№6 (122) 2012 жыл 12 Ел тану дели, агра және джайпур – алтын



жүктеу 62.95 Kb.

Дата27.01.2017
өлшемі62.95 Kb.

№6 (122) 2012 жыл

12

Ел тану

ДЕли, агра жәнЕ 

Джайпур – алтын 

үшбұрыш

Әлемдегі 

халқының 

көптігі  жағынан  екінші  орын 

алатын Үндістан мемлекетінің 

тарихын  түгел  шолу  мүмкін 

емес. Сондықтан Қазақстанға 

қатысты  кейбір  тұстарын 

тілге тиек еттік. 

Ақсақ  Темірдің  ұрпақ­

тары  Моғолдар  15  ғасырдан 

19  ғасырға  дейін  Үнді 

империясын  басқарып  тұр­

ған. Тек 1803 жылдан бастап 

ағылшындар 

Үндістанды  

өз    колониясына  айналдырды.  1947  жылы  Ганди 

Махатманың  басшылығымен,  үнді  елі  азаттыққа  қол 

жеткізіп, тәуелсіз мемлекет болды. 

Моғол    империясын  тұңғыш  басқарған  Ақсақ 

Темірдің немере­шөберелері: Бабыр (1526­30), Хумаюн 

(1530­1556), Акбар (1556­1605), Джахангир (1605­1627), 

Шаһджахан (1628­1658), Аурангзеб (1658­1707).

Индияда  туризм  жақсы  жолға  қойылған  деуге 

болады.    Бір  жылда  бұл  елге  5  миллионнан  астам 

саяхатшылар  келеді.    Біз  болған  үш  қаланың  аты 

да  корольдер  құрметіне  аталыпты.    Дели  –  король 

Делге,    Агра  –  король  Агросенге,    Джайпур  –  король 

Джайсинге.  

Саяхатшылар үшін ең қолайлы мезгіл наурыз, сәуір 

және мамыр айлары.  Осы мезгілде күннің ыстықтығы 

35­40 градус шамасында болады.  Ал маусым айынан 

бастап  күннің  ысуы  52  градусқа  жетеді  екен.    Тамыз, 

қыркүйек айлары жауын­шашынды.  Гималай тауының 

маңайындағы  үш  штатта  қар  жауып,    аяз  34  градусқа 

дейін барады дейді. 

«Нұр  –  Қазақстан  қажылық»  компаниясы  ислам 

дінінде 3 қасиетті орынға­Меккеге, Мәдинеге және Әл­

Ақсаға алып барады. «Нұр­Қазақстан» компаниясының 

президенті – Әбдіхалық  Амангелді  Еренғайыпұлы.  Ол 

ислам дінін жетік білетін, көптеген  ғылыми еңбектердің 

авторы. Сондай­ақ  Амангелді 2008 және 2010 жылдары 

2  рет  Қағбаның    ішіне  кіріп  дұға  тілеу  мәртебесіне  ие 

болған  азамат.    Біздің  сапарымыз  осы  елге  саяхатқа 

барған  екінші  топ  болып  есептеледі.  Бізбен  сапарлас 

болған  адамдардың  жалпы  саны  тоғыз  адам. 

Әбдіқалық Амангелді (жетекші). Мұхамеджанова Зияш, 

Сағдолданова  Гүлзипа,  Макин  Қайыржан,    Адаева 

Патқа, Барболсын, Патиман, Мерхамит Баян, Оспанов 

Болат.


Айта кететін бір қызықты жағдай сапарластарымның 

менен  басқалары  2012  жылдың  наурыз  айында  умра 

қажылыққа,  сәуір  айында  Әл­Ақсаға  барып  келген 

екен.  Енді  үшінші  ретінде  7  мамырдан  15  мамырға 

дейін  Үндістан елінде қауышып отырмыз. Осы топтағы 

ең  үлкеніміз  Патқа  Адаева,  жасы  80­де,  ұлты  шешен. 

Астана  қаласының  тұрғыны.  Апамыз  қажылықта  34 

рет  болыпты.  Осы  сапарға  шығар  алдында  операция 

жасатқанына  қарамастан,  саяхаттауға  бел  буған. 

Сондай­ақ, Зияш Мұхамеджанова да жүрегіне операция 

жасатқан екен. «Аурумын деп бүгіле беруге болмайды. 

Ел аралап, киелі жерлерге барсаң дертіңнен айығасың, 

көңілің көтеріледі»,–дейді Зияш.

Бәріміз  де  әлемдегі  үш  қасиетті  орын  Меккеге, 

Мәдинаға, Әл­Ақсаға барып, топырағына табаны тиген 

қажылармыз. Өзіме айрықша әсер еткен бір оқиға, сырт 

елде  сапарда  жүргенде  қазаққа  тән  сыйластықтың, 

үлкенге  деген  құрметтің  көзбе­көз  куәсі  болуым. 

Арамыздағы  ең  жас  саяхатшы  Баян  есімді  келіншек 

анасы  Патиман  мен  енесі  Барболсынды  қабағына 

қарап, қолтығынан демеп, қошеметтеп жүрді.  Иманжүзді 

келіншек  бәріміздің  ортақ  келініміз  болып  кетті  десек 

те  болады.    Терлеп­тепшіп  демдеген  шайын  ішіп,  зыр 

жүгіріп  дүкеннен,  асханадан  әкелген  тағамдарын  жеп, 

алғысымызды  айтып,  ризашылығымызды  білдірдік. 

Мінезі жайдары, үлкеннің алдынан қия өтпейді. Әсіресе, 

қос  анасын  құрметтегенін  айтсайшы!  Тоғыз  күн  бойы 

тамағымыз  бен  шайдың  әзірленуі  Баянның  мойнында 

болды,  қабағын  шытқанын  еш  байқамадық.  Орыстар 

табиғатында  енесімен  өш.  Осы  бір  өрескел  жат  әдет 

аракідік  қазақтар  арасынан  да  бой  көрсетіп,  кейбір 

келіндер  енесімен  шығыса  алмай  жатады.    Бұрынғы 

заманда  келіндер  көпшілік  жағдайда  ата­енелерімен 

бірге  тұрып,  күйеуінің  ата­анасын,  туған­туыстарын 

сый­құрметпен    қошеметтейтін,  иіліп  сәлем  беріп,  иба 

сақтайтын. Қазіргі жастардың бірқатары қазақтың сондай 

игі  салт­дәстүрінен  айырылып  қалды.  Жаһандану 

деп  қанша  бүркемелесек  те,  орыстану  үрдісі  белең 

көрсетеді.

Ата­анасымен бірге тұрудан бас тартады. Эгоистік 

көзқарас басым. Ал Баян сияқты тәлімді, көргенді жастар 

қалада сирек. Мен бұрынырақта «Тобықты – Ырғызбай, 

Есболат шежіресі» деген кітап жаздым.  Сол кітапта (33­ 

бет)  Павлодарда    тұратын  Құнанбай  атамыздың  інісі 

Майбасардың  үрім  бұтағы  Ахметжан  атты  баласынан 

тараған  жеті  ағайынды  Ахметжановтар  туралы  жазған 

едім.  Сол  жеті ағайынның ішіндегі ең кенжесі Бақытбек 

бір  емес,  екі  анасын  да  қолында  ұстап,  әулие  тұтып, 

екеуіне  де  малындырып  құндыз  тон  киіндіріп,  екеуіне 

де жүргізушісімен «Джип» мінгізіп, егіз баладай қос ана 

үлде  мен  бүлдеге  малынып  отыр.  Жеті  ағайындының 

ұйтқысы,  көшбасшысы  –  аналары  Бағила.    Ол  кісінің 

айтқаны – заң.  Аналарына ешқайсысы қарсы келмейді, 

айтқанын  орындайды,  бәрі  де  бас  иіп,  тік  тұрады.  Сол 

ынтымақ  осы  әулетке  бақ,  береке,  дәулет  сыйлапты. 

Баян  келінді  көргенде  Ахметжановтар  әулеті  еріксіз 

есіме түсті. Жалпы үлкенді сыйлаған адам жаманшылық 

көрмейді.  

Алла тағала бірінші Адам атаны, оның қабырғасынан 

Хауа ананы жаратқан дейді аңыз.  Кейіннен жерді топан 

су  апаты  жайлаған  соң  Нұх  пайғамбардан    туған  Хам, 

Сам, Яфастан адамзат тараған.  

Жер  бетінде  мыңнан  астам  ұлттар  мен  ұлыстар 

тұрады.  Адам саны 7 миллиардтан  асып барады.  

Қазіргі уақытта дүние жүзіне кеңінен тараған төрт дін 

бар.  Олар: 1) христиан, 2) иудаизм, 3) ислам, 4)  Будда 

діні.

Әлемде  соңғы  жылдары  мұсылмандардың  саны 



көбейіп  келеді.    Демограф  ғалым  Мақаш    Тәтімовтың 

зерттеулері  бойынша, 2003 жылы мұсылмандар саны 1 

миллиард 890 миллион болған, ол кезде халықтың саны 

6  миллиард  300  миллион  болатын.  Бұл  мәлімет  қазір 

өзгерді, мұсылмандардың саны екі миллиардтан асады. 

Діндер  үш  түрлі.  Біріншісі,  хақ  дін  –Ислам.  Бұған 

қасиетті  Құраннан  («Әли­Имран» сүресі, 19­аят) дәлел: 

«Алланың алдында (қабыл болатын  шынайы дін  ислам».  

Екіншісі, өзгертілген дін.  Алғашында, расында да Алла 

тағала тарапынан түсірілген дін еді, бірақ уақыт өте келе 

ол  діндерді  адамдар    бұрмалап,  кітаптарды  өзгертіп, 

көптеген жаңалықтар енгізген.  Олардың пайғамбарлары 

мен  кітаптары бола тұрса бұрмалануы себепті ол діндер 

бойынша  амал  жасауға  болмайды.    Қасиетті  Құранда 

(«Әли­Имран»  сүресі,  85­аят):  «Кімде  кім  исламнан 

басқа  дін  іздесе,  одан  ол  қабыл  етілмейді.    Және  ол 

ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады», ­ делінген.  

Куәлік  сөзінің  шарттары:  тілмен  айту:  жүрекпен  сену 

және сол бойынша амал ету.  Осы шарттар толығымен 

бірікпейінше адамның куәлік сөзі қабыл етілмейді.  Үшінші 

жалған дін: будда, мажусилик. Бұлар ойдан шығарылған, 

пайғамбары да, Алладан түскен кітабы да жоқ.

Будда діні біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда көне  

Үнді елінде пайда болған.  Гаутама тайпасынан шыққан 

үнді  падишасының  баласы  Сиддхартха  Будда  атанған 

екен дейді халық аузындағы әпсанада.  Ол өлгеннен соң 

Будда – Құдай дәрежесіне ие болған.  Будда сөзі күнәдан 

арылған ғұлама, әулие деген мағынаны білдіреді.  Яғни, 

Будда  әлемдегі  жаратушы  емес,  бар  болғаны  білім 

таратушы.  Бұл діннің негізгі қағидалары мен уағыздары 

Будданың  өмірбаянында  және  үш  даналық  жинағында 

баяндалады. 

Үндістанның жер көлемі: ұзындығы 3800 шақырым, 

ені  2500  шақырым,  28  штаты  бар.  Мемлекеттік  тілі 

–хинди және ағылшын тілі. 46 ұлт тұрады.  Олар үндістер, 

бельдер,  гештер,  пенджаптар,  тамилдер,  марахтар, 

канарлар т.б.  Әр штат әр тілде сөйлейді десе де болады.  

Тек оңтүстікте ғана хинди тілі басымдау.  Бізге жолсерік 

болған  гид  Нарендердің  айтуынша,  халықтың  саны  1 

миллиард 200 миллионнан асады.  Тууға шек қойылған.  

Әр  отбасы  2  бала  иеленуге  құқылы,  үшінші  балаға  бір  

мың  доллар  айып  пұл  төлейді.    Көп  дінді    мемлекет.  

Үнділіктер дінді хинду деп атайды.   Будда – хинду ­ 80 

пайыз, ислам ­15 пайыз, қалғандары христиандар және 

ран, кришна, иогова т.б.  Ал индус деген сөз Үндістанда 

тұратын негізгі халықтың аты.  

«Әр  жердің  салты  басқа,  иті  қара  қасқа»  демекші, 

будда дініне таңырқамасқа әбдің жоқ.  Жер бетіндегі жан­

жануарларды, жыбырлап­қыбырлап жүргендердің бәрін 

құдай санайды.  Табиғатқа табынады деген жөн шығар.  

Айтуларына  сенсек 300 миллионнан астам құдайымыз 

бар  дейді.    Ал  енді  таңданбай  көр.    Будда  дінінің  өзі 

15  сектаға  бөлінеді  екен.  Хинду  дінінде  айрықша 

қастерлейтін  үш  құдайды  атап  өтуге  болады.  Драма  – 

жаратушы, Вишну – қорғаушы, Шива – қиратушы. 

Ал дінбасыларын  Драмин деп атайды. Ол күнәдан 

пәк, ұстаз, данышпан деген мағына білдіреді.  Меніңше, 

орыстың «Поп» деген атауына жақын.

Бір байқағаным Үндістанда таптық, топтық жіктеулер 

бар екендігі. 

штаттарға бөлінуі

• 

әулеттік бөлінушілік 



• 

кландарға бөліну 

• 

Сондай­ақ,  әр  діннің  киелі  күндері  мен  мерекелері 



бар. 

Ү н д і с т а н         ғ а   с а я х а т 

Мұсылмандар  үшін  –жұма  күні,  Христиандар 

• 

үшін –жексенбі күні, Иудейлер үшін –сенбі күні, Ал хинди 



діні үшін әрбір күнді киелі деуге болады, Дүйсенбі –шива 

құдайы  күні,  Сейсенбі  –мешін  күні,  Сәрсенбі  –канеш 

(гоховаслона)  күні,  Бейсенбі  –шие  күні,  Жұма  –Дурга 

күні, Сенбі –мешін қайталанады, Жексенбі –күн құдайы 

күні. 

Үнділіктер  ұғымында  піл  –  киелі  жануар,  адамға 



сәттілік пен денсаулық сыйлайды.  Сиыр – киелі жануар.  

Мешін – Ануман.

Үнді  мұхиты  мен  Араб  теңізінің  жағалауына 

орналасқан  Бомбей  қаласын  үнділіктер  Момбей  деп 

атайды.  (Бомбей ағылшындардың атауы екен). 

Өзіміз  болған  Дели,  Агра,  Джайпур  және  Бомбей 

қалаларында  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  кедей 

халық  өте  көп.    Өздерінің  айтуынша  халықтың  20­30 

пайызы  тапшылықта  өмір  сүреді.  Теңіз  бойында  иін 

тіресіп,  жыпыр­жыпыр  салынған  кедейлердің  жеркепе 

үйлері  қала  тынысын  тарылтып  тұрғандай.    Орысша 

айтқанда трущебалар, ілдалда  лашықтар. Енді бір көңіл 

толмаған  жағдайлар  қала  сипатына  нұқсан  келтіретін 

ластықтың, настықтың белең алуы.  Бір сөзбен айтқанда 

антисанитарлық  жағдай.    Сиырлар  көшеде  еркін  жүре 

береді, оған ешкім тимейді. Орталық ұлттық көшелерінен 

жүрген  автокөліктер  әр  шақырымда  50  рупиден 

ақы  төлейді.  Көшелері  тар,  иін  тірескен  автокөлік.  

Автокөліктердің  рөлі  оң  жақта,  қозғалыс  жолдың  сол 

жағымен.    Автобустар,  жеңіл  көліктермен  қатар,  мұнда 

көліктің айрықша түрлері де бар.  Ол рикша деп 

аталады, қос дөңгелегі бар арба, пәуеске.  Бір 

немесе  екі  адам  арбаны  сүйреп  зыр  жүгіреді, 

бейнелеп айтқанда, «такси». Қаладағы қоғамдық 

көліктер – автобустар екі түрге бөлінген. Сырты 

өрттей  қызыл  бояумен  боялған  автобустар 

мемлекеттікі,  ал  сырты  көк  бояулы  автобустар 

жеке меншікке қарасты.

Үндістанның  президенті  әйел  адам,  аты­

жөні – Праби Ба  Патель. Премьер­министрі ер 

адам – Ман Мохин Син. 

Халықтың  орташа  жалақысы  жан  басына 

шаққанда  300  доллар  .  1  доллар  ­  48­52 

рупии  (үнді  ақшасы).  Азық­түліктің  бағасында 

едәуір  айырмашылықтар  бар.  1  килограмм  ет 

– 5 доллар, нан – 20 рупии, 1 литр бензин 1,5 

доллар. 

Үндістанның ұлттық, мемлекеттік мерекелік 

күндері:  2  қазан  –  Махатма  Гандидің  туған 

күні,  26  қаңтар  –  Республика  күні,  15­тамыз  – 

Тәуелсіздік күні, Девали – діни мереке. 

Өз басым осыған дейін алыс­жақын он үш 

мемлекетте болған екенмін. Әр саяхаттың өзіне 

тән қызықтары, есте қалар оқиғалары болады.  

«Құдай оң жолын берсе екен, бұл сапар қалай 

болар  екен?»  деп  толқитының  рас.    Туған  топыраққа 

қайта  табан  тірегенше  осындай  күйде  боласың.    2012 

жылдың  7  мамыры  күні  ақ  қанат  лайнер  Алматыдан 

кешкі 17 сағат 50 минут  кеткенде 3 жарым сағат ұшып, 

кешкі 21 сағат 10 минутта Дели қаласына келіп қонды. 

Алдымыздан  Анкон  атты  үндіс  жігіті  жылы  жүзбен 

жарқылдай тосып алды. Бір кезде құрмет белгісі ретінде, 

мойнымызға  ғажайып  алқа  таққандай,  сары  гүлдерден 

жасалған  гүлтәжін  кигізді  де,  әрқайсымызға  шағын 

бөтелкедегі минералды су ұсынды.  Осыдан соң кішірек 

автобусқа  мінгізіп,  «Ромада»  атты  4  жұлдызды  қонақ 

үйге әкелді.  Үш ер, алты әйелді үш­үштен бөліп, жеке 

бөлмелерге орналастырды.  Жүктерімізді өздері көтеріп, 

қошеметтеп  жатыр.  Бөлмелер  тынығуға  қолайлы,  кең, 

жарық,  телефоны,  желдеткіші  т.б.  бар  екен.    Ваннадан 

ыстық­салқын суы сарқырап ағып тұр. Қағаз, сабынына 

дейін  ұқыпты  қойылған.  Бөлмеде  шай  қойып  ішетін 

тефаль,  шайдың  керек­жарақтары  түгел  тұр.  Жазу 

столы, кресло, киім ілгіш, айна т.б. қажеттінің бәрі бар. 

Төрт қалада да орналасқан орындарымыз  жақсы болды.  

Күніне  бір  рет  таңертең  асханада  тамақ  береді.  Швед 

столы  деп  аталады.    Ал  түскі,  кешкі  асты  сапарластар 

өзіміз ұйымдастырдық.  

8  мамыр,  2012  жыл.  Төмендегі  асханада  даярлап 

қойған астан дәм татып, шай ішіп отырмыз.  Бір офицант 

жігіт шай құйып жүрген.  Мен өзім білетін ағылшыншаммен 

(тұрмыстық  сөздер)  «Оу  май  бой»,–  деп  тіл  қаттым. 

«Шай  құйыңызшы»  деп  жатырмын.    «Жарайды»,  деді.  

Атың кім деп сұрасам «Мани» дейді.  Мани ағылшынша 

– ақша  деген сөз.  «Ой, неге мен саған ақша беремін?»­ 

деймін таңданып.  Атымды ақша берсеңіз айтам деген 

мағынада  түсініп  қалдым.  «Мани,  мани»  деп,  көкірегін 

көрсетіп  әлек.    Сүйтсем,  аты  Мани  екен,  кеудесіндегі 

белгіде жазулы тұр.  

Сол  күні  қонақ  үйге  келген  автобуспен    Дели 

қаласының  көрікті  жерлерін  аралауға  шықтық.  Бірінші 

Джами  мешітінде  болдық.    Үш  қақпасы  бар.    Азиядағы 

ең үлкен мешіттердің бірі болып саналады екен.  Жұма 

намазда  жиырма  бес  мың  адам  еркін  сыйып,  намаз 

оқуына  болады.  Бұл  мешітте  бірқатар  өте  құнды 

жәдігерлер сақталған.  

Әзірет  Әлінің  Құраннан  көшірген  қолжазбасын 

• 

тамашаладық. 



Мұхаммед  пайғамбардың  (с.ғ.с)  мәрмар  таста 

• 

қалған аяғының ізі сақталған. 



Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) бір тал шашын 

• 

көрдік.



Әзірет  Әлінің  балалары  Хасан  мен  Хусейннің 

• 

Құраннан көшіріп жазған қолжазбаларымен  таныстық. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал