8. Электронный журнал "e-history kz" Методологические труды



жүктеу 76.35 Kb.

Дата11.03.2017
өлшемі76.35 Kb.

 

8.Электронный журнал "e-history.kz" 

8.1. Методологические труды 

     8.1.2.Новейшая история - новое научное направление 

     8.1.2.4. Культура 

 

 

 

 

      СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ  



                           МӘДЕНИЕТІН МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

                                          ШАКИРОВА М.И. п.ғ.м., оқытушы 

 

                 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті   

                         

 Қазіргі  таңда  Қазақстан  республикасының  білім  беру  жүйесінде  болашақ 

педагогтарды  қазіргі  заман  талаптарына  сай  жаңашыл,  жан-жақты  дамыған,жан-жақты 

тәрбиеленген  азамат  етіп  шығару  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Сондықтан  да 

жоғарғы  оқу  орны  студенттеріне  күнделікті  тәрбие  беру,  олардың  мәдениетін 

қалыптастыру білікті ұстаздардың алға қойған мақсаттарының бірі. 

Білім  беру  үдерісінің  мақсат-міндеттерін  қазіргі  заман  талабына  сай,  яғни  ұлттық 

және жалпы адамзаттық мұрат-мүдделерді ескере отырып жүргізу және білімді, кәсіпқой 

мамандарды  әзірлеуді  жетілдірумен  айналысу  -  өте  қажетті  мәселе  болып  табылады. 

Өйткені,  қоғамда  жүргізіліп  жатқан  демократиялық  өзгерістердің  стратегиялық  барысы 

нақ  осы  өсіп  келе  жатқан  жастардың  білімінің  сапасымен,  ұлттық  дүниетанымының 

деңгейімен,  мәдени  сауаттылығымен  және  белсенділігінің  жоғары  дәрежесімен 

өлшенетіні  белгілі.  Сондықтан  жоғары  білім  беру  кеңістігіне  ену  мақсатында  Қазақстан 

Республикасының  білім  беру  жүйесінде  түрлі  реформалар  жүріп  жатыр.  Осы 

реформаларға сәйкес оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде 

қолға  алынып  отыр.  Ол  бүгінгі  заман  талаптарынан  туындап,  болашақ  мамандардың 

даярлығын  жетілдіруді  көздейді.  Демек,  елбасымыздың:  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір 

сүретін,  мұғалім  оқушыларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады. 

Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр » деген сөздерінде үлкен мән бар. 

Жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселесін  ұлттық  тәрбиемен  қабыстыруға 

қатысты пікірлер, негізінен, сонау өткен ғұлама ойшылдар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, 

А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Тәжібаевтың еңбектеріне және 

би-шешендер  мен  ақын-жыраулардың  саналық  болжамдарына,  психологиялық 

пайымдаулары  мен  педагогикалық  тұжырымдарына  арқау  болып,  ұлттық  қазынаға 

өшпестей із қалдырған. 

Кез-келген  жас  ұрпақ  адам  бойындағы  ерекше  қасиеттердің  бірі  мәдениеттілігі 

болса, оны игеруге өмір бойы алатын білім жүйесін толықтырып отыруға міндетті болуы 

керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттілік, яғни ұлтымыздың бойындағы ізеттілік, 

сыпайылық, үлкенді сыйлай білу, өз орнын білу, адаммен қарым-қатынас жасау, байыпты 

сөз, биязы мінез, салмақтылық пен сабырлылық, адаммен тіл табысу, өзін-өзі ұстай білу, 

әсемдік пен ізгілікке ұмтылу т.б. жеке бастың, ар-ожданның қорғаны болуына бағытталуы 

тиіс. 


Сондықтан  болашақ  педагогтардың  көркем  білімге,  ұлттық  және  әлемдік  өнерге 

талпынуын  арттырып,  бойын  сергітіп,  әдемілік  әлеміне  ынтасын  арттырып,  қиялын 

шарықтатуда музыкалық білім берудің тәрбие беру жағынан маңызы өте зор.  

Өнер  қашанда  қамқорлықты,  оған  асқан  жауапкершілікпен,  жанашырлықпен 

қарауды  қажет  етеді.  Сол  себептен  жастардың  бойында  мәдениетке  деген  құрметтің, 

сүйіспеншіліктің қалыптасуына музыкалық құндылықтардың пайда тигізері сөзсіз.   

Жоғарғы  оқу  орнынан  білім  алып  жатқан  жастарға    таңдаған  мамандықтарына 

қосымша  мәдени  құндылық  пен  өнер  саласынан  талғамдары  мен  мұраттарын 

қалыптастырып, дамытып отыру қажет. Еліміздің көркеюі, жалпы адамзаттық өркениетке 

қосылуымыз,  бүгінгі  жастар,  болашақ  мамандардың  тек  білім  дәрежесіне  емес,  сонымен 

қатар  мәдениетіне  де  байланысты.  Жеке  тұлға  мәдениеті  күнделікті  таңертең  ұйқыдан 

тұрғаннан  басталады  десек  артық  айтпаймыз.  Төсек  орнын  жинау,  жуыну,  тамақтану, 

дұрыс  талғаммен  киіну,  сабаққа  бару,  оқу  орнында  дұрыс  жүру,  аудиторияда  тазалық 

сақтап  отыру,  аудиториядағы  белсенділік,  мәдениетті  сөйлеу,  оқытушылармен  қарым-

қатынас  т.б.  барлығы  жеке  тұлғаның  мәдениетіне  байланысты  қалыптасады.    Мәдениет 

жоғары  болуы  үшін    өнердің  де  маңызы  зор.    Күнделікті  жақсы  әуен  тыңдау,  жақсы  ән 

тыңдау, жақсы күй тыңдау да адамға жақсы әсерін тигізеді. Адам баласы бесікте жатқан 

кезден  бастап  анасының  әлдиін,  бесік  жырын  тыңдап  өседі.  Балабақшада  мерекелік 

таңертеңгіліктер, 

мектепте 

түрлі 

сайыстар, 



тәрбие-сағаттары, 

жоғарғы 


оқу 

орындарындағы  іс-шаралар,  барлығы  да  жақсы  ән,  жақсы  би,  жақсы  әуен,  жақсы  күй 

оындаумен  өтеді.  Осы  музыкалық  өнер  арқылы  адамның  жан-дүниесі  рухани  байиды, 

мәдениеті  қалыптасады,  өмірге  деген  көзқарасы  өзгереді.  Күнделікті  бір  мезгіл  концерт, 

театр,  жақсы  кино,  опера,  балет,  т.б.  барса,  адам  рухани  байып,  мәдениетті,  өнерді  

бұрынғыдан бетер түсіне, сүйе бастайды. Болашақ маманның мәдениеті тек театрға бару, 

концерт,  опера,  балетке    т.б.  барумен  ғана  қалыптаспайды,  сонымен  қатар  оқу 

орындарында  жүйелі  түрде  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұймдастыруды  да  қажет  деп 

есептейміз.  Әрбір  мерекелерге  байланысты  іс-шаралар,  өнер  майталмандарымен 

кездесулер  ұйымдастыру,  белгілі  педагог-әншілермен  мастер-класстар  өткізу,  түрлі 

сайыстар  ұйымдастыру,  конкурстардың  лауреаттарымен  кездесулер  т.б.  ұйымдастыру 

арқылы  да  мәдениеттің  қалыптасуына  ықпал  жасап  отыруға  болады.  Адамға  ләззат 

беретін  ол-өнер.  Өнер  әсемдікпен  тығыз  байланысты.  Әсемдікті  сезіну,  көру,  ләззат  алу 

адамның  тәрбиесіне  де  байланысты.  Кішкентайынан  жақсы  сөз  естіп,  жақсы,  таза  киім 

киіп,  жақсы  ортада  өскен,  жақсы  жерде  тәрбиеленген  баланың  мәдениеті,    эстетикалық 

талғамы жоғары болатындығы сөзсіз. Сондықтан да тәрбиені,  мәдениетті туғаннан бастап 

жанұяда  қалыптастыру  қажет.  Ананың  сөзі-ақылдың  көзі  деп  қарау,  ата-ананың  өнегелі 

ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән-күйдің, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, 

шеберлік,  ұсталық  өнерді  үйрену,  ананың  әлдиі,  әженің  бесік  жыры  –  бәрі  тәрбиенің 

тағылымы.  

Музыкалық  мәдениетіміздің  негізгі  белгілері  мен  ұлттық  қасиеттерін,  өзіне  тән 

үнділігін,  музыкалық  тілін,  мазмұнға  лайық  әуендік  ырғақтық  нақыш  –  бояуларды  ең 

алдымен  әннен  табамыз.  Қазақтың  халық  әні  қорында  тұрмыс-салттық,  лирикалық  және 

еңбекке  байланысты  туған  әндермен  қатар  әр  алуан  тақырыптарды  қамтитын  тақпақты, 

сазды әуендердің де кең өрістенгенін көреміз.  

Қазақ  әндерінің  дені  лирикалық  сипатта  болғанымен,  әр  алуан  тақырыпты 

қамтиды.  Бұл  әндерге  көбіне  сұлу  табиғат  көріністері  арқау  болып,  адамның  жүрегіне 

етене жақын туған өлкеге деген іңкәрлік жыр маржаны болып төгіледі. Алайда лирикалық 

әндерде негізінен екі жастың арасындағы махаббат, ғашықтардың бір-біріне деген ынтық 

сезімі,  хас  сұлудың  ғажайып  көрік  –  келбеті  жырланады.  Сонымен  қатар  мұндай 

шығармаларда  жүректегі  мұң  мен  зар,  қайғы  мен  қуаныш,  сүйеніш  пен  күйініш 

суреттеледі.  

Әуезділігі,  нақышының  жарасымдылығы  мен  интонациялық  сымбаты,  көркем  де 

өткір музыкалық «сөз үйлесімі» жөнінен қазақ әндері қайсыбір халық әндерімен, де үзеңгі 



қағыстыра алады десек, артық айтқандық емес. Біз олардың ішінен асқақтатып, шалқыта 

айтылатын  кең  тынысты,  түпсіз  тұңғиық  лирикалық  әндерді  де,  сондай-ақ  формасы 

жағынан  едәуір  жетілдіріле  түскен  көңілге  қонымды  әуендерді  де  көптеп  кездестіреміз. 

Кейбір  әндердің  құрылымы  қысқа,  қарапайым  да  ширақ  болса,  әуені  көңілді  де  жарқын, 

шымыр  әрі  ұшқыр  келеді.  Бүған  «Жас  келін»,  «Жетісу»,  «Шилі  өзен»,  «Елігай», 

«Қалдариға», «Ахау-керім», «Ақдариға», «Дедімай-ау» сияқты әндер жатады.  

      Ән шығармашылығын әңгіме еткенде Абай әндерін ерекше айта кеткен абзал. Өйткені 

Абай  әндері  өзіндік  ерекшелігімен  дараланады.  Ақын-композитордың  «Сегіз  аяқ», 

«Айттым,  сәлем,  Қаламқас»,  «Көзімнің  қарасы»,  «Желсіз  түнде  жарық  ай»,  «Қараңғы 

түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты», «Сұрғылт тұман» сияқты әндері философиялық ой 

биігіндегі көркем туынды ғана емес, драмалық мазмұнға толы ән-романс жанрының үздік 

үлгілері болып табылады. 

  

Еліміздегі  жаңа  заман  тынысы  рухани  өмірде  де  жаңа  серпін  туғызды.  Әндердің 



формалары, көркемдік образдары, жанрлық ауқымы да жаңара түсті. 

Қазақ халқының  музыка  мәдениетінің тарихында  әншінің  орындаушылық  өнеріне 

орай  айтылып,  таралып  кеткен  халықтың  нақышты,  бейнелі  теңеулерінің,  қанатты 

сөздерінің  алатын  орны  ерекше.  Образды  тілмен,  эмоциялық  нақышпен  ерекшеленетін 

мұндай  тіркестерде  халықтың көркемдік  ойлары  жинақталған.  Орындаушылық  шеберлік 

жөніндегі  теңеу,  бейнелі  ұғымдар,  образды  сөздер  ән  салу  өнерінің  ұзақ  тарихи 

процесінде,  жаңа  көркемдік  құбылыстардың  ашылуы  нәтижесінде  қалыпқа  түсіп, 

толықтырылып отырған.  

Мәдени  көзқарас  пайымдаудың,  қоғамдық  болмыстың  өзіндік  көрінісі  ретінде 

көптеген  мазмұн-тақырыптарды  қамтитыны  белгілі.  «Мәдени  көзқарастар  дегеніміз  – 

адамның  мәдени  қызметінің  мәні  мен  мақсаты  хақында,  көркемөнердің  мағынасы, 

қоғамдық  ролі,  шындықпен  байланысы  жөнінде,  асқан  тамашалық  пен  сәулеттілік, 

қайғылы  һәм  күлкілі  жайлар  жайындағы  тарихи  қалыптасқан  идеялардың  жүйесі,  бұлар 

қоғамда қоғамдық болмыстың өзіндік көрінісі ретінде пайда болады». 

«Күміс көмей, жез таңдай» сияқты жоғары баға әншілік өнерінде әнді одан сайын 

жұтындырып, құлпыртып жіберетін саңлақ жүйріктерге ғана беріледі 

Қазіргі  таңда  студенттерге  отандық  және  дүниежүзілік  көркем  мәдениеттің 

таңдаулы  үлгілері  арқылы  музыкалық  тәрбие  берудің  маңызы  айрықша.  Бұл  міндетті 

шешуде  олардың  сабақтан  тыс  уақыттағы  эстетикалық  және  көркемөнер  әрекеттерінің 

маңыздылығын  ескермеуге  болмайды,  яғни,  үйірмелерде,  мәдени-іс-шараларда  өнермен 

айналысу  жастардың  жеке  тұлғасының  мәдениетінің  қалыптасуына  шешуші  фактор 

ретінде  ықпал  етеді.  Шығармашылық  ортада  олардың  талғамы,  қызығушылығы 

анықталып,  қабілеттері  артады.  Халық  музыкасына,  прогресшіл  мәдени  дәстүрлерге 

құмарлығы  артып,  өз  құрбы-құрдастарының  ортасында  өнердің  белгілі  бір  түрімен 

айналысуына,  адамгершілік негіздерінің қалыптасуына елеулі түрде ықпал етеді.  

Мәдениет  дегеніміз  –  адамның  сезім  қабілеттілігін  арттыру,  өмірдегі,  табиғат  пен 

өнердегі  сұлулықты,  әсемдікті  қабылдап,  бағалауға  және  де  оны  түсініп  әрі  қарай 

жетілдіріп отыратын адамды қалыптастыру. 

Бұл  орайда  адамның  бойындағы  табиғи  қабілеттерін  тауып,  оны  жан-жақты 

жетілдіріп ашу, дүниені шығармашылық көркейтудегі эстетикалық тәрбиенің аса маңызды 

құралы- өнер болып табылады.  

Өнердің тәрбиедегі ролі оның мәнімен, өзіндік атқаратын қызметімен анықталады. 

Өнер  өмірді  көркем  де  әсем  образда  бере  отырып,  адамның  оны  танып  білуіне,  рухани 

баюына, дүниеге, табиғатқа деген көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді. 

Қазіргі  таңдағы  басты  міндет  -  өз  жерін,  өз  елін,  өнерін  сүйетін,  өз  халқының 

тарихын,  тілін,  дәстүрін,  әдет-ғұрпын  білетін азаматты  тәрбиелеу.  Эстетикалық  циклдегі 

пәндердің ішінде музыкаға, ән айту, аспапта ойнау, әсіресе шығарма таңдау мәселелеріне 

қазіргі  заман  талабына  сай,  Қазақстанның  көркем  де  бай  мәдениетінің  музыкалық 

фольклор материалдарын жан-жақты енгізу қажет. 


А.Затаевич  бастаған  үлкен  істі  отызыншы  жылдары  Д.Мацуцин,  Б.Ерзакович, 

Е.Брусиловский,  А.Жұбанов,  Л.Хамиди,  бертінде  М.Төлебаевтардың  жалғастырып,  ән-

күйлерімізді  нотаға  түсіріп,  ел  игілігіне  айналдырғанын  сүйсіне  еске  аламыз.  Міне,  сол 

кездерден  бастап  республикамызда  музыка  туралы  жазылған  тұңғыш  еңбектер  жарық 

көре  бастады.  Қазақ  музыкасының  тарихын  уағыздайтын,  оның  ұлттық,  жанрлық 

ерекшеліктерін  және  теориялық,  формалық  қалыптасу  процестерін  бейнелейтін  күрделі 

ғылыми-зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. 

Академик  Ахмет  Жұбановтың  «Замана  бұлбұлдары»,  «Ғасырлар  пернесі»  атты 

кітаптарын қазақ музыка тарихының энциклопедиясы десек, асыра айтқандық болмас еді. 

Автор  бұл  зерттеулерінде  музыка  тарихын  байыптап  әңгіме  етіп  қана  қоймай, 

халқымыздың  жалпы  мәдени  өмірін  көз  алдымызға  елестетеді,  музыкалық  дәстүр, 

музыкалық тәрбие, музыкалық әдет-ғұрып сырларын терең ашып көрсетеді.  

Қазақтың  кәсіби  музыка  өнерінің  даму  жолдарын,  интонациялық  әуезінің 

логикалық  байлығын,  ырғақтық  құрылысын,  жанрлық  ерекшелік  қасиеттерін  басқа  да 

күрделі  зерттеулер  жан-жақты  ашып  көрсетті.  Б.Ерзаковичтің  «Қазақ  халқының  ән 

мәдениеті»,  Б.Ғизатовтың  «Академик  Ахмет  Жұбанов»,  Ғ.Бейсенованың  «Абайдың  ән 

творчествосы», З.Қоспақовтың «Жаяу Мұсаның өмірі мен музыкалық творчествосы» атты 

еңбектері  көптеген  тың  сұраққа  жауап  береді.  Музыка  зерттеушілері  В.Дернова, 

Ж.Рсалдин,  С.Күзембаева,  Л.Гончарова,  З.Жанұзақова,  А.Кетегеновалардың  опера  және 

камералық  музыка  жанрларының  творчестволық  бел-белестеріне  арналған  зерттеулері 

музыка  зерттеу  ғылымымызға  қосылған  елеулі  үлес  болып  табылады.  Сондықтан  да 

зерттеуші ғалымдарымыздың алдында әлі де талай асу, биік белестердің тұрғаны анық.  

Халықтың ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген әншілік шеберлігі бұл күнде жаңа 

кәсіби  композиторлық  шығармашылықпен  ұштасты.  Олардың  әлі  күнге  дейін  ашылып 

болмаған сырлары өте мол. Осы орайда ұлттық рухани мәдениетіміздің аса бай саласының 

бірі  -  ән  өнері.  Халқымыздың  ежелден  әнді  ерекше  қастерлеп,  оны  халықтың  жаны  деп 

бағалаған. Өйткені жақсы ән мен жақсы күй қай заманда да, қай халықтың болса да асыл 

арманы  мен  тілегін  айқын  бейнелеп,  олардың  бақытты  өмірге  ұмтылған  ынта-ықыласын 

жеткізе  білді.  Ән  адамның  бүкіл  тірлік  тынысында  көңіл  серігі  болды.  Адам  күнделікті 

өмір тіршілігін ғана емес, сонымен бірге аңсаған арманын да, көңіл түкпіріндегі үмітін де 

ән  арқылы  білдіріп,  сол  арқылы  өрнектеген.  Ән  –  халықтың  рухани  байлығы,  ғасырлық 

мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі.  

Ән  –  адамның  жан  серігі,  қуанғанда  бой  сергітер,  күйзелгенде  көңіл  жұбатар  , 

жорық жолдарында жігер қосар жайсаң жанр. Оның өміршеңдігі де – осындай қасиетінде.  

Абай  айтқандай,  әрине,  «Әннің  де  естісі  бар,  есері  бар».  Біз  халықтың  өткен 

тарихының куәгері саналатын «есті ән» дүниесін сөз етеміз. Мұндай әндерден көне заман 

шындығын шертетін деректерді  білумен бірге халық басынан өткерген қилы-қилы тарих 

сырларына қанғандай боламыз. 

Сан  ғасырлақ  тарихы  бар,  ғасырлар  елегінен  сүрінбей  өткен  әндер  талай-талай 

ұрпақтың кәдесіне жарай отырып, айшықтана, әрлене түсіп, музыкалық өнердің інжуіне, 

асыл қазынасына айналды.  

  

Ән  жан-жүйеңді  шымырлататын  әуезділігімен,  ұйқыдағы  «көңіліңді  оятатын» 



әсерлілігімен, тартымды образдылығымен, жүрек тебірентетін нақышымен қымбат. Қазақ  

қашаннан  музыканы  сүйетін,  әнді  ардақтайтын  халық.  Кезінде  екі  ауыз  өлең  білмейтін 

қазақ болмаған. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген пікірге ие болған, әншілігі 

аңызға  айналған,  өнер  десе  ішкен  асын  жерге  қоятын  сауыққой  халықпыз.  Ән  айту,  ән 

салу  –  ұлттық  дәстүріміздің  жалғасы.  Халқымыздың  мұндай  қасиетін  қазақ,  орыс  және 

басқа да халықтардың озық ойлы интеллигенциясы, ғалымдары, этнограф-жинаушылары, 

әдебиетшілері мен журналистері жазбай танып, білікті пікір айтқаны, лайықты бағалағаны 

белгілі.  

Солардың  бірі,  өткен  ғасырдың  70-ші  жылдарында  Түркістанда  болып,  қазақ 

өнерпаздарымен тікелей пікір алысқан А.Эйхгорн өз еңбегінде: «Қазақ әндері құдіретті де 



күшті,  өктем әрі  сонымен бірге жатық,  құлаққа жағымды естіледі....ауылда, болмаса мал 

арасында  да,  немесе  жапан  түзде  жым-жырт  аспан  астында  жалғыз  келе  жатып  оның 

салған әні тіпті әдемі естіледі. Түнде де, күндіз де, таңертең де, кешке де, жазда да, қыста 

да – қашан, қай кезде болмасын, қазақ қиялсыз жүрмейді, не ыңылдаған сарынмен көңіл-

күйін білдіреді, немесе ән салады, әйтпесе өлең шығарады, енді бірде шежірелік сөздерді 

мақалдап  айтумен  болады.Олардың  қарапайым  сөздері  мен  саздары  айналадағы 

табиғатпен  үндесіп  келеді  де,  оның  сырт  өмірден  алған  әсерін  табиғи  қалпында  беріп, 

сезімдерін  ешбір  қалтқысыз  айқын  баяндайды»,  -  деп  жазған  болатын.  Сол  сияқты 

академик  В.В.Радлов,  А.Ивановский,  З.Р.Пфенник,  М.Гатовицкий,  П.Тихов  та  қазақтың 

иен  даласымен  үндесіп,  үйлесіп  жатқан  жарасымды  ән  мәдениетін,  оны  орындайтын, 

қағып  алып айта салатын өнерпаздарды ілтипатпен ауызға алады, таңырқай, тамсана сөз 

қылады.  

                                Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.

 



Қазақстан  Республикасы  жоғары  білім  беру  мемлекеттік  стандартының 

Тұжырымдамасы. – Алматы, 1998ж. 

2.

 

Матонис В. Музыкально-эстетическое воспитание личности. – Л. Музыка, 1988г. 



3.

 

Жарықбаев  Қ.,  Қалиев  С.  Қазақ  тәлім-тәрбиесі  /қазақ  ұлт  педагогикасы  мен  ұлттық 



психологиялық тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995ж. 

4.

 



Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы және студент жастар. – Алматы. 1991ж. 

5.

 



Балтабаев  М.Х.  Казахская  традиционная  художественная  культура  в  системе 

образования. –Алматы, 1994г. 

6.

 

Формирование профессиональной культуры учителя. Под редакцией В.А.Сластенина. 



М., 1993г. 

 

                                                Түйіндеме 

Бұл мақалада Сыр өңіріндегі жоғары оқу орындарының студенттерінің мәдениетін музыка 

арқылы  қалыптастыру  туралы  айтылған.  Қазіргі  таңда  студенттерге  отандық  және 

дүниежүзілік  көркем  мәдениеттің  таңдаулы  үлгілері  арқылы  музыкалық  тәрбие  берудің 

маңызы  айрықша.  Бұл  міндетті  шешуде  олардың  сабақтан  тыс  уақыттағы  мәдени  және 

көркемөнер  әрекеттерінің  маңыздылығын  ескермеуге  болмайды,  яғни,  үйірмелерде, 

мәдени-іс-шараларда  өнермен  айналысу  жастардың  жеке  тұлғасының  мәдениетінің 

қалыптасуына шешуші фактор ретінде ықпал етеді. 

 

                                                               Резюме 

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  развития  культуры  через  музыку  студентов 

высших  учебных  заведений  в  регионе  Сыра.  В  данное  время  студентам  важно  давать 

музыкальное  воспитание  через  избранные  образцы  отечественной  и  всемирной 

художественной  культуры.  В  решении  этой  задачи  надо  обращать  внимание  на  их 

культурные и художественные  действия внеурочное время,  то есть, занятие творчеством  

в  кружках,  в  культурных  мероприятиях  воздействует  как  решающий  фактор  в  развитии 

личной культуры молодежи. 

 

                                                              Summary 

It  is  considered  in  the  article  the  article  the  problems  of  developing  culture  through  students, 

music  of  high  educational  institutes  in  Syr  region  Nowadays  it  is  important  to  give  students 

musical education through chosen examples of motherland’s and worlds art culture. In order to 

solve  this  problem  one  must  pay  attention  to  their  culture  works,  circles  affected  as  decisive 

factors in developing youth personal culture. 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал