9 ● Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді Григорий марченко: «2010 жылы қалыптасқан экономиканы қалпына келтірудің жағымды қАРҚыны сақталуы тиіс»



жүктеу 109.33 Kb.

Дата19.03.2017
өлшемі109.33 Kb.

28 қаңтар 2011 жыл

www.egemen.kz

9

● Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Григорий МАРЧЕНКО:

«2010 ЖЫЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН 

ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ 

ЖАҒЫМДЫ ҚАРҚЫНЫ САҚТАЛУЫ ТИІС»

Республиканың Ұлттық Банкі ағымдағы жылға арналған ақша-

кредит саясатын айқындады. АКС-ның ықтимал маңызды 

сипаттарының бірі – теңгенің басқарылатын айырбастау бағамы 

жөнінде Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченко 

желтоқсандағы баспасөз конференциясында айтты. Бұл Ұлттық 

Банктің Басқармасы осындай шешімді қабылдаған жағдайда ғана 

мүмкін болатынын атап өтті. Бұл шешім қабылданды. 1999 жылғы 

сəуірде енгізілген теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы - 

ЕӨАБ-дан айырмашылығы 21 наурыздан бастап енгізілетін 

бағамдық саясаттың негізгі ұғымы «басқарылатын» деген сөз 

болады. Яғни, Ұлттық Банк валюта нарығында сəл ғана толқу 

пайда болса, жағдайды тұрақтандыру мақсатында оған араласу 

құқығын сақтап қалуда. Биылғы жылы өзінің жиырма жылдығын 

атап өткелі отырған Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының 

тағы да немен сипатталатыны жайында ҚР ҰБ Төрағасы Григорий 

МАРЧЕНКОМЕН əңгімелесудің реті түсті.  

ОҢ ҚОРЫТЫНДЫ, 

ТҰРЛАУЛЫ 

БОЛЖАМ

 

-  Григорий  Александро-



вич, алдымен қысқаша түр де 

қорытындылар  жайын да  айта  кетсеңіз. 2010 

жыл  аяқталды,  оның  маңызды  оқиға лары, 

қателіктері мен сабақ тары қандай?

-  Менің  ойымша,  өткен  жылдың  негізгі  қо-

рытындысы – экономика өсуінің қолайлы қал пы на 

келтіру  қарқыны  жəне  қазақстандық  үш  банкті - 

БТА  Банкін,  Альянс  Банкін  жəне  Темiрбанкті 

қайта  құрылымдау  үдерісінің  та бысты  аяқталуы. 

Мəселен,  Статистика  агентті гінің  ресми  деректері 

бойынша  елдің  ЖІӨ-нің  өсуі 2010 жылдың  тоғыз 

айында 7,5% болды. Алайда қолда бар алдын ала 

бағалаулар бойын ша, ЖІӨ-нің өсуі жыл қорытын-

дысы  бойынша 7% болуы  мүмкін.  Атап  айтқанда 

2010 жылдың 11 айында өнеркəсіп 10,5% өсті. Бұл 

ретте тау-кен өндірісі саласы 5,7%, өңдеу –18,8%, 

көлік – 12,6%, сауда –12,4%, байланыс –5%, сырт-

қы сауда –19,2% өсті. Тіпті құрылыс та 0,2% өсті. 

Тұтастай  алғанда,  қолайсыз  ауа  райы  жағ да-

йына  байланысты  астықты  толық  жинап  алмау-

дың  салдарынан  төмендеуге  жол  берілген  ауыл 

шаруашылығын  қоспағанда,  экономика ның  бар-

лық  салалары  бойынша  өсу  байқалады.  Елдің 

эко но микалық  өсуіндегі  неғұрлым  маңыз  дысы 

əрта раптандырылған өсу, яғни экономиканың өн-

діру өнеркəсібімен байланыс ты саласы ғана емес, 

барлық  салалары  өсуде.  Əлеуметтік  үлкен  мəні 

бар  басқа  да  макро эко но микалық  көрсеткіш  те 

аса маңызды, жұмыс сыздық деңгейі 2010 жылғы 

қаңтардағы 6,3%-дан 2010 жылғы қа рашада 5,6%-

ға дейін төмендеді. 

Қазақстандық экономиканың табысын  рейтин-

гілік  агенттіктер  де  атап  өтті.  Өткен  жылдың 

соңында Fitch халықаралық  рейтингілік  агенттігі 

Қазақстанның  тəуелсіз  кредиттік  рейтингісінің 

болжамын  «оңға»  дейін  көтерді,  ал Standard&-

Poor’s  шетелдік  жəне  ұлттық  валютадағы  міндет-

темелер бойынша ұзақ мерзімді тəуелсіз кредиттік 

рейтингілерді бір сатыға көтерді. S&P рейтингілері 

бойынша «тұрақты» деген болжам белгіленді.  

  Банк  секторына  келетін  болсақ,  онда  ең 

маңызды  оқиға  үш  банк  бойынша  берешекті  та-

быс ты  қайта  құрылымдау.  Бұл  ретте  оның  қоры-

тындыларын  əлемдік  қоғамдастық  таны ды.  Ха-

лық  тың  банк  жүйесіне  жəне  ұлттық  валютаға 

сені мінің  сақталғаны  аса  маңызды.  Мұның  өзі 

банк  жүйесінде  депозиттердің  өсуі  сияқты  көр-

сет  кіштен жақсы көрінеді. 2010 жылы депозиттік 

ұйымдардағы  резиденттердің  депозитте рінің 

көлемі 12,5%-ға 7398 млрд.  теңгеге  дейін  өсті. 

Бұл  ретте  шетел  валюта сындағы  депозиттер 

8,1%-ға  азайды,  ал  ұлттық  валютадағылары 30% 

ұлғайды. 

Өткен жылдың басқа маңызды оқиғалары ту-

ралы  айтатын  болсақ,  Қазақстан,  Ресей  жəне  Бе-

ларусь  арасында  жасалған  Кеден  одағының  жұ-

мыс істей бастағанын айрықша  атап өткен жөн.

  Өткен  жылы  атап  айтарлықтай  қателік  жібе-

рілген  жоқ.  Ал  сабақ  ше?  Меніңше,  бұл –  теріс 

салдарын  үш  жыл  бойы  еңсерген  дағдарыс тың 

сабақтары деп ойлаймын. Оның ішінде ең басты-

сы – экономикадағы  жəне  қаржы  сек торындағы 

туындайтын  тəуекелдерді  уақтылы  жəне  барабар 

бағалау  қажеттілігі,  сондай-ақ  экономиканың 

шикізаттық  тəуелділігін  азайту  мақсатында  əр-

тараптандыру үдерісін жеделде тудің қажеттілігі.

21 НАУРЫЗДА ТЕҢГЕ 

БАСҚАРЫЛАТЫН ӨЗГЕРУГЕ 

КЕТЕДІ

-  Жыл  басындағы  ең  шытырман  мəселе – 

жаңа валюта дəлізі туралы. Қазіргі кезде жер-

гілікті  болжамдар  негізінен,  теңгенің  айтар-

лық тай  нығаюын  жақтайды.  Атап  айт қанда, 

25%-ға.  Сіздің  болжамдарға  көз қа ра сыңызды 

біле  тұра,  нарыққа  қатысу шы лардың  дүрбе-

леңді күтулеріне қарамас тан,  Ұлттық Банктің 

не  себепті  екі  жыл  бойына  үйреніп  қалған 

дəліз  шекарасын  емес,  бағамдық  сая сатты 

айқын дау ға  арнал ған  қағидаттар ды,  тəсіл-

дерді  өзгер ту ді  орын ды  деп  санайтыны  нелік-

тен. Тəсілді өзгер тудің себебі не жəне тұтастай 

алғанда, ҚР ҰБ-нің бағамдық саясаты қандай 

болмақ?

-  Маған  осы  «дүрбелеңді  күтулер»  түсінік сіз, 

себебі өткен жылы ішкі валюта нарығын дағы аху-

ал өте тұрақты болды. Дегенмен валюта дəлізінің 

шекарасын айқындау мəселесіндегі Ұлттық Банк-

тің  ұстанымын  айқындай  кетейін. 2010 жылы 

қол даныста болған барынша кең дəлізге қара мас-

тан  теңге  номиналдық  көрсетуде 0,6%-ға  ғана 

нығай ды.  Бұл  ретте  Ұлттық  Банктің  нарыққа 

қатысуы аз ғана болды. 2011 жылғы қаңтарда да 

сол көрініс: теңге долларға шаққанда нығайды, ал 

Ұлт тық Банк миллиардтан астам долларды сатып 

алып та қойды, себебі нығаю аса күшті болмауы 

керек. 


  Осыған  байланысты  біз  бағамның  ауытқу 

дəлізін  одан  əрі  белгілеудің  қажеті  жоқ  деп  санай-

мыз.  Теңгенің  айырбастау  бағамының  ауытқу 

дəлізінің қолданылуы аяқталғаннан кейін, яғни 2011 

жылғы 21 наурыздан бастап Ұлттық Банк бізде 2009 

жылға  дейін  қолданыл ған  басқарыла тын  өзгермелі 

валюталық  бағам  режиміне  қайта  оралады.  Бұған 

ұлттық  валюта ның  тұрақтылығы  себепші  болып 

отыр,  мұның  өзіне  қазақстандық  экспорттың 

əлемдік нарық тар дағы негізгі ұста нымына қолайлы 

баға конъюнктурасы жəне тө лем балансының жай-

күйі  себепші.  Орташа  мерзімді  кезеңде  теңгенің 

құнсыздануына  түбегейлі  ал ғы шарттар  жоқ,  оған 

қоса, шикізаттың жоғары əлем дік бағасы сақталып 

тұрған  кезде  ұлттық  валю таның  нығаюының 

жалғасу ықтималдығы жоғары. 

Бұл ретте басқарылатын валюталық бағам ре-

жиміне  көшу  Ұлттық  Банкті  ұлттық  валюта ның 

тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндет-

темесінен босатпайды. Ұлттық Банктің бағам дық 

саясаты  ұлттық  валютаның  нақты  бағамы ның 

əлемдік 


коңюнктураның 

тұрақты 


өзгеруі 

жағдайында отандық өндірістің бəсе кеге қабілет-

тілігіне  теріс  ықпал  етуі  ықтимал  ай тарлықтай 

ауытқуын болдырмауға бағытталады. 



БҰЛЖЫМАЙТЫН БАСТЫ МАҚСАТ 

– БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ 

-  Бағамдық  саясат – Ұлттық  Банктің  

жалпы  ақша-кредит  саясатының  бір  бөлігі. 

АКС-тың  негізгі  бағыттарының  қабылдан-

ғаны  белгілі.  Оған  қандай  макроэкономи-

калық  өлшемдер  кіреді,  ҚР  ҰБ-нің  ағымдағы 

жылға  арналған  болжамдары  қандай,  АКС-

саясатын  қатаңдату  бойынша    шаралар  қабылдау 

мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сонымен  қатар  Ұлттық  Банк  ақша-кредит 

саясаты  қалыптасып  отырған  макроэкономика лық 

жағдайларға  барабар  болады  жəне  ол  Қа зақстан 

Республикасының  əлеуметтік-эконо ми ка лық  даму 

болжамдарын орындауға ықпал етеді.



ТЕРІС КҮТУЛЕРГЕ СЕБЕП ЖОҚ

- Статистика агенттігінің ақпаратына сəй кес 

инфляция бір жылда (2009 жылғы жел тоқсанға) 

7,8%, қаңтар-желтоқсанда орташа алғанда 7,1% 

құраған,  бұл  Ұлттық  Банктің  болжамдық  шек-

теріне сəйкес келеді. Ұлттық Банктің инфляция 

бойынша 2011 жылға  ар нал ған  болжамы 

қандай? Қалыптасқан ахуал ды ескерсек, инфля-

цияны  басқарудағы,  мақ сат ты  көрсеткіштерді 

ұстап тұрудағы қиындық неде?

–  Расында, 2010 жылдың  қорытындысы 

бойын  ша  жылдық  инфляция (2009 жылғы  жел-

тоқсаннан  бастап 2010 жылғы  желтоқсан  аралы-

ғында) 7,8% деңгейінде  қалыптасты.  Бұл  ретте 

инфляцияны 6-8% шегінде  ұстап  тұру  ақша-

кредит саясатының негізгі мақсаты болып айқын-

далды.  Яғни  нақты  инфляция  Ұлттық  Банктің 

мақсатты дəлізіне сəйкес келеді.

2011 жылға келер болсақ, баға тұрақтылығын 

қамтамасыз  етуге  жəне  инфляцияны 2011 жыл-

дың  қорытындысы  бойынша,  бұрын  айтып  кет-

кендей, 6-8% шегінде  ұстап  тұруға  бағытталған 

лекеттік  бюджеттің  жылдық  тапшылығы ның, 

жылдық  инфляцияның  жəне  мемлекет  боры-

шы ның  көрсеткіштерін  келісетіндігі  туралы 

БАҚ-та хабарланды. Атап айтқанда, мемлекет-

тік  борыштың  көрсеткіші  ЖІӨ-нің 50%-нан 

аспауы  тиіс,  ал  инфляция  деңгейі  жылына  ор-

таша алғанда бағаларының өсуі ең төмен, БЭК-

ке  мүше  мемлекеттің  инфляция  деңгейі нің 5 

пайыздық  тармағынан  ас пауы  тиіс.  Экономи-

калық  дамудың  тұрақты лығын  ай қын дайтын 

сандық  өлшемдердің 2013 жылғы 1 қаңтардан 

бастап  қолданысқа  енгізілетініне  қарамастан, 

олар 

АКС 

қалып тас тырудың 

тəсілдерін 

өзгертуді  талап  ете  ме  жəне  Қазақ стан  оларды 

қаншалықты орын дай алады?

– Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің құқық-

тық  базасын  қалыптастыру  шеңберінде  Келісіл-

ген  макроэкономикалық  саясат  туралы  келісім 

əзір лен ген  болатын.  Бұл  Келісімнің  нормалары 

экономикалық дамудың тұрақтылығын айқын дай-

тын,  мемлекеттік  бюджеттің  жылдық  тапшы-

лығынан,  мемлекеттік  борыштан,  сондай-ақ  ин-

фляциядан  тұратын  сандық  өлшемдер  шеңбе-

рінде Қазақстанда, Ресейде жəне Беларусьте эко-

но микалық саясатты қалыптастыруды көздейді.

Инфляцияға  келер  болсақ,  Келісімге  сəйкес 

оның  орташа  алғандағы  жылдық  деңгейі  бағала-

рының өсуі ең төмен, БЭК-ке қатысушы елдің ин-

фляция  деңгейінің 5 пайыздық  тармағынан 

аспауы тиіс. Қазақстан үшін бұл өлшемнің қо лай-

лы  екендігін  атап  өткен  жөн.  Қазақстандағы,  Ре-

сейдегі  жəне  Беларусьтегі 2002-2009 жылдар 

аралығын дағы орташа жылдық инфляцияның та-

рихи ста тистикасына қарасақ, бұл талапты Қазақ-



тың  жұмсаруы  күтіле  ме  əлде  керісінше 

қатаңдатыла ма?

-  Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты 2011 жыл-

дың  қорытындысы  бойынша  жылдық  инфляция-

ны 6-8% шегінде  ұстап  тұру  болып  табылады. 

Жəне  оған  қол  жеткізу  ақша-кредит  саясатының 

барлық  тиісті  шараларымен  қам тамасыз  етіледі. 

Бұған  күмəн  болуы  мүмкін  емес.  Бұл  ретте 

инфляциялық  қысым  айтарлық тай  жəне  күрт 

өзгерген  жағдайда  Ұлттық  Банк тің  ақша-кредит 

ұстап тұру бөлігінде Үкімет пен Ұлттық Банктің 

тарапынан тиісті шараларды талап ететіні сөзсіз. 

Бұл  міндетті  шешу  үшін  Үкіметтің  де,  Ұлттық 

Банктің  де  барлық  қажетті  қаражаты  жəне 

құралдары бар. Яғни, тағы да қайталаймын, теріс 

күтулерге себеп жоқ. 

БЭК БЕЛГІЛЕЙТІН ӨЛШЕМДЕР 

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ

–  БЭК-тің  макроэкономикалық  саясатын 

қалыптастыру  туралы  келісімге  сəйкес  бір-

ыңғай  экономикалық  кеңістік  елдерінің  мем-

неді.  Бұл  бағаларды  Сіз  қандай  жағдайда  на-

зар ға аларлық деп санар едіңіз жəне Сіздің ба-

ға лауыңызша,  республикаға  шетелдік  инвес-

тициялардың  əкелінуі 2011 жылы  бұрынғы 

деңгейінде қала ма?

– S&P, Moody’s жəне Fitch халықаралық рей-

тингілік  агенттіктеріне  қатысты  инвесторлар 

тарапынан  айтылып  жүрген  сынның  негізі  бар. 

Рейтингілік бағалардың дəлме-дəл жəне уақты лы 

берілмеуінің  əлемдік  дағдарысты  арандатқан 

факторлардың  бірі  ретінде  айтылған  соңғы 

жылдардағы оқиғаларға байланысты инвесторлар 

мұндай  қаржы  институттарының  пікіріне  сөзсіз 

сенбейтін болды. 

Қазіргі уақытта рейтингілерді белгілеу тетігін 

түбегейлі  қайта  қарау  қажеттілігі  кеңінен  тал-

қылануда.  Рейтингілік  агенттіктердің  өздері нің, 

сондай-ақ жоғары рейтинг алуға мүдделі бағалы 

қағазды  шығарушылар  мен  қаржы  инс ти-

туттарының  мүдделер  қақтығысын  болдырмау 

үшін  маңызды  тəсіл  қажет.  Соған  байланысты 

Fitch, Moody’s жəне Standard & Poor’s-ке  балама 

ретінде  Қытайда  алғашқы  рейтингілік  агенттік 

құрылды,  оның  қызметтерін  бағалы  қағаздарды 

шығарушылар  емес,  инвесторлардың  өздері  тө-

лей тін болады. Еуроаймақта да осындай агенттік 

құру  жоспарланып  отыр.  Рейтингілік  агент тік-

тердің  бағаларына  деген  сенім  туралы  сұрақ қа 

жауап  ретінде  олардың  пікірлерінің  жəне  баға-

ларының  нарық  үшін  тек  болжам  жəне  бағдар 

ғана  екендігін  атап  өткім  келеді.  Тиісінше, 

нарыққа  кіретін  əрбір  инвестор  өз  тəуекелін 

түсініп, өз бетінше бағалай білуі тиіс.  

Қазақстанға  келер  болсақ, 2010 жылдың 

аяғында S&P жəне Fitch-тің  еліміздің  тəуелсіз 

рейтингі  бойынша  бағасы  жақсартылды.  Агент-

тіктердің  пікірлері  қаржы  нарығының  тұрақты-

лығын,  бірқатар  қазақстандық  банктердің  банк-

роттығынан  жəне 2008-2009 жылдардағы  сауда-

ның күрт нашарлауынан кейін Қазақстанның тө-

лем балансының тұрақтылығын, еліміздің өтімді 

активтері көлемінің ұлғайғанын көрсе теді. Қа зақ-

стан  Республикасының  инвестициялық  кли ма ты 

шетелдік инвесторлар үшін айтарлықтай тартым-

ды  болғандықтан,  біздің  пікірімізше,  шетелдік 

инвестициялардың əкелінуі 2011 жылы сақ талады.



ШЕТЕЛДІК ТІКЕЛЕЙ 

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ 

ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАЛПЫ ƏЛЕУІНУІ

Елдің төлем балансының деректері  бойын ша 

соңғы    4  жыл  ішінде  шетелдік  тікелей  инвес ти-

циялардың  Қазақстанға  жалпы  əкелінуі    өте 

жоғары  деңгейде  сақталып    отыр – 2007-2009 

жыл дардағы  орташа  жылдық көрсеткіш 19 млрд. 

АҚШ  долларынан  асады  жəне  өткен  жылдың 9 

айының  қорытындылары    бойынша 13,1 млрд. 

АҚШ  долларын    құрайды.  Осыны  ескере    оты-

рып,  Қазақстанға  келіп  түсетін  тікелей  инвес-

тицияларға  рейтингілік  агенттіктердің  бағалары 

нашар  əсер  етеді  деп  пайымдауға    болады, 

өйткені  бұрын  жасалған    ұзақ  мерзімді  келісім-

шарттар  бойынша  ірі  мұнай-газ  жобаларын  қар-

жыландыру  тікелей  инвестициялардың    басым 

бөлігін құрайды. Осылайша, 2011 жылы шетелдік 

тікелей  инвестициялардың  əкелінуі  жоғары 

деңгейде  сақталады  деп күтуге  болады.

Оған қоса, Қазақстан Республикасын үдемелі 

индустриялық-инновациялық  дамытудың 2010-

2014  жылдарға  арналған  мемлекеттік    бағдарла-

масын  іске  асыру  шеңберінде    басқа    жобалар  

бойынша    шетелдік  инвестициялардың    анағұр-

лым  көп  əкелінуі  күтілуде.  Шетелдік  инвестор-

лардың жобаға қатысуының нысанына байла ныс-

ты  (капиталға  кіру  немесе  кірмей)  бұл  инвести-

циялар тікелей де, портфельдік те  болуы  мүмкін. 

КРЕДИТТІК ПОРТФЕЛЬ ТУРАЛЫ ІС

–  Банк  деген  сөзге  синоним  ретінде  жиі 

пайдаланылатын  кредиттік  мекеме  сөзі – 

бүгінде  жұмыс  істемейтін  термин  ретінде  кө-

рініп  отыр. Өйткені кредиттеу іс жүзінде өсіп 

отырған  жоқ.  Сіз    экономиканы  кредиттеуге 

байланысты  жағдайға  осыған  дейін  түсінік-

теме  бердіңіз,  соған  қарамастан  Ұлт тық  Банк 

осы жылы банктердің кредиттік белсенділігін 

ынталандыратын  шараларды  қабылдай  ма? 

Жəне  бұл  шараларға  ҚРҰБ  дəстүрлі on-lin 

пікіртерімінің  500-ден астам респонденттің (15 

қарсы)  банктерді  кредиттеу    талаптары ның  

шағын жəне орта  бизнес үшін  қолайлы емес-

тігі көрсетілген нəтижесі əсер етеді  ме?

– Шын мəнінде кредиттеуге байланысты жағ-

дай 2010 жылы онша  қолайлы  бола  қойған  жоқ. 

2010 жылғы  11 айдың  деректері  бойынша банк-

тердің  экономиканы  кредиттеуі 2,0%-ға  азайып,  

7494,6  млрд.  теңгені    құрады.  Бұл  ретте  кредит-

теудің  төмендеуіне  негізінен  валюталық қарыз 

алу  сегментіндегі  кредиттік  белсенділіктің 

құлды рауы  ықпал  етті.  Өткен  жылдың  қаңтар-

қараша сында  ұлттық  валютадағы    кредиттердің 

көлемі 7,9%-ға  көтерілді,  ал  шетел  валютасында 

–12,5%-ға төмендеді. Нəтижесінде теңгемен бері-

летін  кредиттердің  үлес  салмағы  өткен  жылдың 

қара шасында 2009 жылдың  желтоқсан  айымен 

салыс тырғанда 51,6%-дан  56,8%-ға  дейін 

көтерілді.

Валюталық кредиттеудің төмендеуіне валю та-

лық түсімі жоқ заемшыларға кредит беретін банк-

терге қойылатын талаптарды  қатаңдатуға бағыт-

талған ҚҚА ынталандырмау саясаты ық пал етеді. 

Сондай-ақ көрсеткішке осы заемның  түріне  тұ-

ты нушылық  сұраныстың  төмендеуі  жəне  валю-

талардың  бағамдық  ауытқуларына  байланысты 

туындайтын тəуекелдердің  болуы ықпал етеді.

 Өз тарапынан  Ұлттық Банк  өз қарауындағы 

ақша-кредит  саясаты  құралдарының  көмегімен 

банктердің  кредиттік  белсенділігін  ынталандыру 

бойынша    барлық    мүмкіндіктерін  іс    жүзінде 

пай даланып    болды.  Қазір  біздің  бұл  бағыттағы 

жұмысымыз көбінесе басқа  аспектілерге негізде-

ліп отыр. Мəселе мынада: кредиттік портфельдер 

сапасының қанағаттанарлықсыз болуы қазақстан-

дық  банктердің  басты  проблемасы  болып  отыр. 

Портфельдердің  сапасы  өз  кезегінде    банктердің 

кредиттік саясатын белгілей отырып оларды жаңа 

тəуекелдерді  қабылдау  кезінде  тежейді.  Яғни 

олардың  заемшыларға    қойылатын    талаптарын 

жұмсарту саясатын тежейді. Ал бұл,  əрине жаңа 

заемдар беруді  шектейді.

Осыған  қарамастан  Ұлттық  Банк  əртүрлі  іс-

шараларды  дайындау жəне  банктердің кредиттік 

портфелінің  сапасын  жақсартуға  жəне  сапасыз 

активтермен проблемаларды шешуге бағытталған 

заңнамаға  өзгерістер  енгізу  үдерісіне  белсенді 

қатысады.  Атап  айтқанда,  Үкіметтің  екінші  дең-

гейдегі  банктердің  активтерінің  сапасын  жақсар-

ту дың  қадамдық    жоспарын  əзірлеу  жөніндегі 

бас  тамасы  туралы сөз болып отыр. Бұл  жоспар 

бес  жылдық  кезеңге  есептелген.  Бұл  жерде  

сондай-ақ,  ҚҚА  мен  Ұлттық  Банктің  бастамасы 

бойынша  Салық  кодексіне  енгізілетін  өзгерістер 

мен  толық тырулар туралы  сөз болып отыр. Атап 

айтқанда,  біз  Салық  кодексінің 90-бабын 

2-1-тармақпен  толықтыру  қажет  деп  санаймыз, 

мұнда борыш керге қойылатын талаптардың мөл-

шерін 


азайту 

кезінде 


бұрын 

шегерімге 

жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын 

төмендету  кіріс  деп  танылмау  үшін  негіздер  

кеңейеді.  Бұл  түзету  үмітсіз  берешек  сомаларын 

есептен  шығару  не    қайта    құрылымдау    кезінде 

банктер  үшін  салық  шы ғындарын    төмендетеді 

жəне  банктердің  проб ле малы  кредиттерден  тазару 

үдерісін  жылдамдатады.   

Ұлттық  Банктің  сайтында  кредиттеу  мəселе-

лері  бойынша жүргізілген интерактивті пікіртері-

мінің нəтижелеріне келетін болсақ, мұндай  пікір-

терімдер (оларды біз əртүрлі тақырыптар бойын-

ша  жүргізіп  отырамыз)  əртүрлі  пікірлерге  мони-

торинг  жүргізуге  жəне  сайтты  пайдала ну-

шылардың  қандай  болсын  мəселеге  деген  көз-

қарасын  жедел  байқауға    мүмкіндік  береді.  Бұл 

ақ парат  кейбір  жағдайда  субъективті  болуына 

қарамастан  назарға  алынады  жəне  Ұлттық 

Банктің шешімдерін қабылдаған кезде  ескеріледі.



ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ МҰРАЖАЙЫ БАРЛЫҚ 

КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ

–  Газет  поштасынан  келіп  түскен  сұрақ. 

Біз дің  оқырмандар  Ұлттық  Банктің    мұра-

жайы қалай жұмыс істейді жəне ол барлық ке-

лем  деушілерге  неге  ашық  емес  деген  сұрақ  

қойып отыр?  Ұлттық Банктің биыл жиырма 

жылды ғын  атап  өтетіндігін  жəне  осы  кезеңде 

жұрт шылық 

үшін 

көптеген 

қызықты 

артефактілер дің    жинақталғандығын  ескере  

отырып,  шын  мəнінде  неге  деген    сұрақ 

туындайды?

– Шын мəнісінде,  Ұлттық Банктің  мұражайы 

барлық  келем  деушілерге  ашық  жəне  оған  келу 

үшін тек алдын ала өтінім қажет. Оған қоса, қазір гі 

кезде Мұражайдың рөлін күшейту жөнінде жұ мыс 

жүргізілуде. Ұлттық Банк Мұражайды дамы ту тұ-

жырымдамасын  əзірлеп  жатыр,  оған  сəйкес 

ақпараттық-түсіндіру  қызметінің  бірден  бір  құ-

ралы ретінде оның рөлін арттыру мақсатында қол-

ма-қол  ақша  айналысы  тарихы  бойынша  экс кур-

сиялардан  басқа,  сондай-ақ  экономика  бағытын-

дағы жоғары жəне орта оқу  орындарының оқыту-

шылары  мен  оқушылары  үшін  факультативтер, 

дəрістер,  семинарлар  ұйымдастыру  жоспарланып 

отыр. 

- Егжей-тегжейлі мазмұнды əңгімеңізге рахмет.



Əңгімелескен

Алевтина ДОНСКИХ.

қаң


-

тар


 08

на

у-



рыз

 08


ма

-

мыр



 08

шіл


-

де

 08



қыр

-

күйек



 08

қа

-



раша

 08


қаң

-

тар



 09

на

у-



рыз

 09


ма

-

мыр



 09

шіл


-

де

 09



қыр

-

күйек



 09

қа

-



раша

 09


қаң

-

тар



 10

на

у-



рыз

 10


ма

-

мыр



 10

шіл


-

де

 10



қыр

-

күйек



 10

қа

-



раша

 10


ақша-кредит саясатын жүргізетін боламыз. 

Жылдық инфляцияның жəне оның құ рам-

дас  бөліктерінің  динамикасы  (алдыңғы  жыл-

дың тиісті айына %)

Дерек  көзі:  Қазақстан  Республикасының  Ста-

тистика агенттігі

Ұлттық  Банктің  Үкіметпен  бірлесіп  көрсетіл-

ген  мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталған  барлық 

қажетті  шараларды  қолдануды  жалғастыра  бере-

тінін атап өткім келеді. Бұл ретте қазіргі уақытта 

Қазақстанда тұтыну нарығындағы ахуал тұрақты 

болып  қалып  отыр,  инфляциялық  қысымды  кү-

шейтудің  қазіргі  кезде  ешбір  себебі  жоқ.  Сыртқы 

факторлар тарапынан теріс күйзелістік құбылыс тар 

болмаса, белгіленген дəліз сақталатын болады. 



–  Осы  жылдың 1 қаңтарынан  бастап  зей-

нетақы  төлемдері 30%-ға  көтеріледі.  Бұл  зей-

неткерлер  үшін  жағымды  жаңалық,  ал  эко-

номика  тұрғысынан  алсақ,  оның  инфляцияға 

əсері бола ма?

– 2011 жылы  бюджеттік  төлемдердің  көтері-

луінен  инфляциялық  қысымның  айтарлықтай 

күшеюін  Ұлттық  Банк  болжап  отырған  жоқ. 

Ақша-кредит  саясатын  əзірлеген  кезде  Ұлттық 

Банк  зейнетақының,  жəрдемақының,  жалақының 

жəне  бюджеттен  төленетін  басқа  да  төлемдердің 

2011 жылы көтерілетінін ескерді. 

Бұл  көтерудің  экономикадағы  жиынтық  ұсы-

нысты  жиынтық  сұранысқа  сəйкес  деңгейде 

станның  барлық  кезең  бойына  орындаға нын, 

Беларусьтің 2002-2004 жəне 2009 жылдары, 

Ресейдің 2002-2003 жылдары  орындамағанын 

атап өтуге болады.

Бұл  талапты  орындауда  болашақта  да  қиын-

дық болмайды деп ойлаймын. Қазақстандағы ин-

фляция деңгейін əрқашан да Ресейдегі жəне Бела-

русьтегі  инфляциямен  салыстыруға  болады. 

Бұдан басқа Келісім БЭК-ке қатысушы елдердегі 

келісілген макроэкономикалық саясатты əзірлеу ді 

жəне  жүргізуді  болжайды,  бұл  осы  елдердің 

экономи каларының  ішкі  тұрақтылығын  көтеру 

үшін  қолайлы  жағдайлар  жасауға  жəне  теңдес ті-

рілген  макроэкономикалық  көрсеткіштерге,  оның 

ішінде мемлекеттік бюджеттің тапшылы ғы, мемле-

кеттік  борыш  жəне  инфляция  бойынша  көр-

сеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін болады. 

НАРЫҚҚА КІРЕТІН ƏРБІР                   

ИНВЕСТОР ТҮСІНУІ ТИІС

–  Рейтингілік  агенттіктер  бірінен  соң  бірі 

елдердің,  банктердің  жəне  компаниялардың 

рейтингілерін  жақсару  жағына  қарай  қайта 

қарауда.  Рейтингілік  агенттіктерге  қатысты 

Сіздің көзқарасыңызды білеміз, дегенмен бар-

лығына белгілі қателер мен қате есептеулерге 

қарамастан, қазіргі кезде инвесторлық қо ғам-

дас тық  инвестициялау  үшін  елдерді,  компа-

ния  ларды таңдаған кезде осы баға ларға сүйе-

азық-түлік тауарлары 

 азық-түлікке жатпайтын тауарлар

ақылы қызметтер 



ТБИ




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал