№6 (1366) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет



жүктеу 449.59 Kb.

бет1/5
Дата17.06.2017
өлшемі449.59 Kb.
  1   2   3   4   5

№6 (1366)

1988 жылғы 30 шілдеден шығады



АЙМАҚТЫҚ 

АПТАЛЫҚ  ГАЗЕТ

13 ақпан


ЖҰМа, 

2015 Жыл


БАСПАСӨЗ-2015

Құрметті оқырман!

Ұлытаулықтар

назарына!

Егер Сіздер «Мысты өңір»

газетіне жазылғыларыңыз 

немесе құттықтау, еске алу және 

т.б. хабарламалар бергілеріңіз 

келсе, Гүлдариғаға 

хабарласуларыңызға бола-

ды. Тел: 8771-180-98-25, 

үйінің телефоны 

2-11-15.

Құрметті оқырман!



«Мысты  өңір»  газетін    2015 

жылғы  ақпан  айынан  бастап  жаз-

дырып  алатын  болсаңыз,  жазылу 

бағасы төмендегідей 

Жеке  тұлғаларға — 2700 теңге. 



Редакциядан келіп алу — 

                                                   2300 теңге. 

Заңды  тұлғаларға  — 5000 теңге. 



Телефондар: 

72-23-63, 74-80-36.



«Мысты  өңір»  газетін    2015 

жылғы  ақпан  айынан  бастап  жаз-

дырып  алатын  болсаңыз,  жазылу 

бағасы төмендегідей: 

Жеке  тұлғаларға — 2700 теңге. 



Редакциядан келіп алу — 

                                                   2300 теңге. 

Заңды  тұлғаларға  — 5000 теңге. 



Телефондар: 

72-23-63, 74-80-36.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«Әсіресе,    ірі  кәсіпорындарға  айтарым,  еңбек  ететін  адамға  ең 

бастысы  оның  жұмыс  орнының  сақталуы.  Мен  мұны  бұрынғы 

жұмысшы ретінде айтып отырмын. Егер  ол  өз  еркімен  жұмыстан  кетсе 

мәселе  жоқ.  Ал,  бірақ,  өндіріс  көлемін  мәжбүрлі  түрде  төмендететін 

болсаңыздар да, жұмысшылардың орнын сақтап қалыңыздар».

(Үкіметтің кеңейтілген отырысында 

сөйлеген сөзінен. 

11 ақпан, 2015 жыл.)

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫ

«Қазақмыс  корпора-

циясы»  ЖШС    Үкімет  

тарапынан    тағайын-

далған          комиссия-

ның    Ан-2      ұшағының  

апатқа    ұшырауының  

себеп-салдарын      тек-

серу    жұмыстарының  

соңғы    шешімін    күт-

пестен,  апатқа    ұшы-

рағандардың 

отба-

сыларына      өтемақы  

төлеуге  шешім  қабыл-

дады.  

«Қазақмыс корпора-

циясы»  ЖШС-інің  үш 

жақты: жұмыс  беруші,  

жұмыскерлер  және  

кәсіподақ   ұйымының  

біріккен  ұжымдық  шар-

тында  көрсетілгендей, 

жұмыс кезінде  қаза  та-

пқан  жұмыскерлердің  от-

басына , асыраушысынан  

айырылған жағдайда   

орташа  жалақының  

10 жылдық  үстемақы-

сы  бірден  төленеді.  

Сонымен  қатар,  қайтыс  

болғандардың  кәмелетке  

толмаған  балаларына   

кәмелет  жасына  

толғанға  дейін  ай  сайын 

тұрақты  жәрдемақы  

тағайындалады. 

Әсем   Шаяхмето-

ваға     емі  аяқталып, 

жазылғаннан  кейін,   

емнің  жалпы  сомасы 

анықталған соң  төле-

мақы  төленеді. Компания  

барлық  емдеуге  кеткен   

шығынды  өз  мойнына 

алады.  Сонымен  қатар,  

ем  қабылдау  кезінде  

оған ай  сайын  750 мың  

теңге  көлемінде   жәр-

демақы  төленіп  тұрады. 

Компания  бірінші  күннен  

бастап  Әсем  Шаяхмето-

ваның  ата-ана- 

сының   Астана  қала-

сында  тұруын  қамтама-

сыз  етуде. Әсемнің  емі 

біткенге  дейінгі  жалға 

алған   ата-анасының  

пәтерақысын  компа-

ния  төлейтіндігі  туралы  

шешім  қабылданған. 

Марқұмдарды  ақтық  

сапарға  шығарып  салу  

және  ұйымдастыру  

шығынын  да  компания  

өз  мойнына  алған   

болатын.  



2

ДҮРБІ


 

                                                                                                                                                                                                                                    13 АҚПАН  2015 жыл.

Жыл басынан бері ең төменгі 

жалақы мен зейнетақы, сон-

дай-ақ, мемлекеттік жәрдемақы 

жоғарылады. Қазір қазақстан-

дықтардың ең төменгі жалақы-

сы — 21 364 теңге (бұрынғысы 

— 19 966). Төменгі зейнетақы 

үш мың теңгеге көбейді (айына 

23 692 теңге). Олармен қанжыға-

ласып бірқатар төлемақы да 

айтарлықтай өсті.

Алдымен, долларға қатысты 

долбарымызды алға тартайық. 

Қазақстандықтар шыршасын 

жинап үлгергенше «көк қағаз-

дың» құны 0,3 теңгеге көтеріліп 

кетті. Бірақ, оған таңданудың реті 

жоқ. Өйткені, Ұлттық банк бір 

доллар үшін айырбас бағамының 

«дәлізін» мерекеден бұрын-

ақ 188 теңгеге дейін кеңейтіп 

қойған. 

Былай қарасаң, 0,3 теңгең 

«анау айтқандай» қымбат-

шылықтың көрсеткіші болып 

жарытпайды. Оның үстіне 

Үкімет «негізгі тауарлардың 

бағасы өспейді» деп уәде беріп, 

үміттің отын үрлеп қойды. Соны 

малданып «жағамыз жайлауда» 

жүргенде, басқа шығындардың 

шуылдап шыға келгенін бай-

қамай қалыппыз. Енді, ша-

ма-шарқымызға қарай соларды 

екшеп көрейік.

Жол қозғалысы ережесі-

не өзгеріс енгізілгеннен кейін 

Қазақстанда балаларға арналған 

автоорындық зәру затқа айнал-

ды. 8-12 жастағы балаларға 

арналған арнаулы ұстатқыш 

құрылғы (бустер) да қымбаттап кет-

ті. Алды мектепке баратын, арты 

«отау иесі» болатын жасқа жетіп 

қалған баланы байлап қою қан-

шалықты ақылға қонымды екенін 

өзім әлі күнге дейін түсінбеймін. 

Байлағанға көніп жатқан баланы да 

көрмедім. Бүгінде «бустер» бағасы 

бір жобаға келіп қалды, ал, автоо-

рындықтікі әлі бой беретін емес.

Қаңтардың алғашқы күнінен 

бастап сапалы сүзгілі сигаретің де 

қымбаттады, бір қорабың кемі 200 

теңге тұрады. Осы шараны ойлап 

тапқан Үкімет мүшелерінің ойынша, 

темекі тартатындардың қатары 

сиреп, бюжеттің «бүйірі» шығатын 

көрінеді. Қаладағыларды қайдам, 

ауылдағылар арзанқол «Астраға» 

ауысып кетуі немесе махорка 

орауға көшуі ғажап емес. Өйткені, 

олар үшін мұндай зәрулік таңсық 

емес. Заманның түзу кезінде де 

әкелеріміз: «Сигаретің бірде бар, 

бірде жоқ, одан да үйренген осым 

жақсы» деп, «Беломорды» бұрқы-

рататын. 

Келіншегім: «Биыл қарақұмық, 

картоп пен капуста қымбаттады» 

деп жүр. Оған қымбаттаған комму-

налдық қызметтің құнын қосыңыз. 

Ақшалай айыппұлдың да көлемі 

көбейді (бүгінде бір айлық есептік 

көрсеткіш — 1982 теңге). Жалпы 

«жұт жеті ағайынды» деген сөздің 

жаны бар. Себебі, ақшалай айып-

пұл салудың сылтауы жаңбырдан 

кейінгі саңырауқұлақтай сан-сапа-

лақ болып кетті. 

Айталық, 2015 жылдың 1 қаңта-

рынан бастап «Әкімшілік тәртіп 

бұзушылық туралы» жаңа Кодекс 

күшіне енді. Құжатқа қарасақ, тір-

келген мекенінде тұрмайтын адам 

айыппұл төлейді. Айыппұлдың 

ауқымы адамның қанша қаңғырға-

нына қатысты. Ең төмені — 10 000 

теңге. Тұрмайтын адамды тіркегені 

үшін үйдің иесі де айыппұлдан 

аман қалмайды. 

Шаруа қожалығы мен серіктестік 

үшін жер салығы 5 есе ұлғайды. 

Өз телімін пайдаланбай тоз-тозын 

шығарған жер иелеріне арналған 

көтеріңкі салық туралы мөлшер 

тағы бар. Айтпақшы, депутаттар-

дың ол мөлшерді 10 есеге дейін 

ұлғайтуға құқы бар. Сарапшылар-

дың пікірінше, бұл беталыс пайда-

ланылмаған жер мәселесін таяу 

уақытта шешуге пәрменді ықпал 

етуге тиіс.

Еліміздің кейбір өңірінде электр 

қуатының құны қымбаттады. Оның 

қатарында біздің аймақ та бар. 

Энергетика министрлігіндегілер 

тарифтердің өсуіне тұрақсыз 

экономикалық жағдай, сондай-ақ, 

энергетикалық инфрақұрылым мен 

жаңа қуаттар құрылысына инвести-

ция тарту қажеттілігі негіз болды 

деп түсіндіреді. 

Түсінбейтін несі бар, қазына-

ның құлағын ұстағандар да қажып 

жүрген жоқ па?! Сондықтан, төл 

теңгеміздің құны түспесін деп 

тілейік. Дүниенің арзандап-қым-

баттауы — салыстырмалы түрде 

өткінші құбылыс. Ал, теңгемізге 

төрден орын табылмай, табалды-

рыққа телміртіп қойсақ, қымбат-

шылықтың көкесін сонда көреміз. 

Теңге тағы құнсызданса «қымбат-

шылықтың қамытын» кидік дей 

бер. Бұл — шымбайға батса да, 

шырқыраған шындық!

2009 жылы доллардың бағамы 

120-дан 150 теңгеге «секіргенде», 

төбеден жай түскендей есеңгіретіп 

жіберді. Ұлттық банктің сол кездегі 

төрағасы Григорий Марченко сын 

садағының астында қалды. Сол 

сынның салдары ма, әлде басқа 

себебі бар ма, әйтеуір, көнтерлі 

көрінетін беделді банкир қызметі-

нен кетті. 

Сосын былтырғы ақпан 

бықпырт тигендей қылды. Бас 

банкирдің жүйке жүйесі де берік 

екен, жедел баспасөз мәслиха-

тын өткізіп: «Өзім де осыны өт-

кен түнде білдім» деді, беті бүлк 

етпей. Соның алдында ғана елді 

теңгенің құнсызданбайтынына 

сендіріп келген Қайрат Келім-

бетовтің бұл сөзі ақталудан гөрі 

келемежге көбірек ұқсады.

Қарап отырсақ, ұлттық валю-

тамыз айналымға енгелі төрт рет 

құнсыздануды бастан өткерген 

екен. Енді соларды еске түсіріп 

көрейік.


1993 жылы теңгенің құны 

керемет еді. Бір долларың бар-

жоғы 4,7 теңге тұратын! Бірақ, 

бұл баянды болмады, бір жарым 

ай өтер-өтпесте, 1994 жылы 

қаңтарда «көк қағазың» он есе-

дей қымбаттап кетті.

Қалай болғанда да бұл құн-

сыздану халықтың қабырғасына 

онша бата қойған жоқ. Бірінші-

ден, жаңа валютаға ел онша 

үйрене қоймады, тіпті кейбіреу-

лер теңгеге уақытша дүниедей 

қарады. Екіншіден, долларды 

бүгінгідей екінің бірі қолдана 

бермейтін. 

Құнсызданудың қандай екенін 

ел доллардың құны 84-тен 138 

теңгеге бір-ақ көтерілген 1999 

жылы сезінді. Ұлттық банктің 

сол кездегі басшысы Қадыржан 

Дамитов бұл шара экспорттың 

көлемін ұлғайту мен оның бәсе-

келестігін арттыру мақсатында 

жасалғанын мәлімдеді. Одан он 

жылдан кейінгі және былтырғы 

құнсызданудың қалай өткенін 

жоғарыда айттық.

Теңгенің тарихына қарап 

отырсақ, 1993 жылдан бері 

ұлттық валютамыз 40 еседей 

құнсызданып кеткен екен. 

Осымен тоқтаса да, «тақиямы-

зға тарлық» етпес еді. Лайым 

солай болсын!

КӨЗҚАРАС


Әлібек ӘБДІРАШ,

    «Мысты өңір».

Күнтізбелік  жылдың  екінші  айы  да  етек-жеңін  жинап  келеді.  Бұдан 

уақыт  көші  ешкімді  күтпейтінін  көреміз.  Көзге  ұрып  тұрған  тағы  бір 

ерекшелік  —  жыл  басталғалы  салық,  айып  және  кейбір  тауарлардың 

бағасы доллардың бағамынан да жедел өсуде.

немесе «Қымбатшылық қамыты» хақында

Коттедждердің құрылысын 

жүргізумен «Қазақмыс кор-

порациясы» ЖШС қарасты 

«КазЦентрСтрой» ЖШС айна-

лысты. Құрылыс барысында 

жаңа құрылыс материалдары 

пайдаланылып, үйлердің 

сырты металлосайдинг матери-

алымен қапталды. Барлық үй-

лер қоршаулармен қоршалып, 

маңына гараждар орнатылды. 

Осы ауданның балаларына ар-

налып көпфункционалды корт 

орнатылған.       

Тұрғын үйлер инженер-

лік коммуникациялық ин-

фрақұрылыммен, байланыс 

желілерімен толық қамтылған, 

коттедж маңы абаттанды-

рылып, көшелері жарықтан-

дырылған. Жаңа коттедждер-

ге  толығымен кварталдық 

желілер жүргізілген (су құбыры, 

канализациялық және электр 

жүйелері). Бұл жұмыстарды  

«Самға» ЖШС, «Ремстрой» 

ЖШС, «ЖезСвязьСтрой» ЖШС 

сияқты жергілікті құрылыс фир-

малары атқарды.

Бұл коттедждердің 

аумағын абаттандыру 

жұмыстары көктем айында 

да жалғасын таппақ. Жаңа 

ауданға жасыл желектер 

отырғызылып, асфальт 

төсеу жұмыстары жүргізіледі. 

Бірінші кезең бойынша құлау 

аумағында тұрып жатқан өзге 

тұрғындарды жаңа үйлерге 

көшіру жұмыстары одан әрі де 

жалғаса береді.     



Айым БЕКТАС.

«Жезқазған,  Сәтбаев  қалалары  мен  Ұлытау  ауданын 

әлеуметтік-экономикалық  дамытудың    2012-2020  жылдарға 

арналған  кешенді  бағдарламасына  сәйкес    Жезқазған  кенті 

мен  оған  көршілес  жатқан  Весовая,  Крестовский,  Перевалка 

және  ГРП  елдімекендерінің  тұрғындарын  Сәтбаев  қаласына 

көшіру  жоспарланған  еді.  Осыған  орай    Сәтбаев  қаласындағы 

жаңадан  бой  көтеріп  жатқан    Шығыс  ауданына  алғашқы 

қоныстанушылар  көшіп  келді.  Өткен  аптада  жеті  пәтердің 

кілті  салтанатты  жағдайда  табыс  етілді.  Қасиетті  «жеті» 

санын жұртшылық жақсы ырымға балап жатты.

Кейінгі жылдары Жезқазған 

қаласы Елбасының тікелей 

назарында. Соған орай Үкіметтің 

арнайы бағдарламалары қабыл-

данған. Мемлекеттен миллион-

даған қаржылар бөлініп, ауқымды 

іс-шаралар да атқарылуда. 

Алайда, жергілікті билік бұл ша-

раларды малданып, бейқамдық 

танытпауы керек сияқты. Әкімнің 

есебі кезінде ел көтерген елеулі 

сауалдарға қарап соны аңғардық. 

Бағамдай білген жанға Жезқазған 

қаласының өз қолындағы 

қаржысы да осал емес. Мәселен, 

бюджет қоржынында өткен жылы 

5 млрд.982 млн.теңге қаржы 

болды. Ал, биыл 5 млрд.542 млн.

теңге қаралып отыр. Көзін тапқан 

жанға осы қаржыны игеру бары-

сында да біршама істің басын 

қайыруға болады. Мұның сыр-

тында өңірді дамытудың Кешенді 

жоспарын айтпағанда, Индустри-

аландыру картасы, Бизнестің жол 

картасы, Жұмыспен қамту-2020, 

Моноқалаларды дамыту сияқты 

мемлекеттік бағдарламалар тағы 

бар. Оңтайлы істер атқарылса, 

Жезқазған қазір торығып-та-

рығатын жағдайда емес. Еңсесі 

көтеріліп, көш басына шығатын 

мүмкіндігі бар.

Дегенмен, осы мүмкіндіктер 

әлі де болса, жете пайдала-

нылып, ауқымды жобалар қолға 

алынбай отыр. Бұл жөнінде 

Елбасы өткен күзде Қарағандыға 

келген сапарында әкім-қараларға 

қаратып қадап айтқаны есімізде. 

«Индустриалдық-инновациялық 

жобалардың басым бөлігінің 

барлығы облыс орталығы Қа-

рағанды төңірегіне шоғырланған, 

мұндай жобалар Жезқазғанда 

неге жоқ», — деген болатын 

Мемлекет басшысы. Шындығын-

да, үш-төрт жылдың бедері болды

есеп беру кезінде алға тартатын 

жобаларымыз — «Ютария» тігін 

өнеркәсібі, арнайы техникалар мен 

автокөліктердің сүзгісін өндіретін 

«Казтехфильтр» ЖШС, өндірістік 

құс шаруашылығының асыл тұқым-

ды орталығы мен «Ұлытау-Флора» 

жылыжай кешені ғана. «Бизнестің 

жол картасына» да, «Индустриа-

ландыру картасына» да осы жоба-

ларды айтумен жауыр қылдық. Бұл 

жерлерде жиыр-

машақтыдан артық 

ағыл-тегіл ашылып 

жатқан жаңа жұмыс 

орындары да жоқ. 

Халық жаңа, қуатты 

кәсіпорындар жо-

басы қолға алынса 

дейді. Орынды 

тілек.


Есепті жина-

лыстарда қымбат-

шылықтың қысып 

бара жатқандығы 

көп айтылды. Қазір 

бензин бағасы төмендеп келеді. 

Алайда, әлеуметтік сұранысқа ие 

азық-түліктің бағасы апта сайын 

өсіп барады. Жезқазғанда — нан 

қымбат. Көлемі шағын бөлкенің өзі 

60 теңге, ал кәдімгі 600 грамдық 

нандар 80 теңгеден кем емес. Енді 

оған «Энергосбыт» мекемесінің 

электр тарифінің бағасын бірден 

35% жуық көтеріп, 19,67 теңге 

жасауы тіптен батып тұр. Қоқыс та-

сымалдаудың бағасы да өсіп шыға 

келді. Бірақ, аткөпір болып жинал-

май жататын оның қызметіне өкпе 

көп.«Үкіметтің зейнетақыға қосқан 

9 пайызы желкемізден шығатын 

болды», — дейді шарасыз күйге 

түскен зейнеткерлер.

Басқа да қордаланған мәселе-

лер баршылық. Тұрғындар Бекбо-

латсай аумағын қамтитын № 1, 

91-92 орамға жүретін № 11 және 

№ 12 автобус бағыттарын ұзақ 

күтіп, діңкелейтіндерін жеткізіп, 

әкімдіктің қадағалауын сұрады. 

Қалада жылу тапшылығына 

байланысты тұрғын үй құрылысы 

қанат жаймай келеді. Апатты 

жағдайдағы үйлер қатары да 

аз емес. Ең үлкен проблема — 

ауызсу мәселесі. Оны тұрғындар 

айта-айта жалықты. Миллиард-

таған қаржы жұмсалған Есқұла 

су құбырының құрылысы бес 

жылдан бері жеріне жеткізіл-

мей қойды. Қайтарымы қандай 

болатынын ешкім дөп басып айта 

алмайды. Үйтас-Айдостың 13 

шақырым құбырын айырбастау 

да жыл сайын үміттендіргенмен 

екі шақырымын жаңалаудан 

аспай қойды. Ендігі бар үміт 

— Кешенді жоспарда. Ол енді 

Үкіметтің қолындағы шаруа.

Айта берсе, ел көңіліндегі 

осындай түйткілдер аз емес. 

Сондықтан әкімдіктегі атқа 

мінген азаматтар «бізде бәрі 

ойдағыдай» деген бейқам-

дықтан арылып, бұқараның 

мұң-мұқтажына сергек қараған-

дары жөн.

ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ, ЕЛ НЕ ДЕЙДІ?



А.ӘЛМЕНОВ.

Жылдағы  дәстүр  бойынша  әкімдер  халық  алдын-

дағы  кезекті  есебін  беруде.  Жезқазған  қаласының  әкімі  

Батырлан  Ахметов  бұған  дейін  өзінің  есебін  екі  жер-

де  өткізген  еді.  Қорытынды  үшінші  есеп  сәрсенбі  күні  

С.Қожамқұлов атындағы қазақ драма театрында болып, 

оған қала тұрғындары көптеп жиналды.

3

«ҚАЗАҚМЫС»



                                                                                                                                                                                                                                          13 АҚПАН  2015 жыл

Қазақмыс» 

корпорациясында қабылданған 

2013-2017 жылдарға 

арналған арнаулы стратегия 

өнеркәсіптік қауіпсіздік пен 

еңбек қорғау бағытындағы 

міндеттерді кешенді шешуге 

бағыталған. Бұл құнды құжатта 

өнеркәсіптік қауіпсіздік пен 

еңбек қорғаудың қазіргі күйі 

талданған, өндірістік жарақат 

алудың негізгі себептері 

көрсетілген. Ең бастысы, 

ұзақ мерзімдік мақсатқа 

жетудің жолдары көрініс 

тапқан, олар — адам өліміне 

соқтыратын бақытсыздық 

оқиғасын барынша болдырмау, 

қалыпты және қауіпсіз еңбек 

жағдайын жасау мен қолдау, 

кәсіби аурулар көрсеткішін 

кеміту, өнеркәсіптік қауіпсіздік 

пен еңбек қорғау талаптарын 

орындау әркімнің жұмыс 

орнындағы күнделікті міндеті 

екендігіне, оған кәсіпорынның 

басшысынан бастап қатардағы 

әр жұмысшы тартылу 

қажеттігіне көпшіліктің көзін 

жеткізу. Қауіпсіздік саласында 

дәстүрлі көзқарастың 

тиімділігі төмендеп бара 

жатқандықтан бұл қызметте 

инвестициядан басқа 

жаңашылдық қажеттігін түсінген 

компания басшылығы осындай 

стратегия қабылдады. Ал, 2013 

жылы өндіріс қауіпсіздігіне 40 

миллион доллардай қаражат 

жұмсалғанын айта кеткен 

абзал. Бірнеше жылдан бері 

компания «Өмір» қауіпсіздік 

кешенді бағдарламасы аясында 

тәуелсіз кеңесшілермен, оның 

ішінде, «Дюпон Қазақстан» 

жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігімен қызметтес болып 

келеді.

Баяндама барысында 



«Қазақмыс корпорациясы» 

ЖШС бас директоры Бақтияр 

Қрықпышев қауіпсіздік техникасы 

саласында қалыптасқан қазіргі 

жағдайға, кәсіпорындарда 

қолданылған шараларға 

тоқталды. Техникалық жағынан 

қайта жарақтандырылуда. 

Қауіпсіздікті бірегейлендіру мен 

тәуекелді бағалау ең қатерлі 

мамандық проходкашы үшін кен 

жынысының құлауы салдарынан 

орын алатын бақытсыздық 

оқиғасының азаюына ықпал 

етті (былтыр 21 адам жарақат 

алды). Нормативтік актілер 

сақталды. Жұмыс орындарының 

қауіпсіздік талаптарына сай 

болуын қамтамасыз етуді 

бақылау күшейді, тапсырма 

берудің электрондық нұсқасы 

қолданыла бастады. Мамандар 

оқыту мен қайта даярлаудан 

өтті. Басқарудың барлық 

деңгейіндегі қызметкерлердің 

жауапкершілігін күшейту 

адамдардың қауіпсіздікке 

көзқарасын өзгертуге оң ықпал 

етті. Басқа да ұйымдастыру-

техникалық шаралары 

жүзеге асырылды. Бірақ, деді 

бас директор, жазатайым 

жағдайды кеміту жөніндегі 

стратегия жалпы орындалып 

жатқанымен, кәсіпорын 

басшыларының барлығы бірдей 

белгіленген міндет межесінен 

көріне қойған жоқ, өндірістегі 

тәуекелді басқару көздеген 

деңгейге жетпей отыр. Соның 

салдарынан корпорацияның 

кейбір кәсіпорындары өндірістік 

көрсеткіштерді орындамаумен 

қатар, жарақат алудың 

өсуіне жол беріп алды. Бұл 

құрылымдық бөлімшелер 

басшыларының есебі комитет 

отырысында тыңдалды, оқыс 

оқиғалардың себеп-салдары 

талданды және оларды жою 

шаралары белгіленді.

Кешенді жоспар мен 

стратегияны жүзеге асыру 

барысында атқарылған 

жүйелі жұмыс көлемі жөнінде 

«Жезқазғантүстімет» ӨБ 

бас директоры Амангелді 

Миниғұлов әңгімеледі. 

Ол 

 әлемдік өлшемдерге 



сай №67 шахтада атқарылып 

жатқан корпоративтік жобаны 

тілге тиек етті, жинақталған 

тәжірибе басқа кәсіпорындарға 

да таратылатынына тоқталды. 

Жобаның жетістігі мынада, деп 

атап көрсетті бас директор, 

жарақат алуды жартылай жоюға 

қол жетті, адам шығынынан 

аман қалуға мүмкіндік туды, 

әркімнің тек өзінің ғана 

емес, төңірегіндегілердің 

де қауіпсіздігін қамтамасыз 

етерліктей қауіпсіздік жүйесі 

қалыптасты. Тиісті сабақ алу 

үшін жобаны жүзеге асырудың 

осал тұстары да талданды. 2015 

жылға белгіленген міндеттер 

қол жеткен тиімділікті бекітуге 

мүмкіндік береді.

№67 шахтада қолға алынған 

шаруаны жүзеге асыру 

барысында айтарлықтай оң 

өзгерістерге жеткізгенін «Дюпон 

Қазақстан» ЖШС директоры 

Н.Маханов да мақұлдады. 

Шахта ұжымы барлық 

қиындықты жеңе білді, жұмыс 

орындарын жақсартуға көп күш 

пен қыруар қаржы жұмсалды, 

желілік басшылардың 

жауапкершілігі артты, барлық 

деңгейде уәждеме күшейді. 

«Қазақмыс корпорациясы» 

ЖШС Директорлар кеңесінің 

төрағасы Эдуард Огайдың 

жұмыс орындарын қауіпсіздік 

стратегиясына сәйкестендіру 

үшін қайта құру стандарты 

оны корпорацияның 

кәсіпорындарына одан 

әрі таратуға дайын ба, 

деген сауалына кеңес беру 

компаниясының басшысы үлгі 

етіп ұсынатын жұмыс орнына 

тиісті мәртебе беріп, сосын 

сол тәжірибені қауіпсіздік 

техникасы жағдайына 

қарай тарату жөн екендігіне 

тоқталды. Қол жеткен 

өзгерістерді жүйеге түсіру үшін 

мониторинг жүргізу, одан әрі 

жетілдіру, жұмыс тобын қолдау, 

 өз жауапкершілігің аясында 

стандарттарды одан әрі 

орындау қажет, сонда жетістік 

өміршең бола түседі.

Отырысты қорытындылаған 

«Қазақмыс корпорациясы» 

ЖШС Директорлар кеңесінің 

төрағасы Эдуард Огай 

басшылардың назарын 

өнеркәсіптік қауіпсіздік пен 

еңбек қорғау бағытындағы 

мақсаттар мен міндеттерді 

жүзеге асыруда барынша 

мақсаткерлікпен жұмыс 

жүргізу және көпшіліктің 

ынта-ықыласын қолдау 

қажеттігіне аударды. Қысқасы, 

жарақатқа жол бермеу керек. 

Кәсіпорын басшылары 

жоспар орындаудың жетегінде 

кетіп қалмай, қауіпсіздік 

техникасының корпоративтік 

мәдениетін қалыптастыруға 

күш салғаны жөн. Адамдардың 

көңіл-күйі мен мұң-мұқтажын 

білуге сауалнама жүргізу, 

біліктілігін байқауға сынақ 

өткізу көмектесер еді. 

Атқарылған шаруаның 

барлығы қауіпсіздік деген сөзге 

соны сипат беруге тиіс.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал