6-дәріс Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық құралдары және олардың қызметі мен ерекшеліктері



жүктеу 0.92 Mb.
бет1/4
Дата13.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#23853
түріҚұрамы
  1   2   3   4
6-дәріс. Қазақ тілінің стилистикасы.

6-дәріс
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық құралдары және олардың қызметі мен ерекшеліктері.
Оқытушы: Дюсембина Г.Е.
Функционалды стильдердің ең үлкен ерекшеліктерінің бірі
Функционалды стиль мәтіндері әрдайым бір түрлі болмайды, оның құрамында мәтіннің бірнеше нұсқалары болады.
әр стильге тиісті мәтіндерде тіл бірліктерінің сараланып қолданылуы. Сондықтан функционалдық стильге тән сөздер, терминдер, термин тіркестері, сөйлем түрлері, т.б. болады.
Тілдегі паронимдер мен парономазия экспрессивтік стилистикалық қызметті жүзеге асыруда белсенді түрде жұмсалады.
Паронимдердің жасалу тәсіліне қарай мынадай топтарды көрсетуге болады
жұрнақтар арқылы ажыратылатын паронимдер: жамандық – жаманшылық, адамдық – адамшылық т.б.;
түбіріне қарай ажыратылатын паронимдер. Паронимдер түбірлес және әртүбірлі болады.
Зерттеушілер паронимдердің семантикалық ерекшелігіне қарай екі тобын көрсетеді:
1) өзара мағыналық реңкі бойынша ажыратылатын паронимдер (дүниелік – дүнияуи, қазақшыл – қазақы, т.б.);
2) мағынасы бойынша ажыратылатын паронимдер (қазақша – қазақы). Мағынасы бойынша ерекшеленетін паронимдер өте аз кездеседі. Паронимдер функционалдық-стилистикалық сипатына қарай ерекшеліктері бар топ құрайды.
Парономазия – дыбысталуы бір-біріне жақын сөздердің қатар қолданылуынан туатын бейнелі сөз өрнектері.
Фразеологизмдердің стилистикамен байланысы
Фразеологизмдер халық тілінің байлығын барынша танытумен қатар тілдің қолданылуының мол мүмкіндігін көрсетеді.
Тұрақты тіркестерге тән ерекше қасиет – олардың экспрессивті-эмоционалдық бояуының айқын аңғарылып тұратындығы.
Тіліміздегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін мейлінше мәнерлі және нақтылы, дәл қолданудың стилистика үшін маңызы зор..

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет