№7-8 (239-240) 7 сәуір 2016 жыл Наурыз мерекесі



жүктеу 0.57 Mb.

бет5/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

Нұртас ИЛЬИЯСОВ, 

«Краснояр ЖОББМ-і Эстетикалық пәндер 

бірлестігінің жетекшісі,  Ақжайық ауданы

Ауыл азаматына айтар 

алғысым шексіз

Алматы  қаласында  «Нұрлы  жастар»  орталығының  ұйымдастыруымен  өткізілген 

балалар 

мен 


жасөспірімдер 

арасында  мәнерлеп  оқу,  ән-

би  номинациялары  бойынша 

«Аялы  маған  ананың  алақаны» 

атты  Республикалық  конкурсқа 

облысымыздың  Ақжайық  ауданы 

атынан  4-сыныпта  оқитын  қызым 

Эльнара  Минутова  мен  8-сынып 

оқушысы  Сымбат  Таржманова 

би 


номинациясы 

бойынша 


қатысып,  екеуі  де  ІІ  дәрежелі 

лауреат  атағының  дипломымен 

марапатталып, әділқазыларды және көрермендерді өз өнерлерімен таңқалдырды.

Республикалық конкурсқа қатысуына себепші болып, балаларымыздың өнерінің 

ашылуына қамқор бола білген жетекші ұстазы,тәрбие ісінің меңгерушісі Таржманова 

Анар  Бақытжанқызы  және  осы  сайысқа  баруларына  үлкен  демеушілік  көрсеткен 

ауылымыздың  «Рамазан»  шаруа  қожалығының  меңгерушісі  Батыргерей  Байдуллин 

ағайға  ата-аналар  атынан  ризашылығымызды  білдіремін.Қыздарымыздың  биіктен 

көрінуі ата-ана үшін үлкен мәртебе, сондықтан баланың бағбаны болып жүрген осындай 

ұстаздар мен қайырымды азаматтар еліміздің айнасына айналуына тілектеспіз.

Ата-ана: 

Нұрайна АЙТҚАЛИЕВА

Тінәлі ауылы, Ақжайық ауданы

Мың алғыс сізге, 

ұстазым!


Ұстаз деген биік тұлға,нар тұлға,

Бағасына жетпес күміс, алтын да.

Жылдар өтіп жатса-дағы,ғасырлар

Ісі менен ізі қалар артында.

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, бала оқытуға арнаған ұстаздарға деген 

құрмет  ерекше.Балаларымыздың  жүрегіне  ізгілік  отын  жағып,білім  нәрімен 

сусындатқан,мереке  күндері  ән  салдырып,би  билеткен,  түрлі  шаралардың 

жеңімпазы  атануына  себепші  болған  ұстазымыз  Анаргүл  Елеусінқызына 

шын  көңілден  ата-аналар  атынан  ризашылығымды  білдіремін.  Биылғы  оқу 

жылында  «Қош  келдің,  Наурызым!»  атты  тәрбиелік  шара  өткізіп,  қазақтың 

салт-дәстүрлерін, тиым сөздерін, ұлттық ойындарын көрсетіп, ата-аналардың 

көңілінен  шықты.  Бұл  тәрбиелік  шарада  қазақтың  салт-дәстүрлері  «Бесікке 

салу», «Тұсау кесу» көріністері көрсетіліп, қазақтың ұлттық ойындар «Қыз қуу», 

«Тымпи», «Ақсүйек», «Қол күресі» ойында ры ойнатылды.

Анаргүл  Елеусінқызына  мың  алғыс  айта  отырып,  шәкірт  тәрбиелеу 

жолындағы  еңбегіңіздің  жемісті  болуын  тілейміз.  Сіз  тәрбиелеген  шәкірттер 

білім бәйгесінің биігінен көріне берсін демекпіз.

МИРА ТАЙБАГАРОВА

Федоровка қазақ ЖОББМ-нің, 2 «а» сынып 

ата-аналарының атынан, Теректі ауданы

Асыл тастан жасалған 

зергерлік бұйымдар

Облыстық  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтері  арасында  өткен  «Ойнайық 

та  ойлайық»  атты  видеороликтің  сырттай  байқауына  Талап  ЖОББМ  мектеп-

балабақшасының аға тәрбиешісі Құсинова Гүлбарам Ғалымжанқызы ауданнан 

бірінші  орын  алып,  дипломға  ие  болды.  «Асыл  тастан  жасалған  зергерлік 

бұйымдар»  атты  ашық  сабағы  өте  жақсы  өтіп,  өз  мақсатына  жетті,  күтілген 

нәтижені де түсініп тәрбиеленушілердің ойлау арқылы ой-өрістері дамыды.

Сабақ  шаттық  шеңберімен  басталды.  Әуелі  әже  қоржынын  алып,қонаққа 

шығайын  деп  жатырған  жерінен  немерелері  зергерлік  бұйымдарын  шашып 

тастаған, соны балалар жинап көмектесті. Әрбір зергерлік бұйымды қоржынға 

тағу үшін балаларға тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды қызыға әрі тез 

орындап  отырады.  «Моншақтар»ойыны  ойналды,  математикалық  жұмбақтар 

шешті.  Берілген  тапсырмаларды  өз  бетімен  орындау  дағдысын  меңгерді. 

Үлкендерді  сыйлауға,  оларға  қолғанат  болуға  үйретті.  Сөйтіп,  Гүлбарам  

Ғалымжанқызы өз ұжымының, өз әріптестерінің үмітін ақтап, өз ісінің шебері 

екенін көрсетті.



Р.ОшАНОВА

Талап мектеп-балабақшасының әдіскері

Жұбан ауылы, Ақжайық ауданы

Асыл әжем

         Әже - мейірімді,  асыл  адам.  Менің әжем маған бәрінен қымбат. 

Ол өте шебер, өнерлі. Тағамдарды дәмді дайындайды.  Ол ауылда тұрады. 

Мен демалыста әжеме қыдырып барамын. Шұлық тоқуды, құрт жасауды 

үйретті. Оны ауылда бәрі сыйлайды.



ЖҰЛДЫЗАЙ ЖҰМЫРОВА

Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ-нің

3 «а»  сынып оқушысы

Тасқала ауданы 

Ұстазыма мың алғыс!

 

Ұстаз – ұлағатты ой иесі. Шәкірт тәрбиелеп, сан жыл еңбегін бала болашағына арнап, 



өз уақытын аямайтын асыл жандар. Сол үшін де ұстаз теңдесі жоқ тәлімгер ұлағат иесі. Сондай 

жандардың  бірі  –  технология  пәнінің  мұғалімі  –  Гүлжан  Темірболатқызы.  Біздерге,  яғни  қыз 

балаларға  технология  сабағында  берер  өнері,  үейретер  тағылымы  мол.  Бізге    гобелен  тоқу,  іс 

тігу,  түрлі  моншақтан  әшекей  бұйымдар  т.б.  жасап  үйретеді.  Ол  кісінің  бойындағы  бар  өнерді 

үйренгіміз келеді. Апайымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, алғысымызды 

білдіреміз.



№47 ЖОББМ-нің 6 «а» сынып оқушылары

Мәдина ОРАЗОВА

№20 орта мектептің   

4 «в» сынып оқушысы

Ұстазым

«Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқанында  көп мән 

бар.  Өйткені,  оқушы  мектепте  мұғалімнің  еңбегі  арқылы 

оқу,  білім,  тәлім  алады.  Мұғалім  оқушыны  жақсылыққа, 

ізгілікке,  бақытқа  жетелейді  –  деген  Ыбырай  атамыздың 

қанатты  сөзі  менің  ұстазым  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәні 

мұғалімі,  әрі  сынып  жетекшім  Сүндеткалиева  Арайлым 

Садуақасқызына  айтылғандай.  Ұстазым  ешбір  ұстазға 

ұқсамайды.  Себебі,  жоғарғы  білімді,  өз-өзіне  сенімді, 

ұстаздың  өнерге  қабілетті  жанға  ғана  шәкірттері, 

оқушылары  міндетті  түрде  құлақ  асады,  тыңдайды, 

бағалайды.  Сынып  болып  Арайлым  апай  беретін  әрбір 

сабақта өз бойымыздағы ашық айтып, үйреткендерін миға 

жақын алуға тырысамыз.

«Бықсып  жанған  қолымта  емес  –  артымызда  шоқ 

қалсын,  болашақтың  ошағында  біз  тұтатқан  от  жансын» 

деген мақсаты бар менің сүйікті ұстазымның еңбек жолының 

қарыштап  дамуына,  білім  санасында  шығармашылық 

табыстарға жете беруіне тілегімді білдіремін!

Аяжан НАУРЫЗБАЕВА

Чеботарев негізгі мектебінің

8 «а»  сынып оқушысы

Зеленов ауданы

Көктем келді

Көктем келді алақай!

Құстарды қарсы аламыз,

Ұя жасап оларға,

Қамқорлыққа  аламыз.

Ернар ЖОЛДАСОВ

 ЧувашкаЖОББМ-нің 

2-сынып оқушысы

Чувашка ауылы, Зеленов ауданы



№7-8 (239-240)   07.04.2016 ж.

12

Менің мектебім

Мен  Аңқаты  ЖОББМ-де  оқимын.  Мектеп  екі 

қабатты. Ол ауылдың шетінде орналасқан. Менің 

сыныбым бірінші қабатта орналасқан.Мен үшінші 

сыныпта  оқимын.  Менің  сыныбым  жылы,жарық 

және  кең.Біздің  сынып  –екінші  үйіміз.  «Оқу-білім 

бұлағы,  білім-өмір  шырағы»  дегендей,  білім 

ошағы арқылы көп жетістіктерге жетеміз. Сынып 

жетекшім  Ахметова  Латипа  Жоламанқызы.  Бізді 

апайымыз  оқуға,  жазуға  үйретті.  Бәріміз  апайды 

жақсы  көреміз.  «Тарыдай  болып  кіресің,  таудай 

болып шығасың» дегендей, мектептен он бірінші 

сыныпты бітіріп шығамыз.Мен мектебімді мақтан 

тұтамын.

АЯНА НҰРҒАЛИ 

             Аңқаты ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Теректі ауданы

Ана – қасиетті есім

          Анам  баласының  үлгілі  азамат 

боп  өсуі  үшін  бар  күшін  салып,  тер 

төгеді.  Ананың  махаббатына,  құдіретіне 

тамсанған  талай  ақын  ана  туралы 

ән  арнап,  жыр  жазған.  Барлық  адам 

ана  алдында  ақ  сүтін  ақтап,  ананың 

шашына ақ түсірмей аялау керек. Менің 

анам  өте  ақылды.  Мен  анам  барда 

алаңдамаймын.  Ол  мені  үнемі  қорғап 

жүреді. Мен анаммен бақыттымын.



ТІЛЕС АЙАСЫЛ

Совхоз мектеп-балабақшасының 

3-сынып оқушысы

Атамекен ауылы, Тасқала ауданы

Менің атам мен әжем

Менің  өте  еңбекқор  атам  мен 

мейірімді әжем бар. Атам Жұбандықов 

Нұрлыбек  -  Тасқала  колледжінде 

мұғалім  болып  көп  жылдар  бойы 

еңбек етеді. Барлық техниканың тілін 

біледі.  Әрі  мені  де  үйретіп  отырады. 

Ал  әжем  Жұбандықова  Тамара 

ауруханада  медбике  болып    істейді. 

Әжем мені үнемі таза жүруге, ұқыпты, 

әдепті болуға тәрбиелейді. Мен атам 

мен әжемді жақсы көремін. Олардың 

ешқашан ауырмай, аман жүргендерін тілеймін. 

НҰРАСЫЛ ӨМІРЗАҚ

 Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ-нің

2 «в» сынып оқушысы, Тасқала ауданы

Адамгершілік –  

ең құнды қасиет

 

Жалпы білім беретін  Көздіғара негізгі мектебінде 1,2-



сынып аралығында  қайырымдылық акциясына байланысты 

тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына  оқушылар  адамгершілік 

туралы  пікірін  білдіре  алды.  «Ар-ұят  шеңбері»  тренингке 

оқушылар  жаппай  өз  бойындағы  жаман  қасиетті  парақшаға 

жазып,  ар-ұят  шеңберіне  тастады.  Тренинг    осылайша 

жалғасын  тапты.  Сонымен  қатар,  «Не  жақсы?  Не  жаман?» 

ойынына  да  оқушылар    өз  бойындағы  бір  жақсы,бір  жаман 

қасиеттерін  айтып  шықты.Тәрбие  сағатында  оқушылар 

адамгершілік туралы көптеген ақпараттар алды. 

Көздіғара негізгі мектебінің 

1-сынып оқушылары

Сырым ауданы

Менің анам

                      Менің  анамның  аты  –  Гүлшат. 

Мен  анамды  қатты  жақсы  көремін.  Себебі, 

ол  да  мені  қатты  жақсы  көреді.  Анамның 

қазіргі жұмысы мен және менің сіңлімді бағу. 

Ол бізге тамақ пісіреді, киімдерімізді жуады. 

Соның  барлығын  бізге  үйретеді.  Анам  мектепте  және 

университетте өте жақсы оқып, студенттерді оқытты. Ал 

қазір маған сабақ оқуға көмектеседі. Ол бізді мектепке, 

балабақшаға  алып  барады,  алып  кетеді.  Жолда  жүру 

ережесін  үйретеді.  Бос  уақытында  қағаздан  әдемі 

себеттер жасайды, тоқиды, тігеді. Бізге де соны үйретеді. 

Анам әр уақытын пайдалы өткізеді. Өйткені, менің анам 

ең жақсы адам.



Нұрай  ӘДІЛХАМИТ

№42 «Ақ ниет» гимназиясының 1 «в» сынып оқушысы

Менің парызым

Әрбір  адамның  арманы  шексіз  әсіресе 

балалардың.  Менің  арманым  оқуымды  жақсы 

бітіріп,  Отан  алдындағы  борышымды  өтеу, 

ақын,  суретші  болу.  Кез  келген  адамның 

арманы  оңайлықпен  орындала    салмайды.  Ол 

үшін  тымбай  оқу  керек.  Халқымыз  айтқандай 

армансыз адам,қанатсыз құспен тең. Әр адамның 

жан  дүниесінде  өз  арманы  бар.  Еліміз  көркейіп 

алға басуын қалаймын. Болашақта Қазақстанды 

көркейту менің парызым.

МЕРЕЙ шАЙДРАХМАНОВ

Ақжайық ЖОББМ-нің 4-сынып оқушысы

Ақжайық ауылы, Теректі ауданы

КҮЛМЕ  КӘРІГЕ

Кәрі адамға күлуге болмайды.Өйткені қазақта 

«Үлкенге – құрмет,  кішіге- ізет» деген мақал бар. 

Оның  мәні  мынадай:  үлкенге  күлуге  болмайды. 

Өйткені үлкен адамға күлсе, сен  сондай болғанда 

өзің  секілді балалар өзіңе күледі.

Мен  үлкен  адамға  қолымнан  келгенше 

көмектесуге тырысамын.Достар, кәрі, қарт, жасы 

үлкейген адамдарды көрсек, оларға қолымыздан 

келгенше көмек көрсетуге тырысайық!



Дильназ ДАНИЯРҚЫЗЫ 

Аңқаты ЖОББМ-нің 2- сынып оқушысы

Аңқаты ауылы,Теректі ауданы

ӘЖЕМЕ

Менің әжемнің аты - Жұмасұлу. Ол 

64  жаста.  Екі  ұл,  екі  қыз  тәрбиелеп 

өсірген  ана.  Әжемнің  4  немересі, 

3  жиені  бар.  Бәрімізді  де  еркелетіп 

отырады.  Мейірімділігін  көрші-қолаң, 

туған-  туыстар  да  біледі.  Біз,  бәріміз 

оны  ренжітпеуге  тырысамыз.  Өйткені 

әжем ешкімге жамандық ойламайды.

Арсен ӨТЕГЕНОВ 

Родник негізгі мектебінің 

1-сынып оқушысы, Айнабұлақ ауылы, 

Тасқала ауданы

 Біздің сынып

 

Біздің сыныбымыз екінші 



қабатта  орналасқан.  Сынып  іші 

жарық әрі кең. Сынып оқушылары 

бір-бірімен  тату  әрі  қамқор 

боп  жүреді.  Себебі,  біз  тәртіпті 

сыныппыз. Сынып оқушылары әрі 

сабақты жақсы оқиды. Ұстазымыз 

сұрақтар  сұраса  біздер  дайын 

тұрамыз.  Мен  өз  сыныбымен 

мақтанамын!

ЖАНЕЛЬ НҰРЛАН 

№44 ЖОББМ-нің 

3 «е» сынып оқушысы

Менің досым

Менің  достарым  өте  көп,  соның  ішіндегі 

ең жақыны – Ақылбек. Біз балабақшадан бері 

дос болып, бірге  өсіп  келеміз. Ол сабырлы, 

ұқыпты, спортқа  құмар бала. Мен досым үшін 

өте қуаныштымын, өйткені ол үш рет аудандық 

қазақша  күрес  сайысына  қатысып,  жүлделі 

бірінші орынды иеленді. Оның алғашқы жеңісі 

2015  жылы    «Жасөспірімдер  арасындағы  

аудан чемпионатында»  бой көрсетсе, биылғы 

жылы тағы да мектебімізге, ауылымызға үлкен 

қуаныш  сыйлады.  Осындай  адал,  жігерлі 

досым  барына мен қатты қуаныштымын!



РАСУЛ РУСЛАНҰЛЫ

Аққозы ЖОББМ-ның 

6-сынып  оқушысы, Қаратөбе ауданы

Кім болам?

                               Суретші болу - арманым,

                               Қызығып оны таңдадым.

                               Болашақта суретпен

                               Елімді таныту-мақсатым.

 

Мен  №  20  ЖОББМ-нің  4  «б»    сынып  оқушысымын.  Сабағымды 



өте  жақсы  оқимын.  Сабақтан  кейін  сурет  үйірмесіне  де  қатысамын.  Сурет 

үйірмесі  -менің  арманымның  бастауы  деп  ойлаймын.  Сурет  әлемі  -әдемі, 

қиялды әлем. Суретке  қарап, адамның көңіл-күйін,  не ойлап, нені меңзеп 

отырғанын,  оның  орындаған  туындысынан  білуге  болады.  Сурет  адамның 

қиялынан  туады. Мен сурет салғанды   жақсы көремін. Сурет жайлы көп білу 

үшін кітаптарды көп оқимын. Сұлулылық пен қиялдың өлшеусіз әлемінің қыр 

сырын біліп,  болашақта суретші болғым келеді. Сурет өнерін биіктен көрсетіп,  

қазақ  елімін  басқа елдерге паш ету - менің арманым. Өз мақсатыма жету 

үшін сабағымды жақсы оқып, биік белестерден көрінгім келеді. Білімді болсаң  

ғана,  жақсы нәтиже болатынына мен сенемін.



МЕРУЕРТ МҰҚАНОВА

            № 20 ЖОББМ-нің 4 «б»  сынып оқушысы 

Менің ұстазым

Алғаш мектепке келгенде мені қарсы алған 

ұстазым - Досмұханова Қарлыға Қамешқызы.Ол 

маған  жазуды,  оқуды,  есеп  шығаруды  үйретті.

Ұстазымның  көмегімен  мен  сабақты  жақсы 

оқып,  оқу  озаты  болдым.  Қарлыға  апай  өте 

мейірімді,  ақкөңіл,  білімді,  сыпайы.  Ол  өзінің 

барлық білгенін бізге үйретеді. Біз апайды жақсы 

көреміз, мақтан тұтамыз.

«Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден 

балаға» деген сөз дәл біздің апайға айтылғандай. 

Досмұханова  Қарлыға  Қамешқызы  көптеген 

шәкірттің жүрегіне жол тапқан ардақты,құрметті 

ұстаз.  Шәкірттік  ақкөңілмен  ұстазыма  зор 

денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!

АҚБОТА БЕРКІНҚЫЗЫ

Еңбекші НЖББМ-нің  4-сынып оқушысы

   Қызылжар ауылы, Ақжайық ауданы 

Сыныбым


Мен  Молдаш  ата  атындағы  мектептің  бесінші  сынып  оқушысымын. 

Біздің    сыныпта    19    оқушы.  Бір-бірімізбен  өте  татумыз.  Көмек    керек  

болған    жағдайда    үнемі    қол    ұшын    береміз.  Әрбір    елдің    келешегі  

мектебіне    байланысты    дегендей,  ұстаздарымыз    біздің    бойымызға  

ұлттық тәрбиені, білімдерін  сіңіруде. Біздің  сынып  жетекшіміз – Динагүл  

Болатқызы. Мен апайымды мақтан етемін. Ол  кісі  бізді  өнерлі, білімді, 

әдепті, отаншыл, тату  болуға  жетелейді. Біз  коп  армандаймыз. Біріміз  

дәрігер, біріміз  мұғалім, біріміз  құрылысшы  болғымыз  келеді. Бәріміздің  

армандарымыз    орындалады    деп    ойлаймын.  Қиялдауға,  армандауға  

үйреткен  ұстаздарымыздың  еңбегі  зор. Оларға  айтар  алғысым  шексіз.



 Эльнара  БАҚЫТЖАНОВА 

М.Қаналиев атындағы  Алғабас  орта  мектеп-балабақша  кешенінің  

5-сынып оқушысы, Алғабас ауылы, Сырым ауданы

Шаштараз 

Әлемдегі адамдардың барлығының 

жағдайын 

ойлайтын, 

түр-әлпетін 

әсемдікке  келтіретін,  әрине  ол  - 

шаштараз.  Шаштараз  мамандығы  - 

екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейтін 

кәсіп.  Шаштараз  мамандығын  игеру 

үшін арнайы курстардан өтіп тәжірбие 

алу  керек.  Сонда  ғана  ол  адам  білікті 

маман иесі болады. Баланың шашының жақсы болғанын, 

өз  келбетіне  жарасып  тұрғанын  ата-анасы  да  қалайды. 

Сол себепті де шаштаразшылардың орны ерекше.

ӘЛІшЕР ҒАББАС

Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ-нің

 3«а» сынып оқушысы

Жымпиты ауылы, Сырым ауданы

  Алғыс білдіремін

Менің  қазақ  тілінен  сабақ  беретін  ұстазым  бізге 

«алғыс білдіремін» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар 

деген  ұсыныс  айтты.  Сонда  менің  ойыма  бірден  Сара 

Алпысқызы  Назарбаева  түсті.  Мен  үлкен  жүректі  анаға  

шын алғысымды білдіремін. Осындай керемет «Бөбек» 

қорын ашқаны үшін көп – көп алғысымды білдіремін. 

Оның игі істеріне өте ризамын. Ол жетім балаларға 

қол  ұшын  беріп,  оларға  аналық  сезімін  және  махаббатын  сездірді. 

Әрине, ол қазір мыңдаған баланың анасы. Мен оны өз анамдай жақсы 

көремін. Оған тек мен емес барша бала алғыс білдіреді. Мен де өскенде 

Сара Алпысқызы Назарбаева секілді «Бөбек» қорын ашып, балаларға 

қол ұшымды созғым келеді.

Аделя  САХИПОВА

Приурал мектеп-балабақша кешенінің

5 «а» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

Өздерің жазған хаттардан

Шынықсаң – шымыр боласың

Спорт – біздің досымыз. Өйткені спортпен 

шұғылдансаң  денің  сау  болады.  Үнемі 

жаттығу жасасаң, шымыр, денелі боласың. 

Мен мектепте күрес үйірмесіне қатысамын. 

Бақтияр    Артаев,  Ермұхан    Ибраимов 

ағаларым сияқты  болғым келеді. Ол үшін 

көп  жаттығу  жасауым  қажет.  Сонымен 

қатар  би  үйірмесіне  де  қатысып  жүрмін.  

Үйірмеде әр түрлі қимылдар жасап, денемізді ширатамыз. 

Шынықсаң  –  шымыр  боласың  дегендей  спортпен 

шұғылданайық дегім келеді. 

БАУЫРЖАН ИСА

Ғұмар Қараш атындағы мектебінің

2-сынып оқушысы 

Жәнібек ауданы Борсы ауылы



№7-8 (239-240)    07.04.2016 ж.

13

Сәуір айында келетін құс

1. 

Жыл мезгілі



2. 

Сусынның бір түрі

3. 

Не оттан ыстық?



4. 

Көктемде алғаш гүлдейтін  

5. 

 

 



 

өсімдік?


Көктемнің соңғы айы?

6. 


ДАНИЯЛ ҚУАНЫшҚАЛИЕВ

№46 ЖОББМ-нің 3 «б» сынып оқушысы

1.Қарақшылар басшысы

2.Атақ


 

3.Құрал


 

4.Өз ісінің шебері

 

 

5.Ырыс- құт



 

 

6.Аңыз батыры



 

 

7.Әсемнің баламасы



 

 

8.Құстың атауы



МҰРАДЫМ 

ЖАНДЕТҚАЛИЕВ 

№ 37 ЖОББМ-нің 

3 «г» сынып оқушысы 

1.Төрт түліктің бірі

2....... боламын десең, бесігіңді түзе

3.Ешкінің төлі

4.Өнер алды қызыл  ....

5.Біреуге  ... қазба,өзің түсесің

6.Ұшатын жануар

7.Жыл мезгілі

8.Қыс айының бірі

9.Ас атасы- ...



ЕРАСЫЛ САЯСАТОВ

 № 37 ЖОББМ-нің 3 «г» сынып оқушысы 

Көп оқитын адамды кім деп 

1. 


атайды?

Бал жинайтын жәндік

2. 

Тұщының синонимі



3. 

Ешкінің төлі

4. 

ӘДІЛЖАН ХАМИТОВ

 

№30 ЖОББМ-нің 



3 «ж» сынып оқушысы 

1.Тікенекті жануар?

2.Сүттен жасалған тағамның бір 

түрі?


3.Үйдің үлкені кім?

4.Оқушының бесігі?

5.Құрлықтағы улкен жануар?

6.Ойын түрі?

7.Аспанда ұщатын көлік?

8.Жылқының төлі?

9.Уақытты анықтайтын құрал?

МАДИНА АҚҚОБАН

№ 20 ЖОББМ-нің 

2 «а» сыныбы оқушысы 

Қазақтың ұлттық  

1. 

аспабы


Сүйсініп жейтін көкөніс

2. 


Хош иісті гүл

3. 


Әжелеріміз не тағады?

4. 


Ас үйде болатын зат

5. 


Жігіттің сыңары

6. 


АЯГӨЗ ТҰРСЫНҒАЛИ

№30 ЖОББМ-нің 2 «б» сынып оқушысы

Қыз есімі-Қуанышты сөз

1. 


Бес парыздың бірі-Дәуір (син.)

2. 


Ешкінің төлі-Мең (син.)

3. 


Ыдыс-...тің қаруы күші

4. 


Тон-Үлкен (ант.)

5. 


Горчица (қазақша)-жабық (ант.)

6. 


Ақ, сары, көк-Ананың ...і бал

7. 


Жатыс септігінің сұрағы-Үйдің бір бөлшегі

8. 


Еркіндік-Сүттен ақ, судан ...

9. 


Ұл бала есімі-Ыдыс

10. 


АЯУЛЫМ ҚАЙЫРОВА

А.Құсайынов атындағы ЖОББМ-нің 4-сынып оқушысы

Мұратсай ауылы, Бөкей Орда ауданы

Қазақтың ұлттық аспабы.

1. 

Астана қандай өзеннің жағалауында 



2. 

орналасқан? 

Ұлыстың Ұлы күні.

3. 


Зеңгі баба ненің пірі?

4. 


Жемістің атауы.

5. 


Киіз үйдің бөлігі.

6. 


Түйе тектес жануар.

7. 


Бірлік сөзіне мәндес сөз. 

8. 


Оқу құралының бірі.

9. 


АХМЕТ ДОСЫМЖАН

Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ-нің

2 «в» сынып оқушысы,Тасқала ауданы

Күн жүйесіндегі ең жарық планета

1. 

 

ең ыстық планета



Ғалымдар бұрын қай планетаны  

2. 


 

жұлдыздар қатарына қосты?

Жер   серігі-.... 

3. 


 

 

 



Әлсіз планета

4. 


Күнге ең жақын  

5. 


орналасқан планета 

Жерден 90 есе  

6. 

үлкен ғаламшар 



Жетінші сызықта  

7. 


орналасқан планета 

 

 

 

 

 

 

НАЗЫМ НЫҒМЕТОВА

Жайық НОББМ-нің 4-сынып оқушысы

Теректі ауданы

Сөзжұмбақтар


№7-8 (239-240)   07.04.2016 ж.

14

Әз-Наурызды  бүкіл  шығыс  халқы,  оның  ішінде 

біздің  қазақ  халқы  әр  жыл  сайын  асыға  күтеді.  Оның 

себебі де бар және оның салт-санаға лайықты тәрбиелік, 

әлеуметтік,  рухани  жағынан  да  берері  өте  көп.  Дәл  сол 

тәрізді  ауылымызда  наурыз  мерекесі  14  наурыз  көрісу 

күнінен  бастап,  22  наурыз  Ұлыстың  ұлы  күні  мерекесіне 

дейін жалғасын табады.

Наурыз мерекесін қанша мақтасақ та, көптік етпейтіні 

анық. Мектебімізде Наурыз мерекесі әр пән бірлестіктері 

бойынша  ауыл-ауылға  (тарихи  дастандағы  ауылдар) 

бөлініп,  ұлттық  киімдерін  киіп,  дастархан  дайындады.  

Мереке  барысында  қазақтың  ұлттық  ойындарынан 

жарыстар  өткізіліп,  көрме  ұйымдастырылып,    концерттік 

бағдарлама  қойылды.  Қазақтың  салт-дәстүрлерінен 

көріністер көрсетіліп, бабалар дәстүрі  насихатталды. 

Ұлыстың 

ұлы 


күнінің 

шуақты 


мезгілі  

мен  қадір-қасиетін  әркім-ақ  біліп  сезініп,  ұлық  тұтады. 

Әр  жүректерге  жылу  сыйлаған  жаңару  мерекесін 

барлығымыз әр жылы асыға күтеміз.  




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал