8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса



жүктеу 0.98 Mb.

бет1/10
Дата13.01.2017
өлшемі0.98 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №7 (1242)          18

 ақпан  


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

761  жауынгерімізді  жат  жерде  қаза  қылған,  мыңнан  аса  жауынгер  соғыстағы 



жарақаттарынан  жерге  жамбасын  тигізген,  21  азаматымызды  із-түссіз  жоғалтып, 

тағы  мыңнан  аса  жауынгерді  мүгедектік  арбаға  байлап,  3341  күнге  созылған  Ауған 

соғысының  аяқталғанына  да  биыл  табаны  күректей  26  жыл  толып  отыр.  Осы  бір  сын 

сағатта қан төгіп, жан беріскен 200 мыңнан астам жауынгерлер  орден-медальдармен 

марапатталып,  72  әскери  қызметкер  Совет  Одағының  Батыры  атағын  алды                                                                                                                                             

       


                                                                                                                                     

8 бет.

Ардагерлердің 

алғысы...

Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік

кемел өнер кемерінен 

шалқыса...

 

„



Бүгінгі ұрпақтың ертеңге 

қалдырар туындылары тек 

кітап сөресінде ғана емес, 

көгілдір экран арқылы да кең 

таралып, насихатталуы тиіс.                                                                                                                                            

                                           



7  бет.

Өмірдегі сәтсіздік 

бақытсыздық емес

 

„



Қазақстан елі өз өмірлерін 

қиюдан әлем бойынша 

үшінші орында тұр. Өйткені, 

елімізде жылына 53 адам 

өз өмірін қияды екен.                                                                                                                                            

                                          



11  бет.

 

„



Облыс орталығында тұрып 

жатқан ҰОС ардагерлері 

тегін медициналық көмек 

алуға мүмкіндік алды.                                                                                                                                                                  

                                               

4  бет.

Отандық өнімді

қолдаймыз!

 

„



Мемлекет басшысы 

Үкіметтің кеңейтілген 

отырысында қазақстандық 

тауарларды тұтынуға 

шақырып, «Қазақстанда 

жасалған» акциясын бастауға 

кеңес берді. Бұл мақсатта 

тараздық өнім өндіруші 

кәсіпорындардың да өнімдері 

насихатталатын болады.                                                                                                                                           

                                       

2 бет.

Қазақтың Қайырбегі

 

„



Ақын Қайырбек Асанов 

-  70 жаста. Бүгінде 

кемеліне келген ақын 

үнемі ізденістер үстінде. 

Оның шығармашылық 

биік белесін соңғы 

жазған шығармаларынан 

айқын көруге болады.                                                                                                                                                               

                                      

9 бет.


ҚАлА ҚАрБАлАС

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №7 (1242),  18 ақпан 2015 Жыл 



отандық өнімді қолдаймыз!

Үміт БИТЕНОВА, ақын, Қазақстан Жазушылар 

Одағының мүшесі

Ғаламдық деңгейдегі оңды-солды өзгерістерді дер кезінде 

тап басып тани алар кемеңгерлігімен бәрімізді үнемі тәнті 

етіп келе жатқан Елбасымыз осы жағдаяттардың алдын 

алып, биылғы «нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» 

атты  Жолдауын  алдын  ала  жариялағанда  бұл  жаппай 

қатерден халқымызды «ақырын жүріп, анық баса» оты-

рып сақтануға психологиялық тұрғыдан дайындады. Енді 

міне, шетелдің бірқатарын шөміштен қысып, сыбағасынан 

қағып жатқан бұл дағдарыстың түбі, керісінше, дұрыс 

дамуға әкеліп түсіретінін болжаған нұрсұлтан Әбішұлы 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың 

жауапкершіліктің ауыр салмағынан жүрексінбей алға адым-

дай беретіндігіне елді барынша сендірді. «Хан сөзінде дуа бар ақылмен құлақ салғанға» 

(бұхар жырау). Көңіл пернесін дөп басардай әсерлілігімен, кезегенін орып түсердей 

өткірлігімен, қуаттылығымен құнды болған Елбасының бұл жолғы сөзі алдағы уақытта 

қарапайым халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік тұрмысына басты назар аударылатындығымен 

ерекшеленді.

«қазақстанда жасалған» акциясын бастап, мемлекеттің отандық тауар өндірушілерді 

қолдауы керектігін, ол үшін отандық кәсіпкерлерге жарнама жасалуы қажеттігіне, 

нарықтағы бәсекелестікті дамыту арқылы тауарлар сапасы арта түсетіндігіне көзіміз 

жетті. қалайда ысырапшылдықтан аулақ болу үшін бірнеше дәйекті дәлелдер келтірген 

президентіміздің жаңа идеялар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруды тоқтата тұрып, 

жүргізіліп жатқан істер мен басталған жобаларды тиянақты атқарып, жүйелі аяқтауды 

тапсырғаны көкейімізден шықты.

Еліміздің әлеуметтік саласына ешқандай зиян келтірілмей, экономикасына кері әсері 

тимейтіндей етіп, 700 миллиардты үнемдеп, бюджеттің кіріс бөлігін қайта қарауды тап-

сырып, «биліктің халықпен бірге екендігін, не қиындық болса да қарапайым халықтан 

жасырылмауы тиіс» екендігін сенімді, нық үнмен шегелей қадап  айтқан, алысқа шабатын 

арғымақ жүйріктей көреген көшбасшымыздың арқасында жарқын болашаққа жарық ала-

уын жағып жеткізер үміт құсы қазақстанымыздың киелі шаңырағының астында түлеп, 

бостан қазақ елінің кіршіксіз аспанында қалықтай беретіндігіне сенемін.

«Тағы  да  айтқым  келеді,  біздің 

қ а з а қ с т а н д ы қ   э к о н о м и к а д а 

айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық 

дағдарыс  –  сыртқы  фактор.  бірінші 

жағымсыз фактор – мұнайдың екі есе 

арзандауы: маусымда – жүзден жоғары 

(мұнай баррелінің бағасы – авт.), қазір 

–  50-ден  төмен.  негізгі  экспорттық 

тауарлар  –  металл,  тыңайтқыштар 

және  тағы  да  басқалардың  бағасы 

төмендеп  жатыр.  Екінші  маңызды 

фактор – экономикалық дағдарыс, ре-

сей рублінің құнсыздануы, ресейдегі 

рецессия.  Экономикалық  әріптестік 

және даму ұйымы елдерінде 43 милли-

он жұмыссыз адам бар, 850 миллион-

нан астам адам аштықта. Еуроаймақта 

жұмыссыздық  деңгейі  –  11,5  пайыз. 

Жалпы  әлемдік  жағдай,  ал  біз  сол 

әлемнің  бөлшегіміз  және  бұл  бізге 

әсер етпей қоймайды. міне, біз әсерін 

сезіп  отырмыз»,  –  деді  мемлекет 

басшысы.  Оның  айтуынша,  осы 

себепті  «нұрлы  жол»  бағдарламасы 

қабылданды. «Көп іс жағымсыз тен-

денцияларды жұмсарту үшін жасалды. 

«нұрлы  жол»  бағдарламасы  –  қиын 

жағдайдағы  өсудің  бастауы.  мен 

осы  жылы  қиындықтар  болатынын 

айтқанмын.  бүгін  кеңес  тәртібінде 

отырыс  өткіземіз,  ұсыныстары  бар 

әркімге  сөз  беремін,  Үкімет  бүгін 

не  қабылдауы  керектігін  айтсын», 

—  деді  назарбаев.  Сондай-ақ,  пре-

зидент  азаматтарды  патриот  болуға 

және қазақстандық тауарды тұтынуға 

шақырды.  Елбасы  «қазақстанда 

жасалған»  акциясын  бастауға  кеңес 

берді.

– «қазақстанда жасалған» деген ак-



цияны бастайық. барлық сауда орын-

дарында  қазақстандық  тауарлардың 

секциясы  болсын.  Облыс  әкімдері, 

осы  мәселені  назарда  ұстаңыздар! 

қазақстандықтарға қиын жағдайда па-

триот болып, қазақстандық тауарлар-

ды сатып алуға шақырайық. баламалы 

түрде  бұл  біздің  азаматтарымыздың 

экономикамызға  көрсеткен  көмегі 

болады,  –  деп  мәлімдеді  мемлекет 

басшысы Үкімет мүшелеріне.

Жауапкершіліктің салмағы бар

Қазақстандық үлес артады

 

„



ақордада мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаевтың 

төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. 

Жиын барысында «қазақстан экономикасында дағдарыс жоқ» 

деп мәлімдеді Елбасы. 



Мұхтар САЛЖАНОВ, ОІІД Көші-қон полициясы 

басқармасының бастығы, полиция полковнигі 

Елбасының нарықтық қоғамға енді еркін көз тастап, қаржылық 

саясаттың  технологиясын  енді  меңгеріп  келе  жатқан  жас 

мемлекетіміздің болашақта туындайтын жаңа мәселелерге де тез 

бейімделуі үшін Үкіметтің, Ұлттық банктің, әкімдердің жедел 

шаралар қолдану қажеттігіне баса назар аударуы көңіл қуантады. 

мемлекет  басшысы  өз  сөзінде  аумалы-төкпелі  дағдарыс 

кезеңінде жұртшылықтың алаң көңіліне демеу болған «нұрлы 

жол» бағдарламасын негізгі құрал ретінде алып, отандық өндірісті 

дамытуға бел шеше кірісуі, қарапайым халықтың шағын және орта 

бизнесін дамыту үшін жағдай жасауды талап етуі халық игілігін 

ойлағанының айқын дәлелі. 

Осы орайда «қазақстанда жасалған» акциясын бастауды ұсынуы және де еліміздегі облыс, 

аудандарында қолға алып, әкімдердің тікелей қадағалауына тапсыруы отандық өндірісте 

бәсекелестік тудырып,  ішкі экономикамыз дамып, дағдарысты ел болып еңсеріп өтетінімізге 

себепкер болатыны даусыз.

мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін және азық-түлік өнеркәсібін дамыту 

әлемдік экономикадағы жаңа жағдайларға байланысты қазіргі кездегі негізгі бағыт екенін 

айта келе:«Кәсіпкерлік сектор биыл қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі. бұл 

ретте мұнай бағасының құлдырауы мұнай өнімдері құнының төмендеуіне әкеп соқтыруда. бұл 

экономиканың көптеген саласына және халықтың сатып алу қабілетіне оң ықпалын тигізетін 

болады. Көлік шығыстарының құны, аӨК өнімдерінің өзіндік құны, тұтынушылар үшін 

жанар-жағармайдың реттеліп отыратын түрлерінің бағасы төмендеуі тиіс» – деуі ұтымды 

шешім болды деп ойлаймын. Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс жоба-

лар аясында Ұлттық қордан бөлінетін қаржының қатаң бақылауға алынып, холдингтер мен 

компаниялар қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әр деңгейдегі әкімдер дағдарысқа 

қарсы қолға алынған экономикалық саясаттың оң шешімін тауып, жүзеге асырылуына бірлесе 

қызмет ету керек деп есептеймін. Және әрбір мемлекет қызметкері ел игілігі үшін, халық 

қамы үшін қара басын ойламай, қауымның мәселесі жолында толғануы керек. бұл әрбір ел 

азаматының парызы деп есептеймін. Осы орайда облысымыздағы құқық қорғау органдары 

да өз үлесін қоса бермек. 

Дайындаған Ерман ӘБДИЕВ

 

„



бүгінгі жаһандық әлем мен экономикаға тәуелді қоғам 

қарама-қайшылыққа толы. алпауыт мемлекеттер елдерінің ақыл-

ойы алабұртулы. Жыл басталмай жатып-ақ, олардың дені тағы да 

тығырыққа тірелді.

 

„

Ел президенті нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың 



төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында 

айтылған экономикалық саясатқа қатысты нақты шаралар көптің 

көкейінде жүрген түйткілді мәселелер болды.


ҚАлА ҚАрБАлАС

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №7 (1242),  18 ақпан 2015 Жыл 



Бүгінгі келісім - 

ертең үшін

Инвестиция көлемі  

ұлғаюда

 

„



қай өңірдің, қай аймақтың даму географиясында, 

экономикасында инвестициялық жобалардың 

маңызы зор. Осындай ірі инвестициялық жобалар 

шеңберінде жаңа өндіріс орындары іске қосылып, 

көптеген әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. 

Қаржаубай БЕКБОЛАТОВ, Тараз қалалық мәслихатындағы «Нұр 

Отан» партиясы  депутаттық фракциясының төрағасы 

бұл үрдіс облыс орталығы Тараз қаласында да қалыптасып үлгерді. 

Әрине, облыс әкімінің қолдауымен көне шаһарға инвестиция көптеп 

тартылуда. мұның қатарында Тараз қаласында барлық саланың өркендеуі 

айқын көрініс табуда. атап айтқанда, 2014 жылы қала кәсіпорындары 

179 миллиард 797 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, өнім өндірудің 

физикалық индекс көлемі 108,5 пайызды құрады. Осы орайда, 2010-

2014 жылдары қр Үдемелі индустриялық - инновациялық дамуының 

2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 11 

жоба пайдалануға берілді. Олардың жалпы сомасы шамамен 35,5 млрд. 

теңгені құрап, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.  ағымдағы жылы 

бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 5,8 млрд. теңгені құрайтын, үш 

«іске асырылатын» жобалар жоспарланып, қосымша 150 жаңа жұмыс 

орындары ашылатын болады. бұл осындай дағдарысты еңсерер тұста 

қала тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ұсынудың қарқыны болмақ. 

Сонымен қатар Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын 

дамыту мақсатында, қала кәсіпкерлеріне өз бизнестерін өркендетуге 

мүмкіндік беретін қолайлы жағдай туғызу үшін, қаланың өнеркәсіп 

шоғырланған аймағынан (Химпром маңында) 43,5 га жерге Индустри-

алды аймақ құру жоспарлануда. аталған жобаның жүзеге асуына облыс 

әкімі Кәрім Көкірекбаев қолдау көрсетуде.

ағымдағы жылы аталып өтетін ірі шаралардың бірі – Ұлы Жеңістің 

70 жылдық мерекесі. бүгінде облыс орталығында небәрі 130 Ұлы Отан 

соғысының  ардагері  тұрады.  Олардың  қатары  күннен-күнге  сиреп 

келе жатқаны өкінішті. Дегенмен Жеңіс күнін жақындатқан жауынгер 

ағаларымыздың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талдау жасауды және 

қолдау көрсету жолдарын зерделеу жұмыстары бүгінен бастап қолға 

алынды. Оған облыстық деңгейде демеу бар.

2015 жылы – қазақ хандығының 550 жылдығы және ата заңымыз 

– қазақстан республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекелері 

облыс орталығында кең көлемде аталып өтілмек. Соның қатарында 

ұлттық тарихымызды ұлықтау мақсатындағы қазақ хандығының 550 

жылдығына арналған шаралардың басым бөлігі біздің облысымызда 

ұйымдастырылғалы отырғандығы көп міндетті жүктейтіні тағы анық. 

Қала әлеуеттеніп келеді

 

„



Жыл өткен сайын Жамбыл облысының өркендеп 

дамып келе жатқаны – талай толымды істерден 

көрініс табуда. Оның қатарында білдей облыс 

орталығы, көне шаһар Тараз қаласы да көркіне көрік 

қосып, ажарланып келеді. 

Қуаныш КӨШЕРБАЕВ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ 

«Менеджмент» кафедрасының доцеті, э.ғ.к.

Жалпы,  облыс  әкімінің  әр  жылдардағы  аймақ  тұрғындарының 

алдындағы  есептерінде  Тараз  қаласының  жолдарын  жөндеуге, 

әлеуметтік нысандардың көптеп бой көтеруіне жеткілікті деңгейде 

қаржы көздері қарастырып отырғандығы айтылады. Соңғы жылда-

ры шаһардың оңтүстік батысында «бәйтерек» мөлтек ауданы бой 

көтеріп, ондағы сәулеті келіскен заманауи ғимараттар тұрғызылды. 

қала берді осындағы облыстық және қалалық балалар ауруханасының 

да ғимараты көз қуантады. ал, алматы қаласынан көне қалаға кірер 

тұстағы жаңа қақпа мүлдем жаңаша сипат алған. 

амандық болса, билығы жылы қазақ хандығының 550 жылдығы 

Тараз төрінде аталып өтеді. қазір дайындық қызу. Сол елдік, тіпті 

халықаралық шараның жоғары деңгейде өтуіне облыстық, қалалық 

билік өкілдері де ынталы екені анық. қала тұрғындары бұл шараның 

көне шаһарда өтетіндігін жылы қабылдап, өздерінің де үлесін қоспақ. 

бұл  шараға  әр  мекеме  қызметкерлері  өзінше  атсалысады  деген 

үміттемін.  Өйткені,  биліктің  атқарған  жұмысына  қолдау  көрсету 

керек қой. бұл қашанда қалыптасқан дәстүрге айналған.

Өткен жылдары облыс орталығының магистральді көшелерінің 

бірі Жамбыл даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

бүгінде көлік саны артқан қалаға ыңғайлы болсын деген тілекпен 

магистарльді  көше  қиылыстарында  жол  айырықтары  салынды. 

мөлтек  аудандардағы  көшелер  де  жөнделіп  отыр.  Өйткені,  қала 

тұрғындарының көбі осы мөлтек аудандарда қоныстанған. Әрине, 

ендігі жерде осы облыс орталығы тұрғындарының жеке тұрғын үй 

құрылысын салу үшін, жер телімдерін бөлу мәселесі қарастырылса 

деген тілек бар. қала халқының саны артып келеді. ағымдағы жылы 

да атқарылар жұмыстардың легі шаш етектен. Сондықтан, алдағы 

жылдары қала мүлдем жаңаша сипат алады деген сенімдемін.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Елбасы  н.назарбаев  кезекті  Жолдауында 

әлемдік экономикалық дағдарыстың жағымсыз 

тұстарының халқымыздың әл-ауқатына әсерін 

тигізбеу үшін алдын ала шаралар қабылдауды 

тапсырған  болатын.  Сондықтан  бүгінгі  күні 

жергілікті атқарушы органдар бірқатар ауқымды 

шаралар өткізуде. Оның ішіндегі ең бастысы 

—  жұмыс  берушілер,  кәсіподақ  өкілдері 

мен  қалалық  әкімдік  арасындағы  өндірістік 

жүйені  реттеу  мақсатында  өзара  түсіністік 

меморандумына қол қою. бұл меморандумның 

басты мақсаты — өндіріс орындарында жұмыс 

қарқынын  төмендетпеу,  өндірістің  қажетті 

көлемін сақтау, қала халқының мұқтажын есепке 

алу  мен  әлеуметтік  қақтығыстардың  алдын 

алу, соңыра отбасы бірлігі мен бейбітшілікті 

сақтау  негізінде  жүзеге  асырылған  болатын. 

бүгінгі таңда қалада 2973 кәсіпорындар бар. 

Оның  54-і  ірі,  85-і  орта  және  2834-і  шағын 

кәсіпкерлік нысандар. Осы орайда қала әкімі 

нұржан  Календеров  нақты  уақытта  жұмыс 

жасап  тұрған  11  кәсіпорын  және  шаруа 

қожалық басшыларымен бас қосып, аталмыш 

меморандумға қол қойды.                                                                                                                              

-      Еңбек  кодексіне  сәйкес  әлеуметтік 

әріптестікті  ұйымдастыруды  қамтамасыз 

ету  өңірлік  деңгейде  жергілікті  атқарушы 

органдарға  жүктелген.  Осы  орайда,  қр 

премьер-министрінің  орынбасары  бердібек 

Сапарбаевтың    әлеуметтік  әріптестік  пен 

әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бой-

ынша республикалық үш жақты комиссияның 

отырысында берген хаттамалық тапсырмасы-

на  сәйкес  өндірістік  үрдісті,  еңбек  құқығын 

қамтамасыз ету мен жұмысшыларды жұмысқа 

ораластыруды тұрақтандыру мәселелері тура-

лы әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар 

арасында меморандумға қол қою жұмыстары 

жүргізілуде. бүгінгі таңда облыс әкімдігі мен 

өңірдегі ірі кәсіпорындар арасында 20 мыңнан 

астам  жұмысшыларды  еңбекпен  қамтамасыз 

етіп  отырған  –  «қазфосфат»  ЖШС,  «Тараз 

металлург зауыты» ЖШС, «Жамбылгипс» ақ, 

«запчасть» ақ, «ЖзмК Имсталькон» ЖШС, 

«ТаразКожОбувь» ЖШС, «қазақтелеком» ақ, 

«Talas Investment Company» ЖШС-мен атал-

мыш  меморандумға  қол  қойылды.  аталған 

үрдіс аясында қалалық әкімдікпен ағымдағы 

жылдың 2 ақпаны мен 1 наурызы аралығында 

«меморандумға қол қою айлығы» өтеді,- деді 

жиында  қала  әкімі.  «қазіргі  таңда  әлемдік 

дағдарысқа қарсы мемлекет тарапынан жаса-

лып жатқан әрекеттерді толығымен құптаймыз. 

меморандумға қол қойдық. менің кәсіпорнымда 

ешқандай қысқартулар болмайды. Жыл басынан 

бері жаңа қоғамдық көліктер алып, халықтың 

игілігіне  жұмыс  жасап  жатырмыз.  алдағы 

уақытта тағы жаңа жұмыс орындарын ашып, 

жұмысшылардың санын бұдан да арттырамыз» 

дейді  бүгінгі  таңда  570  азаматты  жұмыспен 

қамтып отырған «ӘулиеатаТранспасс» ЖШС 

директоры айдын алтай. атап айтқанда, бұл 

жиында  «Тараз-Су»  мКК,  жылына  15  мың 

дана жарық диодты шамдар шығарып отырған 

«Энерджи-Тараз» ЖШС, жылына 532 келі өнім 

өндіріп  отырған  «полиэтилен  агро»  ЖШС, 

қарамағында 600-ге жуық жұмысшысы бар «Жа-

сыл Ел-Тараз» ЖШС, «бином» ЖШС, 1976 жыл-

дан бері жұмыс жасап келе жатқан «Тараз-Транс-

сигнал» ЖШС, «ӘулиеатаТранспасс» ЖШС, ет-

сүт өнімдерін өңдеу мен сақтауды қамтамасыз 

етумен  айналысатын  «Галеника»ЖШС  мен 

«ЖК  Жанарбаева  Сәуле»  шағын  кәсіпорны, 

жиһаз шығарумен шұғылданатын «ЖпК айша» 

ЖШС, көкөніс өнімдерін өсірумен айналысатын 

«Ешенқұлов Ильяс» Шқ басшылары үш жақты 

меморандумға салтанатты түрде қол қойды. ал 

жалпы қала бойынша айлық басталғалы төрт 

мыңнан астам жұмысшысы бар 20 кәсіпорынмен 

құжатқа қол қойылған болатын.

 

„



қалалық әкімдікте өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын-жай 

коммуналдық, орта және шағын бизнес басшылары үш 

жақты меморандумға қол қойды.


әлеуМет

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №7 (1242),  18 ақпан  2015 Жыл 



толағай таБысты жыл

 

„



Ағымдағы жылы елімізде аталып өтетін тарихи даталар мен меркелік шаралар 

тараз қаласында да ауқымды аталып өтпек. елдік шаралардың қатарында 

Қазақ хандығының 550 жылдығы көне шаһарда өтуі жергілікті билекке де, қала 

тұрғындарына да аса үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Мәселе мен мақсат - тұрғындардың назарында.     Суреттерді түсірген Владимир Алсуфьев.

Ерман ӘБДИЕВ

қала  әкімінің  қорытынды  есебі 

қалалық  мәдениет  үйінде  өтіп,  оған 

облыс  әкімінің  бірінші  орынбасары 

бекболат  Орынбеков  қатысып  отыр-

ды.  Жиналған  көпшіліктің  алдында 

есепті  баяндамасын  жасаған  нұржан                                                                                            

К а л е н д е р о в   2 0 1 4   ж ы л ы   қ а л а 

кәсіпорындары 179 миллиард 797 мил-

лион теңгенің өнімдерін өндіріп, өнім 

өндірудің  физикалық  индекс  көлемі 

108,5 пайызды құрағанын алдыға тартып, 

білдей облыс орталығында атқарылған 

жұмыстарды баяндады.

-  атқарылған жұмыстардың қатарында 

облыс  әкімі  Кәрім  Көкрекбаевтың 

тікелей  тапсырмасына  орай  бағаны 

тұрақтындыру,  халық  тұтынатын 

негізгі  азық-түлік  тауарларының 

қолжетімділігін қамтамасыз ету бойын-

ша тиісті жұмыстар өз жалғасын табады.

Тараз қаласында туристік кластерді да-

мыту біз үшін өте маңызды. Өздеріңізге 

белгілі,  бұрынғы  базар  орнында  та-

рихи  маңызы  бар  республикалық 

дәрежедегі «Ежелгі Тараз» қалашығында 

археологиялық  қазба  жұмыстары 

жылдан-жылға  өз  жалғасын  тауып, 

біршама  нәтижелерге  қол  жеткізілді. 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына отандық 

және  шетелдік  археолог  ғалымдар 

қатысып,  қаланың  толық  тарихы, 

оның  пайда  болуы  мен  дамуы  жай-

лы  мәліметтер  жинақталуда.  қазба 

жұмыстары барысында құнды жәдігерлер 

табылған соң, бүгінде тұрғындар тара-

пынан оның маңыздылығына оң пікір 

қалыптасып отыр. қазба орындарының 

жанынан қоғамдық-мәдени орталықтар 

мен қонақ үйлер соғылып, тарихи және 

туристік орталыққа айналатын болады. 

бүгінгі  таңда  базар  орнында  «Тараз 

мОлл» ірі сауда кешенінің құрылысы 

жүргізілуде.  алдағы  уақытта  «Көне                                                                                       

Тараз» жобасы жүзеге асырылмақ.  Жоба 

аясында  көне  мәдени  жәдігерлермен 

қатар заманауи мұражай, сауда, ойын-

сауық, мәдени және туристік нысандар 

инфрақұрылымы  жасалады.  «Көне 

Тараз»  тарихи-мәдени  ауданын  құру 

арқылы  өңірде  туристік  нысандарды 

дамытудың кешенді іс-шараларын іске 

асыру жоспарлануда. Өркениет көшіне 

ілескен көрікті де, еңселі шаһар болу 

үшін алда талай істер атқарылуы керек. 

бүгінге дейін істелген жұмыстар осы 

жоспарлардың бір белесі ғана. 

Өздеріңізге  белгілі,  2015  жыл 

саяси-маңызды  мерекелерге  толы 

болып  отыр.  Олардың  маңыздысы 

қазақ  хандығының  550  жылдығы, 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, қазақстан                                                

республикасы Конституциясының және 

қазақстан  халқы  ассамблеясының 

20  жылдығы.  қазақ  хандығының  550 

жылдығына  арналған  іс-шаралар                                                                                     

Жамбыл облысында өткізілуі жоспар-

лануда.  бүгінгі  күні  аталған  тари-

хи  маңызды  мерекелерге  дайындық 

жұмыстары  басталып  кетті.  Соның 

арқасында қаламыздың сәулеттік келбеті 

ерекше  өзгермекші,  -  деді  нұржан 

Сәбитұлы.  бұдан  кейін  жарыссөзге 

шыққандар  қатарында  қала  әкімдігі 

жанындағы  ардагерлер  кеңесінің 

мүшесі Кәрішал Дәрембеков, қазақстан 

Коммунистік  партиясы  Жамбыл 

филиалының  жетекшісі  Жанна  ма-

машева,  асқаров  көшесінің  тұрғыны 

людмила  манокова  әкім  есебіне 

қанағаттанарлық  баға  беріп,  бүгінгі 

күні облыс орталығында газ құбырларын 

ауыстырып жатқан «қазТрансГазаймақ» 

ЖӨФ  жұмысына  қадаға  болса  деген 

тілек  айтты.  ал  зейнеткер  людмила 

Чекалина облыс орталығындағы жасыл 

желектің жайын алаңдаушылық таны-

тып, «Талас» мөлтек ауданындағы жасыл 

желекті  аумақта  тұрғызылып  жатқан 

жанар жағар май станциясы мен «Жеңіс» 

саябағы  маңында  құрылысы  жүріп 

жатқан көп қабатты үйдің маңындағы 

тал-тарақтардың  тағдырына  назар 

аударсаңыздар  деген  тілек  айтты.  ал 

«Сахзовод» ауылының тұрғыны маржан 

Ертаева  600  үй  қоныстанған  аумаққа 

жалғыз  №46  бағыттағы  қоғамдық 

көліктің  аздық  ететіндігін  жеткізді. 

«родничок»  саяжайының  тұрғыны                                 

бекболат  Сейдахметов  жалпы  қала 

аумағына  қосылған  саяжайлардағы 

жарық, газ, ауызсу мәселелері шешілсе 

деген тілегін айтты. құмшағал ауылының 

тұрғыны,  зейнеткер  лес  Жұмағұлов 

осындағы үш ауысымдағы №19 негізгі 

мектептің  облыстағы  жалғыз  мек-

теп  екендігін  айта  келе,  жастардың 

спорт алаңшалары, ауылға қатынайтын 

қоғамдық көліктің бағыттары өзгертілсе 

деген  көпшіліктің  тілегін  жеткізді. 

Сондай-ақ,  зейнеткер  Валентина                                                                                                          

Соколова темір жол вокзалы аумағындағы 

Үш  бұлақ  каналының  санитарлық 

жағдайына алаңлаушылығын білдірді. 

ал облыстық «знамя труда» газетінің 

тілшісі Дархан байтуов: «Сіз жоғарыда 

айтып  өткен  «Тараз  мОлл»  сауда 

үйінің  құрылысы  қашан  аяқталады? 

бұған  дейін  облыс  орталығында  бес 

жұлдызды  қонақ  үй  салынады  деген 

әңгіме болған еді, бұл қаншалықты анық 

және қазақ хандығының 550 жылдығы 

қай уақытта аталып өтеді?» деген са-

уал  тастады.  Жарыссөзге  шыққандар 

ішінде №7 орта мектептің ұстазы, ауған 

соғысының ардагері қайрат малдыбаев, 

Тараз қалалық мәслихатының депутаты 

қуаныш болысбаевтар әкім жұмысына 

жоғары баға берді. Өз өтініштері мен 

талаптарын жеткізген көпшілікке жа-

уап  берген  қала  әкімі:  «рас,  бүгінде 

қалада  газ  құбырлары  ауыстырылып 

жатыр. Сондықтан, біз мердігер компа-

ниялармен жұмыс жүргізіп, қазылған 

көшелерді сапалы жөндетуге кепіл бо-

ламыз. Кезінде қаланың бас жоспарына 

сәйкес қала аумағына 32 саяжай енді. 

бүгінде бұл саяжайлардағы әлеуметтік 

мәселелер  кезек-кезегімен  шешіліп 

келеді.  ал  құмшағал  ауылында  140 

орындық  жаңа  мектептің  құрылысын 

жүргізу  жоспарда  бар.  Сметалық 

құжаттары да дайындалып отыр. Әрине, 

қала  аумағындағы  барлық  округтер-

де  есеп  бергенде  алдымен  қоғамдық 

көліктердегі келеңсіздіктер қозғалды. 

Сондықтан,  алдағы  уақытта  арнайы 

комиссия  жасақталып,  бұл  мәселе 

толық зерделенетін болады. бұрынғы 

орталық  базар  аумағында  құрылысы 

жүріп жатқан «Тараз мОлл» сауда-ойын 

сауық  орталығы  жеке  кәсіпкерлердің 

қаржысына салынуда. құны – 12 мил-

лиард  теңге.  Олар  жұмысын  алдағы 

қараша  айында  аяқтамақ.  алайда, 

қазақ  хандығының  550  жылдығы 

қыркүйек айының 17-18 күндері өтетін 

болғандықтан,  жоғарыдағы  мердігер 

компания құрылыс жұмыстарын ертерек 

бітіруге  уәде  беріп  отыр.  Сондай-ақ, 

бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысын 

жүргізуге  инвесторлар  дайын  болса, 

біз де дайынбыз» - деді.  ал жиынды 

қорытындылаған облыс әкімінің бірінші 

орынбасары  бекболат  Орынбеков 

алдағы күндері қала әкімдігі тарапынан 

атқарылар шаралардың ауқымдығына 

тоқталып,  шешімін  күткен  бірнеше 

мәселелерді  ортаға  салды.  Олардың 

қатарында Тараз қаласында көп қабатты 

тұрғын үйлердің қатарын кеңейту, жаңа 

14 шағын ауданның құрылысын бастау 

үшін  құжаттар  тізімін  даярлау,  жер 

телімін алуға ынта танытқан азаматтарға 

жер телімдерін қарастыру мәселелері 

тұрды.  Осы  мақсатта  тұрғындарға 

түсіндіру шараларын ауқымды жүргізу 

керектігі де айтылды.

 

„

Жуырда «Жеңіске тағзым» атты патриоттық айлық шеңберінде 



соғыс ардагерлеріне медициналық тексеруді ұйымдастыру, 

медициналық және әлеуметтік көмек көрсету үшін, «Қамқорлық 

және денсаулық» автокеруені облыстағы елді-мекендерге аттанған 

болатын. Сол шара аясында қаладағы бірқатар соғыс ардагерлеріне 

итегін медициналық көмектер көрсетілді. 

Ардагерлердің алғысын алды




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал