8. Электронный журнал "e-history kz" Междисциплинарные исследования



жүктеу 81.93 Kb.

Дата10.04.2017
өлшемі81.93 Kb.

 

8.Электронный журнал "e-history.kz" 

8.3. 

Междисциплинарные исследования 

8.3.2. Археология

 

 



 

 

 

СЫР ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІН ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫНДА 

ПАЙДАЛАНУ 

 

ТӘЖЕКЕЕВ ӘЗІЛХАН ӘУЕЗХАНҰЛЫ 

Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,  

тарих ғылымдарының кандидаты 

 

Жергілікті өңірге қатысты деректер негізінде өлкетану саласының тәрбиелік маңызы 



зор.  Өлкенің  тарихы  –  бұл  өте  күрделі  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  талап  етеді, 

жұмыстың  көптігі,  тақырыптың  ауқымдылығы,  уақыт  кезеңінде  де  өте  күрделі  болып 

келеді.  

А.С.  Барковтың  берген  ғылыми  анықтамасы  бойынша  «Өлкетану  –  бұл  бірнеше 

ғылымның  кешенді  жиынтығы,  әртүрлі  әдістері  мен  мазмұнына  қарамастан,  барлық 

жиынтығы өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады». 

Өлкетану  жұмысында  көптеген  дерек  көздері  пайдаланылады.  Жазбаша,  ауызша, 

көне жазбалар, этнографиялық және археологиялық деректер жиындығы өлкенің тарихын 

жазуға негіз болады. 

Қазақстан тарихында Арал маңының археологиялық ескерткіштерінің алатын орны 

ерекше.  Мұнда  алғашқы  қауым  дәуірлерінен  кейінгі  ортағасырларға  дейінгі  бірнеше 

мыңдаған ескерткіштер бар. Олар негізінен Сырдың төменгі ағысын жағалай орналасқан. 

Сырдарияның төменгі алқабы – Тұран ойпатының үлкен бір бөлігі. Ол батысында 

Арал  теңізіне,  шығысында  Орталық  Қазақстанға  дейін,  ал  оңтүстігінде  Қызылқұм  мен 

Қарақұм шөлейтіне дейінгі жерлерді қамтиды. 

Академик  В.В.  Бартольдтың  анықтамасы  бойынша,  Тұран  –  ол  «Арал  теңізінің 

бассейні».  Сырдың  төменгі  ағысы  осы  бассейннің  шығыс  бөлігін  құрағандықтан,  оны 

ғылыми әдебиеттерде Шығыс Арал маңы деп атайды. 

Шығыс Арал маңының физикалық-географиялық ерекшеліктері бұл өңірдің көршілес 

халықтармен экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының тығыз дамуына мүмкіндік 

берді.  Осы  мүмкіндік  әртүрлі  шаруашылық  және  мәдени  типтердің  пайда  болуына  әкелді. 

Сырдың  төменгі  ағысы  шығысында  Орталық  Қазақстанның  кең  даласымен  шектеседі,  бұл 

көшпелі өркениеттің дамуына өз ықпалын тигізген. Батыс шекарасы Арал теңізі жағалауын 

қамтып,  ол  сауда-экономикалық  байланыстардың  дамуында  ерекше  маңызы  бар  аймақ 

болуына  ықпалын  тигізді.  Сонымен  қатар,  Хорезм  оазисімен  байланыста  болған  осы 

аймақтың  жергілікті  тұрғындары  ғасырлар  бойы  егіншілік  мәдениетін  жоғары  дәрежеде 

дамытқан. Оңтүстік бөлігі Оңтүстік Қазақстан территориясымен шектеседі, ортағасырларда 

бұл өңірде қала мәдениеті жақсы дамыған. Ал солтүстік шекара Батыс Қазақстан жерлерімен 

іргелес  жатыр.  Бұл  аймақ  Орталық  Азия  мен  Шығыс  Еуропа  мемлекеттерімен  саяси  және 

экономикалақ байланыс жасауда үлкен роль атқарды. 



Арал маңының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Ежелгі заманнан бастап осы 

жерде  өмір  сүрген  халықтар  Батыс  және  Шығысты  байланыстыра  отырып,  өзіндік 

шаруашылық пен мәдени типті қалыптастырды. 

Сыр өңірінде мекендеген сақ, қаңлы, оғыз және қыпшақ тайпалары қазақ халқының 

этногенезінде  ғана  емес,  Орта  Азия,  Орталық  Азия  және  Шығыс  Еуропаның  қазіргі 

халықтарының қалыптасуында маңызды роль атқарған. Академик С.П. Толстов Арал өңірінің 

этникалық  тарихының  маңыздылығын  «Аралдық  этногенез  түйіні»  деген  анықтама  беру 

арқылы көрсетеді. 

    1946-1990  жылдар  аралығында  кең  ауқымда  археологиялық  жұмыстар  жүргізген    Хорезм 

археологиялық-этнографиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесі неолит дәуірінен бастап 

кейінгі ортағасырларға дейін Сырдың төменгі ағысында халық тығыз орналасқанын көрсетті. 

Өз  зерттеулері  барысында  ХАЭЭ-сы  неолит  дәуірінен  бастап,  қола,  темір,  ортағасырлық 

кезеңдерге жататын жүздеген ескерткіштерді ашты.  

Олардың қатарында қола дәуірінің Түгіскен мавзолейлері, темір дәуірінің шірікрабат 

мәдениеті  ескерткіштері  (Шірік-рабат,  Баланды,  Бәбіш-мола  т.б.),  қаңлы,  түрік  кезеңінің 

Жетіасар  мәдениеті  ескерткіштері  және  оғыз  дәуірінің  «батпақтағы  қалалар»  (Жанкент, 

Күйік-қала,  Кескен  Күйік-қала)  ескерткіштері  бар.  «Батпақтағы  қалалардың»  ішіндегі  ең 

ірілері Кескен Күйік-қала, Жанкент және Күйік-қала. ІХ-ХІ ғғ. бұл қалалар оғыз мемлекетінің 

орталықтарына айналған. 

Сыр  бойында  орналасқан  ескерткіштерді  кезеңдерге  және  типологиясына  қарай 

өлкетану  жұмысында  пайдалануға  болады.  Себебі,  бүгінгі  таңда  өлкетану,  өлке 

ескерткіштеріне  байланысты  ғылыми  жұмыстарда  тек  ірі,  танымал  ескерткіштерді  ғана 

қамтып жатады.    

1-тақырып. Тас дәуірі 

Сыр  өңірін  археологиялық  тұрғыдан  зерттеудің  бірнеше  бағытта  өрбігендігін  аса 

маңызды  ашылулармен  атап  өтуге  болады.  Арал  маңының  неолит  және  энеолит 

дәуірлеріне  географиялық  кең  түсінікпен  қарағанда,  ортаазиялық  қосөзен  аймағына 

кельтеминарлық 

этномәдени 

қауымдастыққа 

біріккен 

бірнеше 

археологиялық 

мәдениеттер  тән.  Ол  осы  территорияларды  б.з.д.  VI-III  мыңжылдықтарда  туыстас 

тайпалардың  қоныстанғанын  аңғартады.  Олардың  экономикасы  қарапайым,  яғни, 

аңшылық және балық аулау кәсіптері еді [1, 102-108 бб.]. 

Неолит  дәуірінің  кельтеминар  мәдениетінің  үлкен  тұрақтары  (Сексеуіл,  Көнту, 

Ақеспе,  Қара-сандық,  Шөлқұм,  Тәмпі  т.б.)  Солтүстік  Арал  маңы  мен  Кіші  Борсық 

құмдарынан  табылды.  Олар  өмір  сүруге  жайлы,  суға  жақын  аймақтарда  орналасқан. 

Тастан  жасалған  еңбек  құралдарынан  басқа,  қой,  сиыр  және  құланның  сүйектерінің 

табылуы алғашқы қауымдық тайпалардың отарлап мал өсіру кәсібіне өткендігін көрсетеді 

[2, 49-50 бб.]. 

Көрнекті  археолог  А.А.  Формозовтың  пікірінше,  Арал  маңында  таралған  кейінгі 

кельтеминар  мәдениеті  б.з.д.  II  мыңжылдықың  басында  афанасьев  мәдениетінің  даму 

деңгейіне  жетеді,  сонымен  қатар,  андронов  мәдениетіне  көшкен  кейбір  нышандары  да 

байқалады [3, 10 б.].  

2-тақырып. Қола дәуірі. 

Б.з.д.  ІІ  мыңжылдықтың  екінші  жартысында  –  І  мыңжылдықтың  бас  кезінде 

Сырдарияның  төменгі  бойын  мекен  еткен  халық  Батыс  және  Орталық  Қазақстанның 

далалық тайпаларымен неғұрлым тығыз байланыста болса керек. Өйткені мұнда дамудың 

жергілікті  бағыты андронов мәдениеті  болып келеді. Аралдың оңтүстік өңірімен б.з.д.  ІІ 

мыңжылдықтың  екінші  жартысында  өзара  жақындасу  шығысқа  таман  емес,  тек  қана 

Іңкәрдария мен Ақшадария арналары өңірінде болды. Себебі, б.з.д. І мыңжылдықтың бас 

кезінде хорезмдік  әмірабад  керамикасы  бүкіл  Іңкәрдария  бойында  дерлік  ұшырасады  [4, 

96-105 бб.]


Сонымен  бірге  Аралдың  солтүстік  және  шығыс  Қарақұмдары  ішінен  де  соңғы 

кезде  қола  дәуірінің  үлкен  қоныстарының  орны  анықталып  жатыр.  Оған  қоса  Қаратау 

жоталарындағы жартас суреттерінің өлке тарихындағы орны зор. 

Қола  дәуірі  Сыр  өңірінде  қызықты  ескерткіштерімен  танымал.  Солардың  бірі  – 

кейінгі  қола  дәуіріндегі  көсемдер  жерленген  Солтүстік  Түгіскен  қорымы.  Қорым 

Іңкәрдарияның  құрғап  қалған  арнасын  бойлай  400  шаршы  метрге  жуық  ауданды  алып 

жатқан 20-ға жуық ірі және шағын жерлеу құрылыстарынан тұрады. Олар қам кесектерден 

тұрғызылған  және  айнала  жапсарласқан  немесе  жанынан  топтасқан  әртүрлі  форма  мен 

өлшемдегі  жерлеу  құрылыстарынан  тұратын  үлкен  кесенелердің  қирандысы  түрінде 

сақталған [5]

 

Қазақстанның  соңғы  қола  дәуірінің  аса  көрнекті  ескерткіштері  болып  табылатын 



Түгіскен  кесенелері  Аралдың  шығыс  өңірінің  ежелгі  малшыларында  діни  құрылыстар 

архитектурасы мен құрылыс техникасының барынша дамығандығын көрсетеді.  



3-тақырып. Ерте темір дәуірі немесе сақ кезеңі.  

Ерте  темір  дәуірінде  Шығыс  Арал  өңірінің  аумағы  мен  Оңтүстік  Қазақстанның 

оған  шектес  аудандарын  массагет-сақтардың  құрамына  кіретін  этникалық  топтар 

мекендеген.  Олардың  сол  кездегі  мәдениетінің  ескерткіштері  Сырдарияның  төменгі 

бойындағы  Ұйғарақ  және  Түгіскен  қыраттарында  орналасқан  обалы  қорымдар  болып 

табылады [6].  

1960-1963 

жж. 


Хорезм 

археологиялық-этнографиялық 

экспедициясының 

зерттеулері М.А. Итинаның жетекшілігімен Түгіскен жерлеу кешенінде жүргізілді.  

 

Ал  1961  жылы  О.А.  Вишневскаяның  жетекшілігімен  Ұйғарақ  қорымында  қазба 



жұмыстары басталып, 1962, 1963 және 1965 жылдары жалғасын тапты.  

Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен, бұл жоғарыда 

айтылған  –  Солтүстік  Түгіскен,  яғни,  б.з.д.  IX-VIII  ғасырлардағы  қорымдар.  Сақтардың 

обалы  қорымы  Оңтүстік  Түгіскен  де  осында  Түгіскен  қыратында  орналасқан.  Ол  өз 

кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардың біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік 

Түгіскеннің  барлық  сақ  обалары  б.з.б.  VII-V  ғасырларда  тұрғызылған.  Ұйғарақтағы  сол 

заманның  80  обасы  үш  топқа:  шығыс,  орталық  және  батыс  топтарға  шоғырланған  [7]. 

Олардан  70  оба  қазылды.  Ұйғарақ  пен  Түгіскенде  жерлеу  құрылыстары  әртектес 

болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей. 

4-тақырып. Антикалық кезең. Қалалар мәдениетінің қалыптасуы 

Сырдарияның төменгі ағысы бойында ертедегі сақтардың этникалык және мәдени 

байланыстарының  кең  өріс  алуы,  олардың  шаруашылығының  ерекшеліктері, 

антропологиялық  пішінінің  кейбір  айырмашылықтары  оларды  бір  тайпа  емес,  үлкен 

тайпалық  одаққа  кірген  туыстас  бірнеше  сақ  тайпаларының  ерекше  тобы  деп  есептеуге 

негіз болады.  

Сырдария  сақтарының  мәдениеті  б.з.д.  I  мыңжылдықтың  екінші  жартысында 

гүлденген деңгейіне жетті. Бұл кезеңде Іңкәрдария арнасы Жаңадария арнасына ауысып, 

негізгі су жолына айналады.  

Б.з.б. I мыңжылдықтың екінші жартысы – Әмударияның төменгі ағысында Хорезм 

мемлекетінің қалыптасып, нығайған кезі. Ежелгі егіншілікті оазис пен оның көшпелі шет 

аймақтарының  арасындағы  экономикалық  және  мәдени  байланыстар  бұл  кезде  ерекше 

маңызға  ие  болады.  Сырдария  сақтарының  жерінде  тек  бекіністі  ірі  қоныстар  ғана  емес, 

қалалар да пайда болды. Олар егіншілік мәдениетінің ірі ошағы саналатын, қала мәдениеті 

мен қорғаныс жүйесі  дамыған бекіністерімен және жерлеу ғұрыптарымен ерекшеленетін 

шірікрабат мәдениетіне топтастырылады [8].  

Бұл  өркениет  б.з.д.  IV-II  ғғ.  қанатын  кең  жайып,  Шірік-рабат  қаласы  Арал  маңы 

сақтарының  дах  деп  аталатын  тайпасының  астанасына  айналған.  Бұл  мәдениетке 

Жаңадария бойындағы айналасында жергілікті қоныстар кешені мен дамыған суландыру 


жүйелері  бар,  көлемі  кішірек,  бекіністі  Бәбіш-мола  қала  жұрты  да  жатады.  Шірікрабат 

мәдениетіне  жатқызылатын  осы  тектес  тағы  бір  ескерткіш  –  Іңкәрдария  бассейніндегі 

кішігірім  бекіністі  Баланды  қалашығы.  Аталған  қалаларға  жақын  маңда  зәулім  жерлеу 

құрылыстары  бар.  Оларда  жергілікті  ақсүйектер  жерленген  және  алуан  түрлі  жерлеу 

мүліктері қойылған. 

Аталған  Шірік-рабат,  Бәбіш  мола,  Баланды  орталықтандырылған  ірі  қоныстар 

арасы егістік алқаптармен және ауылдармен жалғасып жатқан.  

5-тақырып. Қаңлы дәуірі. Қалалар мәдениетінің дамуы. 

Шірікрабат  мәдениеті  Сырдың  көне  сағаларында  өмір  сүруін  тоқтатқаннан  кейін, 

қазақ халқы ғана емес, Орта Азия халықтарының этногенезінің қалыптасуында орасан зор 

орны  бар,  дамып,  гүлденуі  жүздеген  жылдарға  созылған  атақты  жетіасар  мәдениеті 

Қуаң бойында қанатын жаяды. 

 Бұл оазисте б.з.д. I мыңжылдықтың соңы мен б.з. VIII-IX ғғ. дейін тіршілік ошағы 

болған жалпы саны шамамен 50-ден аса қамал-қалалар бой көтерген. Оның 27-сі Жетіасар 

алқабында  5-7-ден  топ-топ  болып,  Сырдарияның  көне  салаларының  бірі  Қуаңдария  мен 

Ескідариялықтың  ондаған  ұсақ  тарамдары  мен  қолдан  қазылған  оман  арықтарының 

бойына  салынған.  Олардың  қазіргі  үйіндісінің  биіктігі  18-20  м-ге  жетеді.  Асарлардың 

барлығы  әртүрлі  деңгейде  жасалынған  қорғаныс  жүйелерімен  қоршалған.  Қорған  іші 

тұрғын-үй, зәулім сарай және қолөнер шеберлері тұратын бөліктерге бөлінген. Асарларды 

одан  әрі  зерттеу  Қазақстан  мен  Орталық  Азияны  қазір  мекендеп  отырған  ұлттар  мен 

халықтардың  құрылуы,  қалыптасуы  және  даму  тарихының  бірден-бір  жарқын  дерегі 

болып табылады. 

 

Жетіасар  шатқалында  1946,  1948  жж.  ХАЭЭ  алғаш  археологиялық  зерттеу 



жұмыстарын  жүргізіп,  нәтижесінде  С.П.  Толстов  алғаш  болып  жетіасар  мәдениеті 

қалаларын  құрылымдық  ерекшеліктеріне  байланысты  үш  топқа  бөледі:  біріншісі  – 

ғимараттары бар бекіністі үй-жайлар; екіншісі – мықты қорғаныс жүйесі бар (мұнаралары, 

бекіністі  қақпасы),  бірақ  ішінде  ешқандай  құрылыс  орны  жоқ  ірі  қамалдар;  үшіншісі  – 

мықты  қорғаныс  жүйесі  бар,  сонымен  қатар,  ішінде  көптеген  әр  түрлі  тұрғын  үй 

құрылыстары бар қамалдар [9, 128-129]

Жетіасар  І  және  ІІ  кезеңдерінде  (б.з.  І  мж.  екінші  жартысы)  жетіасар 

тұрғындарының  ортаңғы  Сырдария  аудандарындағы  мәдениеттерден  (отырар-қаратау, 

қауыншы)  басқа  көршілес  аймақтармен  де  тығыз  байланыста  болғандығын  көреміз.  Сол 

уақытта  жетіасар  мәдениетінің  территориясы  барынша  ұлғайып,  Әмударияның  оң 

жағалауы  мен  Сырдария  өзені  арасындағы  аудандарды  қамтып,  жетіасарлық  халықтың 

үлкен  бөлігі  осы  аймақтарға  көшеді.  Л.М.  Левинаның  пікірінше,  Жетіасар  ІІІ  кезеңінде 

(VI-VII ғғ.) Жетіасар шатқалындағы ескерткіштердің басым көпшілігі өмір сүруін тоқтады 

[10; 11]. 

 Ортағасырларда  Сырдарияның  төменгі  ағысында  табиғи-экологиялық  ахуалдың 

өзгеріске ұшырауы, саяси-этникалық  жағдайлар бұл  ауданды мекен  еткен тұрғындардың 

көшіп-қонуына,  яғни,  аймақтың  тарихи  сипатының  түбегейлі  өзгеруіне  әкелді. 

Ортағасырларда  қайта  суланған  Іңкәрдарияның  және  Жаңадарияның  жағалауларында 

көптеген  бекіністі  қалалар  пайда  болып,  Жетіасар  шатқалының  солтүстік-батысында, 

қазіргі Сырдарияның сол жағалауында Сортөбе І, Сортөбе ІІ сияқты қалалар бой көтереді. 

Сонымен  қатар,  Арал  теңізінің  шығыс  маңында  Кескен-күйік  қала,  Күйік  қала,  Жанкент 

сынды «батпақтағы қалалар» мәдениеті қалыптаса бастайды [12]



6-тақырып. Ортағасырлар кезеңі. Сыр өңірінің қала мәдениетінің гүлденуі 

Оғыз-қыпшақ  кезеңінде  орын  алған  үздіксіз  соғыстар  мен  қақтығыстарға,  саяси-

этникалық  жағдайлардың  шиеленісуі  мен  өлкедегі  табиғи-экологиялық  ахуалдың 

өзгеріске ұшырауына қарамастан Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген тұрғындар IX-

XII    ғғ.  осы  аймақта  ортағасырлық  қала  мәдениетін  жасап,  дамыта  алды.  Сырдарияның 


ескі  арналарының  бассейндеріндегі  оғыз-қыпшақтардың  бекініс  жүйесі  мықты  қалалары 

олардың көршілес Хорезм және Шығыс Еуропа елдерімен арадағы саяси, экономикалық, 

мәдени байланыстарында маңызды роль атқарды.    

Сырдарияның  төменгі  ағысындағы  IX-XII  ғғ.  жататын  оғыз-қыпшақ  қалаларын 

географиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады. 

Олар:  қуандариялық  («батпақтағы  қалалар»),  іңкәрдариялық  және  жаңадариялық 



қалалар. 

«Батпақтағы қалалар» 

IX-X  ғғ.  Қуаңдария  жағалауында  Жанкент,  Күйік-қала,  Кескен  Күйік-қала  сынды 

үлкен қалалар бой көтереді. Академик С.П. Толстов бұл қалаларды «батпақтағы қалалар» 

деп атаған [13, 67-б.]. Оған себеп,  олардың Қуаңдарияның дәл Аралға құяр атырауында, 

яғни, сулы да нулы, батпақты жерде орналасқандығы болса керек.  

«Батпақтағы  қалалардың»  пайда  болған  уақыты  әзірге  нақты  белгісіз,  ал 

ескерткіштердің  бетінен  жиналған  материал  олардың  жоғарғы  қабатын  IX-XI  ғғ. 

мерзімдейді.  Бұл  қалалар  аймақтағы  тарихи-этникалық  процестердің  шиеленісуіне  және 

табиғи-экологиялық  ахуалдың  өзгеруіне  байланысты  X  ғ.  ортасы  –  XI  ғ.  өмір  сүруін 

тоқтатады. Бұл жағдай оғыздардың оңтүстікке және батысқа қарай, оның ішінде, Үстіртке 

және Төменгі Еділ бойына қарай үдере көшуіне ықпал етті. 

Іңкәрдария бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары 

Іңкәрдария  бойындағы  оғыз  кезеңіне  жататын  ортағасырлық  қалалар  1959,  1960-

1961, 1968 жж. ХАЭЭ зерттеулері  негізінде ашылды. Бұл қалалардың пайда болуына Х-

ХІ ғғ. Оғыз мемлекетіндегі саяси жағдайлардың шиеленісуі және осы уақытта Іңкәрдария 

арнасының  қайта  сулануы  себеп  болды.  Қалалар  негізінен  Іңкәрдарияның  шығыс 

жағалауында  көптеп  шоғырланған.  Іңкәрдария  бассейніндегі  ірі  қоныстар:  Асанас, 

Сырлытам-қала, Заңғар-қала, Сайқұдық-қала және Қақ-қала. 

Жаңадария бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары 

ІХ-ХІІ  ғ.  жататын  қала  типіндегі  қоныстардың  үшінші  тобы  Жаңадария 

бассейнінде орналасқан. Олардың кейбірі ХІV-XV ғ. дейін өмір сүреді.  

Жаңадария  бойындағы  ескерткіштердің  көпшілікке  белгілісі  –  Женд  қаласы. 

Сонымен бірге Орқала, Құмқала, Шығыс Құм қала, Мортық қала сиқты ірі қалалар да осы 

Жаңадария боыйнда орналасқан. 



7-тақырып. Алтын Орда кезеңінің ескерткіштері.  

Сыр  өңірі  тарихында  Ақ  Орда  мен  Қазақ  хандығы  кезеңі  өзге  кезеңдер  секілді 

елеулі  орын  алады.  Себебі,  Ақ  Орданың  пайда  болуы  қазақ  мемлекеттілігінің 

қалыптасуына  алғышарттар  тудырды.  Монғол  шапқыншылығынан  күйзеліске  ұшырап, 

кейбірлері  өмір  сүруін  тоқтатқан,  Сырдарияның  төменгі  ағысында  орналасқан 

ортағасырлық  қала  мәдениеті  араға  уақыт  салып  алтын  орда  кезеңінде  қайта  өркендей 

бастайды. Оңтүстік-шығыс Арал маңы, жалпы Қызылорда облысы бойынша бүгінгі таңда 

бұл  дәуірдің  ескерткіштеріне  археологиялық  қазбалар  жүргізілмеген.  Бұл  кезеңнің 

ескерткіштеріне Мыңтөбе қалашығы, Арладың кепкен табанынан табылған кесенелер мен 

елді мекендер, Жент және Сығанақ ескерткіштерінің қабаттары жатады. 



8-тақырып. Сәулет ескерткіштер 

Мемориалды-ғұрыптық  құрылыстардың  (туыстық  қорымдар  (молалар)    және  ірі 

туыстық  жерлеу  қорымдары)  Арал  маңындағы  малшы-  көшпенділердің  этноаймақтық 

индикаторы  ретінде  тарихи  маңызы  зор.  ХІV-ХVІІ  ғғ.  қазақ  халқының  ғұрыптық  сәулет 

өнері: тастан жасалған, қам кесектен және күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кесенелер, 

«төртқұлақ»  түріндегі  қоршаулар,  саркофаг-жәшіктер,  бағана  тастар  (құлпытастар)

 

және 


т.б. мемориалды-ғұрыптық кешеннің қалыптасуына негіз болды. 

Міне,  аталып  отырған  Сыр  өңірінің  тарихи-мәдени  мұраларын  кезеңдерге, 

дәуірлерге  және  түрлеріне  қарай  жіктеп,  өңдеп  өлкетану  жұмысына  пайдалану  керек. 


Сонда  ғана  мұраларымыздың  құндылығын,  оларды  сақтау,  қорғау  және  пайдалану 

мәслелері бір жолға қойылған болар еді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



 

1.

 



Тажекеев  А.А.  Памятники  кельтеминарской  культуры  Нижней  Сырдарьи  //  Отан 

тарихы. №1 (57) – 2012. 

2.

 

Формозов А.А. Кельтеминарская культура в Западном Казахстане // КС. №XXV. – 



М., 1949.  

3.

 



Формозов  А.А.  К  вопросу  о  произхождении  андроновской  культуры  //  КС.  Вып. 

XXXIX. – М., 1951.  

4.

 

Тажекеев  А.А.  История  обводнения  южных  протоков  Нижней  Сырдарьи  по 



археологическим  данным.  Инкардарья  //  Материалы  III  международной 

конференции «Кадырбаевские чтения – 2012». – Актобе, 2012. С. 96-105. 

5.

 

Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта.  М., 1962; Толстов С.П., Итина 



М.А.  Саки  низовьев  Сырдарьи  //  СА.  №2.  М.,  1966;  Итина  М.А.,  Яблонский  Л.Т. 

Мавзолеи  Северного  Тагискена.  Поздний  бронзовый  век  Нижней  Сырдарьи.  М., 

2001. 

6.

 



Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962; Толстов С.П., Итина 

М.А.  Саки  низовьев  Сыр-Дарьи  (по  материалам  Тагискена).  //  СА,  1966,  №2; 

Вишневская  О.А.,  Итина  М.А.  Ранние  саки  Приаралья.  //  Проблемы  сакской 

археологии. МИА. 177. М, 1971. 

7.

 

Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сыр-Дарьи в VІІ-V вв. до н.э. 



Труды ХАЭЭ, VІІІ, М., 1973. 

8.

 



Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962; Вайнберг Б.И., Левина 

Л.М.  Чирикрабатская  культура.  –  Низовья  Сырдарьи  в  древности.  Вып.  I.  –  М., 

1993.  

9.

 



Толстов С.П. По следам древнехорезмской цивилизации. М-Л., 1948. 

10.


 

Левина Л.М. Этнокультурная история Восточного Приаралья (в  I тыс. до н. э.  –  I 

тыс. н. э.). М., 1996. 

11.


 

Левина Л.М. Этнокультурная история Восточного Приаралья (в  I тыс. до н. э.  –  I 

тыс. н. э.) // ЭО. М., 1997. №2. 

12.


 

Құрманқұлов  Ж.,  Аржанцева  И.А.,  Тәжекеев  Ә.Ә.  Сырдарияның  төменгі  ағысы 

бойындағы  оғыз  қалалары:  жетіасар  мәдениетімен  байланысы  //  Қорқыт  Ата 

атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Хабаршысы. №2 (32) 2011. 



13.

 

Толстов С.П. Города гузов. // СЭ. М., 1947. №3. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал