6-б етте 6-б етте Қойшығұл жылқышиев: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/6
Дата13.02.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6

6-б

етте

6-б

етте

Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ:

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Әбунасыр СЕРІКОВ,

«Нысана» әзіл-сықақ 

театрының бас директоры:

– «Ойбай, күлкінің құны түсіп 

кетті» деп жатады. Күлкінің құ ны 

арзандап кететіндей, оны адам дар 

базардан барып сатып ал майды 

ғой!


(«Жұлдызбен сырласу» журналынан)

№54 (506) 

1 сәуір

жұма


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

4-бет

5-бет

Шешесі 


«басқа күйеуге» 

шыққан жанр

Қалжың әндерді 

қалжыратып алған 

жоқпыз ба?

Шындық детекторы 

шын жүзіңді 

көрсете ме?



www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,70

207,14

5,13

22,25

1,42

12350,61

2042,80

1737,95

116,42

1423,80

ДАТ!

ОЙ-КӨКПАР 



Саяси сатираның жоқтығы біздегі саяси тұлғалардың танымалдылығының төмендігінен емес пе?

Қазір кез келген 

режиссер бола алады, 

бірақ сатираны түсініп 

бағалай алмайды

Жалғасы 2-бетте

Ендігәрі 

Қарулы Күштердің 

қару-жарақ 

қоймалары, 

әскерилердің 

арсеналдары 

сақталған базалар 

жанынан тыйым 

салынатын 

аумақтар 

белгіленеді. Кеше 

Парламенттің 

жоғары палатасы 

осындай шектеуді 

қамтитын заңды 

екі оқылымда 

қабылдады. 

ҚҰМШАРЫҚ


Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қаймағы қалың 

қазақы қалжың мен уытты әзілдің салмағы тым 

жеңілдеп кетті. Қылышынан қан тамған қызыл им-

перия билік құрып тұрған Кеңес заманы тұсында 

сатира садағынан атылған әрбір оқ нысанасын дәл 

тауып, сол кездегі қоғамның көлеңкелі жақтары 

мен әділетсіздіктің бетін ашуға көп мүмкіндік берді. 

Оның үстіне, кеңес идеологиясы өз мақсатын жүзеге 

асыру үшін, негізінен, шығармашылық адамдарын, 

оның ішінде әсіресе сатириктердің қарым-қабілетін 

баспасөз арқылы тиімді пайдалана білді. Ол уақытта 

сын-сықақ пен әжуа-фельетондардың, әшкерелеуші 

памфлеттердің кейіпкеріне айналған қатардағы 

жемқор басшылардың өзін айтпағанда, түрлі 

деңгейдегі лауазым иелерінің де іс-әрекеттері сая си 

бюрода қаралып, мәселенің ақ-қарасы айырылып жа-

татын. Өйткені жер-жердегі билік органдары жауын-

гер жанрдың сардарына айналған қаламгерлермен 

санасатын. Ал бүгінгі қоғамда сатираның қармағына 

ілінген қандай мәселеге болсын ешкім селт етпейді. 

Оқиды да қояды. Онда айтылған жағдайға бас ауыр-

татын құзырлы орындар да жоқ. Бүгінгі сатира – тек 

бұқара халықты алдарқатып қана қоятын жеңіл жанр 

кейпіне түсіп кетті. 



Сатира жанрының пәрменсіз болуы неден?

ЫҚЫЛА


С

Қайырымды қарт 

ана орыс баласына 

домбыра сыйлады

Біз газетіміздің өткен сандарының бірінде 

(№51, 29 нау рыз) семейлік жас күйші Михаил 

Глазырин жай лы мақала жариялағанбыз. 

Талантты бала жай лы естіп білген оқырманымыз — 

Қарағанды тұрғыны таяуда оның есепшотына 400 

евро аударды. Қызығы сол – қайырымды қарт ана 

өз аты-жөнін жария қылмауды өтініп отыр.

Жалғасы 5-бетте

ИӘ

– Иә, бізде саяси сатираның жоқтығы 

соған лайық саяси тұлғалардың болмауынан 

туындап отыр. Мен бұл пікірді бұрыннан 

айтып жүрмін. Саяси сатираның өзі бірнеше 

жанрға бөлінеді ғой. Соның ішінде пародияға 

қатысты айтар болсам, біз пародия жасайтын 

танымал тұлғаларға өте зәруміз. 

Пародия жанрының басты талабы – 

кейіпкер өте танымал болуы керек. Әртістің 

бейнелеп жатқан тұлғасын барша халық та-

нитындай болуы қажет. Мәселен, елімізде 14 

облыста 14 әкім болса, солардың ешқайсысы 

танымал емес. Халық олардың аты-жөнін 

естігенімен, түр-тұлғасы, сөйлеген сөзі, 

мінез-құлқы халық назарынан тыс. Сондық-

тан ол әкімді айнытпай салып тұрғаныңмен, 

халық «бұл кім өзі?» деп танымай қалуы бек 

мүмкін. 

4-бетте

Алмат САҚАТОВ, 

әзіл-сықақ әртісі:

Олжас СЫДЫҚБЕК,

пародист:

Бүгінде сатириктер мен әртістердің 

бір-біріне өкпесі қара қазандай. Әртістер 

«сахнаға лайық сатиралық туынды жоқ» 

десе, сатириктер «шебер орындайтын 

актерлер жоқ» деген уәж айтады. Тіпті 

пародистерміздің өзі саясат сахнасындағы 

белгілі тұлғаларға пародия жасап, өнер 

сахнасына алып келуге құлықсыз. Сондықтан 

сахнамыз саяси сатираға «шөліркеп-

ақ» тұр. Мұның сыры неде?! Елімізде 

саяси тұлғалардың танымалдылығының 

төмендігінен бе, әлде танымал тұлғаларға 

арнап саяси сатира жазатын сатириктердің 

жоқтығынан ба? Тақырыпты осы саланың 

қазанында қайнап жүрген өнерпаздардың 

талқысына салып көрген едік...

ЖОҚ

– Жоқ, мен бұл пікірге қарсымын. 

Сая си сатираның жоқтығын қоғамда та-

нымал тұлғалардың қалыптаспауынан із-

деуге болмайды. Нағыз сатирик сахнаға 

лайық, кәсіби тұрғыдан жоғары туын-

ды жазып, талантты әртіс оны сахнаға 

алып шықса, тасадағы тұлғаларды халық 

таныр еді. Заманымызға қарай қазір 

адамдар дүниеге жақын болып алды. 

Үлкен үйде тұрып, қымбат көлік мін-

гісі келеді. Жақсы тұрмысты аңсайды. 

Сондықтан адамдардың бойындағы руха-

ни құндылықтан гөрі пенделік жағы басым 

түсіп жатады. Осыдан келіп көптеген адам 

еркін жазуға, еркін сөйлеуге қорқады. Бұл 

сатираға да қатысты.

Шын мәнінде, сатириктерге ешкім «саяси 

тақырыптарға жазба» деп жатқан жоқ. 

Қазірде Миша жаңа концерттік домбыраға басқа 

қалаға тапсырыс беріп те қойды. «Күй күмбірлейтін 

құдіретті аспап қолыма тисе, ел сенімін ақтауға 

барымды салам», – дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, 19-дағы семейлік Михаил 

Глазырин қасиетті қара домбырамен 40-тан астам 

шығарманы мүлтіксіз орындайды. Тіпті әр күйдің 

тарихына дейін жатқа біледі. Әсіресе Құрманғазы, 

Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Нұрғиса 

сынды күйшілердің күйлерін тамсана шертеді. 

Осындай қазақтың атақты күйшілерінің 40-тан 

астам шығармасын шалқытуда аянбай тер төгіп жүрген 

Михаилдың алдағы арманы — музыкалық колледжді 

ойдағыдай аяқтаған соң, Ќұрманғазы атындағы Қазақ 

ұлттық консерваториясына түсіп, күйшілік өнерін 

жетілдіру. 

Михаил ГЛАЗЫРИН, күйші:

– Басында сенбедім. Бірақ анам екеуміз 

есепшотымды тексергенде таңғалдық. Қуанғаннан 

анам көзіне жас алды. Сол қомақты қаржы жіберген 

кісіге алғысым шексіз. Қайырымды ана аты-жөнін 

ешкімге айтпауды өтінді. Домбыра қолыма тисе, 

үлкен концерттерге қатысып, бағымды сынаймын. 

Елдің аманатын арқаладым, енді оған қиянат 

жасамауға тырысамын. Соған қоса Халықаралық 

қазақ тілі қоғамының облыстық филиалының 

төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі 

Орал Шәріпбай ағаға үлкен алғыс айтамын. Міне, 

бес жылға жуықтады, ол кісі мені түрлі шараларға 

қатыстырып, күйшілік өнерімді шыңдауға барын 

салып келеді. Күй ойнауға дұрыс домбыра әперем 

деп қанша жүгірді. Қаладағы кәсіпкерлер мен 

қалталы азаматтардың көбінің алдына да барды. 

Бірақ күй ойнауға арналған аспаптың қымбат екенін 

естігенде көбі теріс айналды. Ақыры Орал аға мен 

жайлы айтып газеттерге сұхбат берді. Ол кісінің де 

еңбегін ақтауға барымды салам. 

Асыл ЖАН, Семей

Қанат ҚАЗЫ

«Сатира – күштілер қаруы» 

деген қағида бүгінгі заманда 

өз күшін мүлдем жоя қоймаса 

да, едәуір әлсіреп қалғаны 

шындық. Әдебиет деп атала-

тын алып бәйтеректің үлкен 

бір бұтағы саналатын сатира 

жауынгер жанр ретінде де 

қоғамдағы қозғаушы күшке 

ие. Жалғандықты әшкерелеп, 

әділдік үшін күресу жолында 

осы бір жанрдың арқалар жүгі 

тым ауыр.

Байқоңыр неге бақылаусыз?!

Құжаттың қабылдануына бұған дейін әскери қоймаларда 

орын алған қайғылы оқиғалар себеп болса керек. Адам өмірін 

жалмаған сондай жарылыстардың салдарын талдаған мамандар 

азаматтардың қойма маңынан аулақ жүруін, оның жанына 

там соғуға тыйым салуды заң арқылы бекіткенді құптаса керек. 

Өйткені мұндай шектеудің жоқтығынан соңғы уақытта әскери 

қойма айналасында шаруашылық нысандар салу фактілері 

кездескен. Ілгеріде Мәжілістің «мақұлын» алған заңның көздейтіні 

– Қарулы Күштердің әскери құрылымдарының арсеналдарында, 

қоймаларында сақталатын оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта қолданыстағы заңна-

маларға бірқатар жаңа нормалар енгізіледі. «Біріншіден, Қарулы 

Күштердің қоймаларында сақтауда тұрған оқ-дәрілер мен 

жарылғыш заттардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз 

ету көзделіп отыр. Екіншіден, қару-жарақ сақтау нысандарында 

және олар жанасатын аумақтарда тұратын тұрғындардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттырамыз. Сондай-

ақ мұндай нысандар аумағында диверсияға, өртке қарсы іс-

шараларды жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделеді», 

– дейді қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов. 

Осыған орай, Үкіметке Қарулы Күштердің қоймалары жанындағы 

тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды 

белгілеу өкілеттігі беріледі. Мұндай аумақтарда белгілі 

шектеулерді бұзғандар жазаға тартылады, айып салынады. 

Құжатты талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осыдан 

екі жыл бұрын Арыс қаласындағы әскери қоймада орын алған 

оқыс оқиғаны еске салды. «Арыс қаласында еліміздегі ең үлкен 

№9 арсенал бар. Ол бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Түркістан және 

Орталық Азия әскери округтерінің қару-жарақ қоймасы болып 

есептелетін. Он мыңдаған вагон қару-жарақ, снаряд, ракеталар, 

оқ-дәрілер сонда сақтаулы. Солай бола тұра, қауіпті қойма қала 

ішіне араласып кеткен. Қаланы Алматы-Мәскеу теміржолы қақ 

бөліп өтеді. Сол теміржол мен арсеналдың арасы 500-600 метр 

ғана. Бұл — диверсиялық тұрғыдан алаңдайтын шаруа-ақ», – 

дейді сенатор. Екінші мәселе – Арыс қоймасының қатарынан 

жекеменшік құрылыстар, тұрғын жайлар салынып кеткен, мал 

аяғы да еркін барады. Үшінші – жылдар бойы жатқан оқ-дәріні 

залалсыздандыру мәселесі.

Алмат ИСӘДІЛ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№54 (506) 1.04.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Кезектен тыс президенттік сайлауға түсуші үміткерлерге кімдер сенімді 

адамдар бола алады? Оларға қандай талаптар қойылады?

Байжан АЙДАРБЕКОВ, Алматы облысы

Кандидаттардың сенім білдірген адам-

дарына қойылатын талаптармен Сайлау 

туралы Конституциялық заңның 31-ба-

бынан танысуға болады. Кандидаттардың 

сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, 

сайлау алдындағы үгітті жүргізетін, кан-

дидаттар мүдделерін білдіретін адам дары 

болуына құқылы. Кандидаттар сенім біл-

дірілген адамдарын өз қалаулары бойын-

ша тиісті сайлау округіндегі әр сайлау 

учаскесіне үш адамнан аспайтын санда 

анықтайды және оларды тіркеу үшін тиісті 

аймақтық сайлау комиссиясына хабар-

лайды. Сенім білдірілген адамдар ретінде 

ұсынған адамдар тиісті аумақтық сайлау 

комиссиясына өзінің сенім білдірілген 

адам болуға келіскені туралы өтінішін та-

быс етеді, ал аумақтық сайлау комиссиясы 

оларды тіркегеннен кейін тиісті куәлік бе-

реді. 

Сенім білдірілген адам Қазақстан Рес-



публикасының азаматы болуы тиіс, ол 

қандай да бір сайлау комиссиясының мү-

шесі, саяси мемлекеттік қызметші лауа-

зымындағы адам болмауға тиіс. Се 

нім 

білдірілген адамдар ҚР саяси партия-



СЕНАТ

Шындық детекторы 

шын жүзіңді көрсете ме?

Осы тұсқа келгенде Қуаныш Айта-

ханұлы бір түйткілдің шетін шығарды. 

«Жою жұмыстары анадай қаптаған ар-

сеналдың қасында жүргізіліп жатыр. 

Бұл қалай? 2009 жылы «ҚазАрсенал» 

атты жекеменшік мекеме осылай залал-

сыздандырамын деп, жарылыс жасап 

еді. Сол мекеме жарылыстан соң бірден 

атын ауыстырып, қайта жұмысқа кіріс-

кен. Бұған қоса, тағы бір жеке мекеме 

осындай шаруамен айналысуда. Неге 

біздің елімізде мемлекеттік маңызы бар 

жұмысты, қорғаныс қабілетіне жауап-

ты шараны, азаматтардың қауіпсіздігіне 

қатысты әрекеттерді мемлекеттік мекеме 

атқармайды? Өйткені әлгіндей залалсыз-

дандыру барысында ескірген снарядтың 

гильзасы алынады, оқ-дәрілер жойыла-

ды. Ал бұл жұмыс тура арсеналдың ішінде 

жүргізілсе, арсенал тура қаланың қақ ор-

тасында тұрса — бұл қауіпті ме? Қауіпті!» 

– дейді сенатор. Мұндай қауіпті азайту 

Парламент қабылдаған заң күшіне енген 

күннен бастап қолға алынатын тәрізді. 

Бұған дейінгі қоймалардағы жарылысты 

еске алған болуы керек, генерал Мұхтар 

Алтынбаев Сенаттағы әріптестерін құптап, 

заңның кеш қабылданып отырғанына 

өкініш білдірді. Әйтсе де «Ештен кеш 

жақсы» десті депутаттар. 

«Тыйым салынған аумақ» деген-

нен шығады, елімізде өзімізге өзіміз 

тыйым салып, аяқ баса алмайтын аймақ-

тар да бар екен. Бұл – басынан бағы 

тайған Байқоңыр. «Қаланың аэродром, 

әуежайында Ресей арқылы келетін азамат-

тарға еш бақылау жоқ. Көршіден келген-

дер шекараның да, кеденнің де не екенін 

білмей-ақ алшаң басып кете барады. 

Сол әуежай мен қаланың ортасындағы 

15 шақырым жер де Ресей территория-

сына жатады. Қазақстанның өкілетті ор-

гандары әуелетіп келген «шақырусыз» 

қонақтарды тексермек тұрмақ, бақылауға 

құқысы жоқ», – дейді Қожахмет Байма-

ханов. Ресми емес деректерге сүйенсек, 

былтырғы жылы 1200 адам Байқоңыр 

қаласына келген. Ал кеткен адамның саны 

119-ға кем. Бұлар қайда кетті? Белгісіз. 

Байқоңыр жыры мұнымен біткен жоқ. Се-

натор Бақберген Досмамбетов 17 жылдан 

бері Ресейге жалға беріліп келе жатқан 

Байқоңырдың барлық саласында шешіл-

меген проблеманың шаш етектен екен-

дігін алға тартты.



ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ 

ЖӨНДЕУ КӨРМЕЙДІ, 

ОҚУЛЫҒЫ ДА ОРЫСТІКІ

 «Байқоңырда қазақ тілінде оқытатын 

мектептердің тыныс-тіршілігі тым төзгісіз. 

Кемшілік көп. Қаладағы қазақтілді мек-

тептерде білім беру оқулықтары Ресей 

стандартымен жұмыс істеп келеді. Осыдан 

бір жыл бұрын осы мәселені көтеріп едім. 

Бірақ «баяғы жартас – сол жартас». Бірінші 

сынып оқушылары әлі күнге «Еліміз, Ота-

нымыз – Ресей» деп жүр. Мұнымен білім 

есігін жаңа ашқан жас қазақстандықтарға 

қандай патриоттық тәрбие беріп жа-

тырмыз?» – деп бір тоқтады сенатор. 

Расымен, Байқоңырдағы оқулық, білім 

бағдарламасындағы олқылық жайындағы 

мәселені көтеріп, депутаттың былтырғы 

жылы бір шулатқаны есте. Әйтсе де содан 

бері құзырлы орындарда ешбір «реак-

ция» болмағаны таңдандырады. Жарай-

ды, жалға алған Ресей өз жөнімен, бел-

гіленген жолымен жүрсін, ал өзіміз көз 

көрген кемшілікті жоюда не бітірдік? Түк 

те. Өйткені ондағы орыс мектебінің ме-

рейі үстем болып, қазақтың мектебіндегі 

қаракөзіміз соған намыстанады екен. «Екі 

елдің келісімінде Қазақстан жағының өзі 

орындайтын міндеттемелері бар. Соның 

өзі толық орындалмай келеді. Мәселен, 

14 жылдан бері қазақ мектептері тек беті-

нен «сылап-сипау» жұмысын көргенімен, 

күрделі жөндеу өтпеген. Асханасындағы, 

басқасындағы қондырғы кеңестік кезең-

нен мұраға қалған. Орыс мектептері 

мен қазақ мектептеріндегі жағдайдың 

өзін осы айшықтайды, екі мектептегі ты-

ныс-тіршілік жер мен көктей. Сондықтан 

бұл қазақ балаларының намысына тиіп 

жүргені белгілі», – дейді сенатор. Сөйтіп, 

Байқоңырдағы қазақ баласы өз үйінде 

өгейдің күйін кешіп жүр. 



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ҚАЗАҚ 

ТІЛІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАШАН 

ТҮЗЕЛЕДІ?

Халықаралық шарттардың мемлекеттік 

тілдегі мәтінінде өріп жүрген қателер тура-

лы талай сөз болған. Бұл мәселеде «орысша 

орып, қазақша дестелеуді тыятын уақыт та 

жетті» деп те айтқанбыз. «Мемлекеттік тіл 

мәселесінде министрліктің жұмысы сын 

көтермейді. Шартты талқылау барысында 

құжаттың мәтінінде қате кетуіне байла-

нысты сұрақтар қойып, жазбаша хабар бе-

руді сұрағанбыз. Соған қатысты бас-аяғы 

жоқ екі бет қағазбен жауап келіпті. Онда 

бүй дейді: «Сыртқы істер министрлігіне 

халықаралық шарттардың мемлекеттік 

тілдегі аудармасының тең түпнұсқалығын 

қамтамасыз ету міндеті жатпайды». Сонда 

қалай? Министрліктің аудармаға қатысты 

ауыртпалықты Мәжіліс пен Сенатқа 

аударғаны несі?» – деп кейіді кеше депу-

тат Сәрсенбай Еңсегенов сыртқы саясат 

ведомствосының салғырттығын нысанаға 

алып. Депутаттың уәжін аударма арқылы 

тыңдаған сыртқы істер министрінің орын-

басары Константин Жигалов жауапты жаз-

баша беруге уәде берді. 

Айтпақшы, СІМ өкілі Константин Жи-

галов Сенатқа Қазақстан мен Италия 

арасындағы Стратегиялық әріптестік тура-

лы шарт жөнінде баяндауға келген бола-

тын. Әлгіндей мемлекеттік тілдегі мәтін 

бойынша жасалған сыни ескертпе бол-

маса, сенаторлар шартқа қатысты басқаша 

сауал жасамай, құжатты қабылдап таста-

ды. 


БЕЗБЕН

Сәкен КӨКЕНОВ

Үміткерлердің сенімді адамдарына қойылатын талаптар қандай?



Басы 1-бетте

Мемлекеттік қызметке 

қабылдау ісінде поли-

графты — шындық детек-

торын пайдалану қажет. 

Осындай ұсынысты өткен 

жылы «Нұр Отан» ХДП 

өзінің жемқорлыққа қарсы 

бағдарламасына енгізген 

болатын. Мұндай ұсынысқа 

биылғы жыл басында Ел-

басы да қолдауын жеткізді. 

Мемлекет басшысының 

пікірінше, шындық детекто-

ры арқылы жемқорлықпен 

тиімді күрес жүргізуге бо-

лады. Шындық детекторы 

құныққан шенеуніктердің 

қарқынын тежеп, ішкі 

пиғылын анықтай ала ма?

Бейсенбі күні Киевте Украинаның 

еуро палық перспективалары туралы кон-

ференцияда Польшаның экс-президенті 

Александр Квасьневский Украинаның 

еуропалық келешегіне нық сенімі бар 

екенін атап көрсеткенін жеткізді. Өз 

кезегінде Н.Азаров А.Квасьневскийге 

Украина ары кеткенде 10 жыл-

дан кейін ЕО мүшесі атанатынына 

бәстесуді ұсынды. «Мен бәстесуді 

ұсынамын. Ары кеткенде 10 жыл-

дан кейін Украина Еуропа Одағының 

мүшесі атанады», – деді Н.Азаров.

Бұған дейін хабарланғандай, Ук-

раина мен ЕО ассоциация туралы 

келісімге қатысты келіссөздерді 2007 

жылы бастаған. 2008 жылдың ба-

сында Украина Дүниежүзілік сауда 

ұйымына кірген соң тараптар ассо-

циация туралы келісімнің құрамдас бөлігі 

ретінде қарастырылып отырған еркін сау-

да аймағы туралы келісімнің жобасын 

талқылауға кірісті. 



Украина премьері 

бәстесуге шақырды

Украина алдағы 10 жылдың ішінде Еуропа Одағының (ЕО) мүшесі 

атанады. Осындай мәлімдемені кеше Украинаның премьер-министрі 

Николай Азаров айтты.

Шындық детекторы дегеніміз – әл-

де бір тылсым күшке ие сиқырлы асатаяқ 

емес, ол – адам ағзасындағы қа-

лыпты құбылыстарды анықтап отыра-

тын медициналық құрылғы. Оның ло-

гикасы да қарапайым, жалған сөйлеп 

отырған адам міз бақпастан сыртқы кел-

бетін өзгертпей сақтап қала алса да, іш 

құрылысында, жүрек қағысында, қан 

ай на лымында, дем алуында және тағы 

бас қа ағза мүшелерінің жұмысында мін-

детті түрде өзгерістер мен ауытқулар пай-

да болады. Яғни шындық детекторына 

отырған адамның бет қалыңдығы неше 

қабаттан тұрса да, ішкі жан дүниесіндегі 

фи зио логиялық  құбылыстарды  жасыру 

оңай іс емес. Әсіресе ақиқат анық тал ған 

жағдайда жұмысынан айырыла 

тын, ісі 

сотта қаралатын немесе тағы бас қа үрей 

туды 


рарлық жағдайларда шын 

дықты 


жа сы рып қалу тіпті мүмкін емес болып 

қа лады. Бұл, әрине, полиграф маман да-

ры ның пікірі. Дегенмен адам дар дың по-

лиграфтық тексерістің қоры тындысы сы-

нақ жүргізуші маманның сауаттылығына 

көп байланысты болады екен. Яғни по-

лиграфты кең қолданысқа енгізбес бұрын 

бұл істің шеберлерін дайындап алу қажет. 

Сенат депутаты Оралбай Әбдікәрі-

мов тің пікірінше, барлық қызметкерлерді 

лекетіндегі полиграфты қолдануға мін-

деттеуге қатысты заң 2000 жылға дейін 

тек әскери мамандарға қатысты болса, 

кейіннен заң жобасы қайта қаралуы ба-

рысында сынақтан өтушілердің катего-

риялары барынша кеңейді. Полиграф 

сынағы АҚШ, Канада, Жапония, Үндістан, 

бірқатар Батыс Еуропа елдері, тіпті көрші 

отырған Ресей мен Қырғыз Республика-

сында енгізілген. Сондай-ақ Мексика, 

Бразилия, Аргентина, Пуэрто-Рико, Иран, 

Таиланд, Тайвань және Филиппин сынды 

мемлекеттерде ол қылмыстық тергеулер-

де пайдаланылады. Шындық детекторын 

мемлекеттік міндеттеу тәжірибесі барлық 

елдерде бірдей қабылданбағанымен, 

әлемдегі ірі компаниялар, фирмалар по-

лиграф қызметін тұрақты түрде пайда-

ланып келеді. Тіпті өз еліміздегі кейбір 

жекеменшік мекемелер мен компания-




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал