8-9-бет. Бірлігі Бекем ҚазаҚ елі!



жүктеу 1.2 Mb.

бет1/13
Дата03.02.2017
өлшемі1.2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 №17 (1305)  27 сәуір 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың 

асыл құндылықтарының бірі. Қазақтың қанына ана сүтімен дарыған бауырмалдық – біздің 

асыл қасиетіміз. Тілегі достық, ниеті түзу, көңілі жомарт қазақстандықтардың осы қасиеті 

бүгінде әлемге әйгілі. Асылы бейбіт күннің бағасын біліп, оны көзіміздің қарашығындай 

сақтау - әрбір қазақстандықтың аптал борышы. Өнеге болар даңғылды өзгеден іздемей, 

өзінше сара жол салған Қазақстанның жолы – бақытқа бастар тура жол! Ұраны ұлттар 

достығын ұлықтаған, «Мәңгілік Елге» бағыт алған Қазақстан бейбіт өмірдің берекесін 

тасытуда. Татулығы берік, тұтастығы тау қопарар, бір шаңырақтың астында шаттығы 

тасыған Қазақ елі, жасай бер!   

 8-9-бет.

Бірлігі Бекем 

ҚазаҚ елі!

Сіздерді Қазақстан 

халықтарының бірлігі күнімен 

шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде бұл күннің мәні мен 

мағынасы ерекше. Бүгінде 

бұл мереке қазақстандықтар 

үшін «Бейбітшілік, Бірлік, 

Достық, Туысқандық» деген 

аса ардақты ұғымдарды бойы-

на біріктіріп отыр. Жүзден аса 

ұлт өкілдерінің ортақ Отаны 

болып отырған Қазақстанның 

басты құндылықтарының 

бірі - ұлтаралық үйлесім 

мен азаматтық келісім және 

тұрақтылық.

Бүгінде Тараз қаласы барлық 

салалар бойынша әлеуметтік-

экономикалық өрлеу үстінде. 

Қарқынды даму біздің бірлігіміз 

бен ортақ іс-әрекеттеріміздің 

арқасында мүмкін болды. 

Мұның өзі барша елімізге тән 

құбылысқа айналып, бүкіл 

әлемдік ортада үлгі-өнеге 

болуда.

Ұлттық игілігімізге айналған 



азаматтық татулық пен 

этносаралық келісімді сақтау 

жалпыұлттық міндет болып 

қала береді.

Ел Президенті Н.Назарбаев 

Қазақстан халқы 

Ассамблеясының ХХІ сес-

сиясында: «Қазақстандық 

ұлттық рухтың басты көзі- 

ортақ рухани-адамгершілік 

құндылықтар негізіндегі халық 

бірлігі» - деп атап көрсетті. Бұл 

орайда біз де өз тарапымыз-

дан қолда бар мүмкіндіктерді 

барынша тиімді пайдаланып 

келеміз. 

Нәтижесінде Тараз қаласында 

орналасқан ұлттық мәдени 

орталықтардың шынайы 

достықты қамтамасыз етуіне, 

әр ұлтқа салт-дәстүрлерін 

жаңғыртуға, мәдениеті 

мен әдебиетін дамытуға, 

тілінің жетілуіне жан-жақты 

қамқорлық  көрсетілуде. 

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр мерекесімен 

шын жүректен құттықтай 

отырып, баршаңыздың 

отбасыларыңызға бақыт, игілік,  

толайым табыстар тілеймін! 

Нұржан калеНдеров,

Тараз қаласының әкімі.

Құрметті  қала тұрғындары

және қонақтар!


қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1305), 27 сәуір   2016 Жыл  //



мүмкіНдігі шексіз алаң

 

„

шаһарымыздағы №25 орта мектептің жанынан алғаш рет мүмкіндігі шектеулі 



балаларға арналған  Психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. «дара» 

қайырымдылық қоры мен «самұрық Қазына Траст» қорының әлеуметтік жобасы 

болып табылатын орталық 120 балаға дейін тегін қызмет көрсете алады.

Мерекелі мекен. 

 

Индира БАЙҚОНЫС

Орталықтың  ашылу  салтанатында  облыс 

әкімі Кәрім Көкірекбаев,  қала басшысы Нұржан 

Календеров, «Дара» қайырымдылық қорының 

құрылтайшысы  Гүлнар Досаева, қала әкімдігі 

білім бөлімінің басшысы Гүлзия Заурбекова  және 

мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары 

қатысты.


Жиналған жұрт әуелі саңырау және құлағы 

мүкіс еститін балаларды оқытатын облыстық 

«Мейірім» мектеп-интернаты оқушыларының 

орындауындағы  «Қол қимылы» ән-би шашуын та-

машалады.  Дене мүмкіндігі шектеулі балақайлар 

өмірге деген шексіз сүйіспеншіліктерін саф өнер 

арқылы жеткізіп, көпшіліктің көңілін толқытты.   

Мұнан кейін мүмкіндігі шектеулі балаларға 

арналған    Психологиялық-педагогикалық 

түзету орталығының жұмысы туралы  «Дара» 

қайырымдылық қорының құрылтайшысы  Гүлнар 

Досаева кеңінен әңгімелеп берді.



 

„

«Нұр отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс 



залында 20 наурызда өткен Қр Парламенті мәжілісі мен 

мәслихаттары депутаттарының сайлауында белсенділік 

танытқан партия мүшелері марапатталды. 

сенім жүгінің бағасы

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Марапаттау рәсіміне партия ардагерлері, 

аймақтық  және  аумақтық  қоғамдық 

штабтарының мүшелері, кандидаттардың 

сенімді  өкілдері,  «Жас  Отан»  жастар 

қанаты, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ 

өкілдері қатысты. 

Жиында  20  наурызда  өткен  ҚР 

Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары 

депутаттарының  сайлауында  «Нұр 

Отан»  партиясының  сайлау  науқанына 

белсене  қатысқан  азаматтарға  облыс 

әкімі Кәрім Көкірекбаев ҚР Президенті,                                                               

Партия  төрағасы  Н.Ә.Назарбаев  пен 

Партия төрағасының бірінші орынбасары 

А.И.Мырзахметовтің  Алғыс  хаттарын 

тапсырды. Сондай-ақ аймақ басшысы об-

лыс  тұрғындары  мен  жиынға  жиналған 

көпшілікті  «Нұр  Отан»  партиясының 

жеңісімен құттықтады. 

- 20 наурызда өткен сайлауға Қазақстан 

халқы  белсене  қатысты.  Оның  ішінде 

біздің  өңірдің  тұрғындары  өздерінің 

белсенділіктерін  танытып,  сайлау 

науқанына  үлестерін  қосты.  Соның 

нәтижесінде біздің партиямыз 82 пайыз 

дауыспен  айрықша  жеңіске  жетті.  Бұл 

- біздің ортақ жеңісіміз. Биылғы сайла-

уда  облыстық  және  қалалық  мәслихат 

депутаттарының  қатарында  әйел 

азаматтарының  қатары  артты.  Сонымен 

қатар депутаттық бәсекеде жастардың да 

қатары көбейді. Мен жаңадан сайланған 

депутаттар  алдағы  уақытта  өңірдің 

әлеуметтік, экономикалық дамуына үлкен 

үлес  қосады  деп  сенемін.  Сайлауалды 

үгіт-насихат жұмыстарында аса жоғары 

ұйымшылдықтың үлгісін танытқан «Нұр 

Отан» партиясының белсенділеріне алғыс 

білдіремін.  Өйткені,  сайлау  -    қашанда 

қатал сын. Біз сол сыннан сүрінбей өттік. 

Маңызы зор, мәртебесі биік сайлауда об-

лыс бойынша партияның 12 сайлауалды 

штабы  жұмыс  жасады.  Сайлауда  жақсы 

көрсеткіштерге  қол  жеткізуге  «Есіктен 

есікке»  акциясының  ықпалы  зор  болып 

отыр.  Осы  акция  аясында  партияның 

сенімді өкілдері партияның ұсынған кан-

дидаттары мен олардың сенімді өкілдері 

250  мыңға  жуық  үйлер  мен  пәтерлерге 

барып,  Елбасы,  Ұлт  көшбасшысы 

Н.Ә.Назарбаев  пен  партияның  жүргізіп 

отырған  саясатының  мәнін  бейресми 

жағдайда  түсіндіре  білді,-деп  Кәрім 

Нәсбекұлы  бастауыш  партия  ұйымдары 

мен қатардағы партия мүшелерінің сайлау 

науқанындағы жүйелі жұмысын айрықша 

атап өтті. 

  ҚР  Президенті,  Партия  төрағасы 

Н.Ә.Назарбаев пен Партия төрағасының 

бірінші орынбасары А.И.Мырзахметовтің 

Алғыс хаттарымен марапатталғандардың 

ішінде  Еңбек  Ері,  кәсіпкерлер,  қоғам 

қайраткерлері,  ақын-жазушылар, 

партияның  штаб  мүшелері  мен  сенімді 

өкілдері және БАҚ өкілдері болды.   

-  Бұл  еліміз  бойынша  дене  мүмкіндігі 

шектеулі балаларға арналған бесінші орталық 

болып отыр. Біздің мақсатымыз - туылғаннан 18 

жасқа дейінгі ерекше білім алуға қажеттілігі бар 

балаларды түзету, оқыту және оңалту мәселелерін 

шешуде тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету. 

Ата-аналар кемтар балаларын қоғамға бейімдеуде 

қиыншылық көрмеуі тиіс. Бұл ретте, біз жұмыла 

отырып  жұмыс  істеп  келеміз,  -  деді  Гүлнар 

Есенгелдіқызы. 

Мұнан кейін орталықтың жұмысына сәттілік 

тілеп,  лентасын  қиған  аймақ  басшысы  Кәрім 

Нәсбекұлы оның ашылуына мұрындық болған 

атпал азаматтарға алғысын білдірді.

-   Е л б а с ы   Н ұ р с ұ л т а н   Н а з а р б а е в 

қазақстандықтарға жолдайтын дәстүрлі Жолдау-

ларында Үкімет мүмкіндігі шектеулі жандарға 

айрықша  қамқорлық  жасау  керектігін  ұдайы 

тапсырып келеді. Соның ішінде, өскелең ұрпаққа 

қолайлы  жағдай  жасау  -  баршамыздың  ортақ 

міндетіміз. Бүгінгі таңда облыста 7630 мүмкіндігі 

шектеулі бала болса, қалада олардың саны  2951-ді 

құрап отыр. Бала – біздің болашағымыз. Міне, сол 

періште пейілді бүлдіршіндердің келешегі кемел 

болуы үшін жасап отырған жақсылықтарыңыз 

көпке үлгі,- деді облыс әкімі  Гүлнар Досаеваның 

қолын алып. 

Шарапатты іске қолғабыс еткен жандарға 

ата-аналар да ақ жүректерінен ыстық лебіздерін 

жаудырып жатты. 

Ресми  ашылудан  соң  әкім  бастаған  топ 

орталықтың  ішкі жұмысымен танысты. Мұнда 

кез  келген  баланың  бірқалыпты  және  жан-

жақты  дамуына  бағытталған  қажеттінің  бәрі 

жасалған. Педагог-психолог, дефектолог, лого-

пед,  әлеуметтік  педагог  секілді  мамандардың 

кабинеттері  заманауи  оңалту  құралдарымен, 

әдістемелік материалдарымен, әдеби және ойын 

арқылы  дамытатын  «Монтессори»  материал-

дарымен  жабдықталған.  Орталықта  барлық 

норматив бойынша кедергісіз аймақ құрылған. 

Атап  айтқанда,    кең  есік,  табалдырықтың 

болмауы,  түрлі-түсті  белгілер  және  тұтқалар 

орналастырылған.  Сонымен  қатар,  кемтар 

балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау 

көрсету үшін «Отбасылық сағат» ұйымдастыру 

мәселесі де ойластырылған екен.  

- Қаламызда тұңғыш рет ашылып отырған 

орталықтың 110-120 баланы қамтуға мүмкіндігі 

бар.  Мұнда  балалар  дәрігерлердің  арнайы 

жолдамасы арқылы келеді. Келемін деушілерге 

есігіміз әрқашан ашық,-дейді қала әкімдігі  білім 

бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету 

кабинетінің меңгерушісі Ұлмира Садырова.

Орталықтың жұмысымен толық танысып, 

ондағы балалармен дидарласқан Кәрім Нәсбекұлы 

көне шаһар мен аудандарда мұндай орталықтың 

санын арттыру үшін жергілікті іскер азаматтарды, 

меценаттарды  тартудың  маңыздылығын  тілге 

тиек етті. 

Еленген еңбек. 

 

 

„

еліміздің медицина саласына ерен еңбегін сіңіріп, соңыра 

мемлекеттік лауазымды қызметтерді абыройлы  атқарып жүрген 

зәуреш аманжолованың есімін тараздықтар жақсы біледі. 

егемен еліміздің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген жерлесіміз 

шаһарымыздың «Құрметті азаматы» атағына ие болды.    

Жерлестердің ықыласы

Индира ТӘЛІПҚЫЗЫ

Бұл мәртебелі атақты Зәуреш Жұманәліқызына облыс 

әкімінің ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия 

Тұрмаханбетова мен қалалық мәслихаттың хатшысы 

Балабек Нарбаев табыс етті. 

Балабек  Жанбекұлы  жуырда  ғана  Парламент 

Мәжілісіне депутат болып сайланған жерлесімізді үлкен 

жетістігімен құттықтап, ел игілігі үшін жасап жатқан 

жұмысына табыс тіледі.

-  Зәуреш  Жұманәліқызы,  сіз  ұзақ  жылдар 

еліміздің  денсаулық  сақтау  саласында  өнімді 

жұмыс атқардыңыз.  Сонымен қатар, Алматы қаласы 

әкімінің орынбасары,  «Нұр Отан» партиясы Ал-

маты филиалы төрағасының орынбасары секілді 

лауазымды қызметтер атқарып, енді ел мүддесін 

Мәжіліс мінберінде қорғайтын боласыз. Сіздің ерен 

еңбектеріңізді жерлестеріңіз жоғары бағалайды және 

мақтаныш тұтады,-деді ол.

Қаламыздың «Құрметті азаматы» атағын иеленген 

Зәуреш Аманжолова да ағынан жарылып, жергілікті 

атқарушы билікке ұлттың жарқын болашағы үшін 

жасап жүрген еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені 

үшін алғысын жеткізді. 

- Киелі Тараз жерінде дүниеге келгенімді мақтан 

тұтамын. Бұл қасиетті өлкеде Қазақ хандығының 

іргетасы қаланып, былтыр күзде  Елдігіміздің 550 

жылдығы кең көлемде тойланған-ды. Елбасының 

өзі келіп, дүбірлі тойдың басы-қасында болды. Осы 

өңірдің тумасы ретінде, барлық табыстарыңызға, 

жақсылықтарыңызға тілекшімін. Еңбегімді бағалап, 

сүйікті қаламның «Құрметті азаматы» атағын беріп 

жатқандарыңыз  үшін  мың  алғыс,-деді  депутат 

қуанышын жасыра алмай.   

Зәуреш Аманжолова 1958 жылы 15 наурызда Та-

раз қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы 

мемлекеттік медициналық институтын бітірген.  Ме-

дицина ғылымының докторы.  2006-2009 жылдары 

Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментін 

басқарса,  2009-2013  жылдары  Алматы  қаласы 

Бостандық  ауданының  әкімі  қызметін  атқарған. 

Сондай-ақ,  Алматы қаласы әкімінің  орынбасары,  

«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының 

орынбасары, 2016 жылдан бастап ҚР Парламент 

Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1305), 27 сәуір  2016 Жыл  //

қала-қарбалас

3

аПаТ зардаБыН 

Жоюшыларға ҚұрмеТ

 

„

Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың орын алғанына 30 жыл. 



апат салдарын жоюға қатысушыларды қала әкімі Нұржан календеров қабылдап, 

құрмет көрсетті.

 

„

25 сәуірде Қр мемлекеттік 



сыйлығының лауреаты, 

Қазақстан Жазушылар 

одағы сыйлығының және 

халықаралық к.симонов 

атындағы сыйлықтың 

лауреаты, «Құрмет» орденінің 

иегері, Жамбыл облысының 

Құрметті азаматы, 20-ға жуық 

кітаптың авторы, ақын күләш 

ахметова 70-ке толды.  

Әкімі ақынын 

құрметтеді

Сейділдә ТӨРЕН

Мөлдірлік пен махаббаттан туған моншақтай 

шығармалары орыс, украин, неміс, араб және 

көптеген  түркі  тілдеріне  аударылған  күллі 

қазақтың  Күләші  –  ақын  Күләш  Ахметова-

ны 70 жасқа толған мерейтойымен Жамбыл 

облысының  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев  пен 

шаһар басшысы Нұржан Календеров ақындар 

шаңырағына арнайы құттықтап барды. 

Қазақ әдебиетінің талай майталмандары 

ат басын бұрған, әдебиетке ден қойған талай 

жасқа дем беріп, қиялына қанат бітірген қасиетті 

шаңырақ иелері – Қайырбек Асанов пен Күләш 

Ахметова құттықтай келген барша азаматтың 

алдына ақ дастарханын жая қарсы алды. Облыс 

әкімімен қатар, облыс әкімі аппаратының бас-

шысы Рахметілда Рахманбердиев, облыс әкімдігі 

ішкі  саясат  басқармасының  басшысы  Рахия 

Тұрмаханбетова, облыстық ардагерлер Кеңесінің 

төрағасы Еркінбек Солтыбаев та қазақтың аяу-

лы ақынына ақ тілегін арнай келіпті. Мерейтой 

иесінің иығына оюлы қамзол мен орамалын 

жапқан Кәрім Нәсбекұлы құттықтау қағазын 

ұсынып, ақ тілегін білдірді, арнайы жайылған 

дастарханнан дәм ауыз тиді. 

Бір кездері Әбділда Тәжібаев талантына бас 

иіп, үлкен әріпті ақын атаған, Қадыр Мырза Әлі 

«Ғаламат!» деп баға берген, қазақтың бағына 

біткен ақынына ел қандай құрмет көрсетсе де, 

ол соған лайық. Ал әкімі арнайы ақынын іздеп 

барып, құрмет білдіруі қазақтың өнерді, өнердің 

төресі – өлеңді жоғары бағалайтынын білдірсе 

керек-ті. 

Тараз қаласы әкімінің 28 наурыздағы №61-Ө өкімімен 

ахаев мақсат кеңесханұлы Тараз қаласы әкімінің 

орынбасары болып тағайындалды.

асқарбеков арын Ильясұлы «Нұр отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тағайындау

Ахаев Мақсат Кеңесханұлы 1973 жылы Жамбыл облысы, Талас 

ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы  Қазақ мемлекеттік ұлттық 

университетін «заңгер», 1999 жылы Қазақстан менеджмент, эко-

номика және болжау институтын «іскерлік әкімшілік магистрі» 

мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 - 1991 жылдары Қазақ ССР прокуратурасының 

іс басқармасында курьер (Алматы қ.) болып бастаған;

1995 - 1996 жылдары Алматы қаласы, Медеу ауданы прокуратура-

сы, прокурор көмекшісі;

1996 - 1997 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданының 

мемлекеттік тергеу комитеті, тергеуші;

1999 - 2000 жылдары Шымкент қаласы, «Шымкентмұнайоргсинтез» 

АҚ, маман;

2000 - 2001 жылдары Өскемен қ., «Шымкентмұнайоргсинтез» АҚ-ы Өскемен қаласындағы 

филиалы, директордың міндетін атқарушы;

2001 - 2002 жылдары Тараз қ., «Шымкентмұнайоргсинтез» АҚ-ы Тараз қаласындағы филиалы, 

директордың міндетін атқарушы;

2002 – 2004 жылдары Тараз қаласы, «Мұнай Сауда-Ойл» ЖШС-і директоры;

2010-2012 жылдары Алматы қ., «ALMAPACK CoLTD» ЖШС-і бас директоры;

2011-2012 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Ырыс Бахыт» ЖШС-нің бас ди-

ректоры;

2012-2014 жылдары Алматы қ., «Sinooil» ЖШС-нің бас директорының орынбасары;

03.06.2014-24.07.2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық басқармасы, басқарма басшысы орынбасарының міндетін 

атқарушы;

24.07.2014-28.03.2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық басқармасы, басқарма басшысының орынбасары.

Асқарбеков Арын Ильясұлы 1971 жылы 

Жамбыл облысы, Талас ауданы,  Кеңес ауы-

лында педагогтер отбасында дүниеге келген.  

Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1988 жылы Жаңатас қаласында 

құрылысшы болып бастаған;

1989-1991  жылдар    аралығында  Кеңес 

Армиясы қатарында әскери борышын өтеген;

1998  жылы  Жамбыл  жеңіл  және  тамақ 

өнеркәсібі институтын «инженер-технолог» 

мамандығы бойынша аяқтаған;

2001 жылы Орта Азиялық университетін 

«заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған; 

1998-2005 жылдар  аралығында «Автомотосервис» ААҚ-да жұмыс 

жасаған; 

2005 ж. «Бастау Снаб» ЖШС-де инженер болып қызмет атқарған;

2006-2010 жылдары  Жамбыл облысы Әділет департаментінде заңгер 

қызметін атқарған;

2010 жылдан Тараз қалалық  мәслихатының аппаратында бас маман,  

ал 2011-2016 жылдары аппарат басшысы қызметін атқарған.

 «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Тараз қалалық мәслихатының 

депутаты.

 КСРО-ның «Ерен әскери қызметі үшін», ҚР Әділет министрлігінің 

«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан 

Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» медальдерімен, Жамбыл об-

лысы мәслихатының Құрмет грамотасымен, Тараз қаласы әкімінің 

Алғыс хатымен  марапатталған.

Үйленген, бес баласы бар. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  АҚШ-

тың  астанасы  Вашингтон  қаласында  өткен 

қауіпсіздік жөніндегі саммитте «Әлем. ХХІ 

ғасыр»  манифесін  жария  еткен  болатын. 

Бұл аталған бағдарламалық құжатта Елбасы 

жаһандық заманда адамзатқа төніп тұрған қауіп 

турасына тоқталып, барша әлем басшыларын 

қарусыздану ісіне әрі қарай батыл үлес қосуға 

шақырды. Президент ХХІ ғасыр соғыссыз өтуі 

тиістігін атап көрсетіп, ядролық  және жаппай 

қырып-жоятын қаруларды жою қажеттігін қадап 

айтқан-тын. 

Чернобыль  апатының  салдарын  жоюға 

қатысқан  600  мың  адамның  32  мыңы 

қазақстандықтар  болған.  Оның  1200-і 

жамбылдықтар болса, 370-і қаламыздың аза-

маттары.


Қала  әкімдігінің  мәжіліс  залында  өткен 

салтанатты  шараға  Чернобыль  апатының 

салдарын  жоюға  атсалысқан  азамат-

тар  мен  қала  әкімдігінің  бөлім  басшылары 

қатысты. Шарада сөз алған шаһар басшысы                                                                    

Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлем.  ХХІ 

ғасыр»  манифесіне  тоқталып,  дүниені  дүр 

сілкіндіріп,  талайдың  тағдырын  шайқаған 

Чернобыль апаты жайлы сөз етті. 

- Жыл өткен сайын  Чернобыль апатының 

салдарын  жоюға  атсалысқандардың  қатары 

сиреп  барады.  Қазіргі  таңда  қалада  Черно-

быль  апатын  жоюға  қатысқандар  саны  120 

адам  болса,  қаза  болғандардың  артынан  25 

жесірі қалды. Олардың басым бөлігі жазыл-

майтын    сәуле  ауруларына  шалдыққандар. 

Бүгінгі күнде осы апатты залалсыздандыруға 

қатысушылар мен олардың жесірлеріне қолдау 

ретінде қоғамдық көліктерде тегін жүрулері, 

ай сайынғы арнаулы әлеуметтік жәрдемақы 

төленуі,  мерзімді  баспасөз  басылымдарына 

тегін жазылулары ұйымдастырылған. Сіздер 

жастық өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды 

қиып,  ең  ірі  техногенді  апатты  жоюға 

қатыстыңыздар және апаттың одан әрі тара-

луына  тосқауыл  болдыңыздар.  Азаматтық 

борыштарыңызды  адал  орындап,  мыңдаған 

адамдарды  радиацияның  зиянды  әсерінен 

қорғадыңыздар.  Біз  Чернобыль  апаты 

зардабының  қаншалықты  ауыр  болғанын 

білеміз. Сіздердің ерен ерліктеріңіз ешқашан 

ұмытылмайды,-деді Нұржан Сәбитұлы. 

Жиында  облыстық  «Чернобыль  одағы» 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы  Руслан                      

Саржанов  қала  әкімдігінің  басшылығына 

алғысын  жаудырып,  көрсетіліп  жатқан 

құрметтеріне ризашылығын білдірді. 

Шарада  апаттың  с а лдарын  жоюға 

қатысушыларға қала әкімдігі, қалалық мәслихат, 

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының 

атынан құрмет көрсетіліп, Құрмет грамотасы-

мен және Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Мұнан  соң  салтанатты  шара  Бауыржан 

Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы 

Чернобыль және басқа да ядролық техногендік 

апаттардың құрбандарына арналған ескерткішке 

гүл қою рәсімімен жалғасын тапты. Гүл қою 

рәсіміне қала әкімдігінің бөлім қызметкерлері, 

жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 

студенттері мен қала тұрғындары көптеп жи-

налды. Рәсім барысында апат құрбандары бір 

минут үнсіздікпен еске алынды. 

Онда  Тараз қалалық мәслихатының хатшысы 

Балабек Нарбаев сөз тізгінін алып, апаттың зар-

дабын жоюға қатысушылардың бейбіт күндегі 

ерен  ерліктері  мен  өнегелі  істері  ешқашан 

ұмытылмайтындығын тілге тиек етті. Сонымен 

қатар облыстық  «Чернобыль одағы» қоғамдық 

бірлестігінің  төрағасы  Руслан  Саржанов 

пен Ардагерлер ұйымының мүшесі Магамет 

Жаңабайұлы 1986 жылы болған апаттың зар-

дабы туралы сыр шертіп, кейінгі ұрпақ мұндай 

апаттың заты түгіл, атын білмесе екен деген 

тілектерін жеткізді.  

Сондай-ақ осы күні «Нұр Отан» партиясы 

облыстық  филиалының  мәжіліс  залында 

қалалық филиалдың ұйымдастыруымен Черно-

быль атом электр станциясы жарылысының 

зардабын  жоюшылармен  жас  буын  өкілдері 

кездесті.  Жиынды  «Нұр  Отан»  партиясы 

қалалық  филиалы  төрағасының  орынбаса-

ры  Арын  Асқарбеков  жүргізіп,  М.Х.Дулати 

атындағы  ТарМУ-дың  «Қазақстан  тарихы» 

кафедрасының  меңгерушісі,  т.ғ.к.,  доцент 

Ермекбай  Серікбаев  Елбасының  ядролық 

қарусыздануға қатысты жариялаған манифесіне 

тоқталды. Ал ТарМПИ-дің «Қазақстан тарихы» 

кафедрасының  доценті  Жұман  Исахметұлы 

ядролық  қару  және  жаппай  қырып-жоятын 

қарудан  толықтай  азат  әлемге  қарай  аяқ 

басу дәйегін алға тартты. Жамбыл облыстық 

«Чернобыль  одағы»  ҚБ  төрағасы  Руслан                                        

Саржанов жастардың сұрақтарына жауап берді. 

Және  шара  «Нұр  Отан»  партиясы  қалалық 

филиалының  ұйымдастыруымен  құзыретті 

мекеме өкілдерінің қатысуымен Чернобыль апа-

тын жоюшыларға қоғамдық қабылдау өткізді.

Тараздықтардан тағзым.  

 Суретті түсірген Ю.Ефимов

Сіздерді  1  мамыр  Қазақстан 

халықтарының бірлігі күні мерекесімен 

шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ғасырлар бойы қазақтың кең 

байтақ  даласын  мекендеген  ұлт  пен 

ұлыстардың  ынтымағы  мен  бірлігін 

айшықтайтын ең айтулы мереке. Себебі, 

қоғамның  әр  саласындағы  бүгінгі 

табыстарымызға біз, ең алдымен, осы 

бейбіт өмірдің, достық пен татулықтың 

арқасында қол жеткіздік.

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы-

мен құрылған Қазақстан халқы Ассам-

блеясы бүкіл дүние жүзіне қоғамдық 

келісім мен ішкі тұрақтылықтың ғажайып 

үлгі-өнегесін көрсетіп отыр.Әрине, бұл, 

ең алдымен, Мемлекет басшысының 

сындарлы саясатының, даналығы мен 

көрегендігінің айқын көрінісі деп білемін.

Ұлтты  ұйымдастырып,  ұлысты 

ұғыстыра  білген  Отанымыз-тәуелсіз 

Қазақстан өсіп-өркендей берсін! Еліміз 

аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз 

бүтін болсын!



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал