№7 (28735) 14 ҚАҢтар бейсенбі



жүктеу 4.39 Mb.

бет1/42
Дата19.05.2017
өлшемі4.39 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

№7 (28735)

14 ҚАҢТАР

БЕЙСЕНБІ

2016 ЖЫЛ

Бїгінгі нґмірде:

ЎЛТ ЖОСПАРЫ – 

ЎЛЫ ЖОБА


8-9-беттер

Босќындар мəселесі 

ушыєып барады

10-бет


Ґр мінезі естен 

кетпес азамат

15-бет

Бес єажайып 



сəйкестік

16-бет


Кґѕіл айту жеделхаттарын жолдады

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Түркия  Республикасының  Президенті  Режеп 

Тайып Ердо ған ға Ыстамбұл қаласында болған террорлық актіге байланысты кө ңіл 

айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің 

баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

«Бүгінде  терроризм  бүкіл  адамзатқа  үлкен  қатер  төндіріп  отыр.  Бұл  зұлымдықты  тек 

күш-жігер  жұмылдыру  арқылы  ғана  жеңуге  болады.  Қазақстан  бейбіт  өмір  мен  елдеріміздің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес жолында Түркиямен 

тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің 

атынан көңіл айтты, сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

*  *  *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела 

Меркельге Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында болған террорлық акт 

салдарынан неміс азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айту жеделха-

тын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

 Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез кел-

ген түрін айыптайды жəне бүкіл халықаралық қоғамдастықтың оған қарсы күресін қолдайды», 

– делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  халқының  жəне  жеке  өзінің  атынан  А.Меркельге,  қаза 

болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, бүкіл Германия халқына шын ниетпен 

көңіл айтты.

Бүгінде  жаһандық  жүйелі  дағдарыс  əлемнің 

барлық елдерін, тіпті дамыған жетекші мемлекеттерді 

де қамтуда.

Əлемдегі күрделі геоэкономикалық жəне геосая-

си ахуал халықаралық шиеленістің артуымен, жаңа 

қақтығыс ошақтарының пайда болуымен, лаңкестік 

қауіп-қатердің күшеюімен қатар өрбуде.

Қазақстан егемен ел ретінде дамып келе жатқан 

25  жылдың  ішінде  əлемдік  дағдарыстардың  сын-

қатерлерімен  сан  мəрте  бетпе-бет  келді  жəне  біз 

олардың барлығына лайықты тойтарыс бере білдік. 

Тіпті, біз ондай кезеңдерді əрдайым дамудың жаңа 

сапалық деңгейіне шығудың мүмкіндігі ретінде пай-

далана алдық.

Сол  себепті,  біздің  еліміз  əрқашан,  əрбір 

дағдарыстан  жаңғырған,  қуатты  ел  болып  шығып 

келеді.

Қазір  де  Қазақстанның  жаңа  жаһандық  сын-



қатерлерді еңсеретін нақты жоспары бар. Мемлекет 

басшысы Н.Ə.Назарбаевтың саясатының арқасында 

еліміздің тек əлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде 

ғана емес, жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында 

дамуы туралы стратегиясы мен нақты «Ұлт Жоспары» 

бар.


Бүгінгі уақыт – кейінге қалдырмайтын жедел ша-

ралар уақыты.

Осыған  байланысты,  қазірден  бастап  жаңа  ре-

формаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, со-

нымен  бірге,  дағдарысқа  қарсы  шараларды  тиімді 

жүзеге  асыру  үшін  біз  бесінші  шақырылымдағы 

Мəжілістің  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын  тоқтату 

жəне Парламентке жаңа сайлау тағайындау туралы 

бастама көтереміз.

Біріншіден,  қазіргі  Мəжіліс  «Ұлт  Жоспарын» 

жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап,  өзінің 

тарихи миссиясын орындады.

Парламент  80-ге  жуық  заң  қабылдады. 

Президенттің  5  институттық  реформасының 

əрқайсысын  жүзеге  асырудың  «жол  картасы»  жа-

салды.


Ал  қазір,  жаңа  тарихи  кезеңге  аяқ  басып, 

елімізді  ауқымды  жаңғыртуға  жəне  Президент 

реформаларын  барлық  бағыттар  бойынша 

нақты  жүзеге  асыруға  кіріскен  сəтте  партиялар 

сайлаушылардың  жаңа  сенім  мандатын  алуы 

айрықша маңызды.

Екіншіден,  осынау  жауапты  сəтте  дағдарысқа 

қарсы  шараларды  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  кең 

ауқымды  қоғамдық  бірігу  қажет.  Тек  бірлік  пен 

үйлесімді іс-əрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық 

соққыларға қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Үшіншіден,  біздің  реформаларды  жүзеге  асы-

ру  жөніндегі  іс-əрекеттерімізді  барлық  деңгейде 

үйлестіру  үшін  парламенттік  сайлауды  жергілікті 

мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет.

Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ 

мерзімге созбауға жəне сайлауды ұйымдастыру мен 

өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама 

қысқартуға мүмкіндік береді.

Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, 

біз Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы 

Президентінің бесінші шақырылымдағы Қазақстан 

Республикасы  Парламенті  Мəжілісін  мерзімінен 

бұрын  тарату  жəне  Қазақстан  Республикасының 

Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс 

сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау 

туралы бастамамен жүгінеміз.

Қазіргі  тарихи  сəттің  барша  жауапкершілігін, 

мақсаттар  мен  міндеттердің  ортақтығын  сезіне 

отырып, бұл үндеуді үш парламенттік фракцияның 

барлығының депутаттары қабылдайды.

Біз  парламенттік  аламанға  қатысуға  жəне 

мемлекеттік  стратегия  мен  саясатты  жүзеге  асы-

ру жауапкершілігінің бір бөлігін өзіне алуға дайын 

екендіктерін сан рет мəлім еткен  барлық саяси пар-

тияларды адал жəне ашық күреске – жаңа сайлауға 

қатысуға үндейміз.

Сонымен қатар, біз еліміздің  барлық қоғамдық 

бірлестіктері  мен  үкіметтік  емес  ұйымдарын,  бар-

ша  азаматтарды  біздің  бастамамызды  қолдауға 

шақырамыз.

Біз ел дамуының жаңа жəне жауапты кезеңіне аяқ 

бастық  жəне  онда  бірлігіміз  бен  тұтастығымызды 

нығайта түсу арқылы ғана өз жетістіктерімізді қорғап, 

Отанымызды дамудың жаңа белестеріне шығара ала-

мыз.


Біздің Қазақстанымыз – біздің ортақ үйіміз!

Біздің Отанымыз бір, тағдырымыз бір!

ОРЫНДЫ ОЙ, ЎТЫМДЫ ЎСЫНЫС

Ќазаќстан Республикасы Парламенті 

Мəжілісі депутаттарыныѕ Парламент 

Мəжілісі мен барлыќ деѕгейдегі мəслихаттар 

депутаттарыныѕ мерзімінен бўрын сайлауын 

ґткізу туралы бастама кґтерген 

ЇНДЕУІ

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан». 

Бесінші  сайланған  Пар ла-

ментті тарату жəне жаңа сайлау-

ды  тағайындау  туралы  Қазақ-

стан  Президентінің  атына  жол-

дан ған  Үндеуді  күн  тəртібіне 

енгі зуді  ұсынған  Мəжіліс  де-

путаты  Нұрлан  Əбдіровтің  бұл 

ұсынысы əріптестері тарапынан 

бірауыздан қолдау тапты. Бұған 

дейін  Парламенттегі  үш  партия 

фракциясының  мүшелері,  тіпті, 

арнайы  брифинг  те  өткізген-ді. 

«Мəжілісті  тарату  жəне  мер-

зімінен  бұрын  Парламент  сай-

лауын тағайындау туралы шешім 

қазіргідей  аса  күрделі  əлем-

дік  экономикалық  жəне  саяси 

жағдайда  қиын.  Алайда,  Қазақ-

стан ның  бүгіні  мен  болашағы 

үшін тарихи маңызы зор шешім 

сана лады», деді Н.Əбдіров. Сөйтті 

де депутат оның төрт себебін са-

намалап өтті.

Біріншіден, қазіргі Парламент 

Президенттің  Бес  институттық 

реформасының басталуын қажет-

ті заңнамалық базамен толық қам-

тамасыз етіп, өзінің тарихи мис-

сиясын орындады. Қазір оларды 

іс жүзіне асыру кезеңі басталды. 

«Бұл ретте Қазақстан халқының 

елімізді ауқымды жаңғырту мен 

дағдарысқа қарсы тиімді саясат-

ты заңнамалық қамтамасыз ету-

ге  қай  партияларға  жаңа  сенім 

мандатын  беретінін  айқындау 

айрықша  маңызды.  Сондықтан 

біз  2016  жылдың  аяғында  өз 

өкілеттігіміздің мерзімі аяқталуын 

күте  алмаймыз  жəне  Мəжілісті 

таратып, Парламент пен барлық 

деңгейдегі мəслихаттардың жаңа 

сайлауын  тағайындау  жөнінде 

бастама  көтереміз»,  деді  өзінің 

сөзінде Нұрлан Мəжитұлы. Оның 

пайымынша, бұл қадам уақытты 

ұттырмай,  іс  жүзінде  тұтас  бір 

жылды  жоғалтпай,  дағдарысқа 

қарсы шаралар мен мемлекеттің 

қуатын арттыру жөніндегі жаңа 

реформаларды  жүзеге  асыруға 

қазірден кірісуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, төл тарихымыздың 

жауапты  кезеңінде  Мəжілістің 

жаңа  сайлауы  мемлекеттік 

бағдарламаларды  жүзеге  асыру 

жауапкершілігінің  белгілі  бір 

бөлігін өздеріне алуға даярлығын 

сан  рет  мəлім  еткен  партиялар 

үшін  мемлекет  құрылысының 

жаңа кезеңінде жаңа Парламентте 

өзін тиімді көрсетудің тағы бір сая-

си мүмкіндігін беретіндігі ерекше 

аталды. Ал, үшіншіден, биліктің 

реформалар мен дағдарысқа қарсы 

шараларын  барлық  деңгейде 

үндестіру үшін Мəжіліс сайлау-

ын  жергілікті  мəслихаттар  сай-

лауымен  қоса  өткізу  ұсынылып 

отыр.  Бұл  да  əлемдік  дағдарыс 

жағдайында  сайлау  науқанын 

ұзақ  мерзімге  созбауға  жəне 

сайлауды  ұйымдастыру  мен 

өткізуге  жұмсалатын  бюджет 

шығыстарын  едəуір  қысқартуға 

мүмкіндік береді.

Төртіншіден, реформалар мен 

дағдарысқа қарсы саясатты тиімді 

жүргізу үшін биліктің мемлекеттік 

құрылымдар  мен  азаматтық 

қоғамның  барлық  тармақтары 

үйлесімді  жұмыс  істеуі  қажет. 

Осылай  деген  нұротандық 

депутаттың айтуынша, жаңа сай-

лаулар  мемлекет  пен  қоғамды 

Ұлт  Жоспарына  жəне  экономи-

ка мен елді дағдарыстан қорғау 

міндеттеріне жұмылуға мүмкіндік 

береді.  Бұл  –  еліміздің  барлық 

азаматтарын толғандыратын өте 

маңызды міндет. «Осы ретте біз 

мерзімінен  бұрын  сайлау  күн 

тəртібіндегі  өзекті  мəселелерге 

қатысты  қоғамдық  мəміле  мен 

келісімді  нығайта  түсетініне 

сенімдіміз. Осының барлығы ішкі 

саяси  бірлік  пен  тұрақтылықты 

нығайтып,  Елбасымыздың 

төңірегіне  топтасуымыз  үшін 

қажет.  Бұл  еліміз  үшін  аса 

маңызды сəт», деп қорытты сөзін 

Н.Əбдіров.

Сондай-ақ отырыста сөз алған 

«Халықтық  коммунистер»  пар-

тиясы  (ҚКХП)  фракциясының 

жетекшісі  Владислав  Косарев 

Үндеуді қолдайтындықтарын алға 

тартты.  «Біз  де  бүгін  фракция-

да  осы  мəселені  кеңінен  тал-

қыладық.  Біздің  партия  Мəжі-

лісті  тарату  мен  мерзімінен 

бұрын сайлау өткізуді қолдайды. 

Өз  ұстанымымды  түсіндірейін, 

біріншіден,  əлемде  жаһандық 

бейберекетсіздіктің қаупі төніп тұр. 

Оның үстіне халықаралық қаржы, 

экономикалық  дағдарыстың 

құры лымдық сипаты бар. Импе-

риалистік  əлемдегі  сілкіністер 

жаһандық экономиканың сипаты-

на да, халықаралық қатынастарға 

да өз əсерін тигізуде», деді Вла-

дислав  Борисович.  Депутат 

бұл  ретте  дағдарыс  кезеңінде 

алаңдамай  жұмыс  істеу  ерекше 

маңызды  екенін,  сондықтан  да 

халықтың  өз  таңдауы  арқылы 

партияларға жауапкершілікті тағы 

да нақтылауын қалайтындықтарын 

ортаға салды.

«Біз  ұдайы  халықтық  қара-

жатты үнемді ұстауға шақырып 

келеміз.  Сондықтан  да  Мəжіліс 

пен  мəслихаттар  сайлауларын 

біріктіріп өткізуді дұрыс санай-

мыз.  Біз  өз  бəсекелестерімізбен 

сайлаушылардың  дауысы  үшін 

күреске  түсуге  əрқашанда  дай-

ынбыз!  Сондықтан  Елбасына 

жолданған тарихи Үндеуді толық 

қолдаймыз», деді В.Косарев.

Парламенттегі партиялар фракцияларыныѕ ўстанымдары осындай

Мəжіліс тарайды екен деген əңгіменің шыққанына да 

біраз болған-ды. Осы əңгіменің шындыққа айналатын кезі 

де алыс емес сияқты. Өйткені, кеше Парламент Мəжілісінің 

Төрағасы  Қабиболла  Жақыповтың  жетекшілігімен  жаңа 

жылдағы  алғашқы  өткен  палатаның  кезекті  жалпы 

отырысының күн тəртібіне бірінші қаралу үшін осы мəселе 

енгізілді. Бұл Мəжіліс сайлауын жергілікті мəслихаттар сай-

лауымен қоса өткізу үшін қолайлы ұсыныс саналады.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жиында  бірінші  кезекте 

сөз  алған  депутат,  «Нұр  Отан» 

пар тиясының  Мəжілістегі  фрак-

циясының  өкілі  Нұрлан  Əбді ров 

Парламент Мəжілісі мен бар лық 

деңгейдегі  мəслихат  депу тат-

тарының  кезектен  тыс  сайлауын 

өткізу  туралы  Үндеуінің  мəті нін 

жария  етті.  Сондай-ақ,  ол  дағ-

дарыс қа қарсы шараларды тиімді 

жүзе ге асыру үшін кең ауқымды 

қоғам дық  бірігу  қажет  екеніне 

тоқта ла келіп, тек бірлік пен үйле-

сімді іс-əрекеттер ғана жаңа эконо-

микалық соққыларға төтеп беруге 

мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Үндеуде айтылғандай, еліміз-

дегі ре фор маларды жүзеге асыру 

жө нін дегі іс-əрекеттерімізді бар -

лық деңгейде үйлестіру үшін Пар-

ла  мент сайлауын жергілікті мəс-

ли  хат  тар сайлауымен қоса өткізу 

қажет. 


Даєдарыста 

даєдарудыѕ реті жоќ

Елді елеѕ еткізген бастама

Кеше елордада Парламент Мəжілісінің депутаттары Нұрлан 

Əбдіров, Ирина Аронова, Владислав Косарев, Азат Перуашев, 

Меруерт Қазбекова жəне Айқын Қоңыровтың қатысуымен 

брифинг  өтті.  Басқосуда  Мəжілістің  жасақталуына  негіз 

болған «Нұр Отан», «Ақ жол» жəне Қазақстан коммунистік 

халық  партиясының  (ҚКХП)  атынан  сайланған  бұл  де-

путаттар  Мəжілісті  мерзімінен  бұрын  тарату  туралы  бас-

тама  көтерді.  Сондай-ақ,  жиында  аталған  партиялық  үш 

фракцияның  Парламент  Мəжілісі  мен  барлық  деңгейдегі 

мəслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу 

туралы Үндеуі жария етілді.

Кеше  Парламент  Мəжілісіндегі 

фракциялар  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевқа  мерзімінен  бұрын 

Мəжіліс  жəне  түрлі  деңгейдегі 

мəслихаттар  сайлауларын  өткізу 

жөнінде  Үндеу  жолдаған  еді. 

Парламент  «100  нақты  қадам» 

Ұлт  Жоспары  мен  басқа  да  ірі 

бағдарламалар  мен  жобаларды 

ойлағандай жүзеге асыруға қажетті 

тиісті  заңдардың  барлығын  жаңа 

2016 жылға дейін қабылдап үлгерген 

болатын.  Үстіміздегі  жылдан  бас-

тап ол заңдар қолданысқа енгізіліп, 

жұмыс істеуге кірісті.

Сонымен,  ел  дамуында  тарихи 

жаңа  кезең  басталды.  Осы  орайда, 

сырттағы  қолайсыз  жағдайлардың 

қысымы  Қазақстанға  əсері  тиюі 

ықтимал қазіргі уақытта депутаттық 

мандаттың  мерзімі  аяқталуын 

күткеннен  гөрі,  дағдарысқа  қарсы 

тұру  шараларын  жүзеге  асырып, 

мемлекетті  одан  əрі  нығайта  түсу 

үшін  сайлауды  мерзімінен  бұрын 

өткізіп,  халықты  Ұлт  Жоспарын 

жаңа  сайланған  кəсіби  жағынан 

біліктілігі  жоғары  депутаттармен 

бірге орындауға жұмылдырудың пай-

дасы  зор  болмақ.  Міне,  сондықтан 

Парламент Мəжілісі депутаттарының 

бұл  бастамасына  бүкіл  Қазақстан 

жұртшылығы  жан-жақты  қолдау 

көрсетіп  отыр.  Мұны  бүгінгі 

нөмірдегі Үндеуге үнқосулар айқын 

аңғартады.

–––––––––––––––



(Қазақстандықтардың  Үндеуге  жан-

жақты  қолдау  көрсеткен  пікірлері 

газетіміздің 2-7 беттерінде жарияла-

нып отыр).

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 3-бетте).

Ўсынысты ќолдаєан 

ќазаќстандыќтардыѕ ќатары ќалыѕ


www.egemen.kz

2

14 қаңтар 2016 жыл

ОРЫНДЫ ОЙ, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы 

Парламенті  депутаттарының  елде  мерзімінен  бұрын 

парламенттік  сайлау  өткізу  жəне  барлық  деңгейдегі 

мəслихаттардың  сайлауын  өткізу  туралы  Үндеуін 

толығымен қолдайды.

Бұл қадам Бес институттық реформаны, Елбасы ның 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа-

лар, даму» атты Жолдауын тиімді іске асыру үшін аса қажет. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің V 

шақырылымдағы депутаттарының құрамы өзінің тарихи 

рөлін атқарды. Ұлттық заңнамаға ел тарихында бұрын-

соңды болмаған кең көлемді өзгерістер енгізуді жүзеге 

асырды.  

Президенттік  реформалар  аясында  қабылданған 

заңдар мемлекеттің, экономиканың, қоғамның дамуында 

түбегейлі жаңа құқықтық негіз қалыптастырды.

Бұл – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАН – əлем дегі 

30 озық елдің қатарына енуге жол ашып отыр.

Мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде, «Мəңгілік 

Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын 

бекіту, азаматтық қағидаты негізінде жаңа қазақстандық 

бірегейлікті  нығайту жəне дамыту үшін елдің жоғары заң 

шығару органының жұмысына жаңа сапа қажет. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау 

бойынша ел Үкіметімен синхронды жұмысты қамтамасыз 

ету маңызды.

Күрделі  жағдайда  заң  үстемдігін  қамтамасыз 

ету,  ашық  үкіметті  қалыптастыру,  Қазақстан  эконо-

микасының əрі қарай өсуіне жағдай жасау жөніндегі терең 

реформалардың тиімділігі үшін Заң шығару органының 

мандатын жаңарту – орынды бастама.

Біз  Ұлт  Жоспары,  Парламент  Мəжілісі  депутат-

тары ның  жаңа  құрамын  сайлау  –  барша  халықтың 

экономикалық  жəне  азаматтық  белсенділігін  арттыру 

үшін қуатты қозғалтқыш күш болатынына сенімдіміз.

Бұл  президенттік  реформалардың  орасан  зор 

бағдарламасын  іске  асыру,  қоғамдық  келісім  мен 

жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қажетті жағдайлар 

жасауға мүмкіндік береді.

Біз  барлық  азаматтарды  –  біздің  ортақ  мүддеміз 

бен  ортақ  мақсатымыз  үшін,  біздің  ортақ  Отанымыз 

–  Қазақстан  Республикасының  өсіп-өркендеуі  жолын-

да  парламенттік  сайлауды  жəне  барлық  деңгейдегі 

мəслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы 

ұсынысты қолдауға шақырамыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 

2016 жылғы 13 қаңтар, Астана қаласы.

Талқылау барысында «Ақ жол» партия-

сы фракциясының төрағасы, депутат Азат 

Перуашев фракциялар тарапынан болған 

бастаманы  толық  қолдайтындықтарын 

жеткізді. Депутаттың пайымынша, сайлау-

шылар өз таңдауын нақтылап, еліміз үшін 

маңызды  жаңа  кезеңде  Парламентте  қай 

партия жұмыс істейтінін халық айқындауы 

керек. «Қазіргі күні қоғамдағы тұрақтылық 

пен келісімнің жəне экономиканың түйткілді 

мəселелерін шешу бұрынғыдан да өзекті. 

Ал жаңа сайлау өзекті мəселелерге қатысты 

қоғамдық келісімді нығайтатынына сенім 

мол. Мəслихаттар деңгейіндегі жаңа сай-

лаулар  да  қоғамның  не  күтетінін  толық 

түсінуге  жағдай  жасайды»,  деді  Азат 

Тұрлыбекұлы. Депутат мерзімінен бұрын 

сайлауды көп созбай өткізу аса маңызды 

екенін, өйткені ол Президент реформала-

рын  сауатты  жүзеге  асыруға  өз  септігін 

тигізетінін тілге тиек етіп, бұл ертеңгі күнге 

деген сенімді нығайтатынын ортаға салды.

«Сонымен  қатар,  жаңа  мерзімінен 

бұрын сайлау ұлттық бизнеске, тұтастай 

республикаға  əсерін  тигізетін  уақытша 

қиындықтарды  барынша  жеңіл  өткеруге 

мүмкіндік береді деп санаймыз. Ал Мəжіліс 

пен  мəслихаттар  сайлауларын  біріктіріп 

өткізу  бюджет  қаражатын  үнемдеу 

тұрғысынан  маңызды»,  деді  фракция 

жетекшісі.

Сонымен  қатар,  жалпы  отырыста  сөз 

алған Мəжіліс депутаты Роман Ким еліміз 

үшін жаңа сын-қатерлер алдында халықтың 

бірлігін  нығайтудан  маңызды  мəселе 

жоқтығына  назар  аудартты.  «Сондықтан 

да  барша  қазақстандықтар  Елбасының 

төңірегіне  топтасуы  қажет.  Мерзімінен 

бұрын  өткізілетін  Мəжіліс  сайлауы 

дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге 

асыру үшін барлық қазақстандық қоғамның 

топтасуын,  бірігуін  қамтамасыз  етеді. 

Біз дағдарыстың ел бірлігі, тұрақтылығы 

үшін  сынақ  болатынын,  сонымен  бірге, 

осы  арқылы  жаңа  мүмкіндіктер  де  туа-

тынын ұмытпауымыз керек», деді Роман 

Ухенович. Оның айтуынша, жаңа сайлау 

президенттік реформаларды сəтті жүзеге 

асыруға  септігін  тигізеді  жəне  бұл  Ұлт 

Жоспары  мен  дағдарысқа  қарсы  шара-

ларды сауатты құқықтық қолдау үшін де 

аса  маңызды.  Сондай-ақ,  депутат  сайлау 

жаһандық  дағдарыстың  жағымсыз  əсер-

леріне  қарсы  тұру  үшін  де  мүмкіндікті 

артты ратынын, ал бұл қадам қауіпсіз ке-

лешек үшін ұлттық бірлікті қалыптастыру 

тұрғы сынан да аса өзекті екенін алға тартты.

«Жоғары  жəне  жергілікті  өкілдік 

беріл ген  сайлауларды  біріктіру  бюджет 

қара жаттарын  айтарлықтай  үнемдейді. 

Сондықтан  да  Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясының  депутаттық  тобы  Мəжілістің 

жəне  мəслихаттардың  мерзімінен  бұрын 

сайлауын  өткізу  туралы  бастаманы  қол-

дайды. Біз барлық қоғамдық ұйымдарды, 

үкіметтік  емес  ұйымдарды  жəне  барша 

ел  азаматтарын  осы  бастаманы  қолдауға 

шақырамыз», деді Р.Ким.

Талқылауды қорытындылай келіп, па-

лата Төрағасы былай деді: «Бүгін тарихи 

Үндеу  қабылдадық.  Мəжіліс  аппараты 

Президент  атына  жолданатын  Үндеуді 

ұйымдастырады. Ал Елбасы бір апта, он күн 

шамасындағы тəртіппен қарайтын шығар. 

Сосын өзінің шешімін қабылдайды. Мұның 

тəртібі сондай». Палата Төрағасының атап 

өткеніндей,  белгіленген  мерзім  ішінде 

Елбасы  қандай  бір  шешім  қабылдағанға 

дейін  Мəжіліс  жұмысы  бұрынғыдай 

жалғаса  беретін  болады.  Орайы  келген-

де,  Үндеу  мəтінінде  жаһандық  жүйелі 

дағдарыс  əлемнің  барлық  елдерін,  тіпті, 

дамыған жетекші мемлекеттерді де қамтуда 

екендігі,  еліміздің  25  жылдың  ішінде 

əлемдік дағдарыстардың сын-қатерлерімен 

сан  мəрте  бетпе-бет  келгендігі  жəне 

олардың  барлығына  лайықты  тойтарыс 

бере білгендігі көрініс тапқан. Сондықтан, 

қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге 

асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге, 

дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге 

асыру  үшін  бесінші  шақырылымдағы 

Мəжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын 

тоқтатып,  Парламентке  жаңа  сайлау 

тағайындау айрықша маңызға ие екендігі 

де атап көрсетілген.

Бұдан кейін депутаттар күн тəртібіндегі 

мəселелерді қарады. Атап айтқанда, талқыға 

түскен «Қазақстан Республикасы мен энер-

гия тиімділігін арттыру бағдарламаларына 

жəне жастар корпусын дамытуға арналған 

бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде 

əрекет  етуші  Халықаралық  Қайта  құру 

жəне даму банкі арасындағы грант тура-

лы  (Жастар  корпусын  дамыту  жобасы) 

келісімді ратификациялау туралы» заң жо-

басы қолдау тапты. Келісім 2015 жылғы 10 

қыркүйекте Астанада жасалған. Оған сəйкес 

Дүниежүзілік  банктің  Жастар  корпусын 

дамыту жобасын қаржыландыруға жəрдем 

көрсету үшін Қазақстан Республикасына 

21  763  000  АҚШ  доллары  мөлшерінде 

грант бөлуі көзделеді. Жобаның мақсаты 

жастардың, əсіресе, əлеуметтік тұрғыдан 

осал  топтардың  қоғамдастық  өміріне 

тартылуын  ынталандыру,  сондай-ақ, 

қоғамдастықтың  игілігі  жолындағы 

қоғамдық  пайдалы  қызмет  дағдыларына 

оқыту  бағдарламалары  арқылы  олардың 

өмірлік маңызды дағдыларын дамыту бо-

лып табылады.

Жалпы  отырыста,  сонымен  қатар, 

«Қазақстан  Республикасы  мен  Чех 

Республикасы  арасындағы  Табыс  пен 

капиталға  салынатын  салыққа  қатысты 

қосарланған  салық  салуды  болдырмау 

жəне салық төлеуден жалтаруға жол бер-

меу  туралы  конвенцияға  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы  хаттаманы 

ратификациялау туралы» жəне «Қазақстан 

Республикасы мен Үндістан Республикасы 

арасындағы  сотталған  адамдарды  беру 

туралы  келісімді  ратификациялау  тура-

лы» заң жобалары да мақұлданды. Жəне 

де  Қазақстан  мен  Молдова  үкіметтері 

арасындағы заңсыз болатын адамдардың 

реадмиссиясы  туралы  келісімді  жəне 

оны іске асыру бойынша атқару хаттама-

сын,  Қырғыз  Республикасымен  өтеусіз 

əскери-техникалық  көмек  көрсету  тура-

лы үкіметаралық келісімді, 2009 жылғы 9 

маусымдағы  Еуразиялық  экономикалық 

қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын 

құру туралы шартқа өзгерістер енгізу ту-

ралы хаттаманы жəне қордың қаражатын 

басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу 

туралы хаттаманы, сондай-ақ, бір тараптан 

ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер жəне 

екінші  тараптан  Вьетнам  Социалистік 

Республикасы  арасындағы  еркін  сауда 

туралы келісімді, Қазақстан мен Словакия 

арасындағы Инвестицияларды көтермелеу 

жəне  өзара  қорғау  туралы  үкіметаралық 

келісімді  ратификациялауға  қатысты 

жəне  өзге  де  заң  жобалары  жұмысқа 

қабылданды.

Даєдарыста 

даєдарудыѕ реті жоќ

Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ Парламент 

Мəжілісініѕ жəне барлыќ деѕгейдегі мəслихаттардыѕ 

сайлауын мерзімінен бўрын ґткізу жґніндегі Ќазаќстан 

Республикасы Парламенті депутаттарыныѕ ўсынысын  

ќолдау туралы 

ЇНДЕУІ

Депутаттар не дейді?



 Қазіргі Мəжіліс өзінің тарихи миссиясын атқарып, Ұлт Жоспарының 

заңнамалық негізін жасап, 80-нен астам заң қабылдады. 5 институттық 

реформаның əрқайсына «жол карталары» жасалып, билік дағдарысқа 

қарсы шаралар ойластырды.

 2016 жылдан ел дамуында тарихи жаңа кезең басталды. Яғни кең 

ауқымда жаңғырту, Президент белгілеген реформаларды нақты жүзеге 

асыру  жəне  дағдарысқа  қарсы  тұратын  шараларды  атқаратын  тұста 

партиялардың өз сайлаушыларынан жаңа сенім мандаттарын иеленуі 

аса маңызды.

* * *


  Реформаларды  жүзеге  асыруда,  мемлекетті  басқаруда  биліктің 

барлық деңгейінде үндестіктің болуы – қажеттілік. Сол себептен, де-

путаттар Мəжіліс пен мəслихаттар сайлауларын бірге өткізуді ұсынып 

отыр. «Бұл дағдарыс кезінде сайлауды ұзын арқан, кең тұсауға салып 

созбаламай, бюджетке қайта-қайта салмақ түсіруден сақтайды».

* * *


 Қазіргідей тарихи жауапты кезеңде Мəжіліс сайлауы партиялар үшін 

тағы бір саяси мүмкіндіктерін танытуға жол ашады, себебі олар осындай 

сын сағатта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың бір бөлігін 

мойындарына алуға əзір екендіктерін, жаңа Парламент қабырғасында 

мемлекеттің  жаңа  даму  үдерісіне  өз  үлестерін  қосатындықтарын 

əлденеше рет айтқан болатын.

* * *

 Реформаларды тиімді жүргізуге жəне дағдарысқа қарсы саясатта 



биліктің барлық деңгейінің, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық 

қоғам  жұмысының  жолға  қойылуы  маңызды.  Жаңа  сайлау  мемле-

кет  пен  қоғамға  Ұлт  Жоспарынан  туындаған  мақсаттарға  жəне  ел 

экономикасының дағдарысқа қарсы тұруы жолында жұмылуға мүмкіндік 

тудырады.  Бұл  –  барша  қазақстандықтарды  толғандыратын  мəселе! 

Міне, осы тұста мерзімінен бұрын сайлау өткізу күн тəртібінде тұрған 

мəселелерді шешуде ортақ пəтуа бекітіп, қоғамдық келісімнің өрістей 

беруіне кең даңғыл болады.

Əлеуметтік желілердегі 

сарапшылар не дейді?

Ел айналасындағы халықаралық жағдай қиындай береді. Жаһандық 

басты ойыншылар арасындағы қайшылықтар өсе түсуде. Жобаны жүзеге 

асыру  кешеуілдеген  сайын,  оны  атқаруға  кедергі  жасайтын  сыртқы 

күштердің ықпалы күшейе түсу қаупі де артады.

 Мысалы, кең ауқымдағы «түрлі-түсті сценарийлердің» жүзеге асуына 

бір жылдай уақыт кетеді. Сондықтан да қазір осындай жат пиғылдарға 

уақыт бермей, əбжіл қимыл таныту маңызды.

  Қазақстан  халқына  қазіргі  уақытта  Парламент  уəкілеттілігінің 

заңдылығын бекітіп, дағдарысқа қарсы шаралар мен институттық ре-

формаларды іске асыруда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару қажет.

* * *

Сырттағы  қолайсыз  жағдайлардың  қысымы  Қазақстанға  əсері 



тиетіндей қазіргі уақытта 2016 жылғы депутаттық мандаттың мерзімі 

аяқталуын күткеннен гөрі, дағдарысқа қарсы тұру шараларын атқарып 

жəне жаңа реформаларды жүзеге асырып, мемлекетті одан əрі нығайта 

түсу  үшін  сайлауды  кешеуілдетпей  өткізіп,  халықтың  назарын  Ұлт 

Жоспарын орындауға жұмылдырудың пайдасы зор болмақ. 

* * *


 Сайлауды қазір өткізудің қажеттігі мынада: əлемдік экономикалық 

дағдарыстың жаңа бір толқыны тумай жатып электоралды циклдан өтіп 

алу керек. Дағдарыстың қандай екпіні болатыны, оның қандай ауқымды 

қамтитыны белгісіз, ол Қазақстан экономикасын шарпып өтуі де ғажап 

емес.

* * *


 Мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазақстандық қоғамның кең ауқымда 

пəтуалы тірлігін кешуі, бірлігі мен үндескен қимылы арқасында алда-

рына қойған мақсаттарға жетуі, Президент айтқан реформаларды өмірге 

мейлінше дендеп енгізу үшін қажет.

* * *

  Мерзімінен  бұрын  сайлау  өткізу  Президент  реформаларының 



Парламентін сайлау үшін қажет, ол Ұлт Жоспарының сауатты жүргізіліп, 

дағдарысқа қарсы саясаттың дұрыс өтуіне жағдай тудырады.

* * *

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу партияішілік бірлікті нығайтып, 



елдегі тұрақтылықты күшейте түседі. Біздің Дағдарысқа қарсы Ұлттық 

стратегиямыз бар, сондықтан бүгін біз бос даңғаза, құрғақ пікірталастан 

гөрі нақты жұмыстармен айналысуға тиіспіз.

БАЌ-тар не дейді?

Сайлаудың мерзімін ауыстыру ОСК жұмысына қиындық тудырмай-

ды. Мəселен, комиссияларға 2016 жылдың желтоқсанынан гөрі наурыз 

айында жұмыс істеу əлдеқайда қолайлы.

* * *


 Мерзім ауыстыру сайлауға деп бюджеттен қосымша қаржы бөлуге 

алып келмейді.

* * *

 Мерзімінен бұрын сайлау өткізу жəне Парламент құрамын жаңалау 



сыртқы саяси қатерлер туындап тұрған уақытта біздің еліміздің күн 

тəртібін жаңартуын қажет етеді, ал осындай кезеңде Мəжіліс маңызды 

рөл атқаруы тиіс.

* * *


 2016-2017 жылдар – əлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстың 

жаңа  толқыны  күтілген  уақыт.  Сондықтан,  Қазақстанда  сайлауды 

тезірек  өткізген  жөн.  Ол  барлық  мемлекеттік  органдарға,  Үкіметке 

жəне Парламентке сайлауға алаңдамай, дағдарысқа қарсы шараларға, 

институттық реформаларға бел шеше кірісуге жол ашады.

* * *


 Қазір əлемді дағдарыс жайлады. Еуропа мен ТМД елдерінің эконо-

микалары ауыр кезеңдерді бастан кешіруде. Қазақстанда Елбасының 

саясаты арқасында əлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өсу (ІЖӨ 

2015 жылдың қорытындысы) жəне тұрақтылық сақталуда. Мерзімінен 

бұрын жедел сайлау өткізіп алу осы үрдісті сақтап, жүргізіліп келген 

саясаттың сабақтастығын жалғастыруға мүмкіндік жасайды.

* * *

 2016 жылы Қазақстан өз Тəуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. 



Бұл ел үшін аса маңызды кезең. Қазақстан өз дамуының жаңа тари-

хи сəтінде. Ал оны жаңарған Парламентпен бастау да символикалық 

тұрғыда өте жақсы.

 Əлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс толқынын күткен кезеңді 

күрделі əрі сын сағаттарда жұмыс істеуге қабілетті жаңа Парламентпен 

қарсы алу қажеттілік. Заң шығарушылардың осы ретте жағдайды тез 

бағамдап, бюджетке өзгерістер енгізіп, өзге де экономикалық, əлеуметтік 

жəне дағдарысқа қарсы саясатта заң қабылдауы ел үшін маңызды болмақ.

«Нўр Отан» саяси партиясы

«Жас Отан» жастар 

ќанатыныѕ

МƏЛІМДЕМЕСІ

«Нұр Отан» саяси партиясының «Жас Отан» жас-

тар  қанаты  Парламент  депутаттарының  Мəжілісті 

тарату  жəне  Парламент  пен  барлық  деңгейдегі 

мəслихаттардың  мерзімінен  бұрын  сайлауын  өткізу 

туралы бастамасына қолдау білдіреді.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Жастар  –  ел 

болашағы» деген сөзін біз əрдайым жадымызда тұтып, 

тəуелсіз  Қазақстанның  даму  жолындағы  қадамдары 

қарышты  болуына  өз  үлесімізді  қосып  келеміз.  Біз, 

Елбасы сенім артқандай, білімді, білікті, отаншыл аза-

маттар болу үшін аянбаймыз.

Еліміз  біздің  азат  елдің  арқалы  азаматтары-

на  айналуымызға  бар  қамқорлықты  жасап  отыр. 

Заманауи білім ордалары мен денсаулық сақтау ны-

сандары салынып, олар соңғы үлгідегі жабдықтармен 

жарақтандырылуда. Жастардың əлемнің əр қиырындағы 

ең үздік оқу орындарында алаңсыз білім алуына толық 

мүмкіндік жасалған. Біз ертеңімізге сеніммен қараймыз.

Əлемдік экономикадағы қиындықтарға алдын ала 

лайықты жауап берген Қазақстан бұл кедергілерден 

тың қуатпен, жаңарған ел ретінде шығарына сенімдіміз.

Жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын абырой-

мен еңсеру үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа 

қарсы саясатын жəне мемлекетімізді жаңғыртуға серпін 

беретін 5 институттық реформаны іске асырудың «100 

нақты  қадам»  Ұлт  Жоспарын  орындауға  жаңадан 

сайланған Парламент сүбелі үлес қосады деп санаймыз.

Біз, «Жас Отан» жастар қанаты еліміздегі ең ірі жас-

тар ұйымы ретінде барша қазақстандық замандастары-

мызды маңызды бастамаға үлес қосуға шақырамыз.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал