6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012



жүктеу 144 Kb.
бет4/16
Дата14.11.2022
өлшемі144 Kb.
#23854
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
хим научная каз
15 топ элементтері
15 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Азот, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммиак, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммоний тұздары. Гидразин, гидроксиламин, азидсутек. Азоттың оксидтері. Азотты қышқыл және оның тұздары. Азот ангидриді. Азот қышқылы, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Маңызды нитраттар. Азот қышқылын өнеркәсіпте алу. Азот тыңайтқыштары. Азот өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.
Фосфор, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Фосфордың оксидтері. Фосфордың оттекті қышқылдары және олардың тұздары. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.


14 топ элементтері
14 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Көміртектің аллотропиясы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көміртектің оттекті қосылыстары. Көміртек (II) оксиді. Карбонилдер. Көміртек (IV) оксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көмір қышқылы және оның тұздары. Судың уақытша кермектігі және оны жоюдың жолдары. Көміртектің басқа маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Кремний, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кремнийдің жер қыртысындағы ерекше ролі. Кремний қышқылдары және силикаттар. Жасанды силикаттар (шынылар, силикаттар, цементер, бетондар және т.б.)


13 топ элементтері
13 топ элементтерінің жалпы сипатамасы. Алюминий, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийді электролиттік жолмен алудың технологиясы.


1 топ элементтері
1 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.



жүктеу 144 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет