6-б етте Төрт атауы бар ауылдың тағдырын кім шешеді?



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/6
Дата09.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№198 (650) 8 қараша

сейсенбі 2011 жыл

6-б

етте

Төрт атауы бар ауылдың тағдырын кім шешеді?

Бір қызығы, осы ауыл ел аузында қазір төрт түрлі 

аталып жүр: Южный, Жұмат Шанин ауылы, Күркелі, 

Қапар. Ауылдық округтің Күркелі атануы сол жерде 

Күркелі тауының болуына байланысты. Тарихи атау 

болғандықтан, округтің олайша аталуына ешкімнің 

таласы жоқ. Жұмат Шанин болса – халықтың көңілі 

қалағанымен, қағазда бекітілмеген атау. Ал ойдағысы 

орындалмаған соң, округ орталығына жапсырылған 

Қапар атауын қаламағандар орысша Южный дей 

салуға дағдыланған. Қапар деген кім, оны ешкім 

білмейді. Тек ауыл шетіндегі Қапаркөл деп аталатын 

көл жағасында Қапар атты байдың бейіті бар. Бұрын 

басында белгі жоқ еді, бертініректе «сол кісінің 

ұрпағымыз» деген біреулер зират басына құлпытас 

орнатып кетіпті. 

Кеңшарлар тараған аумалы-төкпелі уақытта 

ауылдық округ – Күркелі, ал орталығы Қапар ауылы 

атанып кете барған. Кім атады, не себепті олай атады, 

ол жағы да көпшілікке беймәлім. Осы өңірдегі жер-су 

атауларын зерттеуге тырыс қан жылдарда ел аузынан 

тіпті бірде-бір рет «Қапар бай сөйтіпті» деген ауызекі 

әңгіме де ести алмадық. 

Жалпы, халқы қалаған атауынан айырылып

рухани жапа шегіп қалған ауыл жалғыз Қапар емес. 

Сол жылдары аудан халқы қастерлей, көтермелей 

айтатын Мәшһүр Жүсіп, Жаяу Мұса, Зейін Шашкин, 

Бұқар жырау бабаларымыздың құрметіне қойылған 

ауыл атаулары да ойламаған жерден «тақтарынан 

түсіп қалды». Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов ауылы 

қазір Жуантөбе деп аталады. Бұл жайттарға қалың 

халық наразы. Наразы болғандықтан да, 

журналистерге жолыға қалса: «Әй, айналайын, ауыл 

атауын түзеуге неге атсалыспайсыңдар?» – деп жағаға 

жармасады. 

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған қарт 

математик, шежіреші Қабдолла Сма ғұлов былай 

дейді:


– Бірер жыл бұрын Жұмат Шанин атын 

қайтарып аламыз деп көпшілік қол қойып, тиісті 

органдарға хат жолдадық. Бірақ рес публикада 

бір адамның атымен аталатын нысан саны 

үшеуден аспауы керек екен. Оңтүстік 

Қазақстанда Жұмат Шанин атын дағы 

облыстық театр, тағы басқа жерлерде көше, 

ауыл бар деген желеумен өтінішіміз қанағаттан-

дырылмады. 

Күркелі ауылдық округінің қазіргі әкімі Ерғанат 

Ысқақовтан мән-жайды сұраға 

ны 


мызда, ол да 

Қабдолла қарияның айт қанын растап, өзінен келер 

қайран жоғын білдірді. Заңның аты – заң, десек те, 

ауыл дың аты жөнделмей, тұрғындар тыншыр емес. 

«Жұмат Шанин деп толық атамай-ақ, ең болмаса 

Жұмат ауылы деуге болмас па? Жұматтың кім екенін 

елдің бәрі біледі ғой» деген сауалмен отыр ауыл 

жұрты. 


Айтты-айтпады, ұлттық театрымыздың негізін 

қалаушы тұңғыш режиссер, дра ма тург, Алаштың арда 

ұлы Жұматтың жанын 

да ешкім білмейтін Қапар 

кім?! 

Баянаула дуанының оңтүстігіндегі 

Қарағанды облысының Егіндібұлақ, 

Қарқаралы аудандарының жерлері-

мен шектесіп жатқан аумақ Күркелі 

ауылдық округі деп аталады. Ертерек-

те Большевик, кеңестік шаруашылық 

тұсында Южный аталған ауылдық округ 

орталығы – Қапар ауылы. Бұл жер – 

«Күркелінің бауыры – күнде дауыл» деп 

жырлаған Көтеш ақынды, аспандағы 

аққуға ән қосқан Жарылғапбердіні

Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасында 

«таутан Жақып» атаған Жақып 

палуанды, Алаштың ардақты ұлдары 

Қошке Кемеңгеров пен Жұмат Шанинді, 

Екібастұз көмірін ашқан кенші Қосым 

Пішенбаевты дүниеге әкелген ардақты 

мекен.

ТҮР


ТКІ 

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,97

202,91

4,82

23,31

1,37

11983,24

1531,65

1162,73

112,03

1755,30

Алтынның салмағынан ұят ауыр...

Жалғасы 4-бетте 

Сергей МИТРОХИН, 

ресейлік «Яблоко» партиясының 

төрағасы:

– «Яблоко» партиясының 

жұмысына Құдай бес деген баға 

қойды.


(www.topnews.ru сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

4-бет

5-бет

Тәуелсіздік айнасы

Қызыл кілем 

қазаққа қайдан 

келді?

ДСҰ-ға 


қолтықтасып 

кірмейтін болдық...

А

УА Р


АЙЫ

Мамандардың мәліметінше, 8-9 қараша күндері 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күндіз 0-5 

гра дустан 5-10 градусқа дейін, түнде 2-7 градустан 

10-15-ке дейін, кей жерлерде түнде 18 градусқа дейін 

аяз болады. Қар жауып, тұман түседі, жер көктай-

ғақтанады. Атырау, Маңғыстау облыстарында қар мен 

жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, ауа тем-

пературасы күндіз 2-7, түнде 5-10 градус аязға дейін 

төмендейді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола 

облыстарында қар жауып, ептеп боран соғады. Жел дің 

жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін жетеді. Бұл өңірлерде 

12-17, кей жерлерде тіпті 20 градусқа дейін аяз 

болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар 

облыстарында да қар жауып, боран соғады, аяз күндіз 

5-10, түнде 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін 

күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыс-

тарында жаңбыр жауып, арты қарға айналады. Күндіз 

0-5, түнде 5-10, кей жерлерде 15 градусқа дейін аяз 

болады. Алматы облысында да жауын-шашын 

күшейіп, күндіз 2-7, түнде 5-10 градусқа дейін аяз  

болады. Көктайғақ болып, жел екпіні 18-23 м/с-ке 

дейін күшейеді. Жамбыл облысында қар аралас 

жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшейіп, сынап 

бағанасы күндіз 2-7, түнде 8-13 градусқа дейін аязды 

көр сетеді.



Болатбек МҰХТАРОВ

Алдағы екі 

тәулікте нағыз 

қыс болады

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 

алдағы тәуліктерде еліміздің көптеген 

аймағында қар жауып, аяз болатынын 

ескертеді. Солтүстікте боран соғып, аяз 

20 градусқа дейін күшейеді.

ОЙ-КӨКПАР 



Отбасы жауапкершілігін күшейту үшін мешітте неке қиюға 

тек АХАЖ куәлігімен ғана рұқсат беру керек пе?

ЖОҚ

– Рас, бүгінде үйленіп, отбасын құрмас 

бұрын мешітте некесін қидыратындар өте 

көп. Олар үй болмас бұрын мұсылмандық 

жолмен некесін қидырып алуды жөн 

көреді. Біз де олардың ниетін құп көріп, 

шариғат жолымен некесін қиып, куә лігін 

беріп жатамыз. Ерлі-зайыпты лардың не-

кесін қию кезінде олардың жанында 

куәгерлерінің болуын міндеттейміз. Бұл 

дегеніміз – Алла алдында ерлі-зайыпты-

лар да, куәгерлер де сол некенің жауап-

кершілігін өздеріне жүктеп алады деген 

сөз. Мешіттен берілетін куәліктің заңдық 

күші жоқ деп төмендетудің еш қажеті жоқ. 

Ең үлкен жауапкершілік Алла алдындағы 

жауапкершілік болғандықтан, олар өз-

дерінің сөйлеген сөздері мен істеген 

әрекеттері үшін Алла алдында жауапты 

болады.  



ИӘ

– Мен бұл пікірге толықтай қосы-

ламын. Алланың адамдарға берген се-

німін  өз  мақ сат-мүддесіне,  нәпсі құ мар -

лығына пайдаланатындар бүгінде кө 

-

бейіп барады. Алла адамдарға сеніп, 



шариғат жолымен неке қиюды нәсіп етті. 

Онда заңнан да биік Аллаға деген жауап-

кершіліктің маңызы үл 

кен. Әйтсе де 

адам   дар оны өздерінің түсініктеріне сай 

бұрмалап алуда. Соның нәтижесінде 

қыз дар дың сеніміне кіріп, шариғат жо-

лымен некесін қидыру арқылы бірнеше 

неке қидыратындар да, мешітке барып 

некесін қидырып алып, азаматтық неке-

мен тұратын жастардың да қатары 

көбейіп барады. Олар үшін отбасы деген 

ұғымның ауқымы тар, салмағы жоқ. 

Қажет болмаса, талақ айтысып кете бара-

ды. 

3-бетте

Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және 

теология ғылымдарының докторы, 

профессор, дінтанушы: 

Оңғар қажы ӨМІРБЕК

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының баспасөз хатшысы:

Бүгінде отау көтерген ерлі-зайыптыларға некесін 

мұсылмандық жолмен мешітте де, АХАЖ орталығында 

да қиюға рұқсат берілген. Екі орталық та неке қидырған 

ерлі-зайыптылардың қолына неке туралы куәлігін 

ұстатады. Тек бір айырмашылығы – мешіттен берілген 

куәліктің заңдық күші жоқ. Айта кетерлік жайт – екін-

ші әйел алғысы келетіндер мен азаматтық некеде 

тұрғысы келетіндер үшін мешітте неке қидырудан асқан 

оңтайлы жол болмай отыр. Нәтижесінде заңдық күші 

жоқ мешіттен қиылған некенің соңы дәм-тұзы жараспай 

қалғандар үшін бір-біріне талақ айтысып, екі жаққа кете 

салуға еш қиындық тудырмайды. Мұндай әрекеттердің 

отбасы деген ұғымның жауапкершілігін төмендетері 

анық. Бізді мазалайтыны – отбасы жауапкершілігін 

күшейту үшін мешітте неке қию кезінде заңдық күші бар 

АХАЖ куәлігін сұрауды міндеттеп, мұсылмандық жол-

мен неке қиюға АХАЖ куәлігімен ғана 

рұқсат беру керек пе?

Зүлфия Чиншанлоның қарсыластарын шаң қап тырғанына 

мәз болып, әнұранымыз шарықтайтын сәтте теледидардың 

бергі жағында отырсақ та, орнымыздан тік көтерілгенбіз. 

Қолымызды кеудемізге қойып алып, тебіреніп тұрмыз. Кенет 

ән ұранымыздың әуені өзгеріп кеткендей ме, қалай?! Маған 

ғана солай сезіле ме десем, жанымдағылар да байқапты. 

«Әй, мынауың ескі гимн ғой», – деп бір кезде досым орнына 

қайта отырды. Расымен де, ескі әнұран. Баяғы «Жаралған 

намыстан» деп басталатын гимннің әуені. Ұяттан бетіміз 

дуылдап, ызадан жарылардай болып кеттік. Біз ғана емес, 

экранның бергі бетінен Париж төріне көз тігіп отырған 

миллиондаған қазақ жанкүйері осындай күйді кешкен шығар. 

Бәрін айт та, бірін айт, Қазақстанға келгелі тек Жұмекен 

Нәжімеденов пен Елбасымыздың сөзіне жазылған Шәмші 

Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін тыңдап келген 

Зүлфия Чиншанлоның қандай күйде болғаны түрінде-ақ 

жазылып тұрды. 

Кеше осы жайтқа байланысты редакциямызға хабарласып, 

өз ойын айтқан оқырмандарымыз өте көп болды. «Масқара 

болдық. Француздардың бізді менсінбегені ғой. Қазақстаннан 

Парижге жол тартқан атқамінерлеріміз қайда қарап 

отырған?» – дейді олар. Шынында да, бұл сұрақ оқыр-

мандарды ғана емес, бізді де мазалады. Жанкүйері бар, 

спортшы, бапкер, басшылары бар, қазақ елінен Парижге 

барлығы 75-ке жуық адам аттаныпты. Ақпарат көздеріне 

сүйенсек, бізден басқа ешбір федерация әлем чемпионатына 

мұнша адам ертпеген. Сөйте тұра, әлгіндей масқаралыққа 

жол беріп отырмыз. Жоқ, біз «Парижге аттанған атқа-

мінерлеріміз ай қарап жүрді» демейміз. Әлгі масқара жайттан 

кейін қазақстандық өкілдер ұйымдас тырушыларға қарай өре 

ұмтылған. Тіпті жағаға жармасуға сәл қалған көрінеді. Бірақ 

мұның барлығы да «төбелестен кейін жұдырық сермеудің» 

кебін келтіріп тұрған сияқты. Мәселенің анық-қанығын білу 

үшін әлем чемпионатында жүрген Қазақстан ауыр атлетика 

федерациясының президенті Қайрат Тұрлыхановқа телефон 

шалған едік.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

6-б

етте

Мереке ҚҰЛКЕНОВ:

Ақпараттар дәуірі 

асықпағанның 

аяғынан шалатынына 

көзіміз жетті

ДАТ!

Жалғасы 7-бетте 

Франция 

астанасы Парижде 

ауыр атлетикадан 

әлем чемпионаты 

басталып, 

Қазақстан құрамасы 

алғашқы алтынына 

қол жеткізді. 

Бірақ алтын 

алғанымызды 

қайтейік, мара-

паттау рәсімінде 

ұйымдас тырушылар 

Әнұранымызды 

ауыстырып жіберіп, 

мазақ қылғандай 

етті.

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

немесе Әнұранымыздың ауысып кетуі кімнің салғырттығынан?

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№198 (650) 8.11.2011 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

САЯСИ БЮРО



Биылғы әлемдегі ең ықпалды тұлғалар тізіміне кімдер кірді? Биылғы жылы кім 

көш бастап тұр? 

Гүлмира ДӘУРЕНҚЫЗЫ, Алматы 

Обама – тағы да ең ықпалды тұлға

САПАР

Барак Обама америкалық Forbes іскер-



лер журналының биылғы ұсынуы бойынша 

әлемдегі ең ықпалды адамдардың көшін 

бастап тұр. Соңғы кездері беделін жоғалтып 

алған Обаманың рейтингі «Әл-Қаида» 

басшысы Усама бен Ладеннің көзін құртып, 

Муаммар Каддафидің өлімімен аяқталған 

НАТО-ның Ливиядағы сәтті операциясынан 

кейін қайта көтеріліп, бірінші орынды сақтап 

қалды. 2012 жылы Ресей президенттігіне 

сайлауға түсетіндігін мәлімдеген Владимир 

Путин бұл рейтингінің екінші тұғырынан 

нық орын алса, ал Ресейдің қазіргі Прези-

денті Дмитрий Медведев 59-орынға тұрақ-

таған. Одан кейінгі орындарда ҚХР төрағасы 

Ху Цзиньтао, Германия канцлері Ангела 

Меркель, Microsoft корпорация сының негі-

зін қалаушы Билл Гейтс тұр. 

Сондай-ақ Рим папасы XVI Бенедикт 

7-орында, Google жүйесінің негізін қала-

ғандардың бірі Сергей Брин 30-орында, 

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 38-інші, Тибет 

буддистерінің рухани көшбас шысы Далай-

лама 51-орыннан көрінді.

Экономика қисынындағы ақпарларға 

көз салсақ, Ресей биылғы жыл соңына 

дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге 

қатысты келісімсөздерін түгесіп, ұйым 

түндігін түруге ұмтылатын болады. Ақпар-

лар бойынша, осы айдың соңына дейін 

Женевада Ресейдің ДСҰ-ға кіруі жөніндегі 

жұмыс тобының ең ақырғы жиыны өтпек. 

Сол жиында қатысушы тараптар Ресейді 

ДСҰ қатарына алу туралы бірауыздылық 

танытса, яғни мәселеде консенсус болса, 

онда Ресей жыл соңына дейін ұйымға кіру 

туралы келіссөздерді аяқтайды. Сөйтіп, 

қарашадағы Женева жиыны Ресейдің ДСҰ-

ға қатысты тағдырын түбегейлі шешпек. 

Әйтсе де болжауға салсақ, жиындағы 

консенсус мәселесі де алдын ала шешімін 

тапқан тәрізді. Өйткені Ресей ДСҰ келіссөз-

дерін сәтті еңсерді. Мәселен, бұған дейін 

Ресейге қай мәселеде болсын қыңыр қарап 

келген Грузия келіссөздерге кедергі болу-

дан қалды. Қырғиқабақ мемлекеттердің 

арасындағы дәл осы ДСҰ-ға қатысты келіс-

сөздеріне араағайындыққа Швейцария 

араласып, Гүржістанды біраз иліктірген. 

Екінші жағынан, сарапшылар Ресей ДСҰ-

ның алғашқы табалдырығы ретінде өзінің 

нарық алаңын Кеден одағы шеңберінде 

ДСҰ-ға қолтықтасып кірмейтін болдық...

ИНТЕГР


АЦИЯ 

Қазақстанның сыртқы экономикалық ықпалдастық 

саясатындағы әуелден діттеген басымдығы – Дүниежүзілік сауда 

ұйымына кірігу. Соңғы уақытта Кеден одағының қалыптасып

оның қызмет етуіне орай ДСҰ мәселесі біршама тұйықталғандай 

еді. Сосын әлемнің экономикалық алпауыт ұйымына топ болып, 

бірыңғай Кеден одағы ретінде ену меңзелген-ді. Алайда кейінгі 

кезеңде осы мәселеде біршама айырмалар анық байқалады. 

Мемлекеттік хатшы – әр елде әртүрлі лауазым

қоса, Ресеймен де қатар келіссөз жүргізуі 

әбден ықтимал. 

Экономикалық интеграция істері ми-

нистрі Жанар Айтжанованың айтуынша, 

қазірдің өзінде Қазақстан мен Ресейдің 

Кеден одағындағы бірізділік үдерістері 

басталған. Бұл бір жыл бойы жалғасып, 

Қазақстанның ДСҰ-ға кіргеніне дейін 

жүретін жұмыс болмақ. 

Жалпы, сарапшылар ДСҰ-ның эконо-

ми 

калық мүддесінен бөлек, саясатқа 



қатыс ты тұсын да арагідік айтып қалады. 

Ал ондай саясаттың астарында қандай да 

бір мүдде тұратыны анық. Ендеше, Қа-

зақстанның қандай да болсын ұйымға, 

қандай да болсын одаққа қосылуында 

өзінің мүддесі бар. Басқаның көлеңкесінде 

қалмау үшін мұндай мүддені тәрк етпей, 

керісінше, сауатты жүргізе білген абзал. 

Бұл алдымен тауарлардың бәсекеге қабі-

лет тілігін арттыруды талап етеді.



Әр елдерде кездесетін Мемлекеттік хатшылар қандай міндет 

атқарады? Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік хатшы 

қандай өкілеттіктерді жүзеге асырады? 

Әсел ҚУАТҚЫЗЫ, Алматы 

Ұлыбританияда қорғаныс істері, 

ішкі істер және Шотландия істері 

жө   ніндегі  Мемлекеттік  хатшы  лауа-

зы мы бар. Бельгияда Мемлекеттік 

хат шы премьер-министрдің орын-

ба сары болып саналады. Ал АҚШ-

та Мемле кет тік хатшы конституция 

бо йынша ке ңесші орган болып са-

налғанымен, іс жүзінде сыртқы істер 

ми нистрінің  қыз метін  атқаратын 

сырт қы саясат бас қармасы – мем-

лекеттік  депар та мент ті  басқарады. 

Қазақстанда  Мем ле кеттік  хатшы 

лауазымы – ҚР Прези ден ті қызметке 

тағайындайтын және қыз 

меттен 

босататын жоғары лауа зым дардың 



бірі. Мемлекеттiк хатшы өз қызметiн 

Қазақстан Республикасы Пре зиден-

тiнiң тiкелей басшылығымен жү зеге 

асырады, оған есеп бередi және 

бақылауында  болады.Мемле кет тiк 

хатшы мынадай өкiлеттiктердi жү-

зеге асырады: ҚР Президентi үшiн 

iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi 

ба  ғыттары бойынша ұсыныстар тұ-

жы  рымдайды;  Мемлекет  басшы-

сы   ның  тапсырмасы  бойынша:  ҚР 

Пар ла ментімен және оның пала та-

лары мен, басқа да мемлекеттiк ор-

ган дар мен,  саяси  партиялармен 

жә не өзге де қоғамдық бiрлестiкте-

рi мен  қа рым-қатынастарда;  ха-

лықаралық қа 

тынастарда оның 

мүдделерiн бiл 

дiредi, Мемлекет 

басшысының  жа нын дағы  консуль-

та тивтiк-кеңесшi 

о р ган дардың 

қызметiн үйлестiредi; Қа 

зақстан 

Республикасында  қоса  а т қа рушы 

ретiнде тiркелген шет мем 

ле-


кеттердiң елшiлерiнен Сенiм гра-

мо  таларын  қабылдайды. 

Алдымен Қазақстан Үкімет басшысы 

Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясына жұ-

мыс сапары барысында зымыран-ғарыш 

саласының бірқатар нысандарын, оның 

ішінде Королев атындағы «Энергия» зымы-

ран-ғарыш корпорациясын, Ю.А.Гагарин 

атындағы ғарышкерлерді дайындаудың 

ғылыми-зерттеу сынақ орталығын және 

Хруничев атындағы МҒҒӨО-ны аралап 

көріп, «Ресейғарыш» басшылығымен кез-

дес ті. Премьер-министр Мәскеу облысы-

ның Королев қаласындағы С.П.Королев 

атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш кор-

порациясында болды. Мұнда ол бас-

қарылып ұшырылатын, автоматтық ғарыш 

және зымыран жүйелерінің жобаларымен 

танысты, Технологияларды дамыту және 

кадрлар дайындау орталығында, бақылау-

сынақ стансысында болды, «Энергия» 

ЗҒК-ның мұражайын аралады. Айта кету 

керек, «Энергия» ЗҒК» ААҚ – басқармалы 

ға рыш жүйелері бойынша жетекшілік ете-

тін Ресейдің стратегиялық кәсіпорны. Сон-

дай-ақ Премьер-министр Кәрім Мәсімов 

Мәс кеудегі Ю.А.Гагарин атындағы ғарыш-

кер 


лерді дайындаудың ғылыми-зерттеу 

сынақ орталығында болып, тұңғыш ғарыш-

кердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Ғарышкерлерді дайындау орталығында 

К.Мәсімов ғарышкерлерді дайындау орта-

лығының нысандарын, оның ішінде «Союз-

ТМА» ҒК тренажерлер залын, центрифуга 

мен РС МКС тренажерінің макетін көрді, 

салмақсыздық жағдайында жұмыс істеуге 

ғарышкерлерді дайындау технологиясы-

мен танысты. Мекеме басшысы Сергей 

Крикалев Қазақстанның Үкімет басшысын 

орталықтың жұмысымен таныстырды.

К.Мәсімов ресейлік ғарышкерлер 

Юрий Лончаков, Андрей Борисенко, Алек-

сандр Самокутяевпен дайындық туралы, 

ұшу сапарындағы қиыншылықтар мен ға-

рыш тағы жұмыстың ерекшеліктері жайлы 

әңгі мелесті.

Сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Кәрім 

Мә 

сімов Ресей Федерациясына жұмыс 



сапары барысында Мәскеудегі Хруничев 

атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылыми-

өндірістік орталығын аралады. Қазақстан 

Үкімет басшысы ғарыштық инфрақұрылым 



ШЫҰ шеңберінде энергетикалық клуб құрылмақ

нысанында зымыран-ғарыш техникасын 

құрастыратын және қосалқы бөлшектерді 

механикалық өңдеу цехтарын, «Ангара» 

зымырантасығышы мен «Бриз» жылжы-

ма лы блогін жинайтын цехта болды. Хру-

ничев атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылы-

ми-өндірістік орталығы Ресейдің зымыран-

ғарыш өндірісінің екі ірі кәсіпорындары – 

М.В.Хруничев атындағы зауыт пен «Салют» 

КБ базасында құрылған. Атап өтетін жайт, 

орталық «ҚазСат-2» байланыс тарату ұлт-

тық геостационарлық жер серігін құру жә-

не іске қосу» жобасының бас мердігері 

бо лып табылады. «ҚазСат-2» ғарыш аппа-

ра 


ты телевизиялық таратуды, тіркелген 

бай ланыс пен мәлімет таратуды қамтама-

сыз етуге арналған. «ҚазСат-2» ғарыш жер 

се рігінің ұшырылымы «Протон-М» зымы-

ран тасығышымен 2011 жылдың 16 шіл-

де сінде Байқоңыр ғарыш айлағынан та-

быс ты жүзеге асырылды.

М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік 

ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының 

бас директоры Владимир Нестеров К.Мә-

сім 

овке «Бәйтерек» кешенін құру сала-



сындағы Қазақстанмен ынтымақтастық, 

ғарыш техникасын дамытудың перспекти-

ва лық бағыттары туралы әңгімеледі. К.Мә-

сімов сондай-ақ «Мир» орбиталдық стан-

сы сының макетімен танысты. Сондай-ақ 

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Хру-

ничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық 

ғылыми-өндірістік орталығына барған 

кезінде «Ресейғарыш» басшылығымен 

кез десті. Қазақстандық тараптан «Қазға-

рыш» басшысы Талғат Мұсабаев пен эко-

но 


микалық даму және сауда министрі 

Қай рат Келімбетов, Ресейдегі Қазақстан 

Рес пуб ликасының елшісі Зауытбек Тұрыс-

бек ов қатысты. Ресейлік тараптан «Ресей-

ғарыш» басшысы Владимир Поповкин, 

оның орынбасары Сергей Савельев пен 

Хруничев атындағы орталықтың бас 

директоры Владимир Нестеров болды. 

Кездесу барысында Қазақстанның «Байқо-

ңырдан» ұшырылатын «Протон» зымыран 

тасығышының экологиялық қауіпсіздігін 

арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен 

қатар тараптар «ҚазСат-2» ғарыштық ап-

па ратының жұмысын қамтамасыз ету және 

ғарышты игеру саласындағы қазақстандық-

ресейлік ынтымақтастық мәселелерін 

талқыға салды.

Сонымен бірге жексенбі күні Қазақстан 

Үкімет басшысы таяу күндері қайта жөн-

деуден өткізілген Үлкен театрда болып, 

ре жиссер Дмитрий Черняков қойған Глин-

ка ның «Руслан мен Людмила» операсын 

тамашалады. 

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 

Санкт-Петерборға жұмыс сапары бары-

сын да ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері 

Вэнь Цзябаомен екіжақты ынтымақтастық 

мәселелерін талқылады. К.Мәсімов пен 

В.Цзябао екіжақты қарым-қатынастар, 

ШЫҰ дамуы мен өзара қызығушылық ту-

ды ратын басқа да мәселелер бойынша 

пікір алмасты. К.Мәсімовпен кездесу ба-

ры сында В.Цзябао Қазақстан халқын Тә-

уел сіздіктің 20 жылдығымен құттықтады. 

Кеше Санкт-Петербордағы Констан-

тинов сарайында өткен ШЫҰ Үкімет бас-

шы лары кеңесінің күн барысында әлемдегі 

және осы халықаралық ұйым кеңістігіндегі 

экономикалық ахуал бойынша терең пікір 

алмасу және Шанхай ынтымақтастық 

ұйымына мүше мемлекеттер арасында 

экономикалық және гуманитарлық салада 

ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді 

жан дандыруды әрі қарай дамыту мәсе-

лелері талқыланды. Кездесу биыл аталып 

өтілетін ШЫҰ-ның онжылдығы аясында 

өтіп отыр. Іс-шараның күн тәртібінде бола-

шақ та ұйым қызметін жетілдіру, сауда-эко-




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал