№88 (10488) сенбі, 31 қазан



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5

Зайсан ауданының қоғамдық-саяси газеті    

 

Газет 1930 жылғы 1 қазаннан шығады



№88 

(10488)

сенбі,

31 қазан

2015 жыл

Достық


Ел бЕрЕкЕсi – бiрлiктЕ!

«Дөңгелек үстел»  

өткізілді 

Сауда мәдениеті -басты 

қажеттілік

● 

Күн тақырыбына

Әлем   бойынша  дағдарыс  

кезеңі      дендеген      бүгінгі   

таңда    әрбір    тұтынушы   

үшін  сауда  мәдениеті  басты  

қажеттіліктің   бірі. Өйткені,   

әрбір    отбасы      күнделікті   

тіршілігіне   керекті дүниелерді    

алу      үшін        алдымен    

сауда        орындарының  

табалдырығынан    аттап,   

базарларды        жағалайтыны  

өмірдің  шындығы.      Осы   

орайда,   әр   аптаның   сенбі   

күндері   аудан   орталығындағы    

а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы   

өнімдерін      саудалайтын  

жәрмеңкеден        аудан    

тұрғындары 

 

іздегенін   



табады,   қалағанын   алады.   

Бәрі      бар,  сүт  өнімдері,   

жұмыртқа,      тары-талқан, 

балықтың      түрлері,    ет, 

тартылған    ет      секілді      әр   

отбасының        тұтынуына   

керекті  нәрсенің      барлығы   

саудаланады.    Бұл   жағынан  

кенделік  жоқ,  әсіресе,    еттің    

бағасы        базар    нарығымен   

салыстырғанда  төмен.   Қала 

және  ауылдық  округтегі 

шаруа 

қожалықтары  



мен    ауылшаруашылығы   

құрылымдары  өз қолдарымен    

өндірген    сапалы,   ешқандай  

қоспасыз   өнімдерімен  аудан 

жұртшылығын  қамтамасыз 

етіп келеді.Сол үшін халықтың   

алғысын      арқалауда.  Ал 

тары,  бидай  өсірген  диқан 

қауымы  да  ақтаған  тарысы 

мен түйген талқанын  әкеліп, 

ұлттық  тағамға    сұранысты  

қ а н а ғ а т т а н д ы р у д а . 

Жәрмеңке 

күндері 


көршілес 

 

Тарбағатай, 



Күршім 

аудандарына 

қарасты    елдімекендерден  

балық 


өнімін, 

 

оның 



ысталған, 

тартылған, 

аршылған  түрлерін  әкеліп, 

жұртшылықты 

қамтамсыз 

етіп  жүргендер  баршылық. 

Жәрмеңке 

күндері  

қоржынын 

толтырып, 

керегін  сатып  алатындар 

бір  сәт  сауда  мәдениетіне 

де  мән  бергендері    жөн.  

Жәрмеңкеге  әкелінген  әрбір 

ауылшаруашылығы  өнімінің 

бағасы  тұтынушыға көрнекті  

болатындай  көрсетіліп тұруға 

тиіс.  Бұл  жағына    көбінде  

назар 

аударылмайды. 



Жәрмеңке  күндері    көзге 

оғаш  көрінетін    келеңсіз   

көріністер  де  жоқ  емес. 

Құрты  мен  майын  немесе 

сүті  мен  ірімшігін,  тарысы 

мен 


талқанын, 

әкелген  

балық өнімдерін   жердегі ала 

сөмкесінің    жанына    жайып 

сауда істеп отыратындардың   

әрекетіне көз жұмып қарауға 

болмайды.  Балық  өнімдерін 

саудалаушылардың  қолында 

өз  денсаулықтары    туралы 

кітапшасы    және  өнімдерін 

тексеруден өткізгені жөнінде 

анықтамасы болуы тиіс. 

Ежелден  бері  айтылатын  

«Ауру- астан...  деген  сөз бар. 

Тазалық сақталмаған жерден 

кез келген тұтынушы   сауда 

жасауға   құлықсыз болатыны 

шындық.    Ал  жәрмеңке 

күндері, 

әсіресе, 

тары- 

талқан, сүт , балық өнімдерін 



с а у д а л а й т ы н д а р д ы ң  

әкелген  заттарын    жерге 

қойып 

«көше 


саудасын» 

ұйымдастыратынын 

көріп 

жүрміз. 


Жуықта 

өткен 


аудан 

әкімдігінің  мәжілісінде    бұл  

жөнінде 

орынды 


мәселе 

көтерілді.  Аудан  әкімі  Алмас 

Оңдақанов 

қала 


және  

әрбір    ауылдық  округтің  

әкімдеріне 

 

жәрмеңкеге 



келген  адамдардың  сауда 

мәдениетін 

 

талапқа 


сай 

 

жауапкершілікпен 



ұйымдастыруына   тапсырма 

берді.  Киім-кешек  cаудасын   

ұйымдастыруға  тыйым салу 

туралы  да  мәселе  көтерілді. 

Кез  келген    тұтынушының   

жәрмеңкеге 

шығарылған 

өнімдердің, 

мал 

етін 


немесе 

басқа 


өнімдерді 

саудалаушылардан      тиісті 

тексерулерден 

өткендігі 

туралы анықтаманы    сұрауға   

құқы    бар.  Ет  шабудың 

да  өзіндік  талғамы  болуы 

тиіс.  Көріп  жүргеніміздей, 

еттің  қалай  болса  солай, 

күл    талқаны    шығарылып  

балталанатыны 

 

туралы  



тұтынушы 

тарапынан 

орынды реніштер айтылады. 

Сондай-ақ,  әрбір      сауда 

сатушының,  әсіресе,  азық-

түлік 


саудалаушылардың    

дәрігерлік 

тексеруден 

өткендігі 

жөнінде 

анықтамасы    болмаса,  оның  

халыққа  қызмет  көрсетуге  

заңды  құқысы  жоқ.  Бұл 

орайда 

жауапсыздыққа 



жол      берілмеуі  керек.  Кез 

келгеннің    қолынан  тамақ 

аларда 

әрбір 


тұтынушы  

алдымен 


өз 

отбасының 

денсаулығы 

 

туралы  



ойлануы    тиіс.  Сондықтан  

сауда 


жасаушылардан 

тиісті 


анықтамаларды 

талап  ету  оғаштық  емес. 

Сауда  мәдениеті  алдымен  

базарда немесе  дүкендерде,  

әсіресе,  тамақ  саудалайтын 

орындарда    талапқа  сай 

болуы – өмір талабы .



 

Ақпараттар ағыны

Жаңа зауыт жанармай 

мұқтаждығынан 

құтқарады

Еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытының қайта жаңғыртылуы ішкі 

нарықты жоғарғы октандық жанар-жағар маймен қамтамасыз 

етуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  жайлы    Энергетика  министрінің 

бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.  

–Жарақтандыру жұмыстары 2017 жылы толық аяқталады. 

Сол кезде еліміз экспортқа тәуелділіктен толық құтылады,-деді 

вице-министр. 



Қазақстанның 

экономикалық 

саясатына баға берді

Қазақстан    экономикалық    саясатын  мұнай  құнының 

бұрынғы қалпына оралатынын ескере отырып жоспарлауы тиіс. 

Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша Халықаралық 

валюта  қорының  өкілі  Юха  КяхКоненің  айтуынша,  бұл  жайт 

отандық  кәсіпкерлердің  бәсекеге  қабілеттілігін  шыңдайды. 

Ал  Үкімет  пен  Ұлттық  қор  жүргізіп  отырған  реформалар  ел 

кәсіпорындарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді



Жылжымайтын мүлік 

құны төмендеді 

Қазақстанда жылжымайтын мүліктің долларға шаққандағы 

бағасы соңғы екі айда 17 пайызға дейін төмендеді. Астанада 1 

шаршы метрдің құны қазір 1381 доллар шамасында. Тағы бір 

жаңалық,  жарнамада  үй  сататындар  бағаны  көбіне  теңгемен 

көрсетуде.   Алматыда баспананың бір шаршы метрі – 1463 

доллар. Баға не бары 7 апта ішінде 12 пайызға дейін төмендепті. 

Бірақ теңгемен есептегенде тұрғын үй бағасы жаз айларының 

ортасымен салыстырғанда, әрине өскен. 

 Доллардың шамамен 277 теңгедегі бағамы бойынша қазір 

Астанада  жылжымайтын  мүліктің  1  шаршы  метрі  383  мың 

теңге  айналасында.  Яғни,  теңге  бағамы  ауыспай  тұрғандағы 

көрсеткішпен салыстырғанда 59 мың теңгеге көп. Ал Алматыда 

бұл көрсеткіш 85 мың теңгеге дейін көтеріліп, 1 шаршы метр 

тұрғын үйдің бағасы 400 мың теңгеден асады. «Крыша» газетіне 

сұхбат берген мамандар 2016 жылы 1 шаршы метрдің құны 1 

мың 300 долларға дейін арзандамақ деген болжам жасапты.

Қазақстан пен Катардың 

рухани сабақтастығы

Екі елде ежелден атқа қонып, құс баптағанды ермек етеді. 

Тұлпардың тұяғы шарпыған, сұңқардың қанаты тербеген кең 

далаға,  тіпті  ен  далаға  құштар.  Бізде  ұлан-ғайыр  алқап  та, 

асыл  тұқымды  құс  та  көп.  Солардың  бірі  –  дуадақ.  Сиреп, 

азайып  бара  жатқан  құстың  бұл  түрі  қызыл  кітапқа  енген. 

Әлемнің  бірнеше  елінде  ғана  бар.  Дегенмен  Араб  әмірлері 

мынандай  қыран  салып,  Дуадақ  алуды  ежелден  дәстүрге 

айналдырған. Енді катарлық ағайын бізге сол дуадақты сақтап 

қалуға көмектесіп жүр. Ол үшін арнайы ынтымақтастыққа қол 

қойылған. Катардың әмірлері Алматы мен Жамбыл облысын 

мекендейтін  дуадақтарды  көбейтуге  үлес  қосып,  арасында 

оларға  бүркіт  жіберіп  аулауды  ермек  етеді.  Сол  үшін  жыл 

сайын  күз  кезінде  Қазақстанға  арнайы  ат  терлетіп  келеді 

екен.  Бұл  саладағы  серіктес  елдің  инвестициялары  9  млн. 

доллардан асады.

Өткен  аптада    аудандық  

соттың      мәжіліс      залында 

өткізілген  «Дөңгелек  үстелге»  

Шығыс  Қазақстан  облыстық 

сотының  ішкі  қауіпсіздік   

бөлімінің 

 

 

басшысы   



Қасенов   Қайрат  Хусайнұлы   

қатысты.  «Дөңгелек  үстелді» 

аудандық  соттың  төрағасы 

Б.Мергембаев 

 

ашып,  


күн  тәртібіндегі  мәселеге 

тоқталып,  өз  ойын  ортаға 

салды.  Елбасы      Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

 

бес 


институттық 

реформасын 

жүзеге  асыруға  бағытталған 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  

жоспарының 

елімізді 

дамытудағы  маңызы туралы 

ой-пікірін,  осы  орайда  19 

қадамның  соттың  құқықтық  

жүйесін 


жетілдіруге 

арналғанын  айтты.   Сонымен 

бірге  сот  жүйесіне  жүктелген 

міндеттер туралы, соттардың 

беделін  көтеріп,  ашықтығын, 

қолжетімдігін    қамтамасыз 

ету мақсатында атқарылатын  

жұмыстар    мен    міндеттер 

туралы  жан-жақты  айтып 

берді. Мемлекет басшысының 

Ұлт 

жоспарында 



сот 

жүйесіне    қатысты  маңызды 

мәселелер 

көтерілгеніне 

жиналғандардың 

назарын 


аударды.  Жаңа    талап 

бойынша 


судья 

болғысы 


келетін  үміткерлердің    жас 

мөлшері 


ұлғайтылып, 

25 


жастан 30-ға  дейін көтерілгені 

туралы сөз қозғады. 

Қазіргі  таңда  қоғамның 

дамуына  өз  залалын тигізіп келе 

жатқан  сыбайлас  жемқорлық 

мәселесі,  онымен    көп  болып  

күресу  мақсатындағы жүзеге 

асырылып  жатқан  жұмыстар 

туралы    да  кеңінен  айтып 

өтті.  Сөз  кезегін алған  алған 

Қайрат Хусайнұлы  «Дөңгелек 

үстелде»  қамтылған  мәселеге 

байланысты  өз ойын  ортаға 

салды. Төртінші билік өкілдері 

мен  соттардың  бірлескен,    ел 

кәдесін  арналған    игілікті  

істері  көпшілік  қауымның 

құқықтық сауатын арттыруға 

ықпал  ететіні  туралы    сөз 

қозғалды.

«Дөңгелек  үстелге»  «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық 

филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары 

Қ.Биқадамов, 

аудан     прокуроры Ж.Амодилов,  

аудандық соттың судьялары 

Ш.Оспанова,  Н.Хасенбаев, 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  

аудандық 

бөлімінің 

қызметкерлері  қатысты.    



● 

Аудандық сотта

-

А.БӨЛДЕКБАЕВА



2

Достық

31 қазан 2015 жыл



Адам – керуен, 

өмір-жол

● 

Зайсан технологиялық колледжіне – 70 жыл

Өмірлері – өнеге

70  жылдық  тарихы  бар  білім 

ордасында оқу-тәрбие саласының 

қиындығы  мен  қызығына  бірдей 

атсалысып      ұзақ  жылдар  еңбек 

еткен 

Төлеуғали 



Шақантаев, 

Гүлбике  Бақтыбаева,  Гүлшира 

Ахметнәбиева,  Мақан  Смағұлова, 

Бекзат 


Әбікешов, 

Амангелді 

Жасаров,  Әлия  Өтеуова,  Айгүл 

Беспаева,  Сайраш  Тлеуханова, 

Айтахмет  Қалиасқаров,  Рафит 

Хуснуллин, Ғалия Нұрмұханбетова, 

Гүлжанат 

Кәрібаева, 

Париза 

Төлепбергенова, Ғалия  Садықова, 



Әсима  Балтабаева,  Гүлбарам 

Оспанова,  Нұрлан  Нұрасылова, 

Айтбек  Жиенгелдинов,  Ербұлан 

Абдрахмановтардың    қажырлы 

еңбектері  кейінгі  әріптестеріне 

үлгі-өнеге.

Бүгінгі колледж

Кәсіптік  білім  беретін    қара 

шаңырақ  тек  білімнің  ғана  емес, 

өнердің  де  бесігі  болды.  Бұған 

көптеген байқауларда, жарыстарда 

алған белестері, жеткен жетістіктері 

дәлел.

Училищеде 



1975 

жылы 


құрылған «Жалын» халық аспаптар 

ансамблі 

кәсіптік-техникалық 

училищелер 

арасындағы 

облыстық  байқауда  жүлдегер 

атанып,  республикалық    жарысқа 

жолдама  алды.  1976  жылы 

республика  бойынша  социалистік 

жарыста  Орталық  Комсомол 

комитетінің  «Қызыл  Туын»  жеңіп 

алды.  Училищенің  фольклорлық 

ансамблі 

облыста 


жүлдегер 

атанып, 


Новосібір, 

Барнауыл 

қалаларында  байқауға  қатысып, 

лауреат атанды.

1996  жылы  халқымыздың 

біртуар 


ақыны 

Жамбыл 


Жабаевтың 

150 


жылдық 

мерейтойына  арналған  облыстық 

«Жұлдызды  сәт»  байқауында 

№23 


кәсіптік 

училищенің 

көркемөнерпаздары 

жүлделі  

І 

орынды 


еншілеп, 

республикалық 

фестивальға 

жолдама 


алды. 

Нәтижесінде  

фестивальдің    лауреаты  атағын 

алған 


көркемөнерпаздар 

тобы 


«Қазақстан 

әйелдері» 

республикалық 

журналына 

шығып, 

оқу 


орнының 

мақтанышына айналды.  Училище 

көркемөнерпаздарының    жүлделі 

орындарды  иеленіп,  жетістіктерге 

жетуіне  сол  кездегі  директордың 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  

Г.Ахметнәбиеваның еңбегі зор

Жыл  сайын  өтетін  облыстық 

мамандар  сайысына    оқушылар 

үнемі 


 

қатысып, 

жүлделі 

орындардан  көріне  білді.  Үлкен 

Нарындағы 

№20 


училищеде 

өткізілген 

сайыста 

училище 


оқушысы  Гүлшат  Сейіпханова 

облыс  бойынша  І  орын  алып, 

бағалы сыйлықпен марапатталған. 

Марат 


Сахариев, 

Жомарт 


Жұмагелдиев,  Дәурен  Әкімбаев,  

Айболат  Хиса,  Фархат  Ихабатов, 

Сәуле  Бейсенбаева  бірнеше  жыл 

қатарынан облыс бойынша бірінші 

орын  алып,  Сәуле  республикалық 

жарыста  жүлделі  екінші  орынды 

еншілеген. 

Тәуелсіздіктің  10  жылдық 

мерекесіне 

орай 


өткізілген 

аудандық 

көркемөнерпаздар 

сайысында оқу орны жүлделі екінші 

орынға  ие  болды.  2011    жылы 

«Тәуелсіздіктің  20  жылдығына-20 

жарқын  іс»  ұранымен  іс-шаралар 

жоспарланып,  өнерді  серік  еткен 

лицей  ұжымы    Зайсан  аудандық 

көркемөнерпаздар 

байқауында   

І орынды иеленді.

Бүгінгі  таңда  технологиялық 

колледж  деңгейіне  ие  болған 

оқу 

орнында 


студенттердің 

өзін-өзі 

басқаруы 

жолға 


қойылған. 

Қазір 


мұнда 

ауылшаруашылық    өндірісіндегі 

тракторист-машинист, 

аспаз, 


газэлектр 

дәнекерлеуші, 

дербес  компьютер  операторы, 

сылақшы,  ветеринарлық-санитар, 

есепші,электрмонтер, 

агроном 


мамандықтары 

дайындалады. 

Бірте-бірте  керегеміз  кеңейіп, 

мүмкіндіктеріміз  ұлғая  түсуде. 

Болашақ мамандарға сапалы білім 

алуға  жағдай  туғызу  мақсатында 

колледждің 

материалдық-

техникалық  базасы    жақсаруда.  

Колледжде    соңғы  үлгідегі 

компьютермен жабдықталған оқу 

бөлмелері,  интерактивті  тақталар, 

лингафон  кабинеті,  зертханалар, 

оқу-өндірістік 

корпустары, 

өндірістік 

оқытуға 

арналған 

техника, 

ауылшаруашылық 

машиналары бар. Кабинеттер мен 

жатақхананың барлық жиһаздары 

жаңартылды. 

Жатақхана 

студенттеріне 

әлеуметтік-

тұрмыстық  жағдай  жасалған, 

студенттер бекітілген күн тәртібіне 

сәйкес  сабақтан  тыс  уақыттарын 

тиімді пайдалана алады.

Колледж 

ұжымы 


оқу-

тәрбие  жұмысын  қазіргі  жаңа 

технологиялармен 

ұштастыра 

жүргізуге  үнемі  көңіл  бөліп,  

мұғалімдер, 

өндірістік 

оқыту 


шеберлері 

 

біліктілігін, 



құзіреттілігін 

көтеруде 

шығармашылық ізденіспен жұмыс 

істейді. 2010 жылы лицей ұжымы 

Шығыс  Қазақстан  облыс  әкімі 

тағайындаған  «Жылдың  үздік 

кәсіби  лицейі»  номинациясын 

жеңіп алды. 

Колледжде    еңбек  етіп 

келе  жатқан  іс-тәжірибесі  мол  

арнаулы 

пән 


оқытушылары  

Р.Жадыкова, 

Б.Құдайбергенов, 

Г.Тілеулесова, 

Т.Айтбаев, 

Ж. 


Қабиева    және  өндірістік  оқыту 

шеберлері  Е.Нәсиев,  Қ.Әбеев, 

Н.Айғозина, 

Ә.Оңғарбаев, 

Д.Қайрақбаев, 

А.Боранбаев, 

С.Мырзабеков, 

Б.Айтбаева, 

А.Жәпішева,  С.Затов,  Қ.Затов, 

А.Қалибаева,  жалпы  білім  беретін 

пән  оқытушылары  Қ.Сыбанов, 

Ә.Сиязбаева, 

А.Нүркенова, 

Г.Орынбаева, 

Д.Қонарбаев, 

Ж.Делегеева, 

Г.Төлеуова, 

Ж.Ибраева, 

Н.Чайкинова, 

кітапханашы 

Ш.Карменова, 

медбике  Р.Әндірбаева,  тәрбиеші 

Г.Байжұмановалар 

оқу-тәрбие 

саласына үлестерін қосуда. 

Студенттер 

 

білімін  



шыңдау, 

нақтылау, 

дамыту, 

шығармашылыққа 

баулу,  

мақсатында 

бітіруші 

топтар  


дипломдық  жұмыстар  жасап, 

қорғау  жолға  қойылған.  Оған 

ғылыми 

жетекшілік 



ететін 

пән 


мұғалімдері 

Н.Айғозина, 

Б.Әбікешовтердің 

еңбектерін 

ерекше  атауға  болады.  Аталған 

өндірістік 

оқыту 

шеберлері 



облыстық  сайыста  І  орынды 

иеленіп, «Үздік оқыту шеберлері» 

атанды.

Оқу  орнының  студенттері   



облыстық  деңгейде  өткізілетін 

әр  түрлі  іс-шаралардан  жүлделі 

орындарды    иеленіп  жүр. 

Семей  қаласындағы  агробизнес 

колледжінде «Қазақ хандығының 

550 жылдығы» мерейтойына орай 

ұйымдастырылған  тарих  пәнінен 

өткен  пән  олимпидасына  "ВС-3" 

тобынан  Ж.Данияров  жүлделі  ІІІ 

орынға  (жетекшісі  Д.Қонарбаев) 

ие  болды.  Д.Қонарбаев  пен 

шәкірті  Ж.Данияров    Өскемен 

қаласындағы 

Қазақ-Американ 

еркін  университеті  колледжінде 

математика  пәнінен  өткен  пән 

олимпиадасына  "Б-4"  тобының 

студенті    Қ.Құсайынова  жүлделі  

І  орынға  (жетекшісі  Н.Чайкинова) 

ие болды. Н.Чайкинова мен шәкірті 

Қ.Құсайынова  Өскемен  құрылыс 

колледжінде 

өткен 

«Ғылыми 


өрлеу жобасына» "ВС-3" тобының 

студенті  Ф.  Рысбек  қатысып,  ІІІ 

орынға  (жетекшісі  Б.Айтбаева)  ие 

болды.      Б.Айтбаева  мен  шәкірті 

Ф.Рысбек 2014 жылдың желтоқсан 

айында  колледжде  облыстық 

техникалық  және  кәсіптік  білім 

беру  колледждері  мен  аудан 

мектептері арасында «Химия және 

біз!»  атты  химия-биология    пән 

олимпиадасы  ұйымдастырылып, 

жоғары 


деңгейде 

өткізілді. 

Осы 

шарада 


Ә.Сиязбаева  

педагогтармен  дөңгелек  үстел 

ұйымдастырса, 

 

Ж.Ибраева 



шеберлік  сыныбын  өткізді.  "А-8" 

тобының  студенті  Н.Бастаубаев 

олимпиадаға  қатысып,  жүлделі  ІІ 

орынға  (жетекшісі  Ж.Ибраева)  ие 

болды.  Ж.Ибраева  Ә.Сиязбаева     

"А-8" тобының  студенті Е.Сәлімова 

республикалық 

 

ғылыми   



конференцияда 

«Патриотизм 

мен  азаматтыққа  тәрбиелеу-

қазіргі  заманауи  білім  берудің 

негізі»  тақырыбында  ғылыми 

жоба дайындап, «Ең үздік ғылыми 

жұмыс» номинациясына (жетекшісі 

Н. Айғозина) ие болды.  Н.Айғозина 

шәкірті  Е.Сәлімова  2015  жылы  

Зайсан  технология  колледжінде 

«Қазақ хандығының 550 жылдығы», 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20  жылдығы»,  «Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығы»  аясында    «Зайсан 

технология 

колледжінің  

70 

жылдығы» 



мерейтойы 

шеңберінде 

ұйымдастырылған  

«Менің 


өлкем» 

облыстық 

ғ ы л ы м и - т ә ж і р и б е л і к 

конференция  ұйымдастырылып,   

"АГ-1" 

тобының 


студенті 

А.Жұман  «Туған жерім тұғырым» 

гуманитарлық  циклы  бойынша 

«Мәңгілік  естен  кетпес  отты 

жылдар»  тақырыбында  ғылыми-

тәжірибелік 

жоба 

дайындап,  



жүлделі  ІІІ  орынға  (жетекшісі 

Г.Байжұманова) ие болды.

Аудан 

мекемелерінің 



дәнекерлеуші 

мамандары 

арасында  «Үздік  дәнекерлеуші» 

кәсіби 


шеберлік 

байқауы 


өткізілді.  10  мекеме,  шаруа 

қожалықтардан  10  дәнекерлеуші 

мамандар  оған  белсене  қатысып, 

құнды  сыйлықтармен,  арнайы 

дипломдармен 

марапатталды.  

биылғы жылы  аудан  мектептерінің 

9  сынып  оқушылары  үшін 

кәсіптік  бағдар  беру  шеңберінде 

ұйымдастырылған  «Мамандықтар 

әлемінде» 

атты 


облыстық 

зияткерлік  ойын  сайысы  өткізілді. 

Онда 

келесі 


оқу 

жылында 


ашылатын 

мамандықтарға 

бейнероликтер  көрсетіліп,  көрме 

ұйымдастырылып,    оқушылар 

колледждің 

материалдық-

техникалық базасымен танысты.      

«Зайсан 


технология 

колледжінің 

70 

жылдығы» 



мерейтойы  шеңберінде  «Кәсіптік 

білім 


берудегі 

әлеуметтік 

серіктестіктің рөлі» атты облыстық 

семинар  болды.  Оған  облыстық 

Білім департаментінің техникалық 

және 


кәсіптік 

білім 


беру  

бөлімінің  басшылары,  колледж  

директорлары, 

әлеуметтік 

серіктестер 

мен 


кәсіпкерлер, 

түлектер қатысты.

Мұражай –бүгін 

мен болашақтың 

негізі

Тарих – бұл біздің өткеніміз. Біз 



өз тарихымызды білуге міндеттіміз. 

Осы орайда тарихтан сыр шертетін 

колледж мұражайы ашылды.

Мұражайда 

тарихы 

1945 


жылы  басталған  оқу  орны 

басшыларының 

фотосуреттері, 

мекеме атауының заман талабына 

сай  өзгертілгені  туралы  құжаттар, 

оқу  орнының  әр  жылдардағы 

түлектерінің 

фотосуреттері 

орналастырылған.  Ардагерлердің 

өмір  жолы  туралы    «Еңбек  жолы 

үлгі-өнеге»  атты  бөлімде    мол 

мағлұмат беретін  стенд, буклеттер 

қойылған.  Мұражайда  ерекше 

көз  тартатын  құнды  дүние  оқу 

орнының  әр  жылдардағы  өнер 

байқауларынан  сыр  шертетін 

фотосуреттер, 

грамоталар, 

бейнетаспалар 

көпшіліктің 

ерекше 

назарын 


аударды. 

Сондай-ақ  оқу  орнының  өмірі 

жайлы  жазылған  әр  жылдардағы 

баспасөз 

материалдары, 

оқу 


орнының 

ескі 


ғимаратының 

макеті  қойылған.    Мұражай 

ішіндегі  құжаттарды,  фоталарды 

жинақтап, құнды материалдармен 

толықтырылуына 

кітапханашы  

Ш.Карменованың еңбегі зор.

Атаулы 


кабинеттер 

ашылды


Колледждің  70  жылдығына 

орай  есімдері  берілген  атаулы 

кабинеттердің 

ашылу 


рәсімі 

болды. Оқу орны тарихында білім 

ордасын    19  жыл  іскерлікпен 

басқарған  Амангелді  Жұмашұлы 

Кемелбаевтың атына газэлектрмен 

дәнекерлеушілердің    оқу  кабинеті 

берілді.  Кабинет  заманауи  құрал-

жабдықтармен, 

компьютермен 

жабдықталған. 

Аталған 

оқу 


орнында  30  жыл  өндірістік 

оқыту  шебері  болған  Сейткеш 

Жадыковтың 

атына 


трактор 

кабинеті 

берілді. 

Ұрпақтар 

сабақтастығымен әке жолын қызы 

Риза  Жадыкова  жалғастырып,  40 

жылға жуық трактор пәнінен сабақ 

беріп келеді. 

Колледждің  спорт  залына 

оқу  орнының  түлегі  Қазақстан 

Республикасының әр жылдардағы 

самбо,  сумо,  дзю-до,  қазақша 

күрестен  чемпионы,  қазіргі  таңда 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

университетінің 

оқытушысы 

Файзолла  Қойшымановтың  есімі 

берілді.


Оқу орнында 32 жыл өндірістік 

оқыту  шебері,  нұсқаушы  болып, 

шәкірттерінің  терең  кәсіби  білім 

алуына  зор  үлес  қосқан  Айтбек 

Затовтың 

атына 


колледждің 

өндірістік оқыту алаңы берілді. 

Дамыған 

30 


мемлекет 

қатарына  өз  үлесін  қосатын, 

бәсекеге 

қабілетті, 

еңбек 

нарығында 



сұранысқа 

ие 


бола  алатын,  білімді  де  білікті 

мамандар 

дайындау-заман 

талабы.  Кадрлар  даярлаудың 

тиімді, әрі жаңаша тәсілі- дуалды 

оқыту  жүйесі  болып  табылады. 

Осы  орайда  оқу  орнында  жаңа 

жүйе қалыптасып, іске асырылуда. 

Өндіріс  мекемелері  өздеріне 

қажетті  мамандар  дайындауға 

қызығушылық 

танытып, 

атсалысады.  Осы    бағытта  біздің 

колледжбен 

тығыз 

қарым-


қатынаста  жұмыс  істеп  келе 

жатқан  әлеуметтік  серіктестер  

«СМУ-Шығыс» 

«Зайсан-



құрылыс  компаниясы»,  «Зайсан-

Нұр-сервис» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестіктері,  

«Шығыс  Қазақстан  аймақтық 

энергетика  компаниясы»,  жеке 

кәсіпкерлер 

З.Есбергенова,  

Г.Чекетаева, 

Н.Жұмабек,  

Ә.Сейтқамзина 

колледж 

түлектерін  жұмыспен  қамтып 

отыр.

Еңбек  нарығының  кәсіби 



жұмысшы 

мамандарға 

мұқтаждығын  қамтамасыз    ету  

мақсатында  мамандықтар  мен 

кәсіптерді  жаңалап,  бәсекеге 

қабілетті  тұлғаны    қалыптастыруға 

үлес  қосып    отырған  білім 

ордасының болашағы зор.



Е. Сейілханов, 

Зайсан технология 

колледжінің директоры. 

Іргелі білім ордасы



3


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал