58 күн қалды Ғылымда жастар үлесі



жүктеу 1.15 Mb.

бет1/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.z-taraz.kz

 №15 (1355) 12 сәуір

 

2017 жыл, сәрсенбі



Тараз қаласындағы арнаулы оқу орындарының студенттері Астана 

төрінде өтетін халықаралық көрмеге өз жобаларын ұсынуды қолға алды. 



58 күн қалды

Ғылымда жастар үлесі

 

„



Ғылым – тіршіліктің барлық саласын дамытудың басты факторы. Бәсекеге қабілетті мемлекеттің даму 

даңғылында білімді ұрпақ өсіп келеді. Елбасының жаңалық ашамын деген жастарға жол ашып, жас 

ғалымдарға қолдау көрсетуі – осының дәлелі.

 

9-бет



құрметті жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!

«ЭксПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттерді тараз 

қаласындағы ресми туроператорлар мен «қазпочта» ақ-ның барлық бөлімшелерінен сатып   

алуға болатындығын хабарлаймыз.

    турпакеттер туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген облыстық туроператорлардан 

алуға болады:

1. «Baiterek Travel Center» жШс – тараз қ., «достық» алаңы, «нұр Отан» партиясының жОФ 

ғимараты, тел.: 8 (7262) 45-17-26, 8 701 555 90 51;                          

2. «тараз-профсоюз турист» жШс – тараз қ., сәтбаев көшесі, 9 «а», тел.: 8 (7262) 42-50-50, 

8701 629 88 56;

3. «жамбыл сервис» жШс – тараз қ., жамбыл даңғылы, 123, тел.: 8 (7262) 34-42-43,              

8 777 745 54 52;

4. «Золотой караван» жШс – тараз қ., м.Х.дулати көшесі, 111 «а», тел.: 8 (7262) 56-83-77,                           

8 777 667 44 47;    

5. «Отырар Travel» жШс – тараз қ., абай даңғылы, 129 үй, тел.: 8 (7262) 45-66-56,                       

факс: 8 (7262) 43-55-67.

6. «қазпочта» ақ-ы бөлімшелерінде, тел.: 96-34-32, 46-13-95, 45-21-35, 52-65-89, 31-03-44, 

54-27-21.

құрметті тараЗ 

қаласының тұрҒындары!

2017 жылдың                                

1 наурызынан бастап                  

Тараз қаласы аумағында 

көріктендіру, көгеріштендіру 

және санитарлық тазалық 

жөніндегі көктемгі екі айлық 

жарияланды. Меншік ныса-

нына қарамастан, барлық 

кәсіпорындар, ұйымдардың 

еңбек ұжымдарын, көп 

қабатты, сондай-ақ жеке 

тұрғын үй секторындағы 

барлық қала тұрғындарын 

қаланың санитарлық тазалық 

жұмыстарына белсене 

қатысуын сұраймыз.

    


 Тараз қаласының әкімдігі

құрметті тараЗ 

қаласының тұрҒындары!

2017 жылдың 12 сәуірінен 

бастап қалада жылу беру 

маусымы аяқталады.

Жөндеу жұмыстары 

мен жылу жүйесіне 

гидравликалық сынау 

жүргізілуіне байланысты 

«Темір жол-Жылу» кәсіпорны 

25 сәуірден, «Жамбыл- 

Жылу» кәсіпорны 27 

сәуірден, «Таразтрансэнер-

го» кәсіпорны 26 мамырдан 

бастап ыстық су беретін 

болады.

    


 Тараз қаласының әкімдігі

 

„



Бұл күні адамзат 

баласы ғарышты 

бағындырды. Әлем 

тарихындағы орбитаны 

бойлай ұшқан тұңғыш 

ғарышкер, аға лейтенант 

Юрий Гагарин еді. Кезінде 

атағы жер жарып, әрбір 

бүлдіршіннің жүрегіне 

жол салған Кеңес 

Одағының Батыры, 

ержүрек Гагариннің 

ізімен ғарышқа самғауды 

арманына айналдырып, 

әуе толқынында тербелуді 

мақсат етпеген бала 

болмаған шығар, сірә?! 

Заңғар биікке жетелеп, 

көкпен таласқан тілектерін 

көңіл көкжиегіне 

қондырып, қанатын кеңге 

жайып, көк аспанда 

зымырап ұшуды қиялдаған 

балғындар үшін ғарышкер 

болудан асқан мадақ, 

ұшқыш болудан асқан 

мәртебе болмады. Тәуелсіз 

елдің ұландарының да 

ұшқыр арманы –  көкті 

бағындыру, ғарышкер 

болу. 

 

8-бет



12 сәуір –

Ғарышкерлер күні

2

  //   «ЖаМбыл - Тараз»  //  №15 (1355), 12 сәуір  2017 Жыл  //



 

„

елбасының жолдауын халық 



арасында түсіндіру мақсатында қалада 

5 ақпараттық топ құрылып, түрлі 

мекемелерде түсіндіру жұмыстарын 

жүргізіп келеді. 

қаржылық сауаттылық

Айдана НҰРМАН

Топ құрамына қалалық мәслихат депутаттары, оқу орында-

ры мен ірі кәсіпорын басшылары, зиялы қауым, этномәдени 

орталықтар мен ҮЕҰ және мемлекеттік қызмет өкілдері, арда-

герлер еніп, бірқатар мекемелерді аралады. Сондай жиынның 

бірі «Сбербанк» АҚ филиалында өтті. Жиында «ҚР Ұлттық 

банкі» Жамбыл облыстық филиалы директорының орынба-

сары Нұрлан Берікбосынов Жолдаудың басымдықтарына 

тоқталды.   

–  Президент  өз  Жолдауында  Қазақстанды  Үшінші 

жаңғырту міндетін қойды. Бұл дегеніміз жаһандық сын-

қатерлерге жауап беру үшін жаңа экономикалық модель ойлап 

табуымыз қажет деген сөз. Осы мақсатта жаңа бағдарламалар 

мен жобалар әзірленуде.  Сондай-ақ Жолдаудағы басты 

міндеттердің бірі ақша-несие саясатын реттеуді, орта мерзім 

ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4 пайызға дейін 

төмендетуге қол жеткізу, қор нарығын одан әрі дамыту, салық-

бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу, 

экономикаға жеке меншік капитал тартуды көздейді. Мұны 

жүзеге асыру жолдары «Макроэкономикалық тұрақтылық» 

атты  үшінші  басымдықта  көрсетілген,  –  деді  Нұрлан 

Махамбетұлы.  

Жиында  аталмыш  банк  қызметкерлері  Жолдаудағы 

мақсаттар мен міндеттер жайлы өз ойларын ортаға салып, 

салаға байланысты сұрақтар қойды. Бүгінгі күнге дейін 

Жолдаудың басты бағыттарын түсіндіру бойынша қалада 55 

кездесу, 13 дөңгелек үстел, 24 жиын және басқа да іс-шаралар 

ұйымдастырылып, оларға 10 000-ға жуық қала тұрғыны 

қатысқан. Атап айтқанда, Жамбыл облысы мемлекеттік 

кірістер департаментінде өткен жиынға 80-нен астам адам 

қатысса, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы 

бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін 

арттыру  институты  мен  облыстық  төтенше  жағдайлар 

департаментінде  де  насихат  жұмыстары  толыққанды 

жүргізілді. Ал облыстық сот пен  облыстық ішкі істер 

департаментінің қызметкерлеріне арналған жиында сала 

мамандары да белсенділік танытты. 

 

„

жамбыл облыстық сотында 



судьялар мен сот мамандарының 

қатысуымен елбасының «қазақстанның 

үшінші жаңғыруы: жаһандық 

бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы 

талқыланып, басты құжаттың сот 

жүйесі бойынша тиімді тұстары 

айтылды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Басқосуда  қалалық  қоғамдық  кеңестің  төрағасы 

Қаржаубай Бекболатов Жолдаудың бес басым бағытына 

кеңінен тоқталып, бұл құжаттың алдымызда мақсат 

болып орындалуы мен онда көрсетілген міндеттердің 

жүзеге асырылуына әр сала мамандары жауапты екенін 

баса айтты. Мемлекет басшысының биылғы Жолда-

уы Қазақстанды саяси және экономикалық жағынан 

ауқымды жаңғырту реформасының жаңа кезеңі болып 

табылатынын, жаңа жаһандық үрдісте еліміздің ұзақ 

мерзімді дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті. 

Жиында  сөз  тізгінін  алған  облыстық  соттың 

төрағасы Нурмухаммад Абидов Жолдаудың бесінші 

басым бағытында сот жүйесіне деген сенімнің артуына 

қол жеткізу қажеттігі, судьялардың жұмысына заңнан 

тыс кез келген ықпалды жою маңыздылығы, әкімшілік 

және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, жеке меншікті 

қорғау, құқық үстемдігі және баршаның заң алдында 

теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар 

жүргізуге баса назар аударылып отырғанын жеткізді. 

Сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлықтың  себептері  мен 

алғышарттарын  анықтап,  оларды  жою  жұмысын 

күшейту қажеттігі жөнінде айтылғандығын тілге тиек 

етіп, осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, ары 

қарай жалғастыру қажет екендігін мәлім етті.

–  Қалалық  және  аудандық  соттарда  Мемлекет 

басшысының  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы: 

жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Жолдауы 

кең  көлемде  талқыланып,  насихатталуда.  Жол-

дауда  еліміздің  әр  сала  бойынша  даму  тетіктері 

қарастырылған.  Сондықтан  оның  іске  асырылуына 

барлығымыз атсалысуымыз керек, – деді Нурмухам-

мад Абидов. 

Болашақтың бағдары.   суреттерді түсірген Ю.ефимов.



 

„

 жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінде мемлекет басшысы 



н.Ә.назарбаевтың «қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

жолдауы талқыланды. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жиынға «Қазақстан Ұлттық банкі» 

облыстық филиалы директорының 

орынбасары Нұрлан Берікбосынов 

пен «Қоғамдық келісім» мекемесінің 

сарапшысы Лариса Лысова қатысты. 

Шараны  ашып,  жүргізген  Жам-

был  облыстық  ТЖД  басшысы, 

азаматтық  қорғау  подполковнигі 

Бағдат  Данилов  Жолдаудағы  бес 

басым  бағыт  туралы  атап  өтіп,  

оның ішінде жемқорлықпен және 

экстремизммен күрес, кәсіпкерлікті 

ынталандыру  алға  қойылып 

отырғандығын  жеткізді.  Мұнан 

соң  баяндама  жасаған  Нұрлан 

Берікбосынов Елбасының биылғы 

Жолдауында еліміз үшін маңызды 

басымдыққа  ие  мақсаттар  мен 

міндеттер алғаш рет қысқа мерзімге 

белгіленіп  отырғанын  тілге  тиек 

етіп, мемлекетіміздің 2050 жылға 

қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 

30 мемлекеттің қатарына қосылуы 

үшін  қыруар  жұмыс  жасау  ке-

рек  екенін  айтты.  Сондай-ақ  ол 

Жолдаудың үшінші басым бағыты 

макроэкономикалық тұрақтылықты 

көздейтіндігіне тоқталып, ондағы 

басты  міндет  –  ақша-несие 

саясатының ынталандырушы рөлін 

қалыпқа келтіру және экономика-

ны қаржыландыруға жеке меншік 

капитал  тарту  болып  отырғанын 

жеткізді. Бұл мақсатта Ұлттық банк 

 

„

мемлекеттік рәміздер – еліміздің 



дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге 

жария етуші әрі мемлекетіміздің келбеті. 

Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, 

арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды 

белгілер. 

рәміздерге құрмет – парыз

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Жамбыл облы-

сы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚР 

Мемлекеттік  рәміздерін  пайдалану,  орнату  және  насихаттау 

мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарда сөз алған облыс 

әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас 

маманы Жанболат Нұрмолдаұлы жаңадан енген өзгерістер туралы 

айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік рәміздер белгілі бір тәртіппен 

орналасуы керек. Бірінші Ту, сосын Елтаңба, үшінші Гимн. Кейбір 

баспасөз беттерінде әлі күнге «Әнұран» деп жазылып жүрген 

көрінеді. Дұрысы, «Қазақстан Республикасының Гимні» деп ай-

тылуы әрі жазылуы керек.

 Ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін ескі Елтаңбаны 

пайдалануға болатындығын, одан ары қарай ескісін пайдалануға 

рұқсат берілмейтіндігі баса айтылды. Сонымен қатар Ту ғимараттың 

сыртында және басшының кабинетінде қойылуы тиіс. «Мекеменің 

сыртына ілінген Туға немесе Елтаңбаға кешкі уақытта жарық 

түсіп тұру үшін прожектор орнатылуы қажет» – деді ол. Белгілі 

бір мекеменің, яғни жұмыс орнының аты маңдайшаға толық 

жазылуы тиіс екен. «ҚР» емес, «Қазақстан Республикасы» деп, 

«ҚММ» емес, «қазыналық мемлекеттік мекемесі» деп барынша 

маңдайшаға сыйғызып жазу керек. Жұмыс орнын уақытша жалға 

алғандар немесе уақытша ауыстырғандар бір жұмыс күні бойы 

қызметте отырса, мемлекеттік рәміздерді қоюы міндетті. Сондай-ақ 

жиында маңдайшаның жанына басшының қабылдау кестесін ілмеу 

керектігі де айтылды. Бұл  талапқа сай емес. Стандартқа сай емес 

рәміздерді комиссия құрып, жою міндеттелді. Рәміздер бүлінген, 

жыртылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде ауыстырылуға тиіс. 

Тағы бір айта кетерлігі, мектеп бағдарламасында әр дүйсенбі 

сайын алғашқы сабақта Гимн шырқалуы керек. Бұл жай мектеп 

басшыларына түсіндірілді. Әрбір адам Қазақстан Республикасының 

Туы, Елтаңбасы, Гимнінің авторларын жатқа білуі тиіс. Әрі Тудың 

ұштығы мен сабы сәйкес болуы қажет екен. Міне, жиында осындай 

өзгертулер айтылып, міндеттемелер қойылды. Расында, бұл – әрбір 

азаматтың жадында жатталар дүниелер.

сот жүйесіне негізделген

Басымдықтар дамуҒа жетелейді

алдында үлкен міндеттер тұрғанын 

баяндады. 

–  Жолдаудың үшінші бағытындағы 

басты  міндет  –  ақша-не сие 

саясатының ынталандырушы рөлін 

қалыпқа келтіруге және экономика-

ны қаржыландыруға жеке меншік 

капитал  тартуға  бағытталған. 

Бұл  үшін  Ұлттық  банк  алдында 

инфляциялық  таргеттеу  режимін 

дамыту жөніндегі маңызды міндет 

тұр. Сондай-ақ еліміздің қаржы сек-

торын қайта жаңғырту қажет екені 

белгілі. Осыған орай, Ұлттық банк-

ке банк секторын қалыпқа келтіру 

жөнінде шаралар кешенін әзірлеу 

тапсырылды.  Мұндағы  шешуші 

міндеттің бірі – салық-бюджет сая-

сатын жаңа экономикалық жағдайға 

бейімдеу. Елбасы осыған орай бюд-

жет  шығыстарының  тиімділігін 

түбегейлі арттыру қажеттігіне на-

зар аудартты. Елбасы Ұлттық қор 

қаражатын пайдалануға ұтымдылық 

тұрғысынан қараудың маңыздылығы 

жоғары  екендігіне  де  ерекше 

тоқталып  өтті.  Ол  үшін  Ұлттық 

қордан  алынған  кепілдендірілген 

трансферт көлемі 2020 жылға қарай 

кезең-кезең бойынша 2 триллион 

теңгеге  қысқартылу  қажеттігін 

айтты, – деді Нұрлан Берікбосынов. 

Ал  Лариса  Лысова  Мемлекет 

басшысы  биылғы  Жолдауында 

ел  саясатының  бағыт-бағдарын 

айқындап, әрбір азаматтың өміріне 

қатысты  өзекті  мәселелерді  сөз 

еткенін,  халқымыз ел Президенті 

мен Үкіметі таңдаған Қазақстанның 

даму жолы тұрақты екеніне тағы да 

көз жеткізіп отырғанын атап өтті.



//   «ЖаМбыл - Тараз»  //  №15 (1355), 12 сәуір  2017 Жыл  //

3

көШе БОйы 



реттеледі

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ 

Облыс  орталығында  заңсыз  орнатылған 

дүңгіршектер мен жаяу жүргіншілер жолына 

жайылған сауда нүктелері көп-ақ. Жалпы қала 

бойынша ондай заңсыз дүңгіршектердің саны 

30-ға таяу екен. Қала әкімі бастап шыққан ар-

найы топ заңсыз орналасқан дүңгіршектердің 

қожайындарымен сөйлесті. Тиыннан теңге 

құрап, жабайы сауданың көркін қыздырғандар 

көше бойына темір-терсек толтырып тастаған. 

Осындай көріністерді өз көзімен көрген қала 

әкімі Рүстем Рысбайұлы жауаптыларға аялда-

ма жанында орналасқан дүңгіршектерді алып 

тастау туралы тапсырма да берді.  

Әуелі арнайы топ А.Пушкин көшесіндегі 

№1 қалалық емхана маңындағы дүңгіршектің 

жағдайын білді. Аялдама маңындағы дүңгіршек 

заңсыз орналасыпты. Шаһар басшысы оның 

иесін тауып, сотқа беру қажеттігін атап өтті. 

Сондай-ақ аталған көшенің Абай даңғылымен 

қиылысындағы  жер  телімі  де  көзден  таса 

қалмады. Сырты жұқа қаңылтыр темірмен 

оқшауланған  қоршау  жаяу  жүргіншілерге 

айтарлықтай қауіп төндіріп-ақ тұр. Себебі  

желдің әсерінен қоршау жол жиегіне қарай 

қисая түскен. Бұл көрініс қала көркінің ажа-

рын құртуда. Ал осындай жер телімін қала 

көркіне сай безендіріп қоршау туралы қалалық 

мәслихаттың арнайы шешімі де бар екен. Де-

генмен жер иесі оны еш елемеген сыңайлы. 

Бұдан өзге, жер телімі қоқыс қалдықтарына 

толып кетіпті. Бұл мәселе өз алдына бір төбе. 

Қала әкімі осындай олқылықтарға жол берген 

жер иесін тауып, шара қолдану қажеттігін 

атап өтті. Қала әкімдігінің жер қатынастары 

бөлімінің басшысы Бақытжан Сүгірбековтің 

айтуынша, бұл жер телімі ағымдағы жылдың 

24 ақпанында сатылған. Иесінің бұл жерге 

құрылыс  салуға  рұқсаты  да  бар  көрінеді. 

қАлА-қАрБАлАс



Толғанай БЕКЕТҚЫЗЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі халыққа 

Жолдауындағы міндеттеген тапсырмалар шеңберінде 3  жылдан 

соң еліміз өндірісі өркендеген қуатты елге айналуы тиіс. «Үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы 

аясында еліміздің барлық аймағында өндіріс орындары ашылып, 

ел экономикасының дамуына үлес қосуда. Осы бағытта ағымдағы 

жылы облыс орталығында 3 инвестициялық жоба іске асып, 552 

жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ілкімді істің іске асуын назарға алған 

қала әкімі Рүстем Дәулет «Тараз Арматур зауыты» ЖШС, «Kisc» 

ЖШС металл құю цехын жаңғырту мен құрғақ құрылыс қоспалары 

мен гипс өндіретін «Alina Taraz Pro» ЖШС-інде болды. Әуелі «Alina 

Taraz Pro» серіктестігіне ат басын бұрған арнайы топты серіктестік 

директоры Алексей Подольский қарсы алды. Жылдық қуаттылығы 

140 мың тоннаны құрайтын жобаның құны – 3900 млн теңге.  Атал-

мыш жоба жүзеге асқан жағдайда, 105 жаңа жұмыс орны ашылады 

деп күтілуде. 

–  Қазіргі  уақытта  цехтың  көне  қондырғылары  демонтаж-

далып, шикізатты майдалап, кептіретін және тасымалдайтын 

қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа қажетті 

шикізат көздері – отандық өнімдер. Ең бастысы, біз сапаға аса мән 

береміз, – дейді директор. Бірінші жартыжылдықта іске қосылғалы 

тұрған жоба 70 адамды жұмыспен қамтыды. Одан кейін арнайы топ 

құрылыс арматурасын шығаратын «Тараз Арматур зауыты»  ЖШС-

інде болды. Жобаға 2177,0 млн теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 

Айтылды, орындалды.   суреттерді түсірген Ю.ефимов.



жаңа жұмыс орындары ашылады

 

„

Биылғы жылы облыс орталығында жалпы құны 8,0 млрд теңгені құрайтын 3 



инвестициялық жоба іске асырылмақ.

 

„

Шаһарда ретсіз орналасқан сауда дүңгіршектері мен 



базар маңын ретке келтіру күн тәртібінен түскен емес. 

жұмыстар жалғасын тауып отыр. Осы мақсатта кезекті 

рейдті қала әкімі рүстем дәулеттің өзі бастап шықты.   

297 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жалпы цехтың толық монтаждау 

құрылысын және қондырғыларды жыл соңына дейін аяқтауды жо-

спарлап отырмыз дейді мұндағылар. Сондай-ақ бақылау тобы атал-

мыш жобаға жапсарлана орналасқан «Kisc» ЖШС-нің құрылыс ба-

рысымен танысты. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында іске 

қосылғалы тұрған металл құю цехы арқылы алдағы уақытта 150 жаңа 

жұмыс орны ашылады. Цехтың қазіргі кезде қаңқасы тұрғызылып, 

ішкі және сыртқы жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа қажетті 

қондырғылар Дания, Германия, Ұлыбритания мемлекеттерінен алы-

нады. Цехтың құрылысын аяқтаған соң, қондырғыларды монтаждау 

жұмыстарын бастаймыз деп отыр құрылыс басындағылар. Айта 

кетейік, мұнда бұрынғы металл құю цехының 70 пайызы сақталып, 

қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

– Жобаны бастаған соң, болашақта жаңа қондырғылардың 

арқасында темір және шойыннан тапсырыс берушінің талғамына 

сай түрлі формадағы құралдар, тіпті автобөлшектердің түрлеріне 

дейін шығару жоспарлануда. Қазіргі уақыттың өзінде шойыннан 

шығарылып жатқан тежегіш қалыптарының (колодка) 90 пайызына 

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ы тапсырыс беруде. Сонымен қатар 

Иран және Өзбекстан елдеріне де экспортталуда, – дейді директордың 

қаржы жөніндегі орынбасары Аркадий Цон. 

Мұнан кейін топ Қойгелді батыр көшесі мен 

Рысбек батыр көшесіндегі заңсыз орналасқан 

дүңгіршектерге де барды. Жасыратыны жоқ,  

Рысбек батыр көшесінің жаяу жүргіншілер 

жолы  бойында  сауда  дүңгіршектері  көп-

ақ.  Олардың  арасынан  «Жамбыл  облысы 

тұрақтандыру  қоры»  және  «Жамбыл-құс» 

мекемелерінің дүңгіршектерін кездестіруге 

болады. Барлығының мерзімдері баяғыда өтіп 

кеткен. Әрі құжаттары да жоқ көрінеді. Қала 

әкімі Рүстем Рысбайұлы жауаптыларға қала 

көркін бұзып тұрған дүңгіршектерді алып 

тастауды тапсырды. Бірден арнайы техника-

лар келіп, дүңгіршектерді бірінен соң бірін 

жүк көліктеріне тиеп алып кетті. Осылайша, 

аялдама төңірегіне сауда дүңгіршектері көше 

бойынан әп-сәтте ғайып болды. 

– Қала көшелеріндегі сауда дүңгіршектерінің 

көбісінің  мерзімі  өткен.  Кейбіреулері 

дүңгіршектерді  ешбір  рұқсатсыз  қойып 

алған. Олардың иелерін сотқа беру арқылы заң 

жүзінде шаралар қолданып, қала көшелеріндегі 

сауда орындарын реттеуді қолға алдық. Заң 

барлығымызға ортақ. Бүгінгі шара барысында 

дүңгіршектердің біршамасы алынды. Алдағы 

уақытта да бұл шара өз жалғасын табатын 

болады, – дейді Рүстем Рысбайұлы.     

Мұндай шаралар қала көшелерінде жалғасын 

тауып,  жаяу  жүргіншілер  жолағын  заңсыз 

базарға айналдырған саудагерлердің құжаттары 

қаралды. Айыппұл да салынды. Сонымен қатар 

шаһар басшысы бастаған арнайы топ өкілдері 

3-ші және 6-шы мөлтек аудандарға да барды. 

Онда талдарды қырқу секілді көктемгі абат-

тандыру жұмыстарының барысына куә бол-

ды. Мұнда қала көшелерінің көркін кіргізуге 

бірнеше жұмысшы жұмылдырылыпты. 

Топ  «Көне  Тараз»  тарихи-мәдени 

орталығының  маңында  орналасқан  Бал-

табай  Адамбаев  көшесіне  аялдап,  ондағы 

жағдайларға қанықты. Саудагерлер тауарла-

рын көше бойына самсатып, ол жерді жайма 

базарға айналдырған. Ал мұндағы жағдайға 

жауаптылар таңның атысы, күннің батысы 

осында кезекшілікте жүреміз дейді. Құзырлы 

орган қызметкерлері оларды маңайдан қанша 

алыстатса да, кейін сатушылар орындарына 

қайта жайғасады екен. Жайма базардан жан 

баққандар үшін бұл үйреншікті әдет секілді. 

Қалта қамы үшін қоғамдық орынның көркін 

бір  бұзса,  ретсіз  сауда  жасап  тағы  заңды 

белшесінен басуда. Ең қызығы, бұл әрекеті 

үшін  олар  еш  қымсынбайды.  Керісінше, 

әкімдік  екі  қолға  бір  күрек  тапқандарға 

қырғидай тиіп күн бермеуде дейді. Халық ең 

көп шоғырланған орынның бірі – «Мыңбұлақ» 

мөлтек  ауданы.  Онда  жаяу  жүргіншілер 

жолының  үсті  сауда  орнына  айналып  кет-

кен.  Ал  жергілікті  полиция  қызметкерлері 

ҚР  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодексінің  204-бабы  бойынша  ағымдағы 

жылдың 3 айында барлығы 874 азаматқа хат-

тама толтырыпты. Оның ішінде 83 саудагерге 

941 мың 635 теңге айыппұл салған. Мұндай 

жұмыстар  алдағы  уақытта  да  жалғасын                      

табады. 


4

//   «ЖаМбыл - Тараз»  //  №15 (1355), 12 сәуір  2017 Жыл  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал