6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012


Карбон қышылдары және олардың туындылары



жүктеу 144 Kb.
бет14/16
Дата14.11.2022
өлшемі144 Kb.
#23854
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
хим научная каз
Карбон қышылдары және олардың туындылары
Карбон қышылдары. Синтездеу әдістері біріншілік спирттер, альдегидтер, алкендер және алкилбензолдарды тотықтыру нитрилдерді және карбон қышқылдарының өзге де туындыларын гидролиздеу металл-органикалық қосылыстар және малон эфирі негізіндегі синтездер. Құмырсқа және сірке қышқылдарын алу.
Карбоксил тобының құрылысы. Қышқылдардың физика-химиялық қасиеттері: ассоциация, диассоциация, орынбасарлардың қышқылдыққа әсері. Қышқылдарды Гель-Фольгард-Зелинский бойынша галогендеу. Пиролитикалық кетондау, Кольбе бойынша электролиздеу, Хунсдиккер бойынша декарбоксилдеу.
Галогенгидридтер. Фосфор галогенидтері, тионилхлорид, бензоилхлорид көмегімен алу. Қасиеттері нуклеофилді реагенттермен (су, спирттер, аммиак, аминдер, гидразин, металлорганикалық қосылыстар) әрекеттесуі. Розенмунд бойынша және металдардың комплексті гидридтерімен альдегидтерге дейін тотықсыздандыру. Диазометанның карбон қышқылдарының галогенангидридтерімен әрекеттесуі (Арндт-Эйстерт реакциясы).
Ангидридтер. Алу әдістері: қышқылдарды фосфор және фталь ангидридтері көмегімен дегидраттау; карбон қышқылдары тұздарын хлорангидридтермен ацилдеу. Қышқыл ангидридтерінің реакциялары.
Күрделі эфирлер. Алу әдістері: карбон қышқылдары этерлендіру (механизмі), спирттер мен олардың алкоголяттарын ацилгалогенидтермен және ангидридтермен ацилдеу, карбоксилат-иондарды алкилдеу, қышқылдардың диазометанмен реакциясы. Циклді күрделі эфирлер – лактондарды синтездеу әдістері.
Күрделі эфирлердің реакциялары: гидролиз (қышқылдық және негіздік катализ механизмі), аммонолиз, қайта этерлеу; магний- және литийорганикалық қосылыстармен әрекеттесуі, металдардың комплексті гидридтерімен спирттер мен альдегидтеге дейін тотықсыздандыру. Күрделі эфирлі және ацилоинді конденсаттау.
Ацетосірке эфирі және оның синтезде қолданылуы. -кетоқышқылдар эфирлерінің кето-енолды таутомерленуі, енолят-ионның амбидентті сипаты.
Амидтер. Алыну әдістері: аммиак пен аминдерді ацилдеу, аммоний карбоксилаттарын пиролиздеу. Циклды амидтер – лактамдардың синтезі. Қасиеттері: гидролизі, аминдерге дейін тотықсыздануы, амидтердің дегидраттануы. Секстетті қайтатоптасулар туралы түсінік. Гофман, Курциус қайтатоптасулары.
Нитрилдер. Алыну әдістері қышқыл амидтерін (Р2О5, SOC12, РOC13 көмегімен) дегидраттау, амбидентті цианид-ионды алкилдеу. Қасиеттері гидролиз, аммонолиз, металдардың комплексті гидридтерімен аминдерге дейін тотықсыздандыру.
Екі негізді қышқылдар. Синтездеу әдістері циклоолефиндер мен циклді кетондардың тотыға ыдырауы, полиалкилбензоилдардың тотығуы. Негізгі өкілдері: қымыздық қышқылы, күрделі эфирлі конденсациядағы диэтил-оксалат. Малон қышқылы: малон эфирі арқылы жүретін синтездер. Михаэль реакциясы, альдегидтермен конденсаттануы (Кневенагель). Янтарь қышқылы, оның ангидриді, имиді, N-бромсукцуинимиді. Адипин қышқылы. Дикман конденсаттануы. Орташа макроциклдерді синтездеу әдісі ретінде дикарбон қышқылдары эфирлерінің ацилоинді конденсаттануы. Фталь және терефталь қышқылдары, өнеркәсіптік алу әдістері. Фталь ангидриді, фталимид және оның синтезде қолданылуы.



жүктеу 144 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет