№9 (893) қазан 2013 жыл Ещё одна медаль



жүктеу 0.62 Mb.

бет1/7
Дата05.03.2017
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

№ 9 (893) қазан 2013 жыл

Ещё одна медаль

Неоспоримы  победы  в 

спорте!  Добежал  первым, 

прыгнул выше – ты лучший. 

Так  и  мы  лишь  способны 

восхищаться  теми,  кто 

может  преодолеть  себя  и 

принести в родную команду 

очередную медаль.

А если речь идет о че-

ловеке,  перешагнувшем 

седьмой  десяток  лет,  но 

продолжающем  спортив-

ную карьеру? 

Доцент  кафедры  физ-

воспитания  Камеш-агай 

И с м а г у л о в  в  с о с т а в е 

сборной  РК  участвовал  в 

Чемпионате  мира  масте-

ров спорта по самбо среди ветеранов в болгарском городе 

Буркас. В чемпионате участвовали команды из пяти стран: 

США, России, Украины, Чехии и Казахстана. 

-Уступил  только  самбисту  из  российской  команды,  в 

результате получил второе место в личном зачете в своей 

весовой категории, - делится впечатлениями мастер спорта. 

– Наша команда тоже заняла второе место. Сколько сорев-

нований за спиной, но желания победить, соревновательный 

азарт,  волнения  меньше  не  становится.  С  годами  только 

учишься управлять эмоциями, но радость все равно скрыть 

трудно. Я горжусь своей очередной наградой!

По секрету Камеш-агай сказал нам, что в скором времени 

планирует завершить спортивную карьеру. «Вот еще одно 

соревнование – и достаточно!» - сказал Камеш Исмагулович. 

Мы же пожелаем, чтобы таких «еще одних боев» было как 

можно больше.



Қазан  айының  отыз  бірінші  жұлдызында  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  акт 

залында  Ұлт  Көшбасшысы  –  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Қорының  өкілдері  жоғары  оқу  орны 

студенттерімен және жас ғалымдармен кездесті.

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

Бұл  шараға  университет  оқытушылары,  университеттің 

ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі 

проректоры Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, Қор жанындағы Жас 

ғалымдар  кеңесінің  маманы  Едигеева  Роза  Мақашқызы,  Қор 

жанындағы  Жас  ғалымдар  кеңесінің  мүшесі,  А.Байтұрсынов 

атындағы  тілтану  институты  директорының  орынбасары,  аға 

ғылыми қызметкер, ф.ғ.к. Фазылжанова Анар Мұратқызы, Қор 

жанындағы  Жас  ғалымдар  кеңесінің  мүшесі,  С.Сейфуллин 

атындағы қазақ аграрлық-техникалық университетінің кафедра 

меңгерушісі, т.ғ.к. Аукажиева Жанар Мұратқызы қатысты.

Жиынды ашқан Әбілсейіт Қапизұлы құрметті қонақтарға қош 

келдіңіз айтып, кездесудің екі жақ үшін де маңызы зор екендігін 

тілге  тиек  етті.  «Қазіргі  таңда  білім  және  ғылым  министрлігі 

елімізде  ғылымның  дамуына,  ғылыммен  шұғылданушы 

жастарға  айрықша  назар  аударып  отыр

ҚР  Білім  туралы 

және  Ғылым  туралы  заңын  негізге  ала  отырып,  қаламыздың 

жоғары  оқу  орындары  нәтижелі  жұмыс  жасауда  деп  айтуға 

толықтай  негіз  бар.  Сөзіміздің  дәлелі,  студенттер  болсын, 

магистранттар болсын түрлі ғылыми жобалардан тыс қалған 

емес  және  университетіміздің  ғалымдары  да  ғылымның 

дамуына өз үлестерін қосуда. Қажырлы еңбек етіп, ғылыммен 

шұғылданып  жүрген  батыс  қазақстандық  ғалымдардың 

еңбектері еленіп, бағалануда. Осыған орай, Ұлт Көшбасшысы 

–  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Қоры  да 

біздің жас ғалымдарға қолдау көрсетуден аянып жатпағанын 

айта кеткен жөн. Бүгінгі кездесуден маңызды ақпараттар алып, 

сұрақтарыңызға толық жауап ала аласыздар деп ойлаймын» 

-деп Әбілсейіт Қапизұлы кездесуге сәттілік тіледі.

ҚР  Тұңғыш  Президенті  қоры  жанындағы  Жас  ғалымдар 

кеңесінің мүшелері Ж.М.Аукажиева қордың мақсат-міндеттері, 

миссиясы,  жұмыс  бағыттары  жөнінде  толық  мәлімет  берсе,  

А.М.Фазылжанова қор жұмысының ауқымы кеңдігін, соның бір 

бағыты  –  Жас  ғалымдар  кеңесі  екендігін  атап  өтіп,  кеңестің 

жұмысы, жетістіктері туралы сөз қозғады.

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Қоры 

еліміздің тұңғыш президентімен бекітілген, әлеуметтік, мәдени, 

білім беру, қоғамдық-саяси бағыттарды қамтитын коммерциялық 

емес ұйым болып табылады. Бұл қор жұмысының ауқымы өте кең. 

Еліміздің білімі мен ғылымы саласын дамытуға үлес қосып жүрген 

ғалымдарға  ғана  назар  аударып  қоймай,  шығармашылықпен 

айналысатын жастар мен студенттердің, ғылыми ұйымдардың, 

жас  ғалымдардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына,  мәдениет 

және  өнер  саласындағы  талантты  жастарды  тауып,  қолдау 

көрсету,  шығармашылық  жобаларға  да  қолдау  көрсету, 

жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру қор жұмысының 

негізгі бағыттары болып табылады. ҚР Тұңғыш Президентінің 

қоры  қаржылық  қолдаумен  көлемді  екі  шараны  -  жастардың 

форумы және халықаралық ғылыми конференцияларды өткізеді. 

Және  қор  қайырымдылық  қызметтерін  атқарудан  да  қалыс 

қалған емес. Қордың ұйымдастырып өткізіп жатқан іс-шаралары 

еліміздің  білім,  ғылым, 

мәдениет  саласына  да 

өзіндік үлес қосуда. Қазіргі 

Қазақстан - инновациялық 

технологиялар,  ғылыми, 

мәдени,  экономикалық 

жағынан  биік  асуларға 

ұмтылушы ел. Сондықтан, 

жастарға  бағыт-бағдар 

беріп, жарқын болашаққа 

ж о л   а ш ы п ,   ғ ы л ы м и 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ п е н 

ш ұ ғ ы л д а н ы п   ж ү р г е н 

ж а с   ғ а л ы м д а р ғ а 

қолдау  көрсетуде  Жас 

ғ а л ы м д а р   к е ң е с і н і ң 

орны  ерек ше.  Негізгі 

жұмысы - қор тарапынан 

ж а с   ғ а л ы м д а р д ы ң 

та лант тарын  шың дау 

мақсатында  өткізілетін 

байқауларға келіп түскен 

өтініштерді  сараптау, 

е ң б е к т е р і н   б а ғ а л а у 

және  марапаттау  болып 

табылады.  Бұл  кеңестің 

құрамында 13 жас қоғамдық негізде ақысыз қызмет атқарады,-

деп қатысушыларға толық мәлімет беріп өтті қор өкілдері және 

алдағы болатын байқау ережелерімен таныстырып өтті.

Біздің университетіміздің 3 студентінің ғылыми жұмыстары 

үздік  деп  бағаланып,  қор  атынан  шәкіртақыға  ие  болды. 

Осы  орайда,

  ҚР  Тұңғыш  Президенті  қорының  шәкіртақы 

иегері,  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің 3 курс студенті

 Тресова Әсемгүл Жасылбекқызы 

сөз  алып,  университет  ректоратына,  ғылыми  жетекшісіне, 

қолдау көрсеткен қор өкілдеріне алғысын білдірді.

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің  Жас  ғылымдар  кенесінің  төрайымы 

Тілекқабылова  Динара  Жарқынқызы  оқу  ордамыздағы  жас 

ғалымдар кеңесінің жұмысы туралы есеп берді.

Университетіміздің жас ғалымдары, студенттері ойларында 

жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Светлана БЕККУЖИЕВА, 

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 

1-курс магистранты

Специальности аккредитованы 

на международном уровне!

24  сентября  Высший  аккредитационный  совет  германского  агентства  AKQUIN  на  основании  представленных 

документов принял решение о международной аккредитации специальностей «5В011200 Химия», «5В011000 Физика» и 

«5В010900 Математика» ЗКГУ им. Махамбета Утемисова. Наш университет является первым в Западном регионе, прошедшим 

процедуру аккредитации на международном уровне. 

В 2012 году Западно-Казахстанский государственный универ-

ситет им. М.Утемисова заключил договор с германским агентством 

AKQUIN по трем специальностям. Процедура аккредитации вклю-

чает в себя подготовку университетом отчета по самооценке спе-

циальностей на основании международного стандарта качества 

образования. Это - требования к качеству преподавательского 

состава, используемых методик преподавания, содержания об-

разовательных программ, наличие лабораторной базы, научно-ис-

следовательских проектов, сотрудничества с зарубежными вузами 

и академической мобильности, трудоустройства выпускников, обе-

спечение студентов литературой, раздаточными материалами, на-

личие системы электронного обучения e-leаrning и многое другое.

-Европейские  стандарты  качества  включают  в  себя  более 

100  критериев,  охватывающих  все  сферы  жизнедеятельности 

университета. С чувством глубокого удовлетворения хотелось бы 

отметить, что наш университет соответствует данным требовани-

ям, - сказал директор центра стратегического развития и качества 

Олег Винальевич Юров.

В течение года велась организационная работа с экспертами 

агентства. Им были представлены переведенные на английский 

язык документы по организации и методическому обеспечению 

обучения, научно-исследовательской деятельности, материаль-

ной базе университета. С 20 по 25 мая провела свою работу экс-

пертная группа из Германии. В состав экспертной группы вошли 

профессор,  доктор  Вилли



  Фриден  (Технический  университет 

г.  Кайзерслаутерн),  профессор,  доктор  Франк  Хаузер  (Высшая 

школа техники г. Берлин), профессор, доктор Николаус Корбер 

(Университет  г.Регенсбург),  профессор,  доктор  Карл  Хайнц 

Хофманн (Технический университет г. Хемниц), профессор, док-

тор  Кристель



 Райнхолд (Западно-Саксонская высшая школа г. 

Цвикау), эксперт-практик профессор, доктор Рудольф Штаубер, 

руководитель Фраунхофского института силикатных исследований 

ISC, проектная группа IWKS, г. Альценау, студентка теоретиче-

ской физики технического университета г. Хемница Ким Шмидт, 

представители  агентства  AKQUIN  Нина  Сорока  и  Магдалена 

Либ. Они посетили занятия, осмотрели аудитории, лаборатории, 

библиотеку и другие подразделения университета, ознакомились 

с  документами,  планами,  учебно-методическими  комплексами, 

курсовыми работами студентов и др. документами, встречались 

с преподавателями кафедр и студентами.

По результатам проведенных проверок группой экспертов был 

подготовлен отчет, запрашивались дополнительные материалы 

о деятельности вуза.

-Наши германские коллеги особо отметили качество препо-

давания,  имеющуюся  в  университете  учебную  литературу,  со-

держание которой соответствует современному уровню развития 

науки, организацию самостоятельной работы студентов, систему 

контроля качества, действующие в университете тематические 

разделы сайта университета на английском языке, доступность 

для студентов интернет-ресурсов, социальную помощь, которая 

оказывается вузам, отзывы работодателей и уровень трудоустрой-

ства, который достигает 100%. Рекомендации, данные экспертами, 

были приняты к сведению, - сказал О.В.Юров.

Полученное  университетом  свидетельство  германского 

агентства AKQUIN о прохождении международной независимой 

аккредитации  образовательных  программ  по  специальностям 

«химия», «физика» и «математика», является подтверждением со-

ответствия международным требованиям качества образования. 

В связи с этим поздравляем коллектив университета 

и желаем 

всем дальнейших успехов и высоких достижений в развитии 

науки и образования!

Собнф.


№ 9 (893) қазан 2013 жыл

2

УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ



ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТЕ

ЖҮЛДЕГЕРЛЕРМЕН 

ЖҮЗДЕСУ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінде республикалық, облыстық байқаулар 

мен  пікір-сайыс  турнирлеріне  белсенді  қатысып,  

жүлделі  орындарға  ие  болған  студенттермен  кездесу 

өткізілді. 

Шараның  басты  мақсаты  –  оқу  ордамыздың  намысын 

қорғап  жүрген  студенттердің  жеткен  жетістіктерін  өзге 

студенттерге  таныстыру,  пікір  алмасып,  ой  бөлісу  бола-

тын.    Аталмыш  шараға  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізген 

Қазақстан Республикасының «Ата заңым – Айбыным!» атты 

республикалық байқауға қатысып, жүлделі І орын иеленген 

«дизайн» мамандығының 3-курс студенті Сарбалиева Раушан, 

ІІ  орын  иеленген  «дизайн»  мамандығының  3-курс  студенті 

Касимов Наурызбай, «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» 

атты алғашқы республикалық конкурстың облыстық кезеңінде 

«Ең үздік студент» номинация бойынша І орын алған «дизайн» 

мамандығының 5-курс студенті Галиева Мейрамгүл, «Тіл – 

халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы 

тіл  біліктілігі  байқауының  ІІ  орын  иегері  «орыс  тілі  мен 

әдебиеті» мамандығының 1-курс студенті Шабанова Юлия, 

«Тілдарын-2013» олимпиадасының Гран-При иегері «шет тілі: 

екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті Капезова Дина, 

ІІ орын иегірі «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс 

студенті Нұрқашева Фариза, ІІІ орын иегерлері «аймақтану» 

мамандығының 2-курс студенті Тудакова Виктория және «шет 

тілі:екі шет тілі» мамандығының 2-курс магистранты Килишева 

Нұргүл, облыстық «Дала дарындары» байқауының  ІІІ орын 

иегері  «вокалдық  өнер»  мамандығының  1-курс  студенті 

Абилов  Ғиззат,  ІІІ  орын  иегері  «дәстүрлі  музыкалық  өнер» 

мамандығының 2-курс студенті Қасымова Зинат, ІІ орын иегері 

«музыкалық білім» мамандығының студенттерінен құрылған 

«Кәусар» триосы, І орын иегері «хореография» мамандығының 

1-4 курс студенттерінен құрылған «Қыз Жібек» ансамблі, І орын 

иегері «филология:қазақ тілі» мамандығының 3-курс студенті 

Сарсанова Айгерім, «Арт-Самғау-2013» ІІ Халықаралық жас 

суретшілер фестивалін-куің «Көркем тоқыма» номинациясы 

бойынша ІІ орын иеленген Айтжан Ұлғаш, ІІІ орын иеленген 

Ибраимова  Бекзат,  «Бозбала  мен  бойжеткен»  облыстық 

байқауының  Гран-при  иегерлері  «қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

мамандығының  2-курс  студенті  Татаханова  Айдана  және 

«дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2- курс студенті 

Кашкенов Оралхан, ІІ орын иегерлері «филология:қазақ тілі» 

мамандығының  2-курс  студенті  Шынтаев  Жарқынбек  және 

«қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  2-курс  студенті 

Ахметқалиева Самал қатысты. 

Шара  барысында  қатысушылар  байқаудан  алған 

әсерлерімен  бөлісіп,  студенттердің  қойған  сұрақтарына 

жауап берді. 



С 14 по 19 октября в Западно-Казахстанском государственном университете им.М.Утемисова проходила неделя «Голос 

потомков Махамбета», посвященная творческому и духовно-нравственному наследию и в ознаменование 210-летнего 

юбилея поэта. Организаторами мероприятий выступили Международный научно-исследовательский центр «Махамбет», 

кафедры «Казахская филология» и «Практический курс изучения языков».

Голоса потомков Махамбета



Стихи Махамбета являются 

самыми огненными своего времени

это есть собственный голос

собственный язык, собственные 

чаяния народа…

Мухтар Ауезов

КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 

арналған семинар

Қазан айының 14-ші жұлдызында 

М.Ө т емі с о в  а ты н д а ғ ы  Ба ты с 

Қазақстан мемлекеттік университеті 

шаңырағында ҚР Білім және ғылым 

қызметкерлері  кәсіподағының 

ұйымдастыруымен  халықаралық 

семинар оздырылды.

Аталмыш семинарды Батыс Қазақстан 

о б л ы с ы н д а ғ ы  б і л і м  ұ й ы м д а р ы н ы ң 

кәсіподақ  жетекшілері  үшін  Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  ғылым 

қызметкерлері  Кәсіподақ  комитетінің 

төрайымы  Амантаева  Майра  Тұрғанқызы 

және  Азиялық-Тынықмұхиты  аймағы  бой-

ынша  Интернационал  білімді  үйлестіруші 

Малайзиядан  келген  Джером  Фернандез 

өткізді.

Бұл шараны ұйымдастыруға мұрындық 

болған  және  университетте  өткізген 

жетекшілер  мен  ұйымдастырушыларды 

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік  университетінің  ректоры  Асхат  Сәлімұлы 

Иманғалиев қабылдады. 

Кездесуде  жаңа  кезеңдегі  интеграциялық  процестерді 

толықтыру,  білім  саласындағы  кәсіподақ  ұйымдарының  рөлін 

арттыру мәселелері қозғалды және педагогтардың халықаралық 

кәсіподақтық қозғалыстардың дамуына қосқан үлесі турасында сөз 

болды. Қазіргі уақытта 300 млн.-нан астам педагогтардың басын 

қосып отырған 400-ге жуық кәсіподақтық ұйым бар екені айтылды. 

Асхат  Сәлімұлы  Елбасының  сындарлы  саясатының 

арқасында көптеген қазақстандықтардың шетелде білім алуға 

мүмкіндіктері мол екендігін, соның ішінде Қазақстаннан 4000-

нан астам студент Малайзияда білім алып жатқандығын атап 

өтті.  Және  бұл  кездесу  Қазақстан  мен  Малайзия  арсындағы 

ынтымақтықты  бекітіп,  екі  елдің  жоғары  оқу  орындарының 

бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндікті арттырары сөзсіз,- дейді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлері 

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Амантаева Майра Тұрғанқызы, 

Азиялық-Тынықмұхиты аймағы бойынша Интернационал білімді 

үйлестіруші  Джером  Фернандез  және  Азиялық-Тынықмұхиты 

аймағы  бойынша  Интернационал  білімді  үйлестірушінің 

көмекшісі  Диляфруз  Кабирова,  Қазақстан  Республикасының 

Білім  және  ғылым  қызметкерлері  Кәсіподақ  коммитетінің  бас 

маманы  Әлиев  Батыр  Әлиұлы,  сондай-ақ  білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің  облыстық  Кәсіподақ  коммитетінің  төрағасы 

Тұрғаналиев  Галилей  Жәңгірұлы  сынды  семинар  қонақтары 

үшін  БҚМУ  өнер  сахнасында  арнайы  концерттік  бағдарлама 

ұйымдастырылды.

Университеттің  шығармашылық  ұжымы  бұл  орайда 

шақырулы қонақтар мен көрермен көпшіліктің назарына жоғары 

дәрежеде  өз  өнерлерін  көрсетті.  Ақ  Жайықтық  ақын  Қадыр 

Мырзалиевтің  сөзіне  жазылған  «Қазақ  осы»  әнімен  сахна 

шымылдығын ашқан Мұрат Аманчиевтің өнері және оқытушы 

Әлия  Кенжетаева  мен  доцент  Қарлығаш  Айтқалиеваның 

жетекшілігімен өнер көрсеткен биші қыздардың орындауындағы 

«Әжемнің сандығы», «Сылқылдақ» билері кешті қыздыра түсті. 

Сондай-ақ,  «Вокалдық  өнер»  мамандығының  студенттері 

Перизат  Таңатар,  Айдана  Ажғалиева  және  концертмейстер- 

оқытушылар Гүлмира Тащанова мен Клавдия Краденовалар да 

бұл кештен тыс қалмады. Әсіресе халықаралық байқаулардың 

лауреаты  Максим  Поповтың  орындауындағы  Шуберттің 

«Экспромты»  университеттің  классикалық  жанрдағы  өнерді 

де  біраз  бағындырғанын  аңғартты.  Сахнада  өнер  көрсеткен 

«Музыкалық  білім»  кафедрасының  оқытушылары  Раушан 

Қуанышалиева мен Қуаныш Қисметовтың орындауындағы «Сен 

ғана» және Халықаралық «На Николаевский-2013» байқауының 

Гран-При  иегері  «БатысStar»  тобының  орындауындағы 

«Қазақстан»  әніне  көрермен  арасында  қол  соқпаған  жан 

қалмады. Облыстық «Дала дарындары» байқауының лауреаты 

«Кәусар» триосы мен «Музыкалық білім» мамандығының маги-

странты Гүлмира Өтегенова және Халықаралық байқаулардың 

лауреаты, «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті 

Азат  Қабиевтің  өнерін  де  кәсіби  деңгейде  жоғары  бағалаған 

шақырулы  қонақтар  мәдениет  және  өнер  факультетінің 

шығармашылық ұжымына зор алғыстарын білдірді.

«Берекені  көктен  тілеме  -  еткен  еңбектен  тіле»  деген  

екен жазушы Мұхтар Әуезов. Семинарға қатысушы шетелдік 

және  отандық  қонақтар  үшін  арнайы  ұйымдастырылған 

концерттік  бағдарламаға  белсене  қатысып,  шараның  жоғары 

деңгейде өтуіне атсалысқандары үшін өнертану және мәдени-

тынығу  кафедрасының  оқытушысы  Меңдігүл  Еслямғалиқызы 

Сұлтановаға, «Қыз Жібек» би ансамблінің жетекшілері Қарлығаш 

Дайырғалиқызы  Айтқалиева  және  Әлия  Елеуғалиқызы 

Кенжетаеваға, БатысStar» тобының жетекшісі Қуаныш Лабибұлы 

Қисметовке, Кәусар» триосының жетекшісі Гүлмира Екпінқызы 

Өтегеноваға мәдениет және өнер факультетінің атынан алғыс 

жарияланды.

Свою приветственную речь ректор ЗКГУ им. М.Утемисова 

А.С.Имангалиев адресовал студентам. «Алдыңнан ақ күн туа 

берсін, Махамбет ұрпағы!» («Пусть всегда ваш путь освещает 

солнце Махамбета!»), - сказал А.С.Имангалиев.

Первый день недели был посвящен научному анализу на-

следия великого казахского поэта, батыра. В своем докладе 

директор международного научно-исследовательского центра 

«Махамбет» А.С.Кыдыршаев раскрыл ораторский талант народ-

ного героя, умение словом пробудить в сердцах людей патрио-

тизм и чувство собственного достоинства. Об образе Махамбета 

в  творчестве  академика  З.Кабдолова  рассказал  кандидат 

филологических  наук  С.Г.Шарабасов.  Философия  поэта 

как национальное достояние – тема доклада преподава-

теля кафедры «Всемирная история и СПД» К.Т.Тастаева. 

На открытии также прозвучало поэтическое посвящение 

«Ақын рухына тағызым» студента 2 курса филологического 

факультета А.Базарбаева.

На неделе свои работы представили преподаватели, 

магистранты  и  студенты  –  те,  чьи  сердца  навсегда  по-

корены огненными строками Поэта. В рамках программы 

недели прозвучали стихи молодых поэтов, музыканты и 

творческие  коллективы  ЗКГУ  исполнили  кюи,  готовятся 

к  изданию  юбилейные  книги,  посвященные  210-летию 

поэта. По окончании мероприятий активным участникам 

были вручены дипломы. 

-Неделя завершена. Но мы намерены продолжать вне-

дрять изучение жизни, творчества храброго воина, поэта-вдох-

новителя Махамбета. В нашей стране, насчитывающей всего 

17 млн человек, к великому сожалению, не все знают поэта, не 

знакомы с его творчеством. В планах провести воспитательный 

месячник,  посвященный  Махамбету.  Мы  преследуем  благо-

родную цель по популяризации имени поэта Махамбета, его 

творчества не только в Казахстане, но и далеко за пределами 

нашей страны, - сказал А.С.Кыдыршаев.

Марта ДЖУМАГАЛИЕВА

Қазан  айының  28-ші  жұлдызында  М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

Ғылыми кеңесі өтті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

2012-2013 жж. арналған жоспарының орындалуы туралы, уни-

верситет қызметін жоспарлау. 2013-2014 оқу жылына арналған 

жұмыс жоспарын бекіту  туралы БҚМУ-дың стратегиялық даму 

және сапа департаментінің директоры О.В.Юров, 2013-2014 оқу  

жылына  МАК төрағаларының   кандидатурасын бекіту жөнінде 

ОӘЖ жөніндегі проректор Ғ.Қ.Жүсіпқалиева, магистранттардың 

диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыптарын және ғылыми 

жетекшілерін бекіту туралы ғылыми жұмыс және халықаралық 

байланыстар  жөніндегі  проректор  Ә.Қ.Мұқтар  баяндады 

және  ҚР  БжҒМ  жариялаған  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы» 

байқауына үміткерлер ұсыну туралы, Қазақстан композиторлар 

одағының мүшесі Қажымов Қырымгерей Қажымұлын БҚМУ 

қауымдастырылған профессоры академиялық атағына ұсыну 

туралы, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Нұрымбетов 

Еркін Шаяхметұлын БҚМУ қауымдастырылған профессоры 

академиялық  атағына  ұсыну  туралы.  ғылыми  жұмыс  және 

халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұқтар, 

ғылыми зерттеу жобалары бойынша 2013 жылдың жылдық 

есептерін бекіту жөнінде жоба  жетекшілері - Д.К.Меңдалиева, 



М.М.Фартушина, А.Б.Ниязбекова, Ұ.Т.Ахметова, М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  профессорлық-оқытушылар  құрамы 

арасындағы оқытудың инновациялық технологияларын енгізу 

бойынша байқау туралы ережеге енгізілген өзгерістерді бекіту 

туралы ОӘЖ жөніндегі проректор Ғ.Қ.Жүсіпқалиева, 2013-

2014 оқу жылындағы магистратураның аралық аттестаттау 

емтихандарын өткізу түрін бекіту туралы, магистранттардың 

тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін өзгерту туралы, 2-курс 

магистранттары Н.А.Атаханова (6М020500 филология: қазақ 

тілі)  мен  С.Ж.Таспаева,  Г.К.Уразалиева,  М.Н.Ребеноктарға 

(6М010600 музыкалық білім) жаңа жетекші тағайындау, 2-курс 

магистранттары Ш.С.Искалиева (6М042100 дизайн), П.Марков 

(6М011600 география), М.Қ.Есеналиевалардың (6М011300 био-

логия) диссертациясының тақырыбын өзгерту жөнінде жоо-дан 



кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Ж.К.Тастаева, күндізгі 

бөлімде оқитын студенттерге мемлекеттік шәкіртақы тағайындау, 

өтемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің ережесін 

бекіту туралы, 2013-2014 оқу жылына университет ректорының 

грантын тағайындау туралы тәрбие жұмысы және әлеуметтік 

мәселелер жөніндегі проректор Т.М.Дәрішева сөз қозғады.

Айгүл НИЕТОВА,

ғылыми хатшы


№ 9 (893) қазан 2013 жыл

3

Выбор профессии – выбор будущего




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал