7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



жүктеу 0.96 Mb.
бет5/16
Дата02.11.2022
өлшемі0.96 Mb.
#23211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақ тілі 7-сынып БЖБ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2 «Көшпенділер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Оқу мақсаты:
О. 7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
Бағалау критерийі: Білім алушы
* публицистикалық және көркем әдебиет стиль ерекшеліктерін біледі;
*мәтіндердің тақырыбын анықтайды;
* мәтіндердің құрылымын салыстырады;
* мәтіндердің мақсатты аудиориясын табады;
* мәтіндерді тілдік ерекшелігіне сай салыстыра талдайды;
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану, талдау
Орындау уақыты 10-15 минут


Тапсырма.


Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау жасаңыз.
1-мәтін
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы омір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әр түрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтарымен қарым-қатынаста болып,жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшінталай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды.
Соның бірі, әйгілі әйел патша – Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қарсы соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған.
1-мәтін
«Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе! Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып пенде еттің. Енді менің мына ақылымды тыңда! Айла – амалмен біраз жауынгерлерімді тұтқын қылғаныңды қанағат тұтып менің ұлымды өзіме қайтарып бер де есен-сауыңда жөніңді тап. Егер олай етпесең тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қанша тойымсыз болсаңда, адам ханын сусынның қанғаныңша ішкіземін!» - деп жазады. Кир оқып шығады.
Томиристің тұтқынға түскен ұлы өзінің қандай күйге түскенін ұғып, өзін - өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында құлақ естіп, көз көрмеген сұрапыл соғыс болады. Парсыларды жайратып салады. Кир де өледі.
Томирис:
–«Маған Кирдің басын тауып әкеліңдер»,- дейді.
Томирис: Қан толтырған торсыққа Кирдің басын салып тұрып:
- «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегенде жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз!
- Енді тәңірге берген сертімді орындап, басынды қанға бөктіріп, сусынымды қандырғаннан басқа амалым жоқ».



Тақырыбы

Мәтін не туралы екенін анықтаңыз

құрылымы

Мәтіндердің құрылымын талдаңыз


жүктеу 0.96 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет