№9 (1349) 1 наурыз 2017 жыл, сәрсенбі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайында «Болашақ энергиясының арғы тегі – шырағдандар шеруі» атты көрме өтуде. 100 КҮН Қалды



жүктеу 1.22 Mb.

бет3/13
Дата12.09.2017
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

Қадірлі тараздықтар!

 «Тазалық таза ұстаған жерде орнайды» дейді медицина 

тілінде. Бәрімізге өзгеретін уақыт жетті. Қоршаған ортаға 

жанашырлықпен қарап, табиғатты аялай білейік! Қоғамдық 

орындарда лайықсыз әрекет жасауды тыйып, демалыс орын-

дарын ластап, бүлдіргенді доғарайық. Үйдегі ұл-қыздарымыз 

бен немерелерімізге ізгі істеріміз арқылы үлгі болайық. Үлгі-

өнегені ауызша айтып қана қоймай, нақты іс-әрекетіміз арқылы 

дәріптейік. Көзіміз көрген жерде немқұрайлық танытпай, 

азаматтық көзқарасымызды көрсетейік.

Тараз – қашанда жасыл желегімен сүйсіндіріп келе жатқан 

әсем қала. Жасампаз қаламыз «Жасыл қала» санатында болып 

келеді. Сондықтан да барлық қалалықтарды шаһарымыздың 

көріктеніп-көгеріштенуіне атсалысуға шақырамыз!



Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері:

Т.Гнатенко,  Т.Бакеев,  Г.Губайдулина,  А.Мақашев, 

А.Сүлейманов,  Т.Монастырская,  Ж.Майханов,  

М.Тоқсабаев, Б.Жұмаділдаева, Л.Ералиева, В.Жабасова, 

Л.Чекалина, Ж.Мамыралиев, Е.Жанқожа, М.Жаналиев.

 

„

Биыл қазақ сөз 



өнерінің майталманы, 

заманының Гомері 

атанған Жамбыл 

Жабаевтың 171 жылдық 

мерейтойы. 

Жыр дүлдүліне 

тағзым

Толғанай АТАБАЙ

Осыған орай, кеше қала әкімі Нұржан 

Календеровтің  қатысуымен  жыр 

алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын 

қою рәсімі өтті. Аталған шараға қала 

әкімінің орынбасарлары, қалалық арда-

герлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым 

өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. 

–  Бүгін  жыр  алыбы  Жамбыл 

бабамыздың 171 жылдық мерейтойын 

тойлап отырмыз. Игі шараға облыстық 

ардагерлер де белсенділік танытып, 

өздерінің  парызын  орындады.  «ХХ 

ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл 

ақынның еңбегі өлшеусіз. Өңіріміздің де 

даңқты жыраудың атымен аталуы біздер 

үшін мақтаныш. Ал аймағымыздың 

әлеуметтік-экономикалық  дамуын 

осы кісінің атымен байланыстырсақ 

артық айтпағандық болар еді. Ғасыр 

жасаған  жүректен  шыққан  жалын-

ды  жырлар  өскелең  ұрпақтың  жа-

дында сақталып, болашағына бағдар                                                   

болады, – деді облыстық ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев. 

Сондай-ақ жиналған көпшілік жыр 

дүлдүлі, жыршы, ақын Жамбылдың 

рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл 

шоқтарын қойып, тарқасты. 


ҚОҒАМ

6

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //



 

„

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық төтенше 



жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен көктемгі су тасқынының алдын 

алу бойынша брифинг өтті. 

ТАСҚЫНҒА 

ТОСҚЫН КЕДЕРГІ

Индира БАЙҚОНЫС

Брифингке  облыстық  төтенше  жағдайлар  департаменті 

басшысының орынбасары Ерік Алпысбаев, аталған департаменттің 

төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  бөлімінің  басшысы  Омар                        

Такеев және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің облыстық 

филиалы басшысының орынбасары Дадихан Күтербаев қатысты. 

Онда алғашқы болып сөз алған департамент басшысының орын-

басары Ерік Жомартұлы облыстың таулы аймақтарында сел қаупін 

төндіретін 18 өзен мен 8 су бекеті барын тілге тиек ете келе, онда 

жағдайдың тұрақты екеніне сендірді. 

– Күн сайын су тасқынының қауіпсіздігіне 8 су бекеті арқылы 

мониторинг жүргізілуде. Өзендердегі су мен жауын-шашынның 

мөлшері қатаң бақыланып, бақылау бекеттерінен түскен мәліметтер 

сараланып, бірден «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне 

жолданып тұрады. Жалпы облыста 117 су қоймасы бар десек, оның 

5-і республикалық қарауда, – дейді ол. Сондай-ақ Ерік Жомартұлы 

бұл су қоймаларының 60 пайызы күрделі және ағымдағы жөндеу 

жұмыстарынан өткенін және қала мен аудандардағы арықтарды 

тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын да жеткізді.  

Ал  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  бөлімінің  басшысы 

Омар Такеев жамбылдық төтенше жағдайлар департаментінің 

қызметкерлері барлық табиғи апаттың алдын алу және онымен 

күресуге жан-жақты дайын екендігін атап өтті. 

Жиын барысында тілшілердің басым көпшілігі  Жуалы ауданына 

қарасты Көксай шатқалында орын алған қайғылы оқиға турасын-

да сұрады. Бұл сауалға департамент басшысының орынбасары 

облыстағы тау шатқалдарын бақылау өз міндеттеріне кірмейтінін, 

бүгінгі таңда бұл жайттың ақ-қарасын құрылған комиссия мүшелері 

анықтайтынын айтты. 

 

„

Қазақстан тәуелсіздігін алған 25 жылдың ішінде толайым табыстарға қол жеткізді. 



Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының нәтижесінде өмірдің барлық 

саласында үлкен жетістіктерге кенелдік. Бүгінде бірлігі жарасқан Отанымызда түрлі ұлт 

өкілдері бақуатты ғұмыр кешуде.  

Бірлік биіктерге бастайды

Расында,  күллі  әлемді  шарпыған  қаржы  дағдарысы  ешбір 

мемлекетке оңай тиіп отырған жоқ. Міне, осындай қиын-қыстау 

уақытта еліміз айқын бағытымен стратегиялық жоспар құрып, 

көш түзеп келеді. Сайып келгенде, бұның бәрі – бірліктің арқасы. 

 «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп дана халқымыз бекер айт-

паса керек-ті. Берекесі айрандай ұйыған елімізде жүзден астам 

ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақ елінде 

бас  қосқан  оларды  өткен  тарих  осында  айдап  келген.  Тарих 

қосқан сонау уақыттан бері түрлі ұлт өкілдерінің талай ұрпағы 

осында дүниеге келіп, тамырын тереңге жаюда. Өз салт-дәстүр, 

әдет-ғұрыптарын ұмытпай, ұлықтап келеді.  

Бүгінде  қасиетті  Әулиеата  жеріне  судай  сіңіп,  өмірлік 

бақыттарын  тапқан  өзге  ұлт  өкілдері  де  ел  дамуына  сүбелі 

үлестерін қосуда. Қазір облыста бірнеше жылдан бері ұлттық 

мәдени  орталықтар  жүйелі  түрде  жұмыс  істеп  жатыр.  Онда 

әрбір этнос өкілдері тілін, ділін, діні мен салт-дәстүрін, әдеп-

ғұрпын  сақтап,  дамытуға  мол  мүмкіндік  жасалған.    Сондай-

ақ  әр  орталық    атаулы  даталарға  орай  түрлі  мәдени  шаралар 

ұйымдастырып, ол мерекелерді қалың қауыммен бірге тойлауды 

дәстүрге айналдырған. 

Ә дегеннен ұлттық бірлік пен татулыққа айрықша мән берген 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамбле-

ясын құрды. Жиырма жылдан астам тарихы бар институттың 

жұмысын ұлттық-мәдени орталықтардың төрағалары мен түрлі 

ұлыс өкілдерінің зиялы қауымнан құралған топ мүшелері жандан-

дырып отыр. Елбасы жыл сайын олардың басын қосып, ұлттық 

бірліктің  негізін  нығайту  төңірегіндегі  мәселелерді  бірлесе 

талқылау үшін съезд өткізеді.  Әлбетте, бұл алқалы жиындар 

өзінің оң нәтижесін беріп отыр деуге толық негіз бар.

Қазір  бүкіл  дүние  жүзінің  мемлекеттері  көп  ұлтты 

Қазақстанның жеткен жетістіктері мен әрбір жемісті қадамына 

таңдана қарайды. Барша ұлыстың бірлігі жарасып, бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарғаны еліміздің өрістеп, өркендеуіне 

жол ашты. Сондықтан біздің ұстанған татулық саясатымыз өзге 

мемлекеттерге теңдессіз тәжірибе болып саналып отыр. Әрбір 

қадамымызға қызыға қарайтын төрткүл дүние сол тәжірибені 

үйрену үшін өз өкілдерін жіберіп жатыр. Бұл – біздің мақтан тұта 

алатын мемлекеттік саясатымыз. Тәуелсіздігімізді алған тұста 

кейбір мемлекеттерде егемен еліміз туралы естімеген де адам-

дар кездесіп жатты. Қос қанатын кеңге жайған қырандай айқын 

бағытын ұстанып, алысқа самғаудың арқасында қазір Қазақ еліне 

өзгелер сүйсіне қарайды. Бұл – біздің мызғымас бірлігіміз бен 

тамыры тереңнен басталған татулығымыздың арқасы. Дәл осы 

ұстанған саясатымыз бен айқын бағытымыздың арқасында біз әлі 

талай асулардан асарымыз анық. Ендеше, бірлікті ту етіп ұстаған 

қазақстандықтар жарқын болашаққа батыл қадам жасай бермек. 

«Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деп хәкім 

Абай  өз  заманында  айтып  кеткеніндей,  бір  шаңырақ  астында 

көк байрағымызды биіктетіп, ешкімді кеудесінен итермей, бір 

атаның баласындай болып жарқын болашақ үшін еңбек етуіміз 

қажет.  Сонда  ғана  бірлігі  жарасқан  Мәңгілік  Елге  айналамыз 

деген сенімдеміз.

Камал НАРБАТЫРОВ, 

Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық 

келісім» КММ басшысының орынбасары.

Бақылау күшейтілді.    



 

„

Өңірлік коммуникациялар 



қызметі алаңында өткен брифингте 

облыс әкімдігі денсаулық сақтау 

басқармасының басшысы Тілеухан 

Әбілдаев міндетті әлеуметтік 

медициналық сақтандыру жүйесі 

жөнінде түсінік берді.

Міндетті сақтандыру – 

медициналық кепілдік

Айдана НҰРМАН

Жиында басқарма басшысы Елбасының биылғы Жолдауында 

көрсетілген төртінші басымдықта, яғни «Адами капитал сапасын 

жақсарту» бойынша хабарлама жасады. Сондай-ақ денсаулық 

сақтау саласында биылғы жылы атқарылатын бірқатар міндеттерге 

тоқталды.

–  Ұлт  денсаулығын  сақтау  –  мемлекеттің  назарындағы                                    

басты мәселелердің бірі. Ал Жолдауда көрсетілген әлеуметтік 

медициналық сақтандыру жүйесінің мақсаты денсаулық сақтау 

саласында жеке меншік сектор мен мемлекеттік секторға бірдей 

дәрежеде мүмкіндіктер беру, бәсекелестік ортаны қалыптастыру, 

халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін 

және оның сапа деңгейін арттыру болып табылады, – деді Тілеухан 

Шілдебайұлы. 

Сонымен қатар жиында МӘМС жүйесінің тиімді жақтары да сөз 

болды. Мәселен, әлеуметтік әлсіз топтар (жұмыссыздар, мүмкіндігі 

шектеулі азаматтар, соғыс ардагерлері, т.б.) медициналық қызметті 

тегін алады, мемлекет құқықтық реттеу және қадағалауды жүзеге асы-

рады және жүйеге әр жылда сатылап көшу қарастырылған. «Қызмет 

берушілер жарналарды 2020 жылы 5%-ға жеткізу үшін 2017 жылдың 

1 шілдесінен бастап 2%-дан төлейтін болады» – деген басқарма бас-

шысы дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, 

адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы 

шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалардың қорға төлейтін 

жарналары ағымдағы жылдан бастап – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 

жылы – 5%, 2020 жылы 7%-ды құрайтындығын жеткізді. 

Брифингте басқарма басшысы мектеп медицинасының облыста 

қалай жүргізіліп жатқандығы туралы да айтты. «Мектеп медицинасы 

енді денсаулық сақтау саласына қарасты болғандықтан, балаларды 

сауықтыру, бақылау және диспансерлік есептегі жұмыстарының 

барлығы қалада емхана бөлімшелерінің, ал алыс-шалғай елді мекенде 

ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың жауапкершілігіне берілген. 

Сондай-ақ әркім өзінің тұрғылықты жеріндегі емханалардан аталған 

сала бойынша қажетті қызметтерді ала алады» – деп жауап берді. 

Басқарма басшысы оқушылар арасында орын алып жатқан өз-өзіне 

қол жұмсау фактісінің алдын алу жұмыстарына да жіті тоқталды. 

Мәселен, облыста 2015 жылы 34 суицид жағдайы тіркелсе, бұл 

көрсеткіш 2016 жылы 19 жағдайға төмендеген. Былтырғы жылдан 

бастап қолға алынған психологтардың балалармен жұмыс жүргізу 

деңгейін көтеру мәселелері биыл да өз жалғасын таппақ. Жиын 

соңында Тілеухан Шілдебайұлы биылғы жылы салынатын нысандар 

мен қолданысқа берілетін жаңа ғимараттарды айтып, журналистер 

тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

 

„

 Облыс әкімдігінде мемлекеттік қызмет 



істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп 

жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, онда 

бірқатар заң бұзушылықтар қаралды. 

Заңды белшесінен басқандар тиісті 

жазаларын алды.

Жауапсыздық орға жығады

Индира ТӘЛІПҚЫЗЫ

Кеңес отырысында бірнеше азаматтың жеке мәселесі майшаммен 

қаралды. Мәселен, Жуалы ауданында мемлекеттік бюджет қаражаты 

есебінен  Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай  қызметкерлерге 

материалдық көмек көрсетуде заңсыздықтар орын алған. Нақтырақ 

айтқанда, Қызыларық ауылдық округі аппаратының әкімі Е.Сейдалиев 

3 айлық сынақ мерзімінде жүрген екі бас маманға сыйақы берген.  

Мемлекеттік бюджет есебінен берілген сыйақы мөлшері 293 152 

теңгені құраған көрінеді. Дәл осындай заң бұзушылыққа Күреңбел 

ауылдық округінің әкімі Нұрмолда Таубалдиев пен Жетітөбе ауылдық 

округінің әкімі Б.Сулейменов жол берсе, Қошқар ата ауылдық 

округінің әкімі М.Айдосов өзінің тәртіптік жазасы барына қарамай, 

өзінің өкімімен сыйақы алған. Соңыра белгілі болғандай, берілген 

сыйақының мөлшері 198 632 теңгені құраған. Бұған қоса, Жуалы 

ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы лауазы-

мына 3 ай сынақ мерзімімен қабылданған А.Сыдығалиевке де 27 109 

теңге негізсіз сыйақы беріліпті. Бұған аудан әкімдігінің қызметкерлері 

Қ.Жүзбаев пен Н.Рахманбердиев тікелей жауапты болған. 

Есімдері аталған кісілер өз қателерін мойындап, негізсіз алған 

сыйақыларын  мемлекетке қайтарыпты. Десе де, мұндай бассыздыққа 

жол  берген  жауапты  қызметкерлерге  Әдеп  жөніндегі  кеңес 

«Қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту берді. 

Сондай-ақ кеңес отырысында облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-

құрылыс бақылау басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық 

қатерлеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы қаралды.


//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //

ЖАҢҒЫРТУ 3.0

7

 

„

Жамбыл 



облыстық 

пікірсайыс одағы 

«Еркін пікір» 

жастар қоғамдық 

бірлестігі мен 

Тараз «Парасат» 

колледжінің 

ұйымдастыруымен 

«Жастарға жігер 

берген Жолдау» 

тақырыбында 

конференция өтті.

ПРЕЗИДЕНТ 

ЖОЛДАУЫН АЙТТЫ

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Шараға  Тараз  қалалық  мәслихатының  депутаты  Серікбол 

Берікқожа және аймақ пікірсайысшылары қатысты. Жиынның 

күн тәртібіне Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі халыққа 

Жолдауын жастарға насихаттау, «Еркін пікір» жастар қоғамдық 

бірлестігінің 2016 жылы атқарған жұмысы бойынша есебі және 

бірлестіктің жаңа төрағасын сайлау мәселелері шығарылды. 

Бірінші мәселе бойынша Тараз қалалық мәслихатының депута-

ты Серікбол Берікқожа сөз алып, Мемлекет басшысының Жолда-

уынан туындайтын мәселелерге тоқталды. Оның ішінде жастарға 

қатысты бірқатар бағыттарға басымдық бергенін тілге тиек етіп, 

«Цифрлық Қазақстан» жобасы, ІТ-білімді дамыту, жалпыға ортақ 

кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі, қаржылық сауаттылықты 

қалыптастыруға және ұлтжандылықты дамытуға баса назар ау-

дару қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ ол ХХІ ғасырдың жастары 

жан-жақты дамыған, білімді де білікті азаматтар болуына толық 

мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.

Конференцияда бірлестіктің 2016 жылы атқарған жұмысы            

бойынша  есебі  қаралды.  Есепті  баяндама  жасаған  бірлестік 

төрағасы Ақнұр Сәрсенбек атқарылған біршама іс-шаралар мен 

алдағы уақыттағы міндеттерге тоқталды. Жалпы «Еркін пікір» 

жастар қоғамдық бірлестігі өткен жылы 20-ға жуық облыстық, 

қалалық пікірсайыс, 1 республикалық пікірсайыс турнирі, 3 оқыту 

семинары, 10-нан аса кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырған. 

Сондай-ақ облыс пікірсайысшылары 15 республикалық пікірсайыс 

турниріне қатысып, 5 жүлделі 1-орын, 3 жүлделі 2-орынды, 3 

рет «Үздік спикер» және 5 рет «Үздік төреші» номинациясын 

қанжығасына байлаған. 

Басқосуда өткен жылды табысты аяқтаған бірлестік мүшелері 

жаңа  басшысын  сайлады.  Төрағалық  міндетке  М.Х.Дулати 

атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің  студенті, 

пікірсайысшы Нұрсейіт Қарабаев сайланды. 

Жастардың да пікірі маңызды.    



 

„

«Болашақ» колледжінің ұстаздары 



мен студенттері ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның 

Үшінші жаңғыруы: жаһандық 

бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын 

талқылады. 

Бас құжаттың 

берері мол

Сейділдә ТӨРЕН

Шараға  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ  оқытушысы  Рахат                        

Тобажанов, «Болашақ» колледжінің география пәнінің мұғалімі 

Салтанат Бегділдаева мен осы оқу орны тарих пәнінің мұғалімдері 

Лескен Тойшыбеков пен Ғабит Сабырлиев қатысып, студенттерге 

Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді 

түсіндірді. Алғаш болып сөз тізгіндеген Рахат Тобажанов Жолдау 

жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық 

нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын құжат 

болып табылатындығын жеткізіп, Елбасы Қазақстанның Үшінші 

жаңғыруды бастау керек екендігіне кеңінен тоқталғанын атап өтті. 

Сондай-ақ ол бұл стратегиялық құжатта сандық индустрияны, IT-

сала, өнеркәсіп, көлік және логистика, құрылыс секторы мен басқа 

да салаларды дамыту алға қойылғандығын мәлім етті. Және әлемдегі 

ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдер-

мен иық түйістірудегі мақсатымызға жету міндеті  тұрғанын айтты. 

Сонымен қатар Ғабит Сабырлиев студенттерге осы уақытқа дейін 

Елбасы Қазақстан халқына 21 рет өз Жолдауын жолдағанын айтып, 

барлығында жастарға зор мүмкіндік беріліп келе жатқандығын тілге 

тиек етті. Ал Лескен Тойшыбеков  Жолдаудың төртінші бағытында Ел-

басы білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс деп атап көрсеткендігіне 

тоқталып,  қала  мен  ауыл  мектептері  арасындағы  білім  беру 

сапасының алшақтығын азайту қажет деген пікірін қолдайтындығын 

жеткізді. Сондай-ақ ол студенттерге «Бизнестің жол картасы–2020» 

бағдарламасы бойынша кеңінен түсінік беріп өтті. 

Мұнан соң география пәнінің мұғалімі Салтанат Бегділдаева 

«Экономикалық өсудің жаңа моделі» тақырыбында хабарлама жасап, 

Жолдауда Елбасы ұзақ мерзімді мақсаттармен қатар жедел шешілуі 

тиіс міндеттерді нақтылап бергендігін мәлім етті. Сонымен қатар 

ол құжатта нақтыланып көрсетілген «Нұрлы жер» бағдарламасына 

кеңінен тоқталып, онда тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді 

шаралары көрініс тапқандығын жеткізді. 

– Біздің қаламызда көп қабатты үйлердің құрылысын жүргізуде 

жеке меншік құрылыс компанияларының белсенділігі зор. Мыса-

лы, өткен жылы «Бином» ЖШС «Арай» алқабында 80 пәтерлік, 

«Бәйтерек» мөлтек ауданында 80 пәтерлік, Төле би даңғылында 

28 пәтерлік екі үй, «Жамбыл Тас-Құм» ЖШС Қарахан көшесінде 

25 пәтерлік үй және «Дәмдес сауда» ЖШС Әйтеке би көшесінде 

54 пәтерлік үй құрылыстарын жүргізді. Сондай-ақ «Арайстрой-

маркет-2003» ЖШС «Бәйтерек» мөлтек ауданында екі 75 пәтерлік 

үй құрылысын бастап, биылғы жылы бітірмек. Бұл жеке меншік 

компанияларға «Нұрлы жер» бағдарламасының беретін мүмкіндігі 

мол болып отыр, – дейді Салтанат Бегділдаева.  

 

„

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 



филиалының ұйымдастыруымен №4 

қалалық емханада көшпелі қоғамдық 

қабылдау өтіп, онда тұрғындар 

толғандырған мәселелерін көтерді. 

 

„

«Агроспецстрой» ЖШС-і бастауыш 



партия ұйымында өткен көшпелі қоғамдық 

қабылдауда тұрғындардың мәселесі 

тыңдалды. 

 

„

Ұлт көшбасшысының халыққа 



арнаған биылғы Жолдауы қалың 

бұқара арасында үлкен ықылас пен 

зор қолдауға ие болуда. 

Жер жайы толғандырады

Қабылдауға келіп, 

жұмысқа тұрды

Жастармен жарқын 

болашақ

Айару БАҚЫТҚЫЗЫ

Қабылдауды партия Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Арын Асқарбеков пен қалалық мәслихат хатшысы Ләззат 

Қызылқұлова жүргізді. Халық қалаулыларының қабылдауына келген 

«Дорожник» иінінің тұрғыны Дарина Жайнақова 2006 жылдың 18 

қыркүйегінде жер алу кезегіне тұрған екен. Кезекпен берілетін жер 

телімінің жайын білу үшін қалалық жер қатынастары бөліміне жыл 

сайын барғанымен, ондағылар жердің берілмей жатқандығын айтып 

шығарып салатын көрінеді. Сондықтан ол тұрғын жердің неліктен 

берілмей жатқандығын білгісі келетінін алға тартты. Бұл сауалға 

жауап берген Арын Ілиясұлы шаһарда қазіргі таңда жер ешкімге 

берілмей жатқандығын тілге тиек етіп, оның себебін жер телімі 

берілетін аймақтарда инфрақұрылымның жүргізілуімен түсіндірді. 

Сондай-ақ партия төрағасының орынбасары Сүлейменов көшесінің 

аяғында  15-ші  мөлтек  ауданның  құрылысы  басталатындығын 

жеткізіп, ол жерде 900-ге жуық қосымша жер учаскелері кезекте 

тұрғандарға үлестірілетіндігін айтты. Сондай-ақ қабылдауға келген 

емхананың дәрігер-педиатры Ләззат Зайытбекованың да мәселесі 

жер екен. Ол осыдан 2 жыл бұрын кезекпен «Көлтоған» алқабынан 

жер телімін алған. Осы уақытқа дейін алған жеріне отбасылық 

жағдайына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізбеген. Заң 

бойынша пайдаланылмаған жер 3 жылдан соң мемлекетке кері 

қайтарылады. Дәрігер ол жерді өзінде сақтап қалудың жолын сұрады. 

Бұл мәселеге Арын Асқарбеков қала әкімінің атына жер телімінің 

пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жазу туралы кеңес берді.  

Тағы бір емхананың қызметкері Айнұр Сағындықова үйленген бала-

сына мемлекет тарапына қандай көмек алуға болатындығын сұрады. 

Оған халық қалаулылары жер кезегіне және жас отбасы ретінде қала 

әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне барып, 

пәтер кезегіне тұруға болатындығын айтып, кеңестерін берді.



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталған серіктестік басшысының орынбасары әрі сондағы БПҰ-

ның төрағасы Болат Рахымбердиев, қалалық мәслихат депутаты Марат                      

Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кон-

сультанты Ғани Рысқұлбеков тұрғындардың көтерген мәселелеріне құлақ 

асты. Қабылдауға алғашқылардың бірі болып жазылған Элеваторная 

көшесі, №6 «А» үйдің тұрғыны Николай Портков баспанасына құрылыс 

заттары керек екендігін айта келді. Сондай-ақ ол үйінің алдына қақпа 

салып беруді де сұрады. Тұрғынның бұл базынасына «Агроспецстрой» 

ЖШС-і басшысының орынбасары Болат Рахымбердиев оның өтініші 

серіктестік тарапынан қанағаттандырылатындығын жеткізді. Мұнан кейін 

келген Железнодорожная көшесі, №2 үйдің тұрғыны, зейнеткер Геннадий 

Шылкин де құрылыс заттары қажет екендігін жеткізді. Зейнеткердің 

қажеттілігін Болат Рахымбердиев өтеп беретіндігін айтты. Қоғамдық 

қабылдауда Қадыр Анарқұлов есімді тұрғын жұмыссыз екендігін алға 

тартып, партия өкілдерінен екі қолға бір күрек тауып беруін өтінді. 

Оның өтініші жерде қалмай, бірден «Агроспецстрой» ЖШС-не күзетші 

ретінде жұмысқа орналасты. Сондай-ақ бұрын вахталық қызмет атқарып, 

қысқартуға ұшыраған Виталий Мадианов та серіктестікке автокраншы 

болып жұмысқа кірді. 

Народная көшесінің тұрғыны Қалдар Исаева желтоқсан айынан бері №8 

қалалық емханаға қаралғанымен, ауруханаға жата алмай жүр екен. Соны-

мен қатар ол жүрегін түсіретін аппаратқа да әлі күнге дейін түсе алмаған 

көрінеді. Тұрғынның базынасына жауап берген №8 қалалық емхананың 

бас дәрігері Такура Адинова оны жеке өзінің қадағалауына алатындығын 

айтып, күндізгі стационарға жатқызуға уәде берді. Серіктестіктің про-

рабы Фарид Гафуров өзіне №7 емхана диагноз қоя алмай жатқандығын 

айтып, облыстық ауруханаға жатуға қол ұшын беруді сұрады. Сондай-ақ 

ол аталған емханада кардиолог дәрігердің жоқтығын да жеткізді. Оның 

жағдайына  қаныққан  Такура  Адинова  мәселені  №7  емхананың  бас 

дәрігеріне жеткізетіндігін айтып, көмектесетін болды.  



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал