А. А. Булатбаева



жүктеу 3.77 Kb.

бет16/19
Дата04.02.2017
өлшемі3.77 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ 
ӨНЕРДІҢ (АҒАШ ӨҢДЕУ ӨНЕРІ)  МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ  
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Е.Қ. УАЛИЕВ
 6М010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 2 курс магистранты
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің   Өнер, мәдениет 
және спорт институты 
E-mail: erasyl_13_08_91@mail.ru 
Мақалада  автор  жоғары  оқу  орындарында  көркемдік  білім  беру  үдерісіндегі 
сәндік-қолданбалы  өнерді  оқытудың  теориясы  мен  әдістемелік  мәселелері  және 
сәндік  қолданбалы өнер саласына кәсіби мамандарды даярлаудың кейбір мәселелерін 
қарастырған.  Автор  болашақ  қолданбалы  өнер  мамандарын  даярлауда  сәндік-
қолданбалы  өнердің  білімдік  және  тәрбиелік  маңызына  және  ағаш  бұйымдарды 
орындаудың  техникасы  мен  технологиясына,  өңдеуге  ерекше  назар  аударады. 
Сондай-ақ  қазақтың  сәндік  қолданбалы  өнерінің  пайда  болуының  табиғи  және  та-
рихи  ерекшеліктеріне    назар  аударған.  Қолданбалы  өнердің  болашақ  мамандарын 
қалыптастыру  мен  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың  мәселелері 
қозғалады.  Қазақтың  сәндік-қолданбалы  өнерінің  білімдегі,  ғылымдағы,  өндірістегі 
және т.б. өзара байланысы, рөлі мен маңызы айқындалған.
Қазақ  халқының  қлданбалы-сәндік  өнері  саласындағы  белгілі  отандық 
өнертанушылар, психологтер, мәдениеттанушылар, философтар мен педагогтердің 
еңбектеріне терең талдау жасалған.
Кілтті сөздер: шеберлік, сәндік-қолданбалы өнер, шығармашылық, ұлттық өнер, 
бейнелеу өнері, ýстетика,  құзыреттілік, модель.
Кіріспе 
Болашақ  мамандарға    ұлттық  тәрбие 
мен  білім  берудің  негізгі  бағыт-бағдары 
еліміздің  Президенті  Н.Назарбаевтың 
«Қазақстан–2030»  халыққа  Жолдауында 
«Толық  өркениетті  ел  болу  үшін  өз 
мәдениетімізді,  өз  тарихымызды  бо-
йымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге 
дүниені  игеруге  ұмтылғанымыз  жөн» 
деп  айқын  жазылған.  Жас  мамандар-
ды  ұлттық  игіліктер  мен  адамзаттық 
құндылықтардың,  рухани-мәдени  мұра-
лардың  сабақтастығын  сақтай  оты-
рып, 
ұлттық 
құндылықтарымызды 
әлемдік  деңгейге  шығаруға  қабілетті 
тұлға  тәрбиелеуге  жан-жақты  даярлау 

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
106
қажет.  Бұл  орайда  болашақ  мамандар-
дың  ұлттык  сана-сезімін  қалыптастыру, 
туған  халқына  кұрмет,  сүйіспеншілік, 
мақтаныш  сезімдерін  ұялату,  ұлттық  ру-
хын  дамыту,  мәдениетін,  өнерін,  салт-
дәстүрін, тарихи  мұраларды қастерлеуге, 
игеруге  тәрбиелеу,  білім  мен  біліктерін 
шыңдау – басты міндет», – деп көрсеткен
1
.
Ұлттық  қолөнер  арқылы  болашақ 
маманның  кәсіби  шеберліктерін  қа-
лыптастырудың  маңызды  тұжырым-
дамалық  бағыты  болып  білім,  ғылым, 
өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланы-
сы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын 
ғалымдар қазіргі кезде  үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі тәрбие   тұжырымдамасында: 
мамандарды  қоғамдық  өндірістегі  қайта 
құрылған  іске  даярлау,  олардың  та-
нымында  ұлттық  қолөнердің  әлемдік 
көріністерін  қалыптастыру,  ой-өрісі  мен 
кәсіби-шығармашылық  кабілеттерін  же-
тілдіру,  білім  және  еңбек  қабілеттерінің 
бірнеше түріне катысу үрдісінде болашақ 
мамандарды  даярлауға  жағдайлар  жасау 
мақсаттары  қойылып  отыр  –  делінген
2

Мұның бәрі жалпы кәсіби шеберлік және 
кәсіптік  білім  беруде  жоғары  мазмұнды 
даярлықты талап етеді. Бұл міндетті шешу 
жоғары  оқу  орындарына  тапсырылады, 
өйткені жоғары көркемдік педагогикалық 
оқу орындары қай кезде де қоғамға тірек 
болған және бола да береді.
Өткенге  көз  салсақ,  қай  ғасырда  да 
философтар, 
ойшылдар, 
педагогтер 
мен  әлеуметтанушылар  ұлттық  өнердің  
пайда  болу  табиғатын  ашуға  аз  көңіл 
бөлмеген.  Атап  айтқанда,  олар  жеке 
адамның    өнерге,  қоғамға,  табиғатқа  де-
ген  қатынасын  қарастырды.  Ал,  бейне-
леу өнері қоғамның, мәдениеттің, жалпы 
өнердің дамуына әсер ететін жандандыру-
шы фактор, әрі өте қажетті көз болып та-
былады. Әр кездері қоғамда ұлттық өнер 
мен  мәдениеттің  дамуына  байланысты 
адамдардың  бейнелеу өнеріне деген  оң 
көзқарасы артып отырды.
Өнертану 
ғылымы 
саласында 
«ұлттық  өнер»  бағытының  тарихи  ерек-
шеліктерінің    қалыптасуының    мәні  зор. 
Мысалы,  айналадағы  ортаны  танып-
білудегі  әсерін  орта  ғасырдағы  Шығыс 
ойшылдары  да  зерттеп,  дамыта  отырып  
қалыптастырудың мәніне назар аударған. 
Олар:  Әбунасыр  Ибн  Мухаммед  Әл-
Фараби (870–950 жж.), Әбуғали Ибн-Сина 
(980–1037  жж.)  т.б.  жастарды  ұжымда 
тәрбиелеп, олардың білімге, өнерге қызы-
ғушылығын қалыптастырудың жолдарын 
қарастырды.  Орта  ғасырдың  ойшылы 
Әл-Фараби  дидактика,  оқыту  теория-
сы  мен  білім  берудің  психологиялық 
негізін  қамтитын  мәселелерге  көңіл 
бөлді.  Көрнекті  философ  Әбуғали  Ибн-
Сина  жастарды  тәрбиелеуде  ақыл-ой, 
ýстетикалық,  адамгершілік  тәрбиені 
тұтас пайдаланудың, оларды ұлттық өнер 
кәсібіне  үйретудің  маңыздылығын  баса 
айтқан. Оның дидактикалық принциптері 
былайша  құрылды:  жастардың  қабілеті 
мен  бейімділігін  ескере  отырып  оқытса, 
«...  егер  баланы  ұжымда  оқытса,  ол 
онда  зерікпей,  қайта  оқытып  жатқан 
пәнге  қызығушылығы  пайда  болып, 
басқалардан  қалып  кетпеуге  тырысып, 
жарысқа түседі», – деген болатын.
Қазақ  халқының  материалдық  мә-
дениетіне,  кәсібіне,  ұлттық  өнеріне 
қатысты деректерді ХІХ ғасырда жазыл-
ған  Ш.Уәлихановтың,  А.И.  Левшиннің, 
Ә.Диваевтың,  Х.Қостанаевтың  және  т.б. 
еңбектерінен кездестіреміз.
Сол  секілді,  қазақтың  біртуар 
ағартушысы  Ы.Алтынсарин  халықтың 
көркем  шығарма  туындыларын  өте 
жоғары  бағалап,  өнердегі  және  өмірдегі 
барлық  әдемі  нәрселердің  құндылығын 
түсінуге тек қана білім берудің арқасын-
да  жетуімізге  болады  деп  есептеген. 
1
Н.Назарбаев. «Қазақстан–2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі. қауіпсіздігі және 
әл-ауқатының артуы». – Алматы, 2001.
2
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие  тұжырымдамасы ҚР Білім 
және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығы

107
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
Ы.Алтынсарин  өзінің  педагогикалық  ең-
бектерінде,  тек  білімділікке  ғана  емес, 
мектеп мәдениетілікке де үндейді. Қазақ 
қыздарына  арналған  тұңғыш  әйелдер  
сәндік  қолөнері  мектебінің  ұйымдасты-
руы да Ы.Алтынсариннің қажырлы еңбегі 
болып  табылады.  Оның  педагогикалық 
еңбектері 
ýстетикалық 
көзқараспен 
тығыз  байланысты.  Ол:  «Мектеп  қазақ 
халқының  арасында  жаңаша  мек-
теп  мәдениеттінде  өмір  сүрудің    жаңа 
әдет-ғұрып,  тәртіп,  тазалық,  қолөнер 
мен  өнердің  үлгісі  болуы  қажет»,  – 
деп  атап  көрсетті.  Абай  Құнанбаевтың 
ýстетикалық  көзқарастарын  көптеген 
қазақ  ақын-жазушылары  мен  өнер 
зерттеушілері  (М.Әуезов,  С.Мұқанов, 
М.Сильченко,  А.Жұбанов,  М.Қаратаев, 
З.Ахметов,  Б.Ерзакович  және  т.б.) 
өздерінің  еңбектерінде  жан-жақты  қа-
растырған.  Абай  өзінің  педагогикалық 
идеялары  мен  ýстетикалық,  көркемдік 
тұрғысында тәрбиелеу ой-тұжырымдарын 
ербіте  келіп,  27-ші  қара  сөзінде  бы-
лай  деп  атап  айтады:  «Сократ  пен 
Аристотельдің  пікірлері:  «Әуелі  көзді 
көрсін  деп  беріпті,  егер  көз  жоқ  болса, 
дүниедегі  көрікті  нәрселердің  көркінен 
қайтіп  ләззат  алар  едік...  Құлақ  болмаса 
қаңғыр, не дүңгір дауыс, жақсы үн, күй, 
ән  –  ешбірінен  ләззат  алмас  едік».  Осы 
ойды  Абай  қырық  үшінші  қара  сөзінде 
әрі қарай толықтырады. «Ол хабарлардың 
ұнамдысы – ұнамды қалыппен, ұнамсызы 
– ұнамсыз қалыппен, әрнешік өз суретімен 
көңілге түседі... Жан қуатыменен адам ха-
сия  қылған  өнерлері  де  күнде  тексерсең 
күнде асады. Көп заманнан тексермесең, 
тауып  алған  өнердің  жоғалғандығын 
және  өзіңнің  ол  мезгілдерден  бір  басқа 
адам  боп  кеткендігін  білмей  қаласың», 
–  деп  Абай  мұнда  адамның  көркемдік 
шығармашылығының  негізінде  ýстети-
калық 
сезімді 
жатқызады. 
Абай 
өзінің  шығармаларында  ýстетикалық 
түсініктерге,  әсемдік,  сұлулық,  талғам 
және  т.б.  ýстетикалық  категорияларға 
арнайы  талдау  жасамағанымен  оның 
өлеңдерінде  осы  түсініктерді  қамтитын 
мазмұнды шумақтар аз емес.
ХХ  ғ.  басындағы  төңкерістен  кейінгі 
дәуірден  бастап  қазіргі  уақытқа  дейінгі 
аралықта  қазақ  зерттеушілері  тарапы-
нан  ұлттық  өнерге  байланысты  тарихи-
ýтнографиялық,  өнертану,  мәдениеттану 
тұрғысынан  жазылған  еңбектер  де  аз 
емес.  Атап  айтқанда,  ýнциклопедист 
ғалым  Ә.Х.  Марғұлан,  Э.А.  Масанов, 
И.В. Захарова, Р.Д. Ходжаева, Т.Бәсенов, 
С.Мұқанов,  М.С.  Мұқанов,  С.Қаси-
манов, 
Х.Арғынбаев, 
Ө.Жәнібеков, 
Ә.Тәжімұратов, 
Н.А. 
Оразбаева, 
Б.Сарыбаев,  Д.Шоқпарұлы,  Ж.Бабалы-
қов,  А.Сейдімбеков,  О.Бейсенбекұлы, 
М.Нығмет,  Б.Кәмалашұлы,  А.Нәлібаев, 
Қ.Ахметжановтың  т.б.  еңбектерінен 
ýтностың  рухани-материалдық  мәде-
ниетіне  қатысты  құнды  деректерді 
кездестіруге 
болады. 
Дегенмен, 
солардың  ішіндегі  елеулісі  Ә.Х.  Мар-
ғұлан, 
М.С.Мұқанов, 
Х.Арғынбаев, 
С.Қасиманов,  Ә.Тәжімұратов,  Ө.Жәні-
беков,  Қ.С.  Ахметжанов  және  т.б. 
еңбектері болып табылады.
Қазақ 
халқының 
материалдық 
мәдениеті,  ұлттық  өнері  жөнінде 
жазылған  жоғарыдағы  зерттеушілердің 
еңбектерінде  айтылған  ой-пікірлер,  де-
ректер,  қарастырылған  мәселелер  осы 
күнге  дейін  өзінің  құндылығын  жоғалт-
қан жоқ.
Зерттеуші  халқымыздың  әр  дәуірдегі 
материалдық  және  рухани  мұрасын  өз 
бойына сақтаған ýтномәдениеттің әртүр-                                                                                                                
лі  қырларын  (тарихи-әдеби,  ýтногра-
фиялық, 
археологиялық, 
өнертану, 
мәдениеттану  және  т.б.)  зерттеу  жұ-
мыстарының  Ш.Уәлиханов  жазбалары-
нан  басталып,  Ә.Марғұлан,  М.Әуезов, 
Ә.Қоңыратбаев, Ә.Қайдаров, Ғ.Мұсабаев, 
Ғ.Айдаров,  Е.Жанпейісов,  Х.Арғынбаев, 
К.Байпақов,  К.Ақышев,  А.Сейдімбеков, 
Ө.Жәнібеков,  С.Қасиманов,  Н.Уәлиев, 
Т.Байжанов  т.б.  еңбектерінде  өз  жалға-
сын тауып, жан-жақты қарастырылған.
Негізгі бөлім
Бүгінде  Қазақстан  педагог-ғалымда-
ры  мен  зерттеушілері  қазақ  халқының  

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
108
қолөнерінің    тиімді  әдіс-тәсілдерін  оқу 
үдерісінде  пайдалана  отырып  болашақ 
қолөнер  мамандарының  кәсіби  шы-
ғармашылығын  дамыту  мәселесін  жеке 
қарастырмағанымен,  жеке  тұлға  ретінде, 
кәсіби  қызметтің  шарттарына  байланыс-
ты  мәселелерді  қамтыған.  Мұндай  зерт-
теулер Б.Т. Кенжебеков, А.Ш. Манабаева 
[1],   Б.Х. Қойбағарова  [2], К.Аманқұлов 
[3],  А.Т.Қапанова  [4],  Қ.З.  Халықов  [5], 
Б.К. Әбдіғұлова [6] және т.б. еңбектерінде 
кездеседі.
Б.Т.  Кенжебеков  «Жоғары  оқу 
орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың 
кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру» 
атты  диссертациялық    зерттеуінде 
кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру-
дың  теориялық-әдіснамалық  негіздері 
түзіліп, оның мазмұны мен құрылымдық 
компоненттері  анықтап,  оның  моделін 
оқу-тәрбие жүйесіне қолданудың жолда-
рын ұсынды [7].
А.Т.  Қапанова  «Болашақ  мамандар-
дың  танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
біліктерін қалыптастыру» атты еңбегінде 
қазіргі  кездегі  студенттердің  танымдық 
іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру 
біліктілігін  қалыптастырудың  мәні  мен 
мазмұны,  теориялық  негіздері,  моделі 
жасалынып  өлшемдері  мен  көрсеткіш 
деңгейлері, әдістемесін жасап ұсынды [4].
А.Ш.  Манабаева  «Қазақтың  сәндік 
қолданбалы  өнері  бойынша  көркем-
технологиялық  білім,  іскерлік,  дағды-
ларын  қалыптастыру»  атты  ғылыми 
еңбегінде  қазақтың  сәндік  қолданбалы 
өнері  бойынша  көркем-технологиялық 
білім,  біліктілік  және  дағдыларын 
қалыптастырудың моделін жасады [8].
Халықтың  сәндік-қолданбалы  өне-
рі  де  бірқатар  зерттеу  еңбектерінде 
қарастырылған.  Олардың  бірі  халықтың 
сәндік-қолданбалы  өнерін  жалпы  білім 
беретін  мектептің  бейнелеу  өнері  мен 
көркем  еңбек  сабақтарында  пайдалану 
жолдарын  көрсетсе  (Н.М.  Конышева, 
А.С.  Хворостов,  Н.А.Горяева  және  т.б.), 
екіншісі  өнердің  бұл  түрін  жоғары,  ар-
найы орта оқу орындарының оқу-тәрбие 
үдерісінде  пайдалану  әдістері  мен 
жолдарын  ұсынады  (Г.А.  Поровская,                                                               
Л.В. 
Ершова, 
Т.А. 
Давидова,                                         
С.Ф. Абдуллаев және т.б.).
Қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы 
өнері  педагогика  ғылымы  саласын-
да  орындалған  бірқатар  зерттеулерде 
оқушыларға  еңбек,  ýстетикалық,  адам-
гершілік  тәрбие  беру  (С.Ұзақбаева, 
Б.Альмухамбетов, Р.Төлеубекова, Қ.Шал-
ғынбаева,  Т.Левченко,  Қ.Әміргазин, 
О.Сатқанов  және  т.б.),  көркемдік-ýсте-
тикалық, 
танымдық 
қызығушылы-
ғын  қалыптастыру  (С.Жолдасбекова,  
А.Сәулебаева, Б.Ж. Жиентаева және т.б.), 
кәсібилігін  шыңдап,  шығармашылық 
қабілетін 
дамыту 
(Ж.Балкенов, 
М.Мырзаханов,  А.Манабаева  және  т.б.) 
мақсатында қарастырылса, кебір зерттеу-
лерде (Қ.Болатбаев, Қ.Ералин, Б.Ижанов, 
Е.Асылханов,  Ұ.Әбдіғаппарова  және 
т.б.)  қазақ  халқының  сәндік-қолдан-
балы  өнерін  болашақ  көркемөнер  мұға-
лімдерінің  кәсіби  даярлығында  пай-
далану  мақсатында  жан-жақты  зерде-
ленген.    Аталған  еңбектердің  ішінде 
Ұ.Әбдіғаппарованың  қазақ  халқының 
балалар  мен  жастарды  сәндік-қолдан-
балы  өнерге  үйрету  тәжірибесін  жүйеге 
келтіріп,    ғылыми  тұрғыда  негіздеген  
іргелі зерттеуі аса қызығушылық туында-
тады. 
Бүгінде жастарға қөлөнер жоғары ру-
хани  мәдениеттің  айнасы  деген  пікірді 
уағыздап,  оған  деген  оң  көзқарастарын 
қалыптастыру  –  қазіргі  кездегі  болашақ 
қолөнер  маманының  тікелей  міндеті  бо-
луы қажет деп ойлаймыз. Себебі, қолөне-
рі жастарды өзінің болмысымен, тарихи, 
табиғи  сипатымен  тұңғиық  тереңінде 
болып  жатқан  құбылыстарын  терең  аша 
отырып,  жоғары  көркемдік  талғамға  
тәрбиелей алады. Мұнда қол өнері қазақ 
халқының  тіршілік  өмiр  салтымен,  ма-
териалдық  және  рухани  бай  дүниесiмен, 
ұлттық  тәрбиесімен,  халықтық  пси-
хологиясымен 
ерекшеленетiн 
әлем 
мәдениетiндегi  өз  орнымен  ерекше                         
сипатталады.

109
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
Халқымыздың қолөнерін, сәндік қол-
данбалы  өнер  туындыларын  дайындау 
барысы:  біріншіден  жастардың  бейне-
леу,  еңбек  мәдениетін    қалыптастыруды 
қарастырса,  екіншіден,  ýстетикалық 
тәрбие және сапалық қасиеттерді қалып-
тастырудың  көзі,  үшіншіден,  қалдықсыз 
технология бойынша технология пәнінде 
білім  мен  іскерліктің  негізі  ретінде 
қарастыруға болады.
Студенттердің 
кәсіби 
шығарма-
шылығын    дамытуға  арналған  қазақ 
халқының  сәндік  қолданбалы  өнерінің  
тиімді  әдіс-тәсілдерін  оқу  үдерісінде 
пайдалану    проблемасын  қарастыруда  
«сәндік-қолданбалы  өнер»,    «кәсіби  не-
месе  кәсіп»,  «кәсіби  шығармашылық», 
«дамыту, даму», «дамыта оқыту», «әдіс», 
«өнер»  ұғымдарының    арасын    ажыра-
тып, талдап  пайымдауды  талап етеді.
Сәндік-қолданбалы  өнер  деп  –  сән 
өнерінің  бір  саласы,  тұрмыска  кажетті 
көркем,  жиһаздық  заттарды  жасай-
тын  шығармашылықтың  түрін  айтады. 
Негізінен,  түрлі  үй  жиһаздарын  (жиһаз, 
зергерлік  ою-өрнекпен  әшекейленген 
заттар,  тіршілікке  қажетті  сәндік  құрал-
жабдықтар,  сувенирлер,  құмыра,  сый 
кеселер  және  т.б.)  жасайды.  Сән  және 
қолданбалы өнердің материалдары – ме-
талл,  керамика,  ағаш,  қыш,  шыны,  асыл 
тастар,  сүйек,  былғары  және  т.б.  Негізгі 
техникалық  әдістері  көркем  оймыш, 
шекіме,  көркемжазба,  кесте,  құйма  және 
т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, 
зергерлік,  инкрустация,  фарфор,  фаянс, 
кілем  тоқу,  көркем  мата  жасау  секілді 
салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы 
өнер  келелі  өндірістік,  технологиялық 
міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі 
өнер  мен  мүліктік  мәдениеттің  даму 
дәрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жер-
гілікті  ýтникалық  ұлттық  ерекшеліктің 
негізінде дамиды [9].
Сәндік-қолөнері  бағытында  студент-
тердің  кәсіби  шеберліктерін  дамытуда 
қоғамның  сұранысы  мен    оның  бүгінгі 
жағдайы  арасында;  еңбек  үдерісіндегі 
студенттердің  өрім  өру  өнерін    өзіндік 
шығармашылық    жұмыстарында  пай-
даланбауы  мен  оларға  ЖОО  тарапынан 
жеткіліксіз  дәрежеде  назар  аударылуы  
арасында;  сәндік-қолөнері  бағытында  
«қосымша материалдармен жұмыс» атты 
пәннің  аясында    өрім  өрудің  техноло-
гиясы  мен  техникасын  студенттердің  
кәсіби  шығармашылығын    дамытудағы 
оқу-тәрбие,  шығармашылық    іс-әрекетке  
даярлығының  бүгінде  қажеттілігі  және 
осы  аумақта  арнайы  ғылыми,  оқу-
әдістемелердің  жоқтығы  арасында  қа-
рама-кайшылық  байқалады.  Сондықтан 
да  сәндік-  қолданбалы    қолөнер  саласы-
на  студенттердің кәсіби шығармашылы-      
ғын    дамыту    үшін,    өрім  өру  өнерін  
оқытып  үйретуде    тиімді  әдіс-тәсілдерді 
қа-растыру, іздестіру, зерделеу болып та-
былады.
Қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы 
өнері  арқылы    студенттердің  кәсіби 
шығармашылығын дамыту, іскерлігі мен 
дағдысын  қалыптастыру  мазмұны  оқу 
бағдарламаларында  «сәндік-қолданбалы 
өнері»  бағытында  «ағаш  өңдеу»  тарауы 
бойынша жасалған бағдарлама мазмұнын 
қарастырады.  Студенттерді    сәндік-қол-
данбалы  өнерге  баулу,  үйрету  бүгінгі 
күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған 
өнердің  бір  түрі  өрім  өру  өнері  екені 
баршамызға мәлім. Қазақстанда өрім өру 
өнері    көшпенді  қазақтың  тұрмысында 
ерекше  орын  алды,  әсіресе,  теріден 
жасалған бұйымдар маңызды болды. Осы 
аталған  сәндік-колданбалы  өнер  түрінің 
ішінде  маңызды  орын  алатын  «өрім  өру 
өнері»  ЖОО-ң  сәндік-қолданбалы  өнері 
бағыты  бойынша  оқу  бағдарламасына 
сай,  мазмұнында  қамтылғандықтан  сту-
денттерді  сәндік  қолөнер  бұйымдарын 
жасау  және  бұйымдарды  технологиялық 
тұрғыда меңгеруге, өңдеуге үйрету басты 
орында тұр.
Енді  осы  қолөнері  саласының 
ішіндегі ең бір көрнекті түрі ағаш өңдеу 
өнерімен  жете  танысып  көрелік.    Ағаш 
–  құрылыс  материалы  ретінде  ежелден 
қолданылып  келеді.  Оның  механикалық 
жағынан жеткілікті дәрежеде өте  мықты, 

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
110
жылу  өткізгіштігі   төмен,  салмағы  ауыр 
емес,  өңделуі  оңай,  қышқылдар,  тұз, 
май  және  басқалар  әсеріне  химиялық  
тұрғыдан  төзімді  және  т.б.  көптеген 
бағалы  қасиеттерге  ие  болады.  Ағаш 
өңдеу дегеніміз  ол  –  ағаштан  жасалған 
бұйымның  арнаулы  өңдеуден  өткізіп 
кәдеге  жарату  жолдарын  атайды.  Ағаш 
өңдеудің қысқаша даму тарихына, табиғи 
сипаттық ерекшелігіне қысқаша тоқталып 
кетейік.  Жалпы  ата  бабаларымыз  жапан 
ми  далада  жалғыз  өскен  ағашты  киелі 
немесе әулие ағаш деп санаған халық бо-
латын.  Ағашты  кесуге  немесе  оған  зиян 
келтіруге  тыйым  салып  отырған.  Оның 
астында  демалып,  ұйықтауға  да  болмай-
тынын айтып отырған. Мысалы, ағаштың 
жанында  немесе  астында  ұзақ  болған 
адам  өмір  бойы  жалғыз  қалады  деп  оны 
жалғыздықтың  нышанына  жорыған. 
Ал  керісінше  жапан  жалғыз  немесе 
шөлді  мекенде  далада  жайқалып  өскен 
ағашты  қасиетті  санап,  жанына  жатып, 
бұтақтарына шүберек байлайтын болған. 
Негізі адамдар мұндай ағаштардың астын-
да әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, 
өздерінің ақ тілеулерін тілеп отырған бо-
латын. 
Қорытынды  
Жалпы  алғанда,  адамзаттың  ағаш 
өңдеу тарихы тым тереңде. Тіптен кейбір 
елдер   ағашты  киелі  санап  табынатын 
болған. Мәселен, ежелгі елдерде ағашты 
жығудан  бұрын  түбіне  пальманың  май-
ын  құяды  екен.  Белорустар  болса  безі 
бар  ағашты  қиған  адамға  жара  шығады, 
өсіп  тұрған  ағаштың  қабығын  аршыса, 
мал қырылады деп ырымдаған. Көршілес 
орыс  шаруаларында  жөке  ағашын  қиған 
адам  орманда  адасып  кетеді  деген  сенім 
болған.   Ал  біздің  қазақта  «бабын  та-
уып  бақ  өсір»  деген  өнегелі  өсиет  бар.  
Сондықтан  халқымыз  орманды  орын-
ды  пайдаланып,  көшпелі  өмірге  бейім, 
күнделікті  тұрмыста  көп  қолданылатын 
көптеген  тұрмыстық  заттарды  жасап, 
керегіне жаратқан.
«Шыдамы  жеткен  шебер  болар»  – 
демекші,  бүгінде өзге елдердің барлығы 
дерлік қазақ халқының сандықтарындағы 
өрнектерге    көздері  көбірек  түседі.  Бұл 
таңданыс сезімі табиғатты үйлесімді пай-
даланып  ыңғайлы  бұйым  жасаған  біздің 
өнерге деген қызығушылықтан туса керек. 
Сондай-ақ, «атамның көзі» еді, «әжемнен 
қалған ақ сандық болатын» деп ырымдап, 
көне жәдігерлерді киелі санап сақтау сал-
ты бүгінге дейін сабақтасқан. 
Қазақ  өмірінде  көп  қолданылатын 
ағаштан  жасалған  бұйымдардың  түрлері 
сан алуан. Ыдыс-аяқ қоюға ыңғайлы аса-
далдан  тартып,  қымыз  құятын  тегене, 
саптаяқ,  піспек,  ет  тартатын  астау,  кесе, 
қасық.  Осыладың  бәрі  өз  орнымен  әлі 
күнге дейін кәдеге жарап келеді. Ағаштан  
шабылған  кез  келген  ыдыс  мықты  әрі 
әдемі. Темірде көбіне тат болады, ал ағаш 
табиғи, таза өнімге жатады. Шеберлердің 
айтуынша,  қазір  ағаш  ыдыстарға  деген 
сұраныс арту үстінде. Тіптен бізде бір өзі 
бірнеше түрлі қызметке лайық бұйымдар 
да бар.
Халқымызда: «тез басында жатпайды 
қисық  ағаш»,  –  дейтін  қанатты  сөз  бар. 
Қайбір шебердің айлап істеген жұмысын 
хас  шебер  қысқа  уақытта  аяқтайды. 
Бабалардың  өнегелі  жолын  жалғаған 
өнерлі  перзенттер  ағаштан  бұйым  жа-
сауды  одан  әрі  жаңғыртып,  жандан-
дыра  түспек.  Өйткені  ол  –  ұлттық  ұлы 
мұрамыздың  маңызды  бір  саласы,  асыл 
қазынасы. 
Бүгінде  қоғам  дамып,  қолөнерге 
қатысты  технология  жаңара  түскенімен, 
шын  шеберлер  дәстүрлі  әдістер  арқылы 
ең жақсы өнімдер жасаудан жаңылмаған. 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал