№7-8 (143-144) қазан октябрь 2002 жылдың тамыз айынан бастап шығады



жүктеу 278.55 Kb.

бет1/3
Дата26.01.2017
өлшемі278.55 Kb.
  1   2   3

Ғылым таппай мақтанба                    



                     Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 7-8 (143-144)

қазан 

октябрь

2002 жылдың тамыз

айынан бастап шығады

2015

Қыркүйек айының алғашқы жұлдызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 

«Білім күніне» арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға университет ректоры, академик Серік 

Жайлауұлы Пірәлиев бастаған профессор-оқытушылар қауымы және 1 курс студенттері мен олардың ата-

аналары қатысты.

Сөз  арасында  ректор  1  курс  студенттері 

мен ата-аналарды университеттің оқытушылар 

құрамымен де таныстырып өтті.  

-  Бізде  студенттерге  білікті  профессор-

оқытушылар  дәріс  оқиды.  Атап  айтқанда, 

про фессор-оқытушылар  құрамында  183  ғы-

лым  докторлары  мен  профессорлар,  421  ғы-

лым  кандидаттары  –  доценттер,  137  ғылым 

ма  гис трлері,  13  Қазақстан  Республикасы 

Ұлт тық  ғылым  академиясының  академиктері 

мен  корреспондент-мүшелері,  37  қоғамдық 

ғы  лым дар  академияларының  академиктері 

бар,  -  дей  келе,    бүгінгі  таңда  әлемнің  36 

мем  лекетінің  115  жоғары  оқу  орындарымен, 

халықаралық  ұйымдарымен  және  ассоциа-

ция ларымен  келісім-шарт  бойынша  әріп тес-

тік  қарым-қатынастар  орнағанын,  универ-

си тетіміздің  базасында  ашылған  Сорбонна-

Қазақстан  француз  институты  биыл  екінші 

жыл  талапкерлерді  қабылдауда  екенін  мақта-

нышпен жеткізді.  

Киелі  қара  шаңырақтың  отандық  білім 

беру кеңістігінде алатын орны ерекше. Себебі, 

классикалық  үлгідегі  жоғары  білім  берудің 

негізінде  ғылыми  жаңашылдық  пен  ұлттық 

тәрбие  ұстанымдарын  басшылыққа  алған 

білім ордасында ең әуелі білім берудің қазіргі 

заманға  сай  жаңа  технологиялары  игерілуде. 

Сондай-ақ,  Абай  атындағы  білім  ордасы 

Еуропа  халықаралық  білім,  Еуропаның  заң 

университеттері,  Әлеуметтанушылардың    ха-

лық аралық  ассоцияцияларына,  Еуропаның 

пси  хологияны дамыту қоғамына,  Еуропаның 

саяси  зерттеулер  жөніндегі    Консорциумына  

мүше болып отыр. Ал, үстіміздегі жылдың ма-

мыры айында университетіміз Педагогикалық 

жоға ры оқу орындарының Еуразиялық қауым-

дастығының  құрамына  мүшелікке  қабыл-

данды. 


Студенттер  мен  магистранттарымызға 

дә ріс  оқып,  шеберлік  сыныптар  өткізу  үшін, 

келісім-шарт  бойынша,  2011  жылдан  бері 

бізге 227 шетелдік профессорлар келді. Соңғы 

үш  жылда  ғана  профессор-оқытушылар  ал-

масу  жөнінде  шетелдік  университеттермен 

65  шартқа  қол  қойылды.  Кадрлар  даярлау 

және  студенттер  мен  магистранттар  алмасу 

жөнінде Германияның Фрайбург, Венгрияның 

Печь,  Бельгияның  Вридж,  Кореяның  Кунпук 

университеттерімен  екі  жақты  келісімдерге 

келдік. Айтпақшы, биылғы оқу жылы универ-

ситетімізде  білім  алатын  студентеріміз,  бака-

лавр – 1515, магистранттарымыз – 487,  док-

торант тарымыздың  қатары  –  36  адамға,  бар-

лығы  2000-нан  астам  жаңа  лекпен  толығып 

отыр екен.  

Сондай-ақ,  іс-шарада  университет  рек-

торы  Серік  Жайлауұлы  1  курс  студенттері 

Әуезов Саламат пен Диана Гальскийге «Білім 

кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады.  

Мерекелік  шара  барысында  универси те-

тіміздің  жас  дарындары  және  Қазақстан  Рес-

публикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» 

орденінің  иегері  Құдайберген  Бекіш,  қазақ 

эстрадасының  жарық  жұлдыздарының  бірі 

Индира Расылхан, танымал жас әнші Төреғали 

Төрәлі киелі қара шаңырақты жаңа оқу орны-

мен құттықтап, әсем әннен шашу шашты. 

Елдар БОЛАТҰЛЫ

Шара  барысында  университет  ректоры, 

академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев универ-

ситет ұжымы мен студенттерін білім күнімен 

құттықтап, салтанатты түрде өтіп жатқан ме-

рекеде  барша  қазақстандықтарға  биылғы  оқу 

жылының  сәтті  өтуін  тіледі.  Жаңа  ғасырдың 

тұтқасы  білімді  ұрпақтың  қолында  десек, 

білімді  ел  ғана  әлемдік  өркениеттер  көшіне 

ілесе  алады.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  жыл  сайынғы  Қазақстан  хал-

қына  арнаған  жолдаулары  мен  «Қазақстан  – 

2050» стратегиялық даму жоспарында елімізде 

білім  берудің  халықаралық  инновациялық 

технологияларын  терең  меңгеріп,  әлемдік  бі-

лім беру кеңістігіне ену туралы міндеттер бел-

гіленуі де осы мақсаттан туындап отыр.

Университет  басшысы  қазақ  жоғары  бі-

лімінің қара шаңырағы, еліміздегі тұңғыш жо-

ға ры оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық  университеті  Елбасы  алдыға 

қойған  міндеттерді  басшылыққа  ала  отырып, 

оқу және тәрбие үдерісін жаңа инновациялық 

технологияларға  сәйкестендіру,  білім  берудің 

сыннан  өткен  озық  тәжірибелерін  кеңінен 

енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне қарай 

көш  түзеп  келетінін  айта  келіп,  Елбасының 

қара  шаңырағымыз  туралы  айтқан  нұсқауын 

негізге  ала  сөзін  әрі  қарай  өрбітті:  «Елба-

сымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың: 

«Абай  атындағы  ҚазҰПУ  –  Қазақстандағы 

педа гогикалық  жоғары  оқу  орындарының 

көш басшысы  болуға  тиіс»  деген  нұсқауын 

бас шылыққа  алған  біз  оқу-тәрбие  үдерісін 

жаңа заман талаптарына сәйкес жаңа бағыт та 

үйлестіре  отырып,  табыстарға  жетіп  келе міз. 

Бұл  –  университетіміздің  профессор-оқы ту-

шылар құрамының қажырлы еңбегінің жемісі. 

Өйткені,  біздің  оқу  орнымызда  өз  өмірлерін 

жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алу-

ына арнаған ұлағатты, білікті ұстаздар көптеп 

саналады.  Сондықтан  осы  мереке  үстінде 

барша  ұстаздар  қауымына  зор  алғысымды 

білдіремін!» - деді Серік Жайлауұлы. 

да  «Ұстаз  -  білімнің  шамшырағы»  атты 

мерекелік  салтанатты  іс-шара    ұйымдас ты-

рыл  ды.  Салтанатты  іс-шара  барысында  сөз 

сөй леген  университеттің  бірінші  проректо-

ры  Ермаған бетов  Мүбәрак  Ермағанбетұлы: 

«Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті жүк тей ді. 

Сіздердің  кәсі би ліктеріңіз,  шы дам дылық  та-

рыңызбен өз істеріңізге деген сүйіс пен ші лік-

теріңіз басқа лар ға өнеге. Осында бүкіл сана-

лы  өмірін  педа гогикаға  арналған  ардагерлер 

де  отыр.  Бар лық тарыңыз  да  шәкірт теріңізге 

білім  беріп,  өз  Отаны  мен  жерін  сүюге 

үйрет тіңіздер.  Ер тең гі  ел  болашағы  ұрпақ 

қолында  екенін  түсін діріп,  жандарына  сенім 

ұялаттыңыздар»,  деп  жиналған  білім  ісінің 

саңлақтарын  Ұстаздар  күнімен  құттықтады. 

Басқосудың  басты  мақ саты  озат  ұстаздарды 

ұлықтау  десек,  уни вер ситетіміздің  қабырға-

сында  жастарға  тәлім-тәрбие  берген  іргелі 

де  еңбегі  елеулі  ұстаздар  қауымына  универ-

ситет  ректорының  атынан    құрмет  грамо-

тасы  мен  алғыс  хаттар  табысталды.  Медеу 

ауданы  әкімдігі  мен  «Нұр  Отан»  партиясы 

фи лилының  алғыс  хатта рыменбірқатар  про

-

фессор-оқытушылар  мара пат талды.  Эстра да 



жұлдыздары  да  ұстаз дарды  арнайы  құттық-

тап,  өздерінің  әсем  әндерімен  тарту  етті. 

Мерекелік  шара  барысында  әнші лер  Арман 

Дүйсенов,  Толқын  Забирова  және  скрипка-

шы  үлкен  талант  иесі  Жәмиля  Серке баева 

және  университетіміздің  жас  өнер паз дары 

өнерлерін ортаға салып, ұстаздар қауы мының 

алғысын арқалады.



 Өз тілшімізден.

Қазан айының 23 күні Абай атындағы 

ҚазҰПУ-нің  ұжымы  жастар  арасында 

діни  экстремизм  мен  лаңкестіктің  алдын 

алу  мақсатында  республикалық  ақпа рат-

тық-насихат  топ  мүшелерімен  кездесу 

өткізді.  Екі  сағатқа  созылған  жиынды 

ұйым дастырған  аталған  университеттің 

жас тар  комитеті.  Дін  саласындағы  өзекті 

мәсе лені талқыға салу үшін бүгінгі кезде-

суге  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет 

және  спорт  министрлігінің  Дін  істері 

комитетінің  төрағасы  Ғалым  Шой-

кин,  Дін  істері  комитеті  Діни  сараптама 

басқармасының басшысы  Балғабек Мыр-



заев,  «Білім»  білім  беру    және  мәдениет 

орталығының  директоры  Руслан  Иржа-



нов, «Қазақстан жастары конгресі» заңды 

тұлғалар бірлестігінің атқарушы директо-

ры  Айдын  Сәбитов,  Алматы  қаласы  Дін 

істері жөніндегі басқармасы басшысының 

міндетін  атқарушы  Шегебек  Қауымбаев 

қатысты. Алқалы басқсуда дінтану мен 

діни-экстремизмнің бүгінгі күнгі өзекті 

мәселелері ортаға салынды.

Қазіргі  таңда  жастардың  діни  сауат-

ты лығын  арттыру,  оларды  радикалды 

ағым  дардың  ықпалынан  алыстату  өзекті 

мә се лелердің бірі болып табылады. 

Осы  орайда  радикалды  ағымдардың 

жұмысына тыйым салу, ақпараттық-идео-

логиялық  жұмыстарды  күшейту,  жастар-

дың  діни  сауаттылығын  арттыру  мақса-

тында университетімізде ауқымды жұмыс 

атқарылуда.  Мәселен,  бес    жылдан  бері 

уни верситет ректорының бұйрығына сәй-

кес  дінтанушы,  педагог,  психолог  ға лым-

дар  құрамынан  лекторлық  топ  құрылып, 

аталмыш  топпен  жыл  бойы  дәрістер  ци-

клы  оқытылып  келеді.Жыл  сайын  «Экс-



тремизм  мен  лаңкестіктің  алдын  алу 

және діни сауаттылықты жетілдіру» он-

күндігі   ұйымдастырылады.

Жыл  бойы  Ұлттық  қауіпсіздік  коми-

теті,    Орталық  мешіт  қызметкерлері,  Ал-

маты  қаласы  Дін  істер  департаменті  өкіл-

дерінің  қатысуымен  кездесулер,  дөңгелек 

үстелдер  мен  дәрістер  өткізілі  келеді.Сту-

дент  жастардың  теріс  пиғылды  діни  иде-

ологияны  қабылдамауын  қалыптастыруға 

бағытталған фильмдер топтамасының көр-

сетілімі үздіксіз ұйымдастырылып ке леді.

«Діни экстремизм мен терроризмге 

қарсы  күрес  және  ұлтаралық  келісім 

мен  толеренттық  тәрбие  жөніндегі»  іс-

ша ра лар  жоспары  әзірленіп  соған  сәйкес 

ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2014  жылы  Қазақстан  Республикасы 

Дін  істер  агенттігінің  дінтану  сараптама-

сынан өткен «Дінде де сақтық керек» атты 

ақпараттық-танымдық  кітапшасы  шыға-

ры лып, жастарға тарқатылған болатын.

Биылғы  жылдың  тағы  бір  жаңалығы 

күні  кеше  ғана  университетіміз  Алматы 

қаласы  Дін  істері  жөніндегі  басқарма сы-

мен  бірлесе  барлық  жатақханаларда  діни 

экстремизмге қарсы тұруға қатысты үгіт-

насихат  жұмыстары  бойынша  онкүн дігі 

болып өтті. Міне, осы ауқымды шаралар-

дың жалғасы ретінде бүгін  Республикалық 

ақпараттық-насихат  топ  мүшелері    сту-

денттермен кездесуге келіп отыр. 

Сұрақ-жауап  түрінде  өрбіген  жиын 

тіркеуден  өтпеген  діни  бірлестіктердің 

бүгінгі жай-күйі, олардың  еш қысымсыз өз 

жұмыстарын жалғастыруы, заңсыз жүрген 

миссионерлер, мектеп мұғалімдерінің діни 

сауаттылығының  бүгінгі  деңгейі,  «дін-

тану»  пәнінің  оқытылу  жағдайы  дін  мен 

дәстүрдің арақатынасы, діни сауаттылыққа 

байланысты жүргізілетін әлеуметтік зерт-

теулер,  дінтану  саласында  кадр  дайын-

дау мәселесін талқылап, қатысушылар өз 

пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.



Жұлдыз ЖҰМЫН

Ұстаз – құрметті мамандық. Ол – адам дар-

дың  өмірге  көзқарасын,  бір-біріне  деген  сый, 

құрмет  сезімін  қалыптастыратын,  білім  мен 

тәрбиенің  ұрығын  шашатын,  адамгершіліктің 

нұрын  төгетін  адам.  Еліміздің  үміт  артқан 

бо ла шақ    жастарын  білім  нәрімен  сусында-

тып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. 

Сондықтан  да  ол  әрдайым  қасиетті  тұлға  ре-

тін де ерекшеленеді.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстазболу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын  адамның  алтындығы,  –  деп 

жазған  ақын  Ғ.Қайырбековтің  де  бұл  сөздері 

ұстаздың  құрметті  тұлға  екендігін  дәлел дей-

ді.  Сонымен  қатар,  «Ұстаздық  –  ұлы  құр мет. 

Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Бола шақ тың 

басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор 

егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіре ді... Өмірге 

ұрпақ  берген  аналарды  қан дай  ардақтасақ,  сол 

ұрпақты  тәрбиелейтін  ұстаздарды  да  сондай 

ардақтауға  міндеттіміз»  деген  халқымыздың 

ұлы  батыры  Бауыржан  Момышұлының  да 

бұл  сөздері  ұстаздың  құр метті  тұлға  екендігін 

дәлелдейді.  Бүгінгі  жас тар  –  ертеңгі  күннің 

жарық  сәулесі.  Олардың  келешегіне  үлкен 

мән  беріп,  білімі  мен  тәрбие сіне,  талабы  мен 

ақылына, 

мақсат-мұратына, 

имандылығы 

мен  адамгершілігіне,  бір  сөзбен  айтқанда, 

бойындағы ең асыл қасиеттеріне қызы ғушылық 

таныту, оларға бағыт-бағдар сіл теу, қолдан келсе 

көмекті аямау – ұстаздар қа уымының ең басты 

мақсаты, міндеті болып та былады.

Осы  Ұстаздар  күніне  орай  7  қазан  күні 

университетіміздің  үлкен  мәжіліс  залын-



• 1 қыркүйек – Білім күні!

ҚҰТ ОРНАҒАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ ЖАҢА ОҚУ 

ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ

ҰРПАҚ ТАҒДЫРЫ ҰСТАЗ ҚОЛЫНДА

   ЖАСТАР ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ

қазан

октябрь

№ 7-8 (143-144)

2015

Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  кіші 

мәжілі  залында  Ұлы  Отан  соғысында 

ерен  ерлігімен  ерекшеленген,  Кеңес 

Ода  ғы ның  Батыры,  көрнекті  ғалым,  қо-

ғам  қайраткері,  ұлағатты  ұстаз  Мәлік 

Ғабдуллиннің  100  жылдығына  орай 

«Тұл ға тану»  орталығының  ұйымдас ты-

руы мен    «Мәлік  Ғабдуллин  –  батыр, 

қоғам  қайраткері,  жазушы,  ғалым» 

атты  тарихи-танымдық кеш болып өтті. 

Мақсаты  белгілі  тұлғаның  ерен  ең бегі 

мен  шығармашылығы  еңбегі  ар қалы 

жастарды  патриоттыққа,  рухани-адам-

гершілікке тәрбиелеу болып табылады.

Кешке  қадірлі  қонақ  ретінде  Мәлік 

Ғабдулиннің    қызы  Майдан  Мәлікқызы 

Ғабдуллина,Көпжасар  Нәрібаев-  ҚР 

ҰҒА  Қоғамдық  және  гуманитарлық 

ғылымдар бөлімшесі төрағасының орын-

басары,  академик,  ЖанатбекІшпекбаев– 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ-ніңТәрбие  ісі 

жөніндегі  проректоры,  Темірхан  Тебе-

генов  –  Қазақ  әдебиеті  кафедрасының 

меңгерушісі, профессор, Дана Мұқатова 

–  М.Ғабдуллин  атындағы  «Тұлғатану» 

орталығының директоры,     Болат Шара-

хымбай – «Абай университеті» газетінің 

редакторы, тағы басқалар қатысты.

Іс-шара  барысында  Мәлік    Ғабду-

лин  нің  өмірі  мен  шығармашылығы  қа-

тар  жүрген  өмірлік  деректерінен  тың 

мә лі меттер  батырдың  кызы  Майдан  

Мә лікқызының  өз  аузынан  естіп,  әкесі 

туралы    көптеген    деректер  мен  мәлі-

мет   тер  берілді.  Мәлік  Ғабдуллиннің 

өмір деректеріне  арналған  слайд-шоу-

лар    дайындалып  көрермендерге    ұсы-

ныл ды.  Мәлік  Ғабдуллиннің  100  жыл -

дығына  арналған  шара  барысында: 

«Мәлік  Ғабдуллиннің  ғибратты  ғұ-

мыры»,  «Мәлік  Ғабдуллин  және  Қобы-

ланды  батыр»,  «Біздің  қаһарман  жер-

ле сі міз»,  «Қилы  кезең,  қаһарман  тұл-

ғалар»,  «Мәлік  Ғабдуллин  -  отандық 

фоль клор танудың 

классигі» 

және 

«Мәлік  Ғабдуллин  туралы  Қазақстан 



Республикасының Орталық мемлекеттік 

мұрағатында  сақталған  деректер»  атты 

тақырыптар  мен  отандық  және  ТМД 

көлеміндегі  белгілі  әдебиетшілер  мен 

ғалымдардың Мәлік Ғабдуллин жайында 

жазған  ғылыми  еңбектері,  мақалалары 

мен  талдамалы  жұмыстары  жайлы  ба-

яндамалар  талқыланып,  арнайы  слайд-

тар көрсетілді. Батырдың қызы Майдан  

Мәлікқызы  Ғабдуллина  өзінің  ұстазы, 

әкесі туралы көптеген ақпараттар айтып, 

балалық  шақтағы    әкесінің  балалары-

на  деген  мейірімі  және  бала  үшін  әке 

орнынынң асқар таумен тең екенін айта 

отырып,  әкемен  сырласқан    өмірін  еске 

алып,  ҰОС-на  аттанған  әкесінің    аман-

есен келуін күткен, сол кездегі басынан 

өткізген  қиыншылықтарын  еске  алып, 

ағынан  жарылды.  «Өмірден  ерте  озса 

да,  әкеміз  көп  іс  тындырып,  соғыстан 

кейінгі жылдарда әдебиет  саласынан қол 

үзген жоқ,ел есінде мәңгі қалды. Осын-

дай  батыр  ұлдарын  ұмыт  қалдырмай 

әрқашан  есімін  елге  айтып  жүрген 

баршаларыңызға  ризашылығымыз зор», 

-  деді  өз  сөзінде  Майдан  Мәлікқызы. 

Өзінің  балалық  шағының  соғыс  жыл-

дармен  тұспа-тұс  келгенін,  өмірлік 

дерегінің  соғыспен    арпалысқан  заман-

да  балалығын  ұрлаған  зұлмат соғысты 

ұмыта  алмаған  Майдан  Мәлікқызы 

әкесінің  еңбегінің  еленіп,  жер-жерде 

аталып  өтіп,  батырға  арнап    қойылып 

жатқан ескерткіштер  және ол кісі тура-

лы тың еңбектердің шығуы мен  жарық  

көрулері    мені  қатты    қуантады,–  деді 

өзін аяқтай келіп.

Балауса БЕСІР

МӘЛІК ҒАБДУЛЛИНДІ ЕСКЕ АЛДЫ

«ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ» 

Елімізде 1989 жылы 22 қыркүйекте 

Тіл туралы Заң қабылданды. Мінеки, 

содан  бері  бұл  күн  Қазақстан  халқы 

тілдері  күні  ретінде  аталып  өтіп 

келеді. Осы ретте үстіміздегі жылдың 

23 қыркүйегі күні Абай атындағы Қазақ 

ұлттық  пкдагогикалық  университетінің 

Тәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты  және 

мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасы 

мен  Жастар  ісі  жөніндегі  комитетімен 

бірлесе отырып «Тіл – халықтар достас-

тығының  алтын  діңгегі»  атты  акция 

ұйым дастырылды.  Аталған  акцияға 

уни  вер ситетіміздегі  барлық  институт-

тары белсенді қатысып, әр институт бір 

ұлт тың  салт-дәстүрлері  мен  мәдениетін 

дә ріп теп,  өзара  өнер  сайысына  түсті.  

Бай қау  6  институт  арасында  жүргізілді. 

Сайыс тың бірінші турында бір институт 

(бір  ұлт)  өздеріне  берілген  халықтың 

жал пы  сипаттамасымен  таныстырса, 

екін ші  тур  «Ұлттық  тағам»  деп    ата-

лып, бұл бөлімде барлық сайысқа түсу-

шілер  өздеріне  берілген  ұлттың  ұлттық 

тағамдарын  дайындап,  олар  жайлы  то-

лық тай  ақпарат  беру  бойынш  өзара  са-

йыс қа  түседі.  Жүзден  жүйрік  мыңнан 

тұлпарлар  анықталатын  бұл  сайысты 

қо ры  тындылаушы    сайыстың  3  бөлімі 

«Ұлт  тық  өнер»  туры  болды.    «Ұлттық 

өнер» туры бойынша сайысқа түскен ұлт 

өкіл дері (институттар) Қазақстанда мекен 

етуші ұлттардың өнері мен мәде ние тін ба-

рынша айқын көрсетуге тырысып бақты.

Тіл  білімінің  барлық  салаларын 

зерт теп  келе  жатқан  Филология  инсти-

тутына қазақ халқының салт-дәстүрі мен 

мәдениетін дәріптеу бұйырса, Педагоги-

ка  және  психология  институтына  ауған 

халқын  дәріптеу  бұйырды.  Дәл  солай 

Физика,  математика  және  информатика 

инситиутына  қытай  халқы,  Сорбонна-

Қазақстан  институтына  француз  халқы, 

Өнер, мәдениет және спорт институтына 

оыс  халқы,  Жаратылыстану-география 

институтына  түрік  халқының    ұлттық 

мәде ниеті  мен  өнерімен  таныстырды. 

Сайыс қа  түскен  институттардың  әділ 

бағасын  беру  үшін  арнайы  комиссия 

құра мы бекітілді: Олар: Тәрбие жұмысы 

жастар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді 

дамыту  басқармасының  бастығы  Абды-

қалықов Арман,  Тәрбие жұмысы жастар 

саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту 

басқармасының  бастығының  орынба-

сары  Бекбенбетова  Қазына,  Студенттік 

Кәсіп одақ  ұйымының  төрайымы  Ын-

тыбаева  Гүлдана,  Мәдениет  бөлімінің 

бас ты ғы  Бекмырза  Ғани  және  қазылар 

алқасының  төрағасы  болып  Ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Шілдебаев  Жұмаділ 

тағайыдалды.

Бас оқу ғимратының алдында ұйым-

дас тырылған бұл сайысқа универси теті-

міздің барлық институттары белсенділік 

танытып,  қатысушы  институттардың 

жан күйерлері мен көрермендер қызықты 

ду манға куә болды.

Сайыс  қорытындысы  шыға мын  де -

генше  жиналған  қауымға  универ си те -

ті  міздің  өнерпаздары  өз  өнер ле рін  ар-

на ды.  Қазақтың  халық  әнімен    Педаго-

гика  және  психология  институ ты ның  3 

курс  студенті  Айкүміс  Бөлеген,  Италия 

хал  қының  әнімен  Өнер,  мәдениет  және 

спорт институтның 1 курс студенті Марат 

Стан, сонымен қатар Испания халқының 

биін  керемет  жеткізген  «Жорға»  би 

тобы  мен  «Сырлы  әуен»  аспапты  тобы 

күм бірлеген  күймен  кештің  одан  әрі 

шырайын келтіре түсті.

Сайыс  қорытындысы  бойынша 

орыс  халқыныңмәдениетін  дәріптеген 

Өнер,  мәдениет  және  спорт  институты 

ІІІ  орынға  ие  болса,  түрік  халқының 

өне   рін  паш  еткен  Жаратылыстану  және 

гео графия  институты  ІІ-орын ға  ие 

болды.  Қасиеті  қанымызға  сіңіп,  бо йы-

мыз ға  дарыған  қазақ  халқының  өнері 

мен  мәдениетін,  тамыры  тереңде  жат-

қан  тарихынан  ақпарат  беріп,  бір  ғана 

көрі ніске сыйдра білген Филоло гия инс-

титуты  І-орын  иеленді.  Жеңімпаз дар ға 

ұйымдастырушылар тарапынан ақша лай 

сыйақы сертификаттары табыс талды. 

Қысқасы,  бұл  күні  Тіл  мерекесіне 

орай  ұйымдастырылған  «Тіл  халықтар 

достығының  алтын  діңгегі»  атты  ме-

рекелік шара  жоғары деңгейде, өте қы-

зық ты өтті деуге болады.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының  Бірінші орынбасары 

Б.Бәйбектің №020 жылғы 16 мауысымдағы қаулысымен 

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы жарияланған болатын.

Ағымдағы жылдың 29 қазаны күні Медеу ауданы бойынша аумақтық 

партия филиалы деңгейінде өткізілген байқаудың бірінші кезеңі қорытындыланып

нәтижесінде университетіміздің «Абай» бастауыш партия ұйымы 1 орынды иеленсе

23 қазаны күні Алматы қаласы бойынша өткізілген іректеу сайысында партия 

мүшелерінің саны 500-ден жоғары БПҰ арасында  жүлделі 3 орынға ие болды. 

«Абай»бастауыш партия ұйымын осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Алда үлкен табыстар тілейміз!




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал