6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012



жүктеу 144 Kb.
бет12/16
Дата14.11.2022
өлшемі144 Kb.
#23854
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
хим научная каз
Алициклды қосылыстар
Циклоалкандар. Алициклдердің классификациясы. Циклоалкандардың кернеу энергиясы. Кернеу түрлері, циклдердің бөлінуі. Циклопропан, циклобутан, циклопентан, циклогексанның құрылысы. Циклогексанның конформациялық анализі, аксиалды және экваториалды байланыстар. Циклопропан, циклобутан, циклопентан, циклогексан және олардың туындыларын алу әдістері. Циклопропанның химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктер.
Ароматты көмірсутектер
Ароматты көмірсутектер. Ароматтылық. Бензолдың құрылысы. Кекуле формуласы. Бензолдың молекулалық орбитальдары. Аннулендер. Ароматтылықтың концепциясы. Хюккель ережесі. Конденсирленген ароматты көмірсутектер: нафталин, фенантрен, антрацен, азулен және т.б. Гетероциклді ароматы қосылыстар (пиррол, фуран, тиофен, индол, азолы, пиридин, хинолин).

Ароматты қатардағы электрофилді орынбасу реакциялары. Реакция механизмі туралы жалпы түсінік. ,-комплекстер туралы түсінік. Өтпелі күй. Орынбасушылардың электрофилді орын басу реакцияларының бағыты мен жылдамдығына әсері. Үйлесімді және үйлесімсіз бағыттау.
Нитрлеу. Нитрлеуші агенттер. Реакция механизмі. Бензол және оның туындыларын нитрлеу. Нафталин мен бифенилді нитрлеу.
Галогендеу. Галогендеуші агенттер, реакция механизмі.
Сульфирлеу. Сульфирлеуші агенттер, реакция механизмі.
Фридель-Крафтс бойынша алкилдеу және ацилдеу. Алкилдеуші агенттер. Реакция механизмі.
Нуклеофилді ароматты орынбасу реакциялары. Жұлып алу-қосылу механизмі. Дегидробензолдың құрылысы. Аринді орынбасудағы құрылым эффекттері.
Жұлып алу-қосылудың бимолекулярлы механизмі. Анионды σ-комплекстер. Органикалық синтездегі Мейзенгеймер комплексі. SNAr механизміндегі бағыттау.


«ОРГАНИКАЛЫҚ МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ХИМИЯСЫ» пәні


Спирттер мен жай эфирлер
Бір атомды спирттер. Номенклатурасы мен изомериясы. Спирттердің қасиеттері. Спирттер – әлсіз О-Н қышқылдар. Спирттер – Льюс негіздері ретінде. Спирттердегі гидроксил тобын галогеннің орынбасуы Орынбасудың механизмі мен стереохимиясы, гидридтік ауысу қайтатоптасуы. Спирттердің дегидраттануы. Біріншілік және екіншілік спирттердің тотығуы. Спирттердің хром ангидридімен тотығуының механизмі.
Екі атомды спирттер: қасиеттері. 1,2-Диолдардың тотыға ыдырауы (йодты қышқыл, қорғасын тетраацетаты). Пинаколинді қайтатоптасу.
Фенолдар. Алу әдістері: аренсульфонаттардың сілтілік балқуы, гидроксилдің орнын галогеннің басуы, арендиазоний тұздарының гидролизі. Өнеркәсіпте фенол алудың кумолды әдісі.
Қасиеттері: фенолдар ОН-қышқылдар ретінде, орынбасарлардың фенолдардың қышқылдығына әсері. Фенолдардың ароматты ядросындағы электрофилді орынбасу реакциялары: галогендеу, сульфирлеу, нитрлеу, алкилдеу. Кольбе бойынша сілтік металдар феноляттарын карбоксилдеу. Реймер-Тиман бойынша фенолдарды формилдеу, салицил альдегидінің түзілу механизмі. Вильсмейер бойынша фенолдарды формилдеу. Фенолдардың аллилді эфирлерінің қайтатопталуы (Кляйзен).



жүктеу 144 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет