9Дәріс сериялық Өндіріс



жүктеу 27.52 Kb.
бет1/5
Дата05.11.2022
өлшемі27.52 Kb.
#23351
  1   2   3   4   5
Лекция №9 ДиНСУ

9Дәріс
СЕРИЯЛЫҚ ӨНДІРІС

1 Сериялық өндіріс кезінде технологиялық үдеріс бұйымның сапасын тәжірибелік өндістен кем болмайтын етіп толық қамтамасыз ету керек (конструкциялық беріктік және басқа).


2 Бөлшектерді жасау кезінде, әсіресе, аса жауапты түрлерін, кернеудің концентрациялауына жол бермеу қажет (дөңгелектеу радиусы жеткілікті болып, фаскалар орындалуы керек).
3 Технологиялық процестер бұйымның беріктігін төмендететін қалдық кернеу қалдырмау керек. Сонымен қатар мүмкін болатын технологиялық зақымдардың болу себептерін жою қажет (күйіп кету, аса қызып кету, жарықшақтар т.б.).
4 Аса жауапты бөлшектер үшін қосымша бекіттіру технолгиясын қолданған жөн (виброгалтовка жасау, бытырамен үрлеу, беттік клепка), беттік қорғау материалдарын қолдану, бөлшекті таттанудан және басқа зиянды әсерлерден қорғау қажет.
5 Сериялық өндірісте қолданылатын материалдар, комплект бөлшектері, тораптар мен агрегаттар үшін кіру жағындағы бақылау жүйесін орнату керек. Бөлшектер мен тораптарды өндіру кезінде бақылау үшін оларды тағайындалуы мен жауапкершілік дәрежесіне қарай түрлі топтарға бөледі және оны бөлшектің сызбасында көрсетеді. Жауапты бөлшектер үшін геометриясын, механикалық қасиеттерін, қаттылығын, структурасын, химиялық құрамын т.б. бақылау қажет. Құйылған бөлшектердегі дефектілерді (жарықшақ, ластану т.б.) байқау үшін дефектоскопияны (түрлі-түсті, люминесцентті т.б.), рентгенескопиялық талдау және ультрадыбысты бақылау әдістерін қолданады. Бөлшекті тереңірек зерттеу үшін оның біреуін кесіп, оның механикалық қасиетін зерттеу негізінде микроүлгісін пайдаланады.
Жеке жағдайларда негізгі бөлшектермен белгілі технологиялық операциядан өткен (мысалы, термоөңдеу, құю, дәнекерлеу т.б.) куә-үлгілерді қолдануы мүмкін.
Жаңа материалдар үшін немесе оны жеткізетін ұйым өзгерген кезде кіру жағындағы бақылау қосымша зерттеулермен толықтырылады (қасиеттерінің таралу деңгейін анықтау, жарықшақтар мен аса жүктемелерге сезімталдығын табу үшін).
6 Өндірістің бастапқы стадиясында бақылау жағдайы өте қатаң болу керек. Өндірістің сапасы жақсарып, тұрақты деңгейге жеткен кезде бақылауды оңайлатуға болады (қажетті келісімдерден кейін). Ол үшін технологиялық процестің тұрақтылығын дәлелдейтін сынақтар жүргізілуі тиіс, сандық көрсеткіштердің таралымы, физикалық және басқа қасиеттері жеткілікті деңгейде болып, сенімділік төмендемеу қажет.
7 Жауапты бөлшектерді жасау және жинау кезінде технологияға енгізілген өзгерістер (дайындама өлшемдері, отырғызулар мен шақтамалар т.б.) конструктормен келісілуі керек және көптеген жағдайларда зертханалық, стендттік және басқа сынақтармен тексерілуі қажет.
Егер бөлшектің немесе тораптың конструкциясына өзгерістер енгізілсе, онда оны міндетті түрде тәжірибелік тексеруден өткізеді. Себебі қажетті тексерістен өтпей енгізілген әртүрлі «жақсартулар, жетілдірулер» бас тартулар мен қиратуларға себеп болады.

жүктеу 27.52 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет