6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012



жүктеу 144 Kb.
бет8/16
Дата14.11.2022
өлшемі144 Kb.
#23854
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
хим научная каз
Фазалық тепе-теңдіктер
Гетерогенді тепе-теңдік. Бір- және екікомпонентті жүйелердің
күй диаграммалары

Гиббстің фазалар ережесі. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар.
Бір компонентті жүйелердің күй диаграммаларының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері.Су және күкірттің күй диаграммалары.
Екікомпонентті жүйелердің балқу диаграммалары: бip эвтектикалы, компоненттері химиялық әрекеттесетін жүйелер балқу диаграммалары.
Әр түрлі типті балқу диаграммаларының алыну шарттары.Нода, рычаг ережесі. Барлық типті балқу диаграммаларында сұйық және қатты фазалар құрамдарының өзара байланысы.
Сұйықфазалы жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік.
Екі және үш сүйықтықтың бір-бірінде epігіштігі. Yш компонентті жүйелердің құрамын белгілеу әдістері.
Бір-бірінде ерімейтін екі сүйықтық арасында үшінші компоненттің таралуы. Таралу коэффициенті және таралу константасы. Нернст-Шилов және Нернст-Лепинь теңдеулері. Экстаркция.
Ерітінділер. Идеал ерітінділердің заңдары
Ерітінділер, Ерітінділер теориясындағы негізгі бағыттар. Ерітінділер түзілуінің термодинамикалық шарттары.
Аддитивті және аддитивті емес қасиеттер. Идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттері. Реал ерітінділер, олардың жіктелуі. Рауль заңы. Рауль заңынан ауытқулар және олардық себептері.
Қайнау температурасы (бу қысымы) - құрам (t, P-x) диграммасы. Гиббс -Коноваловтың бірінші заңы.Фракциялық айдау. Азеотропты ерітінділер. Коноваловтың екінші заңы. Гетероазеотропия.
Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері.Эбулиометрия. Криометрия. Осмос. Еріген заттың молекулалық массасын және молекулалық күйін эбулио-, крио- және осмометрия мәліметтері арқылы анықтау. Вант-Гоффтың изотондық коэффициенті.


«ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОХИМИЯ» пәні


Химиялық кинетиканың негіздері
Жабық жүйедегі элементар және формальды гомогенді бір бағыттағы реакциялардың формальды кинетикасы. Жабық жүйедегі реакция реттілігі мен қарапайым реакциялардың жылдамдық константасы.
Химиялық реакция жылдамдығына температура әсері. Активтену энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.



жүктеу 144 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет