  және  кәсіби  құзырлықтардің 
қалыптасуы матрицасы жасалған [3].

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал