8,9,10 беттер. Мемлекеттік қызметшінің айнымас серігі адалдық „ 2016 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы»



жүктеу 1.19 Mb.

бет1/11
Дата30.01.2017
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жан араша

 №25 (1260)   17

 маусым 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

8,9,10 беттер.

Мемлекеттік қызметшінің 

айнымас серігі -                      

адалдық

 

„



2016 жылы 

«Мемлекеттік  қызмет 

туралы»  жаңа заң 

қабылданып, мемлекеттік 

қызметке  мансаптық 

өсу қамтамасыз 

етілмек. Ал қазіргі таңда  

облысымызда штаттық 

саны 5584 мемлекеттік 

қызметші болса, оның 

ішіндегі жастардың 

үлесі 530-ды құрайды.                                                

  

4 бет.

Кінәлі табылды

 

„



6 маусым күні 

велосипедшінің 

абайсызда соғып кету 

салдарынан 33 жасар 

келіншек  ауруханада көз 

жұмды. Оқиға орнынан  

ізін суытқанымен, араға 

екі күн салып, Ішкі істер 

бөліміне келген 19 жасар 

студент қыз кінәсін 

толық  мойындады.                            

«Әлемдік лига» 

Таразда өтті

 

„



Волейболдан өткен дүбірлі 

дода  қазақ спорты тарихында 

алтын әріппен жазылары сөзсіз.                                        

Той жақын, дайындық 

ауқымды

 

„



Қазақ хандығының 550 жылдығына 

орай көне шаһардың көркі 

күннен-күнге көз тартып келеді.                                                                      

 11 бет.

  

13  бет.



Жас жүрек жайып 

саусағын...

 

„



«VI Республикалық Құран жарысы» 

байқауында жерлесіміз Дулат Қалығұлов 

темір тұлпар мініп, топ  жарды.                                                                                                                                                            

                                      

  

6  бет.

  

12 бет.

 

„

Адам жанының арашашысы  - дәрігерлердің еңбегі аса бағалы. Балтыр сыздап, 



жан  ауырғанда, үміт пен күдік арпалысқан сәтте, дертке дауа тауып, сырқаттың жан 

шыдатпас кеселін жазатын  - дәрігерлер.  Сөзі шипа, қолы алтын, соңғы үміттің жібін 

жалғайтын жандар, мерекелеріңізбен!                              

Мерекелеріңізбен!



қоғам

2

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №25 (1260), 17  МАуСыМ 2015 Жыл  //



Зере ОРАЗБЕК

        Бұрын-соңды  ғылымда  түрен 

салынбаған  тың  тақырыпты 

талқылауға  Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  жанындағы 

Әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі 

ұлттық комиссиясы мұрындық бо-

лып, еліміздің барлық облыстарынан 

жүзден аса нәзік жандылар жинал-

ды. Жамбыл облысынан жоғарыда 

аталған  комиссияның  хатшысы 

Айман Каримова бастаған делегация 

құрамында М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ-дің  кафедра  меңгерушісі 

Айгүл Қабиева, облыстық мәдениет, 

мұрағат және құжаттама басқармасы 

басшысының орынбасары Мүбарак 

Жинақбаева, облыстық филармония 

директоры, ҚР Мәдениет қайраткері 

Сәуле  Жанпейісова  және  Тараз 

қалалық мәслихатының депутаты 

Эльмира  Мырза-Ғали  қатысты. 

Оқу ордасының бас ғимаратында 

конференция қатысушылары алды-

мен суретші Аңсаған Мұстафаның 

«Қазақ хандығы: Тұғырлы тұлғалар» 

тақырыбындағы көрмесін тамашала-

ды. Пленарлық отырыста құттықтау 

сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшы-

сы, ҚР Президентінің жанындағы 

Әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі 

ұлттық комиссиясының төрайымы 

Гүлшара Әбдіхалықова өрелі тари-

хымызда батырлар мен ақындарды 

дүниеге әкелген, ақылымен ел биле-

ген және айбатымен жау қашырған 

аналар  –  қай  кезде  де  қоғамның 

бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, 

арманы  мен  жауапкершілігі  бола 

білгенін айтып, Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың:  «Әйел  - 

ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің 

иесі.  Ел  болашағының  барлығы 

әйел азаматтардың қолынан өтеді» 

деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін 

үлкен тағылым екенін еске салды. 

Зиялы  қауымға  қарата  сөйлеген 

сөзінде:


      -  Хандық  туралы  толыққанды 

ұғым қалыптастыру үшін хан орда-

сында елдік деңгейдегі кеңесімен 

тарихта қалған ханымдар мен хан-

шалар,  би  мен  батырлардың  ана-

лары  мен  асыл  жарлары  туралы 

тарихи мағлұматтарды терең зерде-

леген жөн. Бұлардың ішінде ханға 

әділдігін айтқан Қарашаштан ба-

стап, ел тұтқасы болған Айғаным 

мен Фатима ханшалар, жауға қарсы 

шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай 

сияқты батыр жарлар, есімдері тұтас 

жұрттың тәрбие бесігіне айналған 

Нүрила, Қызай, Қойсана, Қарқабат, 

Дәулетбике сынды аналардың ру-

хани  тұғыры  уақыт  өткен  сайын 

асқақтай  бермек.  Өйткені  олар 

– ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тәлім-

тәрбиенің  ұраны  мен  қағидатына 

айналған  асыл  тұлғалар.  Қазақ 

хандығының  550  жылдығы  ая-

сында  қазақ  мемлекеттілігін 

қалыптастырып,  дамытуға  үлес 

қосқан  ханымдар  мен  арулардың 

ұлт алдындағы еңбегін байыптап, 

тағылымды өмірлерін жұртшылық 

назарына  ұсыну  үшін    кешенді 

ғылыми жобаларды қарастыру қажет. 

Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын 

мұндай жобаларды «Қазақ ханым-

дары  мен  арулары»  және  «Қазақ 

 

„

Үстіміздегі жылы елімізде халқымыздың ұлттық тарихи санасын тереңдетуде рухани-



мәдени маңызы зор айтулы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірегейі - Астана 

төрінде  л.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  университетінде  өткен  «Қазақ  хандығы 

тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. 

ҚазаҚ ханымдары: 

тарих пен тағылым

 

„



Ұлттық жоспарды жүзеге асыру негізінде Жамбыл 

политехникалық колледжінде Елбасының «100 нақты қадам» 

Ұлт жоспарын жастар арасында насихаттау мақсатында 

«Табысқа қарай 100 қадам» атты флешмоб өтті.

Табысқа жеткізер  100 қадам

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ                           

Шараға  «Казфосфат»  ЖШС  техникалық 

бақылау  бөлім  бастығы  Г.Акмурзаева,  Тараз 

қаласы  әкімдігінің  сәулет  және  қала  құрылыс 

бөлімінің маманы М.Әбдімахамбетов, колледж 

директоры  Ж.Орынбаева  және  аталмыш  оқу 

орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.

Елбасымыз Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген 

отырысында 5 институттық реформаны жүзеге 

асыруға бағытталған 100 нақты қадамын белгілеп, 

күрделі кезеңде сыннан сүрінбей  өтудің берік 

алғышарттарын айқындап берген болатын. Бұл 

100 нақты қадамның негізгі мақсаты - жаһандық 

және ішкі сын –қатерлерге жауап және сонымен 

бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың 

дамыған  мемлекеттердің  отыздығына  кіруі  

жөніндегі жоспары. Мемлекеттік 5 институттық 

реформасы Жамбыл политехникалық коледжінде 

де қызу талқыланып, жан-жақты қолдауға ие бо-

луда. Әсіресе, аталған оқу орнының оқытушылары 

мен  студенттері  «Индустрияландыру  және 

экономикалық өсім» атты үшінші реформасындағы 

77 қадамына ерекше тоқталды. Аталмыш рефор-

мада экономиканың  алты негізгі саласы үшін он 

алдыңғы қатарлы колледж бен жоғары оқу орнында 

білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибе 

еліміздің басқа оқу орнындарына тарату туралы 

Елбасымыз нақты тапсырма бергенді. 

Осы  орайда,  Ұлттық  жоспарды  жүзеге 

асыруды  негізге  алған  жиында  алғашқы 

сөз  кезегін  колледж  директоры,  педагогика 

ғылымдарының  кандидаты  Жанар  Орынбаева 

алып, Президенттің 5 реформасы –Қазақстанды 

дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бастайтын 

алғышарт екендігін айтты. Сондай-ақ 6 қадам 

мен 77 қадамға жіті тоқталып өтті. Мұнымен қоса 

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайда-

лану»  мен «Химиялық технология және өндіріс» 

мамандықтары бойынша жаңа білім беру моделі 

жүзеге асатындығын, материалдық-техникалық 

база жаңғыртылып, арнайы пән оқытушылары 

мен өндірістік оқыту шеберлері Беларус елінде 

Минск қаласында біліктілікті арттыру курсынан 

өтетіндігін жеткізді. 

Сонымен қатар сөз тізгінін алған  «Казфос-

фат» ЖШС техникалық бақылау бөлім бастығы Г. 

Акмурзаева, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және 

қала құрылыс бөлімінің маманы М.Әбдімахамбетов 

ж ә н е   3   С Э С - 1 2 - 1   то б ы н ы ң   с туд е н т і 

М.Рахымбекұлы  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспа-

ры-100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мем-

лекет» атты бағдарламасын жоғары жауапкершілікке 

жүктейтіндігін  және  болашаққа  деген  сенім 

ұялататындығын атап өтті. Аталмыш құжаттың 

тәуелсіз Қазақстанымызды әлемдегі көшбасшы елге 

айналдыру мақсатын көздейтін кешенді бағдарлама 

тәуелсіз еліміздің  ертеңі үшін еңбек ететін, білікті 

де білімді азаматарды даярлап, Елбасы айқындап 

берген міндеттерді бірлесе отырып жүзеге асырамыз 

деген сенімнің зор екендігін жеткізді. 

Ұлттық жоспарды колледждің студенттері де 

қызу  қолдайтындықтарын  әсерлі  жеткізе  білді. 

Жиын соңы «Ғимараттар мен құрылыстарды салу 

және  пайдалану»  мен  «Химиялық  технология 

және өндіріс» мамандықтарының студенттерінің 

орындауындағы көңілді флешмобына ұласты.

әйелдері: тарих және қазіргі заман» 

деп атауға болады. Бұл орайда, жоғары 

оқу орындары магистрлік және PhD 

диссертацияларының гуманитарлық 

бағыттағы  тақырыбына  бұрын 

қарастырылмаған  Қазақ  хандығы 

тұсындағы  әйел  тұлғаларының 

қайраткерлігін, мұрасын зерттеу ныса-

насы етіп енгізген жөн болар еді деген 

ойдамын. Сонымен бірге, халықтың 

тарихи танымын арттыру мақсатында 

«Қазақ ханымдары», «Қазақ әйелдері» 

деген тақырыптарда энциклопедиялық 

жинақтар әзірлеп, жарыққа шығарсақ, 

игілікті істі ілгері бастыратынымыз 

анық, - деді Гүлшара Наушақызы. 

   Конференция жұмысына қатысқан 

БҰҰ  Даму  Бағдарламасының 

Қазақстандағы тұрақты өкілінің орын-

басары Алтынгерел Мунхтуя ханым да 

ұлан байтақ ұлы даланы мекендеген 

дархан халықтың өткені мен бүгінгі 

тарихына үңіліп, «бір қолымен бесікті, 

бір қолымен әлемді тербеткен» қазақ 

әйелдеріне бас иетінін жеткізді. 

     Сақ, ғұн дәуірлерінен тамыр тартқан 

тарихымыз Орталық Азия аумағында 

тұңғыш рет ұлттық мемлекет ретінде 

Қазақ хандығы  құрылғанын айғақтап 

отыр. Ал хандық дәуірдегі тәуелсіздікке 

құштар  мемлекет  өмірінде  ел 

басқарған хандардың қасында болған 

ханымдар  мен  арулардың  елеулі 

рөл атқарғаны белгілі. Бұл пікірлер 

конференция  барысында  баяндама 

жасаған қазақ ғылымындағы мүйізі 

қарағайдай  академиктеріміз  бен 

ғылым докторларының, профессор-

лар  мен  қаламгерлердің  ғылыми 

тұжырымдамасында  бұлтартпас 

деректермен  дәлелденді.  Әсіресе, 

Сейіт  Қасқабасовтың  «Қазақ 

хандығы және Қарашаш тұлғасы», 

Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандығы 

құбылысы  және  ханымдар  рөлі», 

Сарбас  Ақтаевтың  «Айғаным  хан-

ша: тарихы мен тағдыры», Ханкелді 

Әбжановтың «Қазақ мемлекеттілігінің 

тарихы мен тағдырындағы әйелдер», 

Серік Негимовтің «Ұлт тарихы мен 

руханиятындағы  Бопай  ханымның 

рөлі мен орны», жазушы Шәрбану 

Бейсенованың  «Сүйімбике  және 

Сүзге  тағдырлары»  атты  баянда-

маларында келтірген тың деректер 

ұлтымыздың ұйытқысы, аты ардақты 

аналарымыздың тағдырына басқаша 

көзбен қарап, тарихымызды тануда 

әлі де терең ізденіс пен тыңғылықты 

жұмыстың күтіп тұрғанын нақтылай 

түсті. 


      Қазақ  хандығы  тұсындағы  ха-

нымдар  мен  аруларды  ұлықтаған  

басқосу  соңында  Еуразия  Ұлттық 

Университетінің  ректоры  Ерлан 

Сыдықов конференция материалда-

ры кітап болып басылып шығатынын  

мәлімдеді.  Бұл  еңбек  ұлтымыздың 

аяулы  ары,  кие-парасаты,  сәулет-

салтанаты,  «қара  шашты  аналар, 

қара көзді даналар» туралы алғашқы 

ғылыми жинақ болмақ. 

Келелі кеңес төрінде.

 

Жастар қолдау білдірді.



 

Суретті түсірген автор.



қала-қарбалас

3

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №25 (1260), 17  МАуСыМ 2015 Жыл  //



К.МҰҚАНОВА, Н.ШАБАН,                

«Жас балғын» балалар клубының 

кеңесшілері

  Айта кетерлігі жарыспен қатар жазғы мек-

теп лагерінің бірінші маусымының жабылу 

шарасы  өтті.  Іс-шара  барысында  лагерь 

жетекшісі Назипа Мадешова салтанатты 

түрде  оқушыларды  оқу  жылының  сәтті 

бітуімен  құттықтап,  жарысқа  қатысушы 

топтарға  сәттілік  тіледі.  Ал  әділ-қазы 

алқалары  тобынан  лагерь  жетекшісі 

Н.Мадешова, аға тәлімгер А.Слюйманова 

 

„

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті Рамазан айы 



қарсаңында мешіт қызметкерлері  БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы Ораза 

кестесі және өзге де мәселелерді ортаға салды.



парызды өтеп, 

сауапҚа бөлен, ағайын!

Жаз қызығы таусылмайды



Нұрсұлтан РАХЫМБАЕВ,                                     

ТарМУ студенті                            

Алланың  мұсылман  баласына  міндет 

еткен  бес  парызының    бірі,  қайырымы 

мен  сауабы  мол  қасиетті  айды  көпшілік, 

бұқара  халыққа  хабарлау  мақсатында 

ұйымдастырылған  баспасөз  мәслихатын  

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, 

бас имам Данияр Жұмабаев ашып, жүргізіп 

отырды. Бас имам шариғаттың  талабы бой-

ынша бар мұсылман қауымды ауыз бекітуге, 

сауапты іс жасауға шақырды. Көпшіліктің 

көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. 

  -    Биылғы  Рамазан  айының  бірден-

бір ерекшелігі – шіліңгір шілденің, аптап 

ыстықпен тұспа-тұс келіп Ораза ұстау бұл 

да бір Алланың сынағынан өту. Оразаны 

ұстау әрбір балиғат, кәмелет жасына кел-

ген, дәрігер нұсқаған  денсаулығы көтере 

алатын  әрбір  мұсылман  қауымға  міндет 

болып  табылады.  Осы  орайда  облыстық, 

аудан, ауылдық мешіттерде  ауызашарлар 

ұйымдастырылуы жоспарланған. Сонымен 

қатар биылғы жылға әрбір сала мамандары 

кезекпен осындай өзге де іс-шаралар өткізуі 

тиіс. Мұнымен бірге облыстық он бағытқа 

қатынайтын, жолаушы таситын көліктерге 

арнайы  бір  күнді  белгілеп,  көпшілікке 

тегін  қызмет  көрсететін    болады.  Сауда-

саттықта  жеміс,  көкөністердің  бағасы 

да  төмендейді.  Бұл  мәселенің  барлығы 

жергілікті  билік  өкілдерімен  келісіліп 

отыр.  Қасиетті  айда  сауапты  іс  жасап, 

қайырымдылық шараларының ортасынан 

табылам деген жамағатқа да қолымыздан 

келгенше сөз көмегімізді беруге дайынбыз, 

- дейді облыстың бас имамы.

Жиында өткен аптада елордамыз Астана-

да өткен бүкіл әлемдік діндер съезі жөнінде 

сөз болды. Әлемнің шартарабынан қырықтан 

астам дін өкілдері жиылған съезге қатысып 

қайтқан  бас  имам  өзінің  алған  әсерімен 

бөлісті. Көкейіне түйген, көргенін көпшілікке 

айтып берді. Кездесу соңында ол бір Алланың 

разылығы үшін ауыз бекітіп, Ораза ұстаған  

әрбір мұсылманға ниеттерінің қабыл болуын 

тіледі. Ораза қабыл болсын, ұстаған жан!

 

„

ҚР Үкіметінің тапсырмасымен 



Мәдениет және спорт министрлігі 

Мәдениет және өнер қызметкерлері 

күні аясында 21 мамыр мен 21 

маусым аралығында республикалық 

мәдени айлығы жарияланған 

болатын. Осыған орай қаламыздағы 

қарттар мен мүгедектер үйлеріне, 

жетімдер үйлеріне әлеуметтік көмек

қайырымдылық концерттер мен 

түрлі көрмелер ұйымдастырылуда.  

Бәрі сіздер үшін!

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ                            

Қамқорлықсыз  қалған  жарымжан  жандарға  көтеріңкі 

көңіл-күй  сыйлау  мақсатында  атқарылған  іс-шараның  бірі 

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми 

кітапханасында Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және 

бейімдеу орталығының емделушілерінің қатысуымен «Бәрі сіздер 

үшін!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Кітапханадағы қызмет 

көрсету бөлімінің менгерушісі Жанат Жетпісбаева келушілерді 

мерзімді басылымдар, оқу залы, абонементпен қамтамасыз ету, 

өнер, кітапхана ісін автоматтандыру, кітап қорын сақтау сынды 

12 сектормен таныстырып өтті.

Сондай-ақ,  кітапхана  қызметкерлері  емделушілеріне 

кітапханадағы ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз 

етті. Кеш барысында әрбір қатысушыға мерзімдік басылымдары-

мен бірге кітапханадағы қолөнер көрмесінің бұйымдарымен 

танысу бұйырды. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, 

бейімдеу орталығынан келген қонақтар да өз өнерін ортаға салып, 

шат-шадыман күй кешті. 

 

„

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Тараз Жастар 



орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіне  қарасты 

«Жас  балғын»  аула  клубы  №15  мектеп-гимназиясымен 

бірлесе отырып, Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай «Ұрпақтар 

ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!» атты спорттық жарыс өткізді. 

 

„

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер 



палатасының жаңа директоры 

болып Қарлығаш Аралбекова 

тағайындалды. 

Кәсіпкерлік 

Палатасында жаңа 

басшы


Айсана Нұрбап                            

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің 

«Атамекен»  ҚР  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  Басқарма 

Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың қатысуымен 

өткен отырысында дауыс беру қорытындысы бойынша Кеңес 

мүшелері Қарлығаш Аралбекованы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер 

палатасының директоры лауазымына бекітті.

Қарлығаш Аралбекова 1977 жылы Жамбыл қаласында 

дүниеге  келген.  2000  жылы  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық 

қатынастар»  мамандығы  бойынша  аяқтайды.  2003  жылы 

Абай атындағы Алматы Университетін «Қаржы және кредит» 

мамандығы бойынша тәмамдайды, экономика магистрі.

Әр  жылдары  Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік 

университетінде оқытушы болып қызмет еткен, «АТФБанк» 

АҚ ШОБ департаменті Өнімдерді дайындау және әдіснама 

басқармасы бас маманынан бастап Банктік қызмет көрсету 

орталығы директорына дейінгі мансап жолынан өткен.

2009 жылы «Альянс Банк» акционерлік қоғамына ауысып, 

онда ШОБ департаменті Өңірлік үйлестіру басқармасы бастығы 

болып қызмет атқарады.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Альянс Банк» АҚ 

Шағын және орта бизнес департаменті директоры лауазымында 

болады.


2012-2013 жылдары «Альянс Банк» АҚ Тараз қаласындағы 

филиалында директор лауазымында еңбек етеді.

Соңғы жұмыс орны – «Банк Центр Кредит» АҚ, онда ол 

2013 жылдан бері Тараз қаласындағы филиал директоры болып 

қызмет еткен.

Бұрын  Жамбыл  облысы  ӨКП  директоры  болған  Асан 

Қошмамбетов  Өңірлік  Кеңес  шешімімен  кеңес  құрамына 

кіреді. Нұржан Әлтаев Асан Қошмамбетовке «Атамекен» ҰКП 

марапаты – І дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалін табыстап, 

жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін алғысын айтты.

және  Ф.Сейдомарова  көрінді. 

Спорттық  жарысқа  жасөспірімдер 

белсенді  түрде  қатысып,  «Ұлан», 

«Қарлығаш», «Айгөлек», «Күншуақ», 

«Достық», және көгершін болып алты 

топқа  бөлініп,  «Доппен  жүгіру», 

«Секірмекпен  секіру»,  «Кенгуру», 

«Мен күшті (арқан тарту)» кезеңдері 

бойынша  сайысқа  түсті.  Әр  топта 

10 оқушыдан қатысты (5 ұл бала, 5 

қыз бала). Сонымен қатар жарысқа 

қатысушыларды сайысқа дайындауда 

дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі 

Шыңғыс Мамаев көп еңбек етті. Бұл 

спорттық жарыста І орынды «Ұлан» 

тобы, ІІ орынды «Қарлығаш» тобы, 

ІІІ орынды «Айгөлек» тобы иеленді. 

Жеңімпаздар мен белсене қатысқан 

топтар  арнайы  дипломдар,  Алғыс 

хаттар және бағалы сыйлықтармен 

марапатталды.

        Іс-шара  соңы  оқушылардың 

д а й ы н д а ғ а н   к о н ц е р т т і к 

бағдарламасымен жалғасын тапты. 

Концерттік  бағдарламада  тіпті  1 

сынып  оқушылары  да  би  биледі. 

№15 мектеп-гимназиясының дирек-

торы Айгүл Құлахметова мен «Та-

раз Жастар орталығы» мекемесінің 

ұйымдастыру  бөлімінің  кеңесшісі 

Ғалия Мұханова жеңімпаз атанған ко-

мандаларды жеңістерімен құттықтап, 

жазғы демалыс уақытын қызықты да, 

көңілді өткізулеріне тілек білдірді. 

Оқушылар  жаздық  лагерь  мен 

спорттық жарыстың естерінде ұзақ 

сақталатынын  айтып,  алғыстарын 

білдірді. 

Жарыстан соң.

 


орта

4

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №25 (1260), 17  МАуСыМ 2015 Жыл  //



23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ,

ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл об-

лысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, 

Тәртіптік кеңестік төрағасы:

мемлекеттік Қызметші адал, 

әділ, Қарапайым болуы шарт

-  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 

бес институттық реформасын жүзеге 

асыруға арналған «100 нақты  қадамында» 

Қазақстанның  алдағы  уақытта  даму 

жолдарының  басым  бағыттары 

көрсетілген.  Онда  мемлекеттік 

қызметкерлерге қандай жауапкершіліктер 

жүктеліп отыр?

Жарқын болашаққа бірге!

Оңғар Серік Оңғарұлы 1973 жылы 

8  ақпанда  Тараз  қаласында  туған. 

1999  жылы    Д.Х.Дулати  атындағы 

Тараз мемлекеттік университетін ин-

женер-механик мамандығы бойынша 

бітірген.  2000-2002  ж.ж.  Орталық 

Азиялық университеті «Финанс және 

кредит» мамандығын бітірген. Еңбек 

жолын 1990 жылы  Тараз қаласындағы 

Тәжірибе-механикалық  зауытында 

қарапайым жұмысшы болып бастаған. 

1991-1993  жылдар  аралығында 

әскер қатарында болған.  

1993-1994  жылдары  «Жамбыл» 

қонақ үйінде жабдықтаушы. 

1994-1996  жылдары  «Энергоре-

монт» ЖШС жабдықтаушы.

1996 жылы Алматы қаласындағы 

«Тұмар» сақтандыру компаниясында 

бас маман болып істеген.

1997-2000 жылдары «Латон-Полис» 

сақтандыру компаниясы директорының 

орынбасары.

2000-2002 жылдары «АТФ-Полис» 

сақтандыру компаниясының жетекші 

менеджері, Алматы қаласы.

2002-2009 жылдары «НСК» (Тараз 

қ.)  сақтандыру  компаниясының  ди-

ректоры. 

2010  жылдан  бері  «Сәлем» 

сақтандыру компаниясы филиалының 

директоры қызметін атқарады. 

Үйленген, 4 баласы бар.

 

„



2015 жылдың 21 маусымы  №6 сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық 

мәслихатының  депутаттығына сайлау күні. 

№6 сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына 

кандидат Серік Оңғардың сайлауалды бағдарламасы

Еліміз  бүгінде  дамудың 

даңғыл  жолына  қадам  ба-

сты.  Барлық  салада  өрлеу  мен 

өркендеу  бар.  Мұның  бәрі  де 

Елбасымыз  жүргізіп  отырған 

салиқалы саясаттың жемісі. Де-

генмен, алдағы атқарылар істер 

де ауқымды.

Ж а м б ы л   о б л ы с т ы қ 

мәслихатының  депутаттығына 

ұсынылуымды  маған  артылған 

үлкен  сенім  деп  есептеймін.  

Облыстық мәслихаттың депута-

ты болып сайланған жағдайда об-

лыс тұрғындарының құқықтары 

мен мүдделерін қорғауға тырыса-

мын. Егерде сайлаушылар сенім 

білдіріп, қолдау көрсетіп жатса, 

бірқатар  жұмыстарды  жүзеге 

асырсам деп ойлаймын. 

Же т і с т і к ке   же ту   ү ш і н 

төмендегі мақсаттарды іске асы-

ру қажет:

- отандық тауар өндірушілерді 

қолдау;

-  агроөнеркәсіп  кешені 



ө н і м д е р і н і ң   б ә с е к е г е 

қабілеттілігін арттыру;

- шағын және орта кәсіпкерлік 

саласын  дамыту  үшін  лизинг 

және  несие  жүйесімен  жаңа 

техникалар  алу  механизмін 

жетілдіру; 

- болашағы зор сала ретінде 

туризм  индустриясын  дамыту 

үшін инфрақұрылым құру;

Әлеуметтік салада:

-  жастар  және  балалармен 

мақсатты түрде жұмыс жүргізу, 

олардың  бос  уақытын  тиімді 

пайдалану:

-  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру,  таза  ауызсумен 

қамтамасыз ету, әрбір азаматтың 

экологияға  деген  мәдениетінің 

деңгейін көтеру;

-  жаңа  жұмыс  орындарын 

құру арқылы жұмыссыздықпен 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал