8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет1/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №19 (1307)  11 мамыр 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Сұрапыл соғыс жылдары қазақстандық ақ халаттылардың еңбегі еліміздің денсаулық 

сақтау саласының қалыптасуы әрі дамуының алғы шарттары болды. Мейірбикелер 

майдан даласында жанын пида етіп, қаншама жауынгерлерді аман алып қалды. Ұлы 

Отан соғысына 200 мың дәрігер, 1,5 млн. орта буын медицина қызметкерлері қатысқан 

екен. Ал бүгінгі күннің өзінде медициналық көмектің 80 пайызын медбикелер көрсетеді.                                                     

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні. Бұл мереке - нәтижелі еңбек пен отбасы 

бақытын тілеген және барлық ғұмырын өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне 

қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Өйткені жаның ауырып жылу 

іздегенде, мейірімін төгетін медбикелердің алақандары аялы.      

 8-9-бет.

МерекеңМен, 

Мейірлі Медбике!

Әлем рекордын 

жаңартты

 

„



Жұмыр жердің  52 

мемлекетінен қатысқан 

453 жүзушінің арасында 

жерлесіміз жеңімпаз атанып, 

алтыннан алқа тақты.    

 

15-бет.

Бармағынан бал 

тамғандар бәйгесі

 

„

Тараз шаһарында 



ұмытыла бастаған ұлттық 

тағамдарды әзірлеуден 

республикалық байқау 

өтеді.   

 

12-бет.

Елбасының 

өнегелі жолы

 

„



Облыс орталығында 

Отанымыздың тағдыры 

мен Ұлт көшбасшысының 

ұлағатты өмірінен сыр 

шертетін кинотуындының 

тұсауы кесілді.  

 

5-бет.

Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. 

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға 

бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек! 

Ахмет Байтұрсынұлы


қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр   2016 Жыл  //



Отан қОрғаушылар 

ардақталды

 

„

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «баласағұн» 



орталық концерт залында салтанатты жиын өтті. Оған 

облыс әкімі кәрім көкірекбаев қатысып, көпшілікті 

құттықтады.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

- 24 жыл бұрын Қазақстан Республика-

сының Президенті тәуелсіз мемлекетіміздің 

Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол 

қойған болатын. Өткен уақыт ішінде Ұлттық 

әскеріміз әлемнің алдыңғы қатарлы арми-

яларымен қатар дәрежеге жетті. Еліміздің, 

 

„

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай «нұр Отан» партиясы да 



ардагерлердің алғысына бөленді.  Облыстық мәслихат депутаты арман 

еділбаев мерекеге орай қаладағы тоқсаннан асқан майдангерлерге сый-

сияпат жасап, ізет білдірді. 

 

„

«Мәңгі есте!» атты жастар акциясы 



аясында облыс әкімдігінің жастар саясаты 

мәселелері басқармасы Жастар ресурстық 

орталығының қызметкерлері ҰОС ардагері 

александр карповтың үйінде болып қайтты.  

батырлардың батасы

Өмірі жастарға үлгі 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Жыл  сайын  Ұлы  Жеңіс  күніне  орай,  өңіріміздегі  атпал 

азаматтар ардагерлердің хал-жағдайын біліп, мерекелерімен 

құттықтап, бүгінгі бейбіт өмірдің әр сәті үшін алғыс айтуды 

әдетке айналдырған. Облыстық мәслихат депутаты Арман 

Захарыпұлы да жыл сайын ардагерлердің амандығын сұрап, 

мерекелік сый жасауды азаматтық парызы санап, игі дәстүрге 

айналдырған.  Тіпті  ардагерлердің  өздері  де  оны  жақсы 

танып алған. Жыл сайын ордендерін өр кеуделеріне тағып, 

күтетіндігіне тағы да куә болдық. Биыл ардагерлерге  «Інжу» 

мектеп-балабақшасының директоры Гүлмира Қуатбек Арман 

Захарыпұлының  сәлемін жеткізді. Ең бірінші болып май-

дангер Валентин Федотовтың шаңырағына ат басын бұрып, 

қарияның амандығын сұрасқан азаматтар облыстық мәслихат 

депутатының сәлемдемесін беріп, ұзақ ғұмыр тілеп, келесі 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әуелі ардагердің төсіне 

«Жеңіс» лентасын тағып, үйінің маңдайшасындағы «Бұл үйде ҰОС ардагері 

тұрады» деген тақтаны жаңартты.  Ардагерді Жеңістің 71 жылдығымен 

құттықтап, қан қысымын өлшейтін аппаратты тарту етті. Өз кезегінде Александр                                   

Карпов жастарға алғысын жаудырып, аталық ақ батасын берді. Сонымен қатар 

ол өмірбаяны туралы сыр шертіп, өзінің соғыс жылдарындағы қанға сіңген 

естеліктерімен бөлісті. 

 Александр Карпов 1924 жылдың 22 қаңтарында Алтай өлкесінде дүниеге 

келген. Небары 18 жасында, яғни 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 

Барнауыл қаласында фашистік Германияға қарсы соғысқан. Соғыс жылдары ол 

Сталинградты жаудан азат етуге қатысқан. Соғыс аяқталғаннан кейін 1949 жылға 

дейін елге қайтпай, монета шығаратын зауытты және Фин жеріндегі атом стан-

циясын күзеткен. Ал елге оралғаннан кейін ІІХК (НКВД) сапында қызмет еткен. 

1957 жылы Алтай өлкесінен Қазақстанға қоныс аударыпты. Осы жерге келгелі 

бері қаламыздағы №3 автопаркте зейнет жасына дейін жүргізуші болып қызмет 

еткен. Бүгінде 1 қызынан 2 немере, 2 шөбере сүйіп отырған ардақты ардагер. 

- Қазіргі таңда әкемнің денсаулығы жақсы. Әлі күнге дейін көзілдіріксіз кітап 

оқып, жазуын қиналмай жаза береді. Мен әкемнің өмірін жастарға үлгі етемін. 

Өйткені, жастайынан басынан қанша қиындықты өткерсе де, бір тал темекі 

шекпей, ішімдікті татып көрмеген адам. Сондықтан да ол жасы 92-ге келсе де, 

өзін жайлы сезінеді. Анам қайтыс болғанға дейін өздері бөлек тұрған, қазір 

өзімнің қолымда тұрады. Мені ешкімнен кем қылмай өсіріп, жетілдіргені үшін 

оған қарыздармын,-дейді ардагердің қызы Любовь Александровна.   

   

 

„

Облыс басшысы кәрім 



көкірекбаев бастаған өңірдің 

атқамінер азаматтары мен 

қала тұрғындары  ҰОС 

жылдарында қаза тапқан 

жауынгерлердің рухына 

тағзым етіп, көзі тірі 

ардагерлерге құрмет көрсетті.

Үлгілі ерлікке 

үлкен құрмет

Айсана НҰРБАП

Іс-шара дәстүр бойынша Мәңгілік алау 

алдында басталды. Мерекеге Ұлы Отан соғысы 

ардагерлерімен бірге тыл еңбеккерлері және 

жүздеген  тұрғын  атсалысты.  Облыс  әкімі 

Кәрім  Көкірекбаев  және  басқармалар  мен 

бөлімдердің басшылары «Мәңгілік алау» Даңқ 

мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне 

қатысты. Облыс басшысы жиналғандарды Ұлы 

Жеңістің 71 жылдығымен құттықтап, Отан 

қорғау жолында мерт болған жауынгерлер бір 

минут үнсіздікпен еске алынды. Бұдан әрі май-

дан даласында мерт болған батырларымыздың 

және Жеңіс мерекесіне орай салтанатты түрде 

аспанға оқ атылды. Бір мезгілде Абай даңғылы 

мен Сүлейменов көшесінің қиылысындағы  

«Даңқ»  мемориалына,  Б.Момышұлы, 

А.Суханбаев, Ы.Сүлейменов ескерткіштеріне 

гүл  шоқтары  қойылып,  батырларымызға 

құрмет көрсетілді.  Жеңіс күніне арналған іс-

шаралар легі мұнымен толастаған жоқ. Сапта 

жүріп ән айту, өлмес полк шеруі, ардагерлерге 

арналған  солдат  ботқасы,  өнерпаздардың 

концерттік бағдарламасы – мұның бәрі ел 

тыныштығы,  ұрпақ  қамы  үшін  от  кешкен 

қарияларға арналды. 

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына 

100 мың адам аттанған. Батырларымыз Мәскеу, 

Ленинград  және  Сталинград  маңындағы 

шайқастарға қатысып, өрлік пен ерліктің озық 

үлгісін көрсетті.

жеріміздің  қорғаны,  тыныштығымыздың 

сақшысы, мемлекет қауіпсіздігінің кепіліне 

айналды. Біз елдік пен егемендіктің кепілі 

болып отырған Қазақстан Қарулы Күштерін 

мақтан  тұтамыз.  Қарулы  Күштеріміздің 

абыройын  асқақтатар  сарбаздарға  қандай 

құрмет көрсетсек те жарасады, – деді Кәрім 

Нәсбекұлы.

Облыс  әкімі  әскери  қызметшілердің 

өңіріміздің экономикалық дамуына қосып 

отырған үлесі мол екенін атап өтіп, бірқатар 

азаматтарды  Құрмет  грамотасымен  мара-

паттады.


Ж и ы н д а   « О ң т ү с т і к »   ө ң і р л і к 

қолбасшылығының  қолбасшысы,  гене-

рал-майор  Талғат  Қойбақов  ел  әскерінің 

өсу,  өркендеу  тарихына  тоқталып,  әскери 

қызметкерлердің түрлі оқу-жаттығу жиын-

дарда қол жеткізген жетістіктерін сөз етті.

Өңірлік  әскерилердің  қолбасшысы  ай-

тып  өткендей,  Қарулы  Күштер  арасында 

өткен жарыстарда көзге түскендер, сондай-

ақ  адал  еңбегімен  өзгелерге  үлгі  болып 

жүргендер баршылық екен.

 Салтанатты жиында еңбегімен еленген 

әскери қызметшілерге ІІ дәрежелі «Мінсіз 

қызметі  үшін»  медальдері  тапсырылды. 

Ал  аға  лейтенант  Нұрхан  Сағымбаев  осы 

мерекелік шарада капитан шенін алды.

-  Бауыржан  Момышұлы  атамыздың 

туып-өскен  өңірінде  91678-ші  әскери 

бөлімінде  командир лауазымын атқарамын. 

Отан  қорғаушылар  күніне  орай  маған 

Қорғаныс  министрлігінің  №068  бұйрығы 

бойынша  кезектен  тыс  әскери  шені 

берілді.  Өте  қуаныштымын.  Маған  сеніп 

тапсырылған  міндеттерді  ақтаймын  деп 

нық  сеніммен  айта  аламын.  Өзімнің 

әріптестеріме тілейтінім, тек тынбай еңбек 

етіңдер, Отанымызды қорғайық. Сондай-ақ, 

ардагерлерімізді 9-шы мамыр мерекесімен 

құттықтаймын,-  деді  өз  сөзінде  Нұрхан 

Сағымбаев.

Жиын соңы мерекелік концертке ұласты. 

«Оңтүстік»  өңірлік  қолбасшылығының 

көркемөнерпаздары  ардагерлерге  арнап 

ұйымдастырған    концерттік  бағдарламада 

патриоттық әндер шарықтады. 

жылы да қуанышпен жолығатындарына тілеулестік 

білдірді. Ал А. Еділбаевтың өзі ардагермен телефон 

арқылы байланысып,  жасаған ерлігі үшін алғысын 

жеткізді. Майдан даласында сапер болып, бірнеше рет 

ауыр жарақат алған, жаудың көзі жойылып, соғыстың 

соңына дейін майдандасқан  ардагерді бүгін немере, 

шөберелері де аса зор мақтанышпен құрметтейді.  

Бұдан  кейін  Г.  Қуатбек  бастауыш  партия  ұйымы 

төрағасының сәлемін ардагер Тілебек Райымжановқа 

да жеткізді. 

- Бала-шағамыз соғысты көрмесін. Бақытты күндері 

баянды болғай. Еліміз әрқашанда ұрпағының, бейбіт 

ғұмырдың рахатын көрсін. Ел өмірін күйреткен соғыс 

атауы ешқашан болмасын. Қандай қиын заман бола 

тұра,  өз  балаларымның  барлығын  оқыттым.  Елі 

үшін қорған болуға, аянбай еңбек етуге баулыдым. 

Қазір барлығы әр салада абыройлы қызмет атқарып 

жүр,-деп талай фашистің тосқауылын бұзған тан-

кист Тілебек ақсақал мерекесімен құттықтап келген 

азаматтарға алғыс айтты.

Ал А.Еділбаевтың жыл сайын құттықтап тұратын 

үш ардагерінің бірі Юнус Раенкулов нақты уақытта 

ауруханада  ем  қабылдап  жатыр  екен.  Құттықтау 

керуені  ардагерді  ауруханаға  барып  құттықтап, 

көңілін сергітіп тастады. 

Дәл осы күні  қаладағы ардагерлерді тізім бойынша 

да әртүрлі деңгейдегі мекемелер құттықтап шықты.  

Бұл игі іске  өңіріміздегі «Kaz Micro Finance» ЖШС-і 

де  белсенділік  танытып,  96  жасқа  келген  ардагер 

Әшірбек Сәрсенбаевты құттықтап, лайықты құрмет 

білдірді.

- Біздің ұйымда облыс бойынша 145 адам жұмыс 

жасайды.  Облыс  орталығынан  бөлек  он  ауданда 

филиалдарымыз бар. Және жыл сайын ардагерлерді 

құттықтау шараларына белсене араласып тұрамыз. 

Биыл  облыс  бойынша  11  ардагерді  құттықтадық. 

Ардагерлерге  азық-түліктен  бөлек  күнделікті 

әжетіне жарайтын әртүрлі тұрмыстық техникаларды 

сыйладық,- дейді «Kaz Micro Finance» ЖШС микро 

қаржылық ұйымы басшысының орынбасары Гүлмира 

Садыкова.

Ерлердің еңбегі еленді.  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек

Ерлікке құрмет.  

 

алғысымыз шексіз.  



 

 

„

қала әкімі нұржан календеров пен қалалық ішкі саясат  бөлімінің 



басшысы кенжебек Олжабай Ұлы Отан соғысының ардагері нигмат 

ахметовтің үйінде болып,  Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. 

 

„

9 мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдығы 



қарсаңында «қтЖ» Ұк» ақ-ы филиалы-

Жамбыл жол бөлімшесінің директоры дәулетбай 

есімбеков бір топ Ұлы Отан соғысы ардагерлері

майдангер теміржолшыларды  Жеңіс күнімен 

құттықтап, отбасыларында болды.

тоқсан төртке келсе де тың

алғыс алған күн

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Соғыстан кейін ұзақ жылдар бой-

ына облыстағы байланыс саласында 

қызмет  еткен  Нигмат  ақсақалдың 

денсаулығы жақсы екен. Жасы 94-ке 

келсе де, құттықтап келген әкімді 

есік алдынан өзі күтіп алды. Қимылы 

да  ширақ  ардагердің  көңіл-күйі 

көтеріңкі. Ол өз сөзінде мені ешкім 

94-ке  келді  деп  ойламайды  дейді. 

Мұның себебін ақсақал жас кезінде 

малды ауылда болып, қымызды көп 

ішкенімен түсіндіреді.

- Қазір Аллаға шүкір, денсаулығым 

жақсы. Былтырға дейін газет-журнал-

ды көзілдірікпен оқи беретінмін. Биыл 

жасаурайтын болып алды. Емін-еркін 

жүріп-тұрамын. Бүгінде баламның 

қолында  тұрып  жатырмын.  Балам 

биыл 73-ке келді. Керісінше, оның 

денсаулығы шамалы сыр беріп жүр,-

дейді Нигмат ақсақал қалжыңдап. Ол 

сондай-ақ қазіргі тұрмыс-жағдайдың 

жақсы екендігіне шүкіршілік етіп, 

жастарда тәртіп жоқтығына налыды. 

Оның  себебін  күнделікті  ақпарат 

құралдарынан  еститін  жағымсыз 

жаңалықтардың  көбейіп  кетуімен 

түсіндіреді.  Сондықтан  оларды 

тәрбиелеуді  басты  орынға  қоюды 

алға тартып отыр. Ардагер әкіммен 

еркін әңгіме өрбітіп, өзінің өмірбаяны 

туралы да сыр шертті. 

Нигмат  Ахметов  1922  жылдың 

17  қаңтарында  бұрынғы  Жамбыл, 

қазіргі  Тараз  қаласында  дүниеге 

келіпті.  Соғыс  басталғанға  дейін 

Арсен БАЙЗАҚ

Бүгінгі күнге Жамбыл жол бөлімшесінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 

және оған теңестірілген (НКПС) 6 ардагер бар. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы 

қарсаңында  жол бөлімшесі басшылары олардың барлығының үйлерінде 

болып, мерекелік сый-сияпат жасады.

Жамбыл жол бөлімшесі директоры Д.Есімбеков және жол бөлімшесі 

бойынша Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Кулебаев 

жас теміржолшылармен бірге соғыс ардагерлері М. Хайруллин мен 

Ф.Финютинаның үйлерінде болып, гүл шоқтарын, құттықтау хаты мен 

мерекелік дастарханға арналған себет толы сый-сияпаттарын тапсырды. 

Ардагерлермен бірге естеліктер айтылып, соғыс әндерін шырқады. 

-  Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары темір жолда қажырлы 

еңбектеріңізбен бүкіл теміржолшылардың құрметіне бөлендіңіздер, 

кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Теміржолшылар мұны мәңгі жадын-

да сақтайды, әрдайым соғыс ардагерлерін сыйлап, оларға қамқорлық 

көрсетеді. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты 

өмір, сіздерге және жақындарыңызға барлық жақсылықты тілеймін, - деді  

Дәулетбай  Дасырұлы. Ал ардагерлер өз кезегінде Елбасына, мемлекет 

тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын 

білдіріп, рахметтерін айтты. Баталарын берді. 

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр  2016 Жыл  //

қала-қарбалас

3

ленинградтық қаһарМан

 

„

Жамбыл облысының әкімі кәрім көкірекбаев пен тараз қаласының әкімі нұржан календеров Ұлы 



Жеңістің 71 жылдығына орай ҰОС ардагері қыбырай рыспанбетовтің шаңырағына бас сұғып, қарт 

майдангермен пікірлесіп қайтты. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аймақ басшысы ардагерді Ұлы Жеңістің 

71 жылдығымен құттықтап теледидар мен 

сыйлықтар салынған себет табыс етті. Ар-

дагермен емен-жарқын сұхбаттасқан Кәрім 

Нәсбекұлы соғыс ардагерлерінің күн санап 

азайып бара жатқанын айтып, қарияға зор 

денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Қоғамға өрелі 

істерімен,  өнегелі  ұрпағымен  үлкен  үлес 

қосқан Қыбырай ақсақалға ақжарма тілегін 

арнады. 

-  Майданда  талай  тауқыметті  бастан 

кешірдік. Ең құрығаны, ішерге су таппай, 3 

күн бойына шөліркеп жүрдік. Әйтеуір дегенде 

лай суға кезіктік. Соны ішіп, жанымыз аман 

қалды,- деп еске алды Қыбырай ата. «Бір ата-

дан үш ағайынды едік. Үшеуіміз де соғысқа 

баратын болдық. Сонымен «қай-қайсымыз 

да аман-есен келетін болсақ, қалғанымыздың 

бала-шағамызды өсіріп, жетілдіреміз» деп 

уағдаласқанбыз.  Сөйтіп,  мен  ғана  аман 

оралдым. Бауырымның аманатын орындап, 

артында қалған жалғыз қызын бағып-қақтым. 

Оның өзі бүгінде 80-ге таяп қалды. Өзім туып 

өскен  ауылдан  бірталай  жігіттер  соғысқа 

барып,  біршамасы  аман-есен  оралып  еді. 

Бүгінде солардан жалғыз өзім ғана қалыппын. 

Кейінгі  ұрпаққа  айтарым,  біздің  көрген 

күнімізді көрмесін, бірақ оларға менің жа-

сымды берсін» - дейді 97-ге келген майдангер. 

Соғыстың басынан аяғына дейін Ленинград 

қаласында болған Қыбырай ақсақал облыс 

және қала басшылығына көрсетіп отырған 

құрметі үшін алғысын білдіріп, ақ батасын 

берді. 

Қыбырай Рыспанбетов 1921 жылы Талас 



ауданы, Көшек батыр ауылында дүниеге кел-

ген. Соғысқа дейін Ленин атындағы колхозда 

колхозшы болған. 1942 жылдың қаңтарында 

әскер  қатарына  алынып,  2-ші  запастағы 

атқыштар полкінде болып, 1943 жылы 45-

ші атқыштар полкінен Ленинград қаласына 

түскен.  1945  жылы  қыркүйекте  160-шы 

атқыштар полкінде жүріп, жарақаттануына 

байланысты әскерден босатылған екен. Сол 

жылы елге оралып, Ленин атындағы колхозда 

колхозшы, ферма меңгерушісі болған. І, ІІ 

дәрежелі  «Отан  соғысы»  орденімен,  «Ле-

нинградты қорғағаны үшін», «Германияны 

жеңгені үшін» және тағы басқа медальдермен 

марапатталған. Бүгінде балаларынан 6 не-

мере, 6 шөбере сүйіп отырған бейбіт күннің 

ақсақалы.

Майдангермен сұхбат.  

 Суретті түсірген А.Рысмахан

ақ батасын берді.  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек

қариялар азайып бара жатыр.  

 

телеграф  орталығында  телегра-



фист болып қызмет атқарған. 1941 

жылдың желтоқсан айында Қызыл 

Армия  қатарына  шақырылып, 

105-ші  ұлттық  кавалериялық 

дивизиясының  сапына  алынған. 

Ал  1942  жылдың  тамызында 

Калинин  майданындағы  141-ші 

истребительді танкіге қарсы полктің 

құрамында  соғысқа  кіреді.  Ол 

соғыс жылдарында Ржев, Новосо-

кольник, Великие Луки қалаларын 

жаудан азат етуге қатысқан. Вели-

кие Луки қаласында жаралынып, 

қайта жазылғаннан кейін 360-шы 

атқыштар дивизиясында байланыс-

шы  болған.  1943  жыл  барлаушы 

топтың сапына жіберілген. Жеңістің 

ақ  таңын  Балтық  жағалауында 

қарсы алған екен. Туған жерге 1946 

жылы аман-есен оралып, Жамбыл 

радиобайланыс бөлімінде аға инже-

нер болып қызмет етіпті. Сонымен 

қатар байланыс министрлігіне де 

ұзақ жылдарғы еңбегі сіңген. 

Бүгінде екі ұл, бір қызынан не-

мере, шөбере сүйіп отырған соғыс 

ардагері  ІІІ  дәрежелі  «Қызыл 

жұлдыз» орденімен, «Ерен еңбегі 

үшін» және «КСРО-ның Құрметті 

байланысшысы»  медальдерімен 

марапатталған екен. 

-  Сіздер  соғыс  және  соғыстан 

кейінгі  жылдары  қажырлы 

еңбектеріңізбен  бүкіл  халықтың 

құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа 

үлгі  болдыңыздар.  Кейінгі  ұрпақ 

мұны  мәңгі  жадында  сақтайды, 

әрдайым  ардагерлерді  сыйлап, 

оларға  қамқорлық  көрсетеді. 

Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас 

қуат,  ұзақ  және  бақытты  өмір, 

өзіңізге және бар  жақындарыңызға 

барлық жақсылықты тілеймін,-деді 

Нұржан Сәбитұлы.   



көкЕйкЕсті

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр   2016 Жыл  //



ел президенті Жер кОдекСіне  

тҮзетулерге МОратОрий Жариялады

www.egemen.kz  сайтынан алынды.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр  2016 Жыл  //

тұғыр


5

 

„

қалалық мәдениет үйінде шаһар басшысы нұржан календеров, әкімдікке 



қарасты бөлім басшылары мен тұрғындар қр президенті нұрсұлтан 

назарбаевтың өмір жолы мен Отанымыздың тағдырынан сыр шертетін 

«елбасы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі саналатын «Жұлдыздар 

тоғысқанда» кинокартинасын тамашалады.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Расында,  ата-бабаларымыз  аңсаған  азат 

мемлекетті  құру  оңай  шаруа  емес.  Тәуелсіз 

мемлекетіміздің  құрылу  тарихы  талай 

физикалық  және  моральді,  экономикалық, 

саяси соққыларға төтеп беріп қана осы күнге 

жетіп отыр. Ол, ең біріншіден, таудай төзімді 

халықтың және толағайдай жауапкершіліктің 

жүгін өз мойнына артып, халқының мақсат-

мүддесін алға жетелеген Ұлт көшбасшысының 

арқасы екендігіне тарих куә. Саяси мұхитта 

желкенін кеңге жайған алып кеңестік жүйенің 

сол мұхитта опат болуы, халық арасындағы 

жанайқайға ұласқан арман, саяси тұлғалардың 

пендешілігі және сатқындық, адалдық, әділдік 

секілді қасиеттер барынша ашық сомдалған 

сюжеттер арқылы тараздықтар үш сағат бойы 

ел мен Елбасы тағдырындағы астарлы ақиқатты 

экраннан тамашалады. «Похороните меня за 

плинтусом», «Белая гвардия», «Брежнев» сын-

ды фильмдерімен танымал ресейлік режиссер                               

Сергей Снежкин бұл фильмді заманына сай 

тарихымен,  драмасымен  және  шытырман 

оқиғасымен  түсіріпті.  1984  жылдан  бастап, 

1993 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстан тарихын 

қамтитын фильмде ең драмалық эпизодтар - 86 

жылғы  Желтоқсан  оқиғасы,  Қарағандыдағы 

шахтерлер шеруі, КСРО-ның күйреуі көтерілген. 

Дүрбелең  кезең  көңілге  қонымды,  шынайы 

суреттелген.  Алғаш  рет  трагедиялық  жайт-

тар  белгілі  бір  деңгейде  көңілге  қонымды 

көрсетілген. Ал одан кейін жаңадан бас көтерген 

жас  мемлекеттің,  тәуелсіз  Қазақстанның 

қалыптасуы, басты кейіпкердің саяси шыңдалуы 

сәтті бейнеленеді. Жалпы туынды  Президенттің 

британдық журналистпен кездесу сәтінен ба-

сталады. Британдықтың сауалы Президентті 

қайта оралмас қызығы мен шыжығы мол өмір 

жолына көз жүгіртуге жетелейді. Дәл осы жайт 

фильмнің өзегіне айналған десек те болады. Со-

нымен, көз алдыңызда Нұрсұлтан Әбішұлының 

ата-анасының  өмірі,  өзінің  балалық  шағы, 

алғашқы  еңбек  жолы,  достары  жайындағы 

естеліктері тізбектеле береді. Мұның барлығы - 

жасандылық емес, шынайы сезім, өткенге өнеге, 

алдағы өмірге деген қуатты құлшыныс. Актерлік 

құрам да жақсы таңдалған. Басты рөлді сомдаған 

Берік Айтжанов өзінің актерлік қабілетін шебер 

қолданып,  Қазақстан  Министрлер  кеңесінің 

төрағасы,  Қазақстан  Компартиясының  хат-

шысы,  Қазақстанның  Тұңғыш  президенті 

рөлін  жақсы  ойнап  шығады.    Жалпы                                                                                             

фильмде көрерменді қобалжытатын жайттар 

көп.    Қазақстан  Коммунистік  партиясының 

бұрынғы  бірінші  хатшысы  Дінмұхамед 

Қонаевтың рөлін сомдаған Алдабек Шалбаев 

фильмде шынайы шеберліктің үлгісін ұсынса, 

Ақан  Сатаевтың  «Ана  жүрегі»  фильмінде 

мейірімді ана рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал