№91 (8300) 29 қараша сенбі 2014 жыл



жүктеу 350.91 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі350.91 Kb.
  1   2   3

Б е р е к е .   Б і р л і к .   Ы н т ы м а қ .

Сырдария ауданының қоғамдық - саяси басылымы 

газет 1939 жылдың 26 наурызынан шығады

№91 (8300)

29 қараша  сенбі 2014 жыл

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 

70

 ЖЫЛДЫҒЫНА 

161 КҮН ҚАЛДЫ

 

Жалғасы 



2- бетте

Біз  тамыры  терең  тарихымызда  Ұлы  далада  небір 

қиындықтарды  басымыздан  кешірген,  сұрапыл  соғыстарды, 

жойқын  жортуылдарды  өткерген,  сан  рет  қирап,  сан  рет  бой 

түзеген, «тарихтың тағдырлы көші» дейтін ұзақ жолда Тәңірден 

тәуелсіздікті  тілеп,  азаттықты  аңсаған,  ел  басқарған  көреген 

көсемдері әділ, халқы жомарт, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре 

де  білген  елміз.  Тауқыметті  соншама  көп  кешкен,  тағдыры  ая-

нышты – езіліп-егілген, мың өліп, мың тірілген, жабығып жапа 

шеккен  халық  жер  бетінде  екеу  болса,  соның  біреуі  –  қазақ. 

Ашаршылылыққа  тап  болып,  алқакөл-сұламаға  да  ұшырадық. 

Зұлматтың  құрығына  түсіп,  қазақтың  қайғыдан  шыбын  жаны 

шырқырады. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаздадық. 

Қазақтың:  “Қаратаудың  басынан  көш  келеді”,  деп  зарлағаны, 

Қазтуған  жыраудың:  «Қайран  да  менің  Еділім»  деп  қабырғасы 

сөгілгені, алты алаштың баласына ақылын айтып, үш жүздің ба-

сын  қоса  алмай,  бүгінгідей  сәулеті  мен  дәулеті  жарасқан  әсем 

қалалар  сала  алмай,  көшіп-қонған  жұртын  орнықтырып  ел  ете 

алмай  Абылайдың  шарасыз  болғаны,  орақ  ауызды,  от  тілді 

Бұқар  жыраудың  жер  тіреп  күңіренгені,  «Бас-басына  би  болған 

өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын”, деп Абайдың 

қабырғасы қайысатыны осы тұс еді.

«Дәуір алмасып жатқанда өмір сүрме», – дейді екен қытайлар. 

Бүгінгі аға буын ұрпақтың өмірі дәуір мен дәуір, ғасыр мен ғасыр 

алмасып,  заман  өзгеріп  жатқан  тұсқа  тура  келді.  Біз  осы  күнге 

арып-ашып, жадап-жүдеп, шаршап-шалдығып, талықсып, сеңдей 

соғылысып,  ақылымыздан,  жадымыздан,  санамыздан  айырыла 

жаздап жеттік.

Құдайға шүкір, бар қазақтың тілегі қабыл болып, қан жылаған 

зар заман артта қалып, бодандықтың тас бодауынан босаған күйде 

жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін айқара аштық. Сөйтіп, көз 

алдымызда жер де, ел де, адам да, заман да өзгерді. Күл-талқаны 

шығып, быт-шыт болып қираған өндіріс ошақтары қайта тірілді, 

тірлігі  жаңа  арнаға  түсті.  Ел  есін  жиды,  етегін  жапты,  еңсесін 

тік  көтерді.  Халықтың  көңілі  орнығып,  жаңа  заманның  кәсіп-

тіршілігіне  нық  көшті.  Адам  баласы  түсініп  болмайтын  неше 

түрлі  мехнат-қиындықтар  әп  сәтте  ұмыт  болды.  Небәрі  жиыр-

ма үш жылдың ішінде осы байтақ далада бұрын-соңды болмаған 

бүтіндей жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы 

Ұлы көшті егемен елдің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

бастады. Арғы-бергі заманда осындай ұлан-ғайыр мемлекет орна-

тып,  халқының көңіліндегісін тауып,  көкейіндегісін істеген На-

зарбаевтай кісіні Ұлы даланың тарихы танып, білген емес.

Ұлт  көшбасшысы  ел  тізгінін  алмағайып,  аумалы-төкпелі, 

ең  қиын  кезеңде  қолына  алды.  Тарихтың  да,  тағдырдың  да  сы-

нынан  абыроймен  өтіп,  ел-жұртты  қыл  көпірден,  жанып 

тұрған  өрттен  аман  алып  шықты.  Азаматтың  теңдесі  жоқ  осы 

қаһармандығын,  даналығын  кейінгі  ұрпақтың  келешекке  аңыз 

етіп  жеткізетіндігінде  еш  күмән  жоқ.  Тарихқа  есесі  кеткен 

халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау – Президентіміз ту-

ралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, 

қабырғалы  ел  етіп,  осыншама  құдіретті  жасап  беріп  отырған 

тұңғыш  Президентіміздің  кемеңгерлігі  туралы  қалай  айтсақ  та 

жарасады.

Нұрсұлтан  Назарбаев  –  түп  атасынан,  арғы  тегінен 

үзілмеген,  қазақ  тарихында  қолбасшылығымен,  батырлығымен, 

шешендігімен  өшпестей  із  қалдырған  қайраткерлердің  ұрпағы. 

Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы 

Қарасай  батыр,  Қарасайұлы  Көшек  батыр,  Назарбай  би.  Әкесі 

Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп 

жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы.

Әлжан  ана  перзент  көрмей,  құрсақ  көтермей,  аяғы  жет-

кен  жердегі  әулиелерді  аралап,  ақыры  қаһармандығымен  тарих 

беттерінде есімі алтын әріппен жазылған Райымбек батырдың ба-

сына кеп түнеген түні түс көреді... Түсінде ен далада ұзақ жүріп, 

көз  ұшында  сағымданып  көрінген  үлкен  теңізге  келіп  жетеді. 

Терең теңіздің түбіне түсіп, алған бетінен қайтпай жүре береді. 

Бір кезде теңіздің түбінде қазақтың жеті қазынасының бірі сана-

латын мылтықты көреді. Мылтықты көтеріп алып, иығына салып, 

сол күйі теңізді кешіп отырып, арғы бетіне еркін шығады...

Осы көрген түсін Әлжан ана ауылдағы абысын-ажындарына 

айтып  береді.  Олар  Әлжан  ананың  түсін  жақсылыққа  жорып: 

«Құрсақты болады екенсің, шекесі торсықтай ұл табасың, оның 

өмірі күреспен өтеді екен», – дейді. Алла ананың тілегін қабыл 

етіп, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде болашақ қазақ елінің маңдайына 

бақ болып біткен Елбасы дүниеге келеді.

Айтса  айтқандай,  ес  жиып,  етек  жиғаннан  бастап  бала 

Нұрсұлтанның  өмірі  ел  үшін,  баянды  болашақ  үшін  күреспен 

өтеді.  «Болат  кездік  қын  түбінде  жатпайды»  дегендей,  Елбасы-

мыз  жастайынан  қынаптан  суырылған  қылышқа  ұқсады,  әуел 

бастан-ақ мұзжарғыш кемедей қай ортаға барса да сыйып, сіңіп 

жүре берді. Орта мектепті үздік бітіріп, ел үшін еңбек ету жолы-

на бел шеше, білек сыбана кірісіп ерте тұрды, кеш жатты. Асы-

лы, ықылым заманнан бері қоғамдық өмірде қалыптасқан белгілі 

бір  құбылыс  –  кесек,  біртуар  тұлғалардың  жаратылысы  ерек-

ше  болып,  көпшілік  ортада  құдай  берген  қадір-қасиетімен  бала 

кезден  танылатындығы.  Сөйтіп,  жасынан  көзге  ілігіп,  қай  істе 

де  мақсаткерлік  мінез-болмысымен  дараланып,  шоқтығы  биік 

тұлғасы қалыптаса бастады. Өзі қатарлы балалар ауылын қимай 

жүргенде, Қаскелеңге тиіп тұрған әсем Алматыға емес, ол кезде 

жер түбіндей көрінетін Арқадағы Қарағандыға бет алды. Оның да 

өзіне емес, жанындағы ол кезде атын біреу естіп, біреу естімеген 

Теміртау  қаласына  барды.  Ол  онда  оқуға  емес,  маңдай  терімен 

еңбек  ету  үшін  жұмысқа  кірісті.  Осы  жерде  жүріп  қоғамдық 

шараларға  белсене  араласып,  көшбасшылығымен  танылған  жас 

жігіт өзге де қазақстандық жастармен Днепродзержинскіге атта-

нады. Сонда жүріп көзге түсіп, әуелі комбинаттың, одан қаланың, 

одан  қалды  облыстың  басшылығында  болып,  бұл  сапардан 

оралған кезде Қазақстан Магниткасының маңдай алды металлургі 

атанды.  Көшбасшымыз  осылайша  отызында  орда  бұзып,  қамал 

алар қырық жасқа жеткенде республикалық деңгейдегі лауазымды 

қызметтерді атқарады. Әуелі Орталық Комитеттің хатшылығына 

шақырылады, мұнан соң көп ұзамай сол кезде Кеңес Одағындағы 

ең жас Совмин Төрағасы болып бекітілгенін бүгінде дүйім жұрт 

жақсы біледі.

Бесіктегі баланың бек боларын кім біледі,

Қарындағы  баланың  хан  боларын  кім    біледі,  –  дегендей, 

сол шақта түрлі белестерді бағындырып келе жатқан Нұрсұлтан 

Әбішұлының қазақ жұртының Президенті боларын кім болжады 

дейсіз?! Бірақ табиғатынан туралықты ту еткен жанның түбі бір 

жерді жарып шығатынын жұрт сезген-ді.

Ел  сенімін  ақтай  білген  Елбасы  өз  жолын,  даңғылын  та-

уып,  көшбасшылыққа  ұмтылды.  Көкірек  көзі  ерте  ашылды. 

Қиындықпен  күн  кешкен,  қызыл  төңкеріс,  қызыл  зұлмат,  кіші 

тәркілеу, ұлы тәркілеу, ашаршылық тозағынан өткен қазағына де-

меу болайын деді, елді ел қатарына қосудың қамын жасады.

Еңбектенгеннің еңсесі биік екендігін ұғынып, темір қорытты. 

Домнаның пешіне қайнап-пісті, жарғақ құлағы жастыққа тимей 

жастайынан жарқырап көзге түсті. Дегеніне жетті. Тәңір қолдап, 

бақ  дарып,  таққа  мінді.  Сөйтіп,  заты  қазақтың  рухын  аспанға 

көтеріп,  егемендікке  қол  жеткізген  қазақтай  алып  елді  өрге 

жетеледі.

Нұрсұлтан  Әбішұлы  неге  жетсе  де  –  моншақтаған  терін 

сұқ  саусағымен  сыпырып,  от  шашқан  домна  пешінің  қызуына 

қақталып  жүріп  жетті.  Жоғарыға,  билік  тізгініне  сүйреген, 

қолтығынан  демеген  жанашыры  болған  жоқ.  Бейнеттен  бойын 

тартпай, билік жолына алмас қылыштай суарылып 

шықты.


Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершілікті мойны-

на алып, ел үмітін арқалаған кезде, Қазақ Советтік 



ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – 

ТҰҒЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛАУШЫСЫ

Жер-Ана жаралғалы қазағымның,

Сезініп, шын түсінген азабын кім?

Қолыма қалам алып, нық бекіндім,

«Келді»,- деп тарихымды жазатын күн.

Дәуірдің диірмендей тасы айналар,

Бақыттан бар қазақтың басы айналар.

Тағдырды Тәңір жазса пешене етіп,

Тарихты Тұлға ғана жасай алар.

Адал боп ел ісі мен ар қамына,

Мақтанам байтақ болып тұрғаныма.

Көшбасшым - бар қазақты бақытты еткен, 

Бүгінгі өзек болған жырға мына.

Нұр шашып барша әлеммен жер бетіне,

Сән қосты көрікті елдің келбетіне.

Елбасым - егемендік алып беріп,

Бесігін тыныштықтың тербетуде.

Отаным басымды ием байтағым деп,

«Мәңгілік Елденмін» деп айтамын көп.

Тілегін Тәңір беріп қазағымның,

Арманы орындалды қайта түлеп.

Тұлғаға туған елді нақ түлеткен,

Жыр жаздым таза көңіл, пәк жүрекпен.

Кемеңгер Көшбасшым бар ұлтын сүйген,

Жаралған жан әлемі ақ тілектен.

Тарихтың ізі жатқан әр тасында,

Есілдей ерке өзен бар қасында.

Арқадан бой көтерген - Астанам бар,

Елбасы даналығы арқасында.

Нұрланды сәулеленіп құба таңым,

Дүбірлі топқа еніп «Нұр Отаным».

Туралықты ту етіп біріктірдің,

Қазақты баласындай бір атаның.

Сенімін ел-жұртыңның ақтай алдың,

Көзінен көрініп тұр отты айбарың.

Әуелеп Әнұраным, зор рух беріп,

Көгімде желбіреп тұр көк байрағым.

Өркендеп, өсіп-өнген еліміздің,

Білсеңіз, Бәйтерегі - басты айғағы,

Е, Алла Елбасымыз аман болса,

Елімді талай шыңға бастайды әлі.

Ел болып еңсемізді түзеу еді,

Алғанда егемендік басты арманым.

Елдердің өркениетті алды болдық

Қазағым, таймасыншы бастан бағың!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,

Тұңғыш Президент күніне орай тағайындалған 

«Табысты жас қазақстандық» жастар 

сыйлығының иегері.

ЕЛБАСЫМ – 

ЕГЕМЕНДІК АЛЫП 

БЕРГЕН

Баршаңызды Елбасымыздың құрметіне ресми мереке бо-

лып белгіленген «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен» 

шын жүректен құттықтаймын. 

Халқымыз  ғасырлар  бойы  бодандықтың  бұғауын  бұзуды 

арман етіп, тәуелсіздік жолында сан мәрте бас көтерді. Бұл жол-

да қаншама боздақтарымыз қыршын кетті, қазақтың арыста-

ры мерт болды. Олардың көксегені тек тәуелсіздіктің ақ таңын 

көру  ғана  еді.  Міне,  сол  ата-баба  арман  еткен  Тәуелсіздікке 

қол  жеткеннен  бері  Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев басқарған егемен еліміз демократия жолымен алға 

жүріп  келеді.  Бұл  ұзақ  жылғы  жанкешті  еңбекпен,  маңдай 

тердің,  туған  елін,  жерін  өлшеусіз  құрметтеудің,  оны  аса 

қадірлеп, сүюдің жемісі деп білеміз. 

Жаңа  тәуелсіз  мемлекеттің  іргетасын  қалаушы  Ұлт 

Көшбасшысы  – барлық қазақстандықтар және халықаралық 

қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушы-

сы,  отандастарымыздың  құқықтары  мен  бостандықтарының 

қорғаушысы,  елді  кемел  келешекке  жетелейтін  игі  істердің 

қолдаушысы.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  еліміз 

қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін 

тіктеп, жүректерге болашаққа деген сенім ұялатқан Елбасының 

ерен еңбегі өлшеусіз. 

Қазақ елінің болашағы үшін елдің еңсесін түсірмей, ұлы 

істер  жолында  әрқашанда  биіктен  көрініп  жүрген  Тұңғыш 

Президентімізге  мықты  денсаулық  тілейміз.  140-тан  астам 

ұлт пен ұлыс өкілдері мекен еткен елде Қазақстан халқының 

бейнесін бұдан да жоғары дәрежеде көрсетіп, әлемдік зор бе-

делге  ие  болып,  заманауи  мемлекетті  құрудағы  еңбектері 

әрқашанда жемісті бола берсін! Тәуелсіз еліміз әлем алдында 

абырой мен беделге ие болып, жүзі жарқын, еңсесі тік мемле-

кетке айнала берсін демекпін!



Құрметпен, аудан әкімі Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ

Жак 

Ширак, 

Фран-

ция  республикасының  экс-

президенті:

– 

Мен 



Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қабілеті мен қа-

сиетіне, көрегендігіне тәнтімін. 

Ол  қандай  да  бір  мәселенің 

шешімін 

қарастырғанда, 

оның сол сәттік ахуалға емес, 

болашаққа  тигізер  әсерін  ой-

лайды. Үнемі болжам жасап отырады. 

Егемендікке  қол  жеткізгеннен  бастап,  Қазақстанның 

даму  жолында  көптеген  кедергілер  тұрды.  Бірақ  мем-

лекет,  Үкімет  ол  кедергілерге  төтеп  бере  алды.  Бүгінде 

Қазақстанның дүниеге берері де, алары да мол. Бейбіт сая-

сат  ұстанған  Қазақстан  көптеген  ғаламдық  шиеленіскен 

мәселелердің  шешімін  табуда  үлкен  рөл  атқаруда.  Бұл 

кемеңгер  Көшбасшының  кемел  саясатының  нәтижесі  деп 

білемін.

Хиллари Клинтон,

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшы-

сы:

-Қазақстан  –  АҚШ-тың  сенімді 

және 

стратегиялық 



әріптесі. 

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

– 

Орта 



Азиядағы тыныштық пен сенімділікті 

сақтап  тұрған  әлемдік  ауқымдағы 

зор  тұлға.  Қазақстан  Президентінің 

тікелей  ұйытқы  болуымен  Орта  Ази-

яда  ядролық  қарусыз  аймақ  құру 

ұстанымы  жүзеге  асты.  Бұл  аймаққа 

да,  Қазақстанға  да  зор  бедел  алып 

бергені  белгілі.  Қырғызстандағы  мемлекеттік  саяси  дағдарыс 

кезінде ол АҚШ Президенті Барак Обамамен, Ресей Президенті 

Владимир Путинмен бір ұстанымда жұмыс істеп, барлық түйінді 

оңтайлы  шеше  алды.  Сонысымен  де  Қазақстан  ЕҚЫҰ  секілді 

ұйымның ықпалдық қасиетін танытты. Астана Саммитті сөз жоқ, 

нәтижелі жиын болды. Мұның аймаққа да, құрлыққа да, жалпы 

адамзатқа да пайдалы қадам болатынына сеніммен қараймыз.



Эмомали РАХМОН,

Тәжікстан  Республикасы-

ның Президенті:

– Ашық-жарқындығы, шын-

шылдығы, 

тартымдылығы, 

адамға  деген  сүйіспеншілігі 

–  мұның  бәрі  де  Нұрсұлтан 

Әбішұлының  табиғатына  тән 

қасиеттер.  Қазақ  жұртының, 

елінің  көп  ұлтты  халқының 

алдындағы,  тарихтың  алдын-

дағы  жоғары  жауапкершілік 

сезімі  оның  бойынан  әманда 

ажыраған емес.

Ол  ұлы  ұйымдастырушы  ретінде  Қазақстанды  кеңестен 

кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. 

Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  саладағы  табыстары 

тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете 

алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының 

даусыз басшысы.

1 желтоқсан – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Аудан әкімінің құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ СЫРДАРИЯЛЫҚТАР!

ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ САЯСАТКЕРЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ?

Хосе Луис Сапатеро,

 Испанияның бұрынғы 

премьер-министрі:

-Экономикалық 

әлеуеті 

жөнінен  Қазақстан  Орталық 

Азиядағы аймақтық көшбасшы. 

Ал,  осының  бәрі  дерлік  мем-

лекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  көреген  саяса-

тының  жемісі  деп  жоғары 

бағалаймын.  Бұл  кісі  елінің 

ертеңі  үшін  ерінбей  еңбек 

етіп,  ерен  ерлік  көрсете  білді. 

Президенттің пәрменді бағдарламаларын өзге ел басшыларының 

пайдалануы  оның  асқан  саясаткер  екендігін  білдіреді.  Сондай-

ақ,  Нұрсұлтан  Назарбаевты  мен  әлемдік  деңгейдегі  көшбасшы 

деп  білемін.  Оның  басшылығымен  Қазақстан  дамудың  қайран 

қаларлық биігіне көтерілді. Бүгінде, Қазақстанның жаңа астанасы 

- Астана қаласына тамсанбайтын адам жоқ. Мұның барлығы ай-

налып келгенде елдің болашағының зор екендігін айшықтайды. 

Мереке құтты болсын, ағайын!


Социалистік Республикасы дейтұғын елде тұратын халықтардың 

ішіндегі ең момыны, ең сорлысы қазақтар болғаны ащы да бол-

са шындық еді. Қазақ азаматтары «Қазақпын» деп те, «Менің ана 

тілім – қазақ тілі» деп те қасқайып тұрып, мақтанышпен айта ал-

майтын. Бүгінде бұл қиындықтардың бәрі артта қалып, сан ұрпақ 

аңсаған,  мыңдаған  жылдар  бойы  ата-бабаларымыз  армандаған 

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық. Тәуелсіздік алған 

жылдары  мемлекет  өзінен-өзі  орнай  салғандай,  өзінен-өзі  дами 

беретіндей  бөрікті  көкке  лақтырып,  жұртшылық  қуанышқа 

бөленді. Есі шыққан ел не істерін білмей шеруге де шықты. Шын-

туайтына  келгенде,  бұл  кезде  бұрын-соңды  қазақ  басынан  кеш-

пеген  бақытты  басынан  өткерді.  Бұрын  ешқандай  тәжірибесі 

болмаған  елде,  даму  жолының  өнегесі  болмаған  жерде  тәуелсіз 

мемлекет орнатуды қолға алды. Бұл адамзат тіршілігіндегі, адам 

санасындағы, оның тәжірибесіндегі қиынның ең қиыны еді. Осы 

жауапкершілікті қалың  елдің  ішінен  суырылып  шығып,  мойны-

на алған, өз тағдырын елінің тағдырына балаған, сөйтіп халықтың 

солардың ылғи үзіле берген үмітін жалғаған азамат – халқының 

ержүрек перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.

Тәуелділіктен  арылып,  тәуелсіздікпен  қауышқан  тұста, 

қиын  кезеңде  Н.Назарбаев  елді  апатқа  ұшыратып  алмай,  аман 

алып  шығудың  жолын  іздеп  шарқ  ұрды.    Жан-жақтан  қызыға 

емес  қызғана  қараған  мемлекеттер  көреген  басшының  ерлігін, 

қайсарлығын,  тәуекелшілдігін  көзімен  көріп,  елі  үшін  атқарған 

ерен  еңбектеріне  сүйсінді,  ел  азаматтары  Мемлекет  басшысына 

қолғабыс  жасады.  Арпалысқан,  аласапыран  кезеңде  үйреніскен 

қалыпты жүйенің астаң-кестеңі шығып жатқан, алда не боларын 

білмей жұрт сасқалақтаған уақытта Елбасымыз именбей қол бас-

тады, тар кезеңнен дара жол тапты. Алаштың аманатын мойны-

мен көтерді. Азаттыққа қолымызды жеткізіп, мәртебемізді тасыт-

ты, абыройымызды асқақтатты. Сын сағатында, алмағайып заман-

да  екі  өмір,  екі  дүние,  екі  дәуір  арпалысқа  түскен  шақта  кемел 

көшбасшымыз осындай қадамға барды. Керек десеңіз, бәйгеге ба-

сын да тікті. Ештеңеден, ешкімнен қаймыққан жоқ. Қалай барды? 

Неге сенді? Кімге сенді? Бұл арасы ол кезде тек оның өзіне ғана 

мәлім еді. Ес жиған кезде Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен халқымның 

тәуекеліне сендім» – деп жазғаны да, «...Мен өз халқымның жо-

лында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын 

садаға  ететін  осындай  текті  халыққа,  мені  ұлым  деп,  перзентім 

деп  төбесіне  көтерген  халыққа,  арғы-бергідегі  қазақ  баласының 

бірде-бірінің  пешенесіне  бұйырмаған  бақыты  –  толыққанды, 

тәуелсіз  мемлекет  құрудың  басында  болу  бақытын  бұйыртқан 

халыққа  қызмет  етуден  артық  ештеңенің  керегі  жоқ,  осы  жол-

да  мен  бойымдағы  бар  қайрат-қабілетімді,  білім-білігімді  ая-

май  жұмсаймын,  қандай  да  тәуекелге  барамын...»  деп  ағынан 

жарылғаны  да  ел  есінде,  жұрт  жадында.  Қандай  да  бір  шешім 

қабылдағанда  да,  нендей  бір  істі  бастағанда  да  Елбасы  осылай, 

үнемі  халыққа  сеніп,  халқына  арқа  сүйеп  келеді.  Президентті 

қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да 

– қазақ жұрты екеніне сенді және сене береді.

Елбасы  туралы  жазылар  тарихтың  тамыры  терең,  аясы  кең, 

маңызы жоғары. Тар кезеңде азаматқа елдің тілегін жүзеге асы-

ратын жүрек те, білек те қолдайтын тілек те керек еді. Ел сенімін 

арқалаған  Елбасы  халықтың  үмітін  ақтады.  Соның  арқасында 

халқымыз  бастан  кешпеген  өмірді  көріп  отыр,  жүріп  өтпеген 

жолға түсіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевты қазақтың пешенесіне 

берген, халық үшін туған ұлы перзенті дейтініміз сондықтан.

Әуел бастан Елбасы саясатының алтын арқауы, басты өзегі – 

ел бірлігін сақтау болды. Әрдайым елдің ынтымағы мен бірлігін 

жұрт санасына сіңіріп отырды, аузынан тастамады. Билікті қолына 

алған сәттен бастап осыны саясатының туы етіп ұстап келеді.

Бабаларымыз  бізге  мирас  етіп  кеткен  сол  жолдан  Елбасы 

ешқашан  тайған  емес.  Небір  тар  жол,  тайғақ  кешуден  де,  неше 

түрлі сыннан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман өтті. Ел-

басы осының бәріне шыдады. «Мұратымызға жету үшін біз осын-

дай қиын жолдардан да өтуіміз керек, төзімді болуымыз керек», 

–  деді  Көшбасшымыз.  «Тілі  байланған,  қол-аяғы  кісенделген 

ел  едік.  Енді  аяқ-қолы,  тілі  босаған  соң,  жұрт  еркін  сөйлеуді 

де  үйренсін»,  –  деді.  Кеңшілік  жасады.  Соның  нәтижесінде 

көрші елдер бүлініп жатқанда, бізде ешкім мұңайған емес. Осы-

лай  зайырлы,  демократиялы  ел  атандық.  Жұрт  еркін  жүреді, 

еркін  сөйлейді.  Бірақ  демократия  аузына  келгенді  оттау,  ойы-

на келгенді істеу емес екендігін, демократия дегеніміз интеллек-

туалды  ақылдың  билігі  екендігін  жұрттың  бәрі  түсіне  бермеді. 

Бәзбіреулердің  түсінгісі  де  келмеді.  Сол  бір  алмағайып  кезеңде 

Президентіміз халықтың ортасынан шыққан нағыз интеллектуал 

екендігін,  саясатта  салқынқандылық,  төзімділік  керек  екендігін 

шебер дәлелдеді. Кемеңгерлікке тән мінез танытты. Риза болған, 

әбден сенген ел азаматының соңынан ерді. Ері де елін адастырған 

жоқ. Сөйтіп, көкірегіміз қарс айрылғандай өзіміздің Мәскеуіміз, 

өзіміздің Одағымыз деп жүрген елде тірі пенде білмейтін қазақ 

деген халықты, Қазақстан деген мемлекетті бүгінде бүкіл әлемге 

танытты.

«Мен  сендердің  төбелеріңнен  алтын  жаудырамын  деп  уәде 

бермеймін,  бұдан  да  қиын  кезеңді  бастан  кешерміз»  дегенінің 

өзінде  де,  қай  сайлауда  да,  қайбір  таңдауда  да  ел  тағы  да  сол 

Нұрсұлтан Назарбаевты таңдады.

Сенім  үдесінен  шыққан  Елбасы  ел  тізгінін  ұстаған  1991 

жылдың  1  желтоқсанынан  бергі  жерде  экономикаға  төтеннен, 

сырттан киліккен бүкілдүниежүзілік дағдарыстың да алдын алу, 

бетін  қайтару  амалдарын  іздестіріп,  тосқауыл  қоюдың  жолда-

ры  қарастырылды.  Елді  тоқсаныншы  жылдардың  аяғындағы 

дағдарыстан  аман  алып  қалды.  Елбасымыздың  дағдарыстан 

шығару  әдістеріне,  мемлекет  құрудағы  тәжірибесіне  бүгіндері 

көптеген  іргелі  елдердің  ерекше  ден  қойып  отырғаны  да 

сондықтан.  Біз  бұрын  толыққанды  мемлекет  орнатпаған, 

желбіретіп ту тікпеген, астана салмаған, орда тұрғызбаған ел едік. 

Елбасының сарабдал саясатының арқасында жері бай, әл-ауқаты 

дамыған,  бақытты  адамдар  мекендейтін  мемлекет    болдық. 

Тұғырлы  мемлекеттің  бас  қаласы  Еуразия  жүрегінде  орнала-

сты.  Елордамыз  бүгінде  халықаралық  қатынастардың  да  аста-

насына  айналды.  Сортаң,  қу  тақыр  даламыз  бүгінде  әлем  мой-

ындайтын  Ақорда атанды. Байтақ Қазақстанды орманға, жасыл 

елге  айналдырамын  деген  Елбасының  «Жасыл  ел»  дейтін  жо-

басы  «Мәңгілік  Ел»  орнатамыз  деген  байырғы  Түркі  қағанаты 

заманындағы  бабаларымыздың  асыл  мұратын  еске  салады.  «Біз 

болашақ  ұрпаққа  дамыған,  келешегі  кемел  Қазақстанды  табыс 

етуіміз керек» – деген Елбасыны көп ретте Абылай ханмен салыс-

тырып  та  жатамыз.  Сөз  жоқ,  Алаштың  айбыны  болған  Абылай 

халық жадында, ел тарихында мәңгілік қалады. Дана қайраткер, 

кемел тұлғаның: «Үш жүздің басын қоссам, қала салсам, сөйтіп 

көшіп-қонған жұртымды ел етсем» деген арманы асқақ болатын. 

Абылайдың да сол арманын жүзеге асырған, аманатқа адал болған 

адам – тағы да сол Нұрсұлтан Назарбаев. «Тымақ – төбесінен, ел 

төресінен тозады» дейді халық. Құдайға шүкір, қазақтың тымағы 

бүтін, төресі төрінде.

Тұңғыш Президентіміз ешқашан халқына жалған уәде берген 

жоқ, ақиқаттан айныған емес. Алматыдан арқа төріне Астананы 

көшіргенде де халық Елбасын бір ауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасы Президентінің: “Менің бабалары ба-

тыр, аналары дана халқым бар. Тағдырдың талай тауқыметін мой-

ымай көтерген, өмірдің небір шырғалаң кезеңдерінде небір ала-

сапырандарды  басынан  кешірген  төзімді  халқым  бар.  Өздерінің 

халі  мүшкіл  бола  тұрып,  өзінікі  түгіл  өзге  ұлттың  жетімін 

тентіретпеген,  қаншама  ұлт  пен  ұлыстарға  пана  бола  білген 

мәрт халқым бар. Жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі 

кіршіксіз қардай ақ ақкөңіл халқым бар. Талай жаудың меселін 

қайтарып,  ел  іргесін  сөгілтпей,  жерін  жауға  бермей  аман  алып 

қалған батыр халқым бар. Күмбірлете күй төгіп, тамылжыта ән 

салып, қырық күн, қырық түн жырланатын дастандарды дүниеге 

келтірген  өнерпаз  халқым  бар.  Қаншама  данышпан-даналарды, 

кемеңгер  ғалымдарды,  алып  батырларды,  сұңғыла  шешендерді, 

тура билерді дүниеге келтірген тәкаппар да паң халқым бар. Мені 

де осы халықтың дүниеге келтіріп, менің де Ұлы даланың қасиетті 

топырағына  кіндік  қанымның  тамғанына  ризамын.  Айналайын, 

жомарт  халқымнан,  дана  халқымнан,  көнтерлі  халқымнан!»  – 

деп тебіренуінің өзі оның елге деген риясыз сүйіспеншілігі мен 

махаббатының белгісі.

«Қатты  жерге  қақ  тұрар,  ынтымақты  елде  бақ  тұрар»  деген 

сөз  бар  бабаларымыздан  қалған.  Еліміздің  ынтымағына  қазір 

жер-жаһанның бәрі де қызығып отыр. Жер-жерде топалаң келіп, 

топан  су  басып,  түрлі  шиеленіс-қақтығыстар  болып,  қайбір  ел-

дер  дағдарыстан  еңсесін  көтере  алмай  жатыр.  Билікке  тала-

сып,  баққа  таласып,  таққа  жармасып  жатқан  кейбір  даңққұмар, 

таққұмарлардың не ойласа да, халық, елдің тыныштығын, жердің 

бүтіндігін, ердің абыройын тілейді. Елбасының да күні-түні ой-

лайтыны  осы.  Оның  халқымен  қаны  да,  жаны  да  бір,  жүрегі 

де,  тілегі  де  бір,  әр  күні,  әр  сағаты  туған  елінің  тағдыры  үшін 

күреспен өтіп келеді. 

Қазір ел дамыды, жер аяғы кеңіді. Кеше бір қырдың астында 

отырып, келесі қырдың басына барып келгенін жыл бойы әңгіме 

қылып айтатын қазақ, бүгінде таңертең үйінде шай ішіп, Парижде 

түстеніп, кешке қайта оралып жатса бұған ешкім таң қалмайтын 

болды.  Барамын  деген  жеріне  барып  жатыр,  аламын  деген  асу-

ын алып жатыр, істеймін деген ісін жасап жатыр, ойлағанымыз 

орындалып  жатыр.  Елбасының  қадір-қасиетін  осы  тұрғыдан  да 

бағалауымыз керек.

Ең  әуелі  жалпақ  дүниеге  ат  ізін  салып,  барған  жерінен  бос 

қайтпай,  еліміздің  туын  аспандатып,  еңсесін  асқақтатты.  Сөзін 

өткізді.  Адуынды  алпауыттардың  бүйрегін  бүлк  еткізіп,  елдегі 

тұралап  жатқан  шикізат  пен  өндіріс  көзіне  шеттен  оңтайлы  ин-

вестиция тарта білді. Соның арқасында жеті қат жер астындағы 

шикізат көзіне қол жеткізер технологиясы жоқ... бесаспап білгір 

маманы  жоқ...  қаржы  көзі  тапшы  дамушы  елден  –  бұл  күнде 

әлемнің  алпауыт  мемлекеттері  санасатын  дәрежеге  жеттік. 

Еліміздің талантты да алғыр жастарын «Болашақ» бағдарламасы 

бойынша  шетелде  білімін  жетілдіруге  жол  ашылды.  Көреген 

көшбасшының осы ұстанымының нәтижесінде қазір менталитеттік 

технологияның құлағында ойнайтын ойы оралымды, ақылы зерек 

жастар елдің басқару жүйесінде, ғылыми зерттеу институттарын-

да, өндіріс ошақтарында білек түріп жұмыс жасауда.

Елбасымыз көпұлтты мемлекеттің де негізін қалаушы. 

Адам өмір бойына үйренеді, ұдайы жетіледі. Әрдайым өзін-

өзі қамшылау, білімдіден үйрену, білгеніңді үйрету, сол арқылы 

қоғамды  алға  сүйреу  –  Президентіміздің  айрықша  қасиеті. 

«Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  отыз  елдің 

қатарына  кіру  стратегиясы»  –  ұлт  болып,  Елбасы  болып,  өзін-

өзі  қамшылаудың  айрықша  көрінісі.  Бәсекеге  қабілетті  болу 

үшін  –  адам  факторы  алғы  межеге  шығады.  Ол  адам  бәсекеге 

қабілетті,  білімді  болуы  керек.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жыл-

дарында,  ең  бір  қиын  кезеңде,  1993  жылы  бюджет  саласының 

қызметкерлеріне жалақы төлеуге қаржы табылмай жатқанда мем-

лекет өзінің ертеңін ойлады. Халықаралық “Болашақ” стипендия-

сын тағайындады. Білім берудің қазақстандық жаңа моделі жасал-

ды. Білім беру саласында өмір бойы білім алу, өмір бойы іздену; 

үзбей жетілу тұжырымдамасы алғы межеге шықты.

Елбасы  бастамасымен  2003  жылы  ешбір  елде  жоқ  “Мәдени 

мұра”  мемлекеттік  бағдарламасы  жүзеге  асырыла  бастады. 

Дүниенің  төрт  бұрышына  шашылып  кеткен,  жоғалған,  қолды 

болған,  уақыт  топырағына  көміліп  қалған,  шетел  асып  кет-

кен  небір  ғажайып  жәдігерлер  қайтып  оралды.  Ауыз  толтырып 

айтуға  тұратын  жауһарларымыз  жарқ  етті.  Қазақтың  ұлылығы 

мен    асқақтығын  дәріптейтін  «Алтын  Адам»  дүниеге  танылды. 

Ұлтымыздың ұмытылып, жоғала бастаған рухани құндылықтарын 

қайта жаңғырып, барын базарлап, жүйеге түзіп, халықтың күнбе-

күнгі  қажетіне  жарады.  Ғажайыптарды  ғылыми  айналымға 

енгізіп, ұрпақ санасына сіңіру жұмысы да басталды. Айналадағы 

елдер көжесін тауып ішуге зар болып жатқанда – біздердің баба-

лар мұрасын түгендеуіміз айтуы жоқ ыждағаттылық еді!

Көптеген  елдер  1999  жылғы  азиялық  экономикалық 

құнсыздану  құйынынан,  2008  жылдан  басталған  дүниежүзілік 

дағдарыстан қиналып, апшысы қуырылып жатқанда – керісінше, 

еліміз қарқынды дамудың дара жолына түсті.

Өткен  ғасырдың  90-жылдарындағы  азиялық  дағдарыстан  да 

Елбасының  көрегенділігінің  арқасында  аман  өттік.  Қазақстан 

дамуының  2000-2030  жылғы  стратегиясы  –  елдің  кемелденуіне 

арналған  сараптама  екенін  келе-келе  түсіндік.  Әлгі  стратегия 

елге  толқын-толқын  болып  келетін  жеті  түрлі  серпіліс  әкелді: 

ұлттық  қауіпсіздік  жүйесін  нығайту;  елдің  саяси  құрылымын  – 

Президенттік институт, қос палаталы Парламент – архитектура-

сын  қолмен  құру;  30  корпоративтік  көшбасшы  нысанды  шеге-

лей түсіп, елді ашық нарыққа көшіру; білім беруді, денсаулықты, 

әлеуметтік  әл-ауқатты  сатылап  көтеру  арқылы  өмір  сапасының 

ұлттық стандартын жасау; экономикадағы голланд ауруын еңсере 

отырып,  көмірсутегі  көздерін  өндіруден  Қазақстанды  мұнайлы 

елдердің ондығына шығару; көлік және байланыс жүйесін жолға 

қою;  кәсіби  басқару  жүйесін  қалыптастыру.  Бұл  жеті  жоба-

ны  жүзеге  асыруда  Елбасы  АҚШ-тың  өткен  ғасырдың  отызын-

шы  жылдарындағы  Рузвельттің  Ұлы  дағдарыстан  шығу  жолын, 

Қытайдағы  Дэн  Сяопин  драконының  секірісін,  Малайзияның 

«Перспектива 2020» жоспары секілді сол елдерді іркілістен же-

телеп  шығарған  әлемдік  тәжірибелерді  де  ескерді.  Бұл  асу-

дан  сүрінбей  өту  оңайға  түспеді.  Алайда,  еліміз  бұл  беле-

стен  мерзімінен  ерте  өтті.  Уақыт  –  жинақтауға,  көбейтуге,  кері 

қайтаруға көнбейтін құдірет. Дүниеде уақытты жеңе білген адам 

жоқ.  Уақытпен  ұстаса  білген  адамдар  ғана  ұтады.  Осы  орай-

да,  алмас  тасындай  жарқылдаған  Президенттің  уақытпен  сана-

са жүруі – мінезінің ең асыл қырларының бірі екенін тағы да бір 

дәлелдеді. Астана қаласында бой көтерген Ұлт көшбасшысының 

есімімен аталған халықаралық деңгейдегі жаңа университет білім-

ғылымның  жаңа  биігіне,  сапасы  бөлек  байтақ  әлемге  айналды. 

Университет заманауи базалық орталығы бар, әлемдік талаптарға 

жауап бере алатын, Массачусетс технология институты, Гарвард, 

Оксфорд, Колумбия университеттері секілді жоғары оқу орында-

рымен пара-пар. 

Жұмыр  жерде  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  дәйекті  ету 

мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің 

лидерлері бас қосқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 

елдер  басшылары  кеңесінің  саммитінде  «Не  мәселе  қозғалар 

екен» деп елеңдесті жұрт. Жұмыр жердің тең жарымын жайлаған, 

дүниені  аузына  қаратқан  алып  елдердің  басшылары  арасында 

Президентіміз айрықша нұсқаланып көрініп, ой толғады. «Енді не 

қыламыз» деп дағдарыстан үркіп дағдара бастаған жайсаңдар мен 

жақсыларға серпін берер тың сөз айтты, санасына сенім ұялатты.

Нұрсұлтан  Әбішұлы  –  жаңашыл  адам.  Жаңашылдық  оның 

мінезінің  ең  асыл  қыры.  Жыл  сайынғы  үлкен  сегіздік  (G8) 

пен  жиырма  алпауыттың  (G20)  бас  қосқан  жиындарда  тосын 

жаңашылдығымен көзге түсіп отырады. Әлем бойынша өзге ел-

дерден  бұрын  дағдарыстан  шығу  кілтін  ұсынды.  Валютаның 

аспанға  ұшып  кетуінің  жеті  түрлі  себеп-салдарын  жіліктеп 

шықты. Тұла бойында жеті түрлі генетикалық сырқаты бар валю-

таны, ақаулы капиталды – Президентіміз «дефектал» деп атады. 

«Жаңа дамуға жаңа белгі, тың атау берілгені жөн. Ертедегі грек-

тер дамудың жоғарғы кезеңін «акме» деп атаған. Бойында ауру-

сырқауы жоқ таза капиталды жаңаша «акметал» деп белгілейік, 

ал жаңа әлемнің болашақ сатысын ендігі жерде «акметализм» деп 

атаған дұрыс болар» деп көрегендік танытты. Ертеңгі күнге қалай 

қадам басуды ойласуға шақырды. Әуелі ақаусыз, ауру-сырқаусыз 

өңірлік  жаңа  валютаға  көшкен  жөн  деді.  Баяғы  жеті  залалды, 

дімкәсті  валютаның  шаңын  қағып,  сауықтырып,  әлемдік  акме-

валютаның  –  жеті  ақаусыз  жаңа  жүйесіне  ертерек  көшкеніміз 

дұрыс  деп  дабыл  қақты.  Валюталық-есептік  бірліктерге  арнап 

өңірлік  және  континенталдық  эмиссиялық  орталықтар  жүйесін 

жасаған жөн деп нығыздады. Сөйтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа 

жүйені – әлгі ақаусыз әлемдік валютаны – баяғы адамзатты топан 

судан құтқарған Нұх кемесіне теңеді.

«Адамзат  әлі  біліп  болмаған  дағдарысты,  айрықша  үрейлі 

құбылысты  терең  зерделеуіміз  қажет.  Ескі  догмалар  мен 

стереотиптерді  сілкіп  салып,  экономикалық  заңдарды  қайта 

қарастыратын  кезең  келді.  Жаңаша  батыл  көзқарас  қажет»,  – 

дегенді алғаш айтқан да Қазақстан Президенті болды.

Дүниежүзілік  жаңа  әлемдік  транзиталға  көшу  ұсынысы 

Президентіміздің жарқ еткен жаңашылдығының тағы бір көрінісі. 

Президенттің  пәрменді  іс-қимылынан  кейін-ақ,  дағдарыс  қазақ 

ұлтын нарық көпірінен есен-аман өтетін өміршеңдігін күшейтті. 

Дағдарыстан  –  дамуға  қадам  басамыз  деген  сенім  жүрегіміздің 

төрінен  шығып,  көңілден  үрей  кетті.  Екінші  экономикалық 

форумға  жиналған  әлемнің  жетекші  компаниялары  мен  даму 

институттарының 

дүлдүл 


сарапшылары 

Елбасымыздың 

реформаторлық, жаңашылдық мінезіне тәнті болды. Ұсынысты – 

экономикалық қауіпсіздіктің кепілі деп бағалады. Осыны естіген 

елдің  еңсесі  көтерілді.  Н.Назарбаев  осы  тұста  адам  санасының, 

қоғам дамуының тамыршысы екенін, әрі психолог, әрі ғажап эко-

номист,  әрі  кемеңгер  саясаткер  екендігін,  қазақ  айтатын  сегіз 

қырлы, бір сырлы мінездің иесі екендігін танытты.

Президентімізді  бұл  күнде  әлем  мойындайды.  Әлемнің 

саясаткерлері  Ұлт  көшбасшысына  қатысты  өздерінің  жақсы 

пікірлерін қалыптастырған. Мәселен, Ұлыбританияның саясаткері 

Джонатан  Айткеннің  Лондонда,  ағылшын  тілінде,  «Назарбаев 

және Қазақстанның дүниеге келуі: коммунизмнен – капитализм-

ге» деп аталатын кітабы жарық көрді. Бұрын бұл автордың АҚШ 

президенті Ричард Никсон туралы кітабы шыққан. «Назарбаев ту-

ралы кітап жазуға не себеп болды» деген тілші сауалына кәнігі 

саясаткер:  «Дүниедегі  саяси  лидерлер  маңайына  ауа  райын  жа-

сай біледі. Маңайына жарқыраған шуақ шашсын, я болмаса нөсер 

әкелсін, әйтеуір өзінше ауа райын туғызған лидерлер тегін болмай-

ды. Олар туралы жазу да, оқу да қызық. Мен айтсам: өзінің саяси 

өмірін Кеннеди мен Хрущевтан бастап, осы күнгі Обама мен Мед-

ведевпен бір бойлықта қажыр-қайрат танытып жүрген жампоздар 

некен-саяқ. Өмір баспалдағы өнеге баспалдағына айналған адам 

ретінде Назарбаев оқырманды қатты қызықтырады” – деп жауап 

берсе, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги МУН «Қазақстан Президентінің 

көреген  саясаты  болмағанда,  бұл  өңірдегі  халық  әлі  күнге 

дейін  ядролық  сынақтардан  зардап  шегіп  отыруы  мүмкін  еді. 

Н.Назарбаевтың бастамасымен Орталық Азияда ядролық қарудан 

ада аймақ құру жобасы іске асты. Бұл Солтүстік жарты шарда он-

дай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта ала-

мын» деген жүрекжарды лебізін айтып, Елбасымызға өзіндік баға 

берген. Алысты да, жақынды да дүркін-дүркін Астанаға жинап, 

әлем  тыныштығын  әлпештеп  отырған  Тұңғыш  Президентімізге 

сексеннің сеңгіріне шыққан Израильдің лидері Шимон Перес те 

мемлекет  басшысын  көргенде  ет  жақынын  көргендей  құшағын 

ашумен болғаны да жадымызда.

Елбасымыз  әлемдік  мінберлерден  әлемдік  толғаныстарды 

толғап жатқанда, жер бетіндегі күллі адам баласының тағдырына 

шырылдап араша түсіп жүргенде, айымыз оңынан туып тұрған за-

манда бар ақыл-ойымызды, күш-жігерімізді бүгінгі бақытымызды 

баянды  етуге  жұмсауымыз  керек.  Бүгінгі  табысты  еселейтін, 

елді  алға  сүйрейтін  кадрлардың  намысшыл  жаңа  буынын 

қалыптастырып,  өркениетті  ел  болудың  амалын  бірлесіп  ойла-

су қажет. Бұл ретте, ұлы Абайдың: «...Біздің қазақтың достығы, 

дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, жер іздеуі, жұрт 

тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, жаулап, 

ұрлап,  кірпік  қақтырмай  отырғанымыз.  Осылай,  жер  жүзіндегі 

жұрттың  қоры  болып,  бірімізді-біріміз  аңдып  өтеміз  бе?  Жоқ, 

қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық – қалып; өнерді, 

малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн бо-

лар ма екен!»  деп күйінгенін ешқашан естен шығармаған жөн. 

Президентіміз  есепсіз  көп  нәрсені  істеді.  Тәуелсіздігіміз  ба-

янды  болуда.  Ауыр  әрі  абыройлы  асудан  астық.  Дүниедегі 

қабырғалы  елдердің  қатарына  қосылдық.  Осының  бәрі  айналып 

келіп, Елбасын – ұлттың құтқарушысы, ұлттың бас иесі етті.

Нұрсұлтан Әбішұлы – ұлттың көшбасшысы, ұлт намысының 

қамшыгері.  Қазір  әлемдік  саясатты  игеруде,  экономиканы 

еңсеруде,  өз  халқының  тарихын,  тілін,  мәдениетін  білуде  Ел-

басымыз  еңселі  істерді  жасап  келеді.  Еуразия  кіндігінде  ұлт 

пен  ұлысты  сүттей  ұйытып,  күнбе-күн  келісім  мен  жарасым 

шамшырағын  жағып  отырған  мемлекеттің  тетігін  қалаушы 

да  көреген  көшбасшымыз.  Алпауыт  күштер  сырттан  андыз-

дап тұрғанда, ел ішінде адам баласы түсініп болмайтын шытыр-

ман  оқиғалар  арпалысып  жатқанда,  Назарбаев  көрегендікпен, 

көсемдікпен  есеңгіреген  елдің  есін  жиып,  Ұлы  далада  өте 

қысқа  мерзімде  бұрын-соңды  болмаған  бүтіндей  жаңа  мемле-

кет  орнатты.  Орнатып,  қалыптастырып,  дамытып,  әлемге  та-

нытып,  әлемдік  қауымдастыққа  мойындатып  қана  қойған  жоқ, 

мемлекеттіліктің,  ел  басқарудың  өзіндік  жаңа  қазақстандық 

мектебін қалыптастырды. Өзі де әлем қауымдастығы мойындаған 

кемеңгерге  айналды.  Ел  алдындағы,  өркениет  алдындағы  осын-

дай аса жауапты міндетті Елбасы, сөйтіп абыроймен орындады. 

“Сүйер ұлың болса, сен сүй” деп Абай айтқандай, Нұрсұлтан На-

зарбаев қолпаштауға да, қолдауға да, қошеметтеуге де тұратын; 

қалай  мақтаса  да  сыятын,  соған  лайықты  кісі,  ортасынан  ойы 

озған, қатарынан қалпы озған азамат. Елбасының аз ғана жылдар-

да адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа 

аңыз болып жететіні сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда 

мың  өліп,  мың  тірілген  қазақтың,  үш  ғасыр  бодан  болған  елдің 

тізгінін Нұрсұлтан Назарбаевтай азаматтың ұстауы – халқымызға 

берілген сый. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, 

арманына да Тұңғыш Президентіміздің тұсында жетті. Тәуелсіздік 

алғаннан бастап ел Президентінің жарқылдаған келбетін, биік бол-

мысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін 

айқын таныдық.

Мемлекет  басшысы  елімізді  дамыту,  өркендету  жолында 

әлем  елдерімен  тығыз  қарым-қатынас  орнатып,  көршілес  мем-

лекеттер  арасында  экономикалық  одақ  құруға  септігін  тигізді. 

Еуразиялық  экономикалық  одаққа  мүше  болып,  үшжақты  бай-

ланыс  орнату  арқылы  Қазақстанның  экономикасын  арттыру-

ды көздеді. Бұл жұмысы да бүгінде өз нәтижесін бере бастады. 

Сондай-ақ,  мемлекеттің  экономикасын  әртараптандыру  үшін, 

халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту,  елімізде  тұрақтылық 

пен бейбітшілікті сақтау мақсатында жыл сайын халыққа Жолдау-

ын жолдайды. Онда жан-жақты дамудың тетіктері қарастырылып, 

оның орындалуын өзі қадағалап отырады. Жолдаулары кемел ке-

лешекке бастайтынына қазақ жұрты зор сеніммен қарайды. Оған 

қолдау көрсетіп келеді.

Жүз  қырықтан  астам  этнос  өкілдері  бақытты  өмір  сүріп 

жатқан  Қазақстан  үшін  маңызды  міндет  -  этносаралық  және 

конфессияаралық  диалог  пен  өзара  іс-қимылды  сақтау  және 

нығайту  болып  табылады.  Мемлекет  басшысының  бастама-

сымен  ең  алғаш  елімізде  құрылған  Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясы  –  біздің  елімізде  бейбітшілік  пен  келісімді  қолдаудың 

тиімді  тетігіне  айналды.  Тәуелсіздік  таңында  құрылған  Ас-

самблея  өзінің  маңыздылығы  мен  тарихи  қажеттілігін  көрсету 

ісінде  Қазақстанның  жаңа  бірегей  қоғамдық  және  мемлекеттік 

институтқа айналған. Ел Президенті жүргізіп отырған саясаттың 

арқасында барша азаматтардың толеранттылығы мен құқығының 

теңдігі  және  бостандығы,  Қазақстан  халқының  бірлігі  жылдан-

жылға  нығая  түсуде.  Бүгінде,  біздің  республикамыз  түрлі  эт-

ностар  мен  конфессия  өкілдерінің  бейбіт  өмір  сүруінің  үлгісін 

көрсетіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұратын барлық 

этностардың мәдениетін, тілін және дәстүрін дамытуға ұдайы зор 

көңіл  бөліп  келеді.  Сондай-ақ,  Мемлекет  басшысының  мұндай 

саясаты  қазақстандық  қоғамның  тұрақтылығының  іргетасы  бо-

лып  табылады.  Көшбасшы  тұлғаның  ел  үшін  жасаған  барлық 

қызметі,  барлық  әлеуметтік-экономикалық  реформалары  тек 

халықтың  игілігі  үшін  жасалды  деп  батыл  айтуға  болады. 

Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар 

салу  жалғасуда,  қазақстандықтардың  өмірі  сапасын  жақсартуға 

бағытталған  бірқатар  әлеуметтік  бағдарламалар  жүзеге  асуда. 

Қазақстанның бірде-бір өңірін, бірде-бір ірі кәсіпорнын назарынан 

тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелерін 

бес  саусағындай  біліп,  оны  шешудің  жолдарын  қарастырып 

келеді. Оның нәтижесі бүгінде барша қазақстандықтарға аян.

Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар 

қадір-қасиетін  бойына  жиған,  тілін,  тарихын,  мәдениетін,  әдет-

ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, 

оның  мәртебесін  өсіріп  келе  жатқан,  халқының  үмітін,  сенімін 

ақтап  келе  жатқан  ұлтжанды  қайраткер.  Ол  қалың  елдің  жана-

шыры,  мұңдасы,  тағдырласы,  қорыққанға-қорған,  тарыққанға 

–  пана,  зарыққанға  -  сана  бола  білген  өз  елінің  адал  перзенті. 

Алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем. 

Халықаралық  қауымдастыққа  кеңінен  танылған,  өркениетті 

елдердің  басшыларымен  терезесі  тең,  сөйлескенде  сөзі  асатын, 

егескенде  еңсесін  басатын,  елдескенде  мейірімін  шашатын  сөзі 

дуалы саясаткер. Мемлекет басшысының қызметінің көлемі кең 

және көп қырлы, тек саясат және мемлекеттік басқару салалары-

мен  ғана  шектеліп  қалмайды.  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан 

армиясының  Жоғарғы  Бас  Қолбасшысы,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  және  «Нұр  Отан»  Партиясының  Төрағасы  бо-

лып табылады. Бұл оның республиканың осы маңызды қоғамдық 

институттарын  қалыптастырудағы  және  нығайтудағы  ора-

сан  тарихи  рөлінің  заңды  көрінісіне  айналды.  Сонымен  қатар, 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті,  Қазақстан 

Республикасы  Қауіпсіздік  Кеңесінің,  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығының,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  кеңесінің, 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвестор-

лары кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 

Кәсіпкерлер  кеңесінің,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорын 

басқару  жөніндегі  кеңестің,  Назарбаев  Университеті  Жоғары 

қамқорлық  кеңесінің  төрағасы  болып  табылады.  Ол  экономика 

ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 

академиясының,  Халықаралық  инженерлік  академияның,  Ресей 

Федерациясы  әлеуметтік  ғылымдар  академиясының  академигі. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 

құрметті профессоры, Беларусь ғылым академиясының құрметті 

мүшесі  және  М.В.Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік 

университетінің  құрметті  профессоры.  Тұңғыш  Президентіміз 

Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Ал-

тын  Қыран»  орденімен,  сондай-ақ  әлемнің  көптеген  елдерінің, 

халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградалары-

мен марапатталған.

Көк  түріктің  кіндігінен  жаралғандардың  ішінен  озып  туғаны 

да,  түркі  тектес  халықтардың  лидері  де  -  Елбасы.  Тәуелсіздігімізді 

өзге  мемлекеттерден  бұрын  ең  алғаш  мойындаған  Түркия  елінің 

президенті  Т.Ердоғанның  Н.Назарбаевты  «Түрік  әлемінің  лидері» 

дегені  Ұлт Көшбасшысына берілген бағаның келісті көрінісі.

Қазақтың шапқан тұлпардың тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты 

талатын  ұлан-ғайыр  даласы  бар.  Ата-бабаларымыз  ақ  найзаның 

ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорғап  қалған  соншама  алып  далада, 

мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны екені мәлім. 

Бір  кезде  жығылған  Орданы  қайта  тігу,  құлаған  туды  қайта  тіктеу, 

елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс. Бізде ондай 

елдің  де  барын,  бізде  ондай  ердің  де  барын  мақтаныш  ете  аламыз. 

Елдің аты – Қазақстан, ердің аты – Нұрсұлтан. Бұл күнде «Қазақстан», 

«Астана», «Назарбаев» деген сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға 

айналды.

Біз  бүгін  ұлтымыздың  абыройына,  киесіне  айналған  Тұңғыш 

Президентіміз  үшін  мақтана  да,  марқая  да  алатын  халықпыз.  Елба-

сымыз  үшін  мақтанғанымыз  –  елдігіміз  үшін  мақтанғанымыз. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  жасап  жатқан  жасампаз  еңбегі 

ұшан-теңіз.  Тұңғыш  Президентіміз  тұғырлы  мемлекеттің  негізін 

қалаушы.  Ол  барда  қазақ  елінің  мерейі  үстем  болмақ,  «Мәңгілік 

Ел» атанбақ. Оған деген құрмет ретінде жыл сайын «1 желтоқсан - 

Тұңғыш Президент күні» болып аталып келеді. Биыл елімізде үшінші 

рет  тойланатын  айтулы  мерекенің  маңызы  айрықша.  Себебі,  бұл 

мереке  Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  негізін  салушы  Тұңғыш 

Президенттің орасан зор еңбегін құрметтеу үшін бекітілген. Осы күнді 

атап өту кезінде ел Парламенті «Қазақстан Республикасының тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституция-

сын, адам мен азаматтардың құқықтарын және бостандығын қорғауды 

қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып 

табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының 

орасан  зор  шынайы  құрметі  мен  сеніміне  ие  болды.  Осыған  орай, 

аталған заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш 

Президентінің  Республикаға  сіңірген  зор  ғаламат  еңбегі  танылады. 

Заңды  қабылдау  мемлекетіміздің  азаматтарының  отаншылдық  ру-

хын арттыра түседі» деп атап көрсеткен болатын. Иә, Мемлекет Бас-

шысына құрмет көрсету  барлық елдерге тән.  Өйткені,  ең  ауыр  жүк 

елдің президентіне түседі, ол әр азаматтың құқы мен бостандығының 

сақталуының  кепілі  және  елдің  қауіпсіздігі,  тұтастығы  және  ел-

жұрттың амандығы үшін жауапты тұлға болып саналады. Өзге елдер-

де де Президент күні аталып өтеді. Сол секілді елімізде де Тұңғыш 

Президент  күнін  атап  өту  үрдіске  айналуда.  Бұл  мерекенің  тойла-

нуы саналы халықтың өз перзентіне деген құрметі және бұл болашақ 

ұрпақ  үшін  қажет.  Мәртебемізді  биіктететін  бүгінгі  мереке  барша 

қазақстандықтарға құтты болсын! Елбасымыздың денсаулығы мықты 

болып,  Тәуелсіз  мемлекетімізді  өркендету  жолындағы  жасампаз 

істері жүзеге аса берсін! 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал