№№8-9 (216-217) 5 мамыр 2015 жыл «БейБітшілік әнін шырқайық!»



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

№№8-9 (216-217)

5 мамыр

2015 жыл

«БейБітшілік әнін шырқайық!»

«татулық -  таБылмас Бақыт»

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев:  «Ұлы  Отан  соғысы 

ардагерлерінің  еңбегі  қашан  да 

өлшеусіз.  Оларды  бейбіт  күнде 

қалай құрметтесе 

де 

жарасады. 



Жеңіс    сағатын 

ж а қ ы н д а т у ғ а 

с і ң і р г е н 

еңбектері 

мен 

ел  тәуелсіздігіне 



қосқан  үлестері 

баршаға 


үлгі, 

ұрпаққа 


өнеге. 

Бұл 


үшін 

қазақстандықтар 

а р д а г е р л е р д і 

айрықша қастерлейді, қамқорлаудан 

аянбайды,  басты  мақсат  –  Ұлы 

Жеңістің  70 жылдығын кең көлемде 

мерекелеу»  -  деген  болатын. 

Осы  орайда,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығына арналған Тайпақ мектеп 

– гимназиясының ұжымы «Ерлік пен 

Жеңіс  -  майдангерлер  еңбегі»  атты 

мерекелік  концертін  ардагерлер 

мен  ауыл  тұрғындарына  тарту  етті. 

Концертті 

гимназия 

ұжымынан 

құрылған  хор  орындауымен  ашып, 

«Кестелі орамал» театрландырылған 

көрінісі қойылып,  «Кестелі орамал», 

«Темная ночь», «Огонек, Смуглянка, 

Катюша» 

әндерінен 

попури,  

«Шығыстың  қос  шынары»,      «Синий 

платочек»,  «Қазақстан  бақыты», 

«Жеңіс  күні»  әндері  шырқалды. 

«Журавли»,  «Смуглянка»,  «Ұлттар 

биі»  билері  биленіп,  көрермендер 

ықыласына бөленді.

Жиналғандар бүгінгі тамаша Ұлы 

Жеңістің  70  жылдық  мерекесіне 

жеткізген, ер жігіт етегімен су кешіп, 

сүр  шинелді  төсек  етіп,  ақ  қар,  көк 

мұз  жастанып,  жаумен  шайқасқан 

асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, 

абзал  азаматтарымыз  бен  есіл 

ерлеріміздің  батырлығына  тағзым 

етті.


               Самал ЛҰҚПАНОВА

Тайпақ мектеп-гимназиясының

тәрбие ісінің меңгерушісі

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

Ынтымағы жарасқан   

ел ұланымыз

Қазақстан Ассамблиясының   2015 жылы бірлік қоғамдық келісім, 

татулық  достық  мерекесіне  орай,  Үшағаш  негізгі  орта  мектебінде 

бастауыш сыныптар арасында «Ынтымағы жарасқан ел-ұланымыз» 

атты іс-шара оздырылды.

Ынтымақ  –  бұл  ұлттар  

арасындағы  достық  қарым-

қатынаста  болу.  Оқушылар  

әр  түрлі  ұлт  өкілдері  болып 

киініп,  Іс-шарада    оқушылар 

әр түрлі ұлттардың киімдерін, 

аспаптарын, 

тағамдарын, 

билерін билеп, Ассамблияның 

туын  көтеріп,  достық  әнін 

шырқады. 

Ассамблия 

жылы 

бейбітшілік 



жылы, 

Қазақстандағы барлық халықтың бірлігі жылы. Әрқашанда күндеріміз 

жарқын, еліміз тыныш болсын.

 Зарина ВАЛЕРИЙҚЫЗЫ

Үшағаш негізгі орта мектебінің

  1-сынып оқушысы, Қаратөбе ауданы

Биылғы жыл Қазақ елі үшін мерейлі мерекеге толы жыл. «Қазақ хандығына 550 жыл», «2015 - Қазақстан халқы 

Ассамблеясының жылы», «ҰОС-70 жыл», «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» осы айтулы мерекелерге  мектебімізде, 

ауыл кітапханасымен бірге  мазмұнды шаралар өткізілуде. Кітапханамызда «Қазақстан - татулық пен бірліктің ордасы»  

атты мерекелік шара оздырылды. Мерекелік шараға  2- 6 сыныптың  оқушылары белсене қатысып, ән-жырға бөледі. 

Ж.Құрманбаева  жетекшілік  ететін  4  «а»  сыныптың  оқушылары  «Ұлттар  достығы  жасасын!»  атты  шағын  қойылым 

қойды. Ауыл кітапханасының  меңгерушісі Ұ.Нұрғалиева, мектеп кітапханашысы  А.Мендешова  оқушыларға достық, 

бейбітшілік,  татулық  туралы  ұлы    даналардың  нақыл  сөздерін  түсіндіріп,  ауылымызда  қазіргі  таңда  тұрып  жатқан, 

он төрт ұлттың салт-жоралыларына, ұлттардың достығына  тоқталып кетті. Ел тұтастығы мен татулығы адамзаттың 

үйлесімді де берекелі өмір сүруінде  алатын орны ерекше екені белгілі. Өміріміз берекелі болсын.



М.ИЖЕКЕНОВА 

Приурал МБК-нің ДТІО, Бөрлі ауданы

«Ерлік  пен  Жеңіс  

майдангерлер   еңбегі»

  1  мамыр  Қазақстан  халқы  бірлігі  күні  мен 

Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясына  20 

жылдығына  және  Ұлы  жеңістің  70  жылдығына 

арналған  мектебімізде  мектебімізде  бастауыш 

сыныптар 

арасында 



«Бейбітшілік 

әнін 

шырқайық!» атты байқау  оздырылды.  Тәрбие ісінің 

меңгерушісі  Омарова Жанипа Мыңжасарқызының 

қолдауымен  өткен  бұл  байқаудың  басты  мақсаты, 

балғындарымыздың  Отанға  деген  сүйіспеншілігін  

жүрек-жарды әнімізбен жеткізу болатын.

 

Бейбітшілік  әндерін  шырқауға  барлық 



орыс,  қазақ  сыныптары  белсене  қатысты.  Айта 

кететін болсақ,   1 «б»  сыныбы, сынып жетекшісі Т.Ткаченко  «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін  үш 

тілде шырқаса,  2 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Л.Хайрушева  «Ақ көгершін», 2 «б» сыныбы, сынып 

жетекшісі Е. Цибулько «Айст, на крыше» әнімен,  3 «а»сынып, жетекшісі Н.Габбасова  «Айналайын» 

әндерімен    ІІІ  орынды  иеленді.  1  «а»  сыныбы,  сынып  жетекшісі  Т.Үмбеталиева  «Бейбітшілік» 

әнімен, 4 «б»-3 «б» сыныптары, сынып жетекшісі Н.Иваненкова «Заря» әнімен  ІІ орынды иеленді,  

І  орынды    байқаудың  барлық  талаптарына  сай  орындай  білген  4  «а»  сынып,    сынып  жетекшісі 

Г.Кустанаеваның оқушылары «Бейбітшілік сақталады» әнімен ерекше көзге түсті. Байқау соңын 4 

«а» сынып оқушылары «Нұр-Аға» әнімен қорытындылады.  

Осындай әндер байқауынан кейін,  бейбіт күннің бақытты балаларының жұдырықтай жүректері 

еліміз тыныш болсын,-деп соғары анық.  

Тұрсынай ҮМБЕТАЛИЕВА

Григорьев МБК-нің  ұстазы, Бөрлі ауданы

Береке, бірлік, ынтымақ – ұранымыз!


№№8-9 (216-217)    05.05.2015 ж.

2

Мен м


Қазақ хандығының- алтын ғасыры

  М.Горький  атындағы  Орал  қалалық  кітапханасы  оқу  залының  ұйымдастыруымен 

Қазақ хандығының 550 жылдығына «Қазақ хандығының алтын ғасыры» тақырыбында 

дөңгелек үстел өтті. Қазақ мемлекетін құрудың негізгі себептері, тарихи маңыздылығы, 

мемлекетіміздің  қалыптасу  кезеңдері  туралы  жас  буынның  өз  халқы  тарихын  толық 

меңгеруіне  ықпал  етіп,  тарихи 

тағдырына  деген  құрмет  сезімін 

қалыптастыру 

мақсатындағы  

патриоттық  тәрбие  беру  шарасы 

қатысушыларды 

бей-жай 


қалдырмады. 

 Атаулы  шараға  БҚГА-ның  аға 

оқытушысы Талап Таймасұлы, белгілі 

журналистер  Мұнайдар  Баймолда 

мен Қазыбек Құттымұратұлы, тарих 

ғылымдарының кандидаты Жаңабек 

Жаңабайұлы,  театр  мен  музей 

қызметкерлері Нұрлан Сәдір, Рысты 

Баянғалиқызы қатысты. Дөңгелек столға қатысушылар, оқырмандар сұрақтарына жауап 

беріп  еліміздің  іргесі  нығайған  сайын,  оның  болашағы  мен  тарихына  деген,  әсіресе, 

соңғы  жылдарда  Қазақтың  мемлекеті  қай  дәуірден  басталады?,  -  деген  сауалдар 

төңірегінде қызығушылық тары арта түскенін айтты.  Қазақ мемлекетін құрудың негізгі 

тарихи маңыздылы ғын баяндап, әріден бастау алатын тарихымызды өзіміз түгендеп, 

танып-біліп, өзгеге мойындатпайынша біртұтас елдігімізді сақтап тұру қиынға соғады 

деп түйіндеді.

        Жиналған оқырмандар қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғы шарттар 

– қазақ халқының біртұтас тәуелсіз ел болып құрылуындағы ұзақ жылдарға созылған 

қажетті де әділетті себеп-салдар болғаны жөніндегі әңгімеге қанық болды.



      Г. ИЗГАЛИЕВА

М. Горький атындағы кітапханасы

 оқу залының меңгерушісі

«Қазақ хандығына 550 жыл»

Біздің  халқымыз  Наурызды  жаңару  мен  жасампаздықтың  бастауы, 

ырыс пен берекенің арқауы, - деп бағалаған. Сондықтан да осы күнді 

асыға  күтетін  мұсылман  қауымы  оны  Ұлыстың  Ұлы  күні  деп,    бекер 

айтпаса керек.

Қарағаштықтар да бұл атаулы күнге өз үлестерін қосты. Жылма-жыл 

халық өзара сайысатын «Көшелер аламаны» аталып кеткен сайыс биыл 

да  өз  жалғасын  тапты.  Биылғы  сайысқа  өзек  болған  тақырып  «Қазақ 

хандығына 550 жыл» деп аталды. Осы жылы сайысқа көршілес Ақсуат 

ауылы да ат салысты.

Мәдениет  үйінің  іші.  Қаһарлы  Керей  мен  Жәнібек,  Әбілқайыр  хан, 

Абылай  хан,  Есім  хан,  Салқам    Жәңгір  хандар  өздерінің  топтарымен 

шоғырланып тұр. Сауыттары жарқ-жұрқ еткен батырлар.Сайысқа Ауыл 

ақсақалдары, зейнеткерлер, қызметкерлер қатысты. Бұл Наурыздың тағы 

бір ерекшелігі ауылымызға  аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов, 

аудандық маслихат хатшысы Толыбай Қалменұлы Қалмен келді. Олар 

жиналған  жалықты  Наурыз  мейрамымен  құттықтап,қойылымдарды 

тамашалады.

Ақсуаттықтар  өз  кезектерінде  хан  көріністерінен  бөлек,  «Қара 

жорға» халық биімен, «Қазақ жастары», «Қазағымның дәстүрлері» атты 

әндерімен  халықтың зор қошеметіне ие болды. Биылғы Ассамблеясының  

20 жылдығына орай, грузин биі «Лезгинканы» орындап берді.

Ал Қарағаштықтар,  өздері сомдаған көріністерімен көрермендерді 

тарих қойнауына үңілтіп, көздеріне жас үйірді. Әділқазылар хандарды өз 

топтарымен әр түрлі номинациялармен марпаттап, сйлықтар тапсырды. 

Мереке соңында хандар өз топтарымен арқан тартыстан, қол күресінен 

бақ сынасты. Ауыл үлкендеріне ас берілді. 

                              С.УСПАНОВА

Қарағаш ауылдық кітапхананың кітапханашысы

Шыңғырлау ауданы

“Көшпенділер” 

оқырмандар 

назарында

Белгілі 

халық 


жазушысы 

І.Есенберлиннің 100 жылдығымен қазақ 

хандығының  550  жылдығының  тұспа-

тұс  келуіне  байланысты  Амангелді 

орта  мектебінің  кітапханасында  мектеп 

және  ауылдық  округ  кітапханашылары 

Э.Закирова мен Г.Искалиева»  Бір ел-бір 

кітап» ациясы аясында «Қазақ халқының 

ұлы перзенттері» қазақ хандығының 550 

жыл толуына орай, кітап көрмесіне шолу 

жасап, «Ұлт рухын тірілткен тұлға» атты 

І.Есенберлиннің  еңбектерімен  бірге 

«Көшпенділер»  тарихи  трилогиясын 

оқырмандарына  кеңінен    таныстырды. 

Шолуға 9-11 сынып оқушыларымен бірге 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі 

В.Бексейтова қатысты. 

Э.ЗАКИРОВА

ЖОББ Амангелді орта мектеп-

балабақшасының кітапханашысы

Тасқала ауданы

Білім - биіктегі алтын тұғыр

Өсіп  келе  жатқан  жас  буынға  сапалы  білім  мен  саналы 

тәрбие  беруде  ұстаздар  қауымына,  әсіресе,  бастауыш  сынып 

ұстаздарына үлкен міндет жүктеледі.Өркениет біткеннің бастауы 

білім, ғылым, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда, 

білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екені баршаға 

аян. Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға ұстаз болса, 

оның  алдында  егемен  еліміздің  болашағы  тұр.  Осы  мақсатта 

мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының арасында «Білім 

– биіктегі алтын тұғыр» атты апталық өткен болатын. Апталықта  

«Сен білесің бе?» атты викториналық сұрақтарға жауап алынып, 

«Отанымды  мақтан  тұтамын»  тақырыбында  сурет  көрмесі, 

«Білгіштер бекетінде»атты жарыс сабақ, «Зерде»интелектуалдық 

ойыны, «Туған елдей ел болмас...» мәнерлеп оқу сайысы және 

«Кел, ойнайық» тақырыбында спорттық шара өткізілді.

   Жыл сайын жүйелі түрде өткізілетін апталық оқушылардың 

танымдық аясын кеңейтіп, ой-өрісін дамытып, шығармашылыққа 

баулып,  салауатты  өмір  салтын  насихаттауға  септігін  тигізері 

сөзсіз. Өз істеріне жауапкершілікпен қарайтын бастауыш сынып 

мұғалімдері апталықтың жоғары деңгейде өтуіне барынша күш 

салып, жан –жақты ізденгені көрініп тұр.

Самал АХМЕТОВА

Қуағаш ОЖББМ-нің 

мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Шыңғырлау ауданы

Есімде әлі кешегі 

Ауғанстан

Ауғанстан  соғысының  26  жылдығына  орай, 

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясында 

ауған  соғысының  ардагері  Баубеков  Серік 

Әдиетұлымен  кездесу  өткізілді.  Ардагермен 

әңгімелесу  барысында  көптеген  оқиғалармен 

танысып,  Ауғанстанда  болған  жағдайларды 

естідік.  Оқушылар  тарапынан  медальдар  мен 

ордендер  туралы  сұрақтар  қойылған  кезде, 

ардагеріміз  бөгелместен    бұл  медальдардың 

қандай ерлікпен, қандай маңдай термен келгенін 

айтып  берді.  Оқушылар  бұдан  өзге  де  сұрақтар 

қойып жатты. Мысалы, Ауған соғысында қандай 

қиындық  көргенін,  қызықты  оқиғасын,  ардагер 

өмірбаянын  сұрады.  Ұл  балалар  жағы  қазіргі 

әскер  мен  бұрыңғы  әскердің  айырмашылығын 

сұрағанда ардагер қиындықтың, сол замандарда 

көп болғанын айтып, қазіргі өмірге шүкіршілік етуді 

бізге  тапсырды.  Осылайша,  «Есімде  әлі  кешегі 

Ауғанстан»  тақырыбында  өткізілген  кездесу  өз 

мақсатына жетті. Оқушылар Ауғанстанда болған 

оқиғаларды  білді,  көзімен  көрген  ардагермен 

әңгімелесті.  Олар  шара  ұйымдастырушыларына 

алғыстарын білдіріп, ардагерімізге зор денсаулық 

тіледі. 


  АЙФАРА АЙҒАЛИЕВА 

Теректі аудандық лингвистикалық 

гимназиясының

 9-сынып оқушысы, Теректі ауданы

«Нұрғиса – қазақтың сұлу сазды жүрегі»

Жақында  мектебімізде  «Нұрғиса  –  қазақтың  сұлу  сазды  жүрегі»  тақырыбында  Нұрғиса  Тілендиевтің  90 

жылдығына  арналған  әдеби  –сазды  сағат  ұйымдастырылды.  Аудандық  кітапхананың  кітапханашылары  

С.  Киреева,  Г.  Бахсихова  Нұрғиса  Тілендиев  туралы  мол  мәлімет  берді.  Шара  барысында  әйгілі  күйші 

-композитор,  дирижер,  домбырашының  өмірбаяны  туралы  баяндама  оқылып,  презентация  көрсетіліп, 

ойындар  өткізілді. 

Бейне  жазбадан  «Ұлытау»  тобының  орындауында  

«Аққу»,  «Ата  толғауы»  күйлері,  Еркін  және  Жанель 

Нұржановалардың  орындауындағы  «Құстар  қайтып 

барады» әні көрсетілді.  Бұл шараға 9-10 сынып оқушылары 

үлкен қызығушылықпен қатысты.

Ш.КОНДУДАЕВА

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 

Тасқала ауданы



№№8-9 (216-217)    05.05.2015 ж.

3

Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран

Тылда тыңбай 

еңбек еткен ...

Жеңіс күні

Жеңіс  күні  барша  халық  мейрамға   

«Жеңіс»  мерекесін  тойлауға    барады.

Барша 

көрші 


қолаң 

бірін-бірі 

құттықтайды.  Атамыздың,  әкеміздің 

достары    бір-біріне  «Жеңіс  күніңмен», 

-  деп  жатады.  Көшеде  Жеңіс  әндері 

шырқалып,  ардагерлерді  машинаға 

мінгізіп,  гүлге  орайды.  Жеңіс  күні  бұл 

ата-бабаларымыздың  маңдай  терімен, 

еліне деген  сүйіспеншілігінің арқасында 

келді. Ұрпағымыз еркін де бейбіт өмірді 

сүру үшін аянбай еңбек етті. Сондықтан 

біз ардагерлерді құрметтеп, ерліктеріне 

әр кез бас иіп жүреміз. Арамыздан жыл 

сайын азайып бара жатса да олардың 

ерліктері  мен  бейнелерін  жадымызда 

сақтауға  тиіспіз.  Мен  ардагердлерді 

мақтан етемін.

 Асем ҚУАНДЫҚОВА

6 ЖОББМ-нің 

3 «в»сынып оқушысы 

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы  

Биыл  Ұлы  Жеңіс  мерекесінің 

70  жылдығы  тойланып  жатыр. 

Ардагерлерді,тыл 

еңбеккерлерін 

құрметтеу-  біздің  міндетіміз.  Жеңіс 

үшін  аштыққа  да,  ауыр  жұмыстарға 

да,  тіпті  өлімге  де  қарсы  тұра  білді. 

Қаншама  азапты  күндерді  басынан 

кешіріп, бүгінгі көк аспанда ақ көгершін 

қалықтаған  бейбіт  күнді  сыйлады. 

Сол 


үшін 

ардагерлерімізге,тыл 

еңбекерлеріне  рахмет  айтқымыз 

келеді.  Олар  әкелген  тыныш  өмірдің 

тұнығын лайламауға тиістіміз.

Жеңіс  үшін  өмірін,  жастық  шағын 

өткізген,  тағдырдың  ауыр  да  азапты 

тауқыметінен  өтіп,  Отанға  деген 

махаббатын от басып, су кешіп жүріп 

дәлелдеген  ардагерлеріміз  бен  тыл 

еңбекерлері  жылдан-жылға,  күннен-

күнге азайып келеді, 

Жеңістің  тәтті  дәмін  татып 

жүргендері саусақпен санарлықтай

Менің  әкем    -  Тыныштыбай 

Жүнісов  1932  жылы  10  тамызда 

дүниеге  келген.  Соғыс  басталған 

кезде  он  екі  жастағы  менің  әкем 

тылда  жұмыс  істеген.  Таңның  атысы 

мен күннің батысына дейін дамылсыз 

еңбек еткен. Ол күндердің халық үшін 

қаншалықты қиын болғанын әкем еске 

алып,    айтып  отырады.Қазір  анамыз  

Жаңылмен    тату-тәтті  өмір  сүріп, 

алты қыз, екі баланы өсірді.  Құдайға 

шүкір,  немерелері  мен  жиендерінің  

қызығына бөленіп отыр және өзімізді 

ең бақытты жан санаймыз!                    

Дос –туысты қамқорлаған үнемі,

Ата-әжемнің ашық әркез жүрегі.

Қиын кезді бастарынан өткізген,

Ауыл елі құрметтеп тек жүреді,дей 

отырып, барлық ардагерлерді,

тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 70 

жылдық мерекесімен құттықтаймын.

                                                                               

Гүлзада ЖҮНІСОВА

Подстепный қазақ жалпы орта 

білім беретін мектебінің

бастауыш сынып оқу ісінің 

меңгерушісі

Теректі ауданы

Еңбегі  елге  үлгі,  балаларымның    қарт  әжесі  Шобанова 

Дәметкен  .  Мамамыздың    әңгімесін  тыңдасақ,  өз  еңбегінің 

арқасында  депутат  болған,  көптеген  медальдармен 

марапатталған  және  ауданымыздың  90  жылдығына  орай 

жарық  көрген  энцеклапидияда  еңбегі  жазылған.  Қазір  ол 

кісі  82  жаста  толады.  Сексен  жас  мерей  тойына  аудан 

басшылары құттықтап, арнайы келген. Қазіргі таңда Жәнібек 

ауданында  тұрып жатыр. Ол кісінің бір көңілінің қалғаны тыл 

ардагері  болса  да  ауданда  Жеңіс  күндері  қарсаңында    еш 

құрмет  көрсетілмейтіні.  Ол  кісілерге  құрмет    көрсетпегенде 

кімге  көрсетеміз.    Әр  адам  өз  еңбегінің  еленгенін  қалайды 

емеспе?!  Біз  тек  мамамыздың  көрген  бейнетінің  қартайған 

шағында  зейнетін  көрсе  екен    демекпіз.  Мамамыз  жақын 

туыстардың  ортасында  аман-есен    ұзақ  өмір    кешуіне  біз 

тілекшіміз. 

Гүлайым ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ

Тегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы



Мен атамның   

ұрпағымын

Мен үлкен атамның тұңғыш шөбересімін. Үлкен 

атам  -  Досмағамбетов 

Кәрім  1942  жылы  Совет 

Армиясына  шақыртылып, 

Ұлы 


Отан 

соғысында 

қатысқан.  Атамның  айтуы 

бойынша  үлкен  атам  523-

ші 

миномет 


полкының 

минометчигі болған. Әскери 

шені  –  ефрейтор.  Ұлы 

Отан  соғыс  жылдарында 

Калач,  Харьков,  Полтава, 

Днепропетровск, 

Яссы-

Кишинев,  Измаил,  Шумен,  София,  Бухарест, 



Белград  қалаларын  босатуға  қатысып,  ІІІ-

дәрежелі    ДАҢҚ  ордені,  «За  боевые  заслуги», 

«За отвагу» медальдарымен, кейіннен Мерекелік 

медальдарымен  марапатталған.  Фашистердің 

Яссы-Кашинск  тобын  жоюға  белсенді    қатысқан 

үшін,  Жоғарғы  Қолбасшы  Совет  Одағының 

Маршалы   И.В. Сталин алғыс жариялаған.

Міне,  Ұлы  жеңіске  70  жыл,  бұл  жеңіс 

аталарымыздың  батырлығының,  қайсарлығының 

арқасында  келді.  Мен  үлкен  атамның  ерлігін 

әрқашан  есіме  алып,  айтып  жүремін.  Өз  Отаны 

үшін,  ұрпағы  үшін  жанын  аямаған  атама  мың 

тағзым.

АЙНҰР БОЛАТОВА

 

№3 ЖОББҚМ-нің 10 «ә» сынып оқушысы 



     Жаңақала ауданы,   Жаңақала  ауылы

Біздің өлке қаһарманы

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл 

өтті.  Бейбітшіліктің,  ынтымақтың,  келісімнің  орнағанына  да 

тура 70 жыл. Жолында қаншама қиыншылыққа тап болса да, 

майдангерлердің ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен, 

тарихта мәңгілік қалатын күн. 

   Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. 

Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері 

мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан 

қилы соғысқа  біздің жерлес ардагер атамыз 

-  Абдрахов Абдол Досанұлы да қатысқан. 

1941  –  1942  жылдарда  Астраханьда 

училишеде  оқыған,  ол  оқуын  аяқтай 

алмай,  1943  жылдың  бірінщі  қаңтарында 

әскерге алынған. Сталинград аймағында, 

кейін Дон өзенінде үлкен көпірді ұшақтар 

шабуылдарыннан  қорғап  тұрған.  123-ші 

зинеттік – пулемет ротасының қатарында, 

1944  жылдың  қаңтарында  Смоленскі 

қару – жарақ қоймасын ауа шабуылынан 

қорғаған.  Белорусь  майданы  сабында 

Шығыс  Пруссия  жерінде  болған.  1946  –  1948  жылдарында 

Ленинград  маңында  міндетті  әскери  қызметін  атқарды.  1948 

жылы  22  наурызда  Астрахань  облысының  Травино  ауданы, 

Капустинге  қайтып  оралды.  Қазіргі  кезде  ауылымыздың 

құрметті азаматы.

Кешегі отты жылдар енді ешқашанда қайталанбасын! Бұл 

әрбір минутында жеңіс үшін күрескен ардагерлердің арманы . 

Енді дала қанға бөкпесін, сәбилердің балалығы ұрланбасын, 

аналарымыздың көз жасы төгілмесін, аспанда мылтық даусы 

естілмесін. 

Сағыныш ТАСБОЛАТ

Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының 

10-сынып оқушысы Тасқала ауданы

Менің атам-майдангер

Менің  атам-Мұхамбетов  Құмар  1924  жылы,  Тайпақ  ауданы, 

Сартоғай селосында туып өскен. Сол ауылдағы мектептен 7 жылдық 

білім алғаннан кейін, еңбекке араласқан.Сөйтіп,41 жылғы  маусымның 

22-сінде гитлерлік Германия опасыздықпен Совет 

өкіметіне тұтқиылдан шабуыл жасады. Совет халқы 

түгелдей  өз  Отанын  қорғауға  қолұштарын  берді. 

1942 жылы  тамыздың 16-сында армия қатарына 

шақырылып,Орал қаласындағы Ленинград әскери 

училищесінде үш ай оқып,қосымша полкке бөлініп 

кеткен.  1943  жылы  соғысқа  жіберілген.Сол  жылы 

жаяу әскер училищесіне алынып, 43 жылдың ақпан 

айында бітіріп шығып,кіші лейтенант атағын алған. 

Соғыстан    1946  жылы  қазанда  елге  оралған.Елге 

келгеннен кейін, 1 жыл советте хатшы болып, екі 

жыл кеңес басшысы, қызмет жасаған. 1984 жылы еңбек демалысына 

шыққан. Атам, 1998 жылы дүниеден озған. Мен атамның 12 баласынан 

тараған  22 немересінің он сегізіншісімін.

  Биыл Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай, менің ауылыма ескерткіш 

тақта орнатылғалы жатыр. Сол ескерткіш тақтаға менің де атамның аты 

жазылады. Бұл мен үшін зор мақтаныш!



 Назира ГҰМАРОВА

Харкин орта мектебінің 4-сынып оқушысы

Шабдаржап ауылы,Ақжайық ауданы

Ерлік еш ұмытылмайды

Ұлы  Отан соғысындағы  Жеңістің  70 жылдық мерекесі 

де  таяп  келеді.  Мерекеге  орай,    мен  

нағашы    атам    майдангер  -  Жүсіпбай 

Мұханбетов  туралы  айтқым  келеді.Ол 

туралы    естелікті  әжем    айтып  берді,  

мұрағаттан  суретін де көремін.

  Нағашы  атам    соғыс  және  еңбек 

ардагері.  Ол  Москва,  Воронеж  тағы 

басқа  қалаларды  жаудан  қорғауға 

қатысқан мерген адам болған. Соғыстан 

жараланып елге оралғаннан кейін, туған 

ауылы  Қаратөбе  ауданы,  Егіндікөл 

ауылында отыз жыл еңбек еткен.

 

Әжемнің  айтуы  бойынша  нағашы  атам  өлең 



шығаратын,  ақынжанды,  әдеби  кітаптарды  оқуға  құмар, 

әңгімешіл, еңбекқор адам болыпты. Ол соғыс уақытындағы 

қиындықтарды  ұрпағымызға  көрсетпесін,    деп  айтып 

отыратын, -дейді үйдегілер. Мен Жеңісті жақындатуға үлес 

қосқан  майдангер  атамды  мақтан  тұтамын,  оны  жақсы 

көремін. Өйткені, мен оның жиеншарымын.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал