90 Әож 355. 337 (574) Қазақ солдатының Ұлы отан соғысы кезіндегі портреті



жүктеу 58.13 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі58.13 Kb.

 

90 


ӘОЖ 355. 337 (574) 

 

ҚАЗАҚ СОЛДАТЫНЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ПОРТРЕТІ 

 

Сактаган А.С., Әбішева А.Ә. 

(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) 

Ғылыми жетекші: Малыбаева Б.С., т.ғ.к, доцент 

 

 

 

Бүкіл адамзат екінші дүниежүзілік соғыстан құтылғанына да 70 жыл. Соғыс... Сұм 



сұрапыл  соғыс  миллиондаған  жанды  күйзеліске  ұшыратып,  миллиондаған  жанның 

өмірін қиды. 1941-1945 жылдардағы соғыс тарих сахнасында Ұлы Отан  соғысы деген 

атпен қалды. Жұмыр жерді дүр сілкіндіріп, қанды-балақ гитлершілердің Кеңес Одағына 

баса-көктеп  кірген  сәттен  бастап  осы  азаптан  кім  құтқарады?  Зұлым  фашистерді  кім 

тоқтатады? 

 

  Осындай  сан  түрлі  сұрақтар  болған  еді.  Ұлы  Отан  соғысында  Кеңес 



Одағын  мекендеген  әр  түрлі  этникалық  халықтар  бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас 

шығарып  Отанын қорғады. Осының нәтижесінде сұрапыл соғыс ақыры біздің жойқын 

жеңісімізбен аяқталды.  

Кеңес  жауынгерлері  қанішер  жаумен  қасық  қанын  аямай  осылай  шайқасты. 

Олардың  бәрін  ортақ  іске,  жеңіске  деген  нық  сенім,  социалистік  елге  деген  шексіз 

махаббат,  интернационалдық  сезім  біріктірді.  Туған  еліне  деген  сүйіспеншілік 

жауынгерлерді алға сүйреді, бұл туралы майдангер жазушы Б.Горбатовтың « Өмір мен 

өлім  жайында»  атты  әңгімесінің  кейіпкері  әдемі  айтты:  «Мұнда  әрқайсымыз  өзіміз 

үшін және Отан  үшін алысамыз! Өз тағдырымыз үшін. Естимісің, бізді  Отанымыздан 

айыра  алмайсың,  айыра  алмайсың;  біз  оған  қанымызбен  де,  жанымызбен  де,  бүкіл 

тәнімізбен берілгенбіз. Оның тағдыры 

 біздің тағыдырымыз. Оған төнген ажал қаупі 



бізге төнген ажал қаупі. Оның жеңісі 

– 

біздің жеңісіміз [1, 9-б.].  



Өжеттік  пен  ерлікке  бару  кездейсоқтық  емес,  Отан  алдындағы  жауынгерлік 

борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке мойынұсыну еді. Халықтың жүрегінде екі рет 

Кеңес Одағы Батыры атағын алған Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский, 

Иван  Павлов,  Кеңес  Одағының  батырлары  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова, 

Төлеген Тоқтаров тағы да басқа батырлардың есімі мәңгі сақталады.  

Сонымен  қатар  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  жүз  мыңнан  астам  қазақстандық 

жауынгерлер Отан қорғаудағы ерліктері үшін орден, медальдармен марапатталды. Бес 

жүздей  жерлестерімізге  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді,  жүзден  астамы  Даңқ 

орденінің  толық  иегерлері  атанды  [1,  10-б.].  Бұған  қоса  сол  кездерде  есімдері  елеусіз 

қалған көптеген батырлар да болды. 

Қаншама  отандастарымыз  майдан  даласында  оққа  ұшса,  қаншама  жерлестеріміз 

жараланып  келді.  Біздің  де  атамыз  Малшыбайұлы  Сәлтен 

  Ұлы  Отан  соғысына 



қатысқан ардагер.  

«Артында том-том тарих хаты да жоқ, 

Мұралық мирасқорға заты да жоқ, 

Перзенттей қара күңнен заңсыз туған 

Ұмыт боп кетер еді аты да жоқ

Қош, тіпті табылсын-ақ, із сарқыны, 

Қазылып небір шыңырау- құзар күні. 

Қош, біреу қазақ деген ел өткен деп



 

91 


Ғылымға  доктор  болсын  біз  арқылы», 

  деп  ақын  ағамыз  Жұбан  Молдағалиев 



жырлағандай [2, 390-б.], батыр атамыздың ерен ерлігін бүгінгі  ұрпаққа үлгі-өнеге ету 

біздің парыз. 

Әр  адамның  өз  тарихы  бар  ғой.  Шындыққа   жаны  құмар  атамыз  Малшыбаев 

Сәлтен жыл сайынғы келетін 9 мамыр мерекесін қатты жақсы көретін еді. Бұл күндері 

атамыз  омырауына  барлық  ордендері  мен  медальдарын  тағып,  балаларына, 

немерелеріне,  мектеп  оқушыларына  сұрапыл  соғыс  туралы  естеліктерін  айтудан 

жалықпайтын. 

Сәлтен атамыздың  жалғыз ұлынан алған сұхбатында: «Әкемнің тарихының естен 

кетпес тұстары – Отан қорғау жылдары еді», 

 деп айтты. 



«Ер  бақыты  ел  қолында,  ел  бақыты  ерлер  қолында», 

  деп  батыр  атамыз 



Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер  – Қазақстан халқына бейбітшілік, 

тыныштық,  береке,  бақыт  орнатқандар  [3,  230-б.].  9  мамыр  Жеңіс  күні 

  әр  адамды 



толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, сол 

жылдарда  қиындыққа  төзіп,  соғыстың  ауыр  күндерін  өткізген,  бейбіт  өмір  сыйлаған 

атамызды мақтан етеміз. 

Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан атамыздың өмірі жайлы естелік ретінде айтып өту 

біздің  перзенттік  парызымыз  деп  ойлаймыз.  Сондықтан  қолымызға  қалам  алып,осы 

биылғы  Ұлы  Отан  соғысының  70  жылдығына  орай  атамыздың  ерлігін  ерекше  атап 

кетуімізге тура келіп тұр.  

Атамыз  Малшыбайұлы  Сәлтен  1920  жылы  Торғай  облысы,  Амантоғай 

районындадүниеге келген еді (Куәлік, №1120571/130). Елге қасірет әкелген Ұлы Отан 

соғысы  басталғанда  біздің  атамыз  Малшыбайұлы  Сәлтен  23  жастағы  жігіт  екен.  Жау 

тигенде  үнсіз  қарап  қалуды  ар  санаған  атамыз  өз  өтініші  бойынша  1942  жылы  25 

маусымда  майданға  аттанады.  Алғашқысында  Челябі  облысының  Шұбаркөл  деген 

жерінде  1-2  ай  дайындықта  болады.  Содан  кейін  151  атқыштар  бригадасының 

құрамында  майданға  атанады.Соғысқа  алғашқы  кіргенде  жаяу  әскер  қатарында 

пулеметчик  болып,  өзінің  көрсеткен  ерлігі  үшін  1942  жылы  «Ерлік  үшін»  медалі 

берілген (Орден кітапшасы, №623088). 

1943  жылы  әйгілі  Курск  шайқасында  болған.  Фашистер  Курск  аймағына  жаңа 

шабуыл  ұйымдастырмақшы  болады.  Курск  шайқасы,  Мәскеу  және  Сталинград 

шайқасы  сияқты  біздің  әскерлеріміздің  бекініс  шебін  құруынан  басталды.  Бірақ  бұл 

бекініс  өзінің  алдын  ала  ойластырылған  тапқырлығымен,  Кеңес  әскерлерінің  күштері 

мен  қаруларының  басымдылығымен,  әскери  жасақтарды  сан  қабат  эшелондық  сапқа 

тұрғызуымен  және  жоғары  белсенділігімен  ерекшеленді  [4,  467-б.].  Кеңес 

қолбасшылары  үлкен  әзірлікпен  дайындалып,  бір  миллионнан  астам  Кеңес  солдаты 

ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, тағы да жеңіске жетеді. Кеңес әскерлерінің 

Курск  доғасындағы  және  Днепрдегі  аса  көрнекті  жеңістері  шыңдай  түсті.  Курск 

шайқасынан  кейін  неміс  армиясын  Кеңес  жерінен  жаппай  қуу  басталады.  Осы  үлкен 

шайқаста атамыз оң қолынан жарақаттанып госпитальда екі ай жатады. Тәуірленгеннен 

кейін қайтадан ұрыс майданына кіреді. Курск шайқасында атамыз біраз ерлік көрсеткен 

болуы  керек  1943  жылы  «Қызыл  жұлдыз  »  орденіне  ұсынылады  (Орден  кітапшасы, 

№I878673).  Атамыз  тура  айтатын,  өтірік,  өсекке  көп  мән  бермейтін  адам  еді.  Соғыс 

туралы атамыз көп әңгіме айтпайтын. «Қаншама командирден, жолдастан айырылдым. 

Шабуылға  шыққанда  ел  үшін,  жер  үшін  Сталин  үшін  деп  ұрандатып  шығатынбыз», 

 

дейтін  атамыз.  Госпитальдан  кейін  59-шы  ауыр  артиллерия  бригадасына  жіберіледі. 



Кеңес Одағының маршалы Рокосовский басқарған 2-ші Белорусь фронтымен, әйгілі екі 

дүркін  болған  Висло

-

Одерская  операциясына  қатысады.  Бұл  шабуылда  бүкіл  Кеңес 



әскерлері  жұмылып,  жерден  де,  ауадан  да  атқыштап,  Одер  өзенінің  батыс  жағындағы 

плацдарымды  шабуылмен  басып  алған.  Неміс  басшылығы  1945  жылы  Кеңес  әскері 



 

92 


бүкіл  күшін  Венгрияда  жұмылдырады  деп  ойлаған.  Бірақ  Кеңес  әскерлері  Польшаны 

басып  алып,  халықты  немістерден  құтқарып,  Берлинге  60  шақырым  жерде  ғана 

тоқтаған.  Сол  ұрыстардың  бірінде  атамыз  көзге  түскен  болуы  керек,  командирі  көп 

адамдарға марапат тапсырды, соның ішіінде атамыздың кеудесіне III дәрежелі «Даңқ» 

ордені тағылды [5]. 

Әжеміздің  айтқан  әңгімелеріне  сүйенсек,  Сәлтен  атамыз  немістердің  қаласы 

Кенисбергке шабуыл жасағанда артиллерияның күші ерекше болды деседі. Қамалдарды 

бұзып  өтіп  артиллеристер,  танкистер,  саперлар,  жаяу  әскерлер,  қаланың  әрбір 

көшесінде  немістермен  шайқас  жүргізді.  Осыдан  кейін  неміс  солдаттары  тұтқынға 

беріле  бастады.  Кенисбергті  алып,  Берлинге  дейін  барады.  1945  жылы  атамыз 

Коммунистік  партияға  мүше  болып  кірді.  Соғыс  біткеннен  кейін,  резервке  шығып 

Жапонияға қарсы соғысқа дайындалады. Сонымен, атамыз Малшыбайұлы  Сәлтен 1942 

жылы 25 маусымда соғысқа кеткеннен 1946 жылы 4 мамырда елге келеді. 

Әжеміздің естеліктеріне сүйенсек, Сәлтен атамыз туыс-туғанның ортасына аман-

есен  оралғаннан  кейін  еңбек  жолын  1947  жылы  Амантоғай  колхозында  бастайды. 

Жұмыстың қиыншылығына төзе білген ол Курган руднигінде «Свинецразведка» треста 

9  жыл  еңбек  етеді.  Коммунист  партиясының  мүшесі  ретінде  атамыз  әр  салада  1985 

жылға  дейін  үздіксіз  еңбек  етеді.  Қай  салада  жұмыс  істесе  де,  жұмысын  абыройлы 

атқарып,  алғысқа  бөленіп  отырды.  Амантоғайда  ең  бірінші  болып  жеміс-жидек 

ағаштарын  отырғызған.  «Ауылдастары  кім  үшін  отырғызып  жатырсын?» 

  дегенде, 



атамыз: «Немерелер үшін», – деп жауап беріпті. 1990 жылы 10 қазанда еңбек жолында 

ауыр жарақат алады (1 топтағы мүгедек). 

1995  жылы  4  сәуірде  Ұлы  Отан  соғысының  50  жылдық  мерекесі  қарсаңына  аз 

ғана  уақыт  қалғанда  Торғай  облысы,  Амантоғай  ауданында  дүние  салды.  Атамыздың 

айтуы бойынша: «Өспеген тұқым, аталарында жалғыздан бала болған, өзі де бір атадан 

жалғыз,  әулеттің  ішінде  қарашаңырақ»,

  –

  деп  есептейді,  біреу  жолға  шығарда  осы 



үйден  аман  келуге  дәм  татып  кетеді  екен.  Бұл  кісінің  өзіннен  1947  жылы  дүниеге 

келген  жалғыз  баласы  Салтенов  Сақтаған  қазір  жасы  67-де,  құрметті  еңбек 

демалысында.  

«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегендей, жалғыз келіні  Кәмилада 

31  жыл  ұстаздық  етіп,  елдің,  халықтың  алғысына  бөленген.  Атамыз  Сәлтен  жалғыз 

баласы Сақтағаннан 6 немере: Ақмарал, Айгүл, Серік, Даулет, Нұргүл, Берік,сонымен 

қатар  10  шөбере:  Азамат,  Ерсін,  Айдана,  Жансұлтан,  Айсауле,  Төреқабыл, 

Мадина,Қыдыралі, Айару, Тәуекел бар. 

Ұлы  Жеңіске  қазақстандықтар  да  зор  үлес  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер 

қолдарына  қаруларын  алып,  майдан  даласында  жан  аямай  ұрыс  жүргізіп,  жеңіс  күнін 

жақындатты. Соның бірі 

– 

біздің атамыз Малшыбайұлы Сәлтен жалғыз баласынан алты 



немере сүйіп, Аллаға шүкіршілік еткен. Немерелеріне ерекше құрметпен қарайтын кісі 

еді.  Кешегі  жауынгер,  бүгінгі  ардагер  аға  ұрпақтың  ерлігі  ешқашан  ескірмейді, 

ұмытылмайды. Олардың өмір еңбек жолдары әр қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш 

сезімін оятып, көп ұлтты, көпконфессиялы ынтымақты шаңырағымыздың іргетасында 

қалтқысыз қызмет ете беретін болады.  

Бүгінде күллі әлем жеңістің өшпес тарихи мәнін бағалап отыр. Аталарымыздың, 

майдангерлеріміздің  жауынгерліктері,  ержүректлігі,  Отанға  деген  сүйіспеншілдік 

көрінісі болып қала береді. 

 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Ел  мен  ердің  жеңісі.  Публицистикалық  мақалалар,  очерктер,  естеліктер  /  Құраст.  М. 

Кеңбейілов // Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. – Алматы: Қазақстан, 1985. – 256 б. 



 

93 


2.

 

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. – 3 томдық. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 688 б. 



3.

 

Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Повесть, әңгіме, нақылдар. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240 б. 



4.

 

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгігнге  дейін). – Бес томдық. – 4-том. – Алматы: Атамұра, 



2010. – 752 б. 

5.

 



Жарқынбеков Р. Ұмытылмас естелік // Қостанай таңы.  – 2015.  – 10 ақпан. 

 

 



 

УДК 94(47) 

 

О РАБОТЕ ПО ПЕРЕСЕЛЕНИЮ ЭВАКУИРОВАННЫХ ГРАЖДАН 



ИЗ ПРИФРОНТОВОЙ ПОЛОСЫ В СЕВЕРНЫЙ КАЗАХСТАН 

 

Чухно А.В. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 

 

Великая  Отечественная  война,  семидесятилетний  юбилей  Победы  в  которой  все 

честные,  порядочные  и  благодарные  люди  отметили  в  нынешнем  году,  остается  в 

душах,  сердцах  и  памяти  подавляющего  большинства  граждан  постсоветского 

пространства как событие, поделившее мировую историю на «до» и «после», на мирное 

и  радостное  ожидание  дня  грядущего  и  время,  запечатлевшееся  в  судьбах  людей  и 

страны  черным  горем  и  слезами  вдов,  детей,  матерей,  сестёр,  оставшихся  без  своих 

мужей, отцов, сыновей, братьев, ушедших на фронт и не вернувшихся оттуда. 

С  высоты  наступившего  второго  десятилетия  XXI  века  проблемы,  возникшие  в 

стране  в  далеком    июне  1941  г.,  актуальны,  значимы  и  порой  спорны.  Существуют 

разные точки зрения на тех, кто защищал, как защищал, насколько умело и беззаветно 

боролся  с  «коричневой  чумой»,  каковы  были  планы  и  надежды  у  участников  тех 

трагических и великих событий, но, пожалуй, и в те времена и в нынешние, было и есть 

одинаковое  отношение  к  людям,  оказавшимся  ввергнутыми  в  жернова  войны,  к 

местному  населению  прифронтовых  полос,  бежавших  или  организованно 

эвакуированных, от наступающих соединений вермахта. 

Северный  Казахстан  явился  для  тысяч  соотечественников  тем  новым  домом, 

который принял, разместил, накормил и сохранил человеческое достоинство, здоровье, 

надежду на будущее и просто жизнь.  

Прием  и  размещение  эвакуированных  соотечественников,  заводов,  учебных 

учреждений  и  госпиталей  в  нашей  области  потребовал  от  местных  управленческих  и 

хозяйственных  структур,  простых  горожан  и  сельчан  не  просто  потесниться  для 

принятия  переселенцев,  но  и  проявлять  чудеса  самоотверженности,  благородства, 

самопожертвования и находчивости. 

Эвакуация из прифронтовых полос отчаянно сопротивляющегося СССР имела две 

принципиальные  отличительные  черты:  либо  это  были  мирные  граждане, 

эвакуированные  государством,  люди,  спасавшиеся  сами  от  гитлеровской  оккупации, 

либо  это  были  так  называемые  «спецпереселенцы».  Они  были  тоже  советские 

граждане,  но  «неподходящей»  национальности,  а  поэтому  перевозимые  силой,  дабы, 

как  тогда  понимали  «власти»,  не  было  в  тылу  отступающих  войск  Красной  Армии 

поддержки гитлеровцам, прорывавшимся вглубь страны.  

Казахстан  явился  местом  переплетения  судеб  тех  и  других.  В  республику 

прибывали мирные жители оккупированных западных районов СССР. Доставлялись в 

специальных  поездах  немцы  Поволжья,  поляки  из  Западной  Украины  и  Западной 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал