№69 (857) Сейсенбі, 30 тамыз 2016 жыл



жүктеу 366.28 Kb.

бет1/4
Дата10.03.2017
өлшемі366.28 Kb.
  1   2   3   4

 

№69

(857) 

Сейсенбі,

30 тамыз

2016 жыл

А уд а н д ы қ   қ о ғ а м д ы қ- с а я с и   г а з е т

 СЕССИЯ

ЖӘРМЕҢКЕ

Құрметті жерлестер!

Сіздерді  азаттығымыздың  айғағы,  тәуел­

сіздігіміздің тұғыры – Қазақстан Республикасының 

Конституциясы 

күнімен 

шын 

жүректен 

құттықтаймын!

Мемлекет басшысы «Елдігіміздің алтын арқауы, 

толағай  табыстарымыздың  бастау  қайнары, 

жарқын  болашағымыздың  бұлжымас  бағдары», 

­  деп  бағалаған  Ата  Заңымыз  қазақстандық 

қоғамның одан әрі саяси дамып жетілуіне, әлемдік 

аренадағы беделінің нығая түсуіне негіз қалады.

Есім  ханның  ескі  жолы,  Қасым  ханның  қасқа 

жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысынан бастау алып, 

Тәуелсіз ел атанған жылдары қабылданған Ата Заң 

еліміздің дамуына өзіндік үлкен үлестерін қосты.

Бүгінде  азаттықтың  екінші  мүшеліне,  25 

жылдығына  аяқ  басқан  тәуелсіз  мемлекетімізде 

жүздеген ұлттар мен этностар тату­тәтті өмір 

сүруде.  Азаматтардың  өмiрiн,  құқықтары  мен 

бостандықтарын басты құндылыққа айналдырған 

елімізде  халықтың  тұрмыс­тіршілігін  түзеп,  әл­

ауқатын арттыруға барлық жағдай жасалуда. 

Демократиялық 

құндылықтарды 

бекітіп, 

құқықтық тұғырымызды берік орнықтырып берген 

Ата Заңымызды әрқашан да қастерлеу, құрметтеу, 

оны насихаттау басты парызымыз болуы тиіс.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазалылықтар 

кемел  келешекке  Ата  Заңымыздың  игіліктері 

арқылы жете бергей! 

Ұлық  мерекеде  баршаңызға  бейбіт  өмір, 

шаңырақтарыңызға  шаттық,  баянды  бақыт 

тілеймін.

  

 

 

       Құрметпен,

 

 

 

       аудан әкімі     

 

 

 

      Н.ШАМҰРАТОВ.

АУДАН ӘКІМІНІҢ 

ҚҰТТЫҚТАУЫ

Біз  барын  бағалап,  қымбатын  қадірлей  білген  елміз.  Азаттығымыздың  айшықты  айғағы  болған  Ата  Заң  – 

тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл өткен сайын жаңғыра беретін 

құндылықтар жинағы. Мемлекеттігіміздің алтын қазығын қастерлеу – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. 

Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтасақ алар асуымыз әрдайым асқақ болады. Сол 

арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз. Ата Заңымыздың мерейлі белесі құтты 

болсын! Елдігіміздің тұмары болып асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алар асуларымыз 

әрқашан биік болсын!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ  НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ.

Осыдан  жиырма  бір  жыл  бұрын,  30  тамызда 

Қазақстан  халқы  тарихи  шешім  қабылдап,  еліміздің 

құқықтық  өміріндегі  жасампаз  жаңа  дәуіріне  қадам 

басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне 

айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып 

отырған  барлық  саяси-экономикалық,  әлеуметтік 

реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бас-

тауына айналды. 

Қазақстанның  Ата  заңы  әлемдегі  ең  жас 

Конституциялардың  бірі  болып  саналады.  Әрине, 

тарих  ауқымымен  айтқанда,  бұл  азғантай  ғана 

мерзім.  Десек  те,  осындай  алмағайып  заманда 

Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей 

өтті,  өзінің  заман  талабына  лайықтығын  жан-жақты 

дәлелдеді.  Ал  көптеген  зерттеушілердің  пікірінше, 

Қазақстанның  Конституциясы  әлемдегі  жалпы 

адамзаттық  құндылықтарды  дәріптейтін  ең  үздік  50 

Конституцияның бірі болып саналады. 

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық 

талқылауға  салынған  да,  елдің  көптеген  пікірі 

ескерілген басты заң да осы – 1995 жылы қабылданған 

Конституция. 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясына  мем-

лекеттің  сыртқы  сая си  қызметінің  негізі  енгі зілген. 

Осы атқарымның рөлі заман ауи әлемде интеграциялық 

үдеріс тердің  дамуы,  халықаралық  құқық  норма лары 

рөлінің  артуы,  адамзаттың  әділ  әлемдік  тәртіпке 

ұмтылуы  шамасына  қарай  арта  түседі.  Осылай-

ша  қоғамның  өмірінде  орасан  зор  рөл  атқарады, 

Конституция сыз  қазіргі  таңдағыдай  толыққанды 

дамыған ел болмайтын едік деген қорытынды жасай              

аламыз.

Еліміздің  Конституциясы  сот-құқықтық  рефор-



маны  жүзеге  асыруда  да  үлкен  нәтижеге  жетуге 

ықпалын тигізді. Қазіргі кезде Рес публикамызда сот-

та іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен 

көзделген өзге де нысандары арқылы жүзеге асыры-

лады. Конституцияға сәйкес сот органдары жүйесі де 

қайта қалыптастырылды.

Ата  Заңымыздың  арқасында  үлкен  жетіс-

тіктерге қол жеткізіп, әлемдегі өркениетті мемлекет-

тер  қатарымен  тереземіз  тең,  экономикасы  тұрақты 

дамыған елдер қатарында бейбіт өмір сүріп келе жа-

тырмыз.

Конституция  мемлекеттік  биліктің  біртұтас-



тығын  бекіте  отырып,  оны  шашыраңқы  күйден, 

біртұтас, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. 

Мемлекеттік  билік  органдарының  халық  алдындағы 

жауапкершілігін күшейтті. Ең бас тысы, Ата Заңымыз 

Қазақстан  мемлекеттігінің    нығаюына,  еліміздің  да-

муына,  халқымыздың  өсіп-өркендеуіне  негіз  қалап 

берді.

Біздің басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 



тірегіне  айналған  Конституцияны  қатаң  ұстану. 

Яғни,  басты  талап  –  Ата  Заңымыз,  Конституцияны 

құрметтеп  қорғау,  оның  маңыздылығын  жоғалтпай 

сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті 

мен  парызы  болуы  тиіс.  Конституция  еліміз дің  да-

муына  сеп  болып  қана  қойған  жоқ,  құжат тың 

нормативтік әлеуеттері де халыққа талай қызмет етіп, 

демократиялық,  құқықтық  мемлекеттіліктің  одан  әрі 

беки  түсуіндегі  прогресс  жолында  мығым  заңдық 

негіз болып қала бермек. 

Конституция күні баршаңызға құтты            болсын!

Қайыркелді ТЕМІРБАЕВ,

Қазалы аудандық сотының төрағасы.

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ



ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ 

ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Осы жылдың 26 тамызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың 

кезекті VI сессиясы болып өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттарымен бірге дербес 

бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағалары және 

мекемелер, құқық қорғау органдарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері қатысты. 

Сессияда  “Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және 

өзін-өзі  басқару  туралы”  Заңы  мен  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  “Әкімдердің 

мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес аудан әкімі Нажма-

дин Шамұратов “Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы 

жайлы есебі туралы” баяндады.

Баяндамада  аудан  көлеміндегі  атқарылған  істер 

сараланып,  болашақтың  бағдары  белгіленді.  2016 

жылдың  1  шілдесіне  бюджетке  салықтар  және  басқа 

да  міндетті  төлемдердің  түсімі  1070,3  млн.  теңгеге 

жос парланып, нақты 1256,8 млн. теңгеге немесе 117,4 

пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюд-

жетке 176, 5 млн. теңге, облыстық бюджетке 68,0 млн. 

теңге, аудандық бюджетке 1 012,3 млн. теңге түсті. Ал, 

бюджеттің  шығыс  бөлігі  2016  жылдың  1  шілдесіне  5 

895,5  млн.  теңгеге  жоспарланса,  есепті  кезеңде  нақты 

игерілгені 5 836, 9 млн. теңге немесе 99 пайыз (жылдық 

жоспар 11 513, 3 млн. теңге немесе 50,7 пайыз) болды. 

Өнеркәсіп  саласында  5867,3  млн.  теңгенің  өнімі 

өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 

99,0%-ды  құрады.  Оның  ішінде,  өнеркәсіп  саласының 

90 %-ға жуығын құрайтын (89,7%) өңдеу өнеркәсібінде 

5263,6 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем 

индексі 104,1 пайызға жетті.

Жыл басынан бері 4176 шағын кәсіпкерлік субъек-

тілері  есепке  алынып,  өткен  жылмен  салыстырғанда 

109,2  пайызды  құрады  (2015  жылдың  6  айында  3832 

бірлік). Онда жұмыспен қамтылғандар саны – 8715 адам 

болып отыр. 

Қазақстан  Республикасының  индустриялық-инно-

вациялық  дамыту  жөніндегі  2015-2019  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес,  аудан 

бойынша  тиісті  шаралар  қабылданып,  жүзеге  асыры-

луда. Бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 

2010-2014 жылдары жалпы құны 4176,4 млн. теңгенің 

21 жобасы ұсынылып, оның 2-і аймақтық индустриялан-

дыру картасына енгізілді. 17 жоба толық іске қосылып, 

212 жаңа жұмыс орны ашылды. 

“Бизнестің  жол  картасы  –  2020”  бизнесті  қолдау 

мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2012-

2015 жылдар аралығында 542,8 млн. теңгелік 20 жобаға 

екінші деңгейлі банктерден 333,8 млн. теңгенің несиесі 

алынып,  “Даму”  КДҚ”  АҚ  арқылы  субсидияланды. 

Аталған  жобалар  аясында  168  жаңа  жұмыс  орны  пай-

да болды.

2016  жылы  құны  80,0  млн.  теңге  құрайтын  жеке 

кәсіпкер М.Есқожаевтың “Күріш өңдеу цехын кеңейту” 

жобасы  аймақтық  үйлестіру  Кеңесінен  оң  қорытынды 

алып, “Даму” КДҚ” АҚ арқылы субсидияландырылды.

Қаржы ұйымдары тарапынан 2016 жылдың 6 айын-

да  69  кәсіпкерге  452,6  млн.  теңге  несие  берілді  (2015 

жылдың  6  айында  69  өтінішке  327,7  млн.  теңге  несие 

берілген).  Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытып, 

жаңа  өндіріс  орындарын  ашу  мақсатында  “Өндірістік 

аймақ” ұйымдастыру жобасын іске асыру жүргізілуде. 

Кәсіпкерлер тарапынан жалпы құны 302,0 млн. теңгені 

құрайтын  жаңа  10  жобаны  іске  асыруға  жұмыстар 

жүргізіліп,  қазіргі  таңда  9  жобаның  жер  учаскелері 

алынды.


Сонымен  бірге,  сауда-логистикалық  орталықты 

инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету  үшін  жоба-сме-

талық  құжаттары  жасалынып,  мемлекеттік  сарапта-

мадан  өткізілді.  Жоба  құны  99,7  млн.  теңге.  Аталған 

орталықтан “Қазалы Жолаушы” ЖШС-нің “Қалааралық 

автобекет  және  қызмет  көрсету  орталығы”  жоба-

сы  пайдалануға  беріліп,  7  адам  жұмыспен  қамтылды. 

Жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз 

өткізу бағытында “Рза” АҚ, “СПК Қызылорда Балық” 

ЖШС  және  “Сыр  маржаны”  ЖШС  жер  учаскелерін 

алып,  сауда  орталығын  салу  жоспарлануда.  “Ба-

тыс  Еуропа-Батыс  Қытай”  халықаралық  транзиттік 

автокөлік  жолы  бойында  “Сыр  маржаны  и  К”  ЖШС-

нің жалпы құны 498,0 млн. теңге құрайтын “В” санатты 

жол бойы қызмет көрсету кешенін салуға Қарашеңгел 

ауылдық  округі,  “Ойынды”  учаскесінен  3,0  гектар 

жер  учаскесі  бөлінді.  Жоба  толығымен  іске  қосылған 

жағдайда  20  тұрғын  тұрақты  жұмыспен  қамтамасыз 

етіледі. Бүгінгі күнге бірнеше нысан ор-

наласатын  кешен  құрылысы  жүргізіліп, 

қараша айында пайдалануға беріледі.

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген

Ата Заң – Азат елдің Ар­намысы!

Айбатыр СЕЙТАҚ.

Ата  Заң  күніне,  Тәуелсіз-

діктің  25  жылдығына  және 

«Мектепке  жол»  республи-

калық акциясына орай Әйтеке 

би  көшесінің  бойында  ауыл-

шаруашылық 

өнімдерінің 

жәр   меңкесі  өткізілді.  Оған  19 

ауыл   дық округтен барлығы 30 

көлік  келіп,  бақша,  көкөніс, 

мал  азығындық  өнімдері  мен 

қой,  тоқты,  ешкі  саудаға  са-

лынды.  «Шағала»  балалар-

ды  сауықтыру  орталығы 

өздерінің ала жаздайғы күтіп-

баптаған  қызанақ,  қияр,  бол-

гар бұрыштарын сөреге қойса, 

«Қазалы»  кәмпитін  өнді  ру-

шілер  де  өз  тәттілерін  көп-

шілікке ұсынды. 

Ал  «РЗА»  АҚ-ның  сүт, 

нан,  шұжық  өнімдері  халық-

тың  көңілінен  шығып,  ба-

зар  бағасынан  10-15  пай-

ыз  төмендетілген  бағамен 

ұсынылды.  Сондай-ақ  «Му-

саев»  пен  «Ырыс  болашақ» 

базарының  ет  пен  балық  са-

тушылары  да  саудаларын 

қыздырды.  Еттің  келісі  1000-

1100  теңгеден  босатылса,  ка-

рас,  мөңке,  жайын  көлеміне 

қарай  250-500-800  теңгеден 

сатылды. Қауын, қарбыз, асқа-

бақтар  –  100-200  теңгеден 

берілді.  Ал  тоқтылар  12000 

мен  15000  теңге  аралығында, 

қойлар  22000  теңгеден  баға-

ланды.


Жиналғандар  алдында  ау-

дан әкімі Нажмадин Шамұрат-

ов құттықтау сөз сөйлеп: 

–  Ата  Заң  25  жыл  ішінде 

Тәуелсіз 

еліміздің 

даму-

ына  өзіндік  үлкен  үлесін 



қосты.  Мереке  қарсаңында 

Елбасының  бағаны  өсірмеу, 

халыққа  әлеуметтік  көмек 

көр сету  туралы  тапсырма-

сын  орындау  мақсатында 

ауыл  шаруа шылығы  өнім-

дерінің  жәр меңкесі  ұйымдас-

тырылуда.  Мере ке  құтты 

болсын,  бар шаңызға  зор  ден-

саулық, 


отба сыларыңызға 

аман дық тілеймін! – деді. 

Жәрмеңкеге  келгендерге 

Қазалы қаласындағы мәдениет 

үйінің  өнерпаздары  ән  мен 

күйден шашу шашты.



А.ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

“Тұран-Газ”  ЖШС  тарапынан  жалпы  құны  160,0  млн. 

теңгені  құрайтын  “С”  категориясы  бойынша  сұйық  газ  отыны-

мен  қамтамасыз  ету,  автокөлік  жуу,  техникалық  қызмет  көрсету, 

автотұрақ және шағын қонақ үй, тамақтану орнының құрылысын 

жүргізу  жөніндегі  эскиздік  жобасына  облыстық  салалық  бас-

қармалардан  келісім  алынып,  облыс  әкімі  жанындағы  үйлестіру 

кеңесінен  мақұлданды.  Бүгінгі  таңда  серіктестіктің  басқарушы 

құрылымы өзгеруіне байланысты құрылысты салу, қаржыландыру 

мәселелері қайта қаралуда.

Ауыл шаруашылығы мемлекеттің қолдауымен жақсы дамуда. 

2016 жылдың 6 айында 2346,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен 

жылдың    тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  105,1  пайызды  құрады. 

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары барлығы 16 848 гек-

тар жерге орналасты (оның ішінде: дәнді дақылдар 7140 га, май-

лы дақыл 110 га, картоп, көкөніс, бақша 2250 га, мал азығындық 

дақылдар  7348  га).  Негізгі  дақыл  күріш  6670  гектар  егіліп,  меже 

100,6 пайызға орындалды.

Егіншілік  саласында  субсидиялауға  байланысты  өтінімдер 

қабылданып,  тиісті  жұмыстар  істелуде.  Бүгінгі  күнге  аудан  бо-

йынша  минералды  тыңайтқыштар  үшін  46,9  млн.  теңге  және  су-

армалы су қызметі үшін 5,4 млн. теңге субсидия алынды. Субси-

диялау жұмыстары алдағы уақытта гербицид, тұқым, суармалы су 

қызметіне және басым дақылдар үшін де жүргізіледі.  

Аудан көлемінде биылғы жылы аса қауіпті шегіртке (италиялық 

прус пен азиялық шегіртке) зиянкестеріне қарсы межеленген 29 630 

гектарға (оның ішінде италиялық прус 13 000 га, азиялық шегіртке 

16 630 га) фитосанитарлық жұмыстар толығымен аяқталды. Соны-

мен қатар, облыстық бюджет есебінен 2500 га (оның ішінде 2000 

га  шаруашылық  жер,  500  га  мемлекеттік  қор  жері)  жерге  саяқ 

шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. 

Мал  шаруашылығында  да  оң  өзгерістер  бар.  “Сыбаға”  бағ-

дарламасы аясында 2011-2016 жылдар аралығында барлығы 187,5 

млн. теңге несиеге 1040 аналық сиыр мен 100 бас асыл тұқымды 

бұқа сатып алынды. Бұдан басқа 3 кәсіпкер несие алуға құжаттар 

дайындау  үстінде.  “Алтын  асық”  бағдарламасы  бойынша  2014-

2015  жылдары  барлығы  20,8  млн.  теңге  несие  алынып,  780  бас 

аналық саулық пен 36 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынды. 

“Құлан” бағдарламасы арқылы биылғы жылға 290 бас бие, 20 

бас  асыл  тұқымды  айғыр  сатып  алу  жоспарланса,  осыдан  бүгінгі 

күнге  3  шаруашылық  27,7  млн.  теңгеге  104  бас  бие  және  5  асыл 

тұқымды айғыр алды. 

Ал  “ЭКО-Даму”  бағдарламасы  бойынша  биылғы  жылы  3 

тұрғынның 5,0 млн. теңгенің несиесін алуына мүмкіндік жасалды. 

Сонымен қатар, “Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы” аясында 

ағымдағы жылдың алты айында 13 адам барлығы 28,5 млн. теңгеге 

21 бас мүйізді ірі қара мен 80 бас жылқы сатып алып отыр.

Аудан бойынша барлығы 8 ауыл шаруашылығы кооперативін 

құруға  байланысты  жұмыстар  жүргізілуде.  Бүгінгі  күнге  6-ы 

Әділет  басқармасында  тіркеуден  өтті.  Олар:  “Бейімбет”  (жеміс-

жидек,  көкөніс,  бақша  өнімдерін  консервілеу,  Әйтеке  би  кенті), 

“Жанкент Ерасыл” (мал және егін, Өркендеу), “Мирас” (мал және 

егін, Майдакөл), “Нұр Әл-Фараби” (мал шаруашылығы, Құмжиек), 

“Кішкене  Ата”  (мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру,  қабылдау, 

өңдеу, өткізу, Аранды ауылдық округінде). 

Биылғы  жылдың  26  маусымында  облысымызға 

келген  Қытай  Халық  Республикасының  инвестор-

ларымен  арадағы  жасалынған  сауда-экономикалық 

әріптестік жөнінде меморандумға сәйкес, Қытайдың 

“Нанчан”  Еуразия лық  өндірістік  компаниясымен  “Сыр  маржа-

ны” ЖШС арасында мүйізді ірі қара етін өткізу жөнінде алдын ала 

келісім  жасалды.  Сонымен  қатар,  ауданымызда  алдағы  жылдары 

Қазақстан-Қытай біріккен жобасы төңірегінде 5,0 мың гектар жер-

ге жүгері дақылын егу жоспарлануда.

Ауданда  эпизоотиялық  ахуал  тұрақты.  Биылғы  жылға  12 

түрлі  аса  қауіпті  жұқпалы  ауруларға  қарсы  ветеринариялық-

профилактикалық  және  3  түрлі  ауру  бойынша  диагностикалық 

тексерулер  жүргізуге  бюджеттен  89,9  млн.  теңге  қаржы  бөлінді. 

Бүгінгі күнге дейін аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы 394 172 

бас малға ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жасалды. 

Ауданға  1  жылжымалы  (ветстанцияда)  және  5  стационарлы 

(Әйтеке  би  кенті,  Майдакөл,  Бірлік,  Бозкөл,  Майлыбас  ауылдық 

округтерінде)  инсинераторлар  беріліп,  барлығына  экологиялық 

құжаттары  алынды.  Қажеттілікке  қарай,  елді  мекендер  бойынша 

ветеринариялық  пункттердің  ауласына  орналастырылған  инсине-

раторлар  аулап,  жойылған  ит,  мысықтардың  өлекселерін  жоюға 

пайдаланылуда, бүгінгі таңға 98 ит, 11 мысық өртелді. 

Ауыл  шаруашылығы  жерлерін  тиімді  пайдалану  мақсатында 

да  жүйелі  түрде  жұмыстар  атқарылып  келеді.  Жыл  басынан  бері 

ауылшаруашылық  мақсатындағы  жер  учаскелерін  пайдаланбаған 

5  жеке  тұлғадан  1767  гектар  жер  мемлекеттік  жер  қорына 

қайтарылды. 12 рет аукцион өткізіліп, 26 жеке және заңды тұлғаға 

6359 гектар жер рәсімделіп берілді. Жер учаскесін жеке меншікке 

беруден 22 млн. теңге аудандық бюджетке түсірілді.

Газдандыру  мәселесіне  байланысты  қазіргі  таңда  1  АГРС,  3 

ГРП, 42 ШРП толық газ құбырына қосылды. Тұрғын үйлерге газ 

құбырын кіргізуге “Зенит” ЖШС және 11 қосалқы мердігер жұмыс 

жасауда.  Әйтеке  би  кентіндегі  7969  тұрғын  үйдің  1409-нан  газ 

құбырын қосуға өтініш түсті. 2016 жылдың 10 шілдесіне 774 үйге 

газ монтаждау жүргізіліп, 680 үй қосылды.

Мемлекеттік  “Таза  су”,  “Ақбұлақ”  бағдарламалары  арқылы 

тұрғындарды  сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  жолында  ау-

данымызда  соңғы  бірнеше  жылдар  бойы  ауқымды  жұмыстар 

атқарылды. Соның нәтижесінде, аудандағы 45 елді мекеннің 31-і 

орталықтандырылған су құбырын пайдаланатын жағдайға жетті. 

Сонымен  бірге,  кезінде  алғашқы  болып  таза  ауыз  су  барған 

10 ауылды (Ақтан батыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалаңтөс ба-

тыр,  Жалпақ,  Жанқожа  батыр,  Майдакөл,  Мұратбаев,  Пірімов, 

Түктібаев) сервистік желіге қосу үшін 2013 жылы облыстық бюд-

жеттен 36 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленген 

болатын. Жоба құны 714 млн. теңге. Осыдан биылғы жылы 3 елді 

мекенді (Пірімов, Мұратбаев, Ақтан батыр) сервистік желіге қосу 

шешімін тапты.

Жалпы  құны  2415  млн.  теңгені  құрайтын  “Әйтеке  би  кенті 

мен Қазалы қаласында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын 

салу  және  кеңейту”  жобасы  қаржыландырылды.  Бұл  мақсатқа 

республикалық бюджеттен 2334,4 млн. теңге қаралды.

Биыл Жалаңтөс баһадүр бабамыздың 440 жылдық мерейтойын 

өткізу аясында Жалаңтөс батыр ауылын абаттандыруға 70,0 млн. 

теңге,  Әйтеке  би  кентінің  Пірімов  көшесін  абаттандыруға  және 

Тәуелсіздікке  25  жыл  монументін  орнатуға  аудандық  бюджеттен 

470,0 млн. теңге қаралды.

2016  жылдың  6  айында  негізгі  капиталға  тартылған  инвес-

тиция  1086,7  млн.  теңгеге  жетіп,  өткен  жылдың  осы  кезеңімен 

салыстырғанда  38,3  пайызды  құрап  отыр.  Жалаңтөс  батыр 

ауылындағы 90 орындық балабақшасы пайдалануға беріліп, “Сыр 

маржаны” ЖШС-нің 500 басқа арналған мал бордақылау алаңының 

инфрақұрылымы құрылысын салу жалғастырылды. 

Сондай-ақ,  құрылыс  саласында  көптен  шешімін  таппай  келе 

жатырған  мәселелерді  қаржыландыруға  қол  жеткізілді.  Екінші 

жартыжылдықта  бірнеше  әлеуметтік  және  басқа  да  нысандар 

бой  көтереді.  Атап  айтқанда  апаттық  жағдайдағы  5  мектептің 

құрылысына облыстық бюджеттен 860,5 млн. теңге қаралып отыр. 

Оның  ішінде  Майдакөл  ауылындағы  200  орындық  №98  мектеп 

құрылысына 432,4 млн. теңге, Лақалы ауылындағы 100 орындық 

№93 мектепке 368,1 млн. теңге, Бірлік ауылындағы 140 орындық 

№102  мектепке  20,0  млн.  теңге,  Шәкен  ауылындағы  мектеп-

интернат  құрылысына  20,0  млн.  теңге,  Шилі  ауылындағы  20 

орындық  балабақшасымен  50  орындық  №259  мектепке  20,0  млн. 

теңге. 

Әйтеке  би  кентіндегі  жалпы  құны  4285  млн.  теңге  болатын 



аудандық аурухананың құрылысын бастауға республикалық бюд-

жеттен  200,0  млн.  теңге,  облыстық  бюджеттен  20,0  млн.  теңге 

бөлінуде. Облыстық бюджеттен Әйтеке би кентінен және Қазалы 

қаласынан  көлемі  180  гектар  жер  учаскесінде  салынатын  тұрғын 

үйлерді  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету  үшін  жоба-сметалық 

құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізуге 49,2 млн. теңге қаралды. 

Аудан бойынша көркейту-абаттандыру жұмыстарының эскиздік 

варианттары әзірленуде. Әйтеке би кентінің орталығындағы Әйтеке 

би, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр көшелерін көгалдандыру, абаттан-

дыру,  көп  қабатты  үйлерге  жаңа  сәулетті  келбеттерін  қарастыру, 

демалыс  орындары,  кіші  архитектуралық  формалар  орналастыру 

жұмыстары жүргізілетін болады. Басықара, Түктібаев ауылдарын 

абаттандыру  мақсатында  жобалар  әзірленді.  Онда  жаңа  орталық 

алаңдары,  жастар  саябақтары,  спорт  және  балалардың  ойын 

алаңдары қарастырылған. 

Орта Азия және бүкіл Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, 

қасиетті Қазалы топырағында дүниеге келген Ғани Мұратбаевтың 

туғанына  114  жыл  толуына  орай  биылғы  жылы  ауданымызда 

белсенді  жас тар  арасындағы  облыстық  байқау  өткізілуде.  Оған 

қатысушы  үміткерлер  баршылық.  Байқау  шарттары  үдесінен 

табылған жеңімпаздар «Ғани Мұратбаев» атындағы сыйлықпен ма-

рапатталатын болады.

Аудан  әкімі  бұдан  кейін  автомобиль  жолдары,  “Жұмыспен 

қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы, мектепке дейінгі тәрбие, 

білім  беруді  дамыту,  тұрғындардың  денсаулығын  жақсарту,  са-

лауатты  өмір  салты,  жастар  тәрбиесі,  кадр  мәселесі,  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес жайларын да назардан тыс қалдырмады. 

Баяндама  аяқталысымен  мінбер  төріне  шыққан  аудандық 

мәслихаттың  “Экономика,  қаржы,  бюджет, 

кәсіпкерлік”  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының 

төрағасы,  депутат  Қасқырбай  Әлімбай  “Аудан 

басшысының  есебі  арқылы  үстіміздегі  жылдың 

алты айы ішіндегі жүзеге асырылған істерге жан-

жақты  қанық  болдық.  Барлығы  да  көз  алдымыз-

да  атқарылуда.  Қазіргі  таңда  дүниежүзі  елдерін 

дағдарыс  салқыны  жайлады.  Соған  қарамастан 

ауданымыздағы Жалаңтөс батыр ауылындағы 90 

орындық балабақша пайдалануға берілді. Жарты 

жылдықта 11 млрд. теңгеге жуық инвестиция тар-

тылды.


Апатты жағдайдағы бес мектептің сметалық-

жобасын тиісті орындарға өткізу оңайға соқпады. 

Соның  үшеуінің  құрылысы  биылғы  жылы  қолға 

алынады.  Аудан  әкімі  аудандық  мәслихат  де-

путаттарымен  бірлесе  жұмыс  істейді.  Елдің  ауызбіршілігі  мен 

ынтымағын  сақтауды  бас ты  міндет  санайды.  Аудан  әкімінің  осы 

кезге дейінгі атқарған жұмыстарын жақсы деп бағалаймын”,–деді. 

Бұдан  кейін  сөз  алған  аудандық  мәслихат  депутаттары  Ғазиз 

Әліш, Әділбек Сарабеков те аудан әкімінің іс-қимылына жақсы де-

ген бағаларын берді. 

Сонымен бірге сессияда “Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі 

жергілікті полиция қызметінің есебі” туралы полиция қызметінің 

бастығы  Мырзабек  Тәжібайдың  баяндамасы  тыңдалды.  Ол 

бүгінгі күнге 439 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен 

салыстырғанда оның орын алуы 11-ге төмендегенін тілге тиек етті. 

Қоғамдық тәртіп жағдайына егжей-тегжейлі тоқталды.

Аудандық  ішкі  істер  бөлімі  жергілікті  полиция  қызметі 

бастығының  баяндамасына  орай,  депутат  Жанат  Көләнова, 

Қарашеңгел  ауылдық  округінің  әкімі  Алмат  Әбілхан,  Өркендеу 

ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өткелбай Жолмырзаев ой-

пікірлерін ортаға салды. 

Сондай-ақ сессияда “Мектеп оқушыларының жазғы демалыс-

тарын ұйымдастыру жәйлі”, “Өндіріс салалары, ауылшаруашылығы, 

экология,  табиғат  ресурстарын  пайдалану  жөніндегі  тұрақты 

комиссияның  есебі”,  “Қазалы  ауданы,  Әйтеке  би  кентінің  кейбір 

көшелерін  қайта  атау,  көшелерге  атау  беру  жөнінде  Қызылорда 

облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыныс енгізу 

туралы”, “Аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы” 

аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі кезектен тыс ХХІХ 

сессиясының  №207  шешімімен  бекітілген  комиссия  құрамынан, 

аудандық  аумақтық  сайлау  комиссияларының  мүшелерін  өз 

міндеттерін  атқарудан  босату  туралы”,  “Аудандық  мәслихат  де-

путаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сай-

лау туралы” аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі кезек-

тен  тыс  ХХІХ  сессиясының  “№208  шешімімен  бекітілген  комис-

сия  құрамынан,  округтік  сайлау  комиссияларының  мүшелерін  өз 

міндеттерін атқарудан босату туралы”, “Учаскелік сайлау комис-

сияларын  сайлау  туралы”  аудандық  мәслихатының  2014  жылғы 

23  сәуірдегі  №209  шешімімен  бекітілген  комиссия  құрамынан, 

учаскелік  сайлау  комиссияларының  мүшелерін  өз  міндеттерін 

атқарудан  босату  туралы”,  “Қазалы  аудандық  мәслихатының 

кейбір  шешімдерінің  күші  жойылды  деп  тану  туралы”,  “Қазалы 

аудандық  мәслихат  аппараты”  мемлекеттік  мекемесінің  Ережесін 

бекіту туралы” мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. 

Аудандық  мәслихаттың  кезекті  сессиясына  аудан  әкімінің 

орынбасарлары Совет Бабанаев, Арман Қаржаубаев қатысты.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал