№7-8 (239-240) 7 сәуір 2016 жыл Наурыз мерекесі



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№ 7-8 (239-240)

7  сәуір

2016 жыл

Наурыз мерекесі

Нұр себеле, 

Ұлыстың ұлы күні

Неткен ғажап Наурыз күні ашық аспан

Адамдардың қуанышы асып-тасқан.

Ер жігіттер төс қағысып амандасар, 

Қыз-бозбала әр қадамын анық басқан. 

Таң шапағы қуаныштан күліп атар,

Ал адамдар серуендеп жүріп қайтар.

Бір жартысы алтыбақанда теңселетін, 

Бір жартысы ат үстінде көкпар тартар. 

Жас болсам да батамды бердім делік, 

Шаңырағымыз биік, керегеміз болсын берік. 

Ұлыс оң болып, ақ мол болсын!

Халқымыз аман болсын түгел дерлік. 

Жыл жаңарып келетін шартарапқа, 

Кеңінен тарататын қазақ атын. 

Ұлыстың ұлы күні бұл қазаққа

Мейрамдардың төресі саналатын.

Дәуренбек ЖҰМАБЕКОВ

Тайпақ мектеп-гимназиясының

9-сынып оқушысы, Ақжайық ауданы

Ұлыстың ұлы күні – НАУРЫЗ

Күн мен түннің теңеліп, теректер бүршік атып, құстар ән салып, барша табиғат оянып, айнала 

шуақтана,  күн  нұрының  сәулесіне  ояна  бастаған  мезгіл  бұл  –  Көктем.  Көктем    халқымызда  күн 

мен  түннің  теңелуі,  жыл  басы  болып  есептеледі.  Елімізде    Наурыз  ерекше  тойланады.  Бізде  

ұлы  тойымызды    ата  дәстүрмен  атап  өттік.  Бастауыш  сыныптар  арасында,  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен  «Ұлыстың  ұлы 

күні – НАУРЫЗ» атты тәрбиелік мәні зор сыныптан 

тыс шара  өткізді. 

Әр  сыныпта  ақ  дастархан  жайылып  келген 

қонақтар  наурыз  көжеден  ауыз  тиіп,  үлкен 

әжелеріміз  оқушыларға  «Ат қою», «Бесікке салу», 

«Баланы қырқынан шығару» салт-дәстүрлеріміздің 

келер  ұрпаққа  қаншалықты  қажет  екенін  айтып 

түсіндірді.  Жарқын  жүзді  балғындарымыз  ән 

салып,  би  билеп,  жыл  басы  Наурыз  елімізге  құт-

береке берсін деп тарқасты.  

Ж.ҚҰРМАНБАЕВА

Приурал мектеп-балабақша кешенінің 

бастауыш  сынып  мұғалімі, Бөрлі ауданы

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны 

құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында Жаңақала аудандық балалар кітапханасында мерекелік 

Наурыз  думан  өткізілді.  Жер  жүзіндегі  халықтардың  бәрінің  де  түрлі  мейрамдары  бар.  Шығыс 

халықтарының  сондай  ерекше  мейрамдарының  бірі  –  Наурыз.    Дәстүрімізге  айналған  Ұлыстың 

Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді 

жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты 

болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!-дей келе, Ұлы мерекеге орай кішкене оқырмандарымызға 

арнап қазақы дастархан жайылып, Наурыз көже ұсынылды. 

Құтты болсын әр күнің,

    Сыйла, бақыт баршаға.

        Сәбидің әсем шат үнін

            Тыңдат абзал анаға.

 

 



 

Наурыз – достық

 

 

 



    Наурыз - күн

  

 



 

        Барша халық бірлігі

 

 

 



            Тағы келді Ұлыс күн

Жалғасып  ғалам  тірлігі  –  деп,  Айжан  Талапқызы  жетекшілік  ететін  Жаңақала  мектеп-

гимназиясының 3-сынып оқушылары Наурыз тойын өз өнерлерімен думанды тойға айналдырды. 

Біздің кітапханада өтетін әр шараға балалар ата-аналарымен бірге қатынасуға дағдыланған. Еліміздің 

болашағы бала тәрбиесі жолында үлкен ізденіс, парасат қажет. Сондықтан, кітапханашылардың әр 

күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. 



 Ақдинаш УТЕЕВА

Жаңақала аудандық балаларкітапханасының меңгерушісі

Жаңақала ауданы

Мектебімізде  Ұлыстың  Ұлы  күніне  арналған  үлкен  

мереке  тойланды.  Бұл  мерекеге  біз  көп  дайындалдық. 

Мектеп  ішін  әсем  етіп    безендірдік.  Бастауыш  сыныптар 

болып,  біздің  тәрбие  шарамыз  «Армысың,  әз  Наурыз!» 

тақырыбында  өтті.  Тойымызды  ауылымыздың  үлкен 

әжесі    Сұлушаш  әже  шашу  шашып  ашты. 

Наурыз  мерекесіне  аналарымыз  әртүрлі 

ұлттық  тағамдар  дайындады.  Соның  ішінде 

бесбармақ,  наурызкөже,  айран,  бауырсақ, 

қазы-қарта, ірімшік, құрт бар. Дастархан мол 

болып, келген қонақтар дәм татып, риза болды. 

Оқушылар  «Бипыл»,  «Қамажай»  билерін 

биледі. «Орамал тастамақ», «Қыз қуу» және « 

Күш сынаспақ» ойындары өте қызық өтті. Ал 

біздер, оқушылар жүргізушілердің неше түрлі 

тапсырмаларын орындадық. Наурыз мейрамы 

барлығымыздың көңілімізден шықты.



 Асылай ТҰЯҚОВА

В.И.Шубин  атындағы ЖББОМ-нің 

4-сынып оқушысы

Сырым ауданы

  Наурыз – берекем,  Наурыз – мерекем

ӨТЕБАЙ  ТҰРМАНЖАНОВ  (1905-1978)  – 

ОҚО,  Бөген  ауданы,  Жалғыз  ағаш  деген  ауылды 

дүниеге келген. 

Елуге  тарта  кітап  шығарды.  «Қошан  кедей» 

атты әңгімелер жинағы 1927 жылы жарық көрген. 

«Қарлығаш»  (1932)  ертегі-кітапшасынан  бастап, 

балаларға  арналған  көптеген  өлең-тақпақ, 

ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды. 

Олардың ішінде, «Пулемет», «Сұңқар түлектер», 

«Жауқазын»,  «Құралай»,  «Ұршық»,  т.б.  бар. 

Таңдамалы өлеңдері мен дастандарының бір томдығы 1936, 1957, 

екі  томдығы  1975  жылдары  шыққан.  Қазақтың  мақалдары  мен 

мәтелдерін  жинап,  бастырған  (1935,  1980).  Ертегілерді  өңдеп, 

жариялады.  «Құмырсқалар,  аралар  –  қиыспас  дос,  құдалар» 

аталатын мысал-дастаны көптеген туысқан республика тілдеріне 

аударылды. Үлкендерге бірсыпыра өлең, «Пулемет» (1933 жылы 

республикалық жабық конкурста бәйге алған), «Карл», «Қыран 

қыз», «Байғыз» секілді поэмалар ұсынды. 



№7-8 (239-240)   07.04.2016 ж.

2

Ризашылық тәрбие сағаты

Қазақстанда «Алғыс айту» күні туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1  наурызда 

жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, 

ол  адамдарды  өз  туғанындай  қабылдаған  қазақтарға  «алғыс  айту» 

күні  ретінде  атап  өту  әділетті  еді.  Бұл  күн  бізді  енді  бұрынғыдан  да  

жақындастыра түспек. Теректі ауданының Приречный ауылы Приречный 

орта мектебінде елімізде алғаш рет аталып  өтілетін 1 наурыз  -  «Алғыс 

айту» күніне арналып, «Ризашылық»  атты тәрбие сағаты өтті. Барлық 

сынып оқушылары ұлттар татулығы, достығы туралы  тақпақтары, дархан 

еліміздің ұлттардың небір ауыртпалық туған кезеңдерде бір-біріне көмек 

қолын созған кең пейілдігі туралы әңгімелері әсерлі болды.  

А.ҒАЗИЗОВА

Приречный ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Теректі ауданы

Өмірге риза бол

1 наурыз – алғыс айту күніне орай, мектебімізде «Өмірге риза болып,алғыс айт» 

атты  салтанатты  жиын  оздырылды.Салтанатты  шарада  мектеп  директоры  Арухан 

Әубекерқызы құттықтау сөз сөйлеп,оқушыларға жақсылық жасап ризашылық білдіру 

адамгершілік екендігіне толық түсінік берді.

Ж.Ернат,Ү.Зарина  аналарына  арналған  жүрек  жарды  лебіздерін  айтса,  А.Айнара 

мен  А.Айсәуле  ұстаздарына  алғыстарын  білдірді.  «Ұлан»  ұйымының  мүшелері 

Н.Ақбөбек, Ж.Нұрдәулет, Ұ.Нұрдәулет өз өлеңдерін оқыды. Бастауыш сынып мұғалімі 

Б.Хамидуллина өз әріптестеріне арнап өлең жолдарын, ізгі ниетін білдірді. «Жаныңда 

жүр  жақсы  адам»  тарауымен  өз  ортасына  қадірлі,  жемісті  еңбек  еткен  ұстаздар 

мен  оқушылар,  қызметкерлерге,  жанашырлық  танытып,  қамқорлық  жасап  жүрген 

кәсіпкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Адамгершіліктің бастауы болар ризашылық күніне арналған бұл шара жас ұрпақтың 

бойына ізгілік себері анық.



ӘСЕЛ БЕКҚАЛИЕВА

С.Есетов атындағы ЖОББМ-нің тәлімгері

Талдықұдық ауылы, Казталов ауданы

Құрметті «Самал» газетінің бас 

редакторы Жұмажан Қадимұлы! 

Сізді 


және 

ұжымыңызды 

көктемнің 

алғашқы 


мерекесі  

1  наурыз  «Алғыс  айту»  күнімен  құттықтаймын.  Облыстық  «Самал»  газеті  мектеп 

оқушыларының  жұмыстарын,  шығармаларын,  суреттерін    жариялап,  олардың 

әдебиетке деген қызығушылықтарын оятып, ақындық қабілеттерін қалыптастыруға өз 

септігін тигізді. Жыл сайын облыс көлемінде көптеген шаралар ұйымдастырып, жыл 

бойы өздеріңізбен бірге ат салысып келе жатқан жаңа буын тілшілеріңізді  марапаттап, 

көптеген  оқушылардың  өзіндік  жол  табуына,  маман  атануына  үлестеріңізді  қосып 

келесіз. Осы үшін де сіздерге алғысымды білдіремін.



Игі тілекпен: ЗУХРА ІЗМАҒАМБЕТОВА

Пятимар ЖОББМ-нің ұйымдастырушы педагогы 

Жаңақала ауданы

«Әке жолы – ізгіліктің іздері»

    «Ана – сая  болар бағың болса,

     Әке – асқар тауың»  дейді қазақта. Әр шаңырақта әкенің орны 

ерекше.  Әке  отбасының  асыраушысы,  отбасы  мүшелерінің  тірегі, 

қамқоршысы.  Әкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-қатынасы, 

өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған 

қарап  өсетін  нысанасы.  Отбасының  пейіл-береке,  ынтымағы  үшін 

отағасының  әділ,  ұстамды  болуы  орасан  маңызға  ие.  «Жақсы 

әкенің даналығы – балаға мың жылдық азық» демекші, мектебімізде 

«Әке  жолы  –  ізгіліктің  іздері»  атты  әкелер  форумы  оздырылды. 

Әкелерімізді  бала  тәрбиесіне,  мектеппен  байланыста  болуға, 

қоғамдағы  және  отбасындағы  рөлінің  өміршеңдігі  мақсатында 

ұйымдастырылды.  Форум  барысында  тәрбие  ісінің  меңгерушісі 

Әсел  Оралбайқызы  «Өскелең  ұрпақтың  бойында  азаматтық  және 

әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда әкелер рөлінің өзектілігі» 

баяндамасымен таныстырса, психолог Әсел Иманәліқызы «Әкенің 

тәрбиедегі  орны»  сауалнамасын  жүргізіп,  видеороликтер  көрсетті. 

Сонымен  қатар,  «Әке  жауапты  лауазым»  топтық  жұмыстар  мен 

пікірталастар  оздырылып,  әкелеріміз  белсенділікпен  қатысып,  өз 

ойларын ортаға салды. Кеш соңында әкелеріміз өздерінің ойларын, 

ұсыныс-тілектерін, жүрек жарды лебіздерін білдірді. 

   Әке жолы – ізгіліктің іздері, көңілге нұр құйып, жаныңа шаттық 

сыйлайды.  Ендеше  әке  тілегін,  әке  үмітін  ақтау  –  әрбір  баланың 

қасиетті міндеті. Әкеміз – асқар тауымыз, ендеше асқар тауымыздың 

еңсесі биік болсын дейміз.



Айдана НҰРЛАНҚЫЗЫ

Қарасу ОЖББМ-нің  тәлімгері, Казталов ауданы 

Дін

Ағымдағы ақпарат

"Таудай биік талабым

оқып білім аламын"

Таяуда 


Аралтөбе 

орта 


мектебінің 

бастауыш 

сыныптар 

арасында 

дүниетану 

мен математика  пәндері 

апталықтары 

 

өтті. 



Оқушылардың 

пәнге 


деген  қызығушылығын 

арттыру, 

логикалық 

ойлау 


қабілеттерін 

жақсарту  мақсатындағы 

апталықта 

сыныптан 

тыс  "Жас  математик", 

"Бәрін  білгім  келеді"  шаралары  өткізілді.  Бастауыш  сынып  

мұғалімдері  А.Зинешова,  Ә.Сатыбалды,  Ш.Белгібаева, 

Д.Габдуллина ашық сабақтарында заман талабына сай жаңа 

технологияларды  қолданды.  "Таудай  биік  талабым,  оқып 

білім  аламын"  атты  пәндер  апталығы  өз  мақсатына  жетіп, 

белсенді  оқушылар  жабылу  рәсімінде  "Тапқыр  оқушы", 

"Шығармашыл  оқушы",  "Жас  математик",  "Үздік  дәптер" 

атауымен марапатталды.

ДАНАГҮЛ ГАБДУЛЛИНА

Аралтөбе ЖОББМ-нің бастауыш пәндер бірлестігі 

жетекшісі

 Сырым ауданы



Мен 

«Самалдың» 

досымын!

Мен 


«Самал» 

газетінің 

тұрақты 

оқырман-досымын. 

Газет  маған  қатты 

ұнайды.  «Самалға» 

жазылуға 

кеңес 


берген ұстазым  Әлия 

Б е й м ы р з а қ ы з ы . 

Біз  сынып  болып 

газетке 


жазылып, 

ұ й ы м ш ы л д ы қ 

таныттық. Өйткені аларымыз көп. Сонымен 

бірге 


өзіміздің 

мақалаларымызды, 

суреттерімізді,  өлең  шумақтарымызды 

жібереміз. Газет бетінен  өзімнің шығарған 

өлең  шумағымды  көргенде  өте  қуандым. 

Мен  «Самал  газетінің»  әр  нөмірін  асыға 

күтемін. Осындай газетті шығарған  ұжымға 

мықты денсаулық, бақыт, табыс тілеймін.



Айжан ТҰРҒАНБЕК

Госплемстанция ЖОББМ-нің

1-сынып оқушысы,

Теректі ауданы

Өнерлі ұландар

Қаламызда  Ұлыстың  Ұлы  күні  –  Наурыз 

мерекесіне 

арналған 

оқушылардың 

шығармашылық  көрмесі  болып  өтті.    Ол 

көрмеде  №  47  ЖОББМ-нің  7-сынып 

оқушысы  Мұқашева  Аяулым,  10-сынып 

оқушысы  Төлегенова  Мира  өз  қолдарынан 

жасаған  түрлі  бұйымдарды  жасап  тарту 

етті.  Жасалған  бұйымдардың 

ішінде 


бисер  моншақтары,  киізден  жасалған, 

гобелен  жұмыстары  тамашаланды.  Өнерлі 

өрендердің  сайысын  бағалаған  қазылар 

алқасы Аяулымға 3-ші, Мираға 1-ші орынды 

табыстады.  Сайысты  ұйымдастырушылар 

оқушыларға  алғыстарын  білдіріп,  көктем 

мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Г.ҒАББАСОВА

№47 ЖОББМ-нің технология пәні мұғалімі

Басылымға  жазылу қарқынды  жүруде

Баспасөз  қашанда  елдің  көзі  мен  құлағы.  Озық  заманның 

қанша ойлы техникалары шығып жатқанмен газет-журналдың орны 

бөлек.    Елбасының  сындарлы  саясатын  насихаттап,    қоғамдағы 

келеңсіздіктерді де өткір сынға алып  отыратын, әдеттегі дәстүрінен 

танбайтын  Ж.Танзенұлы  басқарып  отырған   Карманов     ЖОББ  

мектеп-балабақша   ұжымы  баспасөзге жазылу науқанында қашанда 

оқ бойы озық жүреді. Ағымдағы жылдың келер жарты жылдығына 

өзге  басылымдармен  бірге  облыстық  «Самал»  газетіне  Тұрсынай  

Мақсотқызының ұйымдастыруымен  3-сынып  оқушылары, жылдағы 

жақсы дәстүрден жаңылмай   «Самал» газетіне  жазылуда  сынып  

болып   белсенділік танытты. «Ұстаз  еңбегінің  жемісі – шәкіртінің  

білімі»    демекші,  Тұрсынай    Мақсотқызы    ұстазға    тән    асыл  

қасиеттерін   оқушы  бойына  терең  бойлата  сіңіріп,  шәкірттерінің   

шығармашылықпен  жұмыстануы  жолында  талмай  еңбек  ететін 

ұстаздарымыздың  бірі. Балалар   басылымының  бағын  асырып  

отырған   ұстазға:  «Білімді  өрендері  көп  болып, елімізді  көркейте  

берсін!» дегім  келеді. 



Анаргүл ЕСЛЯМОВА  

Карманов ЖОББ мектеп-балабақшасының кітапханашысы

Жаңақала  ауданы


№7-8 (239-240)    07.04.2016 ж.

3

 

Әрбір  үй  14  Наурызда  сандығының 



түбіндегі  қыс  бойы  сақтаған  бар  тәттісін 

шығарып,  «Қазан  толы  болсын!»  деп 

дастархан  жайып  отыратын.  Міне, 

халқымыздың  осы  игі  дәстүрі  «Жаңақала 

мектеп-гимназиясы» 

жанындағы 

жатақханада жалғасын тапты. Ұлыстың ұлы 

күніне  орай  жатақханада    «Армысың,  Әз-

Наурыз!» атты апталығы ұйымдастырды.

Жатақхана  ұжымы  ертең  «Көрісу 

айт» 

деген 


күні 

Наурыз 


көжесін 

пісіріп,дастарханын 

қамдап, 

тәтті 


бауырсақтарын  дайындады.  Бұл  күні 

жатақхана  тәрбиеленушілері  бір-бірімен 

көрісіп,  «Бір  жасыңмен!»  деп  тілек 

айтып,  мәре-сәре  болды.  Жатақхана 

тәрбиешілері  дастархан  жайып,  көрісу 

күнінде  сәлемдесудің  сауапты 

іс  екені  туралы  айтып,ізгі 

тілектерін жолдады.

Апталықтың  екінші  күні 

«Мәнге  толы  қазағымның 

ғұмыры,ғажап 

екен 


әдебі 

мен  ғұрыбы»  атты  кеш 

оздырылды.Кеш  барысында 

тәрбиеленушілер өз өнерлерін 

көрсетсе,тәрбиеленушілер 

Р.Рахметова мен Г.Ғиниетолла 

жеңге мен қайын сіңілі айтысын 

ортаға 


салып,көрермендер 

тарапынан үлкен қошеметке ие 

болды. Кеш соңында, Жаңақала 

м е к т е п - г и м н а з и я с ы н ы ң 

директоры  Л.Қожахметова    тәрбиелік 

мәні  зор,ұлттық  мұраны  дәріптеген 

шараның  жоғары  деңгейде  өткендігін 

атап  өтіп,  тәрбиешілерге  еңбектеріне 

жеміс,  тәрбиеленушілерге  білімнің  биік 

шыңдарын бағындырған оқушылар болуын 

тіледі.5-6  сынып  оқушылары  арасында 

өткен  «Алтын сақа» сайысы да тартысты 

өтті. 

Ауылымыздың «Айзере» әжелер клубы 



мүшелері «Қызым – қызғалдағым, ұлым – 

ізгі  арманым»  атты  тәрбиелік  кеш  өткізіп, 

қазақ  жігіті  мен  қазақ  қызының  бойына 

тән  адамгершілік,  тәлімдік  қасиеттерді 

түсіндірді.  Кеш  барысында  9-10  сынып 

оқушылары  көкейінде  жүрген  сұрақтарын 

қойып, әжелерден мағыналы жауап алды. 

Кеште  жатақхана  тәрбиеленушілерінен 

құралған 

домбырашылар 

ансамблі  

«Келіншек»,  «Кеңес»  күйілерімен  құлақ 

құрышын  қагндырса,    9-сынып  оқушысы 

Ақтан Фариза әсем ән сыйлап, кеш тізгінін 

ұстаған  11-сынып  оқушысы,  жатақхана 

тәрбиеленушісі  Азамат  Бақиев    «Әз-

Наурыз»  атты  өз  шығармасын    оқып, 

әжелердің  алғысына  бөленді.  Кеш 

соңында әжелер бата беріп,халқымыздың 

ғасырлар бойы қастерлеп келген дәстүрін 

жалғастырушы  жас  ұрпаққа  жарқын 

болашақ,саналы ғұмыр тіледі. 



ЗАРИНА ЖАДАНОВА

«Жаңақала мектеп-гимназиясы» 

жанындағы 

жатақхана тәрбиешісі

Жаңақала ауданы

Наурыз – береке бастауы 

«Мәнге толы  қазағымның ғұмыры, ғажап екен әдебі мен ғұрыбы»

Ұлы дала тойы

Көктем    келді. Айнала  жасыл  желекке  оранып,ағаштар бүршік 

жарды. Құстар  келіп, адамдар еңбек ете бастады. Көктемде яғни  22-

ші наурызда   қазақтың   жаңа   жылы. Әжелер  наурыз көже пісіреді.

Адамдар  өкпе  реніштерін    ұмытып    татуласады.  Бәрі      қуанышқа  

кенеледі.  Қазақтың      ұлттық      ойындары      ойналады.  Бұл    мерекені  

жалғыз  қазақ   елі   емес  басқада  ұлт  өкілдері де  тойлайды екен.

Мен  көптеген  журналдарды  қарай  отырып,бұл  мейрамды  Күншығыс  

жұрттарының  көбі, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ  тағы басқада  

елдер    тойлайтынын  білдім.  Бірақ    бұлардың    бәрін    салыстырғанда  

біздің  қазақ  Наурызды  өте  жақсы   тойлайды. Наурызды  қазақ   елі  

кең  көлемде  атап  өтеді.  Өйткені:  Наурыз    қазақтың    ұлы    мейрамы.

Наурызды  адамдар  көтеріңкі  көңіл  күйде  қарсы алады.



Асылжан МҰРАТОВА

Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Мұқыр ауылы, Жаңақала ауданы

Ұлан ТЕМІРБОЛАТОВ

Үлкен Шаған орта мектебінің 

3-сынып оқушысы Зеленов ауданы

Наурыз


Наурыз  келді еліме  

Қасиетті жеріме.

Наурыз  келді жеріме 

Елдегі барлық өңірге! 

Наурыз десек бәріміз 

Қуанып ән саламыз.

Наурыз деп  би билеп, 

Өңірге жар саламыз. 

Береке қонған жаңа жыл  

Жарады иісті алуан гүл. 

Бәйшешек  гүлі бүр атқан 

Керемет Наурыз ғажап жыл ! 



Тұрсын  ОРАЛБАЙ  

Аралтөбе орта мектебінің 5-сынып оқушысы 

Сырым ауданы

Ауылдағы 

Наурыз тойы

22  наурыз  қазақ  даласына  дәстүрге  айналған  Ұлыстың 

ұлы  күніне  орай,  Приречный  ЖОББМ-нің  «Қызғалдақ» 

шағын орталығында «Наурыз думан» атты мерекелік шара 

оздырылды.

«Уа халайық, халайық! Әсем әнге салайық. Наурыз тойын 

көңілді, Бірге қарсы алайық» - деп ата-аналары шақырылып, 

мерекелік шарада қазақтың ұлттық ойындары «Бәйге», «Қыз 

қуу»,  «Арқан  тартыс»  ойналып,  «Қара  жорға»,  «Қамажай» 

биін  билеп,  Қыдыр  атамыз  ақ  дастарханға  батасын  айтты. 

Әжеміз біздің дәстүріміз тұсаукесу рәсімін көрсетті. Наурыз 

көжеміздің  жеті  түрлі  тағам  қосылып  жасалатыны  туралы 

балаларға  айтты.  Мектеп  директоры  Р.Иманғалиева  жыл 

басының елімізге жақсылықпен келгенін айтып, барлық ата-

аналарға ризашылығын білдірді.

Гүлшат БАЙГАСИЕВА, Нұрбақыт ТЕНИЗОВА

                                         «Қызғалдақ» шағын 

орталығынын тәрбиешілері

Приречный ауылы, Теректі ауданы

Наурыз – көктем мерекесі

Наурыз  жыл  басы,  көктем  мерекесі.Наурыз  айында  күн  жылынып,  қар  еріп,  жылғалардан  су  ағып,  жан-

жануарлар оянады.  Ағаштар бүршік атып, шөп шығып, күн әлемге шуағын шашады.Наурыздың21 жұлдызы күні 

түнде үй-үйді Қыдыр Ата аралап, үйі таза, дастарханы мол шаңырақ иелеріне бақ-береке тілейді екен.  Наурыз 

мейрамында адамдар бір-бірімен құшақтасып көріседі. Қыстан аман шыққанына қуанып, Наурыз тойын тойлайды. 

Бұл тойдың басты дәмі жеті дәмнен жасалған Наурыз көже болады. Наурыз тойында барлық адамдар реніштерін 

ұмытып татуласады екен.Наурыз күні татулық, бірлік орнайды.Наурыз мерекесінде түрлі қазақтың барлық ұлттық 

ойындары «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Асық», «Арқан тартыс», «Ақсүйек», «Теңге ілу» ойындары өтеді. 

Бізде ауылда барымызша осы мерекені ақжарқын көңілмен өткіздік. Көктемнің әр күні шуақты болып келеді. 

Мен елімнің тыныштығымен ауылымның ақжарқын адамдарымен мақтанамын. Мерекеміз көп болғай!



 Гүлнұр ИБАТОЛЛА

М.Өтемісов атындағы НЖББМ-нің

5-класс оқушысы

Атамекен ауылы, Ақжайық ауданы

        Халқымыз жыл сайын жыл басы санап, жаңа жыл 

деп  қабылдайтын  ай  –  Наурыз  айы.  Қазақ  халқы  осы 

айды қадір тұтып, киелі ай деп есептейді. Наурыз айы 

парсы  тілінен  аударғанда  «жаңа  күн»  деген  мағынаны 

білдіреді.  Бұл  мереке  Зоратуштра  ілімдерінде  алғаш 

кездескен.  Біздің  халқымыз  «Әз  Наурыз»  деп  айтса, 

басқа  ұлттар,  мысалы  татар  халқы  «нардуган»,  ал 

тәжіктер «гүлнаурыз» деп атайды екен. Бұл ай тек қазақ 

халқы арасында ғана емес, барлық мұсылман жұртының 

ортақ мейрамы. Сол себепті 2010  жыл ғана «Наурыз» 

мейрамы  БҰҰ-ның  шешімімен  «Халықаралық  Наурыз 

күні» болып белгіленді.

       Бағзы замандарда халық осы айды киелі тұтып, 

үлкендерден жастар бата алып, ал үлкендер бір-бірінің 

үйіне барып құттықтаған. Бұл күнді жастар әсіресе жастар 

жақсы  өткізген.  Таңның  атуын  күтіп,  ағаш  отырғызып, 

бұлақтың басын тазартып, түнге дейін ұлттық ойындар 

ойнаған. «Жаңа жыл» сөзі жаңа өмір мен жаңа қадамды 

бейнелейді, сондықтан «Наурыз» мейрамын жаңа өмір 

ретінде  қабылдаған,  себебі  сол  күні,  ғалымдардың 

айтуы  бойынша,  барлық  планета  өздерінің  бастапқы 

айналу осіне келеді. 

        «Наурыз» мейрамы кезінде барлық ауылдар 

да,  қалалар  да  көшеге  шығып  тойлайды.  Жәрмеңке, 

мерекелік  концерт  болады.  Қазақ  халқының  ұлттық 

киім-кешегі,  тағамдары,  ыдыс-аяқтары  мен  үй-жайы 

шығарылады. Осы күні ұлттық би мен ұлттық ойындар 

көрсетіледі.  «Қара  жорға»,  «Қамажай»  секілді  ұлттық 

биімізбен  қатар,  «ақсүйек»,  «алтыбақан»,  «ат  жарыс», 

«қыз  қуу»  ойындары  ойналады.  Наурыз  мейрамында 

адамдар  бірін-бірін  кешіріп,  күнәларын  жуып-шаюға 

тырысады.  «Наурыз»  мейрамы  тек  жақсылық  жасау 

кезеңі.  Жыл  сайын    мейрам  үзбей  елімізде  тойланып 

келеді. Осы мейрам елімізден ешқашан үзілмек емес.

 

Қазағым, Науырызың құтты болсын,



 

Көтерген шаңырағың биік болсын. 

 

Тілектері ұлтымның қабыл болып, 



 

Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал