№81 (8489) 18 қазан, сейсенбі, 2016 жыл



жүктеу 344.81 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі344.81 Kb.
  1   2   3   4

Б е р е к е .   Б і р л і к .   Ы н т ы м а ң

№81  (8489)

18 қазан, сейсенбі, 2016 жыл

т ы н ы с ы

Басылым 1939 жылдың 

26 наурызынан шығады



EXPO  2017

• Future Energy •

Astana Kazakhstan

қаРТТІР ҚАНҚоелық

Ш та р ы !к \

б о кы ш Щ .

&

д

К өрм е Л ондонда 



таныстырылды

Лондонда  өткен  «Bloomberg  New  Energy 

Finance  Future  of  Energy  EMEA  Summit»  (BNEF) 

жыл  сайынғы  саммиті  шеңберінде  «ЭКС­

ПО-2017»  халықаралық 

мамандандырылған 

көрмесі  шамамен  500  ірі халықаралық ұйымдар 

мен  қаржы  институттарына таныстырылды.

Саммит шеңберінде көрме өкілдері Facebook

Mckinsey, Solar Ventures, Ericson, Cisco, Investec, 

Dz Bante сияқты шамамен  100 компаниялардың 

жетекшілерін Астанада өтетін алдағы  көрмемен 

таныстырған арнайы  іс-шара ұйымдастырылды, 

онда  Қазақстанның  және  алдағы  іс-шараның 

экономикалық әлеуеті туралы  айтылды.

«Қазақстан  -   бұл  әлемдік  аренада  өзін 

қарқынды  дамушы  ел  ретінде  көрсетудегі, 

үлкен  әлеуеті  бар,  Орталық Азияның дәл  орта- 

сында  орналасқан  мемлекет.  Біздің  бизнесмен- 

дерге осы  елге  көңіл  бөліп, бизнес және эконо­

мика  саласымен  танысқандары  жөн  деп  санай- 

мын»,  -  деді  презентация  барысында  BNEF  бас 

редакторы Ангус Маккрон.

Кездесулерде  «ЭКСПО-2017»-мен  әріптестік 

өзара 

тиімді 


ынтымақтастық 

мәселелері 

талқыланды. Халықаралық бизнес қоғамдастық 

өкілдері  2017  жылы  жазда  Астанада  өтетін 

көрме  әріптестері  және  қатысушылары  ретінде 

ынтымақтастықтың 

әртүрлі 

мүмкіндіктерін 

ұсынды.

Бүгінгі  күні 



«Астана  ЭКСПО-2017»  ҰК» 

АҚ  Көрмеге  отандық  және  шетелдік  әріптес 

компаниялардан  125,5  млн.  еуро  көлемінде 

демеушілік салым тартты.



КӨПТІ  КӨРГЕН 

ҚАРИЯЛАРҒА ҚАШАНДА 

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ПА- 

РЫЗ.  ОЛАР «КЕЛЕШЕК 

ҰРПАҚТЫІҢ БОЛАШАҒЫ 

ЖАРҚЫІН  БОЛСЫІН» ДЕ­

ГЕН  НИЕТТЕ  БЕЛ ЖАЗ- 

БАЙ  ЕҢБЕК ЕТКЕНІ АНЫҚ.

ҚИЫН  ҚЫСТАУ УАҚЫТТА 

КҮШ  БІРІКТІРЕ ЖҰМЫС 

ЖАСАП,  ЕЛДІҢ ӘЛЕУЕТІН 

АРТТЫРҒАН  БҮГІНГІ 

ДАНАГӨЙ  ҚАРТТАРҒА ЖАС 

ҰРПАҚ ҚҰРМЕТІН АЯМАЙ- 

ДЫ. ОСЫНДАЙ ТЫНЫШТЫҚ 

ОРНАП, КЕЛЕШЕГІМІЗ 

КЕМЕЛДЕНІП, ҮЛКЕН 

БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРҒАН 

ШАҚТА ӨТКЕНІМІЗДІ 

БАҒДАРЛАЙ АЛЫІП, 

АЛДЫҢҒЫ БУЫН АҒА- 

АПАЛАРДЫ АРДАҚТАЙ 

БІЛУ- АБЫРОЙЛЫ  МІНДЕТ.

Осы 


орайда, 

Ел 


Тәуелсіздігінің 

25  жылдығы  аясында  аудан  әкімінің 

қолдауымен,  аудандық  жұмыспен  қамту, 

әлеуметтік  бағдарламалар  және  хал 

актілерін  тіркеу бөлімінің демеушілігімен, 

«Болашаққа  қадам»  қоғамдық  бірлес- 

тігінің 

ұйымдастыруымен 

сексеннің 

сеңгіріне  келіп,  тоқсанды  алқымдаған 

қарттарды  ұлықтауға  арналған  «Қазы- 

налы  қартым  бар»  атты  мерекелік  кеш 

өтті.

Мерекеік шарада  аудан әкімінің орын- 



басары  Б.Өтегенова  сөз  сөйлеп,  кештің 

маңыздылығына 

тоқталды. 

Балшекер 

Сұлтанбекқызы  ел  қошеметіне  бөленіп

отырған  ардагерлерді  аудан  әкімі  аты- 

нан  шын  жүректен  құттықтай  келе, 

оларға  зор  денсаулық,  отбасылары- 

на  амандық-саулық  тіледі.  Аудандық  ар- 

дагерлер  кеңесінің  төрағасы  Х.Әбенұлы 

қазіргі  таңда  қарттарға  жасалып  жатқан 

сый-құрметтің  барлығы  осыған  дейінгі 

жасалған  еңбектің  нәтижесі  екендігін 

айтса,  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиал  төрағасының  бірінші  орынба- 

сары 


М.Омаров  ардагерлерді  әрқашан 

мәртебе  төріне  шығарып,  көпшілік  ал- 

дында  ұлықтау керектігін жеткізді.  Аудан 

әкімдігі  атынан  ардагерлерге  "Құттықтау 

хат"  және  бағалы  сыйлықтар  табыстады.

EQA

ы

Кез-келген 

мемлекеттің 

ал- 


дында 

халықтың 

әлеуметтік 

хал-ахуалын 

көтеру,  жұмыс- 

сыздықпен  күрес  мәселелері 

алдыңғы 

кезекте 


тұрады. 

Елбасы 


Н.Назарбаев 

жыл 


сайынғы Жолдауында  ең  ал- 

дымен  осы  мәселеге  маңыз 

беріп, жаңа жұмыс орында- 

рын ашып, жұмыссыздықты 

жою  жөнінде  тапсырмалар 

берді.


Осы  ретте,  бос  жұмыс 

орындары 

жәрмеңкесінің 

қоғамға әкелер пайдасы бар 

екені рас. Тұрақты жұмыс ор- 

нын  тауып  немесе  қоғамдық 

еңбекпен 

айналысып, 

та- 

быс  тауып,  отбасын  асырап 



жүргендер де баршылық.

Бүгінге  дейін  ауданда  83  ме- 

кемеден  230  бос  жұмыс  орын- 

дарына  сұраныстар  беріліп,  12  рет 

жәрмеңкелер  өтіп,  515  жұмыссыз  аза- 

маттар  қатысты.  Нәтижесінде,  210  адам

жұмыспен  қамтылды.  Оның  116-ы  тұрақты, 

94-і  маусымдық жұмысқа орнықты.

Жақында  аудандық  жұмыспен  қамту, 

әлеуметтік 

бағдарламалар 

және 


хал 

актілерін  тіркеу  бөлімінде  өткен  бос  жұмыс 

орындары  жәрмеңкесіне  26  мекемеден  94 

маусымдық  жұмысқа  сұраныс  түсіп,  сонша 

азамат от жағушы жұмысымен  қамтылды.

Жұмыссыздардың  арасында  жастардың, 

оқу бітіріп келген жас мамандардың жұмысқа 

орналасуы  қиын  шаруа.  Әсіресе,  жұмыс 

берушінің  жұмыс  өтілін  сұрауы  қисынсыз. 

Жастардың  мамандықпен  жұмыс  істеуіне, 

тәжірибе  жинақтауына  қиындық  келтіретін 

осындай  кедергілер жойылса, талай жас ма- 

ман  тұрақты  жұмысқа  қабылданар  еді.  Де- 

сек  те,  ауданда  осы  күнге  дейін  жұмысты 

болғандардың  171-і жастар.

Осымен  12-ші  мәрте  өткен  бос  жұмыс 

орындары  жәрмеңкесінің  нәтижесінде  жұ- 

мыссыздық  5,3%  болып,  жұмыссыз  ретінде 

тіркелгендер  168 адамға тұрақтады.

Б.ЖАНӘЛІ

Кент әкімі Ж.Сыздықов пен кент ардагер- 

лер  кеңесінің  төрағасы  Т.Болғанбайұлы 

да алғыс арқалаған жандарды құттықтап, 

сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік  кештің басты  кейіпкерлері 

6  баланы  тәрбиелеп  жеткізген 

аяу-


лы  ана,  «Күміс  алқа»  иегері,  кезінде 

күрішші, 

құрылысшы 

абыроймен 

атқарған  Сара  Сатибаева,  белді  механи­

затор  Зарқұм  Жарылқасынов,  көп  жыл- 

дар  бойы  аудандық  партия  комитетінің 

кітапханашысы,  аудандық  жол  жөндеу 

мекемесінде кассир қызметтерінде болған 

6  баланың  анасы  Күлпаш  Беркінбаева, 

қиындыққа  мойымай  түрлі  ауыр  сала- 

ларда  жұмыс  жасап,  7  баланы  жеткізіп, 

өсірген  Ажаркүл  Нұрпейісова,  Қазақстан 

Журналистер  Одағының  мүшесі,  Сырда- 

рия  ауданының  "Құрметті  азаматы"  ар- 

дагер  ақын  Мұхтар  Сақтапов,  ұзақ жыл- 

дар  бойы  аудандық  өкпе  ауруханасын- 

да  еңбек  еткен  7  баланың  анасы  Рәш 

Қожабаева,  медицина  саласында  және 

мал  фермасы  мекемелерінде  қызмет 

еткен  7  баланың  анасы,  "Күміс  алқа" 

иегері  Күлжахан  Тұрекеева,  талай  жыл 

шәкіртерді  білім  нәрімен  сусындатқан 

ұстаз,  8  баланың  анасы,  "Алтын  алқа" 

иегері Несібелі Сағиева, бұрындары күріш 

егіп,  ел  ықыласына  бөленген  8  баланың 

анасы,  "Алтын  алқа"  иегері  Райкүл  Тас- 

бергенова,  агроном  болып,  зейнет  де- 

малысына  шыққан  ардагер  Раушан- 

бек  Тажбен,  сауда  саласының  ардақты 

зейнеткері,  4  баланың  анасы  Ағайша 

Мырзахметовалар  еді.  Алқашқы  кештің 

шымылдығын 

кент 


мәдениет  үйінің 

өнерпаздары 

«Балбырауын» 

биімен 


ашса,  Д.Палмақов  «Нурикамал»  әнін 

орындады.  Көпшілік  қауымның  назары- 

на Д.Бекмұрат «Анажан» әнін тарту етсе, 

кент  мәдениет үйінің жанынан  құрылған 

"Ардагерлер"  ансамблі  мен  жеке  орын- 

дауда 


Ж.Разақов 

«Назқоңыр» 

әнін 

шырқады.  Құрманғазының  «Сарыарқа» 



күйін  Е.Сағынбайұлы  тартып,  көптің

ардагері  Ш.Садықов  «Қарттарым  аман 

сау жүрші» әнін, баршамызға  белгілі саз- 

ды  әуен  «Атамекен»  әнін  Е.Бекжүнісов 

орындады.  Кештің  құрметті  қонағы  сек- 

сен  жасқа  келсе  де, 

жазары  таусыл- 

май халқын өлеңімен сусындатып жүрген 

ақын  М.Сақтапов  талай  жыл  сүргелең 

уақытта  тағдырлас  бола  білген  заман- 

дастарына  жыр  шумақтарын  арнады. 

Қарттарымыздың  ұрпақтарының  аты­

нан  журналист  Ш.Сақтапова  сөз  сөйлеп, 

барша  ардагерлерді  айтулы  күндерімен 

құттықтап,  ұйымдастырушыларға  алғы- 

сын білдірді.

Мерекелік 

шара 


соңында 

денсаулығына 

байланысты 

қатыса 


алмаған  қариялар  40  жыл  статистика 

бөлімінде  еңбек  етіп,  зейнет  демалы- 

сына  шыққан  Сақтаған  Сәрсенов,  ұзақ 

жылдар  бойы  кірпіш  зауытта  жұмысшы, 

күрішші, аудандық емханада жұмыс істеп 

қиындықпен  бетпе-бет  келген  ақсақал 

Үсен Төралиев, Ақжарма,  1  Май  ауылда- 

рында  мал  дәрігері,  кейіннен  аудандық 

ветеринарлық  дәріхананың  меңгерушісі 

болған  Сейіт  Пазыловтардың  отбасыла- 

рына арнайы барып,  Құрмет көрсетілді.

Міне,  осылайша  барлық ардагерлерді 

бас қосу кеші көпшілікті бір серпілтіп тас- 

тады.  Жоғарыда  айтылған  қарттарымыз 

сонау  соғыс жылдары  буыны  бекіместен 

қиындыққа 

еш 

мойымаған. 



Абырой 

биігіндегі  ардагерлердің  өмір  тарихы- 

на  көз  жүгіртсек,  жас  кездерінде  тыл 

еңбеккерлеріне  айналған.  Олар  осын­

дай 

игі  шараларға  бастамашы  бо­



лып,  қоғамдық  шараларға  белсене  ат- 

салысады.  Ғасырға  жуық  ғұмыр  кеш- 

кен 

қариялардың 



даңғыл 

жолдары 


жас  ұрпаққа  өнеге.  Сол  себепті  кейінгі 

толқын  ұлы  көшті  жаңғыртып,  әрдайым 

қоғам  үшін  тер  төккен  ардагерлерге 

құрмет көрсете береді.



Балтабай ОРДАБЕКОВ

көңілінен  шықса,  мәдениет  саласының

С

ы р


 'бош

кызыпомшнскгк



ВЕСТИ

„ядом»


пито*

^ Л З р ш І л і к   у

ТЫНЫСЫ  к -з

—  


о т о т т п т ы й  снои)

го то вн о сть

 НОМЕР 

с

РАЮЧАЯ СПЕЦИАЛЬНОСТЬ -



ЭТО ГАРАНТИИ 

Щ

ТВЕдівЛ»


BS

Баспасөз-2017

теңге


t...  г . іг ц   n  r  —! Г  ■ VТТ-I -TUH  VU1

2017 жылдың І жартыжылдығына баспасөз басылым- 

дарына ~

 жазылу науңаны жүріп жатыр.  Аудандың газет ре- 

дакцияСы 'арңыЛыг тӨмендегі ТазеТТерге іжазылуға болады:

..........  

■   111  Dll  І Ц   ffl  II1L

«Сыр бойы» газеті  6 айға:

щ т

жеке  жазушылар  үшін  (индекс  65460)  -   2750 



,  _  теңге,  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  үшін  (индекс

15460) -  3750 теңге.

«Кызылординские  вести» газеті 6 айға: 

жеке  жазушылар  үшін  (индекс  65461)  -   2750

теңге,  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  үшін  (индекс

15461) -  3750 теңге. 

^

Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті  6 айға: 



жеке  жазушылар  \/іііін  (инлекс  65020)  -   2

жеке  жазушылар  үшін  (индекс  65020)  -   2000 

теңге,  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  үшін  (индекс 

15020) -  3000 теңге.

«Ақмешіт жастары» газеті 6 айға: 

жеке  жазушылар  және  кәсіпорындар  мен

ұйымдар үшін  (индекс 65425) -


2

  J  №81  (8489)  18  қазан,  2016 жыл

Б і л і м

ТІРШІЛІК

ТЫНЫСЫ

3 ]

П Т і І


Аудандық семинар

АУДАНДА 17 МЕКТЕП БОЛСА, ОНЫҢ ЕКЕУІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ. ОЛАР № 36, 35 МЕКТЕП-ЛИЦЕйЛЕР. АЛҒАШҚЫ АТАЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕй БАЗАСЫНДА 

АУДАНДЫ Қ  БІЛІМ  БӨЛІМІ  ЖАНЫНАН  ЖАҢАДАН  ҚҰРЫЛҒАН  ӘДІСТЕМЕЛІК  КАБИНЕТТІҢ ҰйЫМДАСТЫРУЫМЕН  «БІЛІМ   БЕРУДІҢ  ЖАҢАРТЫЛҒАН 

МАЗМҰНЫ   ЖАҒДАйЫНДАҒЫ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ІЗДЕНІС» АТТЫ  АУДАНДЫ Қ  СЕМИНАР-КЕҢЕС  БОЛЫП  ӨТТІ.  ЖАҢАРТЫЛҒАН  М АЗМ ҰН М ЕН   БІЛІМ 

БЕРУДІҢ БАСТАМАСЫНДА ТҰРҒАН АУДАН  ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ БАСҚОСУЫ  ШЫНЫНДА АТЫНА ЗАТЫ  САй  ІЗДЕНІСКЕ  ҚҰРЫЛДЫ.

СЕМИНАР-КЕҢЕС  БАСТАЛМАС  БҰРЫН АУДАННЫҢ  17  МЕКТЕБІНЕН  КЕЛГЕН  ПЕДАГОГТАР  № 36  МЕКТЕП-ЛИЦЕй  ФОйЕСІНЕ  ҚОЙЫЛҒАН  БАСТАУЫШ 

СЫНЫП  М ҰҒА ЛІМ Д ЕРІН ІҢ  ФОРТФОЛИОСЫ  МЕН  КӨРНЕКІ  ҚҰРАЛДАРЫНАН  ЖАСАҚТАЛҒАН  КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ.

Семинар-кеңесті 

аудандық  білім 

бөлімінің 

басшысы  Б.О.Сүюбаева  ашып,  жүргізді.  -Білім 

саласындағы елеулі жаңалықтың бірі жаңартылған 

білім  беру  бағдарламасының  енгізілуі,  жаңа 

бағдарлама бойынша оқу процесін жүргізіп жатқан 

ұстаздар  қауымының  бұл  үдеріске даярлығы  2012 

жылы  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттырудың 

көп  деңгейлі  курстарынан  бастау  алды,-деді  Баян 

Орынбекқызы.  -Бұл  курстардың  негізгі  мақсаты 

мұғалімдерді  жаңа  әдістеме,  технология,  нәтижелі 

тәжірибе  мен  ақпараттық  құрылғыларды  оқыту 

мен оқуда тиімді  қолдануға үйрету.  Педагогикалық 

қоғамдастықта 

көшбасшылық  негізінде  өзара 

бірлескен оқу ортасында білім жетілдіруді көздейді. 

Мектептегі  көшбасшылық  және  менеджментті 

дамыту  үшін  мектеп  басшыларына  арналған 

біліктілікті 

арттыру 


бағдарламалары 

жүзеге 


асты. 

Нәтижесінде 

бағалаудың 

критериалды 

жүйесі  ұстаз  тарапынан  оқушыға  жете  түсінуіне, 

оқу 


бағдарламаларының 

қаншалықты 

тиімді 

екенін  анықтауына  мүмкіндік  береді.  5-6  жастағы 



балаларға  нөлінші  сынып  (мектепалды  даярлық) 

ұйымдастырылады.  Осылайша  реттік  нөмірі  12 

сынып  болмайды.  12  жылдық  оқыту  үлгісі  «0 

сынып+11  сынып»  формуласы  енді.  Жаңартылған 

бағдарламаның 

ауқымды 


саласының 

бірі- 


критериалды  бағалау  жүйесі  болып  табылады. 

Оқушылардың  оқудағы  жетістіктері  алдын  ала 

белгіленген, 

бәріне 


ортақ 

критерийлермен 

қалыптастырушы 

және 


жиынтық 

бағалау 


арқылы  жүзеге  асады.  Барлық  бағалау  түрлері 

бағдарлама  мазмұнына  сай жүргізіледі.  Сондықтан 

бастауыштың  мұғалімдеріне  қойылар  талап  та 

жоғары  болмақ.  Білімнің  негізі  бастауышта.  Үй 

салғанда  іргетасы  мықты  қаланса,  оны  пайдалану 

ұзаққа  барады.  Ал,  адамның өмірлік  рухани  азығы 

білімнің 

іргетасы 

бастауышта 

қаланады,-деді 

ауданның бас педагогы.

Аудан  педагогтарының  басқосуы  барысында 

№37  орта  мектептің  бастауыш  1  сынып  мұғалімі 

Гүлжан Еңсебаева «Оқу үдерісінде қалыптастырушы 

бағалау түрлерін пайдалану жолдары» тақырыбына 

баяндама жасады.

-  Биылғы оқу жылының ерекшелігі жалпы білім 

беретін мектептердің 1 сыныбына жаңартылған оқу 

бағдарламасының, бағдарламаға сәйкес әзірленген 

оқу  құралдарының  және  критериалды  бағалау 

жүйесінің  енгізілуі.  Қазақстан  үшін  ұсынылып 

отырған  жаңа  критериалды  бағалау  жүйесі  білім 

алушының  дамуын,  оның  қызығушылығын  және 

оқуға  деген  ынтасын  арттыруға  бағытталады. 

Егер  әр  білім  алушыға  және  оның  ата-анасына 

түсінікті  болатындай  нақты  әрі  өлшемді  бағалау 

киритерийлері  белгілленетін  болса,  оған  жетуге 

әбден болады. Критериалды бағалау  оқушылардың 

оқу  жетістіктерін  білім  беру  мақсаттары  мен 

мазмұнына 

сәйкес 

ұжым 


ішінде 

өңделген, 

оқушыға,  ата-анаға және  мұғалімге түсінікті  нақты 

анықталған  критерийлерге  негізделген  үдеріс. 

Ондаған жылдар бойы оқушының жетістіктері оның 

өзге  замандасының  нәтижелерімен  салыстыруға 

байланысты бағаланып келді. Критериалды бағалау 

әрбір  оқушының  оқудағы  жеке  траекториясын 

анықтайды.  Қазіргі  таңда  біз  қалыптастырушы 

бағалаумен  жұмыс  жасаудамыз.  Үшінші,  төртінші 

тоқсанда  жинақтаушы  бағалауға  көшеміз.  Білім

берудің  жаңартылған  мазмұны  жағдайында  дәріс 

берудің Назарбаев зияткерлік мектебінің әдістемесі 

қолымызда.  Жаңартылған  мазмұндағы  білімге 

балалар  қызығушылықпен  қарауда. 

Бастапқы 

кезде  қиындықтар кездесті.  Қазір бір жүйеге  келіп 

қалдық,-деп бастауыш сынып мұғалімі баяндамасын 

түйіндеді.

Семинар-кеңесті  жүргізуші  көтеріліп  отырған 

мәселенің жан-жақты қарастырылып, шешімін табу 

үшін  баяндамашыны  тақырыпқа  тереңірек  баруға 

жетелеп,  тың  арнаға  салып  отырды.  Сонымен 

қатар тақырып төңірегіндегі түйіткілді  мәселелерге 

қозғау  салды.  Мысалы,  білім  беру  процессінде 

үштаған  яғни,  мұғалім,  оқушы  және  ата-ана 

арасындағы  байланыс  үлкен  рөл  атқарады.  Осы 

орайда  ауданның  бас  педагогы  бастауыш  сынып 

мұғалімінен критериалды бағалауға ата-аналардың 

қалай қарайтынын сұрады. Бұл сауалға Г.Еңсебаева: 

-Әдістемелік нұсқаулықта ата-аналармен де жұмыс 

қарастырылған. 

Ата-аналармен 

семинар-кеңес 

өткізіліп,  түсіндірілді.  Әр  оқушыға  фортфолио 

арқылы  бағалау  жүргізіп  отырамыз,-деп  жауап 

берді.  Балада  өзіндік  пікір  болмаса,  ол  өзі  түгіл 

өзгеге  баға  бере  алмайды.  Оқушының  білімін, 

өзіндік  көзқарасын  дамыту  жолында  шеберлікпен 

еңбек етіп жүрген  Г.Еңсебаевадан  өзге мұғалімдер 

үлгі алса дейміз.

Күн  тәртібіндегі  екінші  мәселе  «Жаңартылған 

білім мазмұнының маңыздылығы» туралы аудандық 

білім бөлімінің әдіскері Зәуре Білісбаева әңгімеледі. 

Ол  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспары  және  Білім 

мен  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 

мақсатындағы  білім  мазмұнына  кезең-кезеңмен 

көшу  жұмыстарының  басталғанын,  биылғы  оқу 

жылынан  бастап,  еліміздің  барлық  мектептеріне 

Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  тәжірибесі 

бойынша  жаңартылған  білім  мазмұны  1  сыныптан 

бастап 

енгізілгенін 



айта 

келіп, 


бағдарлама 

мақсаты  оқытудың  жаңаша  әдіс-тәсілдерін  және 

критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  тұрғысынан 

мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру

жаңартылған  білім  бағдарламасының  құрылымын, 

оқыту 


материалдарының 

күрделілігін 

түсіну, 

бағдарламаға  сәйкес  педагогикалық  тәсілдерді 

түсіну  және  қолдана  білу,  оқу  мақсаттарына  қол 

жеткізу  барысында  критериалды  бағалау  жүйесін 

қолданып, түсіне білу екендігіне тоқталды.

Үшінші 


мәселе 

«Кері 


байланыс 

арқылы 


рефлексивтік  қабілетті  дамыту  жолдары»  атты 

тақырыпқа  талдау  жасаған  №35  И.Тоқтыбаев 

атындағы 

мектеп-лицейдің 

бастауыш 

сынып 


мұғалімі  Айжан  Жұмабекқызы  -Қазіргі  қоғамда 

белгілі  бір  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін  алған 

білімнің  сапалы  да  жүйелі  болғаны  дұрыс. 

Сондықтан  білім  сапасы  туралы  ақпараттандыру, 

оқу-жетістіктерін  өлшеу  және  диагностикалау 

жұмыстары  педагог  қызметін  дамытуға  мүмкіндік 

береді.  Кері  байланыстың  саны  емес  сапасы 

маңызды.  Ойлау  деңгейі  дамыған  оқушылар  кері 

байланысты  құптайды  және  оны  өздерінің  оқу 

үлгірімдерін жақсарту үшін  қолданады. Жазбашаға 

қарағанда  ауызша  кері  байланыс  анағұрлым 

тиімдірек.  Ең  тиімді  кері  байланыс  оқушыдан 

мұғалімге  беріледі.  Рефлекцияның  қызметі  білім 

деңгейін  анықтайды, болжам жасауға бағыттайды,

қорытындылаңцы, 

сезімдерді 

анықтайды, 

ынталандырады, 

ойландырады,-деді 

бастауыш 

сынып  мұғалімі.

Семинарда 

білім 

берудің 


жаңартылған 

мазмұны  жөнінде  бірыңғай  мұғалімдер  ғана  емес, 

мектеп  басшылары  да  өз  пікірлерін  білдірді. 

№42  Қ.Баймағамбетов  атындағы  орта  мектеп 

директоры Асылхан Дүйсебеков: -Жаңартылған оқу 

бағдарламаларын  сынақтан  өткізу  және  ендірудің 

ғылыми-әдіснамалық 

және 


оқу 

әдістемелік 

қолдау,  Назарбаев  зияткерлік  мектептері  дербес 

білім 


беру 

ұйымының 

тәжірибесін 

тарату, 


жаңартылған  білім  беру  мазмұны  және  жаңа  оқу 

бағдарламалары  бойынша  біліктілікті  арттырудың 

жаңа 

бағдарламаларын 



жасау, 

жаңартылған 

білім  беру  мазмұнын  ендіру  мәселелері  бойынша 

мұғалімдерге 

арналған 

конференциялар 

мен 

оқыту  семинарларын  ұйымдастыру  және  өткізу 



бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі. 

Бастауыш  сынып 

мұғалімдері  Сіздерге  еліміздің  келешегі  өркендеп- 

өсуі  үшін  аса  жауапты  істі  бастау,  алғашқы  болып 

жұмыс  жүргізу  жүктеліп  отыр.  Әрине,  біздер 

мектеп  басшылары  да  бұл  жұмыстан  тыс  қала 

алмаймыз.  Бұл жаңа жұмыс жаңаша жұмыс істеуді, 

ұйымдастыруды  талап  етеді.  Біз  көп  жылдан  бері 

әдістемелік  жұмыстардан  мардымды  көмек  көре 

алмай  келгенбіз.  Аудан  әкімінің  қолдауымен, жаңа 

басшымыздың 

ұйымдастыруымен 

әдістемелік 

кабинеттің  қайта  ашылғанына  ұстаздар  қауымы 

қуаныштымыз,-деді  мектеп директоры.

Сөздің  шыны  керек,  аудан  мектептерінің  осал 

тұсы ҰБТ. Бұл да жаңа басшының ерекше назарына 

алынып, 


семинарда 

жан-жақты 

талқыланды. 

Бұл  орайда  білікті  педагогтар  №35  И.Тоқтыбаев 

атындағы  мектеп-лицейдің  ағылшын  тілі  пәнінің 

мұғалімі  Фатима  Шадиеваның,  математика  пәнінің 

мұғалімі  Гүлсім  Сәтбаеваның,  жоғары  санатты 

қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі  Ұлболсын 

Қалқоразованың, 

№36 


Ә.Тәжібаев 

атындағы 

мектеп-лицейдің орыс тілі  пәнінің мұғалімі  Шолпан 

Палмақованың  және  тағы  басқалардың  пікірлері 

семинарға қатысулар үшін құнды болды. Семинарға 

қатысқан  әр  білім  ордасының  мектеп  басшысы, 

оқу  ісінің  меңгерушісі,  түрлі  пән  жетекшілері 

жоғары  санатты  педагогтардың  тәжірибелерін  өз 

мектептерінде қолдануы тиіс. Семинардың тағы бір 

ерекшелігі  оған  көпті  көрген,  алдынан  мыңдаған 

шәкірт  өрбіткен 

ардагер  ұстаздардың, 

ата- 

аналардың  қатысуы  дер  едік.  Семинарда  ардагер- 



ұстаздар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болған Роза 

Үмбетаева, бастауыш  сыныпқа дәріс берген Алтын 

Нұртаева  апайлар  аудан  мұғалімдерінің  білім 

берудің  жаңартылған  мазмұнына  сәйкес  табысты 

еңбек етулеріне тілектестіктерін білдірді.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал