№9 (126) 5 мамыр, 2016 жыл



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/6
Дата07.03.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№9 (126) 5 мамыр, 

2016 жыл

Gazeta.zhgu@mail.ru

Құрметті әріптестер!

Бірлігі бекем елміз

Қуат Маратұлы БАЙМЫРЗАЕВ,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу 

мемлекеттік университетінің ректоры,

география ғылымдарының докторы

профессор, Ы.Алтынсарин атындағы 

ҚБА академигі.

ЕЛБАСЫМЫЗ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ «ҒАСЫРЛАР КҮТІП, 

ӘЗЕР ҚОЛ ЖЕТКЕН АЗАТТЫҚТАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛМАУ 

ҮШІН ІШКІ ТАТУЛЫҚТЫ ДА, СЫРТҚЫ ТАТУЛЫҚТЫ 

ДА КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАЙ БІЛУ КЕРЕК» 

ДЕГЕН ЕДІ БІР СӨЗІНДЕ. ОСЫ СӨЗГЕ МӘН БЕРСЕК

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАДІРІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕ 

ЕКЕНІН ТҮСІНГЕН БОЛАР ЕДІК. БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН 

ЕЛДІ ДАУ ДА, ЖАУ ДА АЛМАЙДЫ. 

Құттықтау!

Биыл  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздік  алғанына  25  жыл  толғалы 

отыр.  Осы  ширек  ғасыр  уақыт  ішінде 

мемлекеттік  шекарасын  берік  белгілеп, 

Қарулы  Күштерінің  айбынын  асы-

рып,  болашақ  экономикалық  өркендеу 

бағытын  айқындап  алған  қазақ  елі 

төрткүл  дүниеге  танылып  үлгерді. 

Қазір  барлық  қазақстандықтар  Елба-

сы  жоспарлаған    «Нұрлы  жол»  -  даму 

бағдарламасы бойынша бес институттық 

реформадан  туындайтын  «100  нақты 

қадам» бағытында жұмыла жұмыс істеуге 

көшті.  Ұлт  Көшбасшысының  бәсекеге 

қабілетті,  дамыған  30  елдің  қатарынан 

көріну  идеясымен  қаруланған  жастары-

мыз да  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін 

қызу  қолдауда.  Осындай  көтеріңкі  көңіл 

-  күймен  халқымыз  мамыражай  мамыр 

айының басында үш бірдей ұлы мерекені 

тойлайды.  Олар:  1  мамыр  –  Қазақстан 

халықтары  бірлігі  күні,  7  мамыр  –  Отан 

қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс 

мерекесі.

Сонау  сұрапыл  соғыс  жылдарында 

көпұлтты  халқымыз  майдан  шебінде  де, 

тылдағы  тынымсыз  еңбек  алқабында 

да  «бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 

шығарып»  ауыр  тұрмыстың  тауқыметін 

бірге  көтерді.  Отанынан,  туған  жерінен  

еріксіз қоныс аударылған этнос ұлттарды 

құшағын  жая  жатсынбай  қарсы  алып, 

төрінен орын берді. Ұлы Жеңіске теңдессіз  

күшпен жетті. Ол күш – бірлік еді. Бүгінгі 

таңда  бір  шаңырақтың  астында  130-дан 

астам ұлт пен ұлыстың басын біріктірген 

Қазақстан  халықтары  Ассамблеясына 

шет  мемлекеттер  үлкен  қызығушылық 

танытуда.  Аталарымыз  салған  Ерліктің 

ұлы өнегесін қазір Отан қорғау жолында 

қызмет  етіп  жүрген  жас  сарбаздарымыз 

жалғап келеді. 

Құрметті соғыс  және тыл ардагерлері, 

Отан қорғаушылар, Жетісу жұртшылығы, 

Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен 

құттықтаймын!  Көктемнің  көгілдір  аспа-

нында  бейбіт  өмірдің  көгершіні  талмай 

қанатын  қаға  түссін.  Халқымыз  аман, 

Ынтымағы жарасқан халық бір мақсатқа 

ұмтылып,  бір  ұранға  бағынып,  Ассам-

блея  аталған  үлкен  ұйымның  қанатының 

астында  сүттей  ұйып  отыр.  Елбасы  2015 

жылды  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

жылы  деп  жариялап,  жыл  бойы  татулық 

пен  бірлікті  дәріптеп,  ел  ынтымағын  есе-

лей  түстік.  Бірнеше  буынды  бауырмалдық 

пен 

туыстық 


сезімге 

тәрбиелеп, 

бейбітшіліктің  қазақстандық  үлгісін  бекем-

дей  білдік.  Бұл  күнде  әлем  жұртшылығы 

мемлекетімізді  үлкен  нәтижелерге  жеткен, 

толеранттылықтың  эталоны  деп  таниды. 

Елбасы  айқындаған  қоғамдық  келісімнің 

қазақстандық 

үлгісін 

зерттеу 


үшін, 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  әлемнің 

15 мемлекетінен, атап айтқанда, Болгария, 

Ұлыбритания,  Германия,  Франция,  Испа-

ния, Италия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Ресей, 

Түркия,  Украина  және  Армения  елдерінен 

шетелдік  сарапшылар  мен  ғалымдар,  

дипломаттар,  журналистер  мен  үкіметтік 

емес  ұйым  өкілдері  60-тан  астам  өтініш 

білдіріпті.  Түрлі  деңгейдегі  кездесулер  ба-

рысында  елімізге  келген  мәртебелі  мей-

мандар қазақстандық үлгіні мойындап қана 

қоймай,  толеранттылықтың  ең  таңдаулы 

үлгісі ретінде зерттеп, зерделеуге және оны 

өз  елдерінде  қолданысқа  енгізуге  ынталы 

екендерін де айтып жатады. Тіпті, БҰҰ-ның 

бас хатшысы Пан Ги Мун: Қазақстан халқы 

Ассамблеясын - Біріккен Ұлттар Ұйымының 

шағын моделіне теңеген екен.

Әрине, татулықтың тал бесігіне айналған 

мемлекетіміздің бүгінгі шыққан биігіне, әлем 

елдері  алдындағы  беделінің  өсуіне,  сөз 

жоқ,  өзге  ұлт  өкілдерінің  де  үлесі  шексіз. 

Қазақстанның  экономикалық–әлеуметтік, 

қоғамдық-саяси,  мәдени  өміріне  белсене 

араласып,  еліміздің  гүлденуіне  үлес  қосып 

жүрген  өзге  этностықтардың  өз  ана  тілін 

сақтауына,  мәдениетті,  салт-сана,  әдет-

ғұрпын  дамытуына,  бір  сөзбен  айтқанда, 

еркін  өмір  сүрулеріне  біздің  елімізде  бар 

жағдай  жасалған.  Ата  Заңымыз  еліміздегі 

еліміз тыныш болғай. Баршаңызға мықты 

денсаулық,  босағаларыңызға  құт-береке 

тілеймін.  Мәңгілік  Еліміздің  мәртебесі 

аса  түсіп,  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры 

мызғымасын!

барлық  азаматтарға  шыққан  тегіне,  дініне, 

саяси  көзқарасына  қарамастан  бірдей 

құқықтық  кепілдік  берді.  Оған  заңда 

көрсетілген  «Әркімнің  ана  тілі  мен  төл 

мәдениетін  пайдалануға,  қарым-қатынас, 

тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін 

таңдап  алуға  құқығы  бар»  деген  жолдар 

куә.  Ата  заңымыздың  өзі  этникалық  және 

діни әлемді, көпұлтты әрі көп конфессиялы 

қоғамымыздағы толеранттықты сақтап қана 

қоймай, оның  ар-ұждан құқықтарын қорғау 

мүмкіндігін  арттырып  отыр.  Бұл  күнде  әр 

этностың  ұлттық  мәдени  орталықтары 

тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар 

әр  халық  өкілдерінің    ұлттық  дәстүрлерін 

сақтауға зор ықпал жасап келеді. 

«Ұлттар  достығы  –  біздің  тыныс-

тіршілігіміз!» деп  Елбасы атап айтқандай, 

біздер  бір  шаңырақ  астында  тату-тәтті 

ғұмыр  кешіп  жатқан  халықпыз.  Елдегі 

татулық пен тұрақтылықты сақтап, баянды 

етуіміз үшін әрқайсымыз аянбай еңбек ету-

ге тиістіміз. Біз Қазақстан халқы достығын 

еліміздің баға жетпес байлығы деп түсінуіміз 

керек.  Өйткені,  түрлі  ұлт  өкілдерінің  өзара 

ынтымағы, заң алдындағы теңдігі болмаса, 

мемлекеттің гүлденуі де болмайды. 

Бағзыдан 

қазағымыздың 

қанында 


сақталған ақ жүректілік, мейірімділік сияқты 

ізгі  қасиеттер  бүгінгі  күні  де  жүрек  төрін 

босатқан емес. Биылғы жылдан бастап игі 

бастамаға айналған 1 наурыз - Алғыс айту 

күнін  де  өзге  ұлт  өкілдеріне  кішіпейілділік 

танытып,  олардың  көңілін  табуда.  Бұл 

мерекенің  түпкі  мақсаты  –  халықтар  ара-

сында  достық,  татулық,  кеңпейілділік, 

мейірімділік  сынды  қасиеттерді  дәріптеу 

деп білемін.

Елбасы 

Нұрсұлтан 



Назарбаев 

ядролық  қауіпсіздік  жөніндегі  ІV  Сам-

митте  жариялаған  манифесінде  барша 

әлемді  бейбіт  өмірге  үндеп  отыр.  Әлемде 

тыныштық болмаса, тірліктің еш мәні жоқ. 

Қазір  Еуропа  елдеріне  ағылған  босқындар 

көбейді.  Мысалы,  қай  ұлт  өкілі  босқын  бо-

луды қалайды дейсіз, қай ұлт туған жерінен, 

тұрған жерінен тамыр үзіп, тағдырын тәлкіге 

салғысы  келеді  дейсіз.  Оларды  мұндай 

күйге  еліндегі  береке-бірліктің  жоқтығы, 

ортақ  мүдденің  болмауы,  ауызбірліктің 

сақталмауы,  ұлт  болып  ұйыспаулары 

түсіріп  отыр.  Халық  үшін  бейбіт  заманда 

мамыражай өмір сүруден артық ешқандай 

бақыт  жоқ.  Сондықтан  кез  келген  мемле-

кет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы 

ерекше болуы тиіс. 

Біздің  елдегі  бірлік  пен  қоғамдық 

келісімнің  бастауы  –  Қазақстан  халқының 

ортақ  тарихы.  Ғасырлар  бойы  тағдыр  та-

лайына  ұшыраған  халықтарды  құшағына 

сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген 

ұлыс  пен  ұлттың  құтты  қонысына  айнала-

ды. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, 

халықтық істе жарасқанға бұйырады»,- де-

ген дана бабаларымыз. 

Біз,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

бар  жерде  ертеңгі  күнімізге  сеніммен 

қараймыз.  Елімізді  тыныштықта,  бере-

кеде  ұйыстырып  отырған  Елбасы  сая-

сатын  қолдаймыз.  Сонымен  бірге  Отан 

қорғашылар  күні  және  Жеңіс  мерекесімен 

барша қазақстандықтарды құттықтаймыз.



Мансур КАНТУРЕЕВ, 

Алматы облысы ҚХА ғылыми-

сараптау тобы жетекшісінің  

орынбасары, экономика 

ғылымдарының докторы,  

профессор.

Мәңгілік Ел

Мәңгілік Ел – мәңгі менің тұрағым,

Туым – биік, мәңгілік – Әнұраным.

Азаттықтың жаршысындай көгімде,

Қалықтайды емін-еркін Қыраным.

«Хандығымды»  – Абыз тарих растайды,

«Нұрлы жолым»  – болашаққа бастайды.

Елдігімен, Ерлігімен өр халқым, 

Жарқын  күнге батыл қадам тастайды.

Бір шаңырақ астына кеп жиылған,

Жұртым тыныш ынтымағы ұйыған.

Жүректерге шуақ-нұрын таратқан,

Мұсылмандық  дінім таза сыйынған.

Гүл жайнаған Қазақстан аймағы,

Салт-ғұрпымның бұзылмаған қаймағы.

Анашымның ақ сүтімен дарыған,

Ана тілім – Ар-Намысым бойдағы.

Асқар асу  қол бұлғайды алда  нық,

Қанат қағып ғарышқа да самғадық.

«Мәңгі Ел» деп тасқа жазып қалдырған,

Аманатын Тоныкөк бабам жалғадық.

Өркениетті, келбетіне нұр тұнған,

Отыз елдің қатарына ұмтылған.

Қазақ елі күллі  әлемге танылды,

Қуат алып Ұлы Дала  рухынан.

 

Үсен ӨМІРЗАҚОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі.


Жетісу 

университеті



ҚОҒАМ

бейсенбі, 5 мамыр, 

2016 жыл

ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ



2

ФЕСТИВАЛЬ

Мерейімізді арттырды

ЖИЫН


Gazeta.zhgu@mail.ru

Білім ордамызда 

Құлагер ақын Ілияс 

Жансүгіровтің   

1 мамыр – туған күніне 

орай, жыл сайын  

«Ілияс әлемі»  атты  

республикалық фести-

валь өткізу дәсүрге 

айналған. Міне, ол  

биыл төртінші жыл  

ұйымдастырылды. 

СПОРТ


Ілияс єлемі

Табыспен оралды

Тєлімді тєжірибе, 

талапты ізденіс

Қазақстанның 

түрлі 


аймақтарындағы 

жоғары 


оқу 

орындарынан 

келген 

студент-


тер  фестиваль  талабына  сәйкес, 

ғылыми  тұрғыдан  білімін  шыңдау, 

шығармашылық  қабілетін  таны-

ту,  жыр  мүшәйрасына  қатысу 

мүмкіндігіне  ие  болуда.  Ақынның 

120 жылдығына арналған аталмыш 

фестивальда  студенттер  театры 

«Райхан» пьессасын сахналап, тіпті 

жиын  ақындар  айтысына    ұласып 

дүйім  жұртты  дүр  сілкіндірген  бо-

латын.  Үстіміздегі  жылдың  сәуір 

айының  соңын  ала  өткен  кезекті 

фестивальға  тағы  да  еліміздің 

оңтүстігі  мен  шығысындағы  ЖОО-

дан  талапкерлер  қатысты.  Жетісу 

өлкесіне ат басын бұра келген олар 

жан  дүниесі  жұмақтың  бағындай, 

сезімі  селдей,  сыршыл  дарын 

иесінің  ескерткішіне  гүл  шоқтарын 

қойып,  жыр  алауын  жандырды. 

Мерекелі жиынды университет рек-

торы,  география  ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

Қуат 

Маратұлы  Баймырзаев  құттықтау 



сөз  сөйлеп  ашып,  ақынның  өмірі 

мен 


шығармашылығының 

на-


сихатталуына  сүбелі  үлес  қосып 

келе  жатқан  бірнеше  азаматтар-

ды    «І.Жансүгіров»  төсбелгісімен 

марапаттады.  Айталық,  Алматы 

облысының 

«Құрметті 

азама-

ты»  Е.Далбағаев,  «Ілиястану» 



ғылыми-зерттеу 

орталығының 

меңгерушісі 

Т.Сыдықов, 

осы 

орталықтың 



 

ғылыми 


қызметкерлері: 

М.Иманғазиев, 

Қ.Сарыбасова, 

Д.Аңсабаев, 

Ш.Қыяхметова, 

Г.Сырлыбаева,  

Қ.Андастар 

осы 


төсбелгіні 

кеудесіне тағып, көңілдері шат бол-

ды.  Сондай-ақ,  білім  ордасының 

басшысы  Қ.М.Баймырзаев  ф.ғ.д., 

профессор  Тұрсын  Сыдықовтың 

«І.Жансүгіров  ХХI  ғасыр  көзімен» 

атты кітабының тұсаукесер рәсімін 

де жасады.

Ф е с т и в а л ь ғ а қ а т ы с у ш ы 

білімгерлер  «Іші  –  алтын,  сыр-

ты  –  күміс  сөз  қалдырған» 

интеллектуалдық 

сайысқа 

қатысып,  «Соғайын  сөзімнен  бір 

сұлу сарай» атты мүшәйрада өзінің  

екі өлеңін оқып, «Алаш ардақтаған 

ақын»    атты  ғылыми-тәжірибелік 

конференцияда    ғылыми  журналға 

мақала жариялады. 

«Іші – алтын, сырты – күміс сөз 

қалдырған» 

интеллектуалдық 

сайыс 

байқауы 

бойынша:  

орынды 



Ғабит 

Нұсқабай  

(Қожа  Ахмет  Яссауи  атындағы 

Халықаралық 

қазақ-түрік 

университеті,  Түркістан  қаласы),  

II 

орынды 


Гүлім  

С а д ы р б е к о в а ( Қ а з а қ 

м е м л е к е т т і к Қ ы з д а р 

п е д а г о г и к а л ы қ у н и в е р с и т е т і ,  

Алматы 

қаласы) 


мен  

Айжан  Оразбаева  (І.Жансүгіров 

атындағы 

Жетісу 


мемлекеттік 

университеті, 

Талдықорған 

қаласы),  IIІ  орынды  Мейрамбек 

Сыдықов,  (М.Өтемісов  атындағы 

Батыс 


Қазақстан 

мемлекеттік 

университеті  Орал  қаласы),  Жеңіс 

Кәрімов  (І.Жансүгіров  атындағы 

Жетісу  мемлекеттік  университеті, 

Талдықорған  қаласы),  Балқыз  Са-

бырова  (Текелі  кәсіптік  колледжі, 

Текелі қаласы);



«Соғайын сөзімнен бір сұлу са-

рай» атты  жыр мүшәйрасы бой-

ынша: 

Бас  жүлдені  Гаухар  Кеңес 

(Қожа  Ахмет  Яссауи  атындағы 

Х а л ы қ а р а л ы қ қ а з а қ - т ү р і к 

университеті,  Түркістан  қаласы), 

І 

орынды 



Күмісбек 

Мұхтар 


(І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік 

университеті, 

Талдықорған  қаласы),  ІІ  орын-

ды    Медет  Байжұма  (І.Жансүгіров 

атындағы 

Жетісу 

мемлекеттік 



у н и в е р с и т е т і , Т а л д ы қ о р ғ а н 

қаласы)  мен  Мәрлен  Ғилымханов 

(М.Өтемісов 

атындағы 

Ба-

тыс 


Қазақстан 

мемлекеттік 

университеті, Орал қаласы), ІІІ орын-

ды Сымбат Сағындық (І.Жансүгіров 

атындағы 

Жетісу 


мемлекеттік 

университеті, 

Талдықорған 

қаласы), Назерке Мұстанова (Қазақ 

мемлекеттік Қыздар педагогикалық 

университеті,  Алматы  қаласы), 

Данагүл 

Мұқатова 

(«Білім» 

гуманитарлық колледжі);



«Алаш ардақтаған ақын»  атты 

ғылыми-практикалық 

конфе-

ренция  бойынша  І  секцияда: 

I  орынды  Мадина  Әбітай  (Жар-

кент 

гуманитарлық-техникалық 



колледжі),  II  орынды  Нигара  Тур-

диева  (Жаркент  гуманитарлық-

техникалық 

колледжі) 

мен  

Айжан 


Акимжанова 

(Текелі 


кәсіптік 

колледжі,) 

IIІ 

орын-


ды  Еңлік  Қабдеш  (І.Жансүгіров 

атындағы 

Жетісу 

мемлекеттік 



университеті),  Мөлдір  Нұрсадық 

(«Білім»  гуманитарлық-техникалық 

колледжі,  Талдықорған  қаласы) 

және 


Ақерке 

Тасболатовалар 

(Көксу ауылшаруашылық колледжі),  

2  секцияда:  I  орынды  Ма-

дина 

Дармышева, 



(Сарқан 

гуманитарлық 

колледжі), 

II 


орынды  Жадыра  Шатырбаева 

(І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік  университеті)  мен 

Сәния  Мухамадиева,(І.Жансүгіров 

атындағы 

Жетісу 


мемлекеттік 

университеті Талдықорған қаласы),  

IIІ  орынды  Меруерт  Қасабаева 

(Көксу 


ауылшаруашылық 

колледжі),  III  орынды  Гауһар  Ты-

нысбек  (І.Жансүгіров  атындағы 

Жетісу  мемлекеттік  университеті),  

Аяулым 

Сламғалилар 



(Жар-

кент 


гуманитарлық-техникалық 

колледжі) иеленді. 

«Ілияс  әлемі»  республикалық 

фестивалі  жыл  сайын  білімгерлер 

арасынан  шығармашылық  сала-

сында    жаңа  есімдердің  жарқырап 

көрініп,  көпшілікке    танылуына 

үлкен септігін тигізіп келеді. Сондай 

жас  талапкердің  бірі  –  педагоги-

ка  және  психология  факультетінің  

1 курс білімгері Гүлназ Әбдірештің 

«Вестник  -  Хабаршы»  журна-

лында  жариялаған  «І.Жансүгіров 

және 


Зейнолла 

Күндікбаев 

өлеңдеріндегі 

ұқсастықтар» 

атты  тұңғыш  мақаласы    ғылыми 

тұрғыдан  жоғары  бағаланғанын 

айтуға болады. Әрине, бұл орайда 

оның    жетекшісі  ф.ғ.д.,  профессор 

Мұратбек Иманғазиевтің де еңбегін 

ескере  кеткеніміз  жөн.  Осы  игі  ша-

ралар алдағы уақытта да білім ор-

дасында жалғаса береріне сеніміміз 

мол.

Гүлдана КАТТЕБАЕВА,

журналистика мамандығының 

2 курс білімгері.

Ағымдағы жылдың сәуір айының 15-18 жұлдызында Ақтөбе  қаласында 

жекпе-жек  ұлттық  спорт  түрінен  ересек  ерлер  арасында  өткен  V-ші 

Қазақстан  Республикасы  кубогында  университетіміздің  білімгерлері 

жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізді.  85  келі  салмақ  дәрежесінде  заң 

факультетінің  4 курс білімгері Мәди Досмұхамбетов пен 80 келі салмақ 

дәрежесінде 1 курс білімгері Дархан Серікжанұлы ІІ орынды иеленді. Ал, 66 

келі салмақ дәрежесінде мәдениет және өнер факультетінің 3 курс білімгері 

Алинұр Аманқұлов пен педагогика және психология мамандығының 1 курс 

магистранты Гүлмира Нұғманова І орынды, 50 келі салмақ дәрежесінде 

1 курс білімгері Толқын Дәуренбекова ІІ орынды қанжығасына байлады. 

Жетекшісі  университет  спортклубының  жаттықтырушысы,  Қазақстан  

Республикасына  еңбегі  сіңген жаттықтырушы Н. Аманқұлов. Жеңістеріңіз 

құтты болсын!



Университет спортклубы.

«Қоршаған ортаны қорғау 

және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» 

мамандығының білімгерлері «Өмір 

қауіпсіздігі» пәні бойынша Қарағанды 

қаласында өткен Республикалық 

олимпиададан табысты оралды.

Білімгерлер  Шайбаева  Руфина, 

Ботабаева  Айгерім,  Досбергенова 

Динара сайысқа алғаш  рет қатысты. 

Павлодар,  Шымкент,    Көкшетау,  

Алматы,Талдықорған,Түркістан, 

Орал  қалаларының  жоғары  оқу 

орындарының  білімгерлері  қатысқан  бәсеке  деңгейі  жоғары  болды. 

Олимпиада 2-турдан құралды. 1-ші  турдан өтіп, 2-ші турда Досбергенова 

Динара жүлделі 3-ші орынға ие болды. Әрине, бұл дәреже құрылғанына 

5 жыл ғана болған техникалық пәндер кафедрасы үшін  жақсы жетістік 

деуге болады.

«Қоршаған  ортаны  қорғау  және  өмір  тіршілігінің  қауіпсіздігі» 

мамандығының 

жетекші 

оқытушылары 

т.ғ.к., 

А.Идрисова,  

т.ғ.к.  А.Самбетбаева,  т.ғ.к.,  Ж.Узденбаева,  олимпиадаға  дайындаған, 

білімгерлерге тың серпін берді. Аталмыш олимпиаданың 3- ші дәрежелі 

диплом  иесі  Досбергенова  Динараның  жеңісі  тек  ұстаздары  ғана  емес, 

курстастарына   үлкен қуаныш сыйлады. Қарағанды қаласынан оралған 

оны достары шат көңілмен күтіп алды. Білімгерлеріміздің алдағы уақытта 

республикалық дәрежеде өтетін жарыстарға көп қызығушылық танытып, 

талаптанып отырғаны анық байқалады. «Талаптыға нұр жауар» дегендей 

қадамдары сәтті болсын деп тілейміз.



Ж.УЗДЕНБАЕВА, 

Р.ТҰРЛЫБЕКОВА.

Университетімізде 

«журнали-

стика»  мамандығының  4-курс 

білімгерлеріне  «Тәлімді  тәжірибе, 

талапты  ізденіс»  тақырыбында 

шеберлік 

сыныбы 


өткізілді. 

Әлем 


халықтары 

жазушыла-

ры  одағының  мүшесі,  Қазақстан 

журналистика 

академиясының 

президенті,  профессор  Сағымбай 

Қозыбаев  қолдарына  дипломын 

алғалы  отырған  студенттерге 

өзінің журналистік жолын баяндай 

отырып,  қызықты  әңгіме  өрбітті. 

Болашақ  журналистер  өздерін 

қызықтырған сұрақтарын да қойып, 



Еңлік ҚАБДЕШ, 

студенттік баспасөз орталығы. 

толыққанды жауап алды. Нақтылай 

айтқанда, қазіргі журналистиканың 

жағдайы,  дағдарыс  пен  бизнес-

журналистиканың 

үйлесімділігі, 

қазіргі  заман  журналистері  мен 

кеңес  заманының  мамандарын 

салыстырмалы  түрде  жеткізді.  35 

жылдан  астам  жас  журналистерді 

тәрбиелеумен  айналысып  келе 

жатқан  ұстаздың  дәрісін  тыңдап, 

сабақ алғандарына дән риза болған 

тілшілер 

ұйымдастырушыларға 

алғыс  білдіріп,  соңынан  естелікке 

суретке түсті.

Қаламыздағы  «Е.  Берліқожаұлы 

атындағы №11 орта мектебі» КММ 

ғимаратында 

Республикалық 

ғылыми-практикалық  конференция 

болды. 

Республикалық 



іс-шараның 

өтуіне «Көшбасшы» оқу-әдістемелік 

орталығы 

мен 


Талдықорған 

қаласы  білім  бөлімінің  әдістемелік 

кабинеті 

мұрындық 

болды. 

«Тұлғаға  бағытталған  білім  беру 



жағдайындағы  тіл  пәндерінде 

оқушы  шығармашылығын  артты-

ру»  тақырыбында  өткен  жиынға 

жоғарғы  оқу  орын  оқытушылары 

мен  магистрлары  және  облыс, 

қала 


мұғалімдері, 

баспасөз 

өкілдері 

жұмылдырылды. 

Жаңашыл ұстаздан-

қабілетті шәкірт

Пленарлық  мәжілістің  кіріспе  сөзін 

аталмыш  мектептің  директоры 

Қайрат  Сарқытов  алып,  жиналған 

көпшілікке  баяндамашылар  мен 

жарыссөзге  шығатындарды  та-

ныстырды. 

Ілияс 

Жансүгіров 



атындағы 

Жетісу 


мемлекеттік 

университетінің доценті, филология 

ғылымдарының кандидаттары Сай-

лау Қожағұлов, Шара Қыяхметова, 

профессор Мұратбек Иманғазинов, 

магистр 


Гүлжанат 

Байгудано-

ва,  «Көшбасшы»  орталығының 

жетекшісі 

Әйгерім 

Молдабае-

ва  және  білім  бөлімінің  әдіскері  

Мариям Садуақасовалар сөз алып, 

заманауи  білім  берудегі  жаңа 

көзқарас,  жемісті  нәтиже,  келелі 

жоспарлар  жайлы  ойларын  ортаға 

салды.


Тіл  мамандары  қазақ,  орыс, 

ағылшын  тілдерінің  секциялық 

жұмыстарына  бөлініп,  көтерілген 

тақырыпқа  сай  әкелген  ғылыми 

баяндамаларын  оқып,  талдау 

жұмыстарын  жүргізді.  Ұсыныс  ай-

тып,  ой  қосушы  ұстаздар  қауымы 

осындай  бағыт-бағдар  беретін  жи-

ындар жиі өткізілсе игі деген пікірде 

болды. 


Қорытындысында, 

үздік 


деп 

танылған 

баяндамашы 

ұстаздар 

арнайы 

дипломмен 



марапатталып, 

еңбектері 

ар-

найы 


жинақталып 

енгізілген 

кітапқа  ие  болды.  Жиналғандар 

шәкіртті  шығармашылық  жолына 

бағыттаушы ұстаздың өзі жаңашыл 

болуы керек деген ой түйіп, тарас-

ты.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал