А. А. Булатбаева



жүктеу 3.77 Kb.

бет14/19
Дата04.02.2017
өлшемі3.77 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қорытынды
Дуальді  оқыту  жүйесінің  елімізде  та-
быспен жүзеге асырылуы еңбек нарығын 
құзыретті мамандармен қамтамасыз етуге 
үлес  қосып,  жұмыссыздық  проблемасын 
шешуге  жәрдемдесетіні  айқын.  Өндіріс 
орындарының  білікті  де  білімді,  жаңа 
технологиялармен қаруланған мамандар-
мен толығуы ел ýкономикасының қарқын 
алуының бір шарты.
Осылайша,  кәсіби  білім  алып,  нақты 
мамандық  бойынша  қажетті  білімдер 
мен дағдыларды меңгеру үдерісін жүзеге 
асыруға  арналған  кәсіптік  білім  беру 
жүйесі  әлемдік  білім  беру  саласындағы 
озық  тәжірибе  ретінде  дуальді  оқыту 
моделін  енгізу  нәтижесінде  жаңа  сапаға 
қол жеткізеді. Дуальді оқыту ýлементтерін 
тиімді жүзеге асырған оқу орындарының 
тәжірибесі  алдағы  уақытта  дуальді 
жүйенің қазақстандық үлгісін қабылдауға 
негіз болып табылады. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011

2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы // URL: www.zakon.kz
2. Назарбаев Н.
«Қазақстан

2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты. – Алматы. – 2014. 
3. Назарбаев Н. 
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол // URL: www. strategy2050.kz
4. DualesStudium – ausbildungsintegrierend // URL: www.hochschulkompass.de
REFERENCES
1. Education of the Republic of Kazakhstan state program for 2011–2020 // URL: www.
zakon.kz
2. Nazarbayev N.  «Kazakhstan–2050» Strategy of the new policy. – Almaty, 2014.
3. Nazarbayev N. Light – Way of the Future // URL: www. strategy2050.kz
4. DualesStudium –ausbildungsintegrierend // URL: www.hochschulkompass.de

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
92
КАËÛКОВА  А.О.  ДУАЛЬНОЕ  ОБУЧЕНИЕ  –  ЭФФЕКТИВНЫЙ  ПУТЬ  ПРО-
ФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
В настоящее время образовательная система Казахстана начала активно внедрять 
ýлементы  дуального  обучения.  При  ýтом  теоретическая  часть  подготовки  студен-
тов проходит на базе образовательной организации, а практическая часть – на пред-
приятии. Особенность дуального обучения состоит в том, что будущие специалисты 
могут получить навыки непосредственно на рабочем месте. 
Необходимость внедрения дуального обучения связана с тем, что инновационный 
курс ýкономики Казахстана требует совершенствования системы подготовки техниче-
ских и профессиональных кадров. В ходе реализации Программы форсированного ин-
дустриально-инновационного развития в настоящее время успешно действуют десятки 
новых предприятии. В ýтом отношении дуальное обучение является самой приемлемой 
формой  подготовки кадров, т.к. совмещает теорию и практику.
Успешное внедрение системы дуального обучения в нашей стране требует решения 
ряда проблем, в числе которых – укрепление материально-технической базы профо-
бразования;  взаимодействие  между  работодателями  и  образовательным  учреждени-
ем; подготовка новых учебных программ профобразования с участием предприятий                 
изучение  рынка  труда  и  др.  Решение  ýтих  и  других  вопросов  будет  способствовать 
обеспечению  процесса практической подготовки будущих профессиональных кадров 
для ýкономики  Казахстана. 
Ключевые  слова:  дуальное  обучение,  профессиональное  образование,  теория  и 
практика, индустриялизация. 
KALYKOV A.O. DUAL TRAINING AS AN EFFECTIVE WAY OF PROFESSIONAL 
TRAINING
Elements  of  dual  training  are  now  actively  introduced  into  the  educational  system  of 
Kazakhstan. In dual training, the theoretical part of training takes place in an educational 
organization,  while  its  practical  part  takes  place  at  an  enterprise.  This  allows  the  future 
professionals to gain skills directly at the workplace.
The need to introduce dual training system is because the innovative course of Kazakhstani 
economy requires improving the training of technical and professional staff. Dozens of new 
enterprises were open and are successfully operating in the framework of the Program of 
Forced  Industrial  and  Innovative  Development.  In  this  regard,  dual  training  is  the  most 
acceptable form of training since it combines theory and practice.
The  successful  introduction  of  dual  training  in  our  country  requires  solving  a  number 
of problems, including the strengthening of the material and technical basis of vocational 
training; the interaction between the employers and the educational institutions; preparation 
of  new  programs  of  vocational  training  together  with  the  enterprises;  study  of  the  labor 
market, and etc. These and other issues will contribute to the process of training of future 
professionals for Kazakhstani economy.
Keywords: dual training, vocational training, theory and practice, industrialization.

93
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
ӘОЖ 378.1
БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ФИЗИКА 
МҰҒАЛІМДЕРІНЕ  «ОПТИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
МЕН ҚҰРАЛДАРЫ 
Ш.Ж. РАМАНКУЛОВ
PhD докторант
К.М. БЕРКИМБАЕВ
п.ғ.д., профессор, Кентау институты директоры
 
Т.А. ТУРМАМБЕКОВ
ф.-м.ғ.д., доцент, физика кафедрасының меңгерушісі
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
e-mail: sherzod.ramankulov@iktu.kz
Мақалада  болашақ  физика  мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқытуда                        
тәжірибелер  мен  демонстрациялардың  компьютерлік  модельдерін,  сонымен         
қатар  виртуальдық  зертханалық  кешендерді  қолданудың  ғылыми-әдістемелік 
негіздері  қарастырылған.  Физика  курсы  бойынша  түрлі  заңдылықтар  мен 
құбылыстарды  түсіндіруде  компьютерлік  моделдьдерді  қолдану  студенттерді 
оқытудың  тиімділігін  арттырады,  олардың  физикалық  құбылыстар  мен  заң-
дылықтарды  меңгеруіне  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  қазіргі  таңда  Қ.А.  Яссауи 
атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінде  болашақ  физика  мұғалім-
дерін  оқытуда  ақпараттық-телекоммуникациялық  технологияларды  қолданудың 
базасын құруға, физиканы оқытуда электронды ресурстарды қолдануға аса көңіл 
аударылуда.  Физикалық  тәжірибелер  мен  демонстрациялық  эксперименттерді 
компьютерлік модельдеу арқылы кейбір физикалық аспаптардың физикалық зерт-
ханаларда жоқтығын немесе олардың жұмыстан шығуы сияқты кемшіліктердің 
орнын толтыруға болады, сол арқылы студенттер физикалық білімдерін өз бетін-
ше  жетілдірудің  мүмкіндігі  артады.  Физикалық  эксперименттің  виртуальдық 
моделдері  арқылы  студенттердің  физикалық  танымдық  қабілеттерін, 
креативтілігін қалыптастырамыз.
Кілтті  сөздер:    оптика, 
компьютерлік  модельдер,  электрондық  ресурстар, 
компьютерлік технология.
Кіріспе 
Ақпарат ағыны күн өткен сайын ар-
тып  келеді.  Үлкен  көлемдегі  ақпаратты 
игеру  қазіргі  заман  мұғалімі  үшін 
жеткіліксіз талап болып табылады. Бар-
лық  көкейкестілік  жаңа  нәрсені  жасай 
алуға  бағытталған.  Кез  келген  бағытта 
ақпараттық-креативтілік  бағыт  өте  тез 
қарқынмен дамуда: ғылыми, өндірістік, 
әсіресе педагогикалық бағыттарда.  
Жаңа  ақпараттық  оқыту  техноло-          
гиялары  пайда  болмай  тұрып,  көптеген 
ýксперименттер  жүргізген  ғалымдар, 
берілген  материалды  меңгеру  әдістері 
мен алған білімді біраз уақыт өткен соң 
еске түсіре алу қабілеттілігі арасындағы 
байланысты тапқан болатын.  Егер мате-
риал дыбысты түрде берілсе, онда адам 
оның 1/4 ғана меңгере алған. Егер ақпарат 
көрнекті  (визуальді)  түрде  берілсе  1/3 
ғана меңгеріледі. Егер ақпаратты көзбен 
көріп және ести отырып қабылдаса, онда 
ақпараттың жартысына дейін  меңгеруге 
болады.  Егер  адам  оқу  үдерісіне  белсе-

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
94
не араласса, материалды меңгеру 75%-ға 
дейін жоғарылаған [1]. 
Физика  курсының  «Оптика»  пәнін 
оқыту  үдерісінде  болашақ  физи-
ка  мұғалімдерінің  креативтілігін  қа-
лыптастыруда  ýлектрондық  оқыту  құ-
ралдарын  қолданудың  рөлі  өте  зор. 
Оқыту  үдерісінде  кеңінен  қолданыс 
тауып  жүрген  ýлектрондық  оқулықтар, 
мультимедиалық  бағдарламалар  мен 
автоматтандырылған  оқыту  жүйелері 
оқу  материалын  беру,  ақпаратқа  тал-
дау  жасау,  білімді  бекіту  және  бақылау 
сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады. 
Физиканы оқыту үдерісінде ýлектрондық 
оқу  басылымдарының  студенттерге 
өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау 
жасауда маңызы зор.
Электрондық  басылым  –  бағдар-
ламалық  басқару  құралдары  мен 
құжаттамалары  бар  және  кез  кел-
ген  ýлектрондық  ақпарат  тасымал-
даушысында 
орналасқан 
немесе 
компьютерлік  желілерде  жарық  көрген 
сандық,  мәтіндік,  графикалық,  ау-
дио,  видео  және  басқа  ақпараттар 
жиынтығы.  Электрондық  оқу  басылы-
мы  –  оқытуды  және  білімді  бақылауды 
автоматтандыруға  арналған  және  оқу 
курсына  немесе  оның  жеке  бөлімдеріне 
сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту 
траекториясын  анықтауға  мүмкіндік 
беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен 
қамтамасыз  ететін  ýлектрондық  басы-
лым
1

Электрондық  оқу  құралы  –  бұл  оқу 
курсының  ең  маңызды   бөлімдерін,  со-
нымен  бірге  есептер  жинағы,  анықта-
малар,  ýнциклопедиялар,  карталар,  ат-
ластар,  оқу  ýксперименттерін  жүргізу 
нұсқаулары, практикумға, курстық және 
дипломдық  жобаларға  нұсқау  және  т.б. 
білім  беруді  басқаратын  мемлекеттік 
органдар  тағайындаған  арнайы  стату-
сы    бар  берілген  түрдегі  баспаларды 
қамтитын ýлектрондық оқу басылымы.
Негізгі бөлім
Қазіргі  кезде  оқу  пәндері  бой-
ынша  қазақ  тіліндегі  оқу  әдебиетте-
ріне,  ýлектрондық  басылымдарға  де-
ген  сұраныс  өте  жоғары.  Негізгі  білім 
мазмұны  оқулықта  берілетіндіктен, 
ýлектрондық 
басылымды 
жасауға 
оқытушы  аса  жауапкершілікпен  қарап, 
оны  жасаудың  технологиясы  мен 
әдістемесін білу керек. 
1-сурет –  «Оптика» пәні бойынша жасалған ýлектрондық оқулықтың фрагменті
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. MS 34.017-2005. «Ақпараттық техноло-
гиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқулық». 7 ақпан, № 39, 2004 ж.

95
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
Осы  мақсатта  авторлық  ұжыммен 
«Оптика»  пәні  бойынша  ýлектрондық 
оқу  құралы  жасалып,  оған  мемлекеттік 
меншік құқығы алынды (авторлық құқық 
объектісіне  құқықтарды  мемлекеттік 
тіркеу туралы куәлік №2041, 26 қараша 
2014 ж.) [2].
Физикалық  заңдылықтар  мен  құбы-
лыстарды  модельдеу  оқу  үдерісін  да-
мыту  мен  жетілдірудің  болашағы  бо-
лып  табылады,  әсіресе  білімгерлердің 
кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруда, 
шығармашылық  белсенділігін  арттыру-
да, зерттеу жұмыстарын дамытудағы рө-
лі ерекше. Физикалық ýксперименттерді 
модельдеу – оқытушыға  сабақта физик-
алық ұғымдардың мағынасын тереңірек 
ашуға,  оқушыларды  физиканың  қазіргі 
ýксперименттік  базасымен  танысты-
руға,  физикалық  құбылыстармен   зерт-
теу әдістерін толық түсіндіруге мүмкін-
дік береді [3].
«Оптика»  пәнін  оқыту  үдерісінде 
ýлектрондық  оқыту  құралдарының 
тиімділігі: 
 – студенттің өз бетімен жұмысы;
 – аз уақытта көп білім алып, уақытты 
үнемдеу;
  –  білім-білік  дағдыларын  тест  тап-
сырмалары арқылы тексеру;
  –  шығармашылық  есептер  шығару 
кезінде  физикалық   құбылыстарды   тү-
сіндіру арқылы жүзеге асыру;
–  қашықтықтан  білім  алу  мүмкін-
дігінің туындауы;
–  іс-әрекет,  қимылды  қажет  ететін 
пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
 –  студенттің ой-өрісін, креативті ой-
лау қабілетін дамытуға ықпалы зор.
Білімгерлерге  бір  құбылысты  қайта-
қайта  сөзбен  айтып  түсіндіргенше, 
бір  немесе  бірнеше  рет  демонстра-
ция  түрінде  көрсетіп  қорытындысын 
өздеріне  жа-сатқан  олардың  танымдық 
құзыреттерін 
қалыптастыруда 
өте 
тиімді  болады.  Геометриялық  оптика 
заңдылықтарын,  интерференция,  диф-
ракция,  фотоýффект  құбылыстарын, 
Комптон 
ýффектісі 
тәжірбиелерін 
және  т.б.  демонстрация  түрінде  көрген 
соң  студенттердің  осы  заңдар  мен 
құбылыстарды өз бетінше тұжырымдау, 
нәтижесін талдау кезеңі туады. Осы жер-
де проблемалық  жағдаяттар туындайды. 
Оқытушы шеберлігі осы жағдаяттардың 
шешімін  әртүрлі  сұрақтар  мен  пробле-
малар  қою  арқылы  студенттердің  өзіне 
талдата білуінде. 
2-сурет – «Оптика» пәні бойынша жасалынған ýлектрондық оқулықтың 
анимациялық дәрістер бөлімі

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
96
Оқу  үдерісінде  анимациялық  ýф-
фектілерді  қолдану  студенттерге  физи-
калық  құбылыстар  механизмін  көзбен 
көріп, дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. 
Имитациялық  моделдер  студенттерге 
көзбен жай көре алмайтын және кейбір 
жағдайларда  өмірде,  практикада  жүзеге 
асыра  алмайтын  ойша  қойылатын 
ýксперименттерді  түсінуге  мүмкіндік 
береді [4].
Осы мақсатта «Оптика» пәні бойынша 
линзадан  кескін  алудың  компьютерлік 
модельдеріне, жарық интерференциясы, 
жарық  поляризациясы,  жарық  диспер-
циясы,  жарық  дифракциясы,  Комптон 
ýффектісі,  фотоýффект  құбылыстарына 
модельдер жасалды. 2-суретте осы ани-
мациялық  модельдерден  көріністер 
келтірілген.
Линзалар  арқылы  жарық  шоғын 
жинап  және  шашыратып  қана  қоймай, 
заттардың  әр  түрлі  кескінін  алуға  бо-
лады. Осы қасиетіне байланысты линза 
практикада кең қолданыс тапқан. 
Әр  нүктенің  кескінін  салу  үшін  екі 
сәуле  жеткілікті.  Берілген  нүктеден 
шығатын  көптеген  сәулелердің  ішінен 
жолы ең қарапайым сәулелер таңдалып 
алынады, сол себепті оларды кескін салу 
үдерісінде  оңай  жаңғыртуға  болады. 
Мұндай сәулелер:
1)  линзаның  орталығы  арқылы  өте-
тін сәуле (линзадан өту кезінде бұл сәуле 
бағытын өзгертпейді);
2)  линзаның  бас  оптикалық  өсіне 
параллель  өтетін  сәуле  (линзадан 
сынғаннан  кейін  не  өзі,  егер  линза 
жинағыш  болса,  созындысы,  егер  ша-
шыратқыш  болса  бас  фокусы  арқылы 
өтеді).
Сызықты  дененің,  мысалы   АВ  
жебесінің  (3-сурет)  кескінін  салу 
үшін  алдымен   А   нүктесінің  одан 
кейін   В   нүктесінің  кескінін  салады 
да, A
1
 және В
1
 нүктелерін  қосады,  пайда 
болған   А
1
В
1
 кесіндісі  берілген  дененің 
кескіні болады.
3-сурет – Жинағыш линзадан кескін алудың анимациялық көрсетілімінен 
көрініс. Нәрсе екі фокустан кейін орналасқан 
Осы  нұсқауды  пайдаланып,  заттың 
линзадан  үш  түрлі  қашықтықта  тұрған 
жағдайында жинағыш линзадағы  кес-
кін қандай болатынын анықтайық.  
1.   АВ нәрседен  линзаға  дейінгі 
қашықтық  оның  фокус  аралығынан  2 
еседен артық болсын.
Алдымен А нүктесінің  кескінін  сала-
йық.  Ол  үшін  осы  нүктеден  екі  сәуле 
жүргіземіз,  біріншісі  бас  оптикалық 
оське  параллель  (линзадан  сынғаннан 
кейін ол бас фокустан өтеді), ал екіншісі 
линзаның  оптикалық  орталығы  арқылы 
өтеді.  Осы  сәулелер  қандай  да  бір  

97
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
А

нүктесінде  қиылысады.   А
1
 нүктесі  
А  нүктесінің кескіні болады.
Енді  В   нүктесінің  кескінін  сала-
йық.  Ол  үшін  алдындағыдай  екі 
сәуле  жүргіземіз  –  бірінші  линзаның 
бас  оптикалық  осіне  параллель,  ал 
екінші  оның  орталығы  арқылы  өтеді. 
Осы  сәулелердің  қиылысу  нүктесі  
b
1
, В нүктесінің  кескіні  болып  табыла-
ды. АВ затының басқа барлық  нүктелер-
дің  кескіні A
1
B
1
 аралығында  болады. 
Осы  нүктелерді  қосып,  біріншісінен 
екіншісіне стрелка жүргізіп, АВ затының 
кескіні болатын  A
1
B
1
 кесіндісін аламыз.
Егер  зат  жинағыш  линзаның  қос 
фокус  аралығынан  әрі  орналасқанда, 
кескін:   а) нақты;  б)  кішірейтілген;             
в)кері  (төңкерілген)  болатынын  көре-
міз.  Мұндай  кескін  фотоаппарат-
та қолданылады.            
Қорытынды 
Компьютерде  аталған  сәулелердің 
жүру  жолын  көріп  қана  қоймай,  оны 
ести отырып, есте сақтау үшін кез келген 
мезетте оны тоқтататып, қайта бақылай 
алуға  мүмкіндік  туады.  Әрине  мұндай 
сызбаны  визуальді  түрде  бірнеше  рет 
көріп, естіген соң есте жақсылап сақтап 
қалуға  болады,  әрі  линза  көмегімен 
кескіндер  алу  принципін  өз  бетімен 
түсініп алу әлдеқайда оңай болады.
Болашақ  физика  мұғалімдері  білімді 
ақпараттандыру  жағдайында  «Оптика» 
бөлімін  оқыту  үдерісінде  ýлектрондық 
оқу  құралдарын,  демонстрациялық 
көрсетілімдерді    өздерінің  кәсіби  іс-
әрекеттерінде қолдана отырып, креативті 
ойлау  қабілетін  шыңдай  түседі  деп  ой-
лаймыз.  
ӘДЕБИЕТТЕР
1.  Ormanova  G.K.,  Berkimbaev  K.M.,  Kurbanbekov  B.A.,  Ramankulov  Sh.Zh., 
Bimaganbetova A.K. Formation Of Creative Thinking Of Students On Physics By Means Of 
Electronic Resources. AWER Procedia Information Technology & Computer Science. 

2013, 

№4, pp. 570

575.
2. Раманкулов Ш.Ж., Орманова Ғ.К. «Оптика» ýлектронды оқулық. Авторлық куәлік  
№2041. 26 қараша, 2015 ж.
3.  Орманова Ғ.К., Фазилова А., Физика сабақтарында қазіргі заманғы оқыту техно-
логияларын  сипаттамалары  //  Қ.А.  Ясауи  атындағы  ХҚТУ  Хабаршысы. 
– 
2011. 
– 
№1. 
Б.120

127. 
4.  Беркимбаев К.М., Орманова Ғ.K. Использование компьютерных моделей в про-
цессе обучения студентов физике // Вестник Российского университета дружбы народов. 
– 
2011. 
– 
№3. 
– 
С. 88

92. 
REFERENCES
1.  Ormanova  G.K.,  Berkimbaev  K.M.,  Kurbanbekov  B.A.,  Ramankulov  Sh.Zh., 
Bimaganbetova A.K. Formation Of Creative Thinking Of Students On Physics By Means Of 
Electronic Resources. AWER Procedia Information Technology & Computer Science. 2013, 04, 
pp. 570-575.
2. Ramankulov Sh.Zh., Ormanova G.K. “Optics” e-books. Certificate of state registration of 
rights to the object of copyright №2041, 26 November. 
3. Ormanova G.K, Fazılova А.The characteristics of modern learning technologies in phy-
sics lessons // Bulletin of International kazakh-turkish university n.a. A.Yassawi.
– 2011.
 
– 
№1. 
– 
p. 120

127.
4. Berkimbaev K.M., Ormanova G.K. Using of computer models in the process of student 
learning physics // Bulletin of the Russian University of Peoples’ Friendship.  
– 2011.– 
№3. 
–  
P. 88

92.

Вестник  АПН  Казахстана,  №3,  2015 г.
98
РАМАНКУËОВ Ш.Ж., К.М. БЕРКИМБАЕВ,  ТУРМАМБЕКОВ Т.А. МЕТОДЫ И 
СРЕДСТВА  ПРЕПОДАВАНИЯ  КУРСА  «ОПТИКА»  У  БУДУЩИХ  УЧИТЕЛЕЙ-
ФИЗИКОВ В УСЛОВИЯХ ИНФОРМАТИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ
В  статье  рассматриваются  научно-методические  основы  использования  ком-
пьютерных  моделей  опытов  и  демонстраций,  а  также  виртуальных  лабораторных 
комплексов  в  обучении  «Оптики»  будущих  учителей  физики.  Общеизвестно,  что 
использование  компьютерных  моделей  различных  физических  процессов  и  явле-
ний способствует ýффективности обучения студентов учебному курсу физики, по-
зволяет  им  осмысливать  механизмы  физических  явлений  и  процессов.  В  связи  с 
ýтим в настоящее время в Международном казахско-турецком университете имени                 
К.А. Ясави большое внимание уделяется разработке технической базы использова-
ния информационных и телекоммуникационных технологий при обучении будущих 
учителей  физики, разрабатываются ýлектронные ресурсы для использования при 
обучении физике. С помощью использования компьютерных моделей опытов и де-
монстраций можно скомпенсировать недостаток оборудования в физической лабо-
ратории и таким образом научить студентов самостоятельно добывать физические 
знания в ходе физического ýксперимента на виртуальных моделях, то есть появля-
ется  реальная  возможность  формирования  у  студентов  креативного  мышления    и 
повышения  познавательной активности по физике, в частности по оптике.
Ключевые слова:  оптика, 
компьютерные модели, ýлектронные ресурсы, компью-
терные технологии.
RAMANKULOV  Sh.Zh.,  BERKIMBYAEV  K.M.,  TURMAMBEKOV  T.A.  METHODS 
AND MEANS FOR TEACHING THE COURSE OF OPTICS TO FUTURE TEACHERS 
OF PHYSICS IN CONDITIONS OF INFORMATIZATION OF EDUCATION
The article examines the scientific and methodical bases of using computer models of 
experiments and demonstrations, as well as virtual laboratory complexes while teaching 
Opticsto  future  teachers  of  Physics.  The  use  of  computer  models  of  various  physical 
processes and phenomena contributes to the effectiveness of teaching Physics to students, 
helps them to understand the mechanisms of physical phenomena and processes. Therefore, 
nowadays the International Kazakh-Turkish University n.a. K.A.Yassaui focuses on the 
development of technical basis for the use of information and communication technologies 
in training of future teachers of physics and develops electronic resources for teaching 
Physics. The use of computer models of experiments and demonstrations can compensate 
the lack of equipment in the laboratories of Physics and to teach students to independently 
obtain physical knowledge during a physical experiment on virtual models. This provides 
a virtual possibility to form creative thinking in students and raise their cognitive activity 
in Physics, particularly in Optics.
Keywords: optics, computer models, electronic resources, computer technologies.

99
Қазақстан  ПҒА  Хабаршысы,  №3,  2015 ж.
ӘОЖ 378.016.02:004(574)

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал