№7-8 (239-240) 7 сәуір 2016 жыл Наурыз мерекесі



жүктеу 0.57 Mb.

бет6/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

ГҮЛЗИЯ РАМАЗАНОВА

Қаракөл ЖОББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі 

Ақтай-сай ауылы, Қаратөбе ауданы

Наурыз тойын тойладық!

Подстепный  қазақ  ЖОББМ-де    «Қош  келдің,  әз-

Наурыз»  атты  әр  сыныпта  тәрбие  сағаттары  өткізілді.

Барлық оқушылар, ұстаздар ұлттық киімдер киіп,әр сынып 

сыныптарын  безендірді.Шара  барысында  көріністер 

қойылып,    ұлттық  салт-дәстүрлерімізбен  жақынырақ 

таныстық.Біздің  9  «а»  сыныбы  «бесікке  салу»  рәсімін 

көрсеттік.  Көріністе  баланы  бесікке  салудың  барлық 

рәсімдерін  жасадық.Алдымен  баланы  шомылдырып, 

содан  соң  балаға  «Өс-өс»  жасадық.Бесікті  жабдықтап, 

аластап,  бесіктің  түбегі  арқылы  келген  қонақтарға  тәтті 

мен  тыштырма  тараттық.Балаға  ат  та  қойып,баланы  бесіккке  бөлеп,  бесік  жырын  айттық.Келген 

қонақтарды  қамшымен  ұрып  та    шықтық.Бұрын  соңды  бұндай  рәсімдерді  көп  көрмеген  балалар 

көріністі  қызыға  тамашалады.Бір  ғана  көріністен  біз  біршама  мәлімет  алдық.Шара  соңы  мектеп 

мәжіліс залында өткен концертке ұласты.



Айнұр САЛИМОВА

Подстепный қазақ ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы, «Самал» газетінің жас тілшісі

Теректі ауданы

Армысың, әз Наурыз!



 

Сырым  ауданы,  Тоғанас  ауылы,  В.шубин  атындағы  ЖОББМ-

нің бастауыш сынып мұғалімі Г.Қажығалиеваның оқушыларды ұлттық 

үрдісте тәрбиелеудегі танымдық-тәрбиелік ашық сабағы.

Мақсаты:оқушыларға Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және қазақ 

халқының салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, халқымыздың әдеп-ғұрпы 

мәдениеті  туралы  толық  мәлімет  беру;  оқушыларды  елін,  Отанын  сүюге, 

патриоттық рухта және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.



Күй әуені.

1-ші жүргізуші

Наурызым – салтым жоғалып қайта 

табылған,

Шырағым болып алдымнан қайта жағылған.

Бабамның үнін ақ бата беріп жеткізген

Әз қадамыңнан жаныма мейірім табылған.



2-ші жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мұнда біз бар!

Жедел жүріп алаңға жетіңіздер,

Наурызға адал ниет етіңіздер!

Қарсы алып жылдың басын той тойлайық,

Өнімді еңбек етпек ой ойлайық!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық! 

(Шашу шашылады)



Оқушы: Наурыз – көнеден келе жатқан 

мейрам. Парсы тілінде «нау»-жаңа, «роз»-күн 

деген сөз. Бұл екеуі қосылып «Жаңа күн» деген ұғым білдіреді.

Оқушы:22 наурызда күн мен түн теңеледі, жан-жануарлар төлдеп

адамдардың аузы аққа тиіп, жер үстіне шаттық орнайды. Қазақ осы күнді 

«Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

Оқушы:Халық түсінігі бойынша даланы 21 наурыз күні даланы Қыдыр 

аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады.



Оқушы: Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал, 

ғажайып бейне.



Оқушы:Ұлыс күні еліміз үшін қасиетті, киелі санаған. Осы күні жауған 

қарды «Наурызша» деп атайды.



Оқушы: Тап осы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастархан жайып 

бір-бірін құттықтайды. Жұрт аппақ, таза, жаңа киімдерін киіп жадырап жүруге 

тырысқан.

Оқушы: Ұлыс күні араз адамдар бір-бірімен татуласып, достық орнаған. 

Бір-біріне ерекше тілектер тілеп, бата алған.



Ән: «Көктем»

1-2-ші сынып оқушыларының өнерін тамашалау

«Бипыл» биі.  «Қыз қуу» ойыны. Ұлттық ойын: 

«Орамалтастамақ»,

 «Сиқырлы қоржын»,  «Күш сынасу» ойыны,  «Қамажай» биі

Ауылдың ақсақалы бата берді.

Жүргізуші:Құрметті көрермен қауым, Наурыз мерекесіне арналған 

тәрбие сағатымыз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-

көп рахмет!

 

Наурыз Сіздерге тек құт пен береке әкелсін!



Г.ҚАЖЫҒАЛИЕВА

 

   

 

 

 

В.И.Шубин атындағы 

ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі 

Сырым ауданы

Табиғатқа тиіспе 

Адамзат


Табиғатты жақсы көремін

Адамзатқа берген керегін.

Бағаңды білсе Адамзат

Әлі де көп-ау берерің.

Жайқалып тұрған аққайың

Қамығып неге мұңайдың.

Бұтағыңа сенің кім тиді

Сыбырлап неге жылайсың?

Кім сені бұлай істеген

Пышақпен атын жазған ба?

Қабығыңды аршып тастапты

Жүрегі жоқтар тұрған да.

Адамбыз, біздер адамбыз

Ақыл да сана жетерлік.

Жылатып бірақ тұрсақта

Қойсаңшы болды демедік.

Мың тал жыл да ексекте

Сексенін өртеп жібердік

Табиғат  - ана кешірші

Бағаңды кеш түсіндік.



СЫМБАТ БЕКЕТОВА

№1 ЖОББМ-нің 3 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

Балаларының қуанышына бөленді

 

Мектебімізде Наурыз мерекесіне арналып оздырылған апталықтан 

біздің  сыныпта  тыс  қалмады.  Күні  кеше  мектеп  табалдырығын  аттаған 

бүлдіршіндерім  кәдімгідей  есейіп,  ұлы  мерекеде  ата-аналарымен  бірге 

сыныпта  ақ  дастархан  жайып,  ата-аналарымыз  Наурыз  көжесін  әкеліп, 

тәттілерімен бөлісті. Өздерінше шаттыққа бөленген шәкірттерімнің шат жүзін 

көріп,  шын  қуандым.  Сынып  ата-аналары  да  балғын  жүзді  балғындарының 

қуанышына риза болып, алғыстарын білдірді. 



АКГҮЛ ҚАЖЕНОВА

№47 ЖОББМ-нің 1 «ж» сынып жетекшісі

Орал қаласы

Әжелер ақылы

  Мектебімізде  2-сыныптар  арасында  Наурыз 

мерекесіне  арналған  «Әжелер  ақылы»  атты  шара 

өтті.  Шараға  2  «а»,  «ә»,  «б»,  «в»  сыныбының  әжелері 

қатысып,  бесікке  салу  рәсіміне  Каримуллин  Ануардың 

анасы  өзінің  алты  айлық  сәбиін  алып  келіп,  Байыр 

Мейіржанның  әжесі  Сәуия  және  Ергали  Ергеннің  әжесі 

Балым  бесікке  салудың  ырым-жорамалдарын  жасады. 

Оқушылар  бесіктің  астына  қол  созып,  тыштырма  жеп 

мәз-мейрам болды. 2 «в» сынып оқушыларының әжелері 

келгендерге Наурыз көже мен бауырсақ үлестірді. 

2-ші  сыныптың    «г»,  «ғ»,  «д»  сынып  ата-

аналары  «Өнерлі  отбасы»  байқауын  ұйымдастырып,    Меңдібаевтар  отбасы  «Дастархан»  әнін, 

Серікқалиевалар отбасы «Наурыз көктем» әнін, Мағзуовалар «Әгугәй» әндерін айтып өз өнерлерін 

ортаға  салды.  Қыздарымыз  би  билеп,  ұлдарымыз  арқан  тартысып,  Наурыз  мерекесінде  үлкен 

шаттыққа бөленді. 



№47 ЖОББМ-нің 2-сынып мұғалімдері

Орал қаласы



Алмас МАҚСОТОВ,

Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің 

3-сынып оқушысы, Жаңақала ауданы

Наурыз – көктем мерекесі



№7-8 (239-240)    07.04.2016 ж.

15

Қауырсын қалам

Қадыр атаға 

арнау

Қадыр ата ақынғой ол тұлғалы,



Ақын ата Отанын кең жырлады.

Бір жаманы атаны көрген жоқпын,

Бір жақсысы таниды елдің бәрі.

Қадыр ата шешен ғой жыры мәнді,

Өлеңімен жалғады ұлыларды.

Бір жаманы өзі жоқ арамызда,

Бір жақсысы есімі тірі калды.

Жұлдыздардан алатын жұлып бәйгі,

Ұлы ақынның есімін ел ұлықтайды.

Бір жаманы Қадыр енді оралмайды,

Бір жақсысы қазағы ұмытпайды.

АҚБОТА шИРМЕДИН

Ж.Досмұхамедов атындағы 

ЖББ мектеп-балабақша кешенінің 

4-сынып оқушысы 

Сырым ауданы

Астана


Арман қалам – Астанам

Болашағы зор жас қалам. 

 

Мәңгілік елдің мекені



Мен өзіңмен мақтанам.

ГАУХАР ТІЛЕКОВА

А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-нің 

3 сынып оқушысы

Мәңгілік ұран

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Батырлары елімізді қорғады.

Тәуелсіздік мәңгілік сен ұлансың

Батырлардың барлығына ұрансың.

Барлығы да батырлардың қолында

Жанын қиған тәуелсіздік жолында.

Жанын қиған даласы үшін, жер үшін

Жанын қиған жеңіс үшін, елі үшін



ЕРТАРҒЫН ҒАЛЫМОВ

Абай атындағы ЖОББМ-нің 

6-сынып оқушысы

Сарыкөл ауылы, Жаңақала ауданы

Тәуелсіздік туы 

биікте


Тәуелсіздік арайлы

Күн боп маған қарайды.

Елім менің Қазақстан

Таңғалдырған талайды.

Тәуелсіздік жанарым

Алысқа мен де қараймын.

Ертеңіне елімнің

Қуанышпен барамын.



АЯУЛЫМ КАТЕшОВА

№30 ЖОББМ-нің 

5 «б» сынып оқушысы

Қазақстаным

Егеменді Қазақстан елім

Даласы кең, ұлаң байтақ.

Ата-баба қасиетті тегім

Шексіз менде саған деген сезім.

Әрқашанда қадір тұтам сені

Еркелеймін, аялашы мені.

Жылдан жылға көркейе бергейсің

Жасай бергін Қазақстан елім!



ЖІБЕК БОЛАТОВА

№42 «Ақ ниет» гимназиясының

 2 «ж» сынып оқушысы

Отаным


Халқымның Отан ордасы

Құдайым мәңгі қолдашы.

Бауырмал болсын жолдасы

Өкпешіл еш болмашы.

Арайлы Астана

  Үлкен қала, бас қала.

   Өркендеп басты алға

      Жүреміз мақтана.



БЕКЗАТ КАРИМОЛЛИН

А.Байтұрсынов атындағы

 №10 ЖОББМ-нің 

4 «ж» сынып оқушысы



Отаным – Астана

Астана менің Отаным,

Жеңісім менің Отаным.

Шарықта биік қалықта,

Өзіңе ыстық сезімім.

Мейірімді менің қазағым,

Өркендей бер қазағым.

Ешқашан тайма тар жолда,

Асқақтай бер, қазағым!

АЙКӨРКЕМ МАХСОТОВА

№37 ЖОББМ-нің 

2 «б» сынып оқушысы 

Орал


 Неткен көркем қаласың,

 Сұлулығыңмен дарасың.

 Сұлу қыздай әдемі, 

 Нұрланып қалам жанасың.



 Вероника  ҚУАНДЫҚ

       №30 ОЖББМ-нің  

3 «б» сынып оқушысы

Ақжайығым

Ақжайығым өзенім,

Өзіңнен бәрін сеземін.

Сылдырлаған 

суыңнан,


Тұңғиықты көремін. 

Еркесұлу 

ҚОНСКЕРЕЕВА

Қызылтал ЖОББМ-нің 

4 «б» сынып оқушысы, 

Бөрлі ауданы

Ана

Анаңды сен құрметте



Анаңды сен ренжітпе.

Ана болса өмірдің

Мәні бар деп есепте.

ДИЛЯРА МАКИМОВА

Амангелді мектеп-

балабақшасының

3-сынып оқушысы, Тасқала ауданы

Анашым

Ақ сүт беріп аялап,



Өсірген ақ анашым.

Түнде ұйқысынан оянып,

Жұбаттың сен данасың.

МЕНСӘУЛЕ АЛДОНҒАРОВА

Совхоз мектеп-балабақшасының

4-сынып оқушысы

Атамекен ауылы, Тасқала ауданы

Менің атам

Менің атам мықты адам

Күштілерден ықпаған.

Жас кезінде өзінің                                                                                                                  

Жігіті жоқ жықпаған.

Менің атам мықты адам

Аяздан да қорықпаған.

Әр ауылда бастық боп

Биігі жоқ шықпаған.

Бар әлемде мен үшін

Одан артық жоқ адам

Сізді қатты сыйлаймын

Басқаларға қимаймын

Жақсы сізді көремін.

Ақылшым деп білемін

Жүзге жетіп ауырмай

Қасымда жүрші  қартаймай.

 Батырбек СЕМБИЕВ

Жайық ЖНББМ-нің  

2 «ә» сынып оқушысы, 

Жайық ауылы,

 Теректі ауданы 

Анашым


Мені өмірге әкелген,

Өзелерден  кем емес қып өсірген.

Түн ұйқысын төрт бөліп 

Жұбатып мені кешірген. 

Аяулы менің анашым 

Өмірдегі ең ақылды анасың

Бар баласын, ақылды қып өсірген 

Құтты болсын мерекеңіз анашым!



АСАН ҚОНАСОВ

Аңқаты ЖОББМ-нің 

6-сынып оқушысы 

Теректі ауданы

Анашым

Анам менің жасыл көкте жайнаған,



Біз сол көкте асыр салып ойнаған.

Шын жүрекпен жыр жазады перзентің

Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.

Еділ СЕРІК

Тегісшіл орта мектебінің , 6-сынып оқушысы, 

Жәнібек ауданы

«Менің әжем»

Ақылы бар дариядай,

Жүрегі кең даладай.

Әжетайым бар менің

Кейде аңқау баладай.



САЯ ҚАЙЫРЖАНОВА

№ 46 ЖОББМ-нің  

3 «в» сынып оқушысы

Отаным


Қазақ жері -Қазақстан 

Мөлдіреген ашық аспан.

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен –Қазақстан!



Айзат БАҚЫТЖАН,

 Приречный ЖОББМ-нің 

 2 «а» сынып оқушысы, 

Теректі ауданы

Отан 

Отан деген – Қазақстан!



Отанымды қорғаймын,

Отанымды сүйемін,

Отан деп соғар жүрегім!

АСАНӘЛІ ЕСТАЙҰЛЫ

№21 ЖОББМ-нің 

2 «б» сынып оқушысы

ҰЛЫ АТАНЫҢ МЕКТЕБІНДЕ ОҚИМЫН

Ықсановтай атаның 

Мектебінде оқимын.

Ұлықтап ұлы  есімін,

Көңілге әркез тоқимын.

Өнеге  етіп өмірін 

Баршаға біз мақтаймыз.

Ұмытпай ұлы тұлғаны 

Жадымызда сақтаймыз.

Қадыршат СЕРІКОВА

М.Б.Ықсанов атындағы

 №36 ОЖББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы 

Жан анам


Қызым, қызым дейсіз де,

Ұрысумен ұстайсыз.

Күнім, күнім дейсіз де,

Үйде отыр деп қыстайсыз.

Жаным, жаным дейсіз де,

Шапалақтап аласыз.

Өкпелер ем өзіңе,

Әттең, тәтті анамсыз!



Камила ДИЛЬМАҒАМБЕТОВА

                                    М.Ықсанов атындағы  

№36 ОЖББМ-нің , 2 «а» сынып оқушысы

Қарындасым

Айжанөгім, қандайсың?

Әр күні сен балдайсың.

Аппақ болып киініп

Сүп-сүйкімді болғайсың.



ТІЛЕК ӘЛІХАН

№44 ЖОББМ-нің 3 «в» сынып оқушысы

Көктем

Көктемім менің жадыра



Көктемім менің қуат бер.

Көктемім маған шуақ төк

Жылуыңды сыйлай бер.

Сыйла көктем, сыйлай бер

Сенің арқаң барлығы.

Көңілді етіп шығарған

Сенің арқаң көктемім.

Әр адамға қуат бер

Жылуыңды төге бер.

Менің алтын көктемім 

Сыйла көктем, сыйлай бер.

АИДА АМАНГЕЛДІ

№37 ЖОББМ-нің 

3 «д» сынып оқушысы

Шуақты көктем

Шуақты көктем нұрын төккен

Нұр себелеп әлемді күлімдеткен.

Небір ғажап табиғат жасап жатыр

Самал болып жүзімді сүйіп өткен.

Бағымда құстар сайраған

Жайлауда қозы-лақ ойнаған.

Көлімде балығым тулаған

Қандай көркем, көктемім жайнаған!



ТОМИРИС МАҚСОТ

А.Байтұрсынов атындағы  

№10 ЖОББМ-нің 

3 «б» сынып оқушысы

 Анашым

Анам менің-аялаған ақ гүлім,



Анам менің-бақытым мен    

 

 



шаттығым.

«Анашым» деп балаң жырын  

 

 

арнаған,



Неге ғана естімеген тәтті үнін.

Анам менің-өмірдегі тірегім,

Анам менің-кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасан,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін?

ФАТИМА СЫРЫМОВА

                       №37 ЖОББМ-нің 2 «в» оқушысы

Көктем

Көктем келіп, жер ақ нұрға бөленді 



Күнменен  түн міне бүгін теңелді. 

Күн шуағы нұр болған бұл көктемде, 

Жаңа жылмен қуантып мейрам келді. 

Бүрлер атып, гүлдер өсе бастады, 

Жап-жасыл жер, аппақ тонын тастады. 

Жыл құстары айдынымен табысып, 

Билеп жүрғой айналшықтап аспанды. 

Бүгін «Наурыз» мерекесі ұлттық той

Бәрі шықты мерекеге сергіп бой.

Осы Наурыз біздің жаңа жылда, 

Жүректегі өкпе, реніш бәрін жой. 

ЖӘҢГІР ҚАПЕЗОВ

Ақсуат ЖОББМ-нің 3 «в» сынып оқушысы

Ақсуат ауылы, Теректі ауданы

Көктем


Көктем келді, құс келді

Айналамыз гүлденді.

Қызыл түсті қызғалдақ

Даламызды құлпыртты.



НҰРҒАЛИ НҰРТАС

Ә.Жангелдин ЖОББМ-нің 1-сынып оқушысы

Мұхор ауылы, Жаңақала ауданы

Наурыз-думан

Көктем шығып,қар еріп,

Жадырайды қыр басы.

Ақ қайыңдар бүр жарып,

Жарасады сырғасы.

Жан-жануар, қой төлдеп,

Екеуі болар бір басы.

Барлық әлем гүлденген,

Наурыз - думан - жыл басы.



АЛДИЯР БЕГАТАРОВ

Березов мектеп-балабақшасы 

Бөрлі ауданы

КӨКТЕМ 

Көктем келер құлпырып,

Айналаны жайнатып.

Құлыншағым асыр сап,

Жүгіреді қуанып.

 Әйгерім ЖӘДІГЕР

№46ЖОББМ-нің

2 «а»сынып оқушысы

Көңілді күн

 

Жазғы ойын басталды



Күн де шыға бастады.

Шомыламыз суға біз

Шаттық шеңбер құрамыз.

 

АЯУЛЫМ ҚАНАТҚАЛИ

№20 ЖОББМ-нің 

2 «г» сынып оқушысы 

Атамекен 

Атамекен қадірлі, қасиетті,

Домбырам бар қолымда екі шекті.

Бес саусағым ойнаса құлағында

Бабамның елім деген зары жетті.

Жангүлім ИХСАН

№30 ЖОББМ-нің 

2 «д» сынып оқушысы

Әз-Наурыз

Ай мен Күн теңелетін

Қуанышқа кенелетін.

Наурыз десе бір адам

Қуанатын бар адам.

Наурыз көжеге тойып ап

Ән салайық би билеп.

Алыстан құс келеді

Шырылдаған дауысымен.



АЯГӨЗ ТҰРСЫНҒАЛИ

№30  ЖОББМ-нің 

2 «б» сынып оқушысы

Сарбазбын

Тегеурінді, бірегей

Әбіретті баламын.

Өскен кезде сарбаз боп

Елімді қорғау арманым.

Биікке өрлеу мақсатым

Білімді болу бағытым.

Батыр аға-апаның

Ұмытпаймын жақсы атын.

Сарбазбын қазір кішкене

Өсіп келе жатырмын.

Туып өскен жерімді

Қорғауға мен парызбын.



БАТЫРХАН ХАЙРУЛЛА

№46 ЖОББМ-нің 

3 «д» сынып оқушысы

Жұм

бақ

Бояу


ларың шашылмайды,

Аяққа да б

асылмайды.

Мұқиятт


ап жинап салсаң,

Сен ашпасаң шашылмайды.



СҰЛТ

АН Б

АХИТ

ОВ

№37 Ж


ОББМ-нің 

2 «б» сынып оқушысы



№7-8 (239-240)   07.04.2016 ж.

16

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілген

Индексі: 65771

Газет айына екі рет  шығады

Таралым 3 000 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.



 

Бас редактор:



Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-775-505-51-31

Газет ЖШС 

«

Полиграфсервис



»

 

баспаханасында басылады.



Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1

Тел.: 51-41-99 

Редакция мекен-жайы:

Орал қаласы, пр. Евразия 

89/79, Факс: 26-93-62 

samal-gazets@mail.ru 



Самал сенің газетің

Қиялына ерік бердік балғындардың



 Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік жоспары аясында 1-сыныптарға «Ертегі, сыр шертеді» атты тәрбиелік 

шара  оздырылды.  Оқушыларды  ертегілер  мазмұнымен  таныстыра  отырып,  балалардың  бейнелеу  қабілетін 

шыңдау мақсатындағы шараға әр сыныптан екі-екі оқушыдан қатысты.

 «Қиял ғажайып», «Тұрмыс-салт», «Шыншыл» топтарына бөліп сайыстырдық. Оқушыларға жалпы ертегілер 

туралы  мағлұмат  беріліп,  ертегі  түрлеріне  байланысты  ертегілерден  үзінді  көрсетілді.  Тәрбиелік  шара  сайыс 

түрінде  жүргізілгеннен  кейін  қызықты  түрлі  тапсырмалар  ұсынылды.  Сөзжұмбақ,  жұмбақ,  ребустарды  шешуде 

өздерінің  алғырлығымен  көзге  түсті.    Қорытындысында  әр  топ  өз  топтарының  атына  байланысты  ертегілерді 

бейнеледі. Соның нәтижесінде, әділқазылар алқасы әр топтың ұпайларын есептей келе І орынға «Тұрмыс салт» 

тобы, ІІ орынға «Шыншыл» тобы, ІІІ орынға «Қиял-ғажайып» топтарына беріп, сый-сияпат ұсынды. 

АҚБОТА ТҰРАР, НАЗЕРКЕ ІЗІМБАЕВА,

№47 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері

Орал қаласы

Сыныптағы мереке



  Біздің 

сыныбымызда 

Наурыз 

мерекесі 



күшті 

өтті. 


Ұстазымыз 

Гүлмира 


Дауылбайқызы 

ата-аналармен 

бірге 

дастархан 



жайып, 

келгендердің  ақ  батасын  алды. 

Сыныптастарым 

ән 


салып, 

би  билеп  ұлттық  ойындарды 

ойнадық.  Мен  жүргізуші  болдым. 

Жауапты  жұмыс  екен.  Көптің 

алдында  тұру  қиын.  Бірақ  бәрі 

жақсы болды. Мен адамзатқа бар 

жақсылықты тілеймін.

ДӘУРЕН ҚОЖАҒҰЛ

№25 ЖОББМ-нің 3 «ә» сынып оқушысы



Ұқсас жолдар

Бас киім-hat                                  Шошқа-pig

Мысық- cat                                  Үлкен -big

Балық - fish                                    Ұшу- fly

Ыдыс – dish                                  Аспан – sky

Доп-ball                                          Үй-house 

 Ұзын- tall                                     Тышқан-mouse

  Бала-   boy                                  Пісіру-cook

Ойыншық  - toy                           Кітап-book              

Кітап- book                                 Түлкі-fox

Қарау-look                                  Жәшік-box

Мысық-cat        

 

 Ақ-white



Семіз –  fat                             Түн-night

Бес-five                                    Он-ten

Өмір-life                               Қалам-pen

МАДИНА ЕРАЛИЕВА

№5 ЖОББМ 4 «ғ» сынып 

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы 

Алгебра пәнінен жұмбақты 

ребус арқылы шешу 

ах

1. 



2

+вх+с=0 теңдеуінде а=1 болса,бұл теңдеуді қалай атайды?



АМИНА ТӨЛЕУОВА

Березов мектеп-балабақша кешенінің, 8 «а» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

Туған жер –

алтын бесік»

  

 Мәдина ИМАшЕВА 

Федоровка ЖОББМ-нің 

4-сынып  оқушысы

Федоровка ауылы

Теректі ауданы

ГУЛЬФАЙРУС МЕРГЕНОВА

Есенсай ЖОББМ-нің 

3-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы



Ребус

Қа  


,,,,      ,,,,  

р, И қо я 

,,,,  Н 

,

АЙшА КАМЕшОВА

Бөрлі қазақ ЖОББМ-нің 2-сынып оқушысы

Бөрлі ауданы



Жұмбақ

Турасаң көзді ашытады,

Тамаққа салсаң дәмін жайнатады.

АЯЖАН ХАСАНОВА

№5 ЖОББМ 4 «ғ» сынып 

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

АҚБОТА КЕНЖЕБАЕВА

Қанай мектеп-балақша кешенінің

 4«а» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

Анеля 

ЗЕЙНЕТУЛЛИНА

№3  ЖОББМ-нің 

3 «ә» сынып оқушысы 

Жаңақала ауданы, 



Жаңақала ауылы


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал